Буржуазиляық революция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 06:37, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Француз ұлтының құрылу процесі өзінің толық қорытындысын ұлы буржуазиялық революциядан кейін алды. Сол уақыттағы француз буржуазиялық революция тек Франция үшін ғана болған тарихи жағдай емес ол Еуропаға да өзінің әсерін тигізді. Ұлы буржуазиялық революция тақырыбы тарихшылардың қазір зерттеу жүргізіп жатқан жұмысы емес, ол бюұрыннан зерттеліп келе жатқан үлкен де тарихи материал.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс_Французская революция.doc

— 208.50 Кб (Скачать документ)

Француз заңгерлері революция  кезінің өзінде де кодификация жасауға  талпыныстарды жүзеге асырған. 1791 жылы қылмыстық кодекстің жобасы, ал 1793, 1794, 1796 жылдары азаматтық кодекстің жобалары жасалып, ұсынылды. Алайда, тұрақты мемлекеттік билік болмағандықтан олар еш нəтиже бермеді. Тұрақтылық тек Наполеон Бонапарттың тұсында орнады. Оның үкіметі жарлықтар арқылы революцияға дейінгі құқықты түбірімен жойды. Наполеондық дəуірдегі заңгерлер бес негізгі кодекстерді қабылдады: азаматтық, қылмыстық, саудалық, қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік.

1804 жылғы француздық азаматтық кодекс (Наполеон кодексі).

Кодекс жобасын дайындаумен айналыысқан комисияның құрамына Тронше, Порталис, Малльвиль, Биго-Преамке сияқты Францияның ұлы заңгерлері енді. Жоба төрт айдың ішінде жасалды. 1804 жылғы 21 наурыздағы заң барлық 36 титулды (тарауларды) біртұтас Азаматтық Кодекстің құрамына біріктірді. 1807 жылдан бастап ол Наполеон Кодексі деп аталды. Бұл акт 1789 жылғы “Адам жəне азамат құқықтары декларациясында” бекітілген келесі азаматтық-құқықтық қағидаларды одан əрі дамытқан: заңды теңдік, заңдылық, құқықтар мен бостандықтардың тұтастығы. Кодекстің құрылымына рим құқығы əсер еткен. Ол интституциялық жүйе бойынша құрастырылған. Кодекс кіріспелік титулдан жəне үш кітаптан тұрған. Кіріспелік титулда заңдарды жариялау, қолдану жəне олардың күші туралы айтылған. Бірінші кітап тұлғаларға, екінші кітап мүліктер мен меншіктің түрлеріне, үшінші кітап меншікті иелену тəсілдеріне арналған.

Азаматтық құқықтың субъектілері.

Азаматтар (француздар) барлық азаматтық құқықтарды пайдаланатын. Шетелдіктер мен күйеуі бар əйелдердің құқықтары шектелген болатын. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде танылмады.

Меншік құқығы.

Кодексте меншік құқығына анықтама берілмеген, алайда, 544-бапта  меншік иесінің негізгі құқықтары - мүлікті пайдалану жəне оған билік ету аталып өткен. Үшінші тұлғалардың мүддесі үшін кодекс меншік иесінің құқықтарын белгілі бір дəрежеде шектейді. Кодексте жер учаскесі иесінің құқықтары, сервитут, жерді жалға беру жəне т.б. жоғары деңгейде реттеліп өткен.

Жер учаскесінің иесінің  құқықтары 552-бапта анықталған: “Жерге меншік жер үстіндегі жəне жер астындағы заттарға меншікті біріктірген”. Жылжитын мүлік иелері (банкирлер, саудагерлер) 2279-баппен қорғалған: «Жылжитын мүліктерге қатысты иелік бұл затқа құқықтың заңды негізі болып табылады». Негісіз иелік дəлелденуі тиіс болған (2268-бап).

Кодекспен реттелген  заттық құқықтарға сонымен қатар  мыналар жатқан: бөтен заттарға құқық, иелік, затты ұстау.

Міндеттемелік қатынастар.

Кодексте міндеттемелердің жалпы түсінігі берілмеген, алайда 1101-бапта шартқа нақты анықтама берілген: «Шарт дегеніміз бір немесе бірнеше тұлғалардың басқа тұлғаның немесе тұлғалардың алдында белгілі бір əрекеттерді істеуге немесе істемеуге, бір затты беруге немесе бермеуге міндеттенуі».

Шарттың жарамдығының жағдайы  ретінде тараптардың келісімі, шынайы келісім (қорқытусыз, алдаусыз, адасусыз 1108,1109-баптар) танылған.

Шарттың өзгертілмеу  қағидасы 1134-бапта бекітілген: “Заңды түрде бекітілген келісімдер оларды бекіткен тұлғалар үшін заңды күшке  ие. Олар тек тараптардың өзара  келісімі бойынша немесе заңмен көзделген жағдайларда тоқтатылады. Бұл шарттар міндетті түрде орындалуы тиіс болатын”. Кодекс мүліктердің эвикциясы мəселесін де қарастырып өткен. Мүліктің айқын көзге көрініп тұрған кемшіліктері үшін сатушы жауап бермейді, ал жасырын кемшіліктерін сатушы міндетті түрде көрсетуі тиіс (1641,1642-баптар).

Зиян келтірген жағдайдағы міндеттемелер 1384-бапта қарастырылып өткен: «Тапсырма берген тұлғалар, оны орындаушы тұлға қызметтік міндеттерді орындау барысында зиян келтірген болса, сол зиян үшін жауап береді». Кодексте «заттай міндеттемелер» де талданған, оларды орындауды сот тəртібімен талап етуге болмайтын. Алайда, егер міндеттеме орындалып қойса, оған тыйым салынбайтын.

Кодексте «заттай міндеттеме» ретінде балаларға жасау беру міндеті аталған. Неке-отбасы қатынастары күйеу мен əкенің билігіне жəне əйелдің шектелген құқық қабілеттігіне негізделген. Азаматтық неке мен ажырасуға рұқсат беру кодекстің енгізген жаңалықтары болып табылды. Кодекс некені шарт ретінде қарастырады, сол себепті, ерлі-зайыптылардың келісімі маңызды роль атқарған. Неке жасы анықталды (ерлер үшін — 18 жас, əйелдер үшін - 15 жас), сонымен қатар, қажетті жағдай ретінде басқа некеде болмау танылған.

Ажырасуға мына себептер бойынша рұқсат етілген: зинақорлық; өзара өкпелер; ерлі-зайыптылардың бірін ауыр жəне ұятты жазаға тарту; ерлі-зайыптылардың келіспеушілігі ( 229-233-баптар).

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары неке шартымен анықталған. Егер неке шартымен əйел мүлкінің режимі реттелмесе, ол толығымен күйеуінің  иелігіне өтетін. Некеден тыс туылған балаларды асырап алу тек еріктілік негізде жүзеге асырылатын. Мұндай балалар кейбір құқықтарды пайдалана алатын, алайда олар заңды некеден туған балалардың құқықтарын талап ете алмайтын.

Мұрагерлік құқық.

Өсиет бойынша жəне заң  бойынша мұрагерлік танылған. Бұған қарамастан, кодекс өсиет қалдыру бостандығын шектеген жəне мұра қалдырушының балалары болуы-болмауына қарай өсиетті жүзеге асыруды көздеген. Бір бала болған жағдайда мүліктің жартысына, екі балада мүліктің үштен бір бөлігіне билік етуге болатын. Егер балалары болмаса, алайда əкесі не шешесі жағынан туыстары болса, мұра қалдырушы мүлкінің үштен бір бөлігіне, ал егер екі жақтан да туыстары болса — мүлкінің жартысына билік ететін. Өсиеттен тыс қалған мүлік заң бойынша мұраға қалатын. Заң бойынша мұрагерлікте алғашқы туысқандық қағидасы жойылды.

Заң бойынша мұрагерлік құқығын 12 деңгейге дейінгі туыстары иеленген. Туыстары болмаған жағдайда мүлік қайтыс болған адамның жұбайына өтетін. Некеден тыс туылған балалар  əкесінің мүлкіне шектелген құқықты иеленген болатын: олардың үлесі заңды некеден туған баланың үлесінің үштен біріне теңелетін, олар өсиет қалдырылмаса, заң бойынша мұраны иелене алмайтын.

1917 жылы мұрагерлердің  шеңбері туыстықтың алты деңгейіне дейін азайтылды.

Азаматтық-іс жүргізушілік кодекс.

Бұл акт 1667 жылғы азаматтық  əділ сот туралы ордонанстың негізінде 1806 жылы қабылданды. Кодекс бір қатар  күрделі талаптарды орындауды, іс жүргізушілік құжаттар жазуды талап ететін процесті орнықтырды. Бұл сот процесінің тежелуіне  алып келді. Жалпы соттарда адвокаттың міндетті түрде қатысуы талап етілді. Кейінгі жылдарда кодекстің өзгеруі байқалмады. Француздық саудалық кодекс азаматтық кодекстен бөлек 1807 жылы қабылданды. Оның негізіне мына ордонанстар алынды: 1673 жылғы құрғақ жердегі сауда туралы жəне 1681 жылғы теңіз саудасы туралы ордонанстар. Ордонанстардың ережелері өзгертілмегендіктен, Саудалық кодекс қабылданған кезінен бастап ескірген сипатты иеленді.

Саудалық кодексте саудаға  қатысты арнайы құқықтық нормалар көрініс  тапты, ал егер олар болмаған жағдайда, азаматтық кодекстің нормалары қолданылатын.

Саудалық кодекс төрт кітаптан тұрды: бірінші кітапта  жалпы сауда туралы (саудагерлер, биржа-делдалдар, вексельдер туралы), екінші кітапта теңіз саудасы туралы, үшінші кітапта банкроттық туралы, төртінші кітапта сауда заңдары туралы айтылды.

Кодекстің көптеген нормалары  біртіндеп өз күшін жойды.

1810 жылғы қылмыстық кодекс.

Азаматтық кодекстен  кейін қылмыстық кодекс маңызды  орынды иеленді. Кодекс қылмыстық əрекеттерді  түрлерге бөлетін ережелерден басталды. Əрбір əрекеттің негізінде жазаның сипаты көрініс тапқан:

- полициялық жазалаумен жазаланатын қылмыстық əрекет құқық бұзушылық болып табылады;

- түзетушілік жазалаумен жазаланатын қылмыстық əрекет теріс қылық болып табылады;

- қорлаушы жəне азаптаушы жазалаумен жазаланатын қылмыстық əрекет қылмыс болып табылады (1-бап).

Осылай, кодекс қылмыстық  əрекеттерді əдеттегідей үш топқа  бөліп қарастырады: 1) қылмыстар —  аса қауіпті қылмыстық əрекеттер; 2) теріс қылықтар; 3) полициялық құқық  бұзушылықтар.

Кодекске төрт кітап  енген, олардың алғашқы екеуін жалпы  бөлім, кейінгі екеуін ерекше бөлім деп атауға болады.

Бірінші кітап қылмыстық (азаптаушы жəне қорлаушы) жəне түзеу  жазаларына арналған. Оларға мыналар  жатқызылған: елден қуу, өлім жазасы, айдап жіберу (каторга), азаматтық  өлім (саяси құқықтардан айыру).

Екінші кітап жауапкершіліктің негіздерін жəне жауапкершіліктен бостау негіздерін (ессіздік, қылмысты жасауды күшпен мəжбүрлеу) қарастырған. 16жасқа дейінгі тұлғаларға жазаның жеңіл түрлері қолданылған. Алайда, кінəнің нысандары, ескіру мерзімдері, қылмыстар жиынтығы анықталмаған болатын.

Үшінші кітап жеке жəне жариялық қылмыстар мен теріс  қылықтарды қарастырған. Жариялық құқықбұзушылықтарға  мыналар жатқан: мемлекеттік құрылымға, қоғамдық қауіпсіздікке, империялық конституцияға  қарсы қылмыстар. Жеке құқықбұзушылықтарға  жеке тұлғалар мен меншікке қарсы қылмыстар жатқан.

Төртінші кітап полициялық құқықбұзушылықтар мен жазаларға  арналған. Кейінірек Қылмыстық кодекске бірқатар өзгертулер енгізілді.

1808 жылғы Қылмыстық-іс жүргізушілік кодекс.

Бұл алғашқы таза іс жүргізушілік кодекс болып табылды. Ол соттарды үкіметтің тағайындау қағидасын бекітіп, соттардың Қылмыстық кодексте көзделген құқықбұзушылықтардың үш түріне сəйкес үш дəрежелік жүйені құрауын орнықтырды. Қылмыстық істер бойынша қарапайым полиция соты функцияларын жүзеге асыратын бейбіт судья бірінші инстанция болып табылды; екінші инстанция болып түзеу полициясы соты табылды, бұл орган алқалық заседательдердің қатысуынсыз алқалық сот нысанын иеленді; үшінші болып апелляциялық сот табылды, ол қылмыстық жəне азаматтық істер бойынша бөлімшелерден құралды, алқалық сипаты иеленді жəне бұл сотқа заседательдер қатыстырылатын. Сот жүйесін кассациялық сот басқарды. Соттың жанында айыптауды қолдайтын жəне қаулылардың заңдылығы мен сот қызметіне қадағалау жасайтын прокуратура тұрды.

1808 жылғы кодекс процестің аралас жарыспалылықіздеушілік нысанын орнықтырды. Бірінші кезең — алдын ала тергеу нысаны бойынша іздеушілік процеске сəйкес келді, сот тергеуінің екінші кезеңінде процесс жарыспалылық сипатты иеленді.

Сонымен, Франция ХVІІ ғасырдың екінші жартысында шексіз монархия бола отырып, Батыс Еуропаның ең қуатты мемлекетіне айналды. Франция аграрлық мемлекет болса да, онда капиталистік тәртіп ХVІ ғасырда пайда болып, ХVІІ ғасырдың аяғында нығайды.

Жаңа өндірістік қатынастардың  қорғаушысы үшінші сословие деп аталатын. Дін басылары мен дворяндар халықтың 1 пайызын құрайтын. 26 миллион адамның ішінде тек қана 270 000 дворян болатын. Олар Франция жерлерінің бестен үшіндей еді және салық төлеуден босатылған болатын. Мемлекеттік аппараттың жоғарғы қызмет орындары осы екі топтың қолына жинақталды.

Франция елінің ең маңызды  құқықтық құжаты «Адам және азамат құқығы Декларациясы». Кейін 1791, 1795 жылдары  екі Конституция қабылданды. 1799 жылы Наполеонның Конституциясы қабылданды, ал оның империясы 1914 жылға дейін сақталғаны белгілі. Ол мемлекетті басқарған кезде Францияның буржуазиялық құрылысы нығайып, күшейе түсті. Заң шығару жұмысына Наполеон көп көңіл аударды. Ол Францияны басқарған кезде 1804 жылы Азаматтық кодекс, 1808 жылы Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1810 жылы Қылмыстық кодекс пен Сауда кодекстері қабылданды. Осы кодекстердің ішінде маңызы күшті нормативтік құжатқа Азаматтық кодекс жатады. Ол римнің конституциялық жүйесі негізінде жасалған. Оның ішкі құрылысы сол институциялар сияқты тұлғалар, заттар, міндеттемелер деп бөлінеді.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Ұлы француз  буржуазиялық революциясы буржуазиялық республиканың федализімін ауыстырды. Француздық революция ұлттың дамуына  өз үлесін қосты. Оның үстіне революция  кезінде халық өзінің нені қалайтынын білдіре алды, ұйымдасқан түрде қатысты. Буржуазиялық революция француз халқының дәстүрінің қалыптасуында үлкен роль атқарды. 

Революцияны 4 басты  этаптарға бөлуге болады:

1.1792 жылдың 10 тамызына  дейінгі буржуазиялық революция.

2. Революцияның  демократиялық кезеңі 1792 жылдың 10 тамызынан 1794 жылдың 27 шілдесіне дейін

3. Меншіктілердің  революциясы 1794 жылдың шілдесінен 1799 жылдың қарашасына дейін. 

4. Консульства  мен Империяны жаулаудағы буржуазияның  күшейуі. Бұл 4 этап француз  буржуазиялық революциясының ерекшелігін және оның әлемдік тарихтағы маңызын ашып береді.

Қазіргі таңда  Франция жоғары деңгейлі елдер қатарына жатқызылады. Бұл ұзаққа созылған тарихи дамудың қорытындысы, әрі француз  халқының табандылығы мен еңбек  сүйгіштігінің арқасы. Көптеген әлеуметтік көрсеткіштердің қорытындысы бойынша 60-70% сұралғандар бұл өзін-өзі басқару мен жаңа достастық елдерді табудың арқасында деп жауап береді. Барлық нәрсе өткенде ғана емес.

ХХІ ғасырға сай экономикамыздың дамуы, оның әлемде болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруі, дағдарыстан шығынсыз шығуы, әлемдік аренаға көтерілуі секілді сұрақтар барлығымызды да ойландырмай қоймайды.. Гераклиттіњ айтуынша егер заман өзгеретін болса онда міндетті төрде ондағы болып жатќан процестер де өзгереді деген сөз.

Қазіргі біз өмір сүріп отырған дәуірде Францияда болған қиыншылықтар мен дүниежүзілік дағдарыстарды өз еліміз үшін болмаса екен деп тілейтін болсақ, осы дағдарыстарды басынан өткерген Франция елінің озық тәжирибелерін үйренбеске не. Әлемдік дәрежеде болатын дағдарыстар қай елді болмасын шығындатпай кетпейді. Дағдарыстан шығар бір ғана жол бар , ол татулық, достастық. Бірақ қазіргі таңда оның ауылы алыстап бара жатқанда сияқты. Көршілес елдер бір - бірімен қырқысуда, мейлі тіптен соғыссыз -ақ саяси жолдармен де іштен шалушылық кең орын алуда. Оған мысал, Ирак пен Америка, Қырғызстанда болған жағдайлар, Ауғанстанда болған жағдайлар және т.б. Осының бәрі дүниежүзілік экономикалық және саяси дағдарыстардың болуына алып келетіні сөзсіз.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕЮИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2004.
  2. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Мұхтарова А.Қ. - Алматы, 2005.
  3. Всемирная история; Культура и спорт, Юнити - Москва, 1997.
  4. Всемирная история - Росмэн-Пресс, 2008.
  5. Богатуров А.Д.: История международных отношений. - М.: МГИМО-Университет, 2009.
  6. Ж. К. Виллар. Формирование французской нации. - М. - 1957.
  7. Адо А.В. Крестьяне и Великая Французская революция. Крестьянские движения в 1789-94 гг. - М.: изд-во МГУ., 1987.
  8. Актуальные проблемы изучения истории Великой французской революции (материалы «круглого стола» 19-20 сентября 1988 г.). - М., 1989.
  9. Кропоткин П. А. Великая Французская революция. 1789—1793. - М., 2003.
  10. Манфред А. З. Великая французская революция. - М., 1983.
  11. Минье Ф. История Французской революции с 1789 по 1814 гг. - М., 2006.
  12. Карлейль Т. Французская революция: история. - М., 2002.
  13. Чудинов А. В. Французская революция: история и мифы. - М.: Наука, 2006.
  14. Собуль А. Проблема нации в ходе социальной борьбы в годы Французской буржуазной революции XVIII века. Новая и новейшая история. - 1963, № 6. С.43-58.

Информация о работе Буржуазиляық революция