Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:47, курсовая работа
Буржуазияның сана-сезімінің қалыптасуына Вольтер, Монтескье, Мелье, Гольбах және Гельвецийлердің оқулары әсерін тигізді. Монтескье "Заңдар рухы жайында" деген еңбегінде: "бір адам немесе бір мемлекеттік орган өз қолына заң шығару, атқару, сот билігін қосып ұстаған кезде бостандық жоқ, неге десек, олар тирандық заңдар шығарып және соларды орындауға қауіпсіздік туғызады"-, деді.
КІРІСПЕ .................................................................................................................3
І. Францияның мемлекеттік билік жүйесі
1.1Екінші империя...................................................................................................5
1.2 Франция Конституциялық монархиясы..........................................................9
1.3 1791 жылғы Конституциясы...........................................................................11
1.4 1871 жылғы Париж Коммунасы ...................................................................12
1.5 Францияның соттық жүйесі............................................................................15
1.6 Федералдық сот жүйесі..................................................................................20
1.7 Франция жоғарғы соты..................................................................................21
ҚОРТЫНДЫ..........................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................24
Төңкерістік жағдайдың қалыптасуы. Өндіргіш күштердің дамуына кедергі болып отырған ескі, феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар буржуазиялық төңкерістің негізгі себептері болды. Үшінші сословие феодалдық жүйеге қарсы шықты. Олар шексіз монархияға да, феодалдық тәртіптерге де көнгісі келген жоқ. Ауыл шаруаларының ұйымдасу жағынан істелген қызметтері әлсіз болды, жұмысшылардың таптары қалыптасып келе жатқан кезі, осы жағдайда төңкерісті басқаратын күш-буржуазиялық таптар еді. Олар феодалдық тәртіпке қарсы шықты.
Буржуазияның сана-сезімінің қалыптасуына Вольтер, Монтескье, Мелье, Гольбах және Гельвецийлердің оқулары әсерін тигізді. Монтескье "Заңдар рухы жайында" деген еңбегінде: "бір адам немесе бір мемлекеттік орган өз қолына заң шығару, атқару, сот билігін қосып ұстаған кезде бостандық жоқ, неге десек, олар тирандық заңдар шығарып және соларды орындауға қауіпсіздік туғызады"-, деді. Төңкерістің басталуы шаруалар көтерілістеріне байланысты болды. Шаруалардың талаптарына қала кедейлері қосылып, революцияға қатысқан адамдардың қатарларын көбейтті. 1789 жылы Францияда төңкерістік жағдай пайда болды.
Король мен үстем тап сословиесі Францияны бұрынғыша басқара алмады, халықтың мұқтаждығы мен күйзеліске ұшырауы әдеттегіден күшейе түсті, бұқараның саяси белсенділігі едәуір артты. Төменгілер ескіше тұрғысы келмеді, ал жоғарыдағылар ескіше басқара алмады.
Он алтыншы Людовик Париждің халық бұқарасынан қорқып, Бас штаттарды Версальда шақыруды бұйырды. Ол 1789 жылы 5 мамырда сал-танатты түрде ашылды. Аса үлкен залдың бір жағына тақ алдына алтын-даған қамзол және түйе-тауықтың қауырсынымен безендірілген қалпақ киген дворяндардың 300 депутаты жиналды. Екінші жағына көкшіл және ақ киім киген дін-басыларының 300 өкілі орналасты. Қарапайым ақ жағалы қара киім киінген үшінші сословиенің 600 депутаты арт жақта тұрды.
Үшінші сословиенің халықтың көпшілігін құрайтыны және елдің бүкіл байлығы көбіне солардың қолына жиналғаны мәлім. Оның депутаттары өз күштерін сезінді және ақсүйек дворяндар мен шіркеу иелерін жек көретіндіктерін жасырған жоқ.
Он алтыншы Людовик жаңа салықты бекітуді бұйырды. Дауыс сословие бойынша берілетін, бір сословие бір дауысқа ие болатын. Демек дворяндар мен дін-басыларына еріксіз көндіру мүмкіндігі берілді. Алайда үшінші сословиенің депутаттары бұған бағынған жоқ. Үшінші сословие дауыс берудің жаңа тәртібін ұсынды, яғни, әрбір азамат өзі үшін дауыс беретін болсын. Депутаттарға сайлау кезінде қалалар мен ауылдарда көп талаптар айтылған болатын, олар көбінесе феодалдық тәртіпке наразылық білдірді. Сонымен, үінінші сословие өздерінің көптігін пайдаланып, жаңа регламентке қарсы күресіп, тақтың қарсылығын басты.
Бас штаттардың
регламенті күн тәртібінде бір ай
қаралды, аяғында дауыс жаңа "бір
депутат-бір дауыс"-деген
17 маусым күні
Бас штаттар өздерін "Ұлттық
жиналыс" деп жариялады,
Король мәжіліс залын жабуға бұйырды. Бірақ үшінші сословиенің депутаттары жақын жердегі доп ойнайтын жерге жиналып, Конституция жазылмайынша тарамау жөнінде салтанатты түрде ант берді.
Дворяндардың алдыңғы қатарлы бөлігі үшінші сословиеге қосылды. Ұлттық жиналыс өзін құрылтай жиналысы деп жариялады. Яғни, олардың мәлімдегені Конституцияны жазып, оны қабыддауға немесе жаңа мемлекеттік құрылыс орнатуға құқыктарының бар екендігі жөнінде дауыс сословие бойынша емес, жалпылама берілетін болды.
Корольдің Құрылтай жиналысын таратуы мемлекеттік борыштарды төлеуді тоқтатуға әзірленіп жатқаны халыққа мәлім болды. Халық бұқарасы буржуазияның қолдауымен шексіз монархиямен күреске шықты.
Париж халқы Құрылтай жиналысын жақтап, Бастилия деген қамал-түрмесін, шексіз монархияның басты тірегін қоршай бастағаны 14 шілде еді. Бастилияны алу төңкерістің, бастамасы болды. Бұл күні халық бұқарасы көтеріліске шығып, абсолютизммен күресте шешуші жеңіске жетті. Олар шексіз монархияны жойған төңкерістік күш ретінде бас көтерді. Кейін Бастилияны жермен-жексен етті, ал 14 шілде француз халқының жыл сайын атап өтетін ұлттық мейрамына айналды. Король әскерге сене алмайтынын түсініп, түрлі шаралар қолданды. Ол Құрылтай жиналысына өзі келіп, әскерге Версальдан және астанадан кетуге бұйрық етемін деп уәде берді.
1.2 Франция Конституциялық монархиясы
Револцияның терең де, түпкі мақсатқа жетудің себебі, елдегі феодалдық өндірістік қатынастарды басқарушылар мен өндіруші күш арасындағы қайшылықтар болды. Феодализм революцияның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алмауына байланысты тежегішке айналды. Саудагерлер, көпестер өндірісшілердің негізгі тобы өздерінің жағдайларына қанағаттанбады. Ішкі базар өндіріс үшін тар болды, себебі шаруалардың (елдегі тұрғындардың негізгі бөлігі ) өнеркәсіп тауарларын сатып алуға мүмкіншілігі болмады. Сауданың дамуына ішкі кеденнің көп болуы әсер етті. Дворяндар және духовендердің жоғарғы негізгі бөлігі әрек ет етіп жатқан құрылымды сақтап қалуға тырысты. Оны қорғаудың басты құралы ретінде мемлекеттің феодалдық-абсолюттік негізі танылды. Елдің арасында әртүрлі өзгерістер мен ауытқушылықтар болды. Бұған экономикалық және саяси жағынан ұйымдастырылған, феодалдық қозғалыстарға қарсы әлеуметтік топтар құрайтын буржуазия дайындалды. Франция АҚШ-ның, Англияның, Голландияның мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибелерін жетекшілікке ала отырып, революция жолын нақты зерттеді.
1789 жылдың мамыр айында Бас штаттың ашылды. Билік топтары бұрынгыдай үкіметтің көпшілік дауысын сақтап қалу үшін дауыс берудің ескі тәртібін қолдануды талап етті, демек әрбір сословие бір дауысқа ие болады. Бұнымен «үшінші сословие» өкілдері келіспеді. Сословиялық жекелеген мәжілістер арасында емес біріккен отырыста көпшіліктің дауыс беруімен шешім қабылдаған жөн деді. Тек осы жағдайда ғана «үшінші сословие» депутаттары өздерінің қалаған жетістіктеріне жете алады, яғни қалай да жалпы артықшылықтары бар сословие депутатары саны жалпы депутаттар санына пара-пар келеді деп есептеген. Сонымен қоса кейбір артықшылығы бар депутаттардың қолдауына сенген еді, бірақ бұл сенімдері ақталмады. Үкімет бұндай жағдайдан бас тартқаннан кейін, депуттаттардың дауыс беру жаңа ережесін қабылдайды. 1789 жылдың маусым айында «үшінші сословие» өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялайды. Бір ай өте бере француз халқының атынан өздерін - Құрылтай жиналысы деп хабарлап, бұрынғы заңдардың қуаттылығын жойып және жаңа заңдар қабылдайтын құқыққа ие болғандарын жариялады.
Конституциялық монархия. Парижде басталған революция барлық елді қамтыды. Көтерілісті бастаушылар король шенеуліктерін биліктен қуды, ендігі жерде шаруалар феодалға бағынудан және олардың міндеттерін орындаудан бас тартты. Солдаттар халықты аудан бас тартты. Үшінші сословие басшылары (ірі буржуазия), Құрылтай жиналысында ерекше жағдайға ие бола отырып, саяси билікті басқару үшін халық қозғалысын пайдаланды.
Жаңа жергілікті өзін-өзі басқару органы – муниципалитет құрылады. Бір уақытта буржуазия өзінің қарулы күштерін құруға кірісті. Әрбір ұлттық гвардеецтің бағалы қаруы,құрал-жабдықтары, шарттары,өзінің есеп шоты болуы керек. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін Соғысқа қатысқан- маркиз М.Ж. Лафайет Ұлттық гвардия басшысы болып тағайындалды. Нәтижесінде мемлекет либераль дворяндар мен бай буржуа мүддесін жақтаушы саяси топ өкілдерінің қолына өтті. Оның басшылары ретінде- маркиз Лафайет, аббат Сиейес, атақты астроном Байи, ағартушы-социоллг А. Барнов, А.Ламет және граф Мирабо ескі құрылысты толық жоюға ұмтылмады. Олардың идеалы ретінде конституциялық монархия танылды, сондықтан да олар өздерін конституционалистерміз деп атады. Құрылтай жиналысында «феодализмнен бас тарту» заңы1789 жыпы тамыз айында салтанатты түрде жарыққа шықты. Бірақ бұл заңда ең бастысы шаруалардың талаптары қанағаттандырылмаған. Бұл заңда феодалдардың жеке құқықтары (серваж, «өлі қол» құқығы, аң ау лау құқықтары) салыстырмалы түрде алынып тасталды. Ал қалғандары: жерге құқығы, нақты төлемдер, сеньорға тиесілі, шаруалардың жер учаскісін ұстап қалу сияқты құқықтары сол қалпында сақталынып қалды.
1789 жылы 26 тамызда
Құрылтай жиналысында
Декларация
авторлары бірінші кезекте
Декларация қабылдағаннан кейін, төрт айдан соң, 1789 жылдың желтоқсан айында Құрылтай жиналысында сайлаушылар үшін ценз және басқа да мүліктерді енгізу туралы декрет қабылдады. Осы декретке сәйкес, барлық азаматтар активті және пассивті болып бөлінді. Сайлау құқығына тек активті азаматтар ие болды. Активті (белсенді) азамат болу үшін келесідей талаптар болу керек:
1). ұлтының француз болуы;
2). 25 жасқа толу керек;
3). тұрғылықты жерде кемінде бір жыл тұру керек;
4). үш күндік жәрдем ақы көлемінде тікелей салық төлеу керек;
5). қайыршылық жағдайда болмауы керек;
1791 жылы Құрылтай
жиналысы мүліктік ценз
1.3 1791 жылғы Конституциясы
Құрылтай жиналысы Декларацияны құрастырумен бір уақытта конституцияны дайындап, өңдеуге кірісті. Жиналыста конституцияның негізгі қағидалары , жоғарғы заң шығару билігі корольдің, үкіметтің, соттың, сайлау жүйесі органдарының мәртебесін талқылап, бекітті. Ұлттық жиналыстың құзыретіне келесідей мәселелер жатады:
әскери іс бойынша - жыл сайын қарулы күштердің саны, құрамы жөніндегі қаулыларды қабылдау, ақша көлемін анықтау және соғыс жариялау;
қаржы шеңберінде - жыл сайынғы бюджетті бекіту, құрастыру, салықты бекіту, мемлекет құрылғысына кеткен шығындарды есептеу;
әкімшілік басқару саласында - мемлекеттік лауазымдарды тағайындау;
әділет шеңберінде - мемлекет қауіпсіздігіне қарсы келіссөз жүргізген сезіктілерді, қылмыстық қудалау қозғалған тұлғаларды, Жоғарғы сот министрлерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың алдында қылмыстық жауапкершілікке тарту;
сыртқы қатынас шеңберінде - шетел мемлекеттерімен шарттарды ратификациялау. Атқару билігі корольге жүктелді. Король- ішкі қатынастар және сыртқы басқару басшыларын, жоғарғы шенеуніктерді, команда құрамының бөліктерін тағайындап, қарулы күштерді басқарды. Корольдің атқару билігі шектелді. Ол Жиналыс қабылдаған заң шегінде ғана әрекет ете алады. Министлер корольмен тағайындалды, бірақ өз ведомствасы бойынша құқыққа қайшы әрекеті үшін Ұлттық жиналыстың бекітуімен сотқа жіберіледі. Сот билігі белгілі мерзімге бекітілген соттарға жүктелді. Қылмыстық істі қарастыру үшін присяжный соты құрылды. Мемлекетке қауіп төнетін және аса ауыр қылмыстарды қарастыру үшін, министрлердің құқық бұзушылықтарын анықтау мақсатында Жоғарғы сотты құруды көздеді. 1791 жылдың күз айында конституциялық институттарды қалыптастыру негізі аяқталды.
1.4 1871 жылғы Париж Коммунасы
Париж Коммунасы - 1871 жылғы 18-наурыз революциясы.
Ұлттық гвардияның басшылары жұмысшыларды Париж қаласына кірген неміс әскерлеріне оқ атпауға
көндірді. Неміс әскері 1-наурыз күні Париж
қаласына кірді. Неміс басқыншыларын қаңсылаған
иттер мен мияулаған мысықтар қарсы алды.
Барлық жұмыс орындары, дүкендер жабық
тұрды. 3-наурыз күні ұлттық жиналыс өзінің
отырысында Франкфурт келісіміне көніпБисмаркке тапс
Француз үкіметі Германия үкіметімен келісіп, Седан түбіндегі әскерді Парижге кіргізуге рұқсат алды. 12 мын шасси винтовкасын адды. 18-наурыз күні сағат 3-те Тьер әскері Монмартр биігінде тұрған ұлттық гвардия қолындағы артиллерияны басып алғысы келді. Тьер әскері Монмартр биігіндегі зенбіректерді төменге түсіре бастады. Түске таман Тьер әскері Париждің орталық көшелерімен Версальға қарай кете бастады. (Париж халқының, ұлттық гвардия әскерлерінің арасымен Тьер әскері зеңбіректерін сүйретіп өтіп кетті). Париж халқы 18-наурыз күні өкімет мүшелері Версальға қашып кеткеннен кейін өкіметті өз қолына алды.