Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 05:37, курсовая работа

Краткое описание

Радио - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу. Радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі.
Зерттеу жұмысының нысаны Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы .................................4
2.2 Ашық қоғам және шетелдік радиостанциялар .......................................10
Қорытынды.......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая радио.docx

— 60.94 Кб (Скачать документ)

Осы мәселелер  шешімін тапса - радио арқылы есімдері сағымға айналған асыл арыстармен, олардың құнды қолтаңбаларымен, тіпті тарихтың айшықты беттерімен, қазақ даласындағы зұлматты жылдармен, Отан соғысындағы қаһарлы түндер мен жеңісті күндермен, Кеңестік дәуірдегі жылдармен, тарихшыларымыз ұлт-азаттық күрес ретінде бағалаған әйгілі "Желтоқсан желімен", тәуелсіздігіміздің өршіл рухы бар Әнұранымызбен жалғасқан арайлы таңдармен, өнер киелерімен қайта қауыштыратын рухани кұндылықтың мәдени мәйегі, таусылмас тайқазаны -Үнмұраның маңызы ұрпақ алдында асқақ болмақ.

        Радиоаудитория тұрақты. Бірақ, тыңдаушылардың құрамы, олардың талап-тілектері әр түрлі. Қазіргі кезең тыңдармандарының сұраныстарын қанағаттандыру үшін, оны өткен жылдар өнегесімен сабақтастыру үшін жаңа заман радиожурналистеріне қойылар талап жоғары. Оның кейбір жолдарын қарастырсақ:

Ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесінде уақыттан қалыспай, озық электронды технологияны игеріп отырған қазіргі буын өкілдері өткен ғасырдағы опера әншісінің немесе жыраудың әндерін, қайраткерлердің сөздерін ұзын-сонар тыңдап отыруды қажет етпейді. Сондықтан үнмұра таспаларындағы хабарлардан қысқа ғана, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деуге саятын, үзінділер алып күнделікті берілетін хабарлардың қажетті жерінде ролик түрінде немесе жарнаманың орнына қосып отыру керек. Сонда, "Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады" дегендей, жастар ойлылыққа, дұрыс сөз саптауға тәрбиелене бастайды.

Өмірден өткен  атақты әншілердің орындауларын, сазгерлердің әуендерін, әдеби қайраткерлердің шығармаларын салыстырып, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ашатын, яғни кеше мен бүгінді үйлестіре отырып, халықтың ынтасын арттыратын хабарлар ұйымдастыру керек. [10,467б.].

Ғылыми немесе танымдық маңызы бар кейбір дауыстарды орайы келгенде хабар арасында қысқа да нұсқа етіп беріп отыру керек. Бұл жастардың танымдық, білімдік, интеллектілік деңгейін кеңейтеді.

Үнмұра хабарларын жаңа заманға сәйкестендіріп, радионың да, тыңдарманның да уақытын тиімді пайдалана алатын, өзі мен тыңдарман (аудитория) арасын жақындата білетін алғыр да білгір журналистердің санын да, сапасын да арттыру қажет.

Осы мәселелер  шешімін тапса - радио арқылы есімдері сағымға айналған асыл арыстармен, олардың құнды қолтаңбаларымен, тіпті тарихтың айшықты беттерімен, қазақ даласындағы зұлматты жылдармен, Отан соғысындағы қаһарлы түндер мен жеңісті күндермен, Кеңестік дәуірдегі жылдармен, тарихшыларымыз ұлт-азаттық күрес ретінде бағалаған әйгілі "Желтоқсан желімен", тәуелсіздігіміздің өршіл рухы бар Әнұранымызбен жалғасқан арайлы таңдармен, өнер киелерімен қайта қауыштыратын рухани кұндылықтың мәдени мәйегі, таусылмас тайқазаны -Үнмұраның маңызы ұрпақ алдында асқақ болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      2.2 Ашық қоғам және шетелдік радиостанциялар.

Қоғамда ақпарат туралы өзгеше пікір, бұқаралық ақпарат құралдарына  деген жаңа көзқарас қалыптасуда. БАҚ  эволюциясын ақпараттық қоғамдағы  өскелең сұраныстырмен түсіндіруге  болады. Ал, технологиялық төңкерістің  қозғаушы күші Интернет желісінің дамып, кең тарауы және компьютерлердің  есептеу қуаты шексіз өскендігі, бағдарламалардың кең ауқымдылығы  болды. Интернет ақпарат өндіру, тарату мен тұтынудың құнын едәуір арзандатып, коммуникациялық ландшафтты түбегейлі  өзгертті.

Сонымен қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде ақпараттық орта – медиаорта пайда болды, ақпараттық қоғамның өскелең талаптарына  жауап беретін инфрақұрылымы  түзілді. Жаңа ақпараттық кеңістікте журналистика да қиын кезеңді бастан кешіруде. Бірінші  кезекте оған қойылатын талаптар деңгейі де тым жоғарылап кетті. Жаңа ақпараттық технологиялар өзінің прогресшіл мұратымен қатар адамзат  алдына жаңа күрделі міндеттерді  қойып отыр, оның кейбірінің шешімі тым шатысып кеткен, әр түрлі мүдделер тұрғысынан сараланатындықтан ғалым-зерттеушілер арасында да пікір алшақтығы басым.

Мәскеулік ғалым Л. Землянова былай  дейді: “Ең қауіпті үрдіс –  ақпарат еркіндігі мен оның мазмұны  және қоғам мен мәдениет үшін қандай салдары болатындығы үшін жауапкершілік  арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы”. Профессор Я. Н. Засурский ресейлік ақпарат құралдарында насихаттық сипат  қайтадан бел ала бастады деп  қауіптеніп, шыр-пыр болуда. Үлкен  теоретиктің пікірінше, журналистиканың  басты міндеті – ақпаратты  дәл, жедел, әрі нақты тарату, оны  боямалап жақсарту, не көмескілеу қауіпті, әрі зиянды.Бұдан шығатын түйін, ақпараттық орта өзгергенімен, журналистиканың  құндылықтары сол күйінде қалды, керісінше жауапкершілігі артты. “Жаңа  журналистика” деген жаңсақ ұғым, БАҚ саласында ешқандай төңкеріс болған жоқ. Өйткені, журналистиканың  функциялары, қоғамдық қатынастардағы рөлі мен орны бұрынғысынша қала береді. Маңызды коммуникация құралы ретінде  БАҚ бұрынғыдан да пәрменді бола түсті  және өркениеттің үздіксіз дамуы  пен қоғамдық сана мен білім үшін жауапкершілігі өлшеусіз артты. Конвергенциялық  өзгерістер журналистиканың ішкі мазмұны  мен үйлесімділігіне нұқсан келтіре  алмайды, бірақ оның жаңа кеңістікке шығып орнығуына жол ашады. Интернеттің  журналистиканы байытқан тұстары: суперұшқырлық, кең де шексіз, шекараны білмейтін  аудитория, онымен кері байланыс және орасан ақпарат мұхиты. Әрине, бұған  дейін БАҚ ақпаратты бір бағытта  аудиторияға қарай таратып келсе, компьютерлік ашық желі кері де – екібағыттық  интербелсенділікпен тың жол  салып отыр. Енді ақпаратты өз қалауыңша  іріктеп алатын мүмкіндік туды. Неміс  зерттеушісі Гюнтер Рагер “кем дегенде  жоғары білімді компьютерлік БАҚ-ты пайдаланушылар алда да ақпаратты мүмкін болған неғұрлым көп көздерден ала  беретін болады. Интернеттің мәні де басқа БАҚ-пен өзара байланысынан ашылады” деген пікірін білдірген. Журналистиканы ақпараттық тасқын шайып кету қаупі күшті дей келіп, сценарийдің үш бағытта өрбуін болжалдайды.

1) Журналистика корпоративті мүдделердің  шырмауында қалып қойып, қоғамдағы  құралдардың біріне айналуы мүмкін. Бұл жағдайда ол қоғамдық сананы  арнасынан бұрып жіберетін регресшіл  күшке айналып, өз бастапқы  мәні мен ұстанымдарынан айрылып  қалуына жол ашады.

2) Журналистика ақпараттық тасқын  жолында бақылаушы ғана болуы  мүмкін. Бұл жағдайда ол судың  деңгейі мен арнасын реттеп  отыратын гидрошлюз басындағы  техник маман тәрізді рөл атқарады. Алайда, қоғамдық сана мен мәдениеттің  өсуіне қалай әсер ететіндігі  беймәлім, егінші-дихан рөлін басқа  әлеуметтік күштер атқарады.

3) Журналистика ақпараттық тасқындарды  сүзіп, тазартып отыратын “эмиссиялық  банк” тәрізді рөлге ие болуы  мүмкін. Бұл жағдайда ол қоғамдық  санаға кері әсер ететін ақпаратты  іркіп отырады, тасқынның сапасын  жақсартады, үлкен жауапкершілікті  өз мойнына алып, прогресшіл күш  ретінде танылады. Бұл ойлар басқа да қоғамдық пікірлермен үндестік тауып отыр. Орасан ақпараттық тасқынның ішінде маңызды, мәнді ақпараттар ескерусіз қалып кетуі мүмкін, қойыртпақтың ішінен көзге не ілінеді, санаға қайсысы жетеді, кім жауапты болады деген сұрақтардың туындауы да заңды. Дәл ақпарат беру, ізгілікті тарату, жақсы мен жаңалықтың жанашыры болу – көбіне журналистің парасаттылығы мен пайымына, біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты болуы заңды. Журналистиканың қоғамда болып жатқан өзгерістер үшін жауапкершілігі өлшеусіз өсетіні осыдан-ақ түсінікті. Сөз бен ақпарат қоғамдық микроклиматтың барометрі ретінде жетекші мәнге көтеріледі. [11,432б.].

      “Жаңа” журналистиканы “ақпарат – билік көзі”, “әлемді ақпарат сақтап қалады” деген пікірлер толықтырып, отқа май құйғандай ойкөкпарын қыздыра түсуде. Оған американдық коммуникавистиканың аталары Уильям Риверс пен Уилбур Шрамның мына пікірлері де ұйтқы болды: “Жартылай өткізгіштердің, лазердің және сәулелі талшықтардың ашылуынан бұқаралық байланыс құралдарының дамуында сапалы өзгерістер жүзеге асты және қоғамдық-саяси өмірдегі салмағы артты, олардың экономикаға, тұрмысқа, демалысқа, білім алуға, саяси өмірге тигізер әсері күшейіп, жаңа дәуір – “медиакратия” орнығады да, билік демократиядан медиаға, яғни байланыс құралдары мен ақпаратқа көшеді”. Әлемдік өркениет өрісі осындай – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері адамзат мүддесіне қызмет етуі тиіс, сонымен бірге әр адамның жеке рухани сұраныстарын, ұлттың, этностардың, шағын топтардың мүддесіне де жауап беріп, олардың үйлесімді дамуына, өркендеп өсуіне жағдай туғызуы тиіс.  Гуманизм мен жоғары жауапкершілік принциптері салтанат құруы үшін білім ең басты қару болып табылады. Сондай бұқаралық ақпарат құралы радио болып табылады, ол өзінің ерекшелігіне сай дамып, өміршеңдігін дәлелдеп келеді.

Жаңа ақпараттық технологиялар  қысқа мерзімнің ішінде дүниежүзілік экономикалық, саяси және мәдени ортаға зор ықпал етіп, күрделі өзгерістерге бастау болды. Дамыған елдерде ақпараттық қоғам құрудың берік негіздері  қаланып, барлық алғышарттары түзілді. Ауқымды технологиялық өзгерістер әсер етпеген мемлекеттер жоқтың қасы. Өтпелі кезеңді бастан кешіріп, егемендігін нығайтуға кіріскен Қазақстан да оған еркін араласып, өзінің ашық нарық саясатымен инвестициялар  тартуда, жаңалықтардың өндіріске  енуіне кең жол ашуда. Ғаламдастыру мен интеграцияның қиындықтары  да жоқ емес. Әркелкі дамыған үлкен  аумақта оларды бір күнде шеше салу да мүмкін емес. Оның үстіне ұзақ жылдар тоталитарлық режимнің қыспағында болып келген адамдар психологиясында  өзгерістер болуы үшін уақыт керек. Жаңа үрдістер осындай ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, дұрыс  бағыт ұстанғанда ғана салтанат құратыны айқындалып келеді. Қазақстан өзінің стратегиялық басым міндеттері қатарында  бұл факторларды ескеріп, ұлттық экономикалық және ақпараттық тәуелсіздігін  нығайтуда кешенді шараларды  жүзеге асыруда. Қазіргі ақпараттық технологиялар баспасөз бен электронды арналардың дамуына да игі әсерін  тигізіп келеді және болашақта да шешуші мәнге ие болады. Орыс тілі Қазақстанды мекендеген барлық халықтарға ортақ қарым-қатынас тілі болып келді. Сонымен бірге басқа тілдердің де қолданысына еш кедергі қойылмаған. Мысалы, өзбек, ұйғыр, неміс тілінде оқытатын мектептер мемлекет тарапынан қолдау табуда. Кластан тыс сабақтарда еврей, поляк, татар және басқа да ондаған тілдер оқытылады. Ұлт өкілдеріне өз тілінде сөйлеу, салт-дәстүрін сақтауға және дамытуға жағдай жасалған. Қазақ радиосы ағылшын, неміс, кәріс, ұйғыр, азербайжан, татар және түрік тілдерінде аптасына 20 минуттан хабар таратады. Бұл, әрине, көп те емес. Болашақта олардың ұзақтығын созып, көрші мемлекеттерде тыңдалуын қамтамасыз етсе нұр үстіне нұр болар еді. Ағылшын тілінде хабар таратудың маңызы зор. Өйткені, ағылшын тілін меңгергендердің саны жыл өткен сайын еселеп өсе түсуде. Тіпті осы тілдерде хабар тарататын жеке радиостанция ашылса, өз тыңдарманын табар еді. Өйткені, дуниежүзіндегі хабар тарату үрдісі осылай дамуда, қазір шекарамен шектелуге болмайды, мүмкіндігінше ақпаратты еркін таратып, өз көзқарасың мен мүддеңді қорғауың қажет [12, 73б.].

Қазіргі таңда ақпараттық басымдықты Ресей Федарациясы көрсетіп отыр. Көрші мемлекеттің газет-журналдары мен кітаптары елімізде еркін таралуда және үлкен сұранысқа ие. Сонымен бірге, жетекші телевизия және радиоарналары Қазақстан аумағын да қамтиды. Рунеттің ақпаратын тұтынушылар қатары да орасан. Қазақстан мен Ресей арасында мәңгілік достық шарты қабылданған, соған сәйкес экономика мен мәдениет саласында бірлескен ынтымақтастық пен достық дами тусуде. Екі жақты ынтымақтастықтан тек мәдени және адами қатынастар ғана ұтып отырған жоқ, ресейлік кәсіпкерлер Қазакстанға өз өнімін тарату арқылы табыс тауып, әсіресе, жарнамадан қомақты үлеске ие болуда. Олармен бәсекелестікте ұлттық БАҚ-та дамып, кәсіби біліктілігі мен шеберлігін жетілдіре түсуде. Ресеймен қатар еліміздің ақпарат кеңістігінде басқалардың да үлесі бар. Солардың қатарында алдымен ауызға "Азаттық" радиосының Қазақ қызметі ілігеді. АҚШ Конгресі каржыландыратын ақпараттық холдинг әлемнің бірқатар елдеріне ана тілінде хабар таратады және өз тарихын сонау "қырғи қабақ" идеологиялық текетірес кезеңінен бастайды. "Азаттықтың" қазақ тілінде хабар таратуы 70-інші жылдардың еншісіне тиді. Кеңестер одағы тарағанға дейін ол біржақты ақпараттық саясатты жалаулатса, кейіннен демократиялық қоғам құруға көмектесеміз дегенді желеу етті. Күні бүгінге дейін бейтарап саясатты ұстанамыз, объективті, шыншыл хабарды таратамыз дегенімен, түп мүддесі аңғарылып қалады, көбіне батыстық ірі қаржылық және саяси топтардың сойылын соғуға бейім. Қазір "Азаттықтың" хабарларын Қазақстанда еркін тыңдауға болады. Өзіндік ақпарат даярлау технологиясы қалыптасқан дүниежүзілік ірі медиақұрылымдардың бірі - ағылшынның Би-Би-Сиі. Ол қазақ тіліндегі хабарларын алғаш  рет 1996 жылдың 6 маусымында тарата бастады. Қазақ бөлімі негізі 1932 жылы қаланған, 43 тілде хабар тарататын Би-Би-Си Дүниежүзілік қызметінің құрамына кіреді.

2003 жылдың 27 қазанынан бастап, Би-Би-Сидің қазақ тіліндегі қызметі Қазақстан аумағында хабар таратуды қайтадан жандандырды және жаңалықтар бюллетенін әзірлеу, аймақтағы және дүниежүзіндегі өзекті мәселелер бойынша сарапшылармен, саяси қайраткерлермен және түсініктемешілермен сұхбат құру жұмыстарымен айналысады, ағылшын тілін үйренушілерге радиосабақтар береді. Орталығы Лондонда орналасқан бұл қызмет Астана, Алматы, Ташкент және Мәскеуде жұмыс істейтін стрингерлер тобынан құралады. Би-Би-Си Қазақ қызметін Қазақстанда қысқа, орта жэне УКВ толқындарында тыңдауға болады. Бұған қоса Интернет арқылы тыңдау мүмкіндігі қарастырылған. Би-Би-Сидің бір ерекшелігі - ол қоғамдық арна болып табылады. Мемлекет тарапынан тікелей қаржыландырылмайды және басқарылмайды. Негізгі табысын жарнашылардың төлемі мен жарнамадан түскен пайда құрайды. Соған сәйкес ақпараттық бейтараптық сақталады, саясат пен экономика мәселелерін терең сараптауға бейім, оның таратқан ақпаратына аудиториясы сенеді және дүниежүзінде үлкен беделге ие корпорация болып табылады. Жалпы қазіргі кезеңдегі ақпараттық саясат, әсіресе, қауіпсіздік осындай қоғамдық хабар тарату орталықтарының болашағы зор екендігін дәлелдеп отыр. Өйткені, қоғамдық пікірді бұрмалау, санаға манипуляция жасау, үкіметтік көзқарасты таңу сияқты құбылыстар кең етек жаюда, кейде БАҚ белгілі қаржы топтары мен ірі олигархтардың қолшоқпарына айналуда. Қазақстанда да қоғамдық телерадиохабар тарату мәселесі күн тәртібінде тұрған мәселе. Бұл жағдайда оның төмендегі принциптері сақталуға тиісті:

  1. қаржылық дербестігі қамтамасыз етілуі және шығындары 
    толық өтелуі тиіс;
  2. қоғамдық негізде басқарылады, яғни, оған әр түрлі әлеуметтік топ, негізінен зиялы қауым өкілдері енеді және көпшілік мүддесі тұрғысынан шешім қабылданады;
  3. қоғамдық прогреске ықпал етеді, білім беруге, жаңалықтарды таратуға, мәдениетті көтеруге жұмылдырылады және басқалар.

Кезінде қазақ  тілінде шетелге хабар тарататын  арнайы арна және редакция жұмыс істеді. Шет мемлекеттерде тұрып жатқан қандастарымыз үшін "Шалқар" радиостанциясының маңызы айрықша еді. Ақпараттық-музыкалық арна кезінде көрші Қытайға, Моңғолияға, Өзбекстанға, Қырғызстанға тарайтын, тіпті Украинада күшейткіштер арқылы Еуропаны да қамтитын, сөйтіп, үлкен аудиториясын қалыптастырып үлгерген еді. Нарыққа көшу заманында ол жабылып қалып, қайта ашылды, Алматы төңірегіне тарайтын болды, бірақ, шет елдерге хабар жеткізетін қуаттары әлі қалпына келе қойған жоқ. 1966 жылы эфирге тұңғыш шыққан "Шалқар" ұлттық арнасы үлкен журналистік мектепті, бай дәстүрді қалыптастырды, шежіреге айналған шығармашылығымен, інжу-маржан туындыларымен, гауһар дауыстармен тарих қойнауына кетті. Дегенмен, күні бүгінге дейін эфирден сол жылдардың "Алтын қорда" сақталған жазбалары беріліп жүр, көп хабарлары өзектілігін жоғалтқан жоқ. "Шалқар" - Қазақ радиосының ажырамас бөлігі, өзі шаңырағы болса, соны ұстап тұрған қабырғасы мен іргесі. Қазақстандағы радио тарихына қатысты еңбектерде ғалымдар "Шалқарды" айналып өтпейді. Ол ұлт тарихының алтын қазынасы [13,458б.].

Информация о работе Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы