Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 12:24, курсовая работа
Мұнда қабылданған декларацияла мына мәселелер қарастырылды: конференция қатысушылар адам кұқын сыйлау принциптерін БҰҰ Жарғысының мақсат принциптерін, барлық мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастылығын, ұлттар мен нәсілдер теңдігін қолдау; басқа елдерге қарулы қысым жасаудан, басқа елдердің ішкі тәртіптеріне (істеріне) кірісу мен интервенциядан бас тарту, ұлы державалардың кез келгенінің қызығушылығында ұжымдық қорғанысты пайдалану туралы келісімнен бас тарту. Принциптер демократиялық отарлыққа қарсы қозғалыстың негізІне алынды, сонымен бірге қосылмаудың Қозғалысы деген атпен белгілі болған дамушы Азия, Африка және Латын Америка елдерінің мемлекет аралық бірігуінің негізіне алынды.
Кіріспе........................................................................................................................................3
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия Африка елдеріндегі бейбіт реттеу проблемасы.
Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп..................................................................................6
Жаңа тұрпатты халықаралық қатынастардың орнығуы......................................13
ІІ Тарау. Азия Африка елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар
Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы.................................................................15
Отарлық жүйенің күйреуі. Жаңа Дербес мемлекеттердің құрылуы...........................................................................................................................18
Қорытынды.............................................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................................25
Агрессиялық саясаттың сәтсіздікке
ұшырауы соғысты құлшына
Социалистік елдердің шекараларын бойлай орналасқан әскери блоктармен базалар тізбегін жасай отырып, империалистер КСРО-ның және басқа социалистік елдердің тіршілік орталықтарын үнемі нысанаға алып отырмақ болды. Сонымен қатар әскери блоктар дамушы мемлекеттерге және ұлт - азаттық қозғалысына қарсы күрес қүралына айналды.
Азат елдердің бейбітшілік әрекеттері.
Отарларға иелік еткен
1955 жылы сәуірде Бандунгте (
Бейбітшілікпен әлеуметтік прогресс жолындағы, империализмге және отаршылдыққа қарсы қарсы күрес көптеген жас тәуелсіз мемлекеттерді өздерінің егемендігін отаршылдардың қол сүғуынан қорғап қалуға көмектескен социалистік елдермен жақындастыра түсті. КСРО және басқа социалистік мемлекеттер, алдымен Экономикалық Өзара Көмек Кеңесіне мүше елдер азаттық алған елдердің саяси және экономикалық тәуелсіздігін нығайтуына достық көмек көрсетті.
Антиимпериалистік, отаршылдыққа және
кәсіпшілдікке қарсы бағыт
Социалистік елдердің Еуропадағы бейбітшілік пен ұжымдық қауіпсіздік жолындағы күресі. КСРО мен басқа социалистік елдер Еуропадағы шиеленісті бәсеңдету жолында үнемі жігерлі шаралар қабылдап отырды. І954 жылы КСРО Еуропа елдерінде және АҚШ-қа ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жасауды үсынды. Еуропа халықтарынан кеңінен қолдау тапқан кеңес ұсыныстарын Батыс державалары қабылдамай тастады. Олар Германия Федерациялық Республикасын демилитарландыру және оны НАТО-ға кіргізу туралы келісімге қол қойды. Солтүстік Атлантика блогына мүше болғаннан кейін Батыс Германия бұл әскери топта жетекші рөлге ие болуға барған сайын ұмтыла түсті. НАТО-ның Еуропадағы базасына айналды.
ГФР-да милитаризмнің қайтадан өрлеуі жалпыға бірдей бейбітшілікке қатер төндірді. КСРО-ның және Еуропадағы социалистік елдердің үкіметтері социализмнің жеңістерін қорғау үшін Еуропада бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға мәжбүр болды. 1955 жылы 4 мамырда Варшавада бүл мемлекеттердің арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Шартқа қатысушылар қол қойған елдердің біріне қарулы шабуыл жасалынған жағдайда оған дереу және жан-жақты көмек көрсетуге міндеттенді. НАТО-дан өзгешелігі сол, Варшава шарты қорғаныс шарты болып табылады, әрі Еуропадағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшіліктің сенімді кепілі қызметін атқарады. 1985 жылы сәуірде бұл шартқа қатысушы мемлекеттер Варшава Шартының әрекет ету мерзімін 20 жылға, одан кейін тағы да 10 жылға соза отырып, ұзарту туралы хаттамаға қол қойды.
Кеңес ғылымының, техникасы мен өнеркәсібінің ірі табыстарға жетуінің арқасында дүниежүзіндегі күштер арасалмағында социализм пайдасына сапалық өзгерістер болды. 1953 жылы КСРО-да термоядролық қаруды сынау ойдағыдай өтті. Көп ұзамай Кеңес Одағына құрлықаралық ракеталар жасалды [8, 74-77бб].
2.2.Отарлық жүйенің құлауы. Жаңа дербес мемлекеттердің құрылуы.
Екінші дүниежүзілік соғыс өмірдің барлық жақтарына үлкен ықпалын тигізді, сонымен қатар, ол отар және тәуелді халықтардың өздерінің тәуелсіздіктері үшін күресін ары қарай жандандырып, дамытуға мүмкіндік тудырды. Басты рөлді КСРО атқарған демократиялык күштердің фашизмді жеңуі Азия, Африка мен Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды кеңейтіп дамытуға оң ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан сон халықтардың тәуелсіздік үшін күресінде жаңа дәуір басталды. Отарлық жүйе біртіндеп құлдырай бастады.
Уақыты бойьшшы бірінші болып Оңтүстік-Шығыс Азия елдері еркіндік ала бастады. Соғыс жылдарының өзінде Индонезия халқы жапондықтармен күрес жүргізді, олар елді жаулап алдып еркіндік үшін болған кез келген құлшыныстарды аяусыз басып шаншып отырды. 1945 жылдың тамызында Жапония капитулляцияланбай тұрғанда, бірақ жапондық милитаризмінің жеңіліс тапқаны анық болып тұрғанда, ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының бірі Сукарно Индонезияның тәуелсіздігін жариялап Индонезия Республикасының бірінші президенті болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің дүниеге келуі қарулы көтеріліссіз болды. Қан-төгіссіз жеңістің болу себебі мынада: аралда қалған жапон бөліктері деморальданған болды да олар капитулляцияға қол қойған соң мүлдем ешқандай қарсылық білдіре алмады. Индонезияның бүрын болған қожайындары Голландия мен басқа батыс елдерінің қарулы күштері архипелаг аралдарында болған жоқ. Сондықтан тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі алғашқы күндері елде тыныштық болып, үкімет пен басқа да билік органдарын кұру жүріп жатты.
Алайда, біраз аралықтан соң
Ява аралына жапондықтарды
1945 жылдың 10 қарашасьшда Индонезияда республиканың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін, отаршылдыққа қарсы қарулы күрес басталды. Оньщ толық жеңісіне бірнеше жылдар қажет болды. Күрес тек аралдарда ғана емес, сонымен қатар БҰҰ-да, халықаралық конференцияларды да жүріп жатты. Тек 1954 жылдың 10 тамызында голланд-индонезиялық одақ бұзылды. 1956 жылдың мамырында президент Сукарно парламент қабылдаған оны тарату (қысқарту) жөнінде Заң қабылдады.[1, 70-71бб].
Индонезиядан соң кезек
1947 жылдың 15 тамызында Дели тәуелсіз
Үндістанның үш түсті жалауы
бой көтерді. Үнді халқы көп
жылдар бойы армандаған және
сол үшін аяусыз күрескен
Үндістанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болған ағылшын үкіметі оның территориясын екі мемлекетке бөлді: Үндістан мен Пәкістан. Бұл бөлініс тек үнді парламентінІң келісімінсіз жүргізілді де бұл кейінгі жылдары екі мемлекет арасындағы көп қақтығыстарға әкелді, олар кейде тіпті әскери қимылдарға да әкеліп отырды.
Пәкістан жекеленген екі бөліктен тұрды-шығыс және батыс. Құрлықта олардың ара қашықтығы 1500 шақырымды құраса, суда түбектің айналасындағы жолы 5000 км-ге жуық болды. Ақырында, оның шығыс бөлігі-Бенгалия көп қақтығыстардан соң жеке мемлекет-Бангладеш болды, бұрынғы отарды бөлу тек діни сипат бойынша ғана болды, оның тарихи дамуы мен сақталып қалған салт-дәстүрлері ескерілмеді. Бұл бөлініс басталғаннан бастап-ақ діни негізде болған қиратушылықтар мен бұқаралық кісі өлтірулерге әкелді. Мыңдаған үндістер Пәкістан территориясынан, мұсылмандар Үндістаннан кетуге мәжбүр болды. Джамму мен Кашмир кнәздіктері, және де Хайдарабад пен Джунатарх үшін күрестер үнемі жүріп түрады.
1950 жылдың 26 қаңтарында
Құрылтай жиналысы жаңа
бірге Британдық ұлттар Достастығының құрамында қалып отырды.
1948 жылдың ақпанында ағылшын үкіметі Цейлон аралына доминион құқын беруге мәжбүр болды.
1946 жылдың 4 шілдесінде Филиппин Республикасы Егемен мемлекет болды, бірақ АҚШ мұнда өз әскерін қалдырды да республикаға белгілі бір бақылау жүргізіп отырды.
11 жылдан соң, 1957 жылдың тамызында
Малайя тәуелсіздік алды. 1951
жылы Неапал конституциялық
Қытайдың халықтық-азаттық армиясынан кейін чанкайшылар Вьетнамнан кетті де, кейінірек мүлдем Тайваньға көшті. Француздар вьетнам халқының табанды қарсылығы мен әлемнің прогрессивті қоғамдастығының оларды Вьетнамнан кетуін талап етуіне қарамастан күресті жалғастырды. Француздардың жеңілісінен және Дьен Бьен Фу тірек пунктінің құлауынан кейін 1954 жылдың мамырында қайта құрылған Франция үкіметі Вьетнамдағы "лас соғыс"деген атқа ие болған соғысты тоқтатты. 1954 жылдың 20 шілдесінде Үндіқытайда бейбітшілікке келіп, келесі күні Женевада КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, ҚХР, Франция және басқа да мүдделі елдердің шетел істері министрлерінің кеңесінде Вьетнам, Камбоджа, Лаостағы еркін сайлауларды - қарастыратын соңғы бекітуші декларацияға қол қойылды. Вьетнамда 17-параллельден оңтүстікке қарай уақытша демаркациялық сызық жүргізілді.
Женевадағы қорытынды
1950 жылдың наурызында АҚШ-тың
ұлттық кауіпсіздік Кеңесі
АҚШ СЕАТО көмегімен және көмкеруімен белсенді істерге кірісті. Олар "күшті оңтүстік Вьетнам" құрудан бастады, ол арқылы ең алдымен ДРВға соққы беру, содан кейін өз ықпалына бүкіл Үндіқытай аймағын бағындыру көзделді. Бұл үшін 1955 жылдың қазанында Оңтүстік Вьетнам АҚШ-қа тәуелді Нго Динь Дьем президенті бар Республика болып жарияланды. АҚШ-тың 1973 жылға дейін созылған Вьетнамдағы интервенциясы басталды. Алайда, соғыста күштердің теңсіздігіне, АҚШ өзінің үлкен әскери-өнеркәсіптік потенциалына қарамастан, кішкентай 30 миллион халқы бар, жапондықтармен, француздармаен соғыстарда күйзелген Вьетнам тойтарыс беріп кана қоймай, өзінің қаһарман халқының күші мен халықаралык аренаның үнемі болып тұрған қолдауының және де КСРО мен басқа да социалистік елдердің барлык қажет көмек беруінің арқасында жеңіске жетті.
Көп жылдар бойы АҚШ вьетнам халқының
қарсыластығын сьшдыруға
Таяу және Орта Шығыс елдерінің отарлауға қарсы күресі соншалықты ұзақ болмаса да, өте маңызды, өткір болды. Сирия мен Ливан, Египет пен Ирак, Йемен мен Иордания тәуелсіздігіне қол жеткізді. Табан тірескен күресті Палестина халқына жүргізуге тура келді. Себебі, 1947 жылы БҮ¥ Бас Ассамблеясының шешімімен Палестина мемлекеті 2 бөлікке бөлінді: арабтық-Палестина, және еврейлік Израиль. Иерусалим қаласы интернационализацияға жатты. Бірден Бас Ассамблеясының шешімінен соң Израиль басшылары Палестинаның бүкіл территориясын алып қалуға тырысып арабтарға қарсы соғыс бастады, палестиналықтарға жаулап алынған территорияның біразын қайтарып ала алды. Алайда, еркін тәуелсіз Палестина мемлекеті әлі де құрылған жоқ.
1952 жылы Египетте Г.А.Насер