Буржуазиляық революция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 06:37, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Француз ұлтының құрылу процесі өзінің толық қорытындысын ұлы буржуазиялық революциядан кейін алды. Сол уақыттағы француз буржуазиялық революция тек Франция үшін ғана болған тарихи жағдай емес ол Еуропаға да өзінің әсерін тигізді. Ұлы буржуазиялық революция тақырыбы тарихшылардың қазір зерттеу жүргізіп жатқан жұмысы емес, ол бюұрыннан зерттеліп келе жатқан үлкен де тарихи материал.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс_Французская революция.doc

— 208.50 Кб (Скачать документ)

1792 жылдың 20 сәуір  күні Франция Австрияға соғыс  жариялады. Соғысбарысы Франция үшін сәтсіз болып, Францияға нақты қауып төнді. Революциялық көңіл күйдегі халық көтерілді. 1791 жылғы монархиялық конституцияны негізге алған бүкіл мемлекеттік саяси жүйе құлау алдында тұрды.

Саяси дағдарыстың  күшейе түсуіне орай, елдегі демократиялық  қозғалыстар корольді құлатудыжәне монархияны жоюды талап етті. 10 тамыз күні Парижде көтеріліс басталып, кқөтерілісшілер королдың Тюильри сарайын басып алды.

1792 жылғы 10 тамыздағы  көтеріліс революцияны жаңа деңгейге көтеріліп, «ескі тәртіп» қалдықтары демократиялық жолмен жойылды. Көтеріліс барысында монархия іс жүзінде құлады. Жиналыс ХVI Людовикті тақтан түсірді.

Қайта қалпына  келтірілген коалиция әскері шабуылға шықты. 20 қыркүйекте Коллерман мен  Дюмурье қолбасшылық еткен революциялық армия пруссиялықтардыңғ шабуылын тойтарып, оларды Франция шекарасынан кейін шегінуге мәжбүр етті.

Республиканы  жариялау. 20 қыркүйекте Ұлттық конвент  өз жұмысын бастады. 21 қыркүйекте корольдік  билікті жою туралы декрет қабылданды. Ал 22 қыркүйекте Франция республика болып жарияланды. Конвенттің жоғарғы орындағы 113 депутаты сол жақ қанатты құрады, оларды «таулар» немесе «монтаньярлар» деп атады. Олардың белгілі джетекшісі: Робесаьер, Марат, Дантон. Конвенттің оң жақ қанатын 136 депутат құрады, оларды «жирондықтар» деп атады, өйткені олар Жиронда аймағынан шыққан депутаттар еді. Ал орталық бөлігін құраған 500 депутат ешқандай топта болмағандықтан, олар конвенттің «батпағы» немесе «тегістігі» деп аталды.

Конвент сотына берілген 16- Людовикке ұлт еркіндігіне  және мемлекеттік қауыпсіздікке опасыздық жасады деп кінә тағылып, өлім жазасына кесілді. 1793 жылдың 21 қаңтарында оның басы алынды.

1792-1793 жылдардың  қысында қалалық және ауылдық  бұқара революцияны әрі қарай  жалғастыруды батыл талап етті. Күн тәртібінде азық-түлік мәселесі өзекті болды. Халықтың экономикалық жағдайы күрт нашарлап кетті. бірінші кезекте азық-түлікке тұрақты баға қажет болды.

Кордельер клубы  секциясында қала кедейінен шыққан революционер, кюре Жак Ру, пошта  қызметкері Жан Варле және олардың  ізбасарлары бағаның жоғарғы деңгейін нақтылауды талап етіп, үгіт-насихат жүргізді. Оларды қарсыластары құтырғандар деп атады.

1793 жылдың көктемінде  революция жаңа дағдарыс кезеңіне  аяқ басты. Ауыл шаруалары буржуазияның  ауылға қатысты әділетсіз саясатына  өздерінің наразылығын білдірді. Бұл кезде әскер жағдайы да күрт нашарлап кеткен болатын. Республикаға төнген жаңа қатер бүкіл халықтың күшін топтастыруды қажет етті, бірақ бұған жирондықтар қарсы шықты. Жирондықтардың саясаты революция жеңісіне қауып туғызды.

Якобиншілер, париждік секциялардың ішінде көбі. Комуна мүшелері, Кордьелер клубы құтырғандар бір ауыздан жирондықтарды жою керек деген пікірде болды.

Жирондықтарға қарсы көтерілісті ұйымдастыруды  астаналық нағыз революциялық бөлімдер басқаруға кірісті.

10 тамыздағы  революциялық тәжирибеге сүйеніп, олар көтеріліс комитетін құрып, қарулы күштің көмегімен жеңіске жетті.

Якобиншілдер  диктатурасы. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке якобшілдер келді.Революция жаңа күштерді жинай  бастады. Елде революциялық диктатура  өкіметі құрылды. Ол буржуазиялық-демократиялық революцияның жетістіктерін нығайтуды батыл шаралар қабылдады.

Монтаньярлар  аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобиншіл  Конвенттің халық бұхарасымен байланысын нығацтуға тырысты. 1793 жылдың 3 маусымында шет елге қоныс аударғандардың иеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10 жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды.

10 маусымда қабылданған  заң бойынша барлық  қауымдастық  жері қауым шаруаларының жеке  меншігі деп жарияланды. Шаруалар кезінде мырзалар тартып алған жерлерін қайтаруды талап етті. Ақыр соңында 1793 жылдың 17 шілдесінде қабылданған декрет барлық федалдық қалдықтарды толығымен жойды.

1793 жылдың маусымында  Конвент Францияның конституциясын  қабылдады.Бірақ осының барлығына  қарамастаншілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы шықты, сөйтіа экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды. 1793 жылдың шілдесінде Конвент Қоғамдық құтқару комитеті боп қайта сайланып, бұл оның өкілдігін кеңейтті. комитетті Робеспьер басқарды.

Әлеуметтік-экономикалық салада якобиншілер диктатурасы  қалың бұхараның қысымымен бекітілген айналым саласын реттеуді жүзеге асыра бастады. 1793 жылдың 28 қыркүйегінде жалпыға ортақ баға жөніндегі  заң қабылданды.

Якобиншілдер  тобының революцияға қарсы күштері  мен және оларға қарсы жүргізілген  зорлық-зомбылық күнделікті іске айналып  кетті.

1793 жылдың қыркүйегіндеЖак  Ру және Жан Варле абақтыға  қамалып, кейін оның жақтастарының  да басына осы күн туды.

1793жылы қарашада Конвент жаң республикалық күнтізбе мен жыл санауының жаңа жүйесін кіргізеді. Жаңа ғасыр республиканың бірінші күнінен, яғни 1792 жылдың 22 қыркүйегінен басталады. Якобиншілер халықтың білім беру жүйесіне де көп көңіл бөлді. Якобиншілер диктатурасы 14 үлкен армия бөлімшесін ұйымдастырды.

 

 

2 ФРАНЦИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ӨЗГЕРІС

2.1 Мемлекеттік саяси жүйедегі өзгерістер

1794 жылдың көктемінде  күрес өзінің соңғы шегіне  жетті. Өкімет якобиншілер тобының жетекшілерін жазалауды қолға алды. Эбер және оның жақтастары сотқа беріліп, олардың бастары кесілді.

Якобиншілер блогы  таратылды. 1794 жылдың 10 маусымында террорды жазалау туралы заң қабылданды. Бұл  Робеспьерді және оның жақтаушыларын  құлатуға, Конвентті таратуға жағдай туғызды. Қоғамдық қауыпсіздік комитеті мен қоғамдық қорғаныс комитетінің кейбір мүшелері оның қабылдануына қарсы болды.

27 шілдеде депутаттар  Робеспьерді және оның жақтастарын  қамауға алу туралы декретке  қол қойды. 10 термидорда - 28 шілдеде  Робеспьер, СенЖюст және олардың серіктестерінің бастары кесілді. Осылайша, якобиншілер диктатурасы құлады.

Өзінің ең басты  бәсекелесі Германияны  жеңгеннен  кейін Францияның халықаралық беделі күшейді. Ол енді Европада жетекші роль атқаруға ұмтылды. Алайда соғыстың Франция қоғамына тигішген зардабы ауыр болды. Францияның соғыстағы адам шығыны  Англиядан 2 есе, АҚШ-тан 12 есе көп болды. Солтүстік Шығыс Франциясының өнеркәсібі дамыған 10 депортаменті қирап бүлінді. Сауда флотының жартысы күйреп қалды. Францияның жалпы соғыс шығыны 134 млрд. франк болды. Оның үстіне Францияның шетелдерге қарызы көбейді. Соғыста қираған шаруашылықты қалпына келтіру экономикалық дағдарыс жағдайында жүргізілді. Азық-түлік және ең қажетті бұйымдар 5-7 есе қымбаттап, салық 4 есеге өсті. Францияның экономикалық-саяси жылдам дамуына әсер еткен себептер:

- өнеркәсіптік  аудандар Элзос пен Лотарингияны  қайтарып алуы;

- Саар облысындағы  көмір кендерін пайдалануға мүмкіншіліктің  болуы;

- Германия төлеуге  тиіс репорациялардың 52 пайызын  Францияның алуы;

- Қираған кәсіпорындарды  қайта қалпына келтіруде оларды  жаңа техникалық жабдықтармен  алмастыру; 

Бірнеше ондаған  жаңа теміржолдар салынды. Соның  нәтижесінде француз экономикасында елеулі, сапалы өзгеріс болды. Ауыр өнеркәсіптің үлессалмағы көбейді: машина жасау авиация, радиотехника, металургия салалары жылдам дамыды. Бірақ Франция  капиталының көп бөлігін өнеркәсіпке емес акция шығаруға жұмсады.

Бұндағы басты  топ буржуазия болды: банкирлер, мануфактура иелері, сатушылар мен  кәсіпкерлер. 1788 жылы Франция үлкен экономикалық кризисті басынан өткерді. Егіннің дұрыс игерілмеуінен елдің көп бөлігіне аштық қаупі туды. Өндірістер жабылып көптеген адамдар жұмыссыз қалды. Жоғары депутаттар жаңа заң шығарды. Осылардың себебінен ұлы буржуазиялық революция басталды. Ұлы буржуазиялық революцияның басты этаптары:

1. 1789 жылы 14 шілдеде  басталған революция 1792 тамызда  жылы билік басына ірі буржуазияның  келіп конституциялық анархияны  орнатуымен аяқталды.

2. 1792 жылы тамызда  - 1793 жылы шілдеге дейін билік  басына жирандистер - орташа сауда өнеркәсіптерінің өкілдері. 1792 жылы Францияның саяси соғысына сыртқы саясатта әсер етті. Ірі европалық монархияның антифранцуздық әскери коалициясы пайда болды. Король ауласы монархиялық келісімдердің оортасы болды. Бұл уақытта Париж коммунасының - қаланың өзін-өзі басқару органының  мәні артқан. Ол әртүрлі секциялардан құрылды. Әр секция Коммунаға өзінің үш таңдаулы депутаттарын жіберіп отырды. Фельянов билігі алынып, Людовик XVI қамалып 1791 жылғы конституция күшін жойды. Крестияндық көтеріліс басылған жоқ. 1793 жылы жирондистерге қарсы шықты. Конституция бірінші консул ретінде  Наполеона Бонапартты қойды. Ол өзін император етіп жариялады.

Армия, полиция, бюрократия, католичстік шіркеулер оның билікте  қолданатын құралдарына айналды. Наполендық империя 1814 жылы құлады. Бұл империяның құлауы дворян-эммигранттарды қозғады. Бурбонов монархиясы орнады..

90-жылдың басында француз  экономикасы ҒТР -ы басынан  өткерді. Еңбек өнімділігінің  артуы, жаңа технологиялардың  дамуы нәтижесінде Франция өзінің даму тенденциясын жалғастырды. Бірақ мұнда осы жаңа техникалар жетістіктерін пайдалану қиындық туғызды, мамандандырылмағандықтан.

Бұл көп жылдарды қамтыған үлкен проблемаға айналды.

Францияда  экстремистік күштер құрылды. Олардың көпшілігін Солтүстік Африкадан  қоныс аударған иммигранттар құрады. Соңғы уақыттарда көшіп келгендер аборигендерден бөлек тұрып еңбек нарығында бәсекелестік тудырды. Профашистік күштер  гитлерлік одақтан қалған күштер. Неміс-фашистік стратегиялық жоспар бойынша бірінші кезекте Норвегия мен Данияны алу болатын. Соғыс аяқталған соң Франция экономикасында өзгерістер болды. 1918 жылы  Франциядағы оңшыл  және орталық қанат партиялар топтасып 19 сайлауда жеңіске жетті. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Францияның саяси-қоғамдық дамуына ауыр зардабын тигізді. Жұмысшылардың, қызметшілердің, ұсақ буржуазияның  күші нашарлады. Оңтүстікте шаруалар толқуы орын алды. Фашистік ұйымдар елдегі ауыр жағдайды пайдаланып өкімет билігін өолдарына алғысы келді. Бірақ дүниежүзілік дағдарыстан кейін олардың қатары өспей ұсақ-ұсақ болып қала берді. Профашистік ұйымдар мұнда шовинизмді, еврейлерді жек көруді насихаттады,демократияға қарсы болды. Бірақ шовинистік насихат кең қолдау таппады. Фашизмнің бұл елде кең тарауына мүмкіндік бермеді. Сондықтан Францияда фашизм ұйымдары біртұтастық таныта алмады.

2.2 Революцияның  қорытындысы және оның халықаралық  қатынастарға тигізген әсері

 

18-ғасырдағы Еуропа мен  Америка елдерінде өткен буржуазиялық  революциялар ішінде, 18-ғасырдың  соңында тұтанған француз революциясының айырмашылығы- әлеуметтік саяси қақтығыстар шиеліністі өтті және революция нәтижесінде елеулі, іргелі өзгерістер жасалды.

Революцияның басты нәтижесі- феодалдық абсолюттік билікті жоюы, буржуазиялық қоғамдық құрылысты нығайтуы және Францияда капитализмнің әрі қарай дамуына жағдай туғызуы болды. Революция феодалдық қалдықтарды жойып, елде аграрлық проблеманы шешті. Революция нәтижесінде Францияда жерге деген екі меншік түрі пайда болды: шаруашылық меншігі және ірі жер иелену.

Француз революциясының демократиялық құқықтармен еркіндіктер жариялауы аса зор тарихи маңызға ие болды. Тарихта тұңғыш рет азамматтар жалпыға бірдей сайлау құқығына, жиналыс құқығына, буржуазиялық-демократиялық республика құру құқығына мүмкіншілік алды.

Франциядағы абсолютизм шашыраңқы феодалдық провинцияларды тұтас мемлекетке біріктірудегі корольдің ұзақ күресімен қалыптасты. Олар бұл бөліктерді өздеріне қосып қана қоймай, өз биліктеріне толық бағынышты етуді көздеді. Елдің барлық аумағында корольдің жоғарғы және тұтас билігі орнайды. Қарауына қарай олар Корольдік кеңес құрылымын жасайды. Бұл кеңес біртіндеп ішкі және сыртқы істерге, қаржы істеріне және өзге де салаларға байланысты басқармаларға бөлінеді. Жергілікті әкімшіліктерді губернаторлар мен корольдік соттар басқарады. Олардың ішінде Францияда парламенттер деп аталған жоғарғы инстанциялық сот маңызды орынға ие болады. Ағылшындарға қарағанда, француз парламенттері заң шығарушы емес, сот және әкімшілік мекемелері құзырын иеленді. Парламенттер Францияның сол кездегі барлық ірі қалаларында болған.

XVII ғасырдың II жартысында  Франция Еуропадағы бір орталыққа  бағынған және ірі мемлекеттердің  бірі болды. Отыз жылдық соғыстағы  жеңіс Францияның еуропалық құрлықтағы  әскери-саяси беделін асақақтата  түседі. Жаңа заманның бастапқы кезеңіндегі Францияның ішкі құрылымы аграрлық қатынастарға негізделген болатын. 28 млн халқы бар мемлекеттің 90 пайызын шаруалар құрады. Соғыс нәтижесінде шаруалардың жағдайлары нашарлады, салық көбейді және ауру –сырқат адамдар саны арта түседі. Алайда, Францияда шашыраңқы мануфактура тез қарқынмен дами бастады. Олар негізінен тауарлары ішкі және сыртқы рынокта кең тараған тоқыма-тігін өнеркәсіп саласына бейімделген еді. Француз өндірісшілері саудаға бағалы маталар, сағат, шарап және т.б. өз заманының аса сұранысына ие болған қат тауарлар шығаруымен айналысады. Сондай-ақ қару-жарақ шығаратын кәсіпкерлік, қағаз мануфактуралары, баспаханалар бір орталықтанған мануфактуралар санатына ене бастайды. Кейбір Францияның солтүстік аудандарында мануфактураларды жаңаша сипатта негізделе бастаған капиталистік түрдегі жалға беру әрекеттері дами бастады.

Информация о работе Буржуазиляық революция