Наполеон армиясының талқандалуы және Еуропадағы бейбіт реттеу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 20:19, курсовая работа

Краткое описание

Вена конгресі Наполеон Бонапарь империясымен тығыз байланысты оқиға. Себебі - ол Наполеон Империясы талқандалғаннан кейін Еуропадағы бейбіт реттеу мәселелерін қарастырған жиылыс болды. Сондықтан біз Вена конгресінен бұрын Наполеон армиясының күйреуіне тоқатала кететін болсақ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Негізгі.doc

— 195.50 Кб (Скачать документ)

  Бисмарк Австрия мен соғысқа диплом дайындық та жүргізді. Ол Францияны 1865 жылы қазанда Италия, Ресейді бейтарап етті. Енді Австрияны соғысқа арандатты. Австрияны Гаштейн келісімін бұзды деп айыптады, 1866 жылы маусымның басында оны бұзатынын жариялады.1866 жылы 23 –ші тамызда  Прагада Австрия мен Пруссия бейбіт келісімге қол қойды, ол бойынша Германия  одағы жойылып, Солтүстік Германия одағы құрылды. Пруссияға Шлезвинг, Гольштейн, т.б. германия мемлекеттері қарады.1866 ж. Пуссияның Германияны біріктіру бағытындағы Австрия мен соғысында Франция бейтарап болды.Сол бейтараптығы үшін Франция Бисмарктың келісімімен Ұлы Люксембург Герцогтығын өзіне қосып алғысы келді.1867 жылы  мамырдағы Лондон халықаралық конференциясы шешті.

 Франциямен алда соғыстың  боларын білеген Бисмарк оған  дайындалды.Ол болашақ қарсыласын  әдеттегідей халықаралық оқшаулауға  тырысты. ІІІ Наполеонның экспансиялық  саясатына наразы болған европалық державалар Ұлыбритания, Ресей, Италия  оған қарсы болып, одақтаспады. 1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялады. Бисмарк өз дегеніне жетті. Франция бүкіл әлем,  германия қоғамы алдында агрессор ретінде көрінді. 19 қыркүйекте Парижді немістер қоршап алды. 1871 жылы 18-ші қаңтарда Вестфальдағы король сарайының айналы залында прусс королі І Вильгельм І Германия империясының құрылғандығын, өзінің император титулын-кайзер-алатындағын жариялады. Франция Пруссия соғысы аяқталу кезінде аяқ басты.1871 жылы қаңтардың аяғында уақытша бітім жасалды. 26 ақпанда Версальда бітімге қол қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік халықаралық қатынастар тарихын қарастыра келіп, оның ерекшеліктері бойынша бірнеше қорытындылар шығаруға болады.

Біріншіден, ХІХ ғасырда бүкіл әлем елдері мен халықтары дүниежүзілік қарым-қатынастарға ерекше тартыла түсті. Бұл уақыттан бастап халықаралық қатынастар бір құрлықпен шектеліп қалмады. Өйткені, дипломатияның қайнаған ошағы Еуропа құрлығы десек, бұдан былай олар өздерінің саяси және экономикалық жоспарларына сай Азия, Африка, Америка және тағы басқа құрлықтарға шикізат көзін іздеу және жаңа нарықтар табу мақсатында «сапарлар» жасай бастады. Еуропалық капиталистік бұл мемлекеттердің аталған бағыттағы тырысушылығы уақыт өте, мақсатты түрде отарлық жаушылыққа айналып кете барды.

Екіншіден, орталықтанған мемлекет ретінде қалыптасқан саяси күштер  ХІХ ғасырдан бастап белсенді дипломатиялық күреске түсе бастады, әр құрлықтың жетекші мемлекеттері сондағы көшбасшылық үшін ымырасыз күрес жүргізуге кірісті. Америка құрлығында АҚШ бірте-бірте әскери-экономикалық жағынан қуатты мемлекетке айналып, ХІХ ғасыр бойы өз территориясын кеңейтумен айналысты. Еуропа құрлығына келсек, мұнда көшбасшылыққа үміткерлер көп болды. Сондықтан да, Ұлыбритания, Германия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер арасында күшті бақталастық орын алды.

Үшіншіден, ХІХ ғасырда халықаралық деңгейде сыртқы саясат жүргізудің сипаты, әдіс-тәсілі, мәдениеті және заңдылығы өзгерді. Бұдан былай жандалдасушы күштер бірден ашық соғысқа түспеді. Жандалды шешу үшін түрлі айла-амалдар қолданылды. Бұл уақытта көбіне мемлекеттер геосаяси мәселелерін одақтастар тарту арқылы шешуге тырысып отырды. Жаңа жерлерді «игеру» әскери іс-қимылдар арқылы емес, енді іштен жаулау, яғни, экономикалық тәсілмен отарлау іске қосылды [20].

Төртіншіден, ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік халықаралық қарым-қатынастардың өте қарқынды жүруіне орай әлемде айтарлықтай геосаяси өзгерістер орын алды. Жетекші, дамыған капиталистік мемлекеттердің сыртқы саяси жаулаушылығы күшейіп, олар әлемді бөліске салу жолына түсті. Бұл бағытта әсіресе, батысеуропалық мемлекеттердің асығы алшысынан тұрды. Жалпы, отарлық империяның пайда болуы және дамуы – жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің құрылу барысының ажырамас бөлігі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін еуропалық елдердің сыртқы саясаты және дипломатиясы жаңа территорияларды иемденуге, өзіне тәуелді отарларды кеңейтуге бағытталды және саяси, сауда жағынан артықшылықтарға ұмтылды. Сол себепті отарлау мәселесі ұлы державалардың сыртқы саясатында үлкен маңызға ие болды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарларды қанау түрі мен мазмқны өзгерді. Отарларды басқару жөніндегі ірі реформалар жүргізілді (шектеу, сонымен қатар компаниялардың сауда монополияларын жою, отарлардың жерін сату жүйесін өзгерту және тағы басқа). Егер алғаш отарларды қанау ақсүйектер мен жоғарғы-сауда қаржылық буржуазияның мүдделері болса, ал ХІХ ғасырдың ортасында буржуазияның басым бөлігі оған қатысуға мүмкіндік алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918 жж. 1

    бөлім: Оқулық / Қ.И. Байзақованың  жалпы редакциясымен. А., 2006.-288 б. 

2. История дипломатии / Под ред. Зорина В.А., Семенова В.С., Сказкина

    С.Д., Хвостова В.М. В 5 тт. Т. 3. М., 1965.

3. Ришелье. Оливер  Кромвель. Наполеон I. Князь Бисмарк: Биогр. очерки.  М.: Республика, 1994.

4. Манфред А. 3., Наполеон Бонапарт, М., 1971.

5. Стендаль Наполеон, М., 1963.

6. Венский конгресс // Энциклопедический словарь Брокгауза  и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). - СПб., 1890—1907.

7. Angeberg [Chodzko], Le congrés de Vienne et les traités de 181, v. 1-4, P., 1864.

8. Le Congrès de Vienne et les Traités de 1815. - Paris: Amyot, 1864. - Т. 4. - 1964 p.

9. Дебидур А., Дипломатическая история Европы, т. 1, пер. с франц., М., 1947.

Ferrero G. Talleyrand a Vienne: 1814-1815. Paris, 1996.

10. Ghervas, Stella [Гервас, Стелла Петровна], Réinventer la tradition. Alexandre Stourdza et l’Europe de la Sainte-Alliance, Paris, Honoré Champion, 2008. ISBN 978-2-7453-1669-1.

11. Маркс К. и Энгельс Ф., Соч., 2 изд., т. 2, с. 568, 570; т. 5, с. 309-11; т. 6, с. 520—21; т. 9, с. 4, 384, т. 12, с. 682; т. 13, с. 277-78; т. 21, с. 211-12, 421-22.

12. Мартенс Ф. Ф., Собрание трактатов и конвенций, заключённых Россией с иностранными державами, т. 3, СПБ, 1876, с. 207—533.

13. Нарочницкий А. Л., Международные отношения европейских государств с 1794 до 1830 гг., М., 1946.

14. Талейран, Мемуары, М., 1959.

15. Тарле Е. В. Венский конгресс, в кн.: История дипломатии, 2 изд., т. 1, М., 1959.

16. Webster C. K. (ed.), British diplomacy 1813-1815, L., 1921.

17. Зак Л. А., Монархи против народов. Дипломатическая борьба на развалинах наполеоновской империи, М., 1966.

18. История дипломатии. Изд. 2-е. Т. 1. М., 1959.

19. Нарочницкий А. Л. Международные отношения европейских государств с 1794 до 1830 гг, М-, 1946.

20. 3ак Л. А. Монархи против народов. Дипломат, борьба на развалинах наполеоновской армии. М., 1966.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША А

 

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ НАПОЛЕОНДЫҚ СОҒЫСТАР КЕЗЕҢІНДЕГІ АНТИФРАНЦУЗДЫҚ КОАЛИЦИЯЛАР

 

 

Бірінші

1792-1793 жж.

Австрия, Пруссия, Англия, Испания, Сардиндік королдік, қос Сицилия королдігі

Екінші

1798-1799 жж.

Англия, Ресей, Австрия, Түркия, Неаполитандық королдік

Үшінші

1805 ж.

Англия, Ресей, Австрия, Неаполитандық королдік

Төртінші

1806-1807 жж.

Англия, Пруссия, Ресей, Швеция

Бесінші

1809 ж.

Англия, Австрия

Алтыншы

1813-1814 жж.

Англия, Ресей, Пруссия, Швеция, Австрия, Испания, Португалия

Жетінші

1815 ж.

Англия, Ресей, Пруссия, Швеция, Австрия, Испания, Португалия, Голландия


 

 

Дерек көзі: Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история

                    стран Европы и Америки: Прак. пособие: Учеб. пособие для         

                    студ. высш. учеб. заведений: В 3 ч. М., 2004.-Ч. 1. 288 с. С. 244

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Наполеон армиясының талқандалуы және Еуропадағы бейбіт реттеу мәселелері