Рим құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 22:03, реферат

Краткое описание

Егеменді Қазақстан Конститутция бойынша біздің отанымыз құқықтық мемлекет делініп бекітілген.
Құқықтық мемлекет болуына бәріміз өте көп жұмыс істеуіміз керек. Алдымен еліміздің жастары құқықты жақсы білсе, оны дұрыс пайдаланса, білімін бүкіл халыққа түсіндіріп таратса, жас мемлекеттің қиын жағдайлары тез тарайды деп ойлаймын. Осы кәсіп сіздердің – жас заңгерлердің қолында. Әсіресе, құқық туған қазақ тілінде оқыған мамандарда. Казақ тілі әділетті, мемлекет қызметте өзінің заңды орнын табатын уақыты өте жақын, тіпті келді деп айтуға болады. Сондықтан Қазақстанның құқықтық мемлекетінің кілті сіздің қолыңызда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

RIM KYKYGY.doc

— 889.00 Кб (Скачать документ)

 

11.2. Жалдау  келісім-шарты (Locatio - Conductio)

Рум құқығындағы жалдау келісім-шарты.

Ортақ пікірлі  яғни келіскен уақыттан бастап күшіне енеді. Екі жақты.

Бір жақ екінші бір жаққа бір немесе бірнеше  заттарды уақытша пайдалануға беруге міндеттенетін, ал екінші жақ өз кезегінде  сияпат төлеп, алған затты басқа  қалпында қайтаруға міндеттенетін.

Байқаусыздан  қаза табуға жалға беруші жауап беретін.

Жалдаудың үш түрі болды: заттарды жалдау; мердігерлік  қызмет, көрсетулерді жалдау. Жалдауға жарайтын заттар жылжитын және жылжымайтын  мүліктер: жалға біреудің мүлігін  беруге болатын. Жалдаудың мерзімі әдетте бес жылға дейін берілетін, бірақ егерде жалдаушы затты мерзімі асып кетсе де пайдалана берсе, онда жалдау үнсіз созылған болып саналады.

Затпен бірге  оған жататын нәрселер де берілетін. Жаладушы белгіленген күнды (төлемақы) пайдалану мерзіміне байланысты төлеп орытарады. Жалға беретін тұлғаны локатор, ал алатын кондуктор атаған. Кондуктордың міңдеттері осындай:

- төлемақыны  төлеу;

- жалдауға беру.

Егер жалдау келісім-шартының мерзімі бітпей тұрып  затың иесі ауысатын болса, онда бұл келісім-шарт жойылу арқылы күшін тоқтататын. Локатордың құқықтары мен міндеттері: уақытша пайдалануға беру; көрінбейтін жетіспеушіліктер үшін жауап беру.

Мердігерліктің  мәні мынада:

Қызметтерді келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде орындау  міндеттері;

Басқа біреудің көмегінсіз, өзі орындау;

Жалданушы келтірілген  зиян үшін өзі жауап берген. Жалдаушы қызмет көрсетілгеннен кейін сияпат төлеуге міндетті, ал егер қызмет осы  жалдаушының кінәсімен көрсетілмеген  болса, онда сияпат келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде төленуі қажет.

Қызмет жалдау келісім-шарты, құлдарды жалдауда дамыған  болуы керек. Ал, кейін батрақтар  мен қолөнершілердің қол еңбгіне  таратылған.

Мердігерлік шарты  осылай көрінеді - бір жақ (мердігер) екінші бір жақ үшін мерзімінде және жоғары сапалықпен жұмысты орындап беру міндеттемесін алған. Бұл келісім-шарт түрінің мәні жұмыстың өзі емес, оның нәтижесі еді (киімді тазалау, үй салу, адамдарды көлікпен жүргізу). Теңіз тасымалдары ерекше келісім-шартпен реттелетін. Мердігердің міндеттері:

Жұмысты дұрыс  түрде орындау және қолына қайтару  ол қандай болсын кінә үшін ғана емес, сонымен қатар жұмысты орындаған  мамандар білімінің жеткіліксіздігі  және жұмысқа көмекшілерді жалдаса, оларды таңдауы мен бақылауы үшін де жауап берген.

Қабылдағанға  дейін тауар жайылып немесе бұзылып кеткен жағдайдың өзінде орындалған жұмысты қабылдап, сияпат төлеуге міндетті.

 

11.3. Сатып  алу-сату (Emptio - Venditio) шарты.

Бір жақ затты  ұсынатын, ал екінші жақ сол зат  үшін төлемақысы төлейтін.

Сатып алу-сату келісім-шартын затты ақшаға ауыстыру туралы екі жақты келісім арқылы белгіленген ортақ пікірлі таңдау атауымен белгілі.

Екі жақтың да белгілі  бір затты белгілі бір ақша саласына ауыстыру туралы келісім қажет  болды.

Юстинианның бағасы заттың тура бағасымен бірдей бола бермеуге де болатын.

Сатушының өте  күрделі жағдайда болғанын айту қажет. Ең бастысы, ол затты сатып алушыға  иеленуге беруге міндетті болатын (бірақ  меншікке емес, өйткені классикалық  заңгерлердің ойынша келісім сатып  алушыға меншіктік құқығын алу  нәтижесіне тек қана факттық түрде затты алған соң жететін): сатушының немесе басқа бір тұлғалардың қандық қатысынсыз затты қолға беру, сол затқа иелік етуге ешбір қарсыласусыз жүзеге асырылады.

Сатып алу-сату келісім шартының негізгі элементтері: баға, тауар, жақтардың келісімі.

Осы шарттың  заттары тек қана айналымнан шықпаған тәндік заттар, табиғи заттар, дене және қанды қатынастар жағынан сатушыға жататын белгілі - дара заттарды беру. Сатып алу-сату шарттар бойынша  бағалар нарық жағдайына байланысты, бірақ орташа құнынан төмен болмайтын ақшалай сомада белгіленетін. Жақтардың келісуі - белгілі зат белгіленген ақша саласына ауыстырылатын болғандықтан екі жақты келісім міндетті түрде қажет.

Екі жақ та келісімге  келгеннен кейін келісім-шарт жетілдірілген  болып саналып, күшіне енетін. Міндеттілер осы шарттарда екі жақты болады, өйткені екі жақтың әрбіреуі де бір мезгілде кредитор және қарыздар болған.

Цивилдік  құқық бойынша жауапкершілікті  сатып алушының алдында сатушы ұстады.

Сатушы затты  мындай түрде беруге міндетті: жақсы қалпында; сатып алушының мүлігіне; жоғары сапада басқа тұлғалардың заңдық қарсыласуларынан қорғалған. Ал, егер мұндай жағдай болатын болса, затты қайтарып залалды өтеуге міндетті болатын.

Сатушы сатылатын  заттың ішкі және сыртқы жетісушілектері  үшін жауапты еді.

Затты сатып  алушының қолына бергенге дейін қамқорлауы керек (сыну, ұрлау және т.б.)

Сатып алушының міндеті - сатып алу бағасын төлеу (егер келісім-шартта төлеу мерзімі  кейінге меншік иесі); сатып алынған  затты алу және белгілі жағдайларға  байланысты сатушыға шығындарын өтеу. Сатып алу-сату шарттың мақсаты Затты сатып алушыға меншік құқығына беру. Бірақ сатушы заттың меншік иесі болмаса, сатып алушы да өз кезегінде меншік құқығына ие бола алмады; зат өз иесімен талап етіле алатын. Бұл жағдайда сатушы заттың эвикциясы үшін жауап беретін.

Эвикция.

Сатып алушының сатып алған мүлкін оны сатқанға дейінгі негіздемелер бойынша қайтарып алу (мәселен, ол үшін үшінші тарап мүлікке  сатушының емес, өзінің ғана меншіктік  құқысы бар екенін дәлелдейді).

Жетіспеушіліктер болғанда талаптың екі түрі болуы мүмкін :

бағаның төмендігі  туралы;

келісім-шартты бұзуы туралы.

Байқаусыздан  қаза табу мүмкіндігінде сатып алушы  жауапты болды.

 

11.4. Қарыз  және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum)

Румдағы қарыз  операцияларының негізгі институты қарыз келісім-шарты болып табылады. Оның негізгі реквизиті - затты қарыз алушының меншігіне беру.

Қарыз беруші бұрын  өз билігінде болған затты заем заты ретінде ұстап қалып отыру  құқығына ие болатын.

Жақтардың келісім  заттарды беру кезінде қарыз алушыға міндет тудырған (қайтару туралы).

Гай айтатын; «Қарызға беру заттарды беру арқылы жүзеге асырылатын. Бұл заттарды өлшеуге, санауға болады. Бұл заттарды біз алушының меншігіне  түсіп, ақырында ол бізге тура сол  затты емес, соған ұқсас заттарды беру үшін береміз»

Несие келісім-шарты - белгілі жеке-дара затты уақытша  қайтарымсыз пайдалануға беру.

Қарыз келісім-шарты (мутуум)

Іс жүзіндегі  келісім-шарты. Бір жақ екінші бір  жақтың меншігіне ақша саласын, зат  мөлшерін, тура сондай түрде және сапада мерзімінде қайтару.

Кейбір кездерде грек құқығының ықпалымен пайыздар қолданылды. Егер пайыз болмаса келісім-шарт қайтарымсыз мінезде болатын.

 

11.5. Серіктестік  келісім-шарты (Socitas)

Республика  кезеңінін басында, халықарылық  сауда қатынастарының дамуы барысында, Румның экономикалық өмірінің дамуында аса маңызды рөл атқарған перегриндердің де қолы жете алатын кәсіпкерлер серіктестіктері пайда болды.

Серіктестіктер  түсім алу мақсатымен әртүрлі  кәсіпкерлік түрлеріне сенімделген, сонымен қатар нақты қызметке арналған кәсіпкерліктер де болды.

Рум құқығы тура өкілдікті білмеді, әр серікте өз серіктестігінің мүддесіне қызмет ететін.

Әрбіреу уәде еткен  салым жасауы керек болды, жұмысты  өзі орындауға, түсіммен бөлісуге, сайма-сайлық түрде шығындар және залалды өтеуге қатысуы керек (өз кінәсімен болған).

Адриан кезіңінен  серіктестердің әрқайсысы да кінә үшін де бірдей жауапкершілік ететін. Сол  кезде оның ортақ іспен шұғылданғанда  және серіктестік мүддесі үшін залал  мен шығындарды өтеу құқығы болатын.

Серіктестіктің тоқтатылуы тек бас тарту, өлім жағдайында ғана емес, сонымен бірге банкротқа ұшырау және серіктестердің бірінің ғана мүлігін кәмпескелеу жағдайларында жүзеге асырылады.

Бір немесе бірнеше тұлға кез-келген мақсатқа жету үшін рум құқығына қайшы  болмайтын бірігуі.

Келісім-шарт мүліктік ортақтастықты пайда болдырған. Ол әртүрлі көлемдер мен мөлшелерде белгіленетін, бірақ бәрі бір барлық тұлғалардың ортақ меншіктігін  шектелген ортақтастық та болатын; теңдік қажетті болмады.

Түсімдер  және шығындарға да қатысатын. Серіктес көп түсімде және аз шығындарға қатысқан серіктестер де болатын. Серіктестердің біреуі біркелкі шығындарды өтеп, түсімдерге қатыспаған серіктестіктер де болатын.

Байқаусыз қаза табу мүмкіндікте барлық катысушыларға  жатқызатын. Серіктестік келісім-шартындағы қатысушылар өз ісіне жауапкершілікпен және өте зерделенушілікпен қарауға міндетті. Егер серіктестік келісім-шартында қатысушылар арасында келісім болмаса, ортақ істе жоқ (бір қатысушы бас тартты серіктестік жоқ) (өлім, шамасыздық).

Мақсат мүліктік өзгемелігі бар және барлық серіктестерге жағымды болуы керек. әдетте, бұл түсімге қаратылған, түсім мен шығындарға тең қатысатын қызмет түрі болатын. Кей-кездерде серіктестердің түсім мен шығынның тең келуі, келмеуі туралы өзара келісім құру жағдайлары да кездесетін.

Серіктестік шарты  тыйым салуларға да болған. Серіктестер  Рум құқығында заңды тұлға  болмайтын. серіктестіктер өзара қарым-қатынастарда құқықтар мен міндеттер шығаратын.

 

11.6. Тапсырма  келісім-шарты (Mandatum)

Бір тұлға тапсыратын (тапсырысша - мандант), ал екінші тұлға (сенімделген - мандатарий) орындауды қандай болсын қайтарылсыз іс-әрекет ету.

Тапсырма келісім-шарты  қайтарымсыз, екі жақты, ортақ пікірлі  болатын. Ең басында достық (жолдастық) қызмет істеу түрінде болатын.

Өзара (келісімділікті) құрылған. Заңдық әрекеттер тапсырыс күйінде жүзеге асырылатын келісім-шарт. Осыған байланысты қаламақы тәжірибесі пайда болды. Мандатарий істей алатын құқықтар - бастаған істі аяғына жеткізуді; егер оны орындауға мүмкіндігі болса жедел мандатқа айтып, ол мандатарийді алмастыра алатындай етуі керек; ал, егер де хабарламаса, залал үшін жауап беретін. Мандатарий істей алмайтын жағдайлар осындай:

Қандай  болсын залалға ие болу. Ал, егер залал болса, мандатарий мандаттан залалды өтеуді іске асыруды сұрайтын.

Тапсырманы  орындау кезіндегі байқаусыз  залал өтеуге жатпайтын.

Тапсырма келісім-шарты  бойынша іс-әрекеттер

Заңды. Ізгіліктіден айырмаған жеткілікті рұқсат етілген іс-әрекеттердің қандай түрін болсын қолдануға болатын. Мандатарийдың қызығушылығын шығарып тастамайтын манданттың немесе басқа тұлғаладың осы істегі қызығушылығы болуы керек. Мандатарий мандаттың нұсқауымен қолдануға міндетті болатын, тапсырманы нақты және тиісті түрде орындауға, осы келісім-шарттан оған пайыздармен бірге беруге де міндетті.

Мандант мандатарийді алған міндеттемелерден босатып, оған шығыстар мен кейбір шығасылар болса  соларды өтеуге міндетті болды.

Тапсырма келісім-шарты  мынадай жағдайларда қысқартылатын:

Контрагент  жүктелген міндеттерді шартқа сәйкес орындаушы адам.

Егер контрагенттердің бірі келісім-шарттан бас тартса немесе қайтыс болса. Юстиниан кезінде келісім-шарт мандаттың өлімінен кейін де созыла беретін.

Екі жақта тапсырма келісім-шартынан қолайлы уақытта және өздеріне аздау шығын шығармайтындай жағдайда ғана бас тарта алды.

Егер тапсырма орындалған болса.

Тапсырма келісім-шарты  институт түрінде жаулап алған елдерде  румдықтардың сауда қызметтері кезінде  және перегриндермен қатынастар кезінде  құралған

 

Memento mori - Қайтыс  есіңде болсын 

(Латын  мақалы)

12 ТАРАУ. МҰРАГЕРЛІК  ҚҰҚЫҒЫ.

12.1. Мұрагерлік  құқығының түсінігі.

12.2. Өсиет бойынша  мұрагерлік.

12.3. Заң бойынша  мұрагерлік.

12.4. Мұрагерлік  құқықты қабылдау.

12.5. Легаттар  мен фидеикомистер.

 

12.1. Мұрагерлік  құқығының түсінігі.

Мұрагерлік  дегеніміз - қайтыс болған адамның мүлкі  басқа адамдарға берілуі. Мемлекет құрылғаннан бастап мұрагерлік құқық  пайда болған. Мұрагерлік – бұл  жан-жақты мирасқорлық жасау. Демек, мұрагер мұрагерлікке тұрғанда барлық мұраны өзіне мирас етіп алады. Мұрагерліктің жан-жақтылығы сондай, мұраға байланысты құқық пен міндеттердің бәрі оған жатады, ол жөніңде мұраға ие болушы білмеуі мүмкін. Өлген адамнан қалған сингулярлық мирас белгілі бір адамға берілген құқық, легат немесе қарсылық жасау.

Рум құқықта  заңды мұрагерлік (егер өсиет етілмесе, немесе етілсе, бірақ мойындалмаса, немесе мұрагер мирасты қабылдамаса) Румдық құқықтың ерекшелігі болып табылатын  жағдай - жоғарыда көрсетілген мұраның  бір бөлігі өсиет қағазы бойынша, ал екінші бөлігі Заң бойынша мұрагерге берілуі. Мұрагерлік процессінде ашық мұра және мұрагерлікке кіруді анықтау қажет. Мұра беруші қайтыс болған кезден бастап мұрагерлік ашылады. Мұрагерлік ашылған соң, белгілі адам мұраға ие болу құқығын алады. Бірақ, осы адамдар, мұра ашылар кезде, өлгеннен кейін, мұрагер қалған нәрсені, қарызын оған беруге міндетті.

Информация о работе Рим құқығы