Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 12:28, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Орыс-түрік соғысы ең ұзаққа созылған соғыстардың бірі. Ресей қауымы арасында эмоционалды-интеллектуалды талас-тартыстарды туындатқан соғыстың адамзат тарихындағы алар орны ерекше. Өйткені орыс-түрік соғысының аяқталуы халықаралық саяси аренадағы көптеген өзгерістер мен дүниежұзілік соғыстың аяқталуымен айырықшаланды. Орыс-түрік соғысы жөніндегі зерттеулер, мемуарлар, зерттеушілердің пікірлері әр-түрлі өзіндік сипаттарға ие қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатуында осы соғыстың барысын, нәтижелерін үлгілік тұрғыдан пайдаланудың, соғыс жөнінде зерттеулердің тарихнамалық тұрғыдан саралаудың маңыздылығы зор екендігін ескеруіміз де керек
10 сәуірде ағылшын-француз эскадрасы Одессаны зеңбірекпен атқылады. Ал маусым-шілдеде одақтастар әскері Варнаға түсірілді. Ағылшын-француз-түрік флотының басым күштері Севастопольде орыс флотын қоршауға алды. (Сурет 2)
Австрияның, пруссияның және Швецияның Ресейге қарсы одақ жағында соғысқа араласу қаупі орыс әскерлерінің басты күшін батыс шекарада ұстауға мәжбүр етті. Дунайдағы орыс әскері 5 мамырда Силистрия қамалын қоршады. Алайда Аустрияның дұшпандық бағытын ескере отырып, орыс әскерінің бас командашысы фельдмаршал И.Ф. Паскевич әскерге Дунайдан шегінуге бұйрық берді. Қыркүйектің бас кезінде орыс әскері Прут өзенінен шегініп, босаған жерге Австрия әскері басып кірді. Балтық теңізінде ағылшын-француз эскадрасы орыстың Балтық флотын Кронштадт пен Свеаборгте қоршауға алды. 26 шілдеде одақтастардың 11 мың десант әскері Аланд аралына түсіріліп, Бомарзундты алды. Күзде одақтастар эскадрасы Балтық теңізін тастап шықты. 1854 ж. Венада соғысып жатқан елдер арасында дипломат. келіссөз басталды. Франция мен Ұлыбритания Ресейге Қара тіңізде соғыс флотын ұстау талабын қойып, Молдавия мен Валахия протекторатынан, Дунайда “еркін жүзу” құқығынан, сұлтандықтың православие дініндегілерге қамқорлық жасауын сұрау әрекетінен бас тартуын талап етті. 2 желтоқсанда Австрия Франция және өлыбританиямен одақтасатынын мәлімдеді. 28 желтоқсанда өлыбритания, Франция, Австрия және Ресей елшілерінің конференциясы ашылды, ол 1855 ж. сәуірде тоқтатылды. 1855 ж. 14 қаңтарда соғысқа Сардиния кірісті. Ол Қырымға 15 мыңдық корпус жіберді. Евпаторийде 35 мыңдық түрік корпусы тұрды. 5 ақпанда орыс әскерінің Евпаторийді алмақ болған шабуылына тойтарыс берілді.
Орыс әскерінің қолбасшысы А.С. Меньшиков М.Д. Горчаковпен алмастырылды. 5 қазанда Севастополь қорғанысын басқарған ген. В.А. Корнилов, ал 1855 ж. 7 наурызда оның орнын басқан В.И. Истомин қаза тапты. Олардан кейін қорғанысты басқарған адмирал П.С. Нахимов 28 маусымда оққа ұшты. 1855 ж. 27 тамызда Малахов бекінісі қиратылған соң орыс теңізшілері Севастопольді тастап шықты. Орыс армиясының жаңа қолбасшысы Горчаковтың Қырымдағы жағдайды жақсарту әрекетінен ешнәрсе шықпады. 1855 ж. 4 тамызда болған Қара теңіздегі орыс әскерінің шабуылы сәтсіздікке ұшырады. өлыбритания мен Франция соғысқа араласқаннан кейін Түркия Кавказ жақтағы ұрыстарға қызу кірісті. Солтүстік Кавказдан түріктерге көмекке Шәміл әскері келмек болды. Оларды грузиндер өткізбеді. Ағылшын-француз флоты Свеаборг және Кронштадт бекіністерін басып алуға үміттеніп, Ресейдің Балтық жағалауларын қоршаумен шектелді. Қара теңізде одақтастар Новороссийскіге десант түсіріп, Кинбурнды басып алды. 1855 жылдың аяғына қарай соғыс қимылдары негізінен тоқтатылды. Венада келіссөздер қайта жалғасты.
1856 жылы 18 наурызда Париж
бейбюіт келісіміне қол
Соғыстың бастаулары мен себептері. 1875-1876 жылдардағы көтерілістер Боснияда, Герцоговинада болды. Ол көтерілістердің шығуына «ашар» салығының ұлғайтылуы себеп болды. Бұл салықгы жылына екі рет жинай бастады.
Балқан халықтарының күресі тек өздерінің күш салуынан ғана тәуелді болып қойған жоқ, оның нәтижелері халықаралық саясатқа да тәуелді болды. Әсіресе Англия, Австро-Венгрия, Ресей тарапынан «Шығыс мәселесі» төңірегіндегі дау күшті болды.
Ағылшын дипломатиясы бұл мәселеде сөз жүзінде Осман империясының бүтіндігін қолдады, шындығында Осман империясын сактап қалып ол арқылы Таяу Шығыста өзінің ықпалын орнатқысы келді. Австрияның Германияға гегемонды жасау ойы жүзеге аспай қалды. Енді Австро-Венгрия Босния мен Герцоговинаны алғысы келді. Германия үкіметі Австро-Венгриянын бұл саясатын қолдады. Германия Ресейді Осман империясына айдап салды. Германия біреудің қолымен Осман империясын әлсіреткісі келді. Балқан түбегіндегі халықтар негізі славяндар, сондықтан Англия, Австро-Венгрия, Германия, Ресейдің Балқан түбегіндегі ықпалын қолдамады. Ал патша үкіметі Балқан түбегіне ықпалын орнату саясатынан бас тартқан жоқ. Ресей Қара теңіздін оңтүстік жағалауына ықпал жасағысы келіп отырды. Себебі тауарларын Таяу Шығысқа шығаруды ойлады. Бұл үшін патша үкіметі Балқан түбегіндегі ұл-азаттық қозғалысты пайдаланғысы келді. Патша үкіметінін бұл саясаты славян халықтарының тәуелсіздігін алуына азды-көпті көмектесті.
Орыс-түрік соғысын жариялаудағы патша үкіметінің мақсаты Константинопольды, бұғаздарды басып алу еді. Бұл жағдай Англияны ойландырды. 1877-1878 жылдары болған орысс-түрік соғысы славян халықтарының Осман империясының күресінде азат болуына жағдай жасағаны рас.
Орыс-түрік соғысы кезінде болгар жасақшылары бірге күресті. Орыс әскері Константинопольға қауіп төндіргенде ағылшын флоты Дарданеллы бұғазынан өтіл принцтер аралына келіп тұрды. Оңдағы мақсаты Ресейдің Осман империясындағы ықпалын күшейтпеу. Орыс әскері Сан-Стефано түбінде тоқтады. Соғыс тоқтады. Сан-Стефано бітіміне қол қойылды. Бұл бітім 1878 жылы 3-наурыз күні болды. Бітім бойынша Ресейге Бессарабияның оңтүстігі, Карс, Ардаган, Баязет, Батум берілді. Біртұтас дербес Болгар мемлекеті құрылды. Қара теңізден Сербияға дейін, Дунайдан Эгей теңізіне дейінгі аралықтың шекарасы белгіленді. Черногория, Сербия, Румынияға тәуелсіздік берілді. Бірақ Болгарияға берілген бұл шекараны Англия мойындамады.
Англияның жүргізген дипломатиясының нәтижесінде 1878 жылы бұл бітім Берлин конгресінде қайта қаралды. 1878 жылы 13-маусым Сан-Стефано бітімі бір ай бойы қайта қаралды. Карс, Ардаган, Батум Ресейде қалды, Оңтүстік-Бессарабияда қалды. Румынияға тәуелсіздік берілді. Болгария княздігіне Балқан қыраттарынан Дунайға дейінгі жер қалды. Босния, Герцоговина-Австро-Венгрияға мерзімсіз оккупацияға берілді. Македония Осман империясында қалды. Ресейдің позициясы әлсіретілді. Болгария дербестік алды. Кейін өзін басқару үшін губернияларға, санжактарға бөлінді. Губернатор болыл орыс офицерлері тағайындалды. Уездегі баскару орындарына болгар азаматтары сайланды. Тұрғындар төлейтін бедел (адам басына салынатын салық) салығы жойылды. Болгар әкімшілігіне ұлттық қорғаныс жөнінде ойлану керек болды. Екі жылдық әскери міндеткерлік енгізілді. Әскери училище ашылды. Болгарияның конституциясы қабылданды. 1879 жылы 16-сәуірде болгар конституциясы қабылданды. Бұл прогрессивті конституция болды. Ерлер сайлау құқығын алды. Болгария дербес мемлекет болғаннан кейін экономикалык дамуында капитализм тездеп дами бастады. 1880-85 жылдары феодалдық жер иелену түпкілікті жойылды. Осылайша жер феодалдық меншіктен капиталистік меншікке өте бастады.
1877 ж. орыс-түрік соғысы кезінде
патша үкіметі өздерінің
1878 ж. түріктердің жағдайы шиеленісе түсті. 1878 ж. наурызда Сан-Стефано жерінде бейбіт бітімге қол қойылды. Бітімнің басты шарты тәуелсіз Болгарияны құру. Осман имперясы Ресей позициясының күшейіп кетуінен қауіптенген Англия және басқа да батыс державалары Сан-Стефано келісімін қайта қарастыру үшін Берлин конгрессін шақырды. 1878 ж. шілдеде Берлин трактатына қол қойылып, солтүстік Болгария вассалды князъдық деп жарияланып, ал оңтүстігі Болгария автономия құқығын алды. Сұлтан Сербияның, Черногорияның, Румынияның толық тәуелсіздігін мойындады. Ресейге Батуми, Карс және Ардаган аудандары қосылды. Сонымен қатар Ресей Қырым соғыстары кезінде жоғалтқан Бесарабияның оңтүстік бөлігін қайтарып алды. Берлин конгрессінен кейін Осман империясының экономикалық дағдарысы күшейе түсті.
Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Осман империясы арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Греция және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Осман империясынан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Осман империясыжеңілді. Лондон бітімі бойынша Осман империясы Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта бағыты күшейді.
Әйтсе дс Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Греция оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Греция, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды.
Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді.
Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Греция 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Осман империясы 156 мың адамынан айырылды.
Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Австрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балкан түбегіндегі бірінші топ-Сербия, Черногория, Греция және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Осман империясы Германиямен бірікті.
Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-гсрмандық блок жағына шықты.
Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына қайшылықпен қатар Ресей мен Осман империясының Армения және Константинополь үшін, талас-тартыстары себеп болды.
Бірінші дүние жүзілік соғыс басталғаннан 3 ай қатарынан Туркия бейтараптылық туралы саясат ұстанды, үш айдан соң Германиямен жасырын конвенцияға келісті. Бұл келісім бойынша біршама уақыт Туркия өзінің ішкі және сыртқы кейбір мәселелерін шешіп алу үшін уақытты талап етті. Аталған конвенция 1914 жылы 2 августте келісілген болатын.
Германиямен келісімге келу, Антанта одағымен шиеленіс осы факторлардың бәрі Туркияның соғыс ашуына түрткі болды, Германияның өзі біршама уақыттан соң Туркия үкіметінен соғысқа араласуын және Антантаға қарсы соғыс ашуын талап етті. 1914 жылы 29 қазанда ешбір жариялымсыз Туркия Ресей қалаларына шабуыл жасау, бомбалау әрекетін бастады, артынша Ресей Туркияға соғыс ашты.
1917 жылға таман
Түрік армиясының арасында
Туркия ресурстардың жетіспеушілігі мен қару-жарақтардың азаюы салдарынан тек шегінумен болды, бұл шегінулер Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Туркия ахуалының нашарлауына түрткі еді. Түрік әскерлерінің көптеген жеңілістері, 1918 жылғы Антанта әскерлерінің Туркия территориясына ене бастауларына қарамастан түрік әскерлері Кавказ фронтында біршама жетістіктерге жетті. Сол жылдың өзінде-ақ түріктер Табзон, Карс, Батум, Александрополь өалаларын басып алды. Бірақ Германиямен арадағы қақтығыстар, Германияның Закавказьені Трукияға бермеуі осы саяси факторлар әскерін Кавказ фронтынан кері шығаруға мәжбүрледі.
Капитуляция нәтижесінде Туркия барлық стратегиялық маңызды пункттерінен айырылды, Антанта одағына Қара теңіз арқылы жүретін жолдарды ашып берді, өз әскерін кері жинады. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жеңілістер Туркиядағы Осман империясының ыдырауына басты себепкер фактор болды.
Мұстафа Кемал-жаңа қызметке тағайындалған
кезде Туркия әскері үздіксіз алға басып
келе жатқан генерал Товмас Назарбекянның басшылығындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығын-дағы армян еріктілері
қосынымен және армян қарулы азаматтарынан
құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған
болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен Арменияның уақытш
Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кемал келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын. Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді.
Мұстафа Кемалдің алдында тұрған басты мақсат-өз басшылығындағы әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың арасында тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды. Орыс әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кемал топтарын орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді. Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді. Емиль Ленгиель бұл туралы былай деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемал» есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар аударды».
Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы табысты қарсы шабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа Кемал орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа Кемал бір рет табысқа жетті. Оның басты стратегиялық мақсаты-қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген табыстары оның сол жылы «Имтияз орденінің алтын семсері» медалімен марапатталуы арқылы бағасын алды.
Информация о работе Орыс-түрік соғысының шығу себептері және алғашқы орыс-түрік соғыстары