Францияның мемлекеттік билік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Буржуазияның сана-сезімінің қалыптасуына Вольтер, Монтескье, Мелье, Гольбах және Гельвецийлердің оқулары әсерін тигізді. Монтескье "Заңдар рухы жайында" деген еңбегінде: "бір адам немесе бір мемлекеттік орган өз қолына заң шығару, атқару, сот билігін қосып ұстаған кезде бостандық жоқ, неге десек, олар тирандық заңдар шығарып және соларды орындауға қауіпсіздік туғызады"-, деді.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

І. Францияның мемлекеттік билік жүйесі
1.1Екінші империя...................................................................................................5
1.2 Франция Конституциялық монархиясы..........................................................9
1.3 1791 жылғы Конституциясы...........................................................................11
1.4 1871 жылғы Париж Коммунасы ...................................................................12
1.5 Францияның соттық жүйесі............................................................................15
1.6 Федералдық сот жүйесі..................................................................................20
1.7 Франция жоғарғы соты..................................................................................21

ҚОРТЫНДЫ..........................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................24

Прикрепленные файлы: 1 файл

Франция мемлекеттик билик жуйе-реф.doc

— 180.50 Кб (Скачать документ)

Бланкистер де, неоякобиншілер де Тьер әскерін қарусыздандыруды түсінбеді. Ұлттық гвардияның Орталық Комитетінің  айқын жоспары болған жоқ. Бұлар халықтың белсендігімен Париждің тізгінін өз қолына алды.

1871 жылы 18-наурыздағы  революция стихиялы, ойламаған жерден  болған революция болды. Орталық  комитет революцияны алдын-ала  дайындаған жоқ. Варле, Асси тағы басқа да көрнекті қайраткерлер де дайындамады. Кешке қарай бүкіл Париж көтерілісшілердің қолына өтті. Ратуша үйінде қызыл жалау желбіреді. Осы кезде ұлттық гвардия не істеуі керек еді? Біріншіден, Версальға қарай қозғалып оларды қарусыздандыру керек еді. Екіншіден, үкіметті тұтқындау керек еді. Алайда бұлар үкімет билігіне қолын жеткізе отырып революцияның міндетін түсінген жоқ. Революцияға тән тактика шабуылға шығу екенін түсінбей, қорғаныс бағытын ұстанды. Орталық Комитет мүшелерінің "мейрімділігінің" себебі азамат соғысы шығып кетеді деп қауіптенді. Олар бұл соғысты шығарып отырған негізгі мұрындық буржуазия екенін түсінген жоқ. Париж жұмысшылары буржуазияға моральдық ықпал жасау арқылы әсер етуге болады деп түсінді. Орталық Комитет өзінің басшы орган екенін түсінбеді. Ол өзінің негізгі міндеті — Коммунаға сайлау жүргізу деп түсінді. Сайлауға дайындық жүргізді. Буржуазиялық элементтер қарусыз демонстрациялар ұйымдастырды. 26-наурыз күні сайлау жүргізілді. Париж Коммунасы Советі сайланды. Сайлауға еңбекші бұқара ғана дауыс берді. Коммуна советіне 85 адам сайланды. Дегенмен 16-сәуірде қосымша сайлау болып, тағы 22 адам сайланды. 18-26-наурыз аралығында Орталық Комитет бірнеше шаралар жүргізді. Әлеуметтік жағынан алғанда көпшілігі жұмысшылардан тұрды. Партиялық жағынан алғанда Коммуна советі әртүрлі болды. Олардың ішінде лрудонистер,неоякобиндшылаар тағы баскдлар болды. Неоякобиндықтар болып жатқан оқиғаның мәнін түсінген жоқ. Олар сыртқы жаудан Францияны қорғауды күн тәртібіне қойды.

Революцияның  барысында еңбекші бұқара үкімет басына келді. Бланкистер мен неоякобиндіктер бір блокқа бірікті. Кейбір коммуна мүшелері екі топтың екеуіне де қосылған жоқ. Коммуна советінің басым көпшілігі Маркске дейінгі социализмнің түрлі ағымдарында тұрды. Бланкистер де, пруддонистер де Францияның жұмысшыларына басшылық жасай алған жоқ. Францияның пролетариатынын өз партиясы болмады.

Сонымен 18-наурыз күні болған халық көтерілісі жаңа революциялық үкіметтің басына Париж жұмысшыларын әкелді. Олар революцияның міндетін түсінген жоқ. Сонда да олар үкімет билігін  қолына алғаннан кейін өздеріне қажетті жұмыстар істеді. Олар тұрақты армияны жойып қарулы халық жасағын кұрды. Ескі аппараттың чиновниктері жұмысқа шықпай қойды. Коммуна атқарушылық және орындаушылық билікті біріктірді. Париж Коммунасы 10 комиссия кұрды. Олар финанс, әскери, юстиция, қоғамдық тағы басқа. Коммуна Советі бұл комиссияларға өз өкілдерін тағайындады. Басқару және сот аппараттарына мүшелер сайлау арқылы тағайындалды. Сенімді ақтамағандарды жұмыстан шығаратын болды. Коммуна жұмысшылардың еңбек ақысын маман жұмысшылардың еңбек ақысымен теңестірді. Коммуна жаңа мемлекеттік құрылым ретінде көрінді: тұрақты армияны халық жасағымен алмастыру әрекеті, ескі бюрократтық аппаратты жойып жаңа аппарат құруы, жалпыға бірдей сайлау енгізуі. Олар халық алдында есеп берді. Қызметкерлер жалақысы жұмысшы жалақысына жақын етіп белгіленді. Заң шығару және атқару органдары Коммунаға біріктірідді.

Коммуна советі құрылғаннан  кейін елдің ішінде әлеуметтік топтардың  саяси белсенділігі артты. Әйелдер  клубы тағы басқа клубтар құрылды. Коммуна жұмысшылардың талабын орындауға тырысты. Айырбас және еңбек комиссиясы құрылды. Оның басшысы Лео Франкель былай деді: "Егер біз жұмысшыларға ештеңе істемесек Париж Коммунасының мәні не?" — деді. Он сағаттық жұмыс күні енгізілді. Түнгі жұмысқа тыйым салды. Осы шаралар Коммуна советінің жұмысшылар үкіметі екенін көрсетеді. Шіркеуді мемлекеттен бөлді. Азаматтық оқу енгізілді. Балалар бақшасы, мұражай есіктері ашылды. Париж Коммунасы соғысты жек көретінін көрсетті. Наполеонға салынған жүз метрлік алып ескерткішті құлатты. Париж Коммунасы кезінде басқа елдердің азаматтары Лео Франкель, Врублевский, Домбровский, басқа да орыс азаматтары жұмысшылардың қиындықтарын бөлісті.

 

1.5 Францияның соттық жүйесі

 

1. Ұлттық заң  шығару жиналысына сайлау үшін  белсенді азаматтар өр екі  жылда бастауыш жиналыстарға қалалардағы және контондардағы бастауыш жиналыстарға жиналады. Бастауыш жиналыстары, егер оны осы-ған дейін занда көрсетілген лауазымды адамдар шақырмаса, дербес, өз бетімен, заң күшімен, наурыз айының екінші жексенбісінде жиналады.

2. Туғанынан француз немесе француз азаматтығы бар, 25 жасқа толған, заңда көрсетілген уақыт ішінде қалада немесе кантонда корольдіктің кез келген жерінде түратын, үш жұмыс күні еңбек ақысынан кем емес мөлшерде салық төлейтін және оны төлегені туралы қол хаты бар, біреуге қызмет етпейтін, яғни, үй қызметшісі емес, түратын жеріндегі муници-палитеттің ұлттық гвардиясының тізіміне кірген және азаматтық антты кабылдаған адам белсенді азаматтар болып табылады.

3. Заң шығару  корпусы әрбір алты жылда жүмыс  күнінің ең көп және ең аз қүнын анықтайды, ал департаменттік басқару органдары әрбір ди-стрикт үшін оның жергілікті бағасын анықтайды.

6. Бастауыш жиналысы  сайлаушыларды белсенді азаматтардың  саны-на сәйкес түратын қалада  немесе кантонда сайлайды.Жүз  белсенді аза-магтан бір сайлаушы  сайланады, 150-ден 200-ге дейінгі  азаматтардан екі сайлаушы сайланады  және солай кете береді.

7. Егер белсенді азаматтар құрамына енуге қажетті шарттардан басқа, ол мына төмендегі талаптарға сәйкес келмесе, ешкім сайлаушы болып сайлана алмайды:

Халқы 6000-нан  астам қалада көп болғанда, жергілікті шарттар бой-ынша, қүны 200 жүмыс күніне тең табыс әкелетін мүлікті меншік Қүқығымен иелену немесе қүны 150 жүмыс күніне тең табыс әкелетін тұрғын үй-жайды жалға алу. Халқы 6000-нан кем қалада жергілікті шар-ттар бойынша қүқығы 150 жүмыс күніне тең табыс әкелетін мүлікті меншік қүқығымен иелену немесе өмірлік иелену немесе қүны 100 жүмыс күніне тең табыс әкелетін түрғын үй-жайды жалға алу;

Селолық жерде,жергілікті қүны бойынша, 150 жүмыс күніне тең  та-быс әкелетін мүлікті меншік құқығымен иелену немесе өмірлік иелену немесе қүны 400 жұмыс күнінің қүнына тең мүлікті жалға алу.

Сайлаушылар жиналысы. Өкілдерді сайлау

1. Әр департамент  бойынша сайланған сайлаушылар  өздерінің департаментінде белгіленген  көлемде өкілдер сайлау үшін  жиналады.

3. Барлық белсенді  азаматтар, олардың қоғамдық жағдайына,  мамаң-дығына немесе салық төлеу мөлшеріне қарамай, үлт өкілі болып сайла-на алады.

7. Департамент  бойынша сайланған окілдер жеке  департамент өкілі емес, бүкіл  үлт өкілі, сайлаушьшар оларға  ешқандай талаптар мен тілектер  қоя алмайды.

Ұлттық  заң шығару жиналысы өкілдерін бірлестіру

1. Өкілдер мамыр айының алғашқы дүйсенбісінде заң шығару корпу-сының отырысы откен жерде жиналады.

3. Жинаушылардың  саны 373 адамға жеткенде, олардың  екілеттілігі тексерілген соң,  олар Ұлттық жиналысты қүрайды.

7. Үлт окілдеріне  тиісуге болмайды, олар қуғындалмайды, оларға кінә тағылмайды, өкілдік міндеттерін атқару кезінде ауызша және жазбаша білдірген ойлары немесе әрекеттері үшін сотталмайды.

Сот өкіметі туралы

1. Сот өкіметі  заң шығару корпусымен де, патшамен  де жүзеге асырыла алмайды.

2. Әділ сот  халық белгіленген мерзімге сайлаған және патшамен бекіткен алымсыз соттар арқылы орындалады.

Соттар қызмет бабы бойынша қылмысы үшін сот  тәртібімен ауыс-тырылады, қызметінен оған қарсы іс қозғалғанда уақытша  қызметінен босатылады. Қоғамдық айыптаушыны  халық сайлайды, бекітеді.

3. Соттар заң  шығару окіметіне араластырылмайды, заң қолдануды тоқтата алмайды,  басқару органдарының қызмет  шеңберіне кіруіне бол-майды.

9. Қылмыстық  істерде ант берген сотпен  немесе заң шығару корпусы-На айыптау қүқығы берілген жағдайда азаматты соттауға болады. Істі сот-Қа берген соң әрекеттер қүрамын ант бергендер қарап тексереді.Айыптаушы 20-ға дейін себебін айтпай, қарсылык білдіруге қүқьілЬі Ант бергендер әрекеттерді анықтап, құрамын білгенше 12 реттен аз кеңесуге болмайды. Занды қолдану соттармен іске асады. Сот тергеуі көпшілік алдында өтуі керек. Айыпталушы сенім білдірген адамньш жәрдемдесуіне қарсылық білдіре алмайды. Ант бергендер қүрамымең анықталған адамға сол істелген әрекеті үшін қайтадан жауапкершіліккц немесе айып тағьшуына болмайды.

10. Полиция органдарының  өкілеттілігінсіз қамауға алу  туралы, сот бүйрығынсыз түрмеге  немесе түзеу үшін қамауға  алу туралы сот қаулы-сынсыз, заң  шығару корпусының айыптау қаулысы  болмайынша ещбір адам түтқынға  немесе қамауға алынбайды.

19. Заң шығару корпусында барлық патшалық үшін бір кассациялық сот тағайыңдалады. Сот үкімдеріне кассациялық арыздар болғанша, соңғы инстанция сотының шешіміне қарай шешім қабылдау, өтініш болғанща істі бір соттан екінші сотқа занды күдіктер тууына байланысты беру сот-тарға қарсы тәртіптік істерді және сотқа оның толық қүрамында талап қоюы оның міндеттеріне кіреді.

20. Қайта қарау  ісіңде кассациялық сот ісін  жүргізу тәртібі бүзылған немесе  занды айқын бүзушылықтары бар  жағдайда ол істі қайта қарай  ал-майды, кассациялық сот оны осы сотқа жататын сотқа жалдап қарауға береді.

23. Жоғарғы үлттық  сот қүрамына кассациялық сот  мүшелері және жоғарғы әділ  қазылар, министрлер мен атқару  өкіметінің жоғарғы уәкілдерінің  қылықтарын мемлекеттің жалпы  қауіпсіздігіне қауіп төндіретін  қылмыстарын, заң шығару корпусының қаулылары шыққан соң қарай алады.

Сот отырысы регламенттелген, бұл азаматтық  процесте белгілі бір артықшылықтар  жасайды, ол мынадай қызметтерді  атқарады:

  • істің мән-жайларының толық анықталу, құқықтық нормалардың дұрыс қолданылу және әділ шешім шығару кепілдіктерінің бірі ретінде жүреді;
  • істі қарауға мүдделі тұлғалардың белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етеді;
  • процеске қатысушылардың құқықтарының және азаматтық іс жүргізу принциптерінің іске асырылуына кепілдік береді;
  • нақты іс бойынша іс жүргізуге жариялылық сипат береді;
  • түрлі талаптарды қарау кезінде біркелкі іс жүргізу әрекеттерін орнықтырады.

Айқын көрінетін оң сипатына қарамастан, сот отырысының дамыған іс жүргізу  нысанының кемшіліктері де бар, себебі ол сот отырысын тым қолапайсыз етеді, бұл белгілі бір дәрежеде судьялардың жұмысын күрделілендіре түседі, тараптарды өкілдердің қымбат құқықтық көмегін іздеуге мәжбүр етеді. Сондықтан заң шығарушы АІЖК-ге сот бұйрығын енгізу жолымен бірқатар арыздарды сотта талқылаудан ішінара бас тартты және істерді сырттай қараудың жеңілдетілген тәртібін орнатты.

Азаматтық іс мәні бойынша талқыланатын сот  отырысының тәртібі азаматтық процестің  басқа мәселелерін шешетін, мысалы, сот шешімін түзету туралы, іс жүргізу  мерзімдерін қалпына келтіру туралы, жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот қаулыларын қайта қарау туралы, сот тапсырмасын орындау туралы арыздарды қарайтын сот отырыстарының рәсімінен өзгешеленеді.

Азаматтық істі талқылау шешім немесе ұйғарым (іс бойынша іс жүргізуді тоқтату  туралы немесе арызды қараусыз қалдыру туралы) шығарумен аяқталады, ал сот отырысы істі қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарыммен аяқталуы мүмкін. Бұл сотта іс қарау сот отырысына қарағанда ұзағырақ уақыт алады дегенді білдіреді.

Сотта іс қарау заңмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады және сот отырысы  нысанында бейнеленеді.

Сот азаматтық істерді азаматтық  сот ісін жүргізудің принциптерін ұстана отырып қарайды және шешеді.

Сотта іс қараудың тәртібі – бұл соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процестің басқа қатысушыларының заңмен көзделген нысандарда істі мәні бойынша шешуге бағытталған іс-әрекеттер жасауының реттілігі, сондай-ақ азаматтық істерді қарау кезіндегі заңмен белгіленген тәртіп.

Соттың  беделі мен оның тәрбиелік ықпалы төрағалық етушінің мінез-құлқына байланысты болады. Сотқа және заңға деген құрмет басқалармен қатар судьяның мәселелерді шешудегі байсалды әрі салмақты іс-әрекеті; судья қолданатын құқықтық терминологияның дәлдігі; сұрақтарды қысқаша тұжырымдау, күмәнді және жетектеуші сұрақтар қойылуына жол бермеу; судьяның біркелкі, байсалды дауыс ырғағы; тараптарға бірдей қарауы; процеске қатысушыларға қатысты салмақты, кішіпейіл әрі ізгі қарым-қатынасы; киімі мен сыртқы пішінінің ресмилігі әрі ұқыптылығы сияқты факторлар ықпалымен де қалыптасады.

Төрағалық етушінің сот отырысына жетекшілік етуде өзінің құқығын асыра пайдалануға  құқығы жоқ.

Сот отырысына жетекшілік ету отырыстың  бүкіл барысын басқару дегенді  білдіреді. Төрағалық етуші отырыс барысында төмендегілерді қамтамасыз етуге міндетті:  

  • істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау;
  • іс жүргізу әрекеттерін жасаудың кезектілігі мен тәртібін сақтау;
  • процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруы және олардың іс жүргізу міндеттерін орындауы;
  • процестің тәрбиелік ықпалы.

Сонымен қатар төрағалық етушіге қаралып  жатқан іске қатысы жоқтың барлығын сот  талқылауынан шығарып тастау, және сот отырысында тиісті тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау міндеті жүктеледі.

Төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылардың барлығы (прокурор, адвокат – іс жөніндегі  өкіл және т.с.с.) үшін, сондай-ақ сот  отырысы залында қатысып отырған  азаматтар үшін міндетті болып табылады.

Информация о работе Францияның мемлекеттік билік жүйесі