Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 20:19, курсовая работа
Вена конгресі Наполеон Бонапарь империясымен тығыз байланысты оқиға. Себебі - ол Наполеон Империясы талқандалғаннан кейін Еуропадағы бейбіт реттеу мәселелерін қарастырған жиылыс болды. Сондықтан біз Вена конгресінен бұрын Наполеон армиясының күйреуіне тоқатала кететін болсақ.
Ағылшын шетел істері бойынша статс секретары Джордж Каннинг 1823 жылы Испандық Америкамен іскерлік және сауда қатынастарын жүргізнетіндігігін жариялады. Верон конгресінде грек 1821-1822 жж. көтеріліс туралы мәселе де талқыланды. Ұлы державалар арасында келіспеушілік туды. Европалық монархрат, Ресей императоры түрік езгісіне қарсы грек көтерілісін Лигитимді тәртіпті бұзушылар, өз заңды монархы-түрік сұлтанына сұлтан Махмуд ІІ қарсы шықты деп айыпталды. Тек қана Ұлыбритания, Каннинг 1823 жылы 25-ші наурызда соғысушы 2 жақты (грек-түрік) тең құқықты деп, грек көтерілісін заңды деп, гректерді қолдады, екеуінің арасында делдал болды. Бұл шешім Қасиетті одаққа соққы болды.Ұлыбританияның Қасиетті Одақ принциптерінен кете бастағанын көрсетті. Англия Греция жөнінде Рсесей ұстанымын қолдап,Ресеймен жақындаса бастады.
1830 жылы Европада революциялық көтерілістер басталып, олар 1848 жылға дейін созылды. Революция 1830 жылы шілдеде Францияда басталды, Х Карл француз конституциялық жойған ордонанстарға қол қойды. Нәтижесінде Х Карлдың реакциялық саясатына қарсы елде революция басталып, ол жеңді, таққа герцог Орлеанский отырып, ол І Луи Филипп деген атпен билік құрды. Ресей Францияға қарсы орыс-австрия-прусс интерверциясын ұйымдастыруға тырысты, бірақ оның ұсынысы қабылданбады.
1830 жылы Париждегі революциялық оқиғалар ықпалымен 1830 жыл қыркүйек -1831 жылы қазан аралығында Польшадағы орыс иеліктерінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Алайда оны І Николай басты. 15 жыл бойы революциялық күрес, ХІХ ғ. 30-ж аяғында Қасиетті одақтың ыдырауына әкелді.
«Шығыс мәселесінің» пайда болуы және еуропалық дипломатия. Халықаралық қатынастардың веналық жүйесін тұрақсыздандырғыш күшті фактордвң бірі-ХVII-XVIII ғ.-рдан қалған мұра және ХІХ ғ.-да шиеленісуін жалғастырған Шығыс мәселесі, яғни Осман империясы мен оның Балкандағы, Солтүстік Африкадағы, Таяу Шығыстағы иеліктерінің тағдыры туралы мәселе еді. Бұл маңызды аймақта, үш континеттің түйіскен жерінде сұлтан режимінің, Австрия мен Ресей империяларының, Жерорта теңізіне әрдайым қызығушылық танытып отырған Англия мен Францияның геосаяси дәмелері, себебі Балкан түбегі мен Оңтүстік Шығыс Европаны мекендеген халықтардың этноұлттық және конфессиялық қажеттіліктері, мүдделері қиысып жатты.
1820 жылы Испания, Португалия, Неаполь мен Пьемонттегі революциялардың ықпалымен 1821 ж.түрік-осман езгісінде болған гректер азаттық күреске көтерілді. Ең алдымен Ресейдің оңтүстігінде өмір сүрген гректер қолдарына қару алды.1821 ж.наурызда олардың отрядторы түрік сұлтанына тәуелді Молдавияға кіріп, осман үстемдігіне қарсы Жалпы көтеріліс жасауды мақсат етті. 1822 ж. көтеріліс Грецияның өзінде де басталды. 1821-1822 ж.-ры түріктер грек көтерісшілердің үлкен шығынға ұшырады.
Қасиетті одақтың Верон конгресінде 1822 ж. латын-америкалық мәселелермен бірге осы грек көтерілісі туралы мәселе де талқыланды. Европалық монархтың көпшілігі, оның ішінде ресей императоры да грек көтерілісшілерін лигитимді тәртіпті бұзушылар, өз заңды монархы-түрік сұлтанына қарсы шыққан бүлікшіліктер деп айыптады [7].
Тек Ұлыбритания ғана 2 жақты да тең құқықты соғысушы жақ деп есептеп, сұлтан мен көтерісшілер арасындағы делдалдықты қолдады, грек көтерілісін заңды деп, оған қолдай көрсетті. Ұлыбританияның саясатындағы бұл өзгеріс грек көтерілісінің шығыс мәселесінің немесе Осман империясының, ең алдымен оның европалық провинцияларының тағдыры туралы мәселенің шиелінісуімен байланысты болды.Бұл мәселеге Ұлыбритания үкіметі мән берді, себебі Балқан түбегі мен шығыс Жерорта теңізі оның сауда және стратегиялық мүддесінің аймағы болды. Осы аймақ арқылы Батыс Европадан оңтүстік Азияға қысқа жол жатыр еді.
Ұлыбританияның Балкандағы белсенді әрекеттері, шығыс мәселесінің маңыздылығын түсінуі, қоғам тарапынан қысым-мұның бәрі басқа да европалық мемлекеттердің грек көтерілісіне байланысты өз ұстанымдарын қайта қарауға мәжбүр етті.
Ресей император І Николай болғанғаннан кейін 1826 ж. басында ол Осман империясы үкіметінен түрлердің Балкан түбегігің христиан халықтарына қатысты зорлық – зомбылықтарын тоқтатуды талап етті.1827 ж. 24-ші шілдеде Ұлыбритания,Ресей,Франция Лондонда осы шартты конвенцияға қол қойды. І Николай грек көтерілістерін бүлікшіліктер деп санайтынын, бірақ Түркиямен өз есебім бар деді.
Үш мемлекет- Ресей, Ұлыбритания,Франция Тркияға 1827 жылы қарсы соғысқа әскери іс қимылдар жасай бастады.1827 ж. кіріседі. Түріктер Греция жағалауларына өз кемелерін жібереді.1827 ж. 8 Х Наварин мүіссі маңында одақтастар флоты түрік сүлтанымен египет патшасының флотын талқандады.
14-ші сәуірде 1828 ж. Ресей Түркияға
соғыс жариялады. Орыс әскерлері
Ресей мен осман империясының
шекарасы болған Прут өзенінен
өтіп, Дунай княздықтарын алды,
Осылайша, 1828-1829 ж.-ғы түркиямен
соғыста Ресей Дунай менКавказд
II ТАРАУ. ВЕНА КОНГРЕСІ ЖӘНЕ
2.1 Вена конгресі және халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің маңыздылығы
Наполеонды
жеңгеннен кейін барлық
23 қыркүйекте, 1814 ж. 1 қазанына белгіленген конгресс ашылуына бір апта қалғанға дейін, Венеға басқа француздық дипломаттармен қатар XVIII Людовиктің сыртқы істер министрі князь Талейран – Перигор келді. Александр Талейранды жақсы танитын еді. Оның патшадан бірнеше рет ақша сұрап алып, бермеген жағдайда ренжімейтіндігі бекер емес еді. Бірақ Талейранның барынша ақылдылығын, икемділігі, тапқырлығы, адамдарды тани білуі оны өте қауіпті қарсыласқа айналдырды. Талейран ұстанымының әлсіз жағы оның Вена когресінде жеңілге жақтың өкілі болғандығында еді. Талейранның асқан зеректілік пен бұлтармалық қасиет көрсетуіне тура келді. Талейран Венаға келген сәтінде конгрестің басты назары қандай проблемаға ауатынын білген болатын, бұл басты польша – саксон мәселесі еді. Наполеон шегінгеннен кейін әскері Варшава герцогтығын басып алған Александр герцогтықты ешкімге де бермейтінін ашық айтты. Бұл герцогтық, негізінен, Польшаның үш бөлінісінен кейін Пруссия жаулап алған жерлерден тұрған, кейін, 1807 ж. Наполеон тартып алғандықтан, Пруссия корольі III Фридрих Вильгельм Пруссияға Саксония корольдігін біріктіру түрінде компенсация алуға үміттенді. Александр бұл шартпен келісті, оның үстіне Саксония корольінің иеліктерін оның ұзақ уақыт бойы Наполеонның одақтасы болғандығы үшін жаза ретінде тартып алуды жоспарлады. Талейран дәл осы негізде күрес ашудың пайдалы болатындығын бірден байқай алды. Ал дипломатиялық күрес Талейранның негізгі мақсатына жету үшін барынша қажет еді: Шомон одағын күйрету, яғни, басқаша сөзбен айтқанда, Австрия, Англия, Ресей және Пруссия арасына жік салу [9, б.65].
1814 ж. сәуір – мамырында Ресей
орыс үкіметінің қарамағындағы
әскери күші жағынан ойсыраған,
әлсіреген, континенталды Еуропаның
басқа мемлекеттерінің
Александр
XVIII Людовиктің босаған француз
тағына отырғанын онша
Талейран Венаға келген соң төрт «ұлы» держава өкілдерінің жиналысына өатысуға шақырылды. Ол бұл жиналысқа жеңілген ұлттың өкілі секілді емес, тәкәппарлықпен, өз - өзіне деген сенімділікпен келіп, жиналғандардан француз делегациясының калған мүшелері неліктен бұл жиналысқа шақырылмағанын сұрап, Пруссиядан болса, тек қана Гарденберг емес, В.Гумбольдтың да қатысып отырғанын айтып кетті. Одан соң алдын ала даярланған қаулыдағы «одақтастар» сөзіне тоқталды. «Егер одақтас державалар болатын болса, онда мен мұнда артықпын» - деп мәлімдеген ол, Францияның когрестің басқарушысы комитетіне жіберілуін талап етті. Париж трактатына сегіз державаның өкілдері қол қойғандықтан, Талейран Испания, Португалия және Швеция өкілдерін шақыруды талап етті. Қалай болғанда да, ол басқарушы комитет құрамына енуге қол жеткізді, сөйтіп одақтастарды бір – бірімен ұрыстырып, қарама – қарсы қою мақсатында қастық жасау мүмкіндігін алды [10, б.71].
1814 ж. қазан айының бас кезінде Талейран император Александрға келді. Олардың арасында өте жағымсыз түсініктеме болды. Талейран өзінің «легитимизм принципін» ұсынды. Онда Александр революциялық соғыстарға дейін Ресейдің иелігінде болмаған Польша бөлігінен бас тартуы, ал Пруссия Саксонияға көз салмауы қажет делінді. Патшаның Ресейді өз жеңісінен тиесілі пайдасын алу керек деген сөзіне жауап ретінде Талейран: «Мен пайдадан құқықты жоғары қоямын!» - деді. Осы сөз, жалпы алғанда, өзін - өзі ұстай білетін Александрды шыдам шегінен шығарды. Құқықтың киелілігі туралы әңгімені кезінде Эрфуртта Александрдың өзіне Наполеонды сатып, ол үшін ресейлік қазынадан ақшалай төлем алған соң Талейран айтып тұр еді. «одан да соғыс!» - деп мәлімдеді Александр.
Одан
кейін лорд Кэстльримен
Кэстльри
патшаның Польшаға бергісі
Король III Фридрих-Вильгельм бұл жоспардан бас тартуды шешті. Меттерних пен Кэстльридің Талейранды ойға алынған мәмілеге қоспауы тектен-тек емес екендігі белгілі болды. Пруссия корольі өз жағдайының соншалықты қауіпті екендігін кенет түсінді: Талейран барлық нәрсені I Александрға айтып қойса не болады, ең бастысы, оның өзі Франция мен Ресейдің Пруссияға қарсы бірлескен дипломатиялық, мүмкін тек қана дипломатиялық емес әрекеттер жасауын ұсынса қайтеді? Француз-орыс одағының сұмдығы, тильзиттік және тильзиттен кейінгі уақыттың өкініші әлі де ойдан кетпеген еді. Ойластыры келе, король III Фридрих-Вильгельм Александрға өзінің адамгершілігін дәлелдеу үшін барлығын мәлімдеу керек деп шешті. Патша Меттернихті шақырып алып, ашық сөйлесті. Бұл туралы Талейран XVIII Людовикке табалаушылықпен жеткізіп, Александр Меттернихпен кінәлі күтушіден де жаман сөйлескенін айтты.
Конгресс жұмысы ішкі күрестің кесірінен алға жылжымай қойды. Сол кезде Талейран бұрынғы көздеген мақсатын сақтай отырып, тактикасын өзгертті: жеңіскерлер қатарында алауыздықты тереңдету. Франция болса, Ресейдің күшеюіне кедергі келтіруге емес, Францияның тікелей көршісі әрә жауы Пруссияның күшеюіне кедергі жасауға мүдделі болатын. Сондықтан Талейран Александрға Францияның Александрдың өз империясы шегінде Польша корольдігінқұруына Англия мен Австрияның қарсы тұруын қолдамайтындығы, бірақ Саксонияның Пруссия корольіне берілуіне келіспейтіндігі туралы мәлімдеді. III Фридрих-Вильгельмнің де, оның дипломатиялықөкілдері Гарденберг пен Гумбольдтың да конгресте атқарған рөлі маңызсыз болатын. Оған Саксонияны беруге сөз берілді. Александр саксондық корольдігі сатқын деп атады, оны Ресейге жіберемін деп, ло Саксонияны Польшаның бір бөлігіне айырбас ретінде ғана ала алды деп сендірді. Сөйтіп король біраз уақытқа тыныштанды. Талейранның іс-әрекетін бұрынғы одақтастардың арасындағы шиеленісті қарама-қайшылық және Ресей мен Пруссияның жоспарларына ағылшын және австрия дипломатиясының белсенді қарсылықкөрсетуі жеңілдетті. Қандай жолмен болса да, Ресейдің күшеюіне кедергі келтіріп, оның Наполеонды талқандау арқылы қол жеткізген ықпалын шектеуге ұмтылған Кэстльри мен Меттерних Франциямен жасырын одақ құруға дейін барды. Талейран, әрине, Францияның же,іскерлерін ажырату мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты. 1815 ж. 3 қаңтарында жасырын келісімге үш державаөкілдері қол қойды. Ол Ресей мен Пруссияға қарсы бағытталып, Австрия, Франция және Англияны «егер жоғары келісім жасаған жақтардыңбіріне бірі немесе бірнеше державалар тарапынан қауіп төнсе, әрқайсысы 150 мың солдаты бар армия жіберу арқылы бір-біріне көмекке келуге» міндеттеі. Үш қатысушының үшеуі де қарсыластармен сепаратты бейбіт келісім жасаспауды міндетіне алды. Әрине, келісім Александрдан, кез келген басқа адамнан да қатаң құпияда сақталатын болды. Оның бір данасы Велода Меттернихте қалды; екіншісі Талейранға беріліп, тез арада Парижге король XVIII Людовикке жіберілді; үшіншісі Кэстльридің қолына тапсырылып, ол ағылшындық принц-регент Георгқа жеткізді [11, б.68].
Информация о работе Наполеон армиясының талқандалуы және Еуропадағы бейбіт реттеу мәселелері