Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 12:28, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Орыс-түрік соғысы ең ұзаққа созылған соғыстардың бірі. Ресей қауымы арасында эмоционалды-интеллектуалды талас-тартыстарды туындатқан соғыстың адамзат тарихындағы алар орны ерекше. Өйткені орыс-түрік соғысының аяқталуы халықаралық саяси аренадағы көптеген өзгерістер мен дүниежұзілік соғыстың аяқталуымен айырықшаланды. Орыс-түрік соғысы жөніндегі зерттеулер, мемуарлар, зерттеушілердің пікірлері әр-түрлі өзіндік сипаттарға ие қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатуында осы соғыстың барысын, нәтижелерін үлгілік тұрғыдан пайдаланудың, соғыс жөнінде зерттеулердің тарихнамалық тұрғыдан саралаудың маңыздылығы зор екендігін ескеруіміз де керек
1917 жылғы наурыздың 7-сінде
Мұстафа Кемал 16-шы корпустың
қолбасшылығынан шеттетіліп, бүкіл
2-ші армияның қолбасшысы
Галлиполи шайқасынан кейін Мұстафа Кемал алдымен Едірнеде 1916 жылғы қаңтардың 14-ні дейін қызмет атқарды. Содан соң ол Кавказ жорығына жіберілді. Сәуірдің 1-інде ол бригада генералы әскери лауазымына ие болды. Тарихшылардың көбі оның әскери лауазымының өсуіне Енвер паша әдейі кедергі келтіріп отырды деп ойлайды.
Мұстафа Кемал жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әскері үздіксіз алға басып келе жатқан генералТовмас Назарбекянның басшылы-ғындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын.
Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен Армения-ның уақытша үкіметі құрылды. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын. Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кемал келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын.
Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді. Мұстафа Кемалдің алдында тұрған басты мақсат-өз басшылығындағы әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың арасында тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды.
Орыс әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кемал топтарын орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді. Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей қолбасшылы-ғының жоспарларын шатастырып жіберді.
Емиль Ленгиель бұл туралы былай деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемал» есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар аударды».
Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы табысты қарсы шұабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа Кемал орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа Кемал бір рет табысқа жетті. Оның басты стратегиялық мақсаты-қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген табыстары оның сол жылы «Имтияз орденінің алтын семсері» медалімен марапатталуы арқылы бағасын алды.
1917 жылғы наурыздың 7-сінде Мұстафа Кемал 16-шы корпустың қолбасшылығынан шеттетіліп, бүкіл 2-ші армияның қолбасшысы болып тағайындалды. Сол екі арада 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталып, Ресей әскері бытырап кетті. Мұстафа Кемал сол кезде басқа жаққа тағайындалып, ол аймақты тастап кеткен болатын.
Бірінші дүние жүзілік соғыстан жеңіліп, Осман империясының ыдырауынан кейін Туркия Мұстафа Кемал басқарған республика деп жарияланды. Лозанн келісімі бойынша Туркия өзінің байырғы территориясының көптеген бөлігінен айырылып, Қара теңіз аймағындағы суверинетінен айырылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулаушылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді.
Кесте 2 Орыс-түрік соғыстарының нәтижесін келесі кестемен тәмәмдасақ.
Атауы |
Қатысқан мемлекеттер (қарсыластар) |
Қатысқан мемлекеттер (қарсыластар) |
Соғыс алғышарттары (мемлекет мүдделері) |
Нәтижесі (келісімдер) |
Солтүстік соғыс (1700-1721 жж.) |
Швеция, Осман империясы, Гольштейн-Готторп |
Ресей, Дания, польша, Саксония, Пруссия |
1700 жылдарға таман Солтүстік
Еуропадағы мықты держава |
1721 жылы Ништадт келісіміне қол қойылды. Ресей – Ингрия (Ижора), Карелия, Эстландия, Дифляндия, Финляндияныңоңтүстік бөлігі (Выборгқа дейін); Дания – Шлезвиг-Гольштейнде жер; Пруссия-Померия. |
Орыс-түрік соғысы (1735-1739 жж.) |
Ресей, Австрия |
Осман империясы, Қырым хандығы |
Польша мұрагерлігі үшін соғыста жеңілген Франция енді Ресейден кегін Туркия арқылы қайтармақшы болады. Француз елшісі Вильнев дипломатиясы арқылы уәзір Али пашаны қызметінен түсіріп, орнына Измаил пашаны қояды. Ресей бұның артында бәрібір соғыс жататынын түсініп, өзіжақ соғысты бастайды. |
1739 жылы Белградкелісіміне қол қойылады. Ол бойынша, Ресейге Азов өтеді, алайда Ресей бәрібір Қара теңізінде өз флотын ұстай алмады. Ондағы сауда кемелері тек Түркия жалауы арқылы өтетін болды. |
Орыс-түрік соғысы (1768-1774 жж.) |
Ресей |
Осман империясы, Қырым хандығы |
Екі ел арасындағы соғыс Польшадағы Станислав Август Понятовский мен шляхта арасындағы қақтығыс алғышарт болды. Поляк көтерілісшілерінің арттарынан келген казактар Осман империясының иелігіндегі Балта қаласына кіреді. Түркия қала тұрғындарын казактар қырып салды деп Ресейге соғыс ашады. |
1774 жылғы Кучюк-Кайнарджи келісімі бойынша
|
Орыс-түрік соғысы (1787-1791 жж.) |
Ресей, Австрия |
Осман империясы |
Қырым хандығы тәуелсіздігін алғаннан кейін, Ресей Қырым хандығындағы өз беделін дипломатиялық жолмен орнатуған бағыт алған. Бірақ, түріктер 1774 жылғы келісімді бұзып, Қырымға әскер кіргізіп, Сахиб ІІ Гирей тақтан алады да, Дәулет ІV Гирейді отырғызады.Бұған ашуланған ІІ Екатерина Щербининді Қырымға жібереді. Георгий трактаты бойынша Осман империясы Қырымдағы Ресейдің басымдылығын мойындайды. 1786 жылы ІІ Екатерина және оның одақтасы Иосиф ІІ Қырымда жүргенін естіген түріктер орыстардан реванш алғысы келеді. |
1791 жылы Систов келісімі. Ол бойынша status quo ante bellum сақталуы тиңс болды. Ол бойынша, Австрия жаулап алған жерлерінің барлығын қайтарады. Хотин бекінісін Австрия орыс-түрік келісімінен кейін беруге міндеттенді. 1791 жылдың соңында Яссы келісімне Ресей, Осман империясы қол қояды. Ресей Қара теңіздің солтүстік жағалауын алады, Кавказ және Балқанда Ресейдің саяси жағдайы күшейеді. Оңтүстік Буг пен Днестр арсындағы жер Ресейге өтеді. Кавказда шекара Кубань өзені арқылы белгіленеді. |
Орыс-түрік соғысы орта шамамен 241жылға созылған ең ұзақ жалғасқан (арасында үзілістермен) соғыстардың бірі. Екі елдің соғыстардағы басты мақсаты-ықпалдалдастық талас, геосаясат, Балқан түбегі, Қырым мен Казказ үшін соғыс және т.с.с.
Шартты түрде орыс-түрік соғысын 12 кезеңге ажыратылады. Сол кезеңдерде жеңіске көп қол жеткізгені Ресей болды. 1510-1511 жылдардағы Прут соғысы мен 1853-1856 жылдардағы Қырым соғысында Ресей жеңіліс тапты (шартты түрде).
Орыс-түрік соғысы алма-кезек жеңіс-жеңілістермен нәтижеленіп отырды, екі держава арасындағы ықпалдастық үшін талас-тартыстардың нәтижесін Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен Осман империясының ыдырауымен аяқталды.
Бірінші дүние жүзілік соғыс басталысымен Туркия Германия одағына қолдау көрсететіндігін білдіргенімен, соғысқа араласпады. Тек Балқан конфликтін шешу үшін соғысқа кірісуге мәжбүр болды. Түрік солдаттарын неміс офицері Лиман фон Сандерс басқарды, басқа да түрік әскеріндегі басқару қызметтерін Греманиядан беделді неміс офицерлерін шақыртып үйретілді.
Бірінші дүние жүзілік соғыс басталғаннан 3 ай қатарынан Туркия бейтараптылық туралы саясат ұстанды, үш айдан соң Германиямен жасырын конвенцияға келісті. Бұл келісім бойынша біршама уақыт Туркия өзінің ішкі және сыртқы кейбір мәселелерін шешіп алу үшін уақытты талап етті. Аталған конвенция 1914 жылы 2 августте келісілген болатын.
Германиямен келісімге келу, Антанта одағымен шиеленіс осы факторлардың бәрі Туркияның соғыс ашуына түрткі болды, Германияның өзі біршама уақыттан соң Туркия үкіметінен соғысқа араласуын және Антантаға қарсы соғыс ашуын талап етті. 1914 жылы 29 қазанда ешбір жариялымсыз Туркия Ресей қалаларына шабуыл жасау, бомбалау әрекетін бастады, артынша Ресей Туркияға соғыс ашты.
Туркия жағдайының нашарлауына Кавказ фронты ықпал етті. Бұл фронтты Туркияның негізгі қарсыласы Ресей еді. 19 қазанда Батум облысы территориясында түрік әскерлері шабуылы басталды, алғашында орыс әскері жеңіліске ұшырап, біршама сәтсіздіктерді бастан кешірді. Бірақ нәтижесінде бұл фронтта Туркия жеңіліске ұшырап, осы фронттағы әскерінің көпшілік бөлігінен айырылды.
Бірінші дүние жүзілік соғыстан жеңіліп, Осман империясының ыдырауынан кейін Туркия Мұстафа Кемал басқарған республика деп жарияланды. Лозанн келісімі бойынша Туркия өзінің байырғы территориясының көптеген бөлігінен айырылып, Қара теңіз аймағындағы суверинетінен айырылды.
Капитуляция нәтижесінде Туркия барлық стратегиялық маңызды пункттерінен айырылды, Антанта одағына Қара теңіз арқылы жүретін жолдарды ашып берді, өз әскерін кері жинады. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жеңілістер Туркиядағы Осман империясының ыдырауына басты себепкер фактор болды. Осылайша екі ғасырдан асқан орыс-түрік соғысы аяқталды.
Информация о работе Орыс-түрік соғысының шығу себептері және алғашқы орыс-түрік соғыстары