Рим құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 22:03, реферат

Краткое описание

Егеменді Қазақстан Конститутция бойынша біздің отанымыз құқықтық мемлекет делініп бекітілген.
Құқықтық мемлекет болуына бәріміз өте көп жұмыс істеуіміз керек. Алдымен еліміздің жастары құқықты жақсы білсе, оны дұрыс пайдаланса, білімін бүкіл халыққа түсіндіріп таратса, жас мемлекеттің қиын жағдайлары тез тарайды деп ойлаймын. Осы кәсіп сіздердің – жас заңгерлердің қолында. Әсіресе, құқық туған қазақ тілінде оқыған мамандарда. Казақ тілі әділетті, мемлекет қызметте өзінің заңды орнын табатын уақыты өте жақын, тіпті келді деп айтуға болады. Сондықтан Қазақстанның құқықтық мемлекетінің кілті сіздің қолыңызда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

RIM KYKYGY.doc

— 889.00 Кб (Скачать документ)

Бесіншісі (Императорлардың конституциялары). Принципат жойылғасын мемлекет билігін императорлар қолға алған. Император жай патша емес, империяның патшасы. Империя кәдімгі мемлекеттен биік. Өйткені басқа елдерді шапқан, басқа халықтарды бағындырған мемлекетті империя дейміз. Тарихта императорлық заманды доминат деп есептеген. Dominio - ие боламын деген сөз. Сол кезде сенаттың күші басылған. Императорлар заңдарды сенатсыз өздері шығарған. Сол заңдардың атауы конституция болып шықты.

Constituere – құрастыру, орнату, анықтау мағынасында. Сөйтіп, конституция деген сөзді құрастыру заңы деп айтайық. Конституцияның бірнеше түрі болатын. Оларды эдикт, рескрипт, мандат, декрет ( edictum, rescriptum, mandatum, descretum) деп шығарған. Эдиктті алдын ала анықтадық. Бірақ бұл жерде претордан емес, императордан шыққан эдикттер деп санаймыз. Rе - қайта, scriptio - жазамын) — императордың арыздарға берген жауабы Рескрипт (rescriptio - қайтып жазамын, жауап беремін деген мағынада. Мандат деген (mandatum - нұсқау, инструкция) магистраттарға (бастықтарға) берген нұсқау, жарлық деуге де болады. Біздің тарихымызда хандар елшілерге нұсқау берсе, оны жарлық деген. Осыдан орыстарда «ярлык» деген сөз қалған. Бұл атау декретке ең жақын балама болады. Декрет - (decretum - шешім). Императорлар кейде сот орнына кейбір істерді шешкен. Сол шешімдер заң күшін толтырып, басқа сондай істерге мысал болатын, олар декрет деп аталатын.

Алтыншысы (заңгерлердің жауаптары).

Көне  Румның тарихырда есімдері сақталған  белгілі заңгерлер аз емес. Олар Рум құқығына баға жетпес қазына қалдырған. Мемлекет болмағанда заңгерлердің орнында  абыздар болған. Оларды контириктер деп атаған. Сол кезде румдықтар бірнеше құдайларға сенген, пұтқа табынған. Марс, Венера, тағы басқалар құдай орнына болатын. Сол дінді сақтаған абыздар әдеттерге қорғау жасаған. Әдеттер бірте-бірте құқыққа айналған. Христиан діні шарттарға ие болып қалған. Ал көпшілікке цивил құқығын қарайтын магистраттар болып шықты. Соларды ең бірінші азаматтық заңгерлер деп есептеуге болады.

Тарихта есімдері сақталған ертедегі заңгерлер: Марк Манилий, Марк Юний Брут, Публий Муций  Сцевола болған. Оларды азаматтық құқық негіздеушілері дейміз. Элий Пет Кат деген заңгер 12 тақтадағы заңдарға ең бірінші толық түсіндірме берген, ал преторлардың эдикттеріне түсіндірме берген Сервий Сульниций Руф. Марк Тулий Цицерон тек қана заңгер емес, белгілі философ, шешен (оратор) болатын. Оның қолынан 50-ден аса заң және саясат туралы шығармалар шыққан. Солардың бәрі б.ж.д. II ғасырдан б.ж. I ғасырға дейін өмір сүрген. Ал, б.ж. I ғасырда Рум құқығының классикалық кезеңі басталған. Сол кезде заңгерлердің екі ғылыми мектебі негізделген. Олардың біреуін Прокулиан мектебі дейміз. Негіздеген заңгердің есімі Марк Антоний Лабион, бірақ мектептің аты Прокул деген оқушының есімімен аталады.Сол мектептің шәкірттері Цельз ата мен баласының есімдері сақталған.

Екінші  мектепті Сабин мектебі дейміз. Оны да негіздеген Сабин емес, оның оқытушысы Канитон. Сабин мектебінің ең белгілі мұрагері Юлиан Сальвий б.ж. II ғасырда тұрған. Алдында айтқанда Юлиан мәңгілікті эдикттің авторы болған.

Екінші  ғасырда заңгерлер құқықтың тарихын  жаза бастады. Сонымен, ең бірінші құқықтың тарихшысы Секст Помпоний болып шықты. Ал Гай есімді заңгер сол ғасырда ең бірінші болып заң оқулығын жаза бастаған. Оқулықты institutiones (институциялар) деп атаған. Institutio — негізделу деген сөз. Сонымен институт негізделген деп айтуға болады.

Жоғарыда  айтқандай, Гай мен тағы бір төрт ең белгілі заңгерлердің есімдері —  Модестин, Папиниан, Павел, Ульпиан. Олар III ғасырда өмір сүрген. Сол бесеуінен Рум құқығының бес «киттері» деген атақ қалған. Сонда «кит» ең үлкен, ең ұлы деген мағынада:

1. Гай — институцияның авторы.

2. Модестиннің қолынан 345 заң туралы шығармалар шықты. Мысалы, неке туралы құқықтың анықтамасы.

3. Папиниан 595 заң туралы фрагменттер берген.

4. Павелдің тағы да көптеген шығармалары бар.

5. Ульпиан. Алдында айтқандай, оның жеке мен көпшілік туралы айырмашылықты және тағы да одан шыққан шығармалары саналған жоқ. Осы бес заңгерлердің шығарламалары заң күшімен есептелген. Содан соң тек қана осы Рум заңгерлердің жауаптары (шығармалары) құқық деректеріне кіреді. Қазіргі заңгерлердің шығармалары заң күші бар түрде саналмайды.

2.4.. Рум  құқығының кодификациясы. Жоғарыда айтқандай, Гай, Папиниан, Ульпиан мен тағы басқалар Рум құқығына бағасыз мұра қалдырған. Тарихта көптеген заңдар, сенатусконсульттер, басқа деректер сақталған. Оларды кім жинаған? Заңдарды алдымен заңгерлердің өздері жинай бастады. Сондай жинақтарға Кодекс деген атау берілген. Соdех деген латынша бірнеше жазылған тақтайды байлап жинағаны дейді. Ең бірінші кодекстерде Грегориан мен Гермогениан (295-300 ж.ж). Грегориан Адриан императорлардың конституцияларынан бастап 19 кітап шығарды. Ал, Гермогениан Адрианнан бастап Константин императорға дейін 120 конституцияларды жинап 69 жинақ қылып жазып қалдырған.

Бесінші ғасырда  Византияның императоры Феодисий II императорлардың ішінде ең бірінші болып, заңгерлерге тапсырма беріп, 19 заң туралы кітап шығарған. Оларға Константиннен бастап сол Феодосий II дейінгі барлық конституциялар кірген. Осы кодексті Феодосий Батыс империясының императоры Валентиан ІІІ-ге жіберген. Сол кодекс V ғасыр тағы және бірнеше ғасыр Еуропада ең толық жинақ болған. Германия, Франция және басқа Еуропа мемлекеттері осы кодексті соттарда пайдаланған. V- VІІ ғасырларда Еуропада осы кодекске салыстырма түрде бірнеше жеке жинақтар шықты. Олар: Lex Romana Wisigoratorom, Lex Romana Burgundionum, Fragmentae Vaticana, Collatio legum Romanorum et Mosaisarum. Соңғысының бір қызығы бар. Бұл жинақта сол кездегі заңгерлер Рум заңдарын Мұса пайғамбардың заңдарымен салыстырған.

Ал, ең толық, кең тараған, осы заманға дейін сақталған кодекс тағы да Константинопольде (Ыстамбул) шыққан. 528 жылы Юстиниан деген өте ғылымды, тарихта аса белгілі Византияның императоры кодексті жинау үшін ерекше конституция шығарған. Сол императордың шешімі бойынша бірнеше заңгерлер, олардың ішінде Трибониан (император кеңесінің бастығы), Феофил мен Дорофей (академияның профессорлары) бес жыл бойы көп жұмыс жасап, осы Кодексті құрастырып, 534 жылы жинап бітірген. Кодекске Юстинианның есімі берілген (Codex Iustinianus). Бұл жинақ төрт бөлімге бөлінген. Біріншісін Институциялар (Institutiones) деген. Оның ішінде Гайдың институциялары мен тағы басқа оқулықтар жиналған. Оқырмандарға көмек үшін институцияларға (I) белгісін берген.

Екінші бөлімі Дигестер немесе Пандектер деп аталған (Digesta, Pаndecta) - D белгісімен тіркелді. Дигестердің ішінде баяғы Павел, Ульпиан, Папианин, Модестин, тағы басқа заңгерлердің шығармалары жинақталған.

Үшіншісі, сол жинақ сияқты Кодекс деп аталған. (Codex; С - белгісі). Бұл бұрынғы императорлар конституцияларының жинағы (Юстинианға дейін).

Ал, ең соңғысы, төртіншісі Новеллалар (Novellаe, N — белгісі) деп аталған. Бұған Юстинианның өз аузынан (қолынан) шыққан конституциялар кірген.

Сонымен, Юстинианның Кодексі ең толық және ең кең тараған Рум құқығы заңдарының жинағы болып шықты. Одан кейін орта ғасырларда осы жинақ Corpus juris сіvilis атымен өз өмірін бастады.

Қазіргі заманымызда І,D,N,С белгілері Рум заңдарын немесе заңгерлердің шығармаларын тез табуға көмек береді. Мәселен, D. 12.3.4. деген белгілер осы сөзді немесе анықтаманы Дигестердің ішінде, он екінші кітапта, үшінші бөлімде, төртінше тармақтан табамыз деген сөз.

 

 

Quod licet Jovi-non licet bovi - Юпитерге жараса, бұқаға рұқсатталмайды

(Латын  мақалы)

3 ТАРАУ. ТҰЛҒА  ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.

3.1. Тұлға және құқықтық қабілетінің ұғымы.

3.2. Рум азаматтардың құқықтық жағдайы.

3.3. Латиндер және перегриндер.

3.4. Құлдар және либертиндер.

3.5. Колондар.

3.6. Заңды тұлғалар.

 

 

3.1. Тұлға және құқықтық қабілетінің ұғымы.

Заңи тіліміздің бойынша  жеке адамды біз жеке тұлға деп атаймыз. Өйткені жай адамнан, жай кісіден жеке тұлға деген ұғымның бір айырмашылығы бар. Бұл айрмашылық кісінің құқықтары және міндетіері. Жеке адам осы құқықтары және міндеттеріне не болса, оның жағдайын біз құқықтық қабілеті дейміз. Ежелгі Румда жеке кісілер әлде ұжымдар өзі құқықтарына не болмаса оларды құқықтық субъектер деп атаған. Бірақ әр бірі жеке адамдардың арасында әртүрлі субъектер болған. Өйткені азат кісі, бағынышты кісі, ер әйел, құл, құлиесі, тағы басқалар әртүрлі құқтарына және міндеттеріне не болған. Сондықтан олардың құқықтық жағдайлары да әртүрлі болатын. Ал құқықтық жағдайды румдықтар Status (статус) деп атаған. Сонымен тұлғаның құқықтық статусы деген жеке адамдардың немесе адамдардың ұжымдарының міндеттері және құқытар құрамы.

Әрбір жеке тұлға өзінің құқықтарына не болса, сол кісіні регзопа деп  атаған. Құлдар, әрине ешбір құқықтарға ие болған жоқ, сонымен оларды регзопа  деп атаған жоқ. Құлдарды нәрселерінің (заттарының) арасында есептеген, латынша res арасында servi деп атаған.

Персоналар өзінің құқықтарына  ие болса. сол құқықтарын пайдаланса, бұл жағдайды Сарut Һаbеге деген  немесе құқықты қабілет дейміз.

Ал құқықты қабілеті да әртүрлі  болған. Бір жақтан толық қабілеті, екінші жақтан толмаған қабілеті болатын. Олардың арасында бірнеше дәрежелер бар.

Құқықты толық қабілет үш статустан, үш жағдайдан құрастырған:  Бірінші: бостандық жағдайы (Status libertatis)

Екінші: азамапық жағдайы (Status civitatis)

Үшінші: отбасы жағдайы (Status familiae)

 

Status libertatis - liberti (бостандық) сөзінен шықты. Бостандық жағдайның бойынша әрбір кісі немесе азат, немесе азат емес, құл болатын. Ал азат кісілердің құлдыққа жығылуға мүмкіндігі болған (соғыс жағдайда, қарыздан құлдыққа сатылса, әлде өте ауыр қылмыс үшін сотталса).

Құлдарға да бостандыққа шығуына мүмкіндігі болатын. (Өз өзін сатып алса, әлде оның иесі босатса).

Status civitatis - civilie (азаматтық). Рум тұрғыны Рум мемлекетінін азаматы болса оның құқықтық жағдайы ең толық болатын. Ал латин, немесе Перегрин болса бірнеше құқықтарға қолы жетпейтін. Немесе конеул болу, румдық әйелге некелену, әскері болу, тағы басқалар Перегрин, латин, колом деген тұлға атақтарға анықтамасын, басқа жерде айтамыз. Не болса да оларды қарасүйектер деп атауға болады. Бірақ, бұлар бәрі де азат тұлғалардың арасында есептелінеді. Олармен бірге шетелдектер де есептелген.

Status familiae - Familia - отбасы деген сөз. Бұл жағдайда екіге бөлінеді. Рум азат азаматы некеленген үйдің иесі болса, бұл кісінің құқықтары ең толық болатын. Отбасының басқа мүшелері (әйелдер, ұлдар, қыздар, тағы басқалар) бұл кісіге бағынышты деп есептелген. Сонымен олар бірнеше құқықтарға иесіз жолаған жоқ. Үйленуге, сайлауға, сайлануға, сатып алу, қарыз алу, сатып беруге де ешбір құқықтары болған жоқ.

Соңдыктан осы үш статус бойынша румдықтар біріншіден не азат не құл, екіншіден не азамат, не азамат емес, үшіншіден не отбасының иесі не оның бағынышы болған.

3.2.Рум азаматтарының құқықтық жағдайы.

Алдымызда айтқандай Рум тұрғыны азат болса, Рум мемлекетінің азаматы болса, одан кейін бір үйдің иесі болса бұл тұлға ең толық құқықтарға ие болатын.

Ең толық құқықтардың  есебі:

Олардың ең біріншісі jus conubii (неке құқығы). Өйткені некесіз кісі иесі бола алмайды. Бұл құқық туралы ерекше сұрақ бар.

jus conubiiден кейін jus commercii шығады. Өйткені тек қана үйленген, азат азаматтарға коммерцияға (алып сату, айырбастау, қару алу, қарыз беру) рұқсат берілген. Осы екеуі тағы екі жеке (азаматтық) құқықтар қосылған, Екеуі де мұраға қатынасқан. Оның біреуі - testamenti factio passiva делінген - өсиет бойынша мұраға ие болу құқығы. Екіншісі-өсиетті қалдару құқығы, ол testamenti factio passiva делінген. Осы төртеуін (jus conubii, jus commercii, testamenti factio activa және testamenti factio passiva) біз ең негізгі азаматтық құқықтар деп есептейміз (жеке құқыққа қарайтын). Келесі үшіншісі - саяси құқықтар немесе көпшілік, публик құқықтарға жатқызамыз.

Олардың біреуі jus militarii - әскери құқығы. Басқа рум тұрғыңдары (логин, перегрин) осы құқыққа қатынаспайтын. Екіншісі jus suffragii - сайлауға, және сайлануға бағытталған құқық. Әрбір Рум азаматы халық кеңесіне, әлде ең биік кеңесіне сенатқа сайлануға және басқа азаматқа сайлануға мүмкіндік алған, үшіншісі – jus honorum делінген. Ол магистрaт болу, басқа мемлекеттік қызметке сайлануға тигізетін құқығы.

Сонымен рум азаматтарының ең негізгі құқықтары осындай: jus conubii, jus commercii, jus suffragii, jus honorum,jus militarii және testamentio factio activa мен testamento factio passiva. Осы құқықтарымен рум азаматы пайдаланса бұны құқықтық қабілетіне ие болған дейміз. Ал құқықтық қабілетімен тағы құқықты әрекет деген ұғым бар. Заң жолымен іс- әрекет жасауға құқығы бар және әрекетіне, ісіне, қылығына жауапты болатын кісіні әрекетті тұлға дейміз. Осындай жағдай, әрине, тек жасы толған адамға тиеді.

 

құқықты әрекет - қылық - поступок қамқоршы - опекун

Ежелгі  Румда жас шамасы бойынша азаматтар  үш жағдайға айырылатын. 7 жасқа дейін балалар ешбір құқықтарға ие болмаған. Бұларды infantes деген. 7 ден 12 дейін балаларда (impruberes) тек қана аса қымбатты емес заттарды сатып алуға құқығы болған. Бірақ сатып беруге құқығы болған жоқ. Ал 12 жастан қыздар, 14 жастан ұлдар үйленуге жарайтын. Осы жастан бастап ең негізгі құқытар жастарға рұқсатталған. Бірақ 25 дейін кейбір келісімдер (аса қымбат заттарға, аса жауапты істері) тек қана қамқоршымен әлде әкесімен бірге бекітілген. Сонымен жас бойынша жағдайлар осындай: 1. 7 жасқа дейін, 2. 7 ден 12 дейін, 3. 12 ден 25 дейін. Бірақ кейде 25 келген азаматтар өзіне қамқоршы алатын немесе әкесі оған қамқоршыны жалдаған. Сонымен негізгінен тлық құқықтық әрекет 25-тен басталған.

Бірақ әйелдер, әйел балалар өмір бойы толық құқықтық әрекетке ие болмаған. Солармен бірге есі ауысқандар және мүгедектер есептелген.

Дендері, естері сау ер азаматтарда  ерекін жағдайда өзінің әрекетінен айырылатын болған. Негізінен осындай жағдай қиянашылдықпен арамдықпен байланған. Арамдықты Румда infamia деген. Infamia болдыратын осы ерекше жағдайдар:

Информация о работе Рим құқығы