Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 12:24, курсовая работа
Мұнда қабылданған декларацияла мына мәселелер қарастырылды: конференция қатысушылар адам кұқын сыйлау принциптерін БҰҰ Жарғысының мақсат принциптерін, барлық мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастылығын, ұлттар мен нәсілдер теңдігін қолдау; басқа елдерге қарулы қысым жасаудан, басқа елдердің ішкі тәртіптеріне (істеріне) кірісу мен интервенциядан бас тарту, ұлы державалардың кез келгенінің қызығушылығында ұжымдық қорғанысты пайдалану туралы келісімнен бас тарту. Принциптер демократиялық отарлыққа қарсы қозғалыстың негізІне алынды, сонымен бірге қосылмаудың Қозғалысы деген атпен белгілі болған дамушы Азия, Африка және Латын Америка елдерінің мемлекет аралық бірігуінің негізіне алынды.
Кіріспе........................................................................................................................................3
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия Африка елдеріндегі бейбіт реттеу проблемасы.
Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп..................................................................................6
Жаңа тұрпатты халықаралық қатынастардың орнығуы......................................13
ІІ Тарау. Азия Африка елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар
Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы.................................................................15
Отарлық жүйенің күйреуі. Жаңа Дербес мемлекеттердің құрылуы...........................................................................................................................18
Қорытынды.............................................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................................25
Осы тұста кеңестік әскерлер ілгері жылжи отырып, Солтүстік- Шығыс Қытай және Солтүстік Кореяны алды, ал американдық әскерлер Оңтүстік Кореяға түсірілді. Жапонияның жеңілісі жалпы хабар жеткен Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінін көбінде көтерілістер басталды. Вьетнам, Индонезия және Макайа өздерін тәуелсіз деп жариялады. Жапонияның оккупанттық жүйесі күйреді. Барлық оккупацияланған елдер босатылды. Жапониямен құрылған отарлық империя талқандалды. 1945 жылы 2 қыркүйекте Токшилик бұғазындағы американ «Миссури» пинкорда одақтық әскерлердің жоғарғы басқарушысының өкілдігімен американдық генерал Макартурдың басшылығымен Жапонияның капитулляциясы туралы актіге қол қойылды. Бұл оқиғаның болуымен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Фашизмнің күйреуі. Демократияның жеңісі. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысында фашизм толық түрде күйреді. Фашистік агрессорлар капитуляцияланды, фашистік партияларға тиым салынды, фашистік идеология сынауға алынды.
Демократиялық хартиясында құрастырылған демократиялық принциптердің дәрежесі жоғары көтерілді. Күштердіц орналасуының өзгерістері. Соғыстан кейін халықаралық аренадағы күштердің орналасуы мүлдем өзгерді деуге болады. Жеңілістерінен кейін-ақ Германия, Италия және ¥лыбритания өзі де біршама әлсіреді. Ал АҚШ бұл соғыстан кейін мықты, күшейген мемлекет ретінде орнықты. Өзінің қарсыластарын озып басып, ол капиталистік дүниедегі алдыңғы қатарлы ұлы державаларға айналды.
Екінші ұлы держава қатарына Кеңес Одағын жатқызылды. Соғыстағы көптеген шығындарға қарамастан, оның соғыстан жеңімпаз болып шығуы, ірі экономикалық мүмкіндіктерді, күшті әскердің болуы, КСРО қоластында халық-демократиялық мемлекеттердің блогының құрылуы Кеңес Одағын жоғары дәрежеге көтерді. Бұл екі ірі державалардың, яғни КСРО мен АҚШ-тың қарсыластықтары, осылайша «екі полюсті дүниенің» пайда болуы келесі соғыстан кейінгі тарихқа өзінің зор үлесін, өшпес ізін қалдырды. Жоғарыда атап айтқандай, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Кеңес Одағының халықарлық беделі бұрын-соңды болмаған болмаған биікке көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік дамуда оның ықпалы күшейді. Өзінің сыртқы саясатында КСРО кеңес халқының түбегейлі мүдделерін, туысқан социалистік елдер мен дүниежүзінің барлық еңбекшілері алдындағы интернационалдық революциялық парызын негізге алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес Одағы жаңа агрессияның мүмкіндігін жоққа шығатындай жағдайды қамтамасыз ететін әділетті және демократиялық бейбіт реттеу жолындағы күресті кеңінен өрістетті. Соғыс жылдарының өзінде-ақ Ялта мен Потсдам конференцияларында дүниені соғыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы жасалған болатын. КСРО келісілген шешімдерді орындауға дәйекті бағыт ұстап, олардан туындаған міндеттемелерді адал сақтап отырды. Өздерінің империалистік мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылған АҚШ-тың, ¥лыбритания мен Францияның билеп -төсеуші топтары соғыс жылдарында қол қойған халықаралық келісімдерді бұзу жолына түсті. Бейбіт реттеу мәселелері жөніндегі күрес Германияның Еуропадағы бұрынғы одақтастары –Болгариямен Италиямен, Румыниямен және Финляндиямен шарттар әзірлеу кезінде шиеленіскен сипат алды. АҚШ пен Ұлыбритания Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен жасалған бітім шарттарын бүл елдің ішкі істеріне қол сұғу жэне демократиялық өзгерістерді болдырмауға пайдалануға тырысты. Өз мақсаттарына жету үшін АҚШ атом жөнінен күштілігін көрсетуге тырысты. Келіссөздер жүргізіліп жатқан шақта олар Бикини (Тынық мұхит алабы)атомы ауданында атом бомбаларына сынақ жүргізумен қатар, АҚШ-тың күш-қуатын дәріптеді. Бірақ КСРО-ны және басқа бейбітшілік мемлекеттерге үрей туғыза алмаған еді. Кеңес Одағы батыс державаларының жеңілген елдер халықтарына әділетсіз, империалистік бітімді күшпен таңбақ болған әрекеттеріне батыл тойтарыс берді [3, 120-123бб].
1946 жылы өткен Париж бітім конференциясы-антигитлерлік коалиция мемлекеттері мен фашистік Германияның бұрынғы одақтастары (Италия, Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия)арасындағы бітім шарттарының жобаларын әзірлеу үшін шақырылған халықаралық конференция. Конференция 21мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтті. Кеңес делегациясы барлық халықтардың ұлттық тәуелсіздігін қорғауға арналған бейбітшілік жоспарын ұсынды. Бұл ұсыныстарға батыс державаларының (АҚШ пен Ұлыбритания)өкілдері қарсы болды. АҚШ пен Ұлыбритания және оларды жақтаушылар Германияның бұрынғы одақтастарының (әсіресе, халық -демократиялық кұрылысы орнаған; Болгария, Венгрия, Румынияда) өз биліктері өзінде болуы құқығын шешуде қалайда империалистік өктемдіктерін (бітім шарттары бойынша) сақтап қалуға тырысты. Кеңес делегациясының нақты позициясының нәтижесінде (Сыртқы Істер Министрлері кеңесінде мақұлданған) ұсыныстардың басым көпшілігін конференция қабыл алды. АҚШ пен Ұлыбритания өкілдері кейбір ұсыныстарын (Дунайды интернационализациялау) өткізді. Потсдам конференциясы (1945 )шешіміне сәйкес жасалған бітім шарттары, 1947 жылы ақпанда Парижде қол қойып, оларды КСРО, АҚШ, ¥лыбритания және Франция үкіметтері ратификацияланғаннан кейін 1947 жылы ІЗ қыркүйекте күшіне енді. Шарттардың ішкі жүйесі біркелкі, олар: преамбуладан (кіріспе), территориялық, саяси, соғыс қатарларынан, соғыс шығындарын өтеу, меншік, құқықтар және мүдделер туралы шешімдерден, жалпы экономикалық қатынастардан және даулы істерді шешу жолдары сияқты көптеген мәселелерден құралады. Париж бейбітшілік шартының преамбуласында бұл елдермен соғыс жағдайының тоқтатылып, кейбір бұрынғы жау болып есептелінген мемлекеттердің Германияға қарсы соғысқа қатынасқандығы және одақтас державалар - Италия, Болгария, Венгрия және Финляндияның Б¥¥-ға мүше болу жөніндегі өтініштерін қолдайтындықтары жайында сөз қозғалған еді.Кеңес Одағының қолдауы бойынша кейінгі жылдары аталған елдер БҰҰ-ға мүше болып қабылданды.Территория жөніндегі қалалар фашистік сипаттағы мемлекеттердің Еуропа картасын бөлшектеу жөніндегі жоспарын жойып, еуропалық елдердің өткен соғыстың нэтижесіне байланысты өзгеріс енгізген жаңа шекараларын бекітті.
Фашистік Италия Африкадағы отарларынан айрылды, бұрын итальян отарлары болып есептеліп келген келген Ливия, Эритрея және итальян Сомалинің саяси тағдырын сол елдердің талабына сай шешті. Румыния мен Болгарияның шекаралары 1941 жылы 1 қаңтардағы жағдайында сақталып, Оңтүстік Добруджа Болгарияға 1940 жылдың 7 қыркүйегіндегі румын - болгар келісімі бойынша қалдырылды. Венгрияның шекаралары 1938 жылы 1 қаңтардағы қалпында сақталып, Братислава маңындағы аз көлемді территория Чехословакияға берілді. Финляндияның шекаралары 1941 жылы 1 қаңтарындағы жағдайында белгіленді. Сонымен қатар 1920 жылы 14 қазандағы және де 1940 жылы 12 наурыздағы шарттар бойынша Финляндияга берілген Петсамо (Пиченга) аймағы Кеңестер Одағына қайтарылып, Порккапо - Удд ауданы Кеңес Одағына 50 жылдық мерзімдегі ареналық пайдалануға берілетін болды. Кеңес Үкіметі Порккапо Удд ауданынан өз әскерлерін 1956 жылы алып кетіп, бұл ауданды Финляндияның билігіне мерзімінен бұрын қайтарылып берді.
Бұл мемлекеттердің болашақ дамуына Париж бейбітшілік шартынын саяси қатарларынын маңызы өте зор болды. Шын мәнінде саяси қалалар бұрын фашизмнің қанауында болған мемлекеттердің даму жолдарын белгілеп берді. Өйткені шарттардың саяси жағдайлары Екінші дүние жүзілік соғыстың азаттық, антифашистік сипатымен тығыз байланысты еді. Париж бейбітшілік шарты гитлершілердің шапқыншылығына қатысқандарды жазасыз қалдырмауды шешті. Париж бейбітшілік шарты Еуропаның едәуір жеріндегі халықтар арасындағы қарым -қатынасы жаңа тарихи дәуірінің бастамасы болды. Еуропаның елеулі бөлігінде социалистік, демократиялық қоғам құруға тарихи мүмкіндіктер негізделіп, халықтар арасындағы достық қарым- қатынастың орнауына және нығаюына жағдай туғызды.
Бұл шарттарының қарулы күштер жөніндегі қатарлары жоғарыда аталып өткен мемлекеттердің қарулы күштері мен қарулауына белгілі шек қойып, соғыс шығындары мөлшерімен оларды өтеу шығындары жолдарын белгіледі: Италия, Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндиямен бейбітшілік шарттары әділетті де демократиялық сипаттар жасалды. Ұзаққа созылған саяси күрестің нәтижесі Кеңес Одағының демократиялық бейбітшілікті айнымай жақтаған саясатының толық жеңіп шығу нәтижесі болды. Бұл елдердің саяси тәуелсіздігінде экономикасымен әлеуметтік жағдайында өмір сүруге мүмкіндіктер алды, ал олардың үшеуі - Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндиямен бітім шарттарының жасалуы Еуропада бейбітшілікті нығайтуға қосылған зор үлес болды.
Париж бейбіт шартын даярлау мен қабылдау соғыстан кейінгі жағдайда батыс державалардың Кеңес Одағына өздерінің мақсат, мүдделерін күш көрсету арқылы еріксіз қабылдату саясатының іске аспайтындығының, керісінше, даулы мәселелерді өзара ынтымақтаса отырып, келіссөздер жүргізу арқылы ғана шешуге болатындығының дәлелдеп айқын көрсетті [4, 89-91бб].
1.2. Жаңа тұрпатты халықаралық қатынастардың орнығуы
Дүниежүзілік социалистік
Кеңес Одағы капитализмнен қол үзген халықтарға жаңа өмір орнатуға үлкен көмек көрсетті. КСРО халықтық демократиялық - помещиктік құрылысты қалпына келтірмекші болған сыртқы күштердің халықтардың тойтарыс беріп отыруына көмектесті. Бұл елдердің экономикалық блокада арқылы тұншықтырмақшы болған әрекеттер де іске аспай қалды. Халықаралық жағдай КСРО мен халықтық - демократиялық елдердің тығыз топтауын талап етті. Олардың арасындағы туысқандық қарым- қатынастар, достық, ынтымақ және өзара көмек туралы екі жақты шарттармен баянды етілді. Социалистік елдердің әскери- саяси одағының нығаюымен бірге олардың экономикалық және мәдени жақындасуы да жүзеге асты.
Социалистік халықаралық позицияның нығаюына КСРО халық шаруашылығының қалпына келтірінуі және одан әрі дамытылуы оның қорғаныс қуатының артуы шешуші дәрежеде жәрдемдесті. Соғыс аяқталысымен - ақ, КСРО жаппай қарусыздану туралы мәселені қайтадан қойды. Ең басты атом қаруына тыйым салу және жою талабы болды. Басқа социалистік елдермен бірге КСРО бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздік жолындағы белсенді күресті өрістетті.
КСРО мен басқа да социалистік елдер ұлт - азаттық қозғалысты белсене қолдап отырды. Ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алған мемлекеттердің халықаралық қатынастарға кеңінен қатысуын қолдаған социализм елдері олармен ынтымақтықты дамутыда, бүкіл - дүниежүзіндегі антиимпериалистік күштермен одақты нығайта түсуде. КСРО мен басқа да социалистік елдер капиталистік дүниемен қарым- қатынастарда қоғамдық қүрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүру принципін басшылыққа алып отырды.
Екі ел арасындағы тату көршілік қарым - қатынастардың берік негіздерін қалаған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1948 жылы жасалған Кеңес-Финляндия шарты бейбіт қатар өмір сүру принципішң нақты көрінісі болды. Кейіннен бүл шарт үш рет ұзартылды. 1953 жылы ол тағыда 20 жылға ұзартылды [5, 91-92бб].
Империалистік мемлекеттер сыртқы саясатының агрессияшыл бағыты. НАТО - ның құрылуы. Дүниежүзілік капиталистік жүйенің жалпы дағдарысының тереңдеуі империализмнің агрессияшылдығының күшеюімен қатарласа жүрді. Батыстағы раекцияшыл топтар КСРО мен дүниежүзілік социалистік достық одақты жою немесе ең болмағанда әлсірету, коммунистік, жұмысшы және ұлт - азаттық қозғалыстарын басып - жаншу, капитализм позицияларын нығайту жоспарларын жасап бақты. Соғыстан әбден байыған америка монополиялары дүниежүзіне өз үстемдігін орнатуға ұмтыла бастаған. Президент Трумэн АҚШ-қа дүниежүзіне басшылық жасау «өте қажет» болып тұрғандығын мәлімдеді. АҚШ тың әкімшілігі бұл басшылықты басқа елдердің халықтарына тануға ұмтыла отырып, оларға қысым жасау мақсаттарында өзінің экономикалық қуатымен «атом дипломатиясын» кеңінен пайдаланды.
АҚШ - та КСРО -ға қарсы соғыс ашудың толып жатқан жоспарларын талдап жасалып, оларда ондаған кеңес қалаларын атом бомбасымен бомбалау көзделді. Күш көрсету тұрғысындағы саясат халықаралық жағдайдын шиеленісуіне әкеп соқтырды. Америка империализмі Еуропаның қауіпсіздігін камтамасыз ету деген желеумен, КСРО -ға және басқа социалистік елдерге таяу орналасқан Греция және Туркияны өзінің қамалына айнандыруды ұйғарды. Осы мақсатпен 1947 жылы АҚШ Греция мен Туркияға 400 млн доллар көлемінде көмек берді. АҚШ президенті Трумэннің қатысуымен Фултонда (АҚШ) сөйлеген Черчилльдің антикеңестік сөзі және «Трумэн доктринасы» деп аталған көмек бағдарламасы КСРО -ға және басқа да социалистік мемлекеттерге қарсы «қырғиқабақ соғыстың» басталғанын хабарлады. «Маршалл жоспарын» жүзеге асыру Еуропа елдерінің - Америка көмегін алушылардың ішкі істеріне АҚШ- тың қол сұғуына қолайлы жағдай жасады. Социалистік достық одаққа қарсы бағытталған агрессиялық блоктың экономикалық негізі жасалды. «Маршалл жоспарына» қатысушы елдердің көпшілігі 1949 жылы сәуірде томаға- тұйық агрессиялық әскери топ - НАТО -ны құру туралы пактіге қол қойды. АҚШ, Канада; Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды; Люксембург, Норвегия, Дания, Исландия, Португалия НАТО-ға мүше болды. 1952 жылы НАТО -ға Греция және Туркия, ал 1955 жылы Германия Федерациялық Республикасы кірді. 1982 жылы Испания НАТО -ға мүше болды. НАТО -ға кірген әрбір елге америкалық әскер басшылығының жалпы басқаруымен қарулы күштер құру үшін белгілі бір мөлшерде әскер бөлу ұсынылды. Капиталистік елдерде жаппай қарулану күрт күшейді. Дүниежүзілік жаңа соғыс қатері өсе түсті [6, 145-147бб].
ІІ Тарау. Азия Африка
елдеріндегі ұлт-азаттық
2.1. Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы.
Соғыс қаупінің дамуы бейбітшілікті қорғаудың қажеттілігін жете түсінетін миллиондаған адамдарды қозғалысқа итермеледі. 1948-1949 жылдары көптеген елдерде бейбітшілікті қорғау конференциялары мен съездері өтті, бейбітшілік жолындағы күрескерлердің ұлттық комитеттері құрылды. 1949 жылы көктемде Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкіл дүниежүзілік 1- конгресі болды. Бүкіл Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесі барлық елдердегі бейбітшілікті жақтаушыларды біріктірген бірқатар халықаралық науқандар өткізді. Атом қаруына тыйым салу туралы Стокгольм үндеуінде 1950 жылы 500 млн астам қол қойылды. Бейбітшілікті жақтаушылардың қозғалысы - адамзат тарихындағы ең бұқаралық қоғамдық- саяси қозғалыс. Жиырма жылдан астам уақыт бойы халықаралық қатынастарды «қырғиқабақ соғыс» ұшықтырып келді. Халықаралық шиеленістер жағдайында социалистік және капиталистік мемлекеттер арасындағы қатынастар ауыр халде болды. Қатынастардың шиеленісуі адамзатқа ядролық - ракеталық соғыс қатерін төндірді, халықты дағдарыстарға талай рет ұрындырды.
Америка империалистері өздерінің Азия континентіндегі социализм мен ұлт- азаттық қозғалысқа қарсы күресу жоспарларынан бас тартпады. 1950 жылы маусымда Корей түбегінде әскери жанжал бұрқ ете түсті. Корей Халық Демократиялық Республикасына қарсы агрессиялық соғысқа АҚШ бастаған 16 мемлекет қатысты. Бұл халықаралық шиеленісті күрт күшейтіп жіберді. АҚШ Жапонияны өзінің агрессиялық саясатына тартуға жанталасты. 1951 жылы АҚШ және оның одақтастары Сан- Францискода Жапониямен бітім шартына қол қойды. АҚШ пен Жапония арасында әскери келісім жасалды. Жапония аумағында жаңа әскери базалар құрылды. Кореядағы қиян- кескін соғыс үш жылға созылды. Дүниежүзінің барлық адал ниетті адамдары корей халқына тілектес болып, қолдап отырды. Кеңес Одағы корей халқына материалдық және саяси үлкен көмек көрсетті. 1953 жылы шілде де Кореяда уақытша бітімге қол жетті, оның үстіне соғыс агрессиясы басталған шектерде аяқталды. Кореядағы соғыстың нәтижесі күштердің ара- салмағы өз пайдасына өзгерте алмаған Америка империализмінің жеңіске ұшырағанын көрсетті.
Бір жылдан кейін Азияда тағы бір соғыс ошағы сөндірілді. Сегіз жылға жуық уақыт бойы француз отаршылары Үндіқытайдағы үстемдігін күштпен сақтап қалуға ұмтылды. Әскери жеңіліс тапқан Франция 1954 жылы шілдеде Уақытша бітім туралы жэне саяси реттеу принциптері туралы Женева келісімдеріне қол қоюға мәжбүр болды. Женева келісімдеріне қатысушылар Вьетнамның, Лаостың және Кампучиянаның тәуелсіздігін, бірлігін мен аумағының тұтастығын құрметтеуге және олардың ішкі істеріне қол сұқпауға міндеттелді.АҚШ бүл декларацияға қойылған жоқ, бірақ оны бұзбайтынын мәлімдеді. Алайда кейін АҚШ уәдесінен тайып, Женева келісімдерінІң орындалуын болдырмады.