Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 06:37, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Француз ұлтының құрылу процесі өзінің толық қорытындысын ұлы буржуазиялық революциядан кейін алды. Сол уақыттағы француз буржуазиялық революция тек Франция үшін ғана болған тарихи жағдай емес ол Еуропаға да өзінің әсерін тигізді. Ұлы буржуазиялық революция тақырыбы тарихшылардың қазір зерттеу жүргізіп жатқан жұмысы емес, ол бюұрыннан зерттеліп келе жатқан үлкен де тарихи материал.
Сонымен бірге, Францияда жерге иелігі мен шаруашылығын жүргізіп отырған шаруаларына сенген дворяндардың қал-ақуалы, жаңа дәуірдің лебі ескен сәттерде біршама шалқақтай бастайды. Алайда, ағылшын джентриіне қарағанда, жаңа мүмкіндіктеріне бейімделе ауқаттана бастаған француз дворяны сауда-саттықпен және кәсіпкерлікпен айналыспады. Әскери дворяндық та құрылады. XVII ғасырда қалыптаса бастаған өзіндік саясаттарын орнату мүкіндігі болмады және абсолютизмге жалтақ болды.
Мемлекеттің негізгі табыс көзі соғыстарға жұмсалды. XIV Людовик билік еткен 54 жылдың 33 жылы соғыстармен өтеді. Осы соғыстарды жүргізудегі оның бастапқы мақсаты Францияның Еуропадағы құдіреттілігіне қол жеткізу болғанымен, ол жүзеге аспай қалады. Францияның өзге елдермен, коалициялармен соғыс әрекеттері адам өмірі құрбандығымен қатар, қаншама соғыс қажеттіліктерін талап етіп жатты. Францияда XVII ғасырдың соңғы ширегінде 15 млн халық болса, XVIII ғасырдың басында ол 3 млн кемиді. Әсіресе, ең ауыр соғыс Испан мұрагерлері (1701-1714) үшін болды. Соғыс әрекеттермен қатар, Севенн тауарларындағы камизарлар көтерілісі де бір тынбайды.
Сонымен бірге, соғыстың мемлекеттің экономикасына әкелген зардабы да зор болды. Парижде және өзге де ірі француз қалаларында көпшілік халықтық топтардың ғана емес, буржуазия мен дворяндар наразылығы да бой алады. Осы себепті бірқатар көтерілістер мен бүліктер жергілікті жерлерде орын алып жатады. Тіпті талантты экономист, әрі Францияның өнеркәсіп, сауда және қаржы саласының ұқыпты бақылаушысы Кольбердің өзі біршама шараларына қарамастан елді тереңдеп кеткен дағдарыстан шығара алмады. Оның ірі мануфактуралардың құрылуын қолдауы, икемді салық заңдарын енгізуі және сол кездегі еуропалық меркантилизмнің озық үлгілерін терең қолданудағы талпыныстары ғана, француз экономикалық құлдырау жағдайының алдын алып қалған сыңайлы.
Жаңа отарларды игеру мен жаулап алу мақсаттарында мемлекеттің тікелей қолдауымен француздық Ост-Үнді, Вест-Үнді, Левантиялық сауда компаниялары құрылады.
Революциялық жағдайдың түзілуі және басталуы (1789 жылдың 5-мамыры 1792 жылдың 10-тамызы).
1788 жылдың көктемінен
басталған қуатты халық қозғалы
1789 жылдың 5-мамырында
Версальға Бас штаттардың
Халықтың сословиелік
бөлінісіне наразы болған үшінші сословие
депутаттары өкілдерінің
27-маусымда король өзге де сословиелердің Ұлттық жиналысқа қосылуына рұқсат беруге мәжбүр болады. Ал, 9-шілдеде үш сословие өкілдерінен тұратын Ұлттық жиналыс өзін Құрылтайшы деп жариялайды.
Тұтанып келе жатқан революциялық бүлікті басудың алдын-алу мақсатында Парижге жалдамалы әскер кіргізген король әрекеті ешқандай нәтиже бермейді. Елдің экономикалық жағдайын реттей алмағанның кесірінен осындай бүліктің орын алуына кінәлі ретінде король тарапынан айыпталған Неккер қызметтен кетіріледі. 12-13 шілде аралығында әскер мен халық арасындағы соғыс әрекеттері басылмастан-ақ, қалада халық көтерілісі де қарыштай, тасымалданатын азық-түлік салықтарын жүргізетін бекеттер талқандалады.
14-шілденің таңертеңгісін
халықтық бүлікшілер тобы қару-
Бастилияны алғандардың үш тізімі сақталған. Солардың бірінде 662 адам саны беріліп, мамандығына дейін жазылған, Бастилияны алғаннан кейін Францияның барлық аумақтарын халық полициясын құрды. Француз шаруалары сеньорлар мен монастрь иелігіндегі жерлерді басып алып, сеньорлардың өздерінен тартып алған қауымдық жерлерін де қайтарып жаттын. Париж қаласының мэрі қызметіне Байи және қалалық Ұлттық гвардия қолбасшылығына Лафайет сайланады. Жалпы абсолютизмнің жойылуын сипаттап жатқан француз қоғамындағы өзгерістер, дворяндардың эмиграцияға кету шараларымен бастау алды. Бұдан былайғы саяси билік ақсүйектер қарамағынан үшінші сословие өкілерінің қолына өте, елде Құрылтай жиналысының құзырындағы үкімет орнайды.
Халықтық қозғалыстан жасқанатын Құрылтай жиналысы 1789 жылдың тамызында маңызды екі заң актісін қабылдайды. 4-тамызда және 11-тамызда қабылданған бұл заң актілерінің бірнеше декреттерге арқау болған негізгі мазмұны феодалдық құқықтарды, шіркеу десятинасын, сословиелік артықшылықтарды жою және заң алдында барлығының тең болуына сай жасалынған еді. Алайда жерге кіріптарлыққа қатысты цензалар, әсіресе шампар, сатып алу жағдайымен күшінде қалды.
1789 жылдың 26-тамызда
Жиналыс үлкен революциялық
Революциялық ахуалдың өрши түсуіне қарамастан, Францияның экономикалық жағдайында ешқандай ілгерілеушілік байқалмайды. Елдегі қымбатшылық, нан тапшылығы, алыпсатарлық халық наразылығын ушықтыра түскен еді. «Құқық декларациясына » және 4-11 шілдедегі жария болған декреттерге корольдің қол қоймауына наразы болған халық, сол кездегі король отбасының және Құрылтай жиналасының резиденциясы саналатын Версаль сарайына – 1789 жылдың 5 қазанында 20 мыңға жуық адамнан тұратын шоғыр құра ентелей енеді. Жианлаған король отбасының сарайға тығылмай Парижге қоныс аударуын талап етті. Ал, 6-қазанда Парихге келуге мәжбүр болған король Құрылтай жиналысымен біріккен бас қосу өткізуге келіседі. Осылайша халықтық бақылауға өткен елдегі саяси ақуал жағдайында король 4-11 тамыздағы декреттерге және «Адам және азамат құқығының декларациясына» қол қоюға мәжбүр болады. 5-6 қазан аралығындағы халық қозғалыстың мұндай серпіліс алуы, революцияға қарыс сарай пиғылының жүзеге асуының алдын ала, оны бұдан былайғы әрекеттенуінің серпілісіне жағдай жасады.
Франциядағы революциялық ақуал еуропалық державалар монархтары мен дворяндарының мазасын алады. Ең аолдымен Француз революциясынан Пруссия мен Австрия қауіп көреді. Император Леопольд II мен Прусс королі Фридрих-Фильгельм II Саксонияның Пильниц замогінде 1791 жылдың 27-сәуірінде Франциядағы «биліктің монархиялық түрін қорғау» туралы декларацияға қол қояды.
Король және
оның жақтастары революция қауіпінен
сақтап қалатын күш соғыс деп
есептей, оған енуден қашпайды. Фельяндар
клубының бір бөлігі және яконбиншілдер
жетекшілері соғысқа қарсы
25-шілдеде герцог
Брауншвейгсаий Австрия және
Прусс монархтарының атынан
Революцияның белсенді жасаушылары қатарында саналған Шометт, журналшы Эберлер мүше болған бұл ереуілші коммуна комитетіндегілер Жиналыс Ұлттық конвентті шақыруды ұсынады деп жария етеді. Осы кезде Жиналыстан шығарылып тасталған министр-жирондистер саяси ақуалды пайдалана сайлаусыз-ақ өз қызметтеріне қайтып келіп алады. Министрлік құзырға, жирондист болмаса да, Дантон да тағайындалады. Ереуілшілер король сарай Тюильриді басып алады да, 13-тамызда король отбасы Тампль түрме замогіне көшіріледі.
11-тамыздағы
декрет бойынша азаматтарды «
Карусели алаңында доктор Ж.Гильотеннің құрастыруымен қылмысты адамдардың басын алуға арналған құрал қондырылады. 1792 жылдың тамызында эмигранттардың жерін саудалау, қауым жерін селолық қауым арасында бөліске салу декреті қабылданады. Бірақ, бұл декрет іс жүзінде іске аса қойған жоқ. Конституциялық монархия жақтастарының биліктен кетірілуіне қол жеткізілгенімен, жирондистер мен монтаньярлардың қудалауына қарамастан, қалалық билік органы Париж Коммунасының құзырында қала береді.
1792 жылдың 20-тамызында Заң шығару жиналысының отырысынан кейін-ақ Ұлттық конвент жиналады. Конвентке Францияның өзінен 749 депутат, ал отарлардан 34 депутат сайланады.
Жирондистер провинциялардан келген депутаттардан құралған Конвенттегі 165 орынға ие болды. Конвенттегі монтаньярлар корольді сотқа шақыруды және радикалды реформалардың жалғасуын талап етеді. 1792 жылдың 21-тамызында Конвент өзінің тұңғыш актісі король билігін жою туралы декретті қабылдайды. Ал, осы монархияның жойылуын сипаттайтын акті Францияда Республика орнағанын жария етті. Тариъхқа бұл Бірінші Республика ретінде еніп, 1804 жылдың наурызында өзін император ретінде жариялаған Напалеон Бонапарт таратқанға дейінгі уақытта 12 жыл көлемінде өмір сүрді. 1792 жылдың 5-қазанындағы декрет жаңы революциялық календарь мен жыл санау енгізді.
Елдегі соғыс
зардаптары, кедейшілік, ашаршылық, халық
наразылығын ұшықтырып тұрады. 1792-1793
жылдары Конвентке үнемі
Француз революциясы сенньориалды құрылысты, сословиелік және корпоративті артықшылықтарды жойды. Революция халықтың санасына үлкен із қалдырды. Жаңа саяси және азаматтық құндылықтар ескі діні және монархиялық құндылықтарды ығыстырды. Революция Франциядағы «ескі» мен «жаңа тәртіптің» арасын ажыратып қана қоймай, сонымен бірге олардың арасындағы өзара сабақтастықты да реттеп берді. Ол, әсіресе 16-17 ғасырлардағы француз монархтарына арман болған мемлекеттің әкімшілік орталықтауын революциялық үкіметтердің жүзеге асыруы болатын. 1794-1795 жылдардағы республика әскерінің табысының арқасында Франция шығыста Рейн өзені бойынан, өзінің «табиғи шекараларын» қалпына келтірді де, осылайша Еуропадағы билік етудің шешуші қадамына жол бастады.
3 ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ФРАНЦИЯНЫҢ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
ХVІІІ ғасыр Франция
үшін Ұлы француз буржуазиялық революциясымен
ерекшеленді. Оның түбірлі себебі болып
өндірістік күштер мен феодалдық
өндірістік қатынастардың арасындағы
шиелініскен қарама-қайшылықтар
Патша үкіметі аталған талаптарды орындауға мəжбүр болды. Ол бір жарым ғасырдан астам уақыт шақырылмаған Бас штаттарды шақыру туралы жариялады. Бас штаттарды шақыру 1789 жылғы 5 мамырда өтті. Бұдан соң бірден мына мəселелерге қатысты даулар басталды: депуттардың өкілеттігін тексеру тəсілдері, біріккен жəне бөлек отырыстар, Бас штаттардың мақсаттары, үшінші сословиенің (буржуазияның) құқықтары туралы. Патшаның қолдауын тапқан алғашқы екі сословие — дворяндар мен дін қызметкерлері дауыс берудің ескі тəртібін жақтады: əр сословиеден бір дауыс берілді. Бұнымен үшінші сословиенің өкілдері келіспеді. Олар отырыс тардың сословиелер бойынша бөлек емес, бірге өтуін жəне осы отырыстардағы шешім көпшілік дауыспен қабылдануын талап етті. Үкімет дауыс берудің мұндай тəрітібін қабылдаудан бас тартты. Бұған жауап ретінде үшінші сословиенің өкілдері 17 маусымда өздерін Ұлттық жиналыс деп, ал 1789 жылғы 9 шілдеде француз халқының атынан заңдарды қабылдауға жəне жоюға құқығы бар Құрылтай жиналысы деп жариялады. Патша мен ақсүйектер Версальға (бұл жерде Құрылтай жиналысы орналасқан болатын) əскер жинай бастады. Парижде патшаның бұл шаралары туралы мəлім болған соң, халық қарулы көтеріліске шықты. Көп ұзамай көтеріліске шыққан халықтың жағына əскердің басым көпшілігі өтті, сөйтіп, қала толығымен көтерілісшілердің қолына өтті. 1789 жылғы 14 шілдеде халық патшаның абсолюттік билігінің рəмізі — қорған-түрме — Бастилияны басып алды. Бұл күн француз халқының ұлттық мерекесі болып саналады.