Буржуазиляық революция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 06:37, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Француз ұлтының құрылу процесі өзінің толық қорытындысын ұлы буржуазиялық революциядан кейін алды. Сол уақыттағы француз буржуазиялық революция тек Франция үшін ғана болған тарихи жағдай емес ол Еуропаға да өзінің әсерін тигізді. Ұлы буржуазиялық революция тақырыбы тарихшылардың қазір зерттеу жүргізіп жатқан жұмысы емес, ол бюұрыннан зерттеліп келе жатқан үлкен де тарихи материал.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс_Французская революция.doc

— 208.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Француз ұлтының құрылу процесі өзінің толық қорытындысын ұлы буржуазиялық революциядан кейін алды. Сол уақыттағы француз буржуазиялық революция тек Франция үшін ғана болған тарихи жағдай емес ол Еуропаға да өзінің әсерін тигізді. Ұлы буржуазиялық революция тақырыбы тарихшылардың қазір зерттеу жүргізіп жатқан жұмысы емес, ол бюұрыннан зерттеліп келе жатқан үлкен де тарихи материал. Курстық жұмыста осы ұлы буржуазиялық революция тарихына толық талдау жасалады.Хронологиялық кезең ретінде IX мен XIX ғасыр аралығы алынады. бірақ курстық жұмыскөлемінде ұлы буржуазиялық революция туралы жазу оның толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Бірақ біз осы буржуазиялық революция туралы жалпы түсінік ала аламыз, оның мақсаты туралы, себебі туралы, қорытындысы туралы.  Бұл жұмыста француз авторларының монографиялары пайдаланылды, оның ішінді  Ж. және  К. Виллардың зерттеулері «Француз халқының құрылуы».

Курстық жұмыстың мақсаты - феодалдық абсолюттік билікті жою, буржуазиялық қоғамдық құрылысты нығайту және Францияда капитализмнің әрі қарай дамуына жағдай туғызу Француз революциясының негізгі мақсаты болса оның осы мақсаттарға жетудегі жүріп өткен жолдарын ашып көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:

- Ұлы Француз революциясының пайда болу себептері мен қозғаушы күштерін қарастыру;

- революцияның  бағдарламасы мен негізгі этаптарын  көрсету;

- Ұлы Француз  революциясының халықаралық қатынасқа  ықпалын айқындау;

- қазіргі Франция  елінің буржуазиялық құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсету.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, және үш ірі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде, тақырыптың маңызы мен мәні сонымен қатар  осы  тақырыпты таңдаудағы мақсаттар  мен міндеттер көрсетіледі. Жұмыстың теориялық негізі туралы қысқаша түсінік және пайдаланылған әдебиеттер жөнінде мәліметтер айтылады.

Бірінші бөлімде  Француз буржуазиялық революцияның себептері мен салдарлары, қозғаушы күштері мен революцияның бағдарлмасы

 Революцияның  негізгі этаптары, екінші бөлімде Францияның мемлекеттік құқықтық жүйесіндегі саяси және құқықтық өзгеріс. Мемлекеттік саяси жүйедегі өзгерістер. Революцияның қорытындысы және оның халықаралық қатынастарға тигізген әсері жайында айтылады. Қорытынды бөлімде жалпы курстық жұмыстың өз мақсатына қаншалықты жеткендігі жөнінде ойлар талданып. Болашақта дағдарыстардың алдын - алудың жолдары туралы сөз болады. Пайдаланылған әдебиеттер мұнда осы курстық жұмыс барысында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

1 ҰЛЫ ФРАНЦУЗ РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

1.1 Француз  буржуазиялық революциясының басталу  себептері мен қозғаушы күштері

 

Ұлы француз  революциясы 1789 - 1794 жылдары Франциядағы феодалдық-абсолюттік құрылысқа ауыр соққы беріп, капитализмнің дамуына жол ашқан буржуазиялық-демократиялық көтеріліс. 18 ғасырдың соңында Францияда жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіргіш күштер мен ескі феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар шиеленісе түсті.

Елдің эконикалық жағдайын мемлекеттік қазынаның сарқыла  бастауы, сауда-өнеркәсіптік дағдарыс, құрғақшылық әрі қарай ауырлатып, 1788 - 1789 ж. аса қиын ахуал қалыптасты. Оның алдын алу мақсатымен король Людовик XVI 1789 ж. 5 мамырда Версальда Бас Штаттарды шақырды. Оған ақсүйектерден 300, діни мекемелерден 300, үшінші сословиеден (қарапайым халық) 600 депутат қатысты. 1789 ж. 17 маусымда үшінші сословиенің депутаттары өздерін бүкіл ұлттың өкілдері деп мәлімдеп, өз жиналыстарын ұлттық, ал 9 шілдеден - Құрылтай жиналысы деп жариялады.

Өкіметтің бұл жиналысты  қуып тарату әрекеті халық көтерілісіне әкеп соқты. Король Бас штаттарға жиналыс өткізуге тыйым салғаннан кейін үшінші сословиеден шыққан депутаттар мен оларды қолдаушылар сол кезде бос тұрған Әулие Яков шіркеуіне жиналып, саяси мәселелермен айналысты. Сондықтан Яков шіркеуіне жиналғандарды халық-яковиншілер деп атады. 1789 ж. 14 шілдедегі Бастилияға тікелей шабуыл жасау Француз революцияның бастамасы болды. Феодалды-абсолюттік құрылысқа қарсы күресте буржуазия, шаруалар мен қала кедейлері бірігіп кетті. Бұл бірлік 1789 ж. 26 тамызда Құрылтай жиналысы қабылдаған «Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан»көрініс тапты. Онда ұлт жоғары өкімет билігінің қайнар көзі ретінде жарияланды. «Адамдар ерікті және құқығы жағынан тең болып қала береді» делінді.

Сөйтіп, феодалды артықшылықтар  мен үстемдіктерге соққы берілді. Сөз, баспасөз, дін ұстау, жиналыс бостандықтары жарияланды. Жеке меншік мызғымас және қасиетті құқық ретінде танылды. Негізгі саяси құқықтар алдымен салық төлеушілерге берілді. Француз революциясының бірінші кезеңінде (1789 ж. 14 шілде — 1792 ж. 10 тамыз) билік ірі буржуазия мен фельяндар деп аталған либерал ақсүйектерге тиісті болды. Негізінен буржуазия өкілдерінен тұратын астаналық әкімшілік құрылды. Ол Париж коммунасы деп аталды. Оның басшылығымен 1792 ж. 10 тамызда көтеріліске шыққан халық жеңіске жетіп, король тақтан түсірілді. Ұлттық Конвентке сайлау белгіленді. Француз революциясының екінші кезеңінде (1792 ж. 10 тамыз — 1793 ж. 2 маусым) саяси билік Құрылтай жиналысының орнына сайланған Заң шығару жиналысына көшті. Ол жиналыста Жиронда департаментінен шыққан депутаттар үстем түсіп, Ұлттық Конвентте көпшілік орынды иемденді. 1792 ж. 22 қыркүйекте Конвент Францияны республика (бірінші республика) деп жариялады. Конвент залындағы жоғ. орындарға революцияны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен депутаттар отырды. Бұл топ «тау» деп аталды. Оны М.Робеспьер, Ж.П. Марат, Ж.Ж. Дантон, Л.Сен-Жюст, т.б. басқарды.

«Тау» якобиншілер клубында басымдыққа ие болып, жирондистерді клубтан шығарды да, Париж Коммунасындағы жетекші күшке айналды. «Таудың» талабы бойынша 1793 ж. 21 қаңтарда Людовик XVI корольдің басы кесілді. Революцияның онан әрі жалғасуын тоқтатып, халықты бейбіт еңбекке жұмылдырмақ болған жирондистердің әрекеті 1793 ж. 31 мамыр — 2 маусым аралығындағы халық көтерілісіне әкеліп соқты. Оның нәтижесінде якобиншілер диктатурасы орнады. Бұл Француз революциясының соңғы, үшінші кезеңі (1793 ж. 2 маусым — 1794 ж. 27/28 шілде) болды. Билікке ие болған топ басқа әлеум. топтардың талап-тілектері мен мүддесін ескермей, тек өз мақсатттарын жүзеге асыруға тырысты. Бұл әрекет әділеттілік, ерік, бостандық, теңдік ұғымдарымен сыйыспады. 1793 ж. жазда бүкіл өкімет билігі М.Робеспьер басқарған Қоғамдық құтқару комитетіне көшті.

Өкіметке наразылық  білдірушілерді жазалау үшін Жалпы  қауіпсіздік комитетті құрылды. Сауда жасау еркіндігіне шек  келтіріліп, өз бетімен сауда жасаушылар «алыпсатарлар» ретінде айыпталды. Революцияның қас жауы деп есептелген корольдің әйелі Мария Антуанетта өлтіріліп, елде революциялық лаңкестік жүргізілді. Ашынған шаруалар мен жұмысшылар ақсүйектер мен байларды өлтіріп, байлықтарын өзара бөлісіп алуға кірісті. Бұл «барып тұрған якобиншілер» байлардан астықты күшпен тартып алуды, саудагерлерге қарсы лаңкестікті күшейтуді талап етті, кедейлерді Конвентке қарсы көтеріліс жасауға шақырды. Халықты арандатушылық әрекеттерге итермелегені үшін Қоғамдық құтқару комитеті «нағыз якобиншілердің» басшыларын соттап, өлім жазасына кесті. Бұл якобин диктатурасының халық бұқарасы алдындағы беделінің түсуіне себеп болды.

Қоғамды өндіріске, бейбіт еңбекке жұмылдырудың жолдарын көрсете алмаған якобиншілер енді Конвенттегі «самарқаулар» деп аталған жаңа буржуазия өкілдеріне қарсы күрес жүргізді. «Самарқаулар» лаңкестікті бәсеңдетуді, революция диктатура тәртібін тоқтатуды, Англиямен тез арада бітім жасауды талап етті. Олардың басшылары да «сатқын» деп айыпталып, 1794 ж. сәуірде өлтірілді.

Бірақ якобиншілердің саяси беделі нығаюдың орнына, керісінше  әлсіреп кетті. 1794 ж. 9 термидорда (27/27 шілдеде) «самарқаулар» мен оларды жақтаушылар жеңіске жетіп, М.Робеспьер бастаған «барып тұрған якобиншілердің» 22 басшысы өлтірілді. Тез әрі оңай жолмен «тартып алып, бөліп беруге» бейімделген диктатура халықты өндірісті ұйымдастыруға, жаңа құндылықтар жасауға жұмылдыра алмай, экон. процестердің дамуына кедергі келтіргендіктен құлады.

Дегенмен, Француз революциясы Францияда капиталдық қатынастардың дамуына жол ашты.

1.2 Француз буржуазиялық революцияның бағдарламасы

Францияның әлеуметтік-экономикалық жөне саяси дамуы ғасырдың соңындағы шексіз монархияық билік бір кезде біртұтас ұлттық мемлекет кұруда  үдемелі рөл атқарса, енді кертартпа күшке айналып, ақсүйектер мен дін қызметшілерінің мүддесін қорғауы капитализімнің  дамуын  тежеді. Ел ішіндегі сауда саласының кеңеюіне табиғи шаруалар  қожалығының кедергі болуы феодалдық қатынастарды жоюды қажет етті. Бұған шаруалар да, буржуазия да мүдделі еді. Өнеркәсіптің гүлденуін,өнеркәсіп  пен  сауданың еркін дамуын өнеркәсіптің ұсақ цехтық тәртіптілігі тежеді. Буржуазия саудадағы, банк  ісіндегі, несиелік,  құқықтық, кедендік жүйедегі  салықты жою  үшін  күресті. Олар аралық сот құруды талап етті. Осы талаптардың жүзеге асыуына әсіресе үшінші сословие, яғыни қала мен ауыл халқы мүдделі болды. Өзінің саяси талаптарына буржуазия жалпы-ұлттық  мән берді. Ғасырдың 80-жылдары феодалдық абсолюттік билік дағдарысы асқына түсті. Орта ғасырларда орын алған экономикалық реформалар  үшін толқулар өзінен-өзі тоқталды. Мемлекет шаруашылығы нашарлап кетті.1787-1789 жылдары өндірістік-сауда дағдырысы тереңдеді. Қалалар мен ауылдарда ашығушылар саны көбейіп, төменгі сословиеде жарлы-жақыбайлану мен қайыршылану күшейді. Мұның бәрі олардың күшті қарсылығын тудырды.

Осы кезде жоғарыдағылардың да дағдарысы басталған еді. Монархия күйреу табалдырығының алдында тұрды. 1614 жылдан бері Францияда Бас Штаттар, яғни федалдық Франциядағы сословиелік  уәкілдіктің жоғарғы мекемесі шақырылмаған еді. Халық бұқарасы Бас Штаттарды шақыруды талап етті.

1789 жылы 5 мамырда  халық қолдауын сезінген депудаттар  өкіметке қарсы шығүға бел  байлады. Олар мемлекеттің сословиелік  принціпін әшкерелеп, 17 маусымда өздерін «Ұлттық жиналыс» деп жариялады. 20 маусымда дөңгелек залға жиналған Ұлттық жиналыс депутаттары, конституцияның негізгі ережелері дайын болмайынша, залдан шықпайтындарына ант береді. 1789 жылдың 9 шілдесінде жиналыс мүшелері өздерін Құрылтай жиналыс деп жариялады. Король 16 Людовик пен сарай адамдары толғағы жеткен төңкерісті қарулы күш көмегімен басуға шешім қабылдайды.

1789 жылдың 12 маусымында, Париж қаласында қаржы министірі  Н.А. Неккер өз еркімен қызметтен  кетті деген хабар тарап, әскер  ішінде толқулар басталады. 13 шілдеде  Парижде көтеріліс бұрқ ете  қалды. 14 шілденің таңертеңінде Париж көтерілісшілердің қолында қалды. Көтерілісшілердің соңғы қимылы Бастилияны алумен аяқталды. Бұл француз революциясының басталғанын білдірді және оның алғашқы жеңісі болды.

1789 жылғы революцияның  басты саяси жетістігі- буржуазия мен халықтың одақтастығы  арқасында абсолюттік билікті құлату болды. Басты саяси басқарушы мекеме болып съезд жиналысы танылды, оған мүше болғандар негізінен буржуа еді. Жергілікті билік те буржуазияның қолына көшті. Осылайша Францияда аса маңызды тарихи оқиға - мемлекеттік биліктің буржуазияның қолына өтуі жүзеге асты.

1789 жылдың тамызында  өткен съезд жиналысы екі маңызды  құжат қабылдады. 4-11 тамыздағы декрет  бойынша феодалдардың жер меншігін  жою жөнінде және шіркеу ондығын  алу құқығын өкімет билігіне беру туралы шешім қабылданды.

Жер иеленушілердің меншігіне өтіп, сату-сатып алу  объектісіне айналды. 26 тамызда Жиналыс «Адам және азамат құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда қысқаша түрде революциялық принціптер мен ағарту идеялары жарияланды.Өз позициясын нығайту мақсатында жиналыс буржуазиялық өкіметті қалыптастыруғабелсенді түрде кіріседі.Азамматтық теңдік принціпін ұстай отырып, Жиналыс сословиелік жеңілдіктерді жойды және дворяндық титулдар мен гербтерді, сондай-ақ дворяндық мұрагерлікті құртты. Өздерінің кәсіпкерлік еркін қызметін бекітіп, олар мемлекеттік шектеуді және цехтық жүйені жойды.

1789 жылдың 2 қарашасында  съезд шіркеу қызметкерлерінің  иеліктерін қайта қараған декрет  қабылдады.

Билік басында  тұрған орташа монархияшыл конституцияшылдар көпшілік бұқараның наразылығын туғызды. Қоғамдық-саяси күресте саяси клубтрдың маңызы өте зор болды. 1789 жылы ұйымдастырылған Якобиншілдер клубы Францияның саяси өмірінде үлкен роль атқарды.

Революция барысында  көптеген газеттер шыға бастады. Жан Поль Марат шығарған газет үлкен беделге ие болды.

Саяси дағдарыс барысында революциялық топтардың  жіктелуі айқын байқалды. 1791 жылғы 21 маусым түні король отбасы Парижді  тастап шықты. Варенн қаласына бет алған  жолда оларды қарулы ұлттық жасақшылар танып, Парижге қайтарды.

1791 жылы съезд  жиналысы Францияда буржуазиялық  конституциялық монархияны бекіткен  конституцияны дайындауды аяқтады.  Заң шығарушы өкімет заң шығарушы  ғылымға, атқарушы монархияға  және өздері тағайындаған министірлерге  негізделді.

Сөйтіп, съезд жиналысы ресми түрде заң шығарушы ірі буржуазияның әлеуметтік және саяси өкіметін заңдастырды.

1.3 Ұлы Француз революцияның негізгі этаптары

Бұрынғы билеуші  топтың көпшілігі - дворяндар революциямен бітпес күрес бастады. Варенн дағдарысынан кейін эмиграция, яғни басқа елге қоныс аудару үрдісі ұлғайды. Француз революциясы басқа еуропалық мемлекеттердің феодалдық күшке қарсы күресіне жол салып берді. Австрия мен Пруссияда ортақ мүдденің, яғни революцияға деген өшпенділіктің пайда болуы, олардың арсындағы қпайшылықты жеңе алды. 1792 жылы Пруссия мен Австрия Францияға қарсы әскер одақ құрды. Бұл еуропалық мемлекеттердің француздарға қарсы құрылған алғашқы коалициясы еді.

Информация о работе Буржуазиляық революция