Орыс-түрік соғысының шығу себептері және алғашқы орыс-түрік соғыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 12:28, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Орыс-түрік соғысы ең ұзаққа созылған соғыстардың бірі. Ресей қауымы арасында эмоционалды-интеллектуалды талас-тартыстарды туындатқан соғыстың адамзат тарихындағы алар орны ерекше. Өйткені орыс-түрік соғысының аяқталуы халықаралық саяси аренадағы көптеген өзгерістер мен дүниежұзілік соғыстың аяқталуымен айырықшаланды. Орыс-түрік соғысы жөніндегі зерттеулер, мемуарлар, зерттеушілердің пікірлері әр-түрлі өзіндік сипаттарға ие қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатуында осы соғыстың барысын, нәтижелерін үлгілік тұрғыдан пайдаланудың, соғыс жөнінде зерттеулердің тарихнамалық тұрғыдан саралаудың маңыздылығы зор екендігін ескеруіміз де керек

Прикрепленные файлы: 1 файл

орыс-түрік соғыстары.doc

— 720.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Орыс-түрік соғысы ең ұзаққа созылған соғыстардың бірі. Ресей қауымы арасында эмоционалды-интеллектуалды талас-тартыстарды туындатқан соғыстың адамзат тарихындағы алар орны ерекше. Өйткені орыс-түрік соғысының аяқталуы халықаралық саяси аренадағы көптеген өзгерістер мен дүниежұзілік соғыстың аяқталуымен айырықшаланды. Орыс-түрік соғысы жөніндегі зерттеулер, мемуарлар, зерттеушілердің пікірлері әр-түрлі өзіндік сипаттарға ие қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатуында осы соғыстың барысын, нәтижелерін үлгілік тұрғыдан пайдаланудың, соғыс жөнінде зерттеулердің тарихнамалық тұрғыдан саралаудың маңыздылығы зор екендігін ескеруіміз де керек.

Орыс-түрік соғыстары-Ресей мен Осман империясының арасындағы ХVІ-ХХ ғасырлар бойы жүріп жатқан әскери-саяси қақтығыстардың нәтижесі.

Әскери қақтығыстар мен соғыстардың бастапқы себептері Солтүстік Қара теңіз бен Солтүстік Кавказ үшін болса, кейіннен Оңтүстік Кавказ үшін, ХІХ ғасырдың екінші жартысында осман билігінен христиандық әлемді құтқару (себеп), яғни Осман империясының қол астынан християндық діндегі мемлекеттерді Ресей ықпал етуші орбитасына кіргізу (Шығыс мәселесі), ал Бірінші Дүниежүзілік соғыста орыс билеушілерінің көздегені –Константинопольді алу болатын.

Жалпы алғанда орыс-түрік соығыстары 241 жыл аумағын алып жатыр, орташа есеппен орыс-түрік соғысы 19 жылға созылды.

Ресей мен Осман империясының қақтығыстар тарихы Осман империясы 1475 жылы Қырымды жаулап алуынан бастау алды. Алғашқы соғыстың бастаулары ретінде Азов пен Кафедегі орыс саудагерлерін түріктердің қысымға ұшырауынан бастау алды.

Соңынан XVI−XVII ғасырларда орыс-түрік соғыстары ашық, айқын аймақтар үшін талас ретінде көрінісін тапты. Осман империясы әрдайым Қырым хандығыны қолдау көрсетіп отырды. Нәтижесінде Мәскеу қол астындағы Дон казактары Осман империясы қол астына (билігі ықпалында болған) қараған Азов казактары, ноғайлықтарға шабуылдар жасап отырды. 1637 жылы Дон және запарожье казактары Азовты жаулап алып, 1642 жылға дейін қол астында ұстап отырды.

Ең алғашқы әскери қақтығыс 1541 жылға тура келеді. Соғысты қырымдықтар, оның ішінде Сахиба І Гирейдің бастауымен Мәскеуге жылжуынан басталды.

1556 жылы қырым ханы  Мәскеуге қарсы шабуыл бастады. Алғашқы шабуылдар жеңіліспен аяқталды.

Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жеңілістер Туркиядағы Осман империясының ыдырауына басты себепкер фактор болды. Осылайша екі ғасырдан асқан орыс-түрік соғысы аяқталды.

Зерттеу пәні - ХҮІІ-ХІХ ғғ Ресей мен Осман империясының қарым-қатынастары.

Зерттеу обьектісі – ХҮІІ-ХІХ  ғғ орыс-түрік соғыстарының шығу себептері, барысы, нәтижесі.

 Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың аясындағы зерттеулердің ең бастыларына Л.А. Богданович, И.В. Преображенскийдің «Описание русско-турецкой войны 1877 -1878 гг. на Балканском полуострове», әскери тарихшы және генерал-майор К.И. Джужининнің «Орыс армиясының тарихы» атты еңбегі,  Богданович Л.А. «Двадцатипятилетие великой освободительной войны. 1877 -1902». М., 1902, Преображенский И.В. За братьев славян. По поводу 25-летия священной войны 1877 - 1878 гг. СПб., 1903; «Описание русско-турецкой войны 1877- 1878 гг. на Балканском полуострове». Т. I. Обстановка перед войной. СПб., 1901.,Дружинин К.И. Русско-Турецкая война 1877 - 1878 гг. // История русской армии. М.-СПб.,2004 еңбектері тарихынамалық негіз бола алады.

В современной российской историографии наблюдается также тенденция всплеска и роста интереса к исследуемой проблеме

Курс жұмысының мақсаты:1918-1945 жылдар аралығындағы Туркия елінің геосаясатына теориялық сипаттама жасау.

Курс жұмысының міндеттері:

-Орыс түрік соғысының бастауларына сипаттама жасау;

-1672-1681 жылдардағы қақтығыстарға тоқталу;

-1686-1700 жылдардағы Азов жорығына сипаттама жасау;

-Орыс-түрік соғысы  және «Шығыс мәселесінің» тууы  тарихының мәнін ашу;

-1853-1856 жылдардағы  Қырым соғысының барысына талдау жасау;

-1877-1878 жылдардағы  Орыс-түрік соғысына сипаттама  жасау;

-Бірінші дүние  жүзілік соғыс және орыс-түрік  соғысының аяқталуына тарихи  шолу жасау.

Курс жұмысының құрылымы. Осы  қойылған міндеттерді қолдан келгенше толығымен ашып көрсету үшін жұмыс құрылымын кіріспе, 2 тарау, қорытынды мен әдебиет тізімімен құруды жөн деп көрдік.

 

 

 

 

 

 

 

1. Орыс-түрік соғысының шығу себептері және алғашқы орыс-түрік соғыстары

1.1.Орыс  түрік соғысының шығу себептері

 

Түрік сұлтаны Сулейман І 1563 жылы Мәскеуден Астраханьды жаулап алу мақсатында соғысты ұйымдастыра бастады. Қырым ханы түркия султанының Қара теңіздің солтүстік жағалауларын толық жаулап алуынан қорқып, Астраханьды жаулап алуды тоқтата тұруға  (немесе мүлдем бұл ойдан бас тартуға) 1568 жылға дейін көндіре алды.

1566 жылы Сулейман І қаза тапты. Оның орнына Селим ІІ таққа  отырып, өзінің жаулап алушылық  билігін паша Қасымға берді. 

Енді бүкіл Орыс-түрік соғыстарының жылнамалық кестесіне назар аударсақ. (Кесте 1)

 

Кесте 1.Орыс-түрік соғыстарының жылнамалық кестесі

Жылдар

Атауы

Ресей үшін нәтиже

1568-1570

Орыс-түрік соғысы

Жеңіс

1672-1681

Орыс-түрік соғысы

Жеңіс

1686-1700

Азов соғысы

Жеңіс

1710-1711(13)

Прут соғысы

Жеңіліс

1735-1739

Орыс-түрік соғысы

Жеңіс

1768-1774

Орыс-түрік соғысы

Жеңіс

1787-1791

Орыс-түрік соғысы

Жеңіс

1806-1812

Орыс-түрік соғысы

Жеңіс

1828-1829

Орыс-түрік соғысы

Жеңіс

1853-1856

Қырым соғысы

Жеңіліс

1877-1878

Орыс-түрік соғысы

Жеңіс

1914-1918

Кавказ фронты (Бірінші дүниежүзілік соғыс)

Жеңіс




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түріктердің Астраханға жорығы-1596 жылы Осман империясының сұлтаны Қасым мен Қырым ханы Дәулет Гирейдің бұрынғы Астрахан хандығы аумағын орыстардан азат ету мақсатында ұйымдастырған әскери іс-әрекеті. Мәскеу патшасы Иван Грозныйдың 1552жылы Қазан қаласын, 1556 ж. Астраханды басып алуы түркі әлемінің бірлігіне сызат түсіріп, келешегіне қатер төндірген уақиға еді. Азиялық және еуропалық түріктер арасындағы көпір іспеттес маңызды стратегиялық нүкте – Астрахан қаласын кері қайтарып алу көзделді.

Ең алдымен Қырым билеушісі Дәулет Гирей хан Грозныйдан Қазан, Астарахан қалаларын қайтаруды талап етті. Сонымен қатар Мәскеуді өртеп жіберетінін мәлімдеді. өйткені бұған дейін де орыс астанасы бірнеше рет қырымдықтардың шапқыншылығына ұшыраған болатын. Ал Осман империясы билеушісі Еділ бойында татар хандығын құрып, түркі әлемін Алтын Орда кезеңіндегідей ықпалды күшке айналдыруды мақсат етті. Міне, сондықтан олар орыстарға қарсы жорыққа ұзақ әрі мұқият дайындалып, Стамбұлдан Қырымға, Азау (Азов) теңізінің маңына зеңбірек, азық-түлік жеткізе бастады.

Қалаға солтүстік-батыс қапталдан шабуылдау үшін шұғыл соғыс кемелерін жасауға кірісті. Түріктер өзен флоты мен әскерін Дон арқылы Еділге жеткізу үшін екі аралыққа канал қазуды жоспарлады. Он мыңдаған күрек, қайла, кетпенмен қаруланған құлдар тобы жасақталды. Түріктердің жорық жоспарын Ноғай Ордасы қолдады, түрік сұлтаны Қасым Қазақ хандығына хат жолдап, әскери көмек беруге үндеді. Бірақ Ақназар хан бұл іс-әрекетке ат салыспай, бейтарап қалды.

1569ж. қару-жарақ, азық-түлік тиеген түрік флоты Азау арқылы Донға шықты, олар құрлықпен шеру тартқан Дәулет Гирей жасақтарымен Переволок түбінде кездесуге тиіс еді. Тамыз айының ортасында екі жақтың әскері (жалпы саны 150 мың адам) канал қазуға кірісті, бірақ күрек, кетпенмен ауыр кеме жүзетін су арнасын қазып шығу оңай орындала қоймайтын іс еді. Кемелердің астына тақтай төсеп, сүйреу әрекеті де тиімді нәтиже бермеді. Осы жорық барысын қадағалап отырған орыстар әскер ішіне іріткі салып бақты. Оның үстіне айналасына ат ойнатып, тұтқиылдан шабуыл жасаумен олжаға кенеліп үйренген қырымдық әскерлерге бір жерде аялдап қалу азап шеккенмен бірдей еді. Мұның бәрі түрік әскерлерінің арасындағы тәртіпсіздікті өршітіп жіберді.

Сонымен, 1569 жылы жазда Қасым пашаның бастауымен 15 мыңға жуық янычарьлар, 2 мыңға жуық сипахтар, бірнеше мыңдаған азаптар мен акынджылардан құралған әскерлер Астраханьды басып алуға жіберілді. Соғыстың басты мақсаты Астраханьды жаулап алумен қатар Волга мен Донды біріктіретін канал құру болды.

Қыркүйек айына таман ескі Астрахан түбіне жетіп, қос тіккен жорықшылар орыстардың берік бекінісіне тап болды. Оқ-дәрі тұтандырып, қанша әрекет етсе де, қала қамалын бұза алмады. Күн суытып, далада қыстауға мәжбүр болған әскерлердің ұнжырғасы түсіп, өзара кикілжің күшейе берді. Ақырында Дәулет Гиреймен келісе алмаған Қасым сұлтан 26 қыркүйекте әскерлеріне Донға шегінуге бұйрық берді. “Жеңілмейтін түрік армиясының” осы сәтсіз жорығы күллі Еуропа мен Азияға жайылып, түріктердің өзі жорық жетекшісін “Бақытсыз Қасым” деп атады. 

1570 ж. билік басына келген түрік сұлтаны Селим Астрахан жорығынан бас тартты. Бұл уақиға Қырым ханы Дәулет Гирейдің намысына тиді. 1571 ж. 120 мың әскермен шабуыл жасап, Мәскеуді өртеп жіберді. 1580 ж. ноғайлармен одақтасып, орыс жерін шабуылдаудан тынбады. Сәтсіздікке ұшырағанына қарамастан Туріктердің Астрагаға Жорығы түркі тектес халықтардың бір кездегі туысқандық, ынтымақтастық ниетінің айғағына айналған тарихи уақиға болып қалды. Кеңестік дәуірде жарық көрген әдебиеттер түркі халықтарының тегі мен тарихы бір, тағдыры ортақтығын аңғартатын бұл уақиғаны айналып өтті. Тіпті, Кеңес өкіметі Волга (Еділ)-Дон каналын салу идеясын ортағасырлық түріктерден алғаны беймәлім еді.

Бірақ Н.А.Маркеевичтің «Кішіресей тарихы» атты еңбегіне сәйкес князь Петр Семенович Серебрянскийдің басқаруындағы 15 мың жауынгер канал құрушылар мен Астраханьды жаулап алушыларды қуып жіберді де, жеңіске жетті.

 

1.2.1672-1681 жылдардағы қақтығыстар

 

Соғыстың басты себебі-Орыс-поляк қақтығысына Осман империясының араласуы, Осман империясының Украинаның оңтүстік бөлігін басып алып, сол аймаққа үстемдік орнатқысы келуі. Украинаның Оңтүстік бөлігі гетманы  Петр Дорошенко 1669 жылы Осман империясының вассалына айналды.

Петр Дорошенконың одақтасуына сүйенген Мехмед ІV 1672 жылы Польшаға соғыс жариялады. Нәтижесінде Подольяны қол астына қаратып жеңіске жетті. Түріктердің жеңіске жетуі Мәскеуде алаңдатушылықты тудыртта, өйткені Мәскеу бидеушілері Түрік сұлтандарының Солтүстік Украинаға ықпал етушілік қаупінен қорқатын. Солайша Ресей билеушілері Осман империясы мен Қырым хандығына соғыс ашты. Патша Алексей Махайловичтің бұйрығы бойынша Дон казактары Дон мен Қырым маңындағы түрік билігінлегі аймақтарға шабуыл жасады.

1673 жылы Дума ақсүйеге И. С. Хитров  пен Дон казактарының жасақтары Азов қаласындағы түрік билігіне қарсы шабуылдар жасады. Сондай-ақ сол жылдың өзінде түріктердің шабуыл жасауынан алдын (яғни күтпестен) князь Роондановский мен гетман Иван Самойловичтің басқаруындағы жасақтар Оңтүстік Украйна (жағалауына) түрік вассалы гетман Дорошенкоға қарсы шабуылдар жасады. Нәтижесінде 1676 жылдың қыркүйегінде Чигиринді Осман империясынан қайтарып алып, Дорошенконы тұтқындады.

Дорошенконың орнына түрік сұлтаны Юрий Хмельницчкийді гетман етіп жариялап, Чигиринге жаңа шабуылдар ұйымдастырды. 1677 жылы Чигиринге жасалынған сәтсіз жорықтардың нәтижесінде және  Бужин маңындағы шайқастардан жеңіліс тапқан соң түрік әскерлері артқа қайтуға мәжбүр болды.

1678 жылы түрік әскерлері Чигиринді  қайтарып алды. Соғыс 1679-1680 жылдары белсенділік шыңына жетті. 1681 жылы қаңтарда Бахчисарай бейбіт келісім-шартының негізінде аяқталды.

 

1.3.1686-1700 жылдардағы Азов жорығы

 

Aзoв жopықтapы Peceй импepияcының Ocмaн импepияcынa қapcы бaғыттaлaн әcкepи кoмпaния бoлaтын. Пeтp I eл билeу iciнe eндi кeлгeн cәттepiндeгi aлғaшқы әcкepи-coғыc қимыл әpeкeттepi бoлып тaбылaды.

Жopықтapдың бacты ceбeбi-тeңiзгe шығaтын жoлды aлу. Coғыcтың бacты aлғышapттapы:

-Бaлтық тeңiзiнe шығуды өз қoлындa ұcтaп тұpғaн Швeцияғa қapaғaндa Ocмaн импepияcымeн coғыc aшу жeңiл, әpi шeшiлiмдi (қoл жeтepлiк) мәceлe дeп caнaды.

-Aзoвты жaулaп aлу eлдiң oңтүcтiгiндeгi қыpым тaтap шaбуылдapынaн қopғaп қaлуды мaқcaт eттi;

-Peceй өз oдaқтacтapымeн (Aвcтpия, Вeнeция) 1686 жылдaн бacтaп Туpциямeн coғыc жaғдaйындa өмip cүpдi.

Пeтpдiң cыpтқы caяcaтындaғы aлғaшқы қaдaмы Peceйдi тeңiз  дepжaвa-cынa aйнaлдыpу  бoлды.  Oл әуeлi  oңтүcтiк  бaғыттaн  бacтaлды.

Aзoв қaмaлын aлу Peceйдiң oңтүcтiктeгi  тeңiз  жoлының  тұpaқтылығын  әлi дe  тoлық  қaмтaмacыз eтe aлмaйтын eдi. Қapa тeңiз бeн  Кepч  бұғaзы  түpiктepдiң  қoлындa  бoлaтын. (Сурет 1)

 

Cуpeт -1. Aзoв жoрықтapының бaғыты

 

 Азов жорығын даярлауда Голицын жоықтарының қателіктері ескерілді де, негізгі соққы 1695 ж. түріктің Азов жорығы жеңіске жеткізе алмады; біріңғай командалық басқару, мықты бекінген қамалдарды қоршау тәжірибесі болмады, артиллерия жетіспеді, ең бастысы, қоршаушыларда Азовты қоршауға алатын, көмекке келе жатқан әскерді, оқ-дәрі, азық-түлікті жеткізуге кедергі жасайтын флот блмады.1695 ж. күзінен бастап жаңа жорыққа әзірлік басталды ең алдымен Москвада, Яуза өзенінде және Воронижде флот құрылысына кірісті. Ірі екі кеме, 23 галера және мыңдаған баржалар мен шағын кемклер жасалып шығарылды. 1695 жылғымен салыстырғанда екі есе көп армия Азовқа келді де, 1696 жылдың 19 июлінде Азов алынды.

1697-1698 жылдардағы  «Ұлы елшілік»

 

Ұлы елшілік-1697-1698 жж. Батыс Европаға орыс  диломатиялық миссиясы.   Елшіліктің мақсаты Қара Теңіз жағалаулары үшін Осман империясымен күреске байланысты одақты күшейту мен кеңейту, орыс службасына мамандар шақыру, әскери қарулар сатып алу және заказ беруді алға қою. Бұл миссияны ұлы пасолдар – Ф. Лефорт, Ф. Головин, П. Возницын басқарды, ал негізінен оның басында елшілік құрамында лақап атпен Петр Михайлов деген урядник қызметіндегі Петр I өзі болды. Курляндияда Петр I герцог Фридрих Казимирмен келіссөз жүргізді, сосын Кенигсбергке бағыт алды және бранденбургтік кюрфюристпен шешуші одақ құрды. 1697 жылыдың тамызында Ұлы елшілік Голландияға келді. Онда көптеген субсидия алу үшін әрекеттерден соң қару алып мамандарды жалдады. Голландиядан Петр I елшіліктің жартысымен 3 айға Англияға барды. Онда ол ағылшын королі Вильгельм III келліссөз жүргізді, кеме жасау ісімен танысты, верфтарға барды, сонымен қатар артилериялық зауыттарды, мамандар жалдады. 1698 жылдың мамыр айынан бастап Ұлы елшілік Венада бұрынғы антитүркиялық коалиция бойынша одақтастармен келіссөздер жүргізді, бірақ Австрияның Осман империясымен сеператтық бейбіт шарт жасауды тоқтата алмады. Ресейге қайтар жолда Петр I поляк королі Август II кездесіп, келіссөздер жүргізді. Бұл келіссөз Швецияға қарсы болашақ одаққа негіз болды. Ұлы елшілік түпкі мақсатына жете алмады (Ресейге Осман империясымен күрестен бас тартуға тура келді). Ол көмекші міндеттерді – европалықтардан оқу, олардың мамандарының әдісін меңгеруді ғана іске асырды.

Информация о работе Орыс-түрік соғысының шығу себептері және алғашқы орыс-түрік соғыстары