I ТАРАУ. Н. БОНАПАРТТЫҢ
ЖЕҢІЛІСІ, ЕУРОПАДАҒЫ ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Наполеон армиясының
талқандалуы және Еуропадағы бейбіт реттеу
мәселелері
Вена конгресі Наполеон
Бонапарь империясымен тығыз байланысты
оқиға. Себебі - ол Наполеон Империясы
талқандалғаннан кейін Еуропадағы бейбіт
реттеу мәселелерін қарастырған жиылыс
болды. Сондықтан біз Вена конгресінен
бұрын Наполеон армиясының күйреуіне
тоқатала кететін болсақ.
Наполеонның сол
кездегі француз буржуазиясының езгісіне
бағындырмақ болған халықтардың, әсіресе Испания
мен Ресей халықтарының, француз әскерлеріне
көрсеткен тегеуріні Наполеон империясына
аса күшті соққы болып тиді.
Француз жаулап
алушыларының басып кіруіне қарсы халық
қозғалыстары. XV-XVI ғасырлардағы
күшті Испания XIX ғасырдың басында Англия
мен Франциядан едәуір артта қалған еді.
Испанияда абсолюттік монархия болды.
Елді король мен оған жаққан бір топ сарай
маңындағы қызметкерлер басқарды. Дін
басыларының ықпалы аса күшті болды, халықты
күйзелту есебінен бұлардың байлығы арта
берді. Елде инквизиция қаһарын төгіп
тұрды.
1808 жылы Наполеон
әскерлері Испанияға баса-көктеп
кірді. Француз әскерлері Испания
жеріне кірген күннен-ақ, онда
халық соғысы - герилья - басталды.
Испания партизан отрядтарын ұйымдастырып,
шетел басқыншыларына қарсы күресті. 180
мың әскерді бастап, Наполеонның өзі Испанияға
басып кірді, қылышын жарқылдатып, жолындағының
бәрін қырып-жоя отырып, Мадридке кірді.
Бірақ партизан соғысының өрті бүкіл Испанияда
қаулай түсті.
Көтеріліс жасаған
Сарагосаны 1808 жылы француз әскерлері қоршап
алды. Олар сегіз ай бойы Сарагосаны ала
алмады. Қаланың тұрғын халқы подвалдарға
тығылды, қала түгел дерлік өртеніп кетті,
ал артиллерия снарядтары түскен үйлердің
қабырғаларынан табанда жауынгерлер мылтығын
кезеп атты. Әйелдер жауға қарсы әкелерімен,
ағаларымен, ерлерімен бірге шайқасты.
Сонымен бірге шаруалардың
көтерілістерінен зәресі ұшқан помещиктер
интервент француздарды жақтады.
Испан халқының
шетел жаулап алушыларына көрсеткен қарсылығы
революцияға ұласты. Революциялық жолмен
жиналған кортестер (парламент)
1812 жылы Испанияда конституция қабылдады.
Король өкіметі сақталып қалды, бірақ
ол заңдарды кортестердің келісімі бойынша
шығара алатын болды.
Испан революциясы
туралы хабар теңіздің ар жағындағы отарларға
да жетті, бұл Орталық және Оңтүстік Америкадағы
испан отарларының көтеріліс жасауына
себеп болды.
1812 жылы Ресейге
жасалған жорық. Наполеон Ресейге
жорық жасаған жолы, толық апатқа
ұшырады. Француз буржуазиясы дүние
жүзіне үстемдік етуге тырысып
бақты. Ол қуатты Ресейден қауіптенді, сөйтіп Ресейдің
күшін Англияға қарсы күреске пайдалану
үшін, оны жеңіп алмақ болды. 640 мың адамы
бар армияны қаруландырып, Наполеон Ресей
жеріне баса-көктеп кірді. Ресейге қарсы
соғысуға зорлап жиналған бұл армияда
француздардан басқа, неміс, итальян, поляк
солдаттары болды.
Соғыстың алғашқы
кезінде Ресейдің батыс шекарасында орыс
әскерлері аз болды, оның үстіне олар бүкіл
шекараның бойына бытырап орналасып жатты. Сондықтан шегінуге
тура келді [1, б.78].
Можайскіге жақын
Бородино селосының түбінде орыс армиясы
Наполеонның ңегізгі күшімен шайқасқа
шықты. Бородино шайқасы (1812 жылғы 7 сентябрь)
ұзаққа созылған, табан тірескен, шайқастардың
бірі болды, бұл Наполеонның басты шайқастарының
ішінде тұңғыш рет жеңіліске ұшырағаны
еді. Бірақ орыс әскерлерінің резервтері
болмады.
Сондай-ақ Наполеон
бір гвардияны ұрысқа қоспай сақтады және
әскерін қосымша күшпен нығайтып отырды,
Кутузовка, Москваны жауға қалдырып, шегінуге
тура келді. Француз әскерлері Москваны
басып алған күннің ертеңінде қалада үлкен
өрт басталды. Азық-түлік іздеп, Москвадан
сыртқа шықпақ болған француздарға орыс
әскерлері бас көтертпей, соққы берді.
Француз әскерлерінің Москвадан шегінуіне
тура келді.
Наполеон Ресейдің
Оңтүстігіндегі азық түлігі мол облыстарға
карай Калуга жолымен шегінбек болды. Бірақ
орыс әскерлері Малоярославец түбінде
Наполеон әскерлерінің алдынан шығып,
жолын бөгеді. Малоярославец сегіз рет
қолдан-қолға көшті, ең ақырында Наполеон
Калуга жолын Кутузов бастаған 80 мың солдаты
бар орыс армиясы бітеп тастағанын білді.
Наполеонға Смоленскіге карай француз
әскерлері тып-типыл етіп, түк қалдырмай
тонап кеткен жол бойымен шегінуге тура
келді. Француздардың соңына түсе отырып,
орыс армиясы мен партизандар оларға өлтіре
соққы берді. Қыс түсіп, аяздың қысуы Наполеонның
армиясының қалғанының қырылуын тездетті.
Наполеон соғыстан
ұтылғанын көріп, қырылып жатқан армиясының
қалғанын тастады да, күймемен Германияны
басып өтіп, 12 күнде Парижге жетті. «Армия
қайда?»-деп сұрады одан
жұрт. «Армия жоқ», - деп жауап берді ол,
Наполеонның зор армиясын орыс халқы,
ұлы колбасшы, тамаша патриот М.И. Кутузов
бастаған қаһарман армия түгелімен құртып
жіберді.
Француз әскерлерінің
Ресейде жеңілуі француз империясының
күш-қуатын талқандауда зор роль атқарды.
1812 жылғы шетел
шапқыншылығына қарсы жүргізілген
соғыс тарихқа әділетті, Отан соғысы болып
енді. Шаруалар армия қатарында ерлікпен
күресті, партизан отрядтарына қосылды.
Бірақ халық шетел жаулап алушыларынан
отанды азат ету үшін құрбан болып жатқан
кезде, патша мен помещиктер өз өкіметін
аман сақтап қалып, оны күшейте беруге
ұмтылды. Кутузов партизан қозғалысын
қуаттаса, патша мен помещиктер оның өрістей
түсуіне бөгет жасады.
Орыс әскерлерінің
шетелдік жорығы. Өз өкіметін сақтап қалмақ
болып, Наполеон жаңадан жиналған, үйретілмеген
адамдардан жаңа армияны
әзер дегенде құрды. Бұл кезде Германияны
Наполеон езгісінен азат еткен орыс армиясы
Берлинге кірді, бұларды халық құшақ жайып
қарсы алды. Наполеонның Ресейде жеңілуімен
және орыс армиясының Берлинге кіруімен
байланысты, онда француз басқыншыларына
қарсы ұлттық қозғалыс күшейе бастады.
Француздардың асығыс жиналған жаңа армиясы
1813 жылы Лейпциг түбіндегі төрт күнге
созылған «халықтар шайқасында» тағы
жеңілді. Мұнда француз әскеріне қарсы
Ресейдің, Пруссияның, Австрияның, Швецияның
әскерлері шайқасты. Шегінген француздар
ұзамай-ақ қашуға айналды. Лейпциг түбінде
100 мыңнан астам адам өлді, оның 60 мыңы
француздар еді.
1814 жылдың 1 январына
қараған түні одақтастар армиясы
Францияның шекарасынан өтті, сонан
соң марттың аяғында Парижге
барып кірді.
Наполеонды еріксіз
тағынан тайдырды. Ол Корсика мен Апеннин
түбегінің аралығындағы 223 шаршы километрлік
кішкентай Эльба аралына жер аударылды.
Наполеонды Эльба аралының билеушісі
етті, тіпті оған мың солдат
қалдырды [2, б.21].
Францияда Бурбондардың өкіметін қайта
орнату. Одақтастардың қаруының күші арқасында
Францияда революциядан бұрын патшалық
құрған Бурбондар династиясының өкіметі
қайта орнады. Өлтірілген король XVI Людовиктің
інісі XVIII Людовик король болды. Одақтастардың
талабы бойынша Франция шамамен революциядан
бұрынғы шекарасына қайтарылды. Помещиктер
мен поптар жаппай террор жасады. Францияға
оралғаннан кейін, дворяндар мен шіркеу
қожалары Бурбондарға революция кезінде
кәмпескеленген жерлерін қайтарып беру
туралы сөз ете бастады. Бұған жаңа меншік
иелері - шаруалар мен буржуазия - наразы
болды.
Бурбондарға деген
өшпенділіктің күштілігі соншалық, Наполеон
өкімет билігін тағы да басып алды. Ол
Францияның оңтүстігіне келіп түсіп, Парижге
шұғыл бет алды. Қарсы жіберілген әскерлер
Наполеон жағына өтіп жатты.
XVIII Людовик семьясымен Бельгия шекарасына
қарай қаша жөнелді. 1815 жылы 20 мартта Наполеон
Парижге келіп кірді.
Өкімет билігін
екінші рет қолына алған Наполеон оны
бар болғаны жүз-ақ күн ұстап тұра алды.
Наполеон империясының қайта орнауынан үрейленген
одақтастар оған қарсы тағы да армия аттандырды.
Брюссельге жақын жердегі Ватерлоо түбіндегі
ең соңғы үлкен шайқаста, ағылшын-пруссия
әскерлері 1815 жылы 18 июньде Наполеон әскерлерін
біржолата күйретті.
Буржуазияның кейбір
саяси қайраткерлері Наполеонға
халық бұқарасын жәрдемге шақыруды, шаруаларға
«1793 жылғы якобиншілдердің етігін кигізіп»,
революцияшыл, якобин ұрандарымен күреске
көтеруді ұсынды, бірақ Наполеон одан
бас тартты. Наполеон тұтқын ретінде оңтүстіктегі
алыс жатқан әулие Елена аралына жөнелтілді.
Сонда ол 1821 жылы өлді.
Францияға тағы
да өкімет басына Бурбондар династиясынан
король келді. Европада реакция дәуірі,
дворяндар өкіметі мен олардың артықшылығының
қайта орнау дәуірі, алдыңғы қатардағы
қоғамдық қозғалыстар мен идеяларды тұншықтыру
дәуірі орнады.
1.2 Венадағы Еуропалық мемлекеттердің
конгресі
Вена конгресі. Европадағы реакция. Испаниядағы
революция
1814-1815 жылдардағы Вена конгресі. Франция
жеңіліп, Наполеон құлатылғаннан кейін,
1814 жылы Европаның патшалары мен министрлері
бітім шарттарын жасау үшін және Европа
картасын жеңушілердің пайдасын көздеп
қайта жасау үшін Венаға жиналды. Конгреске
Европа мемлекеттерінің барлығының да
өкілдері шақырылды. Венаға келген патшалар
мен елшілер үшін күн сайын балдар, спектакльдер,
серуендер жасалды, аңға шықты. Ал конгресс
жыл бойы дерлік «жүмыс істесе де» жұмыс
жайындағы мәселелерді талқылау үшін
бірде-бір рет бас қоспады. Барлық мәселені
жеңген төрт мемлекеттің - Англияның, Россияның,
Австрияның, Пруссияның - өкілдерінен
құралған «төрттің комитеті» шешті [3,
б.41].
Ал енді конгес өткізілу тарихына тоқталар
болсақ. Наполеонды жеңгеннен кейін барлық
еуропалық державалардың өкілдері (Түркиядан
басқасы) Еуропада феодалдық тәртіпті
және наполеондық соғыс барысында құлатылған
бірқатар бұрынғы әулеттерді қайта қалпына
келтіру мәселелеріне байланысты шешім
қабылдау үшін Австрия астанасында жиналды.
Бұл конгресс қатысушыларын тағы да бір
ортақ міндет біріктірген еді – ол революциялық
және демократиялық қозғалыстармен күрес.
Сонымен қатар когресс Франциядағы бонапарттық
тәртіптің қайта оралмауына және Еуропаны
жаулап алу әрекетінің болмауына тұрақты
кепілдікті қамтамасыз етуі, сонымен бірге
жеңімпаз державалардың территориялық
дәмеленулерін қанағаттандыруы қажет
болды.
1814
ж. Венаға жиналған жеңімпаз мемлекет
билеушілері алдарына үш негізгі мақсат
қойды: 1) Франция тарапынан қайталануы
мүмкін агрессияға қарсы кепілдеме құру;
2) өздерінің жеке территориялық мүдделерін
қанағаттандыру; 3) XVIII ғ. фрунцуз буржуазиялық
революциясының барлық салдарларын жою
және ескі феодалдық-абсолюттік тәртіптерді
барлық жерлерде қалпына келтіру.
Бірақ
осы мақсаттардың тек алғашқысы ғана толығымен
орындалды. Ал екіншіге – территориялық
мүдделерін қанағаттандыруға келсек,
тек бірқатар жеңіскер елдер ғана Франциямен
болған ұзақ та қантөгісті соғыста Еуропаның
едәуір әлсіз елдерінің есебінен кеңейіп
шықты. Вена когресінің үшінші мақсаты
– революциялық бастауларды жою және
легитимизм принциптерін толығымен бекітуге
қатысушылар қол жеткізе алмады.
Осылайша, Еуропада және жалпы әлемде
халықаралық қатынастардың Веналық деп
аталған жаңа жүйесі орнатылып, ол қатынастардың
жаңа тәсілдері мен нысандарын бекітті
және континенттегі қарама – қайшылықтарға
жаңа түйін салды [4, б.26].
1.3 Халықаралық қатынастардың Веналық
жүйесінің құрылуы
Наполеон
армиясын талқандағаннан кейін
одақтастар Франциямен қатынастарын
реттеуге асықты.1814 жылы 30 мамырда
олар Людовик ХVIIІ –мен бейбіт
келісім жасады. Ол Францияның
егемендігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз
етті. Ол өзінің 1789 жылғы шекарасын сақтады.Франциямен
жасалған келісім Европадағы бейбіт реттеу
мәселелерін толық шешпеді. Сондықтан
1814 жылы қыркүйектен 1815 жылы маусым аралығында
Венада Европалық мемлекеттердің конгресі
өтті. Ол Наполеон Империясы талқандалғаннан
кейін Европадағы бейбіт реттеу мәселелерін
қарастырды.
1815 жылы 3-ші Қаңтарды Ұлыбритания,
Франция және Австрия империясы
Ресесй мен Пруссияға қарсы
бағытталған құпия әскери одақ
құрды. 1815 ж 13-ші наурызда Ұлыбритания, Австрия, Ресесей,Пруссия
Венада Напалеонмен соғысу үшін жаңа одақтың
келісім жасап, Напалеонға қарсы Ұлыбритания
коалиция ұймдастырды.
1815 жылы 28-ші мамырда Вена конгресінің
қорытынды актісіне қол қойылды. Ресей - Ұлы Варшава
герцогтығын алды, Познань-Пруссия құрамында
қалдырылды, Австрия-Галицияны сақтады,
ал Краков-Австрия, Ресей, Пруссия қорғауындағы
ерікті және бейтарап қала деп жарияланды.
Швецияның Финландиядан айырылуы орнына
напалеондық Франциямен соғысқа белсенді
қатысушы ретінде Швеция Норвегияны алды.
Австрияға бұрын Напалеон тартып алған
Ұлы Варшава герцогтығының 1 бөлігі, себебі
Балқан түбіндегі иеліктері қайтарылды.Вена
конгресінің басты актісінде Европалық
мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарға
байланысты баптар болды [5, б.46].
Өзен жолдарының еркіндігі туралы деклорация,
құл сатуға тыйым салу туралы және дипломатиялық
өкілдіктер рангасы туралы ережелер қабылданды.
Қасиетті Одақтың құрылуы.Александр І
конгресс шешімдері ұйымдық жағынан бекітілуі
тиіс деп есептеді. Содықтан Европалық мемлекеттердің одағын
құруды ойлады. Осылайша қасиетті одақты
құру идеясы пайда болды.Александр І жасаған
Қасиетті Одақтың Актісіне 1815 ж 26 қыркүйекте
Парижде қол қойылды, оған Ресей, Австрия
императоры және прусс королі қол қойды.
Келісімде 3 монарх христиандық құндылықтарды,
халықтар мен патшаларды революционерлерден,
атеистерден, либералдардан қорғаудан
міндеттенді. Кейін Қасиетті Одаққа Европаның
басқа да көптеген мемлекеттері қосылды.
Ұлыбритания Одаққа кірмеді, бірақ іс
жүзінде оның өкілдері ХІХ ғ 30-жылдары
на дейін оның жұмысына қатысты. Осман
империясы да Одаққа кірмеді.
1815 – 1830 жж. еуропалық дипломатия. Қасиетті Одақ құрылғаннан кейінгі алғашқы
жылдары рған қатысушылардың түрлі көзқарасына
қарамастан Европалық мемлекеттер еркін
ойлаушылыққа қарсы бірыңғай майданда
болды.
Қасиетті Одақтың 3 конгресі болды. 1818
ж Ахенде Экс-ла Шапель батыс Германия
оған Ресей, Австрия, Пруссия, Ұлыбритания,
Франция қатысты.Конгресс Францияны Қасиетті
Одаққа тең құқықты мүше мүше ретінде
қабылдады. 1818 жылы 30 қарашаға дейін оның аумағынан
оккупациялық әскерлерді шығару туралы
шешім қабылданды.2-конгресс 1820ж аяғы Х-ХІІ
Троппау-1821 жылы қаңтар-наурыза Лайбахта
Қасиетті Одақтың «қосарланған» конгресі
болды. Лайбахта Троппау конгресінің жалғасы
өтті. Онда Ресей, Австрия, Англия, Франция
өкілдері Неаполь королі, т.б. Итальан
монархтары, Рим папасымен келіссөздер
жүргізді. 3-конгресс 1822 ж 20 қазанда -14 желтоқсан
аралығында Веронда өтті.Верон конгресінде
Ұлыбритания – Веллингтон қатысты.Конгресс
Испаниядағы революция, Грециядағы көтеріліс,орыс
–түрік жанжалына байланысты туған
ауыр сыртқы саяси жағдайларда өтті. 1820
ж түрік – Осман езгісіне қарсы гректер
көтерілді.Верон конгресінде Қасиетті
Одақтың Латын-Америкасына әскери интервенциясы
да талқыланды. Испания Латын Америкадағы
испан отарлық үстемдігін қалпына келтіруі
тиіс болды. Бірақ Латын Америкасына
интервенция жасауға Ұлыбритания қарсы
болды.,оның өз сауда мүддесі болды.Англия
Каннинг АҚШ-қа испания отарларлары жөнінде
1 бағыт ұсынды.Бұл америка президенті
Дж.Монроның 1823 ж 2-ші желтоқсанда Сенатқа
Конгреске жолдауын жіберуге әкелді.Ондағы
идеялар тарихқа «Монро доктринасы» деген
атпен енді. «Монро доктринасы» Испания
отарларына өз тәуелсіздігін алуда жағымды
рөль атқарды. ХІХ ғ. 20 ж-ң ортасына қарсы
Латын Америкасында Парагвай (1811), Аргентина
(1816), Чили (1818), Колумбия (1825) және т.б. тәуелсіз
мемлекеттер пайда болды [6].