Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 08:14, курсовая работа
1914 жылы бірінші тамызда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс төрт жыл үш жарым айға созылды. Соғысқа 36 мемлекет қатысып, соғысушы елдердің 10 миллион адамы қаза тауып, 20 миллион адамы мүгедек болып қалды/1/. 1918 жылы 11 қарашада Франция жеріндегі Компьен орманындағы Ретонд станциясында Германия мен Антанта арасындағы уақытша бітім шартына қол қойылды.
Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғандығын білдіретін ресми құжат болды.
Кіріспе.........................................................................................................................2
1 -тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары
1.1. Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы...................8
1.2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс............................................................16
2-тарау. Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы
2.1. Қараша революциясының басталуы және монархияның күйреуі.......................................................................................................22
2.2. Бавария Кеңестік Республикасы...................................................36
Қорытынды................................................................................................................45
Сілтемелер................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................50
Бұл бәрінен бұрын генералитетік қулық іс әрекеті ме еді, ол өзіне жақсы атақ қалдырғысы келіп, өзінен әскері сәтсіздіктер үшін жауапкершілікті алып тастау ма еді?
Жақын арада әскері ортаның ішінен шыққан "арқасына қамшымен соқы " деген аңыз соңғыларын растайды.
Іс барысында, тез арада бейбітшілік келісім сөздерді бастауды талап ете-отырып, жоғары әскері басқарушылар және олармен бірге басқа билеуші топтар қиын жағдайда өз бастарын ойлағанын көру қиын емес еді./30/.
Келісімсөздерің көмегімен олар уақытты ұтқысы келді, соғысты 1919 жылға дейін созып, қорғанысты жаңа шептердің күшеюіне дайындап, әскері адам әскердің адам күштердің және материалдық бөлігін осындай жолмен аман алып қалып, кейінірек соғыста жеңуді ойлады./31/
Бәрінен бұрын шындап қорқытудың себебі басты қорқыныш-төменнен революция басталып, билеуші топтарды мүлде төңкеріп тастайды-ау деген ойы еді. Елде революциялық ахуал пісіп жетілді.
В.И.Ленин баспа сөз жаңалықтарына сүйене отырып сол күндердегі Германиядағы болған жағдайларды әбден дұрыс түсінді. 3-қазанда ол "Германияда саяси дағдарыс пайда болды деп жазды.
Әскери жағдайдың үмітсіздігі, үкіметті қолдаушылардың жоқтығы, билеуші топтардың сасқалақтауы бірден ақ көрініп қалды. Бұл дағдарыс революцияның дайын екенін көрсетті.
Жоғары әскери басшылар 1918 жылдың 29 қыркүйегінде бейбіт
келісімге келу қажеттігі туралы мәлімдеп, Антанта санасатындай және елді дағдарыстан шығара алатындай жаңа үкімет құру керек деп есептеді. Жоғары командования талабымен канцлер Гертлинг қызметтен кетеді де Макс Баденский бастаған құрама үкімет құрылады.
Бұл жаңа үкіметте социал-демократтардан Шейдеман мен Бауэр, католиктік Орталық партиясынан Эрзбергер мен Тримборн кіреді.
Жаңа үкімет 1918 жылдың 5-қазанында Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсонға дереу уақытша бітім жасау туралы барлық соғысушы мемлкеттер үкіметіне ұсыныс жасауды өтілген
жеделхат жіберді./32/.
Баденский үкіметінің бұл әрекеті Германия жағдайын жақсарта алмады. Германияда саяси дағдарыс туды. Үкіметтіңде барлық қанаушы топтардың да асып-сасуы бүкіл халық алдында байқалып отыр.Соғыс жағдайының үмітсіздігі және үстем топтарды еңбекшілер бұқарасының қандай да болсын қанауының жоқтығы бірден байқалады. Бұл дарыстың өзі революцияның болатындығын, не ең болмағанда революцияның сөзсіздігі мен таяу екендігін бұқараның өз көзімен көре бастағандығын көрсетеді.
Шейдемандар мен кабинетке тарту-революциялық дүмпуді теқ тездетеді, осы неғурлым сапалы, неғурлым кең, неғурлым берік етеді./33/.
Әлеуметтік революцияладың жүзеге асуы үшін таптың күрестің шыңына жетуі, формацияның барлық әлеуметтік қайшылықтарының шиеленесуі, халық бұқарасының белсенді әрекеті басқаша айтқанда, революциялық ахуал деп аталған ерекше тарихы жағдайлардың жиынтығы қажет. Революциялық ахуал революцияның мүмкіндігін туғызады сол мүмкіндіктердің іске асуы үшін соған сай субъективтік фактор пісіп-жетілуі керек. Егер субъективтік фактор дамымаса, обьктивтік фактордың өзі ғана революцияның жеңісіне әкелмейді. Революция мүлде болмайды немесе жеңіліске ұшырайды.
Қараша революциясы қарсаңындағы субъективтік фактордың көрінуіне тоқталайық./34/.
І.Германияда жұмысшылар халықтық жартысынан көбін құрады – 55 процент.
2.Деревнядағы жұмысшы, шаруа 7 миллион, яғни пролетариаттың
7 млн. Одақтасы бар деген сөз. Үшінші одақтасы болуы мүмкін, ол қаладағы ұсақ буржуазия.
З.Социал демократиялық партиялар СДПГ, НСДПГ, Спартак тобы.
Осы белгілер қандай деңгейде, қандай дәрежеде көрінді?
Жұмысшы табы халықтың көпшілігін қирағанымен бытыаңқы болатын. Бір бөлігі коммунистер соңынан еріп социализм үшін күрессе, екінші бөлігі социал демократтардың соңынан ерді.
Жұмысшы тобы тәжірибесіз еді. 1948 жылғы революциядан бергі жылдарда ірі революциялық оқиға Германияда болмаған еді.
Пролетариат шаураларды өз жағына тарта алмады. Халықтың 20-25 процентін құрағар шаруалар пролетариаттың берік одақтасы бола алмады.
Германияның социал-демократиялық партиясы революцияның қажеттігін мүлде жоққа шығарады. Революциясыз - ақ буржуазиялық париялармен одақтаса отырып, демократиялық - социалистік мемлекетке жетуге болады. Бар күштерін жұмысшылар мен басқа топтарды үкіметті қолдауға шақыруға жұмсады. Халықтың солшылдығын ескеріп мынандай талаптар қоюмен шектелді.
-Тең сайлау құқын енгізу.
-Рейхстагты жоғарғы зағ
-Жиналыс, пресса бостандықтарын кеңейту.
-Саяси тұтқындарды босату.
-Кайзерді оның бір туысымен ауыстыру.
Екінші партия-Социал-демократиялық тәуелсіздер партиясы 1917 жылы құрылған. Құрамы центристер мен солшылдардан тұрады. Сондықтан да іс-әрекетінде, талаптырында солқылдақтық, қарама- қайшылықтың бар.Өздері бірнеше топқа бөлінеді, оның ішінде алауыздық өте күшті болды.
Ол 11-12 қыркүйекте өткен конференцияларынан айқын көрінеді. Көптеген шешендер революциялық әдістерді Кеңестік Россияны, большевиктер саясатын колдаса, Каутский, Бернистейн және Штебел большевиктердің теориясы мен тактикасына кеңестік идеяларына қарсы шықты. Конференция нақты бағдарлама қабылдамай тарайды.
Оңшыл социал-демократтармен центристерге, соғысқа империализм үстемдігіне қарсы революциялық күрес бағытында тұрған тек Спартак тобы болды./35/. "Спартак" тобына кірген санаулы социал-демократтар ғана болмаса, тәжірибелі партия басшылығының жоқтығы мұнда да көрінді.
Кеңесте оңшыл-соцаил-демократтармен центристер қолында болды. Ал олар революцияны онан әрі тереңдетуге тырысты.
Қорыта айтқанда, жауынгер, революцияшыл партия орнын ешкім ешнәрсе толтыра алмады.
ІІ-тарау. Германиядағы Қараша революциясының
басталуы және барысы.
2.1. Қараша революциясының басталуы. Монархияның күйреуі.
1917 жылы 25 қазан айында Ресейдің
Петроград қаласында
Революция қарсаңындағы саяси куштердің қалыптасуы. Қараша революциясының қарсаңында Герман социал- демократиялық партиясы (СДПГ) және Тәуелсіз социал-демократиялық партиясы (НСДПГ), оның сол қанатында «Спартак» одағы қалыптасты.
Герман социал-демократиялық партиясы - жумысшы партиясы еңбекші халықтың қолдауында болды. 1918 жылы мамыр айында СДПГ «Қимыл бағдарламасын» қабылдайды. Партия бағдарламасы Германияда буржуазиялық-демократия жолына тусу және парламенттік жүйені орнату, яғни монархияға қарсы куресіп, республика құру талабын алға қойды. Социал-демократиянын негізгі мақсаты - реформа арқылы қоғамдық-саяси өзгерістер жургізу болды.
Германияның тәуелсіз социал-демократиялық партиясы буржуазиялық реформаны қолдай отырып, революциялық жолдан да бас тартпайды. Негізгі көзқарасы оңшыл центристік бағыт болды. Партия мушелері К.Каутский, Г.Гаазе, Р.Гильфердинг оңшыл центристік көзқараста бола отырып, большевиктер партиясының пролетариат диктатурасын орнату идеясынан бас тартты да, Германияда демократиялық республика орнатуды көздеді. Каутский: «Германияда пролетариат диктатурасын орнату біздің түпкі мақсатымыз емес», - деп мәлімдеген болатын. Ол - В.И.Лениинің таптық көзқарасын сынаған адамдардың бірі еді.
Ресейдегі қазан төңкерісінен кейін Германияның саяси дамуында революциялық идея, пролетариат диктатурасын орнату ушін күрес жургзетін саяси топ - «Спартак» одағы құрылды. Оның басшылары К.Либкнехг және Р.Люксембург болды. Революциялық қозғалыс жылдарында олар жұмысшы табын кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Олардың негізгі саяси көзқарастары - қоғамдық-саяси өзгерістерді революциялык жолмен іске асыру болатын. Сонымен қатар, В.И.Лениннің идеясын қолдай отырып, Германияда коммунистік партия құру үшін күрес жүргізді. 1918 жылы қазан айында революциялық топтың конференциясы шақырылып, еңбекші халықты қарулы көтеріліске шығуға, сөйтіп буржуазиялық революцияны социалистік революцияға жалғастыруға үндеу тасталды. Xалыктың тұрмыс жағдайын жақсарту, соғысты тоқтату, кейбір банктерді национализациялау, жалақыны өсіру т.б. талаптар қою аркылы халықты революцияға шақырды. Бірақ «Спартак» тобынын үгіт-насихат жұмысын еңбекші халық қолдаған жок. Халык революциялык жолды түсіне алмады, ал буржуазиялық-реформалык жол әлдеқайда тусінікті еді. Қоғамды реформалык- парламенттік жолмен өзгертіп, Германияда буржуазиялық республика құру халық түсінігіне жақын болатын. Қараша революциясының карсаңындағы саяси күштер ірі буржуазия мен монархияға қарсы тұратын оппозициялық күшке айналды.
Революцяның басталуына негізгі себеп балған оқиға Герман монархындағы соғыс-теңіз министрінің Киль қаласында тұрған соғыс-теңіз базасының кемелеріне ашық теңізге шығып соғыс қимылдарын жүргізу арқылы жеңіске жету туралы бұйрығы болды. Бірақ та соғыс-теңіз флотының кеме басшылары теңізге шығудан бас тартып, кемелерде матростар арнаулы революциялық комитеттер құрып, көтеріліске шығады. Кемелерде кызыл жалаулар көтеріліп, соғысты тоқтатуды талап ете бастайды. Революцияға шыкқан кемелердегі матростарды тұтқындау басталады. Қараша айының 3 күні Киль қаласының халқы матростарды қолдап ереуілді бастайды. Қала халқы тез арада жұмысшы және солдат кеңестерін құрып. өздерінің талаптарының орындалуын сұрайды. Соғысты тоқтату, саяси тұтқындарды босату талаптарын жергілікті үкімет орындауға мәжбүр болады. Германияда революция басталады.
Революция Германияның солтүстік-батысында орналасқан Киль қаласында басталды.
1918 жылдың қазан айының аяғында Жоғарғы штабгерман әскері-теңіз флотына теңізге шығу туралы бұйрық, берілді. Неміс матростар ағылшын флотынан еш қарсылықсыз жеңілетінін түсінді.
28-қазанда Остзей, Нордзей
флоттарының үш эскадронының ко
Толқу "Кениг" кораблін, "Страсбург" крейсерін, "Фридрех великий" браноносецтерін қамтиды. "Тюрингия", "Гелголанд" корабльдерінде қызыл жалау көтерілді./36/.
Штаб мұндай бақытсыздықтарды басу үшін корабльдерде жаппай тұтқындауды бастайды. Мыңнан астам матростар тұтқындалады, Мәселен: Тюрингиядан"-600, "Маркграфтан"-200, "Гелголандтан"-150 адам тұтқындалады. Бірақ толқулар жалғаса береді. Енді олар тұтқындарды босатуды талап етеді.
Үшінші қараша күні күндіз маторстар Кильаландарының біріне жиналады. Матростарға порт жұмысшылары, гарнизон солдаттары қосылады. Бірнеше мың адам түрмеге бет алады.
Полиция бейбіт шеруге оқ атады, сегіз адам өледі, 29 адам жараланады.
Бейбіт шеруге атылған оқ матростарға тек қару арқылы ғана өз талаптарының орындауға болатынын көрсетті. Міне бұл күн революцияның басталған күні болып есептеледі.
Кемелер мен казармаларда солдат Кеңестері құрыла бастайды. 4-қараша күні бүкіл флотты толқулар қамтиды. Жұмысшы Кеңестерімен солдат кеңестері бірігіп жалпы Киль Кеңесін құрды. Кеңес үкіметке қоятын талаптарын нақтылайды.
Онда кеңестердің құқығын мойындау, офицерлердің бөлігін шектеу, саяси тұтқындарды босату сөз және баспасөз бостандықтарын беру талаптары қойылады. Бұл бағдарламада алғашқы монархияны жою, республика орнату талабы болған жоқ.
Киль Кеңесінің үндеуінде алғаш рет айтылады./37/.
Кильдегі оқиғалар Берлинге хабарланады. Үкімет Кильге Рейхстагтағы социал-демократтардың депутаты Носке мен кеңесші-хатшы Гаусманды жібереді. Носке 5-қарашада Кильге жетеді.
Ол матростардың тәжірибесіздігін пайдаланып, сол күні-ақ Солдат Кеңестерінің Төрағасы болып сайланады.
Бірнеше күннен кейін Киль Кеңесінің шешімі бойынша әскері губернатор болып тағайындалады.
5-қараша күні кешке Гамбургте бірнеше мың жүшысшы солдаттар қатынасқан Киль Кеңесінің талаптарын қолдаған жиналыс болады. 6-қарашада қаруланған матростар кәсіподақ үйін басып алып баррикадалармен қоршайды./38/.
Күндізі 50 мың жұмысшы солдат және матростар қатысқан үлкен жиналыс өтеді. Демонстрантар Гамбург сыртындағы Альтонға бет алғанға генерал Фальк бастаған гарнизон демонстранттарға оқ атады.
Жұмысшылар солдат, матростардың көмегімен қару-жарақ қоймаларын бұзып, қарулана бастайды. Қалада үкімет жұмысшы және солдат кеңестерінің қолына көшеді.
Осындай революциялық көтерілістер Любек, Шверин, Ганноовер,
Баден тағы басқа қалаларын қамтиды.
Россия елдің солтүстігімен шектелген жоқ. Оңтүстікте де кең етек жайды. Бұл революцияның бүкіл ел көлемінде пісіп- жетілгенінің көрінісі еді.
Информация о работе Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы