Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 12:24, курсовая работа
Мұнда қабылданған декларацияла мына мәселелер қарастырылды: конференция қатысушылар адам кұқын сыйлау принциптерін БҰҰ Жарғысының мақсат принциптерін, барлық мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастылығын, ұлттар мен нәсілдер теңдігін қолдау; басқа елдерге қарулы қысым жасаудан, басқа елдердің ішкі тәртіптеріне (істеріне) кірісу мен интервенциядан бас тарту, ұлы державалардың кез келгенінің қызығушылығында ұжымдық қорғанысты пайдалану туралы келісімнен бас тарту. Принциптер демократиялық отарлыққа қарсы қозғалыстың негізІне алынды, сонымен бірге қосылмаудың Қозғалысы деген атпен белгілі болған дамушы Азия, Африка және Латын Америка елдерінің мемлекет аралық бірігуінің негізіне алынды.
Кіріспе........................................................................................................................................3
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия Африка елдеріндегі бейбіт реттеу проблемасы.
Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп..................................................................................6
Жаңа тұрпатты халықаралық қатынастардың орнығуы......................................13
ІІ Тарау. Азия Африка елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар
Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы.................................................................15
Отарлық жүйенің күйреуі. Жаңа Дербес мемлекеттердің құрылуы...........................................................................................................................18
Қорытынды.............................................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................................25
50-жылдары тәуелсіздікті Ливия (1952 жылы қаңтарда), Судан (1956 жылы қаңтарда), Тунис (1956 жылы наурызда). 1958 жылдағы маусым төңкерісінен кейін Ирак еркін, тәуелсіз мемлекет болды.
Осылайша 50-жылдардың аяғында еркіндік пен тәуелсіздікті Таяу және Орта Шығыс елдері мен Солтүстік Африка елдері алды [9, 159-161бб].
Ұлт-азаттық қозғалыс Африка континентін жаулап алды. 1957 жылдың наурызында бұрынғы ағылшын отары Алтын Жағалауда ұзақ әрі қиын күрес жолынан соң Тропикалық Африканың бірінші тәуелсіз мемлекеті болды. Алтын Жағалауды ұстап қалу мақсатында ағылшындар ұзақ құлшыныс тартты, бірақ олар мемлекеттің жаңа саяси құрылымын бекітуге мәжбүр болды. 1951 жылдың ақпанындағы Заң шығарушы жиналыстағы сайлауда толық жеңісті Квам Нкрум басшылық еткен Халық партиясы иеленіп, оның көшбасшысы Квам Нкрум премьер-министр болды. Бірақ отар тәртібі Англия елге доминион статусын беріп, Алтын Жағалау тәуелсіз Гана мемлекеті болғанша1957 жылдың 6 наурызына дейін сақталды.
Тәуелсіздік үшін күресті Француз Батыс Африкасы мен Француз Экваторлық Африка елдері жүргізді. Экваторлық Африкадағы отар жүйесінің кұлауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына әкелді.
Экваторлық Африка елдерінің бірі Гвинеяда француз үкіметі референдум өткізуге барды, осылайша, олар бұл елді отарлық тәуелділікте ұстап калуға тырысты. Референдумда жаңа конституция туралы сұрақ көтерілді. Француз билігі егер халық оны қолдамаса елге тәуелсіздік беріледі деп айтты. Халықтың 97 пайыз конституцияға қарсы болды. Нәтижесінде Гвинея 1958 жылдың 2 қазанында тәуелсіз егемен мемлекет болды.
Тәуелсіздік алған келесі мемлекеттер Того мен Камерун болды. Тогодағы І958 жылғы сайлаудан соң билікке отарлық үстемдіктен босатуды талап ететін үкімет келді. 1959 жылы ақпанда өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясы Тогоға тәуелсіздік беру туралы сөз айтты да мемлекет 1960 жылдың 27 сәуірінде оны алды.
1959 жылдың 25 желтоқсанында Камерун
да еркін мемлекет болды.
Сол 1960 жылы тағы 17 Африка мемлекеттері тәуелсіздік алды. Олардың арасында: Чад, Орталық Африка Республикасы, Конго (Браззавиль), Габон, Дагомей Республикасы, Нигер Республикасы, Жоғарғы Вольта Республикасы мен Піл Сүйегі Жағалауы (Берег Слоновой Кости) Республикасы (Кот д'Ивуар). Бұл жыл әлемдік тарихқа Африка жылы деп енді [4, 93-95бб].
60-жылдары, Шығыс және
Дербестік алғаннан кейін Африка елдерінің көбінде тынышсыздық болды. Отарлаушы билік бай отарлардан айырылғысы келмеді. Табанды күрес Конгода өтті. Азамат соғысы Анголада өрістенді. Басқа елдерде, сонымен бірге Сьерра-Леонада уақтылы - уақтылы қарулы күреске ұласқан қақтығыстар болып тұрды. Эфиопия мен Сомали арасында бірнеше рет қарулық қақтығыстар болды.
Африкалық мемлекеттердің алдында тұрған басты міндеттердің бірі-күштерді біріктіру болды. Тек бірге ғана африкалық мемлекеттер сәтті дамып, алға қарай жүре алды. 1963 жылы ұзаққа созылған келіссөздерден соң тәуелсіз африкалық мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшыларының конференциясында Африкалық Бірлік Ұйымы (АБ¥ немесе ОАЕ) құрылды. Бұл Ұйым өзіне 50 мемлекетті біріктірді.
Бұл Ұйымның міндеттері: африкалық мемлекеттердің саяси және экономикалық ынтымақтастығын дамыту, олардың әлемдегі ықпалын нығайту, олардың территориялық тұтастығын қорғау, халықаралық аренадағы істердің координациясы мен біріктірілуін камтамасыз ету. Отарлық тәуелділіктен кұтылу үшін күрестер Латын Америкасында да жүріп жатты. 50-жылдары кубалық патриоттар американ колшоқпары Батистаға қарсы шықты. Ұзаққа созылған күрестен кейін 1959 жылдың бірінші күні Фидель Кастро бастаған патриоттар Гаванаға кірді. Елдің Америкаға бағынышты болуы осымен аяқталды.
1955 жылдың сәуір айында Бандугада конференция өтті, оған Азия және Африка елдерінің 29 мемлекеті катысты. Оның шешімдері отарлыққа қарсы күресті одан әрі дамытып, халықтардың жағдайларын қорғау үшін маңызы зор болды. Мұнда қабылданған декларацияла мына мәселелер қарастырылды: конференция қатысушылар адам кұқын сыйлау принциптерін БҰҰ Жарғысының мақсат принциптерін, барлық мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастылығын, ұлттар мен нәсілдер теңдігін қолдау; басқа елдерге қарулы қысым жасаудан, басқа елдердің ішкі тәртіптеріне (істеріне) кірісу мен интервенциядан бас тарту, ұлы державалардың кез келгенінің қызығушылығында ұжымдық қорғанысты пайдалану туралы келісімнен бас тарту. Принциптер демократиялық отарлыққа қарсы қозғалыстың негізІне алынды, сонымен бірге қосылмаудың Қозғалысы деген атпен белгілі болған дамушы Азия, Африка және Латын Америка елдерінің мемлекет аралық бірігуінің негізіне алынды. Бүл Үйым Жарғысыз қызмет атқарады. Оның қызметі соғысқа қарсы, империалистікке қарсы, отарлыққа қарсы және нәсілдікке қарсы бағытпен сипатталды. [10, 133-135бб].
Қорытынды
Сонымен қорыта келгенде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азия және Африка елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстардың нәтижесінде отрашылдық жүйе күйреп, тарих сахнасына Жаңа Дербес мемлекеттер пайда болды.
Дербестік алғаннан кейін Африка елдерінің көбінде тынышсыздық болды. Отарлаушы билік бай отарлардан айырылғысы келмеді. Табанды күрес Конгода өтті. Азамат соғысы Анголада өрістенді. Басқа елдерде, сонымен бірге Сьерра-Леонада уақтылы - уақтылы қарулы күреске ұласқан қақтығыстар болып тұрды. Эфиопия мен Сомали арасында бірнеше рет қарулық қақтығыстар болды.
Еркіндік алған халықтарға Кеңес Одағы үлкен көмек көрсетті. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде "вето" құқығын пайдаланып, Кеңес Одағы тәуелсіздік үшін күресіп жатқан немесе оны жаңа ғана алған Азия, Африка және Латын Америка елдерінің жағдайларына қайшы келетін шешімдерді қабылдаттырмады. Оған мысалдар көп. Солардың ішіндегі біріне тоқталсақ, 1956 жылы Кеңес Одағы Египеттің ағылшын-француз-израиль интервенциясына қарсы күресте шешуші рөл атқарды. Бұл мемлекеттің жаңа жас билеушісі экономиканы дамытуға жэне халықтың өмірін жақсартуға шаралар қолдана бастап, батыс мемлекеттерінен көмек сұрады да онысы қабыл альшбады. Нілде биік Асуан бөгетін және қуатты электрстансасын салу үшін Египет қаржыны қажет етті. Сондықтан, оны салу үшін өткен ғасырда құрылған компания иеленген Суэц каналын национализациялау туралы шешім қабылданды. Компания мен оның акционерлері акцияға жіберген ақшасынан бірнеше есе көп дивиденттерді алған болатын.
1956 жылдың 26 шілдесінде Египет үкіметі
Суэц каналы компаниясын
Халықаралық ұйымның қолдауын таппаған Англия мен Франция Израиль үкіметімен келісіп, 1956 жылдың 29 қазанында Египетке қарсы интервенция жүргізді. КСРО агрессия қарсы болып, Құрама Штаттарға бірге соғысқа қарсы шығуды ұсынды. Вашингтан келісім бермеген соң КСРО біржақты тәртіпте Египетке қарсы агрессияның одан әрі дамуына жол бермейтіндігін және Египетке қолдан келетін барлық қажет көмекті беретіндігін айтты. Үш үкімет өзінің әскери қимылдарын тоқттаты да кейін, өз әскерін египеттік территориядан шығара бастады .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Г.В.Ефимова, А.Д.Новичева, Д.А.Ольдерогге. «Новая история стран зарубежной Азии и Африки». Ленинград .1971г.
2.А.А.Губер, Г.Ф.Ким, А.Н.Хейфец. « Новая история стран Азии и Африки». М. 1982г.
3. Ю.Н.Розалиев. « Новая и новейшая история стран Азии и Африки». М. 1987г. 4. И.В.Можейко, А.Н.Узянов . «История Бирмы». М. 1973г.
5. Н.В.Ребрикова. « Очерки Новой истории Таиланда».
М. 1966г.
7. Ланда Р.Г. «Борьба алжирского народа против европейской колояизации» М. 1976 г.
8.Бартницкий А, Манпель - Нечко И. « История Эфиопии». М. 1976г.
9.Васин И.И. «Политика капиталистических держав в Эфиоиии» М.1974г.
10.Васильев Л.С. «История Востока». М.2001г.
.