Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 20:19, курсовая работа
Вена конгресі Наполеон Бонапарь империясымен тығыз байланысты оқиға. Себебі - ол Наполеон Империясы талқандалғаннан кейін Еуропадағы бейбіт реттеу мәселелерін қарастырған жиылыс болды. Сондықтан біз Вена конгресінен бұрын Наполеон армиясының күйреуіне тоқатала кететін болсақ.
Бұл
жасырын келісімнің саксондық
жобаға қарсы қуатты
Вена конгресі Германияның саяси бытыраңқылығын бекітті. Александр Меттерних секілді, Англия бұл мәселеге бейтарап қарады, ал Пруссия болса, күреске араласқысы келгенмен, әлсіз еді. Вена конгресі қайраткерлерінің барлық ой шабыты барлық жақтың да көтереһіліп келе жатқан буржуазия мүдделеріне қандай да бір жеңілдік жасағысы келмейтіндіктерін дәлелдеді; неміс халықының Германияның бірігуіне артқан үміттің күл-талқан болуы реакцияның салтанат құруындағы тағы бір сипатты сызық болды.
Меттернихтің жоспарына сәйкес, конгресс «Германдық одақ» деп аталған ұйым құруды көздеді. Бұл одақ істерін жүргізу үшін «Германдық сейм» құрылды. Одаққа Австрия, Пруссия және басқа германдық мемлекеттер (жалпы саны – 38) енгізілді. Германдық одақтың міндетіне, Меттернихтің ойлауы бойынша, Францияның Рейнге қарай келешекте болуы мүмкін жаңа қозғалысына кедергі жасау, сонымен бірге Австрияның Германияда басшылық жасауын қамтамасыз ету кірді.
Майнцтағы
Франкфурт қаласында
Конгресс
өз жұмысын қорытындылауға
Александрдың
өзіне қарсы бағытталған
Дегенмен де, Наполеон алдындағы қорқыныш белең алып, Александр сол жерде Меттернихке қалай болғанда да олардың ортақ жауы Наполеон екендігін мәлімдейді. 1815 ж. 18 маусымында Ватерлоо түбінде Наполеон жеңіліске ұшырағаннан кейін Францияда Бурбондар екінші рет қайта қалпына келеді.
Ватерлооға дейін бірнеше күн қалғанда, 1815 ж. 9 маусымында Вена конгресінің соңғы жиналысы болды, онда 121 баптан және 17 жеке қосымшадан тұратын «Қорытынды актыға» қол қойылды. Конгреске қатысушылар мығым нәрсе құрдық деп ойлады. Бірақ конгрестің реакциялық утопиясы жаңа өндірістік қатынастарға да, Еуропадағы феодализм мен абсолютизмнің ескі қондырғыларын күйреткен жиырма бес жылдық күреске де қарамастан, жер шарының осы бөлігін ескірген құрылым шеңберінде ұстап қалуда болатын. Бұл утопия когрестің барлық іс-әрекетінің негізінде жатты.
Бельгия Голландияның жаңа корольіне сыйланды; Данияға, Шлезвигтен басқа, немістік Голштейн берілді; Германия 38 дербес мемлекетке бөлініп қала берді. Польша тағы да үш бөлікке бөлінді, оның үстіне бұрынғы Варшава герцогтығының жерінен жаңа Польша корольдігі құрылды. Ол, конгрестің шешімі бойынша, «Ресеймен үздіксіз байланыста» болуы және Ресей патшасы сыйға тартқан конституциямен басқарылуы қажет еді. Познань, Гданьск (Данциг) және Торунь – Пруссияның, ал Батыс Украина (Галиция) Австрияның иелігінде қалды. Краков қаласы, «оған қарасты облыспен бірге, Ресейдің, Австрияның және Пруссияның қамқорлығындағы «мәңгілікке еркін, тәуелсіз және бейтарап қала» деп жарияланды.
Пруссия өзі
айрылған польшалық
Тирольды, Вальтелинаны, Триесті, Дальмация мен Иллирияны алған Австрия да едәуір күшейді. Моденде, Тосканда және Пармада таққа император I Францтың жақын туыстары отырды, олар Австриямен одақтастық туралы келісім жасасқан болатын. Бурбондар билігі қалпына келтірңлген екі Сицилия корльдігі Австриямен және Папа облысымен осындай келісімдер жасасты. Сөйтіп, Габсбургтар билігі саяси бөлшектелген жағдайдағы Италияның барлық территориясына таралды.
Қуатты екі
еуропалық держава - Англия
мен Ресейдің Франциямен ұзақ
мерзімді соғыстан едәуір
Патшалық
Ресей наполеондық Франциямен
соғыстардан Варшава
Негізгі саяси және территориялық мәселелерді шешуден басқа, Вена конгресі Бас трактатқа қосымша актылар ретіндегі бірқатар арнайы қосымша қаулылар қабылдады. Олардың ішінде 1815 ж. 8 ақпанында қол қойылған «Державалардың негрлерді сатуын жою жөніндегі Декларация», 1815 ж. 19 наурызында когресс қабылдаған «Дипломатиялық өкілдердің рангілері туралы Ереже» маңызды орын алады. Соңғы ереже алғаш рет әр түрлі дипломатиялық тұрмысқа халықаралық құқық нормасы ретінде ұзақ уақытқа енді және осы күнге дейін күшінде. Бұл қаулы XVII ғ. дипломатиялық тәжірибесінде әдеттегідей болып қалған үлкендік туралы шексіз ұрыстар мен қақтығыстарға нүкте қойды. Рангілер былайша белгіленді: 1) елші, папалық легат және нунций; 2)өкіл; 3) сенімді өкіл. Кейінірек, 1818 ж. бұл үш рангіге министр-резидент рангісі енгізілді, ол өкіл мен сенімді өкілдің арасына қойылды.
1814 ж. Венаға жиналған жеңімпаз
мемлекет билеушілері алдарына
үш негізгі мақсат қойды: 1) Франция
т арапынан қайталануы мүмкін
агрессияға қарсы кепілдеме
Бірақ
осы мақсаттардың тек
2.2 Вена конгресінің маңызды міндеттері
Вена конгресінің маңызды міндеттері монархияларды қалпына келтіру, Напалеон басып алған аумақтарды азат ету, революциялық қозғалыстармен күресу, Францияда бонапартизмнің қайта өркендеуіне жол бермеу, жеңіске жеткендердің аумақтық және басқа да дәмелерін қанағаттандыру болды.Конграесс жұмысының қорытынды актіде жасалды. Конграске қатысушылардың бірі тең құқықты болды.Алайы да 4 одақтас держава- Ресей, Ұлыбритания, Прусс, Австрия басты роль атқарды.Олардың атынан І Александр , британ сыртқы істер министрі лорд Каслри, прусс канцлері князь фон Гарденсбург австрия канцлері – князб фон Меттерних және т.б.сөйледі. Бұл мәселелерді шешуде конгреске қатысушылар лигитизм принціпін басшылыққа алды.Алайда Европалық үкіметтердің көбі бұрынғы 1789 жылға дейінгіге қайта оралудың мүмкін еместігін түсінді және оған монархтардың өздері оралғысы келген жоқ. Сондықтан көптеген монархтар лигитизм дегенді- бұл жалпы мойындалған халықаралық келісімдерге негізделген заңды тәртіп деп түсінді. Вена конгресі халықаралық келісімдердің беделін, маңызын көтеруге тырысты. Ол жаңа Европалық тәртіптің негізіне алынуы тиіс еді. Бұл тәртіп ірі мемлекеттер арасындағы соғыстың қайталануы мүмкіндігін жоюға бағытталған еді.Лигитизм принципі Напалеон соғыстары аяқталғаннан кейін құрылған Веналық деп аталған халықаралық тәртіптің негізіне алынды. Австрия мен пруссия арасында Напалеондық Францияның одақтасы болған Саксонияны Пруссияның басып алуға деген дәмесіне байланысты келіспеушіліктер туды [15].
2.3 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің кемшілігі
ХІХ ғасырдың 40-60-шы жж. халықаралық қатынастар. Халықтың Наполеонға қарсы күресі француз империясының күйреуімен аяқталды. Наполеонның жеңілісін монархиялық, феодалдық- абсолюттік мемлекеттер коалициясы өз меддесіне пайдаланды. Наполеон империясының жойылуы Еуропадағы дворияндық-монархиялық реакцияның салтанат құруына әкелді.
Франциямен бейбіт келісім, Төрттік Одақ туралы жаңғыртылған келісім және Вена конгресінің Қорытынды актісі тарихқа «веналық жүйе» атауымен енген Наполеоннан кейінгі дәуірдегі халықаралық қатынастардың негізі болды. Жеңімпаз – державалардың мүдделері қарама – қайшылықты еді. Бірақ Вена конгресінің қорытынды сатысында антинаполеондық коалиция мүшелері өзара қайшылықтарды жойып, ымыры шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. 1814 ж. Бірінші қыркүйегімен 1815 ж. Тоғыз шілдесі аралығында жиналған Вена конгресінің қабылдаған шешімдері Еуропадағы дворяндық монархия реакцияның күшеюіне ықпал етті. Революциялық және ұлт – азаттық қозғалыстармен күрес жүргізуді күшейте түсу үшін еуропалық мемлекеттердің реакциялық үкіметтері өзара Қасиетті Одақ құрды.
Еуропалық дипломатия тарихына Қасиетті Одақ революциялық рухты, саяси және діни бостандық сүйгіштікті, қай жерде бой көтерсе де, басып жаншу идеясы негізінде құрылған, айқын клерикалдық – монархиялық идеологиясы бар біріккен ұйым ретінде енді. Жеңімпаз – елдердің Қасиетті Одағы Вена конгресі бекіткен жаңа халықаралық саяси жүйенің тірегіне айналды. Бұл Одақтың Ресей императоры I Александр жасаған актысына 1815 жылдың 26 қыркүйегінде Австрия императоры І Франц, Пруссия королі ІІІ Фредрих Вильгельм қол қойып, бұл акті олардың атынан басқа еуропалық державаларға таратылды. Қасиетті (Киелі) Одақ актысына Англиядан басқа еуропалық мемлекеттердің барлығы да қосылды. Ал Англия формалды түрде Қасиетті Одаққа кірмегенмен оның үкіметі өз саясатын Қасиетті Одақтың жалпы желісімен көбінде үйлестріп отыратын еді.
Рим Папасы алуан елдердегі католиктердің наразылық бүлдіруінен қауіптеніп, актыға қол қоюдан бас тартты. Құжаттың мәтінінде шынайы туыстық дәнекерлікке және христиан діні принциптеріне сүйене отырып, олардың бір-біріне көмек көрсетуді міндеттеріне алатындығы айтылған болатын. Қатысушылардың мақсаты 1815 ж. Вена конгресі бекіткен еуропалық шекараларды сақтау және «революциялық рухтың» қандай да бой көтеруімен күрес еді.
Веналық лигитимдік тәртіпке 1848-1849 жылдардағы революциялар терең соққы берді.Олар Италияда басталып, бірден бірнеше мемлекеттерді – Франция, Австрия,Пруссия және т.б. герман мемлекеттерін қамтыды. Бұл Европалық мемлекеттердің арасында тығыз экономикалық, мәдени, саяси байланыстар бар екендігін ғана емес, себебі олардың алдында бірдей және ұқсас мәмелелердің тұрғандығын көрсетті.
Мәселелердің бастысы бұл
елдердегі азаматтардың
Информация о работе Наполеон армиясының талқандалуы және Еуропадағы бейбіт реттеу мәселелері