Қазақстан республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен экономикалық байланыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 07:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі танда Қазақстан мемлекеттігі қалыптасуының ең сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біздің еліміздің халықаралық қатынастар жүйесінде алатын орны ерекше. Оның әлем өмірінде жаңа сипатта, жаңа қырдан көрінуіне бар болғаны 17 жыл ғана болып отыр. Біз мұны неге сүйеніп айтып отырмыз? Қазақстанның сыртқы саясаты бейбітшілік пен ынтымақтастық бағытында дамуда.
Бүгінде біздің дипломатиямыздың түбегейлі жетістіктері ешқандай дау туғызбайды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің барлық елдеріне танылу үстінде.

Содержание

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баданов.Бауыржан.Болатбекулы.Тх-41тобы..doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

ХХ ғасырдың орта кезінде  Азия құрлығындағы шекаралардың белгіленуі жаңа мемлекеттердің тарихи дамуы және ұлттық құрамы ерекшеліктері ешбір  ескерілместен, мүлде қалай болса солай белгілену фактілері анықталуда. Мұны бұрынғы отаршыл елдер әдейі жасаған болатын. Азия құрлығындағы өңірлік дау – дамайлар дүниенің басқа бөлігінде болған емес. Осы аталған қарама – қайшылықтарға қарамастан Қазақстан Республикасы өзіндік даму жолын, қарым – қатынасын нығайтуға ұмтылуда. Аталған Азия елдерінің ішіндегі Оңтүстік Кореямен дипломатиялық байланысына тоқталып кетейік.

1992 жылы 28 қаңтарда Қазақстан мен  Корея Респрубликасының арасында  екі жақты дипломатиялық қарым  – қатынастардың орнығуымен біздің елдеріміздің екі жақты ынтымақтастығы әр түрлі бағытта дами бастады. Екі жақты экономикалық қатынастардағы ұйымдық мәселелерді 1992 жылы 3 шілдеде екі елдің сауда жөніндегі үкіметаралық Келісімнің негізінде құрылған үкіметаралық Қазақстан – Оңтүстік Корея комиссиясы шеше бастады.

Қазіргі кездегі әлем Қазақстан  мен Корея республикаларының  мүддесіне тікелей қатысы бар  түбегейлі және қарқынды өзгерістерді бастан кешіруде: Астана мен Сеул БҰҰ  мүшесі ретінде осы процестің  белсенді қатысушылары болып табылып отыр. Әлемнің жетекші мемлекеттерімен тығыз қатынас жасай отырып, өркениетті қоғам  құру үшін олардан айтарлықтай қолдау табуда.

Халықаралық қатынастардың  өзгеруі, қырғи – қабақ соығс  кезіндегі тайталастың аяқталуы Қазақстандық және Кореядағы реформалардың ілгерілеуі Азия континентіндегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуде. Екі мемлекет арасындағы қатынаста экономикалық саяси және ғылыми – техникалық факторлар үлкен рөл атқаруда.

КСРО тарап, Орталық  Азияда жас мемлекеттер пайда  болған кезде басқа елдер сияқты Корея Республикасы да осы стратегияның маңызды аймақта өз қатынасының болу қажеттігін сезінді.  Корея Республикасы Орталық Азия аймағына өзінің технологиядағы және экономикадағы жетістіктері арқылы ықпал етуге ұмтылды.

Қазақстан мен Корея Республикасын бөліп тұрған жер қашықтығы халықтың әл – ауқатын жақсарту үшін экономикалық дамуды қамтамасыз ету керектігіне деген біртұтас көзқарасқа бөгет басты шарты ретінде сауда мен ынтымақтастықтың шекараны кеңейтуді талап етеді. Ынтымақтастықтың арта түсуіне 1995 жылы мамырда қол қойылған Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастар мен ынтымақтастықтың негізгі принциптері жөніндегі Декларация үлкен ықпал етті.

Қазақстан ішкі саяси  жағдайының тұрақтылығы мен тыныштығы арқасында Кореялық саясаткерлер мен кәсіпкерлерді қызықтыруда әлемдік саясаттың басты мәселелеріне Астана мен Сеулдың пікірлес көзқарастары аймақтық және ғаламдық тұрақтылықтың негізгі бағытта өзара тиімді болуда. Қазақстан Корея Республикасымен барлық бағытта өзара тиімді қарым – қатынасты дамытуға ұмтылуда.

Басты  міндет саяси  қатынастың деңгейіне сәйкес экономикалық ықпалдастықты кең көлемде жүргізу  болып табылады.

Қазақстан Корея Республикасы үшін Ресейге, Еуропаға, Орталық Азия елдеріне және табиғи ресурстардың орасан зор базарына ең жақын жол болып саналады.

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сауда  – экономикалық ынтымақтастығы электрондық  және тұрмысқа қажетті техниканы, жұрт кеңінен тұтынатын, ауыл шаруашылығы, медициналық тауарларды өндіру саласында жүзеге асуда. Біздің мемлекетіміз екі елдің арасындағы капитал қозғалысы мәселелерін реттейтін негізгі халықаралық келісімдер жасасты. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметі арасындағы 1996 жылы 20 наурыздағы, 1996 жылы 26 желтоқсанда күшіне енген инвестицияларды қолдау мен өзара қорғау туралы келісім инвестицияларды ынталандыруды және қорғауды қамтамасыз етеді, сондай – ақ инвесторларға өздерінің инвестициялары мен одан түскен кірісті еркін иемденуіне кепілдік береді /24, 25-б./.

Қазақстан өнімдері экспортының  құрамында минералды тыңайтқыштар, ядро түзінділері, мыс, қорғасын, мырыш, шойын, медикаментте, халық тұтынатын  тауарлар, автомобильдер импорттайды. Ұзақ мерзімді кезеңде екі ел арасындағы сауда – экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндігі елеулі дәрежеде екі елдің шаруашылық құрамдары көп жағдайда бір – бірін толықтыратындығымен айқындалуда. Корея Республикасында көптеген минералдық ресурстар жоқ. Қазақстан Оңтүстік Корея экономикасында елеулі көлемде пайдаланылатын шикізаттар мен материалдарды экспортқа шығарушы болып табылады.

Қазақстан мен Корея  Республикасында түбегейлі экономикалық және саяси реформалардың басталуының  алғашқы шептерінің қоғамдық – саяси  өмірдің негізгі бағыттарының көптеген көрсеткіштері бойынша принциптік айырмашылығы болуда. Сыртқы саясаттағы белгілі бір ұқсастығына қарамастан екі елдің реформалық жүрісіне әсерін тигізетін әлеуметтік және экономикалық негізі, ұлттық менталитеті, әйгілі дәстүрлері, психологиялық көзқарастар, дүниетанымдық  ерекшеліктері мүлдем басқаша.

Қазақстан мен Корея  Республикасы сияқты мемлекеттер арасында өзара қарым – қатынасты қалыптастыру процесі халықаралық тәжірибесінің жаңа дағдысы болып саналады: Біріншіден, ол әлемдік қоғамның назарын өзіне көбірек назарын аударады; Екіншіден, осы елдердің әрқайсысында болып жатқан оқиғаларды, ең алдымен, жүргізіп жатқан экономикалық реформаларды зейін қойып зерттей бастады.

Қазақстандық және Корейлік сыртқы саясат халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы өзара  мүдделерді толық есепке алу қажеттігіне  негізделеді. Тұтас алып қарағанды  екі елдің сыртқы саясаттағы беталысы келесі негізгі көзқарастар бойынша қалыптасады:

      1. Азия контитенттеріндегі тұрақты халықаралық қатынастар экономикалық және саяси реформаларды, сондай – ақ мемлекет ішіндегі жаңартуларды жүргізуге игі ықпал етеді;
      2. Елдердің қоғамдық  - саяси құрамы жағынан бір – бірінен айрымашылығы болғанымен, олар бірін – бірі ескермеуге тиіс емес, қайта мемлекеттік тәуелісіздіктің негізгі принциптерін өзара құрмет негізінде бейбіт қатар өмір сүруді және көп жақты ынтымақтастықты қамтамасыз етулері керек;
      3. Мемлекеттер арасындағы екі жақты қатынастар, оларда жүріп жатқан реформаларды салыстыру көп полюсті және өзара тәуелділігімен айқындалатын қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың өзіндік ерекшелігін есепке алуға мүмкіндік беруде.

Астана мен Сеул жаңа реформалар мен жаңғырту үшін әлеуметтік – саяси негіздерінің айырмашылығына қарамастан, жаңа жаһандық саяси ахуалдарға бірге қосылды, бұл процесстердің барысына бір мезгілде әр ел өзінше ықпал етуде. Ендігі жерде олар жаһандық жаңа саяси қатынастардың объектісі және олардың қатысушылары болады. Жаһандық саяси кеңістіктің жаңа жағдайында бұл елдердің әрқайсысының рөлін және саяси халықаралық оқиғалардың бұдан былайғы барысына қандай дәрежеде ықпал ете алатынын уақыт көрсетеді.

Корей Республикасының экономикалық реформаларының нәтижелері айқын. Реформалық процестердің болашағы көптеген факторларға байланысты, оның ішінде өндірісті жаңғырту мен экономикалық саясаттың заң негіздерін жетілдіру де бар. Ол сондай – ақ саяси жүйе мен мемлекеттік саясатқа да, мемлекеттік институттардың, ең алдымен, өкіметтердің болып жатқан өзгерістерді қаншалықты сергектікпен сезінуіне және дамудағы немесе баяулаудағы белгілі беталыстарды болжай алатынына байланысты.

Сеул Астанамен дипломатиялық  қатынастар орнатып алған соң, екі жақты кеңейтілген қатынастарға кірісуден бұрын жас мемлекеттің ішкі саяси жағдайының күйіне абайлап көз салды. Ол респбуликада сыртқы қарым – қатынастарды дербес жүргізуді тәжірибенің жоқтығын ескере отырып, онда жүріп жатқан процесстердің барлығын зейін қойып зерттеуде. Ол тұрақтылық қамтамасыз етілмеген жерге өз қаражатын салуға асықпауда.

Сеулдің қор көңіл  бөліп отырған объектісі Қазақстандағы  экономкалық реформаға барынша  қолдау жалаң болып табылуда. Корея  Республикасы бұл елде тұрақтылықты нығайтуда гуманитарлық байланыстар үлкен рол атқаруда. Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті де және көрсетіп келуде. Ол көмек екі ел арасындағы дипломатиялық қаытнастардың ресми ықпалымен басталуда. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына жауап ретінде, Корея Республикасының Президенті Ким Дэ Чжун Аралды құтқаруға 50  мың АҚШ долларын бөлу жөнінде жарлық берді. Соңғы жылдары Сеулдің Астанаға гуманитарлық көмегі қарқынды өсуде, егер 1996 жылы Қазақстан үшін 814,4 мың доллар бөлінсе, 1999 жылы бірінші жарты жылдығында оның көлемі 2 млн. АҚШ доллары болды /25, 42-б./.

Сеул Қазақстан бастан кешіріп отырған экономика саласындағы қиыншылықтарға түсіністікпен қарайды. Кореяның ресми басшылығы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекетті нығайту және реформаларды жүргізу жөніндегі батыл іс - әрекеттерін қызығушылықпен және мақұлдаумен қабылдауда.

Онда үрдістер екі  ел арасындағы сауда айналымының  ұдайы өсуінен көрінеді, оның көлемі он жыл ішінде  500 миллион АҚШ доллары деңгейіне дейін көтерілді. Екі жақты Қазақстан – Корея ынтымақтастығында әлі де көптеген пайдаланылмай жатқан резервтердің бар екенін көріп, оларды іске қосуға мән беруде.

Екі мемлекет  тарихында  әр түрлі кезеңдер болды, соның ішінде қарсы тұрған шақтар да болды. Бүгінде барлық қатынастарда жаңа көзқарас орнықты.

Бұл істе екі достас елде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың рөлі үлкен. Соңғы жылдары Қазақстан мен Корея Республикасы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту, бейбіт өмір сүруді нығайту, сондай – ақ халықтар арасындағы достықты күшейту үшін нақты қадамдар жасауда. Сеул мен Астана өзара тиімді екі жақты қатынастар арқылы халықаралық бұлжымас құқық жүйесінің идеясына іс жүзіндегі адалдық, Азия аймағындағы гүлдену мен қауіпсіздік бекиді деп сендіруде.

Екі мемлекеттің басшылары  Н.Ә.Назарбаев пен Ким Ен Сам 1995 жылғы Сеулдегі кездесуінде қатынастардың  әлеуметтік негізін нығайту Қазақстан  мен Корея халықаралық мүддесіне сай келеді деп көрсетті. Бұл істе гуманитралық байланыстар, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы достық алмасуларды кеңейту, адамдар арасындағы байланыстар, Қазақстан – Корея достық, бейбітшілік және даму комитетінің қызметі маңызды рөл атқарды.

Қазіргі кезде стратегиялық әріптестік жүзеге асырылып отырған  саланың бірі Қазақстан мен Кореяның халықаралық істердегі әріптестігі болып отыр. Ол оның шындығына айналып, құр сөз жүзінде емес, түбегейлі ұлттық мүдделердің сай келуіне тірелуде. Астана мен Сеулдің қазіргі заманғы әлемдік мәселелердің көбіне көзқарастарының жақын болып келуінің себебі осында. Бұл туралы екі елдің басшылары Сеулде жасаған бірлескен мәлімдемеде айтылды және сонда қол қойылған бірнеше келісімдерде көрсетілді.

Қазақстан дипломатиясы Солтүстік және Оңтүстік Кореяның арасындағы көпке созылған жанжал Азия құрлығындағы қауіпсіздікке нақты қауіп төндіруде, Қазақстан мүддесіне де тікелей қатысы бар деген болатын. Астана өзінің БҰҰ – на мүшелік статусын пайдалана отырып, Азия аймағындағы жағдайды қалыпқа келтіруге белсенді бағыт ұстауға ниеттенуде. Корей түбегін ол Азия – Тынық мұхит аймағындағы (АТА) байланыстырушы түйін ретінде қарайды, оны бейбішілік, тұрақтылық аумағына айналдыруға мүдделі, ал оған халықаралық терроризм де, ұлттық сепаратизм мен діни экстремизм де, есірткінің таралу қаупі де, ұйымдасқан қылмыс та кедергі болуда. Осындай күрделі мәселелерге жауапты Қазақстан мен Кореяның бірлесіп іздестіретіні қуантуда.

ХХ ғасырдың 90 жылдарының аяғындағы Оңтүстік Кореяны жанап  өткен Шығыс Азиядағы қаржылық дағдарысқа қарамастан, біздің еліміз әріптестік қатынастарды қолдауға тырысуда. Осыған байланысты, 1998 жылы Қазақстан экономикасына салған инвестицияның көлемі жағынан Корея Республикасы екінші орында болғандығын айтудың өзі – ақ жеткілікті.

2000 жылдың ортасына  қарай инвестиция 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Оңтүстік Кореяның өзі авиакомпаниясы Азиана Эйрлайнздың Сеул – Алматы – Сеул әуе рейсін ашуы бұл елдің бизнесмендерінің Қазақстан Республикасына үлкен қызығушылық танытатындығына дәлел.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2003 жылы Оңтүстік Кореяға ресми сапары және Корея Республикасының Президенті Но Му Хеннің 2004 жылғы Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары біздің елдеріміздің арасындағы екі жақты байланыстың дамуына ерекше қарқын беруде. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда, инвестиция, мәдени, ғылым, білім салаларындағы қатынастардың жандана түсуі өзара тиімді әріптестіктің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Достас қалалар – Сеул мен Астана қызметтің әр түрлі салаларындағы Қазақстан – Оңтүстік Корея ынтымақтастығын, ондағы Оңтүстік Кореялық компаниялардың белсенді жұмыс істеп жатқандығын атап көрсетудің өзі – ақ жеткілікті. Қазақстан Оңтүстік Кореямен кең көлемде экономикалық байланыстар жасауда. Әрбір қазақстандық отбасында «Самсунг», «LG Электроникс» маркалы тоңазытқыштар, музыка орталықтары, тұрмыстық құралдар бар.

Қазақстандықтарға «Дайву»  жеңіл автокөлігінде атап өтуге  болады. Астана мен Қазақстанда «Хайвил  Қазақстанның» тамаша тұрғын үй құрылыс  жобалары жүзеге асырылуда. Астанада 2005 жылдан бастап қаланың орталығында 20 га жерге «Хайвил Астана» тұрғын үй кешені қанат жаюда, онда құрылыстың жаңа технологиялары қолданылуда. Оңтүстік Кореялық «CALAMAT ART» фирмасы Алматыда тұрғын үйлер салуды жоспарлауда. Жобаны жасаушылар оны «APPLE TOWN» (Алматы қала) деп атауды жөн көрді. Бұл қалашықтың құрамында 14-тен 25-қабатқа дейінгі қазіргі заманғы ғимараттар, сондай – ақ 1800 оқушыға есептелген керемет мектеп, 2500 балаға есептелген 5 балабақша салынатын болды /26, 26-б./.

2006 жылы қыркүйекте  Қазақстанға ресми сапармен келген  Корея Республикасының Премьер – министрі Хан Мен Сунг ханым құрылыс алаңындағы жол ағаштар отырғызудың салтанатты рәсіміне қатысты. Бұл Корея Республикасы үкіметінің Қазақстанда Оңтүстік Корея фирмалары іске асырып жатқан инвестициялық жобалауға байыппен қарайтындығының айғағы.

Корея Республикасы Қазақстан  мен ең соңғы ғылыми жетістіктерінің  тәжірибесін де бөлісуде. Соған сәйкес, 2006 жылы 23 қыркүйекте Алматыда болып  өткен ақпараттық – коммуникациялық  технологиялар бойынша бизнес форумды айтудың өзі – ақ жеткілікті. Оның барысында істеп жатқан Кореяның ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық Агенттігі форумға қатысушыларды Оңтүстік Кореяның мемлекеттік саясатымен және ақпараттық технологиялардың дамуының ағымдағы сатыларымен және де осы саладағы елдің халықаралық ынтымақтастығының перспективаларымен таныстырылуында. Сонымен қатар, мұнда «мобильдік» сандық үлгіде телехабарлар жүргізудің технологиялары және Интернет желісіне сымсыз кең жолды қосудың  технологиялары көрсетіледі.

Информация о работе Қазақстан республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен экономикалық байланыстары