Қазақстан республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен экономикалық байланыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 07:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі танда Қазақстан мемлекеттігі қалыптасуының ең сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біздің еліміздің халықаралық қатынастар жүйесінде алатын орны ерекше. Оның әлем өмірінде жаңа сипатта, жаңа қырдан көрінуіне бар болғаны 17 жыл ғана болып отыр. Біз мұны неге сүйеніп айтып отырмыз? Қазақстанның сыртқы саясаты бейбітшілік пен ынтымақтастық бағытында дамуда.
Бүгінде біздің дипломатиямыздың түбегейлі жетістіктері ешқандай дау туғызбайды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің барлық елдеріне танылу үстінде.

Содержание

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баданов.Бауыржан.Болатбекулы.Тх-41тобы..doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

Елбасы Н.Назарбаев  «Шығыс әр қилы өркениеттер әлемі. Ондағы Жапонияның алатын орны ерекше. Ол-азиялық  жаңарудың көш басшысы. Тынық мұхиттың азиялық бөлігіндегі мемлекеттер содан өнеге алуда» деп жазды /29, 20-б./.

 Жапонияның сыртқы  саясатының тұжырымдамасы ұлттық  қауіпсіздікті нығайту елдің егемендігін және аумақтың тұтастығын қорғау, Жапонияның төңірегінде саяси тұрақтылықты сақтау, «демократия» мен «бостандықты» қорғау, экономикалық дамуды қамтамасыз ете отырып, жапон халқының әл – ауқатын өркендету болып табылуда. Жапония парламенті ядролық қаруды жасамау, оны шетелден әкелмеу және ядролық қаруды ұстамау принциптерін ұстануда.

Жапонияның «1000 мильдік  қашықтықтағы қорғаныс» тұжырымдамасы  бойынша, әскери докторинаға едәуір өзгерістер енгізілді: қорғаныс күштерінің жауынгерлік қуатын арттыру, шет  елдерге жапон әскерлерін антитеррорлық  операцияларға қатысуы үшін жіберу т.с.с.

Жапония дамушы елдерге  зор қайтарымсыз экономикалық көмек  көрсетуде. Қуатты экономикалық әлеуметі бар, еңбек және табиғи ресурстарға  бай Қазақстан, көптеген мемлекеттің  өңірлік істерді ғана емес, әлемдік  ауқымдағы геосаяси процестерге  елеулі ықпал жасай бастауда.

Азия – Тынық мұхиты өңіріндегі интеграцияның үлгісі ретінде  АСЕАН бірлестігін атауға болады. Ол 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия мемлекеттері қатысуымен құрылды. 1997 жылы оған Вьетнам, Лаос, Мьянма (Бирма), Бруней, ал 1999 жылы Комбоджа мүшелікке өтті. 2002 жылы күзінде Брунейде өткен АСЕАН – ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің мәжілісінде терроризмді айыптаған декларация қабылдады.

Сингапур – қазіргі кезде әлемдегі ең бай мемлекеттердің қатарында. Қазақстан Сингапурмен арадағы дипломатиялық қатынастарды 1993 жылы 30 наурызында орнатқан болатын. Қазіргі уақытқа дейін Сингапурлық компаниялар Қазақстан экономикасына 15 млн. доллар инвестицияларын салуда. Елімізде алты Қазақ – Сингапур бірлескен кәсіпорын және бес Сингапурлық фирма тіркелді. Ынтымақтастықтың басым баығттары ретінде ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, банк ісі, жеңіл өнеркәсіп, денсаулық сақтау, энергетика, туризм салалары қарастырылуда.

Сонымен қатар, Сингапурда авиағарыштық өнеркәсіп, энергетика, жер бетіндегі қорғаныс жүйелері мен кеме жасау, икемді бұрғылау қондырғылары, теңіз және өзге де көлікке қажетті жабдықтар өндіру жоғары дәрежеде дамуда. Нәтижесінде ол өнімдер әлемдік рынокта өзіндік орнына ие.

Елбасының 2003 жылы Филиппиныға сапары Қазақстан дипломатиясының жаңа парағын ашады деп айтуға болады. Екі жақты дипломатиялық қатынастар  сонау 1992 жылдың басында орнатылса да, тығыз саяси байланыс Малайзия немесе Тайланд сияқты орнатылған жоқ.

Елдің атауына ХVІ ғасырда билік еткен Испанияның көсемі Филипп ІІ есімі себепші болған. Ол кезде испандықтар бұл аймақты отарлай бастаған болатын. Қазіргі  Филиппины 7100 аралы бар архипелагта орналасқан. Халықтың саны 84,6 млн. адам /30, 3-б./.

Шығыс Азияның алыптарымен  салыстырғанда Филиппины «шамалы» экономикалық әлеуетіне ие. Дегенмен, оның жалпы ішкі өнімі 80 млрд. доллардан асады. Қазақстан бұл елмен ынтымақтаса отырып тауар өндірушілер үшін келешектегі аса ірі нарық болуы ықтимал.

Қазақстанда филиппиндық 21 компания және 1 бірлескен кәсіпорын қызмет етуде. Қазіргі кезде өзара сауданың өсуі байқалуда. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша 2003 жылдың алғашқы жеті ай ішінде Қазақстан мен Филиппины арасындағы сауда айналымы 4,5 миллион долларды құрады.

Жалпы айтқанда, Филиппины  Азияның жаңа «жолбарыстың» қатарына біртіндеп қосылуда. Осы аталған  Шығыс Азия елдерімен дипломатиялық  қарым – қатынас орнатқан Қазақстан  алдағы уақытта экономикасы тұрақты мемлекет болуына кепілдік беруге болады.

 

ІІІ.4.  Америка Құрама Штаттары

Қазақстан Республикасының  сыртқы саясатының қалыптасуы мынадай міндеттерді жүзеге асырудан басталды: елімізді дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету; әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға араласу. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін жас республикаға халықаралық ықпалды күштер тарапынан көмек пен қолдау қажет болды. Сондықтан да Америка Құрама Штаттарымен саяси, қауіпсіздік және экономикалық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға айрықша маңыз берілді /31, 1-б/.

Қазақстан мен АҚШ  арасындағы қатынастарды дамыту екі  жақты бірдей болды. Нәтижесінде  Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан  кейін екі жарым айдан соң  ашылған бірінші шет ел өкілдігі — АҚШ елшілігі болды. Төтенше және Өкілетті Елшілер: Уильям Кортни, Элизабет Джоунс, Ричард Джонс екі елдің арасындағы қатынасты нығайтуға айтарлықтай үлес қосты, қазіргі кезде Лэрри Нэппер осы бағытта қызмет етуде.

АҚШ-тың жаһандық даму мен әлемдік экономикадағы рөлін және жаһандық қауіпсіздікті орнықтыру жолындағы айрықша жауапкершілігін ескерер болсақ, осынау алып державамен достық және тұрақты қатынас республиканың ұлттық мүдделеріне сай келуде.

Қазақстан-Америка байланыстары өскелеңдікпен дамып келеді, оның негізінде өзара мүдделестік, бір-бірінің мүдделерін құрметтеушілік, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті проблемаларын екі жақты деңгейде және халықаралық ұйымдар аясында шешудегі өзара қолайлы шешімдерді іздестіру жатыр.

АҚШ Қазақстанның тәуелсіздік  алғанын 1991 жылдың 25 желтоқсанында таныды, бір күн өткеннен кейін, екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.

Бүгінде Қазақстан мен  АҚШ-тың ынтымақтастығын дамытуға бағытталған 94 келісімнен тұратын құқықтық берік база жасалды. Қазақстан басшысының 8 ресми және жұмыс сапарларының арқасында екі жақты байланыстарды одан әрі дамытудың негізі қаланды.

Елбасымыздың Америкаға  жасалған алғашқы сапары 1992 жылдың мамыр айының 18-і мен 20-сы аралығында өтті. Осы сапар аясында ол АҚШ-тың  бұрынғы Президенті үлкен Бушпен, сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкермен кездесулерінің нәтижесі егемендігін енді алған ел Қазақстан мен АҚШ-тың терезесі тең әріптестікке ұмтылып отырғандығын бүкіл әлемге паш етті.

Кездесу соңынан Президенттер Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеретін Америка Қазақстан құжаттарына қол қойды. Н.Назарбаев Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға және Стратегиялық шабуыл қаруы бойынша шарттың ережелерін орындауға әзірлігін толық қуаттады.

1991 жылғы желтоқсанда  АҚШ-та жасалған «Қауіп-қатерді бірлесіп қысқарту» бағдарламасы қабылданды. АҚШ Президенті: "Біз - деді, Қазақстанның қауіпсіздігі Еуропа мен Азиядағы тұрақтылық үшін өте маңызды деп санаймыз. Президент Назарбаевтың ядролық қарусыз мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартты сақтау жөніндегі мәлімдеген әзірлігін құптаймыз. Таяу күндерде Стратегиялық шабуыл қаруы бойынша шарттың хаттамасын Қазақстанмен, Украинамен, Беларусьпен, Ресеймен және Құрама Штаттармен қол қою үшін жұмысқа кірісетін боламыз».

Республика Президенті Н. Назарбаев жауап сөз сөйледі: «Біз әлгінде ғана біздің елдеріміз  арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін негіз қалаушы құжаттарға қол қойдық. Ол сауда келісімі, инвестицияларды қауіпсіздендіру туралы келісім, күрделі қаржыларды қорғау туралы келісім. Бұл құжаттар өз кезегінде біздің елдерімізге саудада өзара тең қолайлы жағдай режимін жасау жөнінде, сондай-ақ Қазақстанның ішкі заңдарының осы келісімнің және тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім ережелерінің нормалары мен талаптарына сай келуі жөнінде міндеттемелер жүктейді. Оларда басшылыққа алынған принциптер Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына өркениетті түрде енуі үшін және нарықтық экономиканы құруы үшін жақсы бағдар болып табылады және де біз шетелдермен, ең алдымен Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықты дамыта, дүниежүзілік интеграциялық процестерге толығымен қатыса отырып, біз осы жолды ойдағыдай өтетінімізге берік сенімдіміз. Оған Қазақстанның адам құқығын қорғау саласындағы барлық халықаралық нормаларды орындауға, 1969 жылғы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ядролық емес мемлекет ретінде қосылуға әзірлігіміз негіз бола алады.

Біз барлық мемлекеттермен, соның ішінде, мұсылман мемлекеттерімен, Батыс мемлекеттерімен демократия принциптерінің негізінде тең құқылы әріптестер ретінде ынтымақтастық жасайтын боламыз», - деп атап көрсетті   /32, 3-б/.

Экономикалық байланыстардың дамуында ерекше рөл атқарған маңызды  фактор мұнай өнеркәсібі болды. Сол  сапарында американдық Шеврон компаниясымен «Теңіз-Шевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылы Теңіз кен орнын игеруге кіріскен американдық компанияның 1997 жылғы табысы 80 миллион доллардан асты. Нәтижесінде Қазақстанға «Мобил», «Амоко», «Экссон» сияқты американдық компаниялардың инвестиция ағымы келе бастады.

       Елбасы Н. Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған 1994 жылғы 13-19 ақпандағы екінші сапары ерекше орын алды. Ақпанның 14-інде 1994 жылы АҚШ Президенті Билл Клинтон Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен кездесті. Келіссөз аяқталғаннан кейін, екі елдің басшылары «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қойды. Н. Назарбаев Б. Клинтонға Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядросыз мемлекет ретінде қосылатыны туралы бекіту грамотасын тапсырды.

Бұдан кейін болған баспасөз конференциясында Американ әкімшілігінің  басшысы былай деп мәлімдеді: «Бұл менің Қазақстан Президентімен  тұңғыш кездесуім еді, бірақ ол өте  жақсы өтті. Екі ел ынтымақтастығының  ең маңызды жақтарының бірі ядролық  қарудың таратылуына жол бермеу жолында олар қолданып жатқан күш-жігер. Тәуелсіздіктің екі жылы ішінде Қазақстан қару-жараққа бақылау қою және «Қьірғи-қабақ соғыстың» ең қауіпті мұрасын жою жөнінде өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындауда өзінің жетекші рөлін көрсетіп берді».

АҚШ Президенті екі ел арасындағы серіктестікті нығайту  және Қазақстанның жүргізіп жатқан реформаларына  қолдау көрсету мақсатында Құрама Штаттар  Қазақстанда 1993 жылғы 91 млн. доллармен  салыстырғанда, 1994 жылы 311 млн. доллар беретінін жариялады. Бұдан басқа АҚШ 1994-95 жылдарда ядролық қару-жарақты бөлшектеуге көмектесу үшін Қазақстанға тағы да 85 млн. доллар беруге әзір. «Біз, сондай-ақ, екі ел арасындағы сауданы дамытуға және инвестицияларға жәрдемдесуге уағдаластық», - деп хабарлады Билл Клинтон.

Елбасы Н. Назарбаев  өз сөзінде: «Президент Б. Клинтон және Мен Қазақстан Америка қатынастарының даму серпінін жоғары бағалаймыз. Біздің мемлекеттерімізде әртүрлі салаларда  өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтіп, тереңдету үшін жақсы келешек бар деген бірауызды пікірде болдық.

Біз қол қойған Демократиялық  серіктестік туралы хартия біздің қатынастарымызда сапалық тұрғыдан жаңа кезеңді білдіреді. Ол барынша ауқымды да ұзақ мерзімді сипатқа ие болуда. Бұл құжат саясат, экономика, әскери ынтымақтастық, ғылым мен техника, экология, денсаулық сақтау және басқа салалар сияқты бағыттарды қамтуда.

Хартияда айтылған АҚШ  тарапынан қауіпсіздік кепілдігі, сондай-ақ, НАТО қабылдаған «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберінде көпжақты ынтымақтастыққа қатысу Қазақстан болашақта егеменді мемлекет болады деген сенімімізді нығайта түседі» деді.

 

Қазақстан Республикасы мен Америка   Құрама Штаттарының  арасындағы демократиялық серіктестік  туралы ХАРТИЯ

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары, 1992 жылғы 19 мамырда Қазақстан Реслубликасының Президенті мен Америка Құрама Штаттарының Президенті қол қойған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасында қатынастар туралы декларациясының ережелерін бірлесіп дамыта отырып:

- өздерінің қатынастарын даму үстіндегі, тең құқықты және демократиялық серіктестік принциптерінде құру ниеттері туралы мәлімдеді.

 

I бап

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары егемен тәуелсіз Қазақстанның пайда болуымен ұзақ мерзімді және өзара пайдалы дәнекерлерді нығайту мүмкіндігін қолдайды.

 

                                              II бап

Қазақстан Республикасы мен АҚШ түрлі бағыттарда бұдан  да тығыз екіжақты қатынастарды дамытуға ұмтылуда. Осы мақсатпен екі ел саясатта, экономикада, мәдениетте, білімде, экологияда, ғылым мен технологияда, денсаулық сақтау және басқа салалардағы қарым-қатынастарды күшейтеді.

 

III бап

Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі, тәуелсіздігі, егемендігі, аумақтық тұтастығы  мен демократиялық дамуы аса маңызды игіліктер болып табылатынын мойындайды.

 

IV бап

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары, сонымен  бірге, барлық халықтармен Біріккен Ұлттар Ұйымы меи Еуропадағы Қауіпсіздік  пен ынтымақтастық жөніндегі  кеңестің принциптеріне сәйкес, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтудағы өздерінің мүдделілігін қуаттайды.

 

V бап

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары олардың  қорғаныс ынтымақтастығын, оқытып үйрету, әскери қызметшілер алмасу, жоғары деңгейдегі әскери консультациялар және толық көлемдегі қорғаныс пен әскери байланыстар салаларында шоғырландыруды көздейді.

 

VI бап

  Америка Құрама Штаттары егер Қазақстан Республикасы агрессияның немесе ядролық қару қолданылған агрессия қатерінің құрбаны болса, Қазақстан Республикасына дереу Біріккен Ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің әрекетін шақырудағы өзінің міндеттемесін қуаттайды.

 

VII  бап

Информация о работе Қазақстан республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен экономикалық байланыстары