Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия Африка елдеріндегі бейбіт реттеу проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Мұнда қабылданған декларацияла мына мәселелер қарастырылды: конференция қатысушылар адам кұқын сыйлау принциптерін БҰҰ Жарғысының мақсат принциптерін, барлық мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастылығын, ұлттар мен нәсілдер теңдігін қолдау; басқа елдерге қарулы қысым жасаудан, басқа елдердің ішкі тәртіптеріне (істеріне) кірісу мен интервенциядан бас тарту, ұлы державалардың кез келгенінің қызығушылығында ұжымдық қорғанысты пайдалану туралы келісімнен бас тарту. Принциптер демократиялық отарлыққа қарсы қозғалыстың негізІне алынды, сонымен бірге қосылмаудың Қозғалысы деген атпен белгілі болған дамушы Азия, Африка және Латын Америка елдерінің мемлекет аралық бірігуінің негізіне алынды.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................................3
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия Африка елдеріндегі бейбіт реттеу проблемасы.
Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп..................................................................................6
Жаңа тұрпатты халықаралық қатынастардың орнығуы......................................13
ІІ Тарау. Азия Африка елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар
Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы.................................................................15
Отарлық жүйенің күйреуі. Жаңа Дербес мемлекеттердің құрылуы...........................................................................................................................18
Қорытынды.............................................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

азия африка курсавой.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе........................................................................................................................................3

І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия Африка елдеріндегі бейбіт реттеу проблемасы.

    1. Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп..................................................................................6
    2. Жаңа тұрпатты халықаралық қатынастардың орнығуы......................................13

ІІ Тарау. Азия Африка елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар

    1. Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы.................................................................15
    2. Отарлық жүйенің күйреуі. Жаңа Дербес мемлекеттердің құрылуы...........................................................................................................................18

Қорытынды.............................................................................................................................24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Екінші дүниежүзілік соғыс өмірдің барлық жақтарына үлкен ықпалын тигізді, сонымен қатар, ол отар және тәуелді халықтардың өздерінің тәуелсіздіктері үшін күресін ары қарай жандандырып, дамытуға мүмкіндік тудырды. Басты рөлді КСРО атқарған демократиялык күштердің фашизмді жеңуі Азия, Африка мен Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды кеңейтіп дамытуға оң ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан сон халықтардың тәуелсіздік үшін күресінде жаңа дәуір басталды. Отарлық жүйе біртіндеп құлдырай бастады.     60-жылдары, Шығыс және Орталық Африка елдері бостандығын алды. Олардың қатарында бұрынғы британ иеліктері Кения, Уганда, Занзибар, Ньясленд, Солтүстік Родезия. Ал Оңтүстік Африка елдерінің тәуелсіздік алуы біраз кідіріп қалды. Бұл кездейсоқтық болған жоқ. Оңтүстік -Африка континентінің ең бай аймағы. Бұл жерде отарлаушылардың қолынан жібергісі келмеген алтын, платина, алмаз, уран және минералды байлықтардың қоры шоғырланған. Ангола, мысалы, тәуелсіздігін тек 1975 жылы ғана алды.          Дербестік алғаннан кейін Африка елдерінің көбінде тынышсыздық болды. Отарлаушы билік бай отарлардан айырылғысы келмеді. Табанды күрес Конгода өтті. Азамат соғысы Анголада өрістенді. Басқа елдерде, сонымен бірге Сьерра-Леонада уақтылы - уақтылы қарулы күреске ұласқан қақтығыстар болып тұрды. Эфиопия мен Сомали арасында бірнеше рет қарулық қақтығыстар болды.      Африкалық мемлекеттердің алдында тұрған басты міндеттердің бірі-күштерді біріктіру болды. Тек бірге ғана африкалық мемлекеттер сәтті дамып, алға қарай жүре алды. 1963 жылы ұзаққа созылған келіссөздерден соң тәуелсіз африкалық мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшыларының конференциясында Африкалық Бірлік Ұйымы (АБ¥ немесе ОАЕ) құрылды. Бұл Ұйым өзіне 50 мемлекетті біріктірді.      1955 жылдың сәуір айында Бандугада конференция өтті, оған Азия және Африка елдерінің 29 мемлекеті катысты. Оның шешімдері отарлыққа қарсы күресті одан әрі дамытып, халықтардың жағдайларын қорғау үшін маңызы зор болды. Мұнда қабылданған декларацияла мына мәселелер қарастырылды: конференция қатысушылар адам кұқын сыйлау принциптерін БҰҰ Жарғысының мақсат принциптерін, барлық мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастылығын, ұлттар мен нәсілдер теңдігін қолдау; басқа елдерге қарулы қысым жасаудан, басқа елдердің ішкі тәртіптеріне (істеріне) кірісу мен интервенциядан бас тарту, ұлы державалардың кез келгенінің қызығушылығында ұжымдық қорғанысты пайдалану туралы келісімнен бас тарту. Принциптер демократиялық отарлыққа қарсы қозғалыстың негізІне алынды, сонымен бірге қосылмаудың Қозғалысы деген атпен белгілі болған дамушы Азия, Африка және Латын Америка елдерінің мемлекет аралық бірігуінің негізіне алынды. Бүл Үйым Жарғысыз қызмет атқарады. Оның қызметі соғысқа қарсы, империалистікке қарсы, отарлыққа қарсы және нәсілдікке қарсы бағытпен сипатталды.

Курстық жұмыстың тарихнамасы: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азия және Африка елдеріндегі отарлық жүйенің күйреуімен Жаңа Дербес мемлекеттердің құрылуы туралы бірнеше ғалымдар өз кітаптарында жазған. Г.В.Ефимова, А.Д.Новичева, Д.А.Ольдероггенің кітабында «Уақыты бойынша бірінші болып Оңтүстік-Шығыс Азия елдері еркіндік ала бастады. Соғыс жылдарының өзінде Индонезия халқы жапондықтармен күрес жүргізді, олар елді жаулап алдып еркіндік үшін болған кез келген құлшыныстарды аяусыз басып шаншып отырды» деп жазған [1].    Таяу және Орта Шығыс елдерінің отарлауға қарсы күресі соншалықты ұзақ болмаса да, өте маңызды, өткір болды. Сирия мен Ливан, Египет пен Ирак, Йемен мен Иордания тәуелсіздігіне қол жеткізді деп А.А.Губер, Г.Ф.Ким, А.Н.Хейфец өз еңбектерінде жазды [2].          50-жылдары тәуелсіздікті Ливия (1952 жылы қаңтарда), Судан (1956 жылы қаңтарда), Тунис (1956 жылы наурызда). 1958 жылдағы маусым төңкерісінен кейін Ирак еркін, тәуелсіз мемлекет болды. Осылайша 50-жылдардың аяғында Таяу және Орта Шығыс елдері мен Солтүстік Африка елдері еркіндік пен тәуелсіздігін алды деп Ю.Н.Розалиев өзінің кітабында жазған [3].      Бирманы оккупациялаған жапондықтарға қарсы операция жүргізген ағылшындар ағылшын әскерлеріне көрсеткен көмектеріне қарамастан бирма патриоттарына, ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуына кедергі жасауға тырысты. Саяси маневрлармен билікті бирма халқына өткізбеуге тырысқан ағылшын саясатына қарамастан бүкіл елде азаттық қозғалыстар өсіп жатты. Бүкіл билікті толығымен халыққа беру және Құрылтай жиналыста сайлау өткізу туралы талаптар жалпылық болды. Ақырында ұлттық күштердің қысымына түскен ағылшын үкіметі Бирмаға доминион статусын беруге мәжбүр болды. Қыркүйекте Құрылтай жиналыс Конституция қабылдады, ол жаңа республика - Бирма Одағын жариялады деп И.В.Можейко, А.Н.Узяновтар өзінің еңбектерінде жазған [4].

60-жылдары, Шығыс және Орталық  Африка елдері бостандығын алды. Олардың қатарында бұрынғы британ  иеліктері Кения, Уганда, Занзибар, Ньясленд, Солтүстік Родезия. Ал Оңтүстік Африка елдерінің тәуелсіздік алуы біраз кідіріп қалды. Бұл кездейсоқтық болған жоқ. Оңтүстік -Африка континентінің ең бай аймағы. Бұл жерде отарлаушылардың қолынан жібергісі келмеген алтын, платина, алмаз, уран және минералды байлықтардың қоры шоғырланған. Ангола, мысалы, тәуелсіздігін тек 1975 жылы ғана алған деп Н.В.Ребрикова өз еңбектерінде жазды [5].

1952 жылы Египетте Г.А.Насер бастаған "Еркін офицерлер" ұйымының қүрамына кірген патриотты-бағыттаиған жас әскерилер әскердің қолдауымен төңкеріс ұйымдастырып, билікті өз қолдарын алды. Үш күннен соң Фарук патша бас тарту туралы актіге қол қойып елден мәңгілікке кетіп қалды. Жаңа биліктің қалыптасуы және құрылуы қиын жағдайларда Суэц каналында әскері орналасқан Англиямен үнемі күреспен өтті. Соңғы ағылшын солдаты Египеттен тек 1956 жылдың 13 маусымында кетті деп . Л.А.Фридман өзінің кітабында жазған [6].

Курстық жұмыстың мақсаты: Курстық жұмысты өз деңгейінде жазып, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі  Азия және Африка елдерінің бейбіт реттеу проблемасын, дерек көздерін пайдалана отырып, өз деңгейінде аша білу. Дерек көздеріне негізделіп жазылған материалдарды пайдалану барысында тақырыпты нақтылап мүмкіндігінше жан-жақты дерек көздерін іздестіріп, мол деректерді пайдалана отырып түсінікті әрі сауатты түрде жазып зерттей отыра, тақырыптың  мазмұнын аша білу.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп және Жаңа тұрпатты Халықаралық қатынастардың орнығуы жайлы зерттеу жүргізу.
  • Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысын жан-жақты талдау.
  • Азия және Африка елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстардың қорытындыларын анықтау.
  • Азия және Африка елдеріндегі отаршылдық жүйенің күйреуі және Жаңа Дербес мемлекеттердің құрылу мәселелерін мүмкіндігінше түпкілікті әрі жан-жақтыы зерттеу.

   Курстық жұмыстың  құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімшеден, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия Африка елдеріндегі бейбіт реттеу проблемасы.                                                                                                          1.1. Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп

Қырым конференциясы. БҰҰ-ның құрылуы, одақтастардың қимылдарының жемістері  мен фашистік блоктың күйреуі Германияның жақын арада жеңілісін білдірді. Оның толығымен күйреуін жүзеге асыру жөнінде және босатылған Еуропадағы саясат жөнінде шешімдер шығару үшін, Сталин, Рузвельт және Черчилль 1945 жылы ақпанда Ялтада конференцияда ұйымдастырылды. Алдарына қойған мақсаттарға жету үшін олар Германияны оккупациялауды шешті. Әрбір үш держава (сонымен бірге Франция) үшін оккупациялауға тиесілі территориялар белгіленді. Қырым конференциясы барысында Сталин, Рузвельт және Черчилль құпия келісім жасасты: Кеңестер Одағы Еуропадағы соғыс қимылдардың аяқталасымен 2-3 айдан кейін Жапониямен соғысқа қатысуға уәде берді. Сонымен бірге Моңғол Халық Республикасының сол қалпында қалуын, КСРО-ге Оңтүстік Сахалин және Курил аралдарын беруді және Порт-Артурда кеңестік әскери базаны құру (Қытай) талаптарын орындаған жағдайларда ғана жүзеге асуы мүмкін болды. Қырым конференциясының жұмыс барысында жалпы халықаралық ұйымын құру мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Ол ұйым негізінен дүниедегі тыныштық пен бейбітшілік орнатуға қажет болды, кейін ол Біріккен Ұлттар Ұйымы атауын алды. Үш ірі державалардың басшылары БҰҰ-ның қағидаларының жобасына келісті, онда ең қажетті жағдайлар қарастырылды: негізгі мәселелерді шешуді бірауыздылық заңы жұмыс істеді, яғни олардың әрбіреуі вето заңын иеленді. Бұдан кейін 1945 жылы 25 сәуірде, яғни кеңестік және американдық әскерлерінің Германия территориясында біріккен күні, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында конференция ашылды. Бұл халықаралық тарихтағы бірден-бір ірі конференция болып табылады. Оның негізгі міндеті - бейбітшілікті сақтауға арналған халықаралық ұйым құру болды. Сан-Францискодағы конференцияны Германиямен соғыстың аяқталмас бұрын шақырылуының өзі одақтастардың арасындағы жаңа халықаралық ұйымды құрудағы негізгі мәселелердің шешімін тапқандығын білдірсе керек. Бұл конференцияда 1942 жылдың 1 қаңтарында Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойған мемлекеттердің барлығы қатысты. КСРО, АҚШ, Англия және Қытай атынан конференцияға шақыру жіберілді, олардың арасында 19 мемлекет латынамерикандық, 4 мемлекет британ доминиондары болды. Ал бейтарап саясатын ұстанған елдер (Эйре, Исландия, Португалия, Швеция), сол тұста Германия мен Жапония оккупацияланған елдер, Дания (оккупанттардан босатылғаннан кейін дат басшылығы да конференцияға шақырылды), Австрия және Тан (Сиам) конференцияға қатыспады. Сонымен қатар ағылшын және американ басшылығының арасындағы қарама-қайшылықтардың салдарынан кейбір елдердің басшылықтарын АҚШ және Англияның мойындамағандығынан (Албания, Польша, Моңғол Халық Республика-сы) олар да қатыспады .

Кеңестер делегациясының іс-әрекеттерінің арқасында конференцияға  Украина мен Белоруссия өкілдері қатысуына қолдары жетті. Сонымен  бірге кезінде Германия мен Жапонияның одақтастары болған, бірак соғыс  барысында оларға қарсы шығып, соғыс  жариялаған: Италия, Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндия да конференцияға шақырылмады. Конференция барысында Аргентинаға қатысуға, мүше болуға мүмкіндік берілді. Барлығы конференцияға 50 ел қатысты.  Конференцияның төрағалары ретінде шақырушы төрт делегацияларының басшылары болып тағайындалды: КСРО( В.М.Молотов), АҚШ( Э.Стеттиниус), Англия(А.Иден) және Қытай (Сун Цзывень).

Конференцияның негізгі және де жалғыз қарастыруға тиіс мәселесі -БҰҰ-ның  жарғысының құрастырылуы болған еді. Сонымен  оның жұмысының барысында 4 комиссия құрылды: бірінші комиссия - жалпы жағдайлар бойынша, ол негізгі «Мақсат және принциптерін», «Мүшелік   және негізгі ұйымдарын» қарастырады, екіншісі мәселелерін және төртіншісі (заңдық) - халықаралық сот және басқада заңдық мәселелерді қарастырады. Көптеген мәселелерді қарастырып, 1945 жылы 26 маусымда БҰҰ-ның Жарғысын қабылдаумен конференция өз қызметін аяқтады. Потсдам конференциясы, 1945 жылдың 4 - шілдесінде Берлин маңындағы Цецилиенхоф сарайында үш державалардың (КСРО, АҚШ және ¥лыбритания) үкімет басшыларының жаңа конференциясы ашылды [1, 61-63бб].

Конференцияға КСРО-ның Халкомсовының  өкілі И.В.Сталин, АҚШ президенті Г.Трумен, Ұлыбритания премьер-министрі У.Черчилль (оны 28шілде күнінен бас-тап  жаңа сайлауда жеңген үкіметінің басшысы  К. Этлли ауыстырды), үш елдің сыртқы істер министрлері, штаб басшылары қатысты. Потсдам конференциясы Еу-ропада соғыс қорытындысын, негізінен Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс орындарын толық жою шараларын белгіледі. Конференцияның қаулылары нацистік мемлекетті жоюға бағытталды. Елдің саяси құрылысын демократиялық жолмен қайта құру. Германия милитаризм мен фашизмін жою, ұлтшыл - социалистер партиясын тарату, Германия монополистік бірлестіктерін жою принциптері белгіленді. Берлин жөнінен халықаралық құқықтық деңгейі қабылданды. Бұл конференцияның шешімдері Германияның бейбіт демократиялық мемлекет болып дамуына жол ашты. Конференция соғыстан кейінгі кейбір территориялық мәселелерді де шешкен еді. Кеңестер Одағына Кенигсберг (қазіргі Калининград) қаласын және оның төңірегіндегі аудан берілді. Бұрын фашистік Германия тартып алган Польша жерлері өзіне қайтарылды. Польша мен Германияның жаңа шекарасы белгіленді. Ол шекара Балтық теңізінен Одер және Нейсе өзендерінін бойымен Чехословакияға дейін жүретін болды. Потсдам конференциясына қатысушы үш мемлекет Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату мәселесімен шүғылдануға келісті. Конференция осы елдер және Италиямен бейбітшілік бітімін дайындау үшін сыртқы істер министрлерінің кеңесін құрды. Бұл кеңес құрамына КСРО, Ұлыбритания, Франция, Қытай және АҚШ өкілдері кірді. Кейін бұл Кеңеске Германиямен бейбітшілік қатынастарды да шешіп отыру міндеті жүктелді. Конференция Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен бітім шартын жасағаннан кейін ұлы үш мемлекет олардың БҰҰ - ға кіру жөніндегі мәселені куаттайды деп шешті.

Потсдам конференциясы  Испания агрессияшыл өкіметінің БҰҰ- ға кіру жөніндегі арызын қолдамайтынын  білдірді. Солайша, Потсдам конференциясы соғыстан кейІнгі халықаралық мәселелерді талқылап, маңызды шешімдер шығарып, қабылдады. Олардың барлығын іске асыру тұрақты бейбіт өмір және халықаралық қауіпсіздікті орнатуға жол ашты.

Жапонияның капитуляциясы. Оңтүстік — Шығыс Азия елдерінін  босатылуы. 1944 жылдың басынан АҚШ пен Англияның қаруланған күштері Тынық мұхиты мен Азияда жорықтарын бастады. Жапондық соғыс ұшағының көтерілуге мүмкін емес биіктікте ұшуға мүмкіндігі бар «ұшушы бекініс» бомбалаушылары жапондық қалаларды аяусыз қырды. 1944 жылы қазанда соғыстардың тарихындағы ең ірі Лейт (Филиппины) аралы маңыңда төрткүндік теңіз қақтығысы болды. Екі жақтан да шамамен 300 ірі әскери кемелері қатысты. Онда жапондық адаммен - (камикадзе) басқарылатын ұшқыштар кемелерге соғылыстан жарылуы тиіс болған. Бірақ «камикадзелер» де бұл жолы жапондықтарға көмектеспеді. Американдық флот және авиациясы жауды талқандады. Суда   да,   әуеде   де   толық   билікті   иеленген   американдық   әскер,   Филиппин аралдарында түсіп, ондағы партизандардың көмегімен бүл жерді жапондық оккупанттардан тазартты. Ағылшын әскері шапқыншылықты Бирмадан бастады. Ол кезінде жапондық оккупанттық басшылықтың қарауында болған Бирма әскерінін көтерілісшілерінен қолдау тапты. 1945 жылы мамырда жапон әскерлері Бирмадан ығыстырылды [2, 42-44бб].

Енді Үндіқытай  мен Индонезияны үстап түруға күші жетпеген Жапония, оларға тәуелсіздікті  уәде етті. Филиппины мен Бирмадан айырылдағына қарамастан Жапония, Германияның капитулляциясы тұсында әлі де өз қол астында Кореяны Кытайдың бір бөлігін, Малайяны, Тайлантты, Үндіқытайды, жалпы бүкіл Индонезияны дерлік ұстада деуге болады. Мұны ескере отырып, АҚШ пен Ұлыбританияның ойынша Жапониямен соғыс Кеңестер Одағының кіруіне тырысты. Сонымен қатар, американдық басшылық Жапонияға қарсы жаңадан жасалған атом қаруын қолдануды ұйғарды, мұның өзі басқа елдерге қысым көрсетудің бір амалы еді.

1945 жылы 6 тамызда  американ ұшағы атом бомбасын  жапондық Хиросима қаласына тастады.  Бұл жарылыс үлкен қасіреттерге әклді: Хиросиманың күрылысының 90 пайызы өртелді, лезде 90 мың адам көз жұмды; 10 мыңдай адам кейін жарақаттардан және радиоактивті сәулелерден өлді. Бұл атом бомбасының бірінші жарылысынан кейін, адамзат «атом дәуіріне» аяқ басты. 1945 жылы 8 тамызда Кеңес Одағы өзінің уәдесіне сәйкес, Жапонияға соғыс жариялады. Кеңестік әскер жапондық оккупанттарға қарсы әрекеттерін Солтүстік- Шығыс Қытайда, Солтүстік Кореяда, Оңтүстік Сахалинде жэне Курил аралдарында бастады. Жапонияға соғысты Моңғол Халықтық Республикасы жариялады. 9 тамызда американ авиациясы Жапонияға екінші атом бомбасын түсірді - ол Жапониядағы ірі ірі сауда портты қаласы, Кюсю аралында батысында орналасқан Нагасаки қаласы еді. Бұл жарылыстын салдарынан қаланың 1/3 -і қирап, 75 мыңға жуық адам қаза болып және жараланды. Сонымен 400 мың адам радиоактивтік сәулелер кесірінен өлімге ұшырады. Атом бомбалауы және соғысқа КСРО- ның кіруі Жапонияны өзінің жеңілісін мойындауға тіреді. 1945 жылы жапон басшылығыы капитулляция жалпы келіссөздер жүргізуге бастады.

Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия Африка елдеріндегі бейбіт реттеу проблемасы