Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 08:14, курсовая работа

Краткое описание

1914 жылы бірінші тамызда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс төрт жыл үш жарым айға созылды. Соғысқа 36 мемлекет қатысып, соғысушы елдердің 10 миллион адамы қаза тауып, 20 миллион адамы мүгедек болып қалды/1/. 1918 жылы 11 қарашада Франция жеріндегі Компьен орманындағы Ретонд станциясында Германия мен Антанта арасындағы уақытша бітім шартына қол қойылды.
Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғандығын білдіретін ресми құжат болды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................2
1 -тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары
1.1. Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы...................8
1.2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс............................................................16
2-тарау. Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы
2.1. Қараша революциясының басталуы және монархияның күйреуі.......................................................................................................22
2.2. Бавария Кеңестік Республикасы...................................................36
Қорытынды................................................................................................................45
Сілтемелер................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................50

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Германиядағы-Қараша-революциясының-алғышарттары (1).doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

Көтерілісшілер үкімет үйін басып алу туралы ойлаған да жоқ. Қаруланған жұмысшылар ерекше маңызы жоқ баспахана тағы басқаларды күзетумен болды. Осындай себептерге байланысты 6-қаңтар шеруі еш нәтиже берген жоқ. Бұқараны ұйымдастыру үшін, Коммунистік партия өте әлсіз болды.

Мұнан кейін үкімет бар күшін революцияға қарсы бағыттады. 8-қаңтарда /Носкенін бұйрығымен /Носке контрреволюциялық күштердің басшысы болып тағайындалған болатын/ полковник Рейнгардт Маобит ауданының жұмысшыларына жаудырады.

9-каңтарда Шпандау ауданында  осындай жағдай қайталанады. Қарсыласудың пайдасыздығын түсінген жұмысшылар келіссөздер жүргізу үшін делегация жіберді. 11-қаңтарда Берлинге Носке бастаған әскери бөлімдер кіреді. 12-қаңтарда олар Берлин полициясының үйін алады.

15-каңтарда түнде К.Либкнехт пен Р.Люксембергті ұстап алып, азаптап өлтіреді. Оны ешкім білмей қалды. К.Либкнехт денесі қалалық моргтан. Р.Люксембург денесі каналдан кейінгі уақытта табылады.

Революцияға мықты сокқы берілді, бірақ қаңтар күндері контрреволюция өздерінің түпкі мақсаттарына-пролетариатқа шешуші соққы беру мақсаттарына жете алмады.

Бірақ революциялық оқиғалардың даму барысы күн тәртібіне қойған революцияның негізгі мәселесі буржуазиялық парламент қойған пайдасына шешілді. Осымен революцияның екінші кезең аяқталды.

1919 жылдың 19-қаңтарында құрылтай жиналысына сайлау басталды.

Сайлау барысында ГСДП- 11,5 миллион дауыс, "Орталық" партиясы-6млн, демократиялық партия -5,6 млн, ұлтшылдар партиясы-3,¹ млн, ГТСДП - 2,3 млн дауыс алады. Нәтижесінде Ұлттық жиналысқа социал-демократтар 165 депутат, тәуелсіздер-22 депутат, демократиялық партия 75 депутат, "Орталық" партиясы 90 депутат, халықтық партия 22, ұлтшылдар 42 депутат жібереді.

Сөйтіп социал-демократтар барлық мандаттың 44 процентін алды.

Ұлттық жиналыс 6-ақпанда Веймарда ашылатын болды. 1919 жылдың ақпан айында таптық күрестер Германияның өнеркәсіпті аударында қайта жанданды. 16-ақпанда Руо облысының көмір шахтарының жартысы жұмысты тоқтатады.

18-ақпанда Эссенде жұмысшы және солдат Кеңестерінің конференциясы өтеді. Ереуілді одан әрі жалғастыруға шешім қабылданды.

Жұмысшыларды қаруландыру туралы талап қойылады.

Ереуілдік қозғалыс бүкіл Орталық Германияны қамтады. Алайда бұл кезеңдегі жұмысшы қозғалысы ұйымдаспаған, стихиялы сипатта болды. Коммунистік партия жазалаудан әбден қансырап қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Бавария Кеңестік Республикасы.

1919 жылы революциялық  қозғалыстың соңғы тірегі Бавария болды. Үкімет бүкіл күшін соған қарсы бағыттады.

Бавария неміс мемлекеттерінің ішіндегі өнеркәсібі нашар дамыған аудандар қатарына жататын еді. Баварияда сыра қайнату шарап жасау және басқа жеңіл өнеркәсіп салалары дамыған. Мұндағы жалғыз ғана ірі кәсіпорын - қару-жарақ жасау заводы еді. Сондықтан Бавария жалпы Германияның өнеркәсіп өндірісінде үлкен роль атқармайтын. Баварияда Қараша революциясы басталғанға дейінгі кезеңде саяси билік Виттельбах династиясының қолында еді.

Елдің өмірінде әскер мен полиция үлкен роль атқаратын. Баварияда Германиядан бөлініп кетуге умтышылық өте күшті болды.

Өнеркәсіптің дамуына байланысты Баварияда ірі қалалар саны өте аз болды. Баварияның астанасы Мюнхенде-600 мың тұрғын халық болатын.1912-ші жылы Мюнхенде 97 мың жұмысшы болса, оның 4 мыңы таукен өнеркәсібінде, 6 мыңы металл өңдеуде, 14 мыңы машина жасауда істеді, қалғаны 73 мыңы жеңілген өнеркәсіпте істеген.

Мюнхенде кәсіпорындар өте ұсақ еді;

7099 кәсіпорынның 3704-де 83 мың адам, яғни орта есептен кәсіпорынға 22-23 жұмысшыдан келген, қалғаны 3395 кәсіпорында 14 мың жұмысшы істеген яғни әр кәсіпорынға 4-5 жұмысшыдан келеді. Металл өңдеу өндірісінің орталығы болған Нюренбергте 30-мың, Аугсбургте 10 мың тұрғын халық қана болған.

Бұдан мынадай тұжырым жасауға болады: Баварида пролетариат негізінен ұсақ кәсіпорын жұмысшыларынан тұрады./49/

Ірі өнеркәсіп пролетариаты аз. Бавария пролетариаты өзінің дамуы, ұйымшылдығы жағынан Германияның басқа пролетариатынан әлсіз еді. Баварияда буржуазияда әлсіз болды. Олар негізінен ұсақ кәсіпорындардың иелері мен саудагерлер еді.

Баварияда деревняның жағдайы да Солтүстік Германиядағы деревнялардан басқаша еді. Баварияда Пруссия да болған күшті юнкерлер де болған жоқ.

Шаруашылықтың 95 проценті ұсақ, орта иеліктерде еді. Ауыл шаруашылығымен айналысушылардың 20 процентін ауыл шаруашылық жұмысшылары құрады. Мұндай жағдайда деревняда таптық күрес шаруалардың ауқатты тобына ірі жер иеленушілерге қарсы бағытталуы мүмкін.

Бірақ батрактар, кедей шаруалар ұйымдастаған еді. Баварияда буржуазиялык партиялар ішінде католиктік партиясы мен либералдық партия басты роль атқаратын. Ал жұмысшылар ГСДП мен ГТСДП соңынан ілесетін еді. 1918 жылы бүкіл Германияны қамтыған ереуілдік қозғалысқа Бавария жұмысшылары да қатысты.

Ереуілдерді тәуелсіздер басқарады, әсіресе, Курт Эйснердің беделі күшті болды.

Баварияның орталығы Мюнхенде 1918 жылы 7-қарашада Австрияда құрылған республиканы құттықтауға арналған жиналыс болды. Жиналыс соңы үлкен шеруге ұласты. Шеруге қатысушылар король билігін жоюды және республика орнатуды талап етті. Сол күні қалада Революциялык жұмысшы Кеңесі құрылды. Келесі күндері қозғалыс басқа қалаларды да қамтыды. Барлық жерлерде жұмысшы Кеңестері құрылып жатты.

8-қарашаға қараан түні  Мюнхенде жұмысшы, солдат және шаруа Кеңесі  құрылды. Кеңестің төрағасы К.Эйснер Баварияда монархия құлады деп жариялады.

Эйснердің басқаруымен тәуелсіздер, социал-демократтар және басқа да ұсақ ұйымдар бірігіп, үкімет құрды.

Үкіметтің халыққа жолдаған үндерінде алдағы уақытта түпкілікті, тұрақты үкімет құру үшін Ұлттық жиналыс шақырылады деп көрсетілді.

Эйснер үкіметі Германияның бірінші дүние жүзілік соғыстағы басқыншылық мақсаттарын көрсететін бірқатар құжаттарды жариялады, мектептен шіркеуден бөлді. Осы әрекеті үшін Эйснер үкіметін ірі буржуазия мен дін басылары қатты жек көрді. 1919 жылы 21-ақпанда жаулар қызметке кетіп бара жатқан Эйснерді өлтіріп кетті.

Бұған наразы болған еңбекші бұқара Эйснерді жерлеу рәсімін үлкен саяси шеру түрінде өткізді.

22-ақпанда социал-демократ Гоффман басқарған үкімет құрылды. Жұмысшылар Гоффман үкіметін мойындамады.

1919 жылы  қаңтарда Мюнхенде Германия Коммунистік партиясының бавар бөлімі құрылған еді. Оны Макс Левин басқарды.

Жаңа революцилық дүмпуден қорққан үкімет Бавария Кеңестік Республикасы жариялаудың жоспарын жасай бастайды.

Коммунистік партиясының арасындағы беделін ескеріп тәуелсіздер үкіметке коммунистерді де шақырады.

Коммунистік ұйым мұны арандату деп ұғады, бірақ олар тәуелсіздерді қолдайды. Берлиннен Евгений Левине  бастаған делегация келеді. Олар Коммунистік партияның атынан оңшыл социал-демократтармен бірге үкіметке кіруден үзілді-кесілді бас тартатындықтарын айтты.

7-сәуірде Баварияда Кеңестік Республика жарияланады./50/

 Жаңа үкімет құрамына тәуелсіздер, оңшыл социал-демократтар, анархистер шаруалар Одағының өкілдері кірді.

Үкімет басшылары болып ГТСДП жетекшісі Э.Толлер мен анархист Г.Ландауэр тағайындалды. 10 сәуірде үкімет Қызыл Армия құру туралы шешім қаабылдады. Алайда армияның бар қаруы 600 винтовка болды. Осыдан кейін құрамында 28 адамы бар революциялық трибунал құрылды

7-сәуір күні Германия  Коммунистік партиясының Мюнхендегі бөлімінің үндеуі жарияланды. Онда коммунистер Толлердің үкіметін "Жалған кеңестік үкімет деп атады.

Қарудың аздығына қарамастан Қызыл Армия жылдам құрылды. Оған жұмысшылар солдаттар және соғыс тұтқындары /орыстар мен итальяндар/ кірді. Қызыл Армияның қолбасшысы Рудольф Эгельгофер болды. Сонымен қатар Қызыл гвардия құрылды, оған қаланы күзету міндеті жүктелді.

Бұл кезде таратылған Гоффман үкіметі өзін қызметтен кеттік деп ойлаған жоқ еді. Гоффман үкіметінің мүшелері Баварияның солтүстігіндегі Бамберг қаласына орналасып, сол жерден қонтрреволюциялық бірлікке дайындалды.

Мюнхенге жорық жасау үшін Шнеппенгорст басқарған қарулы күштер құрылды./51/ Осылайша Бавар Кеңестік Республикасына төнген контрреволюциялық күштердің шабуыл жасау қаупі төнді.

Мюнхенде Коммунистердің үндеуі жарияланды, онда Бамбергтегі жиналған ақ гвардия кеңестерге, жалпы пролетариатқа қауіп төндіруде деп көрсетілді.

13-сәуірге қараған түні бүлкішілер Орталық жұмысшы Кеңесіне басып кіріп, Кеңестің 12 мүшесін тұтқындайды. Ц.Левине мен М.Левиңді өлтеруге бұйрық беріледі. Толлер басқарған орталық Комитет тек шеру жасауға шақырумен болды, ол мұндай күрестен алшақтататын еді. Бірақ жұмысшылар күтіп бос отырған жоқ.

Коммунистік ұйымнының шақыруымен олар қару-жарақ қоймаларын басып алды, Рудольф Эгельгофер бастаған жұмысшылар возалда орналасып алған қарулы контрреволюционерлерге қарсы күресті. Вокзал қоршалып қан төгісті қаламаған жұмысшылар үш өкіл жібереді. Бірақ оларды атып өлтіреді.

Жұмысшылар вокзалды қоршап, бір сағаттан кейін вокзалға ие болды, қалалық комендатураны алады.

Сол күні, яғни 14 сәуірде фабрика-завод комитеттері мен солдат Кеңестері жаңа үкімет құру туралы қаулы шығарады.

Комитет Атқару Кеңесін сайлайды. Оның құрамына коммунистер: Е.Левине, М.Левин, Вилли Будих – Дитрих тәуелсіз Меннер және социал-демократ Дуске /кейін Коммунистік партияның құрамына енгсн/ кірді.

Комитет жанынан контрреволюциямен күресу үшін, әскери комиссия, экономика комиссиясы, финанс істеріне байланысты комиссия құрылады. Ыңғайсыз жағдайға қарамастан коммунистер өкіметті өз қолдарына-алуға мәжбур болды:

"Коммунистер күресіп  жатқан бұқарамен бірге болуды өздрінің боршы деп санайды. Бұқара күресінде қателер болмай қалмайды. Коммунистер сол қателерді көріп, оларды бұқараға түсіндеріп, қателердің түзетілуше ұмтылып,саналықтың стихиялықты жеңіп шығуын үнемі қорғай отырып бұқарамен бірге болады",/52/-деп жазды. В.И.Ленин.

Аз уақыт өмірінің ішінде республика бір аз шараларды жүзеге асырады: Өндіріске жұмысшы бақылау енгізілді, буржуазияны қарусыздандыруға кірісті, банкілерді нацонализациялады Контрреволюциямен күресу үшін төтенше комиссия құрылады,т.с.с.

17-сәуірде үкімет "Бавар  жерінің шаруаларына" деген үндеуін жириялайды. Онда прблетарлық революцияның Шаруа меншігіне тиіспейтігіндігі көрсетіледі, бірақ үкімет кедей және орта шаруалардың жағдайын жақсартуға еш әрекет қолданбайды.

Помещик жерлері тәркіленбейді, деревяларда, жаңа батрак, ұсақ шаруа Кеңестерінің құрылуы туралы мәселе көтерілмейді. Демек жаңа үкімет нағыз кеңестік коммунистік үкімет шаруаларды өз жағына тарту үшін шаралар жүргізген жоқ.

Сондықтан Бавар Кеңестік Республикасын негізінен алғанда жұмысшылар қорғады.

Жаңа үкімет Россиядағы және Венгриядағы Кеңестік Республикаларға сәлем-жолдады./53/ Бұған жауап ретінде В.И.Ленин "Бавар Кеңестік республикасын сәлем" деп аталған хат жазды./54/ Лениннің хаты 27-сәуірде Москвадан жіберіліп Венгрия арқылы Германияға 28 сәуірде келіп жетті.

Бұл кезде коммунистер үкімет құрамынан шығып кеткен еді.

Контрреволюциялық күштер коммунистерді үкімет құрамынан жылдамдырақ қуып шығу үшін тәуелсіздер мен коммунистер іріткі салды.

Жұмысшы және солдат Кеңестерінің 26-сәуірдегі мәжілісінде Толлер, Меннер, сияқты тәуелсіздер жетекшілері коммунистерге өте көп айып тақты. Атап айтқанда, коммунистердің буржуазиялық баспасөзге тиым салуьш, полицияны таратуын қатты сынап, Атқару комитетін қайта сайлауды талап етті. Келесі күні Кеңес мөжілісі Атқару Комитетінің президиумын сайлайды, оған тек тәуелсіздер кіреді. Бұл коммунистерді үкімет құрамынан мәжбүр етеді.

27-сәуірде  Коммунистер қызметтен кетеді де тәуелсіздер мен анархистерге қарсы күресін Комитеттен тыс жүргізеді. Коммунистер кетесімген-ақ  тәуелсіздер Носкемен, Гоффманмен келіссөздер жүргізе бастайды. 29-сәуірде Пруссия, Вюртембург, Баварияның жүз мыңдық жақсы қаруланған контрреволюция юнкерлері шабуыл жасағанда, оған 30мың Кеңестік республиканы қорғаушылар ғана қарсы-тұрды. Күш тең емес еді. "Кеңестік Республика жеңілді.

1-мамыр күні Бавария астанасында сұмдық жазалау басталды.

Бавария Кеңестік Республикасының жеңілуінің бірқатар себептері болды.

Кеңестік Республика бүкіл Германияның біріккен күштеріне жалғыз сарсы тұрды. Солшыл күштердің өзара бірлігінің болмауы.

Коммунистердің жіберген қателіктері мен әлсіздігі атап айтқанда, 27 сәуірде коммунистердің үкіметтін кетіп қалуы.

Бавар Кеңестік Республикасы Германиядағы 1919 жылғы революциялық күрестің шарықтау шегі болды.

Ол басып жаншылғаннан кейін жұмысшы қозғаласында бәсеңдеу басталады.

Революция жеңіліс тауып, қараша революциясы барысында құрылған кеңес атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын тауып, сәуір айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды Бірақ та қолдарында күштері бар контрреволюция, оны қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңіске жетіп Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкіметі құлады. Қараша революциясының үшінші кезені 1919 жылғы 19 қаңтардағы ұлттык жиналыс сайлауының өтуімен, революциялық куштердің жеңіліс табуымен аяқталды.

1919 жылы қаңтар айының 19-ы күні  Германияда Ұлттық жиналысқа  сайлау өтті. Сайлауда 54,5% дауыспен  буржуазиялық партиялар жеңіске  жетіп, Ұлттық жиналысқа (парламент) буржуазиялық  депутаттар сайланды. Сайлаудан - ақпан айының 6-ы күні Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдің Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегі саяси тұрақсыздықпен сәйкес келді. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған революцияға жалғасты, буржуазия үкіметті өз колына алғанымен, Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілгендігін мойындады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкіметін құруға, алдағы үкіметтің міндеттерін анықтауға кірісті. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф.Шейдеман бастаған үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партияларынан өкілдер кірді. Веймар Республикасының президенті болып Ф.Эберт сайланды.

Информация о работе Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы