Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 12:28, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Орыс-түрік соғысы ең ұзаққа созылған соғыстардың бірі. Ресей қауымы арасында эмоционалды-интеллектуалды талас-тартыстарды туындатқан соғыстың адамзат тарихындағы алар орны ерекше. Өйткені орыс-түрік соғысының аяқталуы халықаралық саяси аренадағы көптеген өзгерістер мен дүниежұзілік соғыстың аяқталуымен айырықшаланды. Орыс-түрік соғысы жөніндегі зерттеулер, мемуарлар, зерттеушілердің пікірлері әр-түрлі өзіндік сипаттарға ие қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатуында осы соғыстың барысын, нәтижелерін үлгілік тұрғыдан пайдаланудың, соғыс жөнінде зерттеулердің тарихнамалық тұрғыдан саралаудың маңыздылығы зор екендігін ескеруіміз де керек
Құрамында 250 адамы бар «Ұлы елшілік» 1697 ж. 9 мартта Москвадан шықты. Оның ресми түрде адмирал Ф. Лефорт пен генерал Ф. Головин басқарды, бірақ оның құрамында «Преображенск полкінің уряднигі Петр Михайлов» деген атпен I Петрдің өзі де болды. Одақтастар іздестірумен қатар, Петр өзінің алдына Голландия мен Англиядағы кеме жасау және кеме жүргізу ісін зерттеу міндетін қойды. Елшік Пруссияға, Польшаға, Францияға, Голландияға, Англияға, Австрияға барды. Петр Саардам мен Амстердам верфьтерінде жарты жылдай жұмыс істеді.
1700 жылғы Константинополь шарты
Осман империясымен бітім шартын жасаспай тұрып Швециямен соғысты бастауға болмайтын еді, өйткені екі майданда бірдей соғыс жүргізу қаупі туған болар еді. Ақырында 1700 ж. 13 июьде Константинопольде бітімге қол қойылды, оның шарты бойынша Азов және Азов жағалауының Таганрог салынып жатқан бір бөлігі Россияға кетті. Емельян Украинцев бастаған орыс елшілігінің түрік өкімет органдарының күтпеген жерінен 46-зеңбірек фрегатымен Стамбулда болуы бітім туралы келіс сөздің нәтижелі болуына үлкен жағдай жасады.
Прут жорығы
XII Карл мен Франция арандатқан Осман империясы 1710 жылдың күзінде Россияға соғыс жариялап, Азовты қайтып беруді және Азов теңіздегі орыс флотын жоюды талап етті. 120 мыңдық трік армиясына 50 мың ырым татарлары қосылып, 1711 жылы майда Дунайдан өтіп, Днестірге қарай беттеді. Соғыс қимылдары Россия үшін өте қолайсыз жағдайда өрістеді. Соғыс молдаван, валах, боғар, серб және Черногор халықтарын ұлт-азаттық қозғалысқа көтергенімен орыс армиясы үміт еткен елеулі көмек ала алмады.IIАвгуст уәде еткен поляк әскері де келмеді. Бірқатар генералдар батыл әрекет етпеді және 1Петрдің нұсқауларын орындамады. Россияның ауыр да болса Прут бітім шартына қол қоюына тура келді, онда Осман империясына Азов қайтарып беруі, Азов флотын жою, орыс әскерін Польшадан шығару қаралған еді.
Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мәселесі» туындады.
«Шығыс мәселесінің» мазмұны ұлы державалардың агрессивті ұмтылыстары мен ғана шектелген жоқ. Осман империясындағы езілген халықтардың ұлттық тәуелсіздігі мен тәуелсіз мемлекет құру үшін күресі оның маңызды құрамдас бөлігі болды.
Езілген халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін Англия мен Франция қолдады. Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды.
Ресей керісінше, езілген халықтардың түрік шапқыншылығының қарсы күресі желеу, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы әсіресе сыртқы саясатта өзінің пәрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында
«Шығыс мәселесі» асқындай түсті. Мұның жарқын көрінісі 1768-1774 жылдары орыс-түрік соғысында Осман империясының жеңілуі болып табыады. Соғыстың аяқталуы туралы жасалған Күшік-Қайнар бітімі (1774 жылы) Ресейге Қара теңіздегі кеме қатынасы мен орыскөпестеріне сауда жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қырым Осман империясына тәуелсіз деп жарияланды. Ресей Молдаван және Валахия билеушілерінің үстінен, Түркиядағы православиелік шіркеуге қамқорлық жасауға құқық алды.
II Екатерина «османдық
1738 жылы Қырымның Ресейге қосылуы 1787-1791 жылдары жаңа орыс- түрік соғысының шығуына себеп болды. А. В. Суворов қолбасшылық еткен орыс әскерлері Рокшана, Рымник, Измайлдың түбінде түріктерге күйрете соққы берді.
1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузов Осман империясының әскерін талқандады. 1812 жылы Бухарест бітімі Осман езгісіндегі Бессарабияны Ресейдің құрамына қосты. Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге сұлтан міндеттеме алды.
Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс-түрік соғыстарына байланысты сәтсіздік Осман империясын одан әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.
1806-1812 жылдардағы орыс-түрік
соғысы балқан халықтарының
Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс- түрік соғыстарына байланысты сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.
Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі.
Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлт-азаттық күрестерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Наполеонның Ресейге жасаған жорығын пайдаланған Осман империясы сербтерге берілетін автономиялық құқық кепілдігін сақтамай, Бухарест бітімін бұзып, азаттық күресіне қатысушыларды аяусыз жазалады. Бірақ 1815 жылы Сербияда жаңа көтеріліс бұрқ ете түсті . Түрік өкіметі сербтердің ішкі автономиялығын тани отырып , олармен келісімге келуге мәжбүр болды.
1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғарғы билеушілерін абыржытты. Түрік сұлтаны II Махмұт "кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс" жариялады. Елдің барлық жерінде гректерді қырып-жою басталды, астанада 10 мыңнан астам гректер өлтірілді, соның ішінде грек патриархы да болды. Алайда мұндай қатыгез шаралар да көтерілісті тоқтата алмады. Гректердің көтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен, ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін басу үшін түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек көтерілісшілеріне қарағанда қаруы мен әскерінің саны көп Египет әскері 1827 жылы көтерілістің негізгі ошақтарын басты. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік шабуылы-ның ең ауыр кезінде басқа елдерден көптеген еріктілер келді. Дегенмен, Ресей үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып қалуға тырысты. 1826 жылы желтоқсандықтарды жазалау кезінде жоғалтқан беделін орыс қоғамының алдында қалпына келтіруге ұмтылған I Николай Грекияға толық автономия берілуін талап етті. Ресей Осман империясымен соғысуға ашықтан ашық дайындала бастады.
Ресейдің жеке-дара күрес жүргізуіне Англия жол бергісі келмеді. 1826 жылы ағылшын-орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті.
Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұт, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады.
1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет пашасының әскері Грекияны тастап, еліне қайтуға мәжбүр болды.
Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық жасауына қолайлы жағдай туғызып, 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-1829 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Осман империясына контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді.
1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды. ІІ Махмұт рефор-малары. Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілісшілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасыларының қолдауына сүйенген II Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың адам қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуық янычар өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар корпусы осылайша жойып жіберілді.
1830-жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық, мәдениет салаларына қайта құру жүргізілді. Тимар (сипак) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды.
Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империя-ның бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет (губерния) пен санджакқа (уездерге) бөлінді, олардың билеушілерін орталық өкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жаңаруы-нан еуропалық үлгідегі бірқатар министрліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер ашылды.
II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлда медициналық, әскери және теңіз-инженерлік учили-щелері ашылды.
1831 жылы түрік тілінде біршпгі
мемлекеттік газет шығарыла бастады.
Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға жіберілді.
Одан да маңыздырақ реформалар II Махмұт
өлгеннен кейін іске асырылды.
Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Греция және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Осман империясынан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Осман империясы жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балқан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балқан түбегінде Антанта бағыты күшейді.
Қырым соғысы (1853-1856), Ресей империясы мен Ұлыбритания, Франция, Осман империясы, Сардиния одақтары арасында өткен. ХІХ ғасырдың орта кезінде Ұлыбритания мен Франция Ресейді Таяу Шығыс рыногінен ығыстырып, Осман империясын өз ықпалына бағындырды. Олар Ресейді Қара теңіз жағалауынан шеттетіп, Қырым мен Кавказды иеленуді мақсат етті. Түркия еліндегі кейбір топтар Батыс Еуропа дипломатиясының қолдауына сүйеніп, Қырым мен Кавказды Ресейден тартып алуды көздеді. Солай Таяу Шығысқа ықпалын жүргізуге жанталасқан патшалық Ресей мен оның қарсыластары арасындағы қайшылық шиеленісе түсті. Ресей бүкіл Осман империясын , оның астанасы Стамбулды, Қара теңізі жағалауларын, Босфор мен Дарданелл бұғаздарын, Мәрмәр теңізін өзіне толық қаратуды көздеп, батыстық әріптестерімен қатынасын шиеленістіріп алды. Ресей православие шіркеуі Палестинадағы “қасиетті орындар” үшін 1852 ж. католик шіркеуімен дау-дамайға барды.
Ресейдің “Еуропа жандармы” болуы және Таяу Шығыстағы, Орталық Азиядағы озбырлық саясаты батыс елдерін шошындырып, оларды тойтарыс беруге итермеледі. Ал Ресей патшасы Николай І мен Сыртқы істер министріліг Еуропа мемлекеттерінің жоспары туралы қате пікірде болды. Олар Осман империясынақарсы соғыста Аустрия мен Пруссия тікелей қолдау көрсетпегенімен, де қарсы шықпайды, ал өлыбританияға Осман империясынан Египет пен Крит аралын алып берсек, ол соған қанағаттанады деп ойлады. Франция болса 1848 жылы революциядан әлі есін жинаған жоқ, ал Осман империясын оңай жеңеміз деп тұжырымдады. Сондай-ақ Балқан елдерінің түріктерге қарсы азаттық қозғалысына үміт артты. Бірақ өлыбритания Ресейдің Таяу Шығыс пен Балқандағы ықпалының артуын қаламады, Франция императоры Наполеон ІІІ өз беделін көтеру үшін жеңіспен аяқталатын соғыс іздеп, оны Ресеймен болатын соғыс деп санады. Балқан түбегіндегі елдерге өз ықпалын нығайтуға Австрия да мүдделі болды. Осман империясы да осыны көздеді. Ресей Осман империясына қарсы соғыста жалғыз қалды.
Соғыстың басталуына Ресейдің 1853 ж. ақпанда түрік сұлтанынан православие дініндегілер құқығын арттыруды талап етуі және Молдавия мен Валахияға әскер жіберуі (1853 ж. шілде) түрткі болды. Сұлтан оған көнбей 4 қазанда Ресейге соғыс жариялады. Ұлыбритания, Франция әскери кемелері Дарданелге енгізіліп, Осман империясына қолдау көрсетті.
Соғыс қимылдары Дунай бойында, Армения мен Грузия жерлерінде, Қара теңізде жүрді. Түрік әскерлері сәтсіздікке ұшырады. Түріктердің жеңілісі ағылшындар мен француздардың соғысқа кірісуін тездетті. 1853 ж. желтоқсанда ағылшын-француз флоты Қара теңізге кірді. 1854 ж. 9 ақпанда Ресей Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. 11 наурызда орыс әскерлері Дунайдан өтіп, Солтүстік Добруджаға жиналды.
Информация о работе Орыс-түрік соғысының шығу себептері және алғашқы орыс-түрік соғыстары