Қазақстан республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен экономикалық байланыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 07:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі танда Қазақстан мемлекеттігі қалыптасуының ең сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біздің еліміздің халықаралық қатынастар жүйесінде алатын орны ерекше. Оның әлем өмірінде жаңа сипатта, жаңа қырдан көрінуіне бар болғаны 17 жыл ғана болып отыр. Біз мұны неге сүйеніп айтып отырмыз? Қазақстанның сыртқы саясаты бейбітшілік пен ынтымақтастық бағытында дамуда.
Бүгінде біздің дипломатиямыздың түбегейлі жетістіктері ешқандай дау туғызбайды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің барлық елдеріне танылу үстінде.

Содержание

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баданов.Бауыржан.Болатбекулы.Тх-41тобы..doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда Оңтүстік Кореялық капиталдың қатысуымен 110 компания, соның ішінде 78 бірлескен кәсіпорын және 62 өнімдік жұмыс істеуде.

Орта және шағын бизнес екі елде де екі  жақты ынтымақтастық орнатуға ұмтылыс жасауда. Соған байланысты бірнеше ондаған бірлескен кәсіпорындар құрылды, оның тұрмыстық техника, фармакология, киім тігу өндірісімен айналысуда. Оңтүстік Кореяның біраз орта және шағын фирмалары 1998 жылы қазанда Алматыда өткен «АСПАТ – 98» көрмесіне қатысты.

Біздің екі жақты  қарым – қатынастарымыз халықаралық  ұйымдар мен форумдардың жұмысына бірлесе қатысу жолымен де дамуда. Мәселен, Оңтүстік Корея өкілдері Қазақстан Республикасы ұйымдастырылған әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларының ІІ – съезінде болды. Және мұндай форумдар бүкіл әлемдегі дінаралық және этноаралық дау – жанжалдарды жеңуге мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті. Корея Республикасы Қазақстан ұсынған Азиядағы өзара әрекет сенім шаралары жөніндегі Кеңес шеңберінде біздің ортақ азияттық құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы идеяға түсіністікпен қарауда. Мұндай ілтипат пен ықыластың айғағы Корея Республикасы өкілдерінің СВМДА – ның Арнайы жұмыс тобының ісіне қатысуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Азияттық – Тынық Мұхит экономикалық ынтымақтастығы ұйымына (АТЭС) мүше болғысы  келеді.  Оңтүстік Корея бұл мәселеде өзінің жәрдемдесуге дайын екендігін білдіруде Женевадағы қарусыздану жөніндегі Конференцияның құрамын кеңейту жөніндегі мәселені қарастыру барысында Сеул Қазақстанға қолдау көрсетті. ЭСКАТО Атқарушы Комитетіндегі сайлау процесінде Қазақстан Корея Республикасының кандидатурасын қолдады. Корея Республикасының басшылығы Қазақстанның БСҰ – на кіруіне көмек көрсететін және Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ – на төрағалық етуі мәселесіне қолдау көрсететіндігіне сендірді.

Екі елдің өзара мәдени байланыстары біздің халықтарымызға бірін – бірі жақсы түсінуге көмегін тигізуге, адамдар мен халықтар арасындағы достық қарым – қатынастың нығаюына мүмкіндік беруде.  Корея Республикасында Айман Мұсаходжаеваның,  «Елімай» балалар Қорының концерті болып өтті. Қазақстан Республикасында «Ариран»  ансамблінің концерті болып өтті, Корей тауарларының көрмесі, Корей әндерінің фестивалі болды.

Тек қана энергетика емес, минералдық ресурстар да біздің елдеріміздің өзара экономикалық қарым – қатынастарында басты назарда болды. Бізге жаңа технологияларды енгізу ісіне, мұнай – химия кешенін дамыту ісінде, білім мен мамандар даярлау саласында өзара бірлесіп әрекет етуде.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның екі жақты қарым –  қатынастарын тек мұнай скважиналарын  бірлесіп игеру ісінде ғана емес, сондай – ақ қызметтің химия – мұнай және телекоммуникациялық салаларында, атом энергетикасы, құрылыс пен көлік салаларында да лайықты байланыс орнатуда.

 

 

 

ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы

Еліміздің сыртқы саясатында Қытай Халық Республикасымен қарым – қатынасқа ерекше маңыз берілуде. Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қатынасты дамыту 1991 жылы шілде айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы елге бірінші сапарымен басталды. Ол кезде Қазақстанның Қытайға баратын темір жолы Ресей арқылы өтетін. Ендігі бағыт – сыртқа шығатын басқаша жолдар қарастыра бастау. Осыған орай Қытай жағы Үрімжіден «Дружба» (Достық) стансасына дейін 460 шақырымдық темір жол тартып, 1991 жылы 1 қыркүйекте бірінші жүк поезы жолға шықты. Ал 1995 жылы Достық – Аламанькау темір жол өткелдері арқылы жүк тасымалының көлемін арттыру туралы келісімге қол қойылды.

Ауа райы аса қатал  өңірде теміржолшылар мен кеден, шекара, тағы басқа салалардың өкілдері жүкті өткелден өткізуден бастап, оның қауіпсіздігін сақтау, контрабандалық әрекеттердің жолын кесу сияқты аса жауапты міндеттерді орындауда. 2003 жылы жүк тасымалының көлемі 7,2 млн. тоннаға жетті /27, 12-б./.

2004 жылы 19 наурызда Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Дружба» стансасының жүк тасымалын өткізу қабілетін он миллион тоннаға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет деп атап көрсетілді және өзара тиімділік негізінде еді.

1991 жылы желтоқсанда  Қазақстан және Қытай үкіметтері  екі ел арасындағы сауда –  экономикалық байланысты дамыту  мақсатымен теңдік сауда – экономикалық келісім жасалды.

1992 жылы 3 қаңтарды екі  ел арасында дипломатиялық қатынастар  орнау туралы бірлескен мазмұндама  жарияланды. Сол жылы ақпан айында  ҚХР Алматыда өз елшілігін  ашқаннан кейін, желтоқсанда Қазақстан  Республикасы Пекинде өз елшілігін ашты.

1993 жылы 18 казанда және 1995 жылы 11-14 қыркүйек аралығында  Елбасы Назарбаевтың Қытайға  ресми сапары болып, онда келіссөздердің  нәтижесінде екі елдің мемлекет  басшылары Қазақстан Республикасы  мен Қытай Халық Республикасы  арасындағы достық қарым – қатынасты одан әрі дамыту мен тереңдету жөніндегі бірлескен Декларацияға қол қойды. Онда екі жақ өздерінің арасындағы тату тіршіліктің ұзақ мерзімді және тұрақты қатынастарын достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау және дамыту, екі елдің және халықтарының түпкілікті мүдделеріне жауап беруде. Азиядағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен дамуды сақтау мен нығайтуға қолайлы жағдай жасауда.

Азияның шығыс бөлігіндегі  қазіргі жағдай саяси және экономикалық процестердің қарқынымен сипатталуда. 1997 жылы аралық қаржылық дағдарыс Азия – Тынық мұхиты өңірі елдерінің нығайып келе жатқан позициясына айрықша теріс ықпал етті. Сонымен бірге, бірқатар жағдайларда өңір мемлекеттері экономикалық дамудың бұрынғы соққысын сақтауда. Қазақстан мен Қытай ұлттық сепаратизмнің қандай түріне болса да, қарсы шығып, өз аумағында кез – келген ұйымдардың және күштердің екінші жаққа қарсы бағытталған сепаратистік қызметіне жол бермейді.

Қытай Халық Республикасы өңірде ерекше орынға ие. 2000 жылы қараша айындағы бесінші халық санағының мәліметі бойынша бұл елде 1 млрд. 295 мың адам тұрады, ұлттық құрамы жағынан 91 пайыздан астамы Хань  және одан басқа 55 азшылық ұлт өкілдері бар. Осыдан 60 жыл бұрын Қытайды «Азияның бақытсыздығы», «Жоқшылық пен науқастық елі» деп атады. Елде жыл сайын аштық пен аурудан 30 млн.-ға таяу адам қазаға ұшырап, өміру сүрудің орташа ұзақтығы 31 жас қана болды. 1989 жылы маусымдағы Пекинде Тянь Ань Мэнь алаңындағы Қытай студенттерінің қарсылығын армия күшін қолдану арқылы басты. Дегенмен, ол оқиғадан Қытай басшылығы экономикалық реформаның қажеттігін түсінді.

«Қытай кереметінің» басты архитекторы Дэн Сяопин басты көңілді экономикалық дамуға бұру қажеттігін талап етті. Реформаның нәтижесін елдегі халықтың басым  көпшілігі қолдауы үшін коммунистер таратылды, жерді жеке пайдалану қалпына келтірілді, жер жалға беріле бастады, жеке кәсіпкерлерге құқық берілді, сауда еркіндігі үстемдік алды, еркін эколномикалық аймақтар құрылды. Экономикалық бостандық Қытай халқының ерекше еңбекқорлығы және іскерлігімен ұштаса отырып, керемет нәтиже берді. Аштық апаты төнген ел бас – аяғы екі жылда ауыл шаруашылығы өнімін екі есе көтерді. Мұның барлығы елде саяси тұрақтылыққа негіз болды.

Дэн Сяопин 1992 жылы былай деді: Бұрынғысынша, бір қолыңмен реформа саясатын жүргізсек, екінші қолыңмен қылмысқа қарсы күресу қажет. Ол саяси жүйенің дұрыс екендігін үш өлшем: жүйе мемлекетте саяси тұрақтылық сақтай алады ма, ол – халқының әл – ауқатын жақсарта ала ма және ол - өндіргіш күштердің үздіксіз дамуына жағдай жасай ала ма? – деген сұрақтарға жауап алу арқылы білуге болатындығын атады /28, 19-б./.

Сауда – экономикалық салада екі ел географиялық жақындық пен экономикалардың өзара толығатын  сипатымен берілген артықшылықтарды  барынша пайдалана отырып, энергетика, металлургия, мұнай – химия өнеркәсібі, минералды тыңайтқыштар өндірісі көлік, тоқыма өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастыққа басым көңіл бөлетіндігі аталып көрсетіледі.

Қазіргі кезде ҚХР  азық – түлік, мақта, көмір, болат, цемент, шыны, мақта – мата, теледидар бұйымдарын өндіруде әлемде бірінші орындарға ие. Қытайдың Бүкіл Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруіне байланысты экономиканы халықаралық стандартқа сай сапалы құрылымдау процесі басталды. Елде жоғары технологиялық өнімдер шығарылып, электроника және ғарыштық өнеркәсіптер жолға қойылуда.

2003 жылы мәлімет бойынша  ҚХР экономикасына түсетін шетел  тікелей инвеситициясының көлемі 53,5 млрд. доллар. Әлемдік 500 ірі компаниялардың 400 ден астамы  Қытай рыногында  бизнес жүргізуге келісім –  шарт жасауда. Қытайда соңғы 25 жылда ішкі жалпы өнім жылына орташа 9 пайызға өсуде. Қытай экономистерінің болжамы бойынша, Қытай 2005 жылы – Францияны, 2010 жылы – Ұлыбританияны, 2050 жылы Жапонияны басып озуы мүмкін. Өмір сүруінің орташа ұзақтығы жөнінде де Қытай әлемде ең алдыңғы қатарда: әйелдер 76 жыл, ер адамдар 72 жыл.

Қытайдың сыртқы саясатының негізгі ұстанымы 1954 жылы 29 сәуірде  Үндістанмен жасаған «Панча Щила»  шартының бес принципінде көрсетілді, оның: аумақтық тұтастық және егемендікті  мойындау; бір – біріне шабуыл жасамау; бір – бірінің ішкі істеріне араласпау; тепе – теңдік; бейбіт қатар өмір сүру. Сонымен қатар, Қытай гегомонизмге және күшпен қысым көрсетуге қарсы барлық даулы жанжалдарды тек қана бейбіт құралдармен келіссөздер жолымен реттеуді жақтауда. Ол халықаралық аренадағы өз ұстанымын өзі белгілеуде. Оған дәлел Ирак төңірегіндегі дағдарыс кезінде ол ерекше ұстанымда болып, әуелі Франция мен Ресей ұстанымы жағына бейімделді, артынша олардан іргені аулақтау салды, бірақ АҚШ пен Ұлыбританияның күш қолдану ұстанымына да қосылған жоқ.

ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің  бұрынғы премьері Ли Пэннің 1994 жылы сәуірде Елбасы Н.Назарбаевпен әңгімелесу кезінде: «Қытай алып айдаһарға ұқсайды, оның сәл қимылдағаны бүкіл әлемде үрей тудырады. Сондықтан біз өзімізді тыныш ұстап, көзге түспеуге мәжбүрміз» деген болатын. Қытай әскерге блоктауға қосылмау, ықпал аймағына ие болмау принципін ұстауда.

Әскери – саяси салада Қазақстан мен Қытай екі елдің қорғаныс министрліктерінің арасындағы байланыстарды дамытуға көмектесу, шекара ауданындағы достық, сенім және ынтымақтастық ахуалын одан әрі нығайту үшін қорғаныс күштерді өзара қысқарту, әскери – техникалық серіктестікті жүзеге асыру жөнінде де уағдаласуда.

Халықаралық қатынастар саласындағы екі ел егемендік  пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, шабуыл жасамау, ішкі істерге араласпау, теңдік пен өзара тиімділік, бейбіт өмір сүру, барлық елдердің халықтарының әлеуметтік құрылыс пен даму үлгісін таңдау құқықтарын құрметтеу принциптерінің негізінде құрылуға тиіс бірлескен Декларацияда саналуда.

Сонымен қатар, Қазақстан  мен Қытай үкіметтері арасында Қытайдың Лянь Юань Ган теңіз портын Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне және кері бағытта  жөнелтілетін келісімге қол қойылды.

Қытай Халық республикасының  сол кездегі төрағасы Цзян Цзэминнің Қазақстанға 1996 жылы шілде айындағы тұңғыш ресми сапары өзара қатынастар тарихының жаңа бетін ашты. Қазақстан Парламентінде сөйлеген сөзінде ол Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен бұл елде саяси тұрақтылық, ұлтаралық қатынастарға келісім, экономикалық дамудың тез қарқыны, халықаралық аренадағы орнының өсуі бізді қуантады деп атап көрсетті. Ол тұңғыш рет Лобпордағы ядролық сынақтарға тыйым салу шешімі туралы тарихи мәлімдеме жасады.

1996 жыл 26 сәуірде Шанхайда  Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімге, 1997 жылы 24 сәуірде шекара аудандарында әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қол қойылды. 2001 жылы 15 маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрылды. Онда терроризм, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес туралы конвенцияға 2002 жылы 7 маусымда аймақтық антитеррорлық құрылым туралы келісімге қол қойылды.

Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымының басым үш бағыты – жапондық және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жаңа қатерлерге бірлесе қарсы тұру, өңірлік негіздегі жан – жақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту белгіленді.

ҚХР – мен Қазақстан  арасындағы ұзындығы 1740 шақырым шекара 1996 жылы шекараны митациялау аяқталып, ал 2002 жылы 11 мамырда Пекинде шекараны деморкациялауға қол қойылды.

Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану  проблемасы бүкіл әлем бойынша ерекше маңызға ие болуда. Кезінде Қазақстан  мен Қытай трансшекаралық өзендер  – Ертіс пен Іле арқылы су көліктерін жүргізіп, сауда қатынасын жасаған болатын. Қазіргі кезде Қазақстан үкіметі салғашқы тәуелсіздік алған күннен бастап, трансшекаралық өзендердің проблемасын басымдық берілетін проблема ретінде қарап, 1992 жылы тиісті келіссөз Қазақстандық жобасы Қытай тарапынан табыс етілді.

Шыңжан – Ұйғыр  автономиялық ауданының мұнай –  газ орталығы Қарашай қаласына Қара Ертіс өзенімен канал тарту құрылысына Қытайдың жедел қолға алуға байланысты бұл мәселе күрделі сипат алуда. 1999 жылы трансшекаралық өзендер тізіміне Ертіс өзені бассейнінен алты өзен, Іле өзені бассейнінен жеті өзен, Емел өзені бассейнінен үш өзен, барлық таулы өзендерінен сегіз өзен енгізілуде.

2004 жылы 19 мамырда Елбасы  Назарбаев өзінің Қытайға ресми  сапары негізінде Шыңжан –  Ұйғыр автономиялық ауданы Компартиясының хатшысы Вап Лэ – Цюаноман кездесіп, онда ҚХР – ның бәл мәселе бойынша көзқарасы анықталды. Онда: трансшекаралық өзендер мәселесіне келгенде, біз сіздің позияцияңызға зор құрметпен қараймыз, - делінді.

1997 жылы маусымда «Ақтөбе – мұнайгаз» бен Қытай ұлттық мұнай компаниясы арасында келісімге қол қойылып, қазіргі кезде ол елімізде мұнай өндірудің көлемі жағынан үшінші орын алуда.

2004 жылғы наурызда  ұзындығы 448,8 шақырымдық Кеңқияқ  – Атырау мұнай құбыры іске  қосылып, ол Ақтөбе және Атырау облыстарын байланыстырды және бұл құбыр Батыс Қазақстан мен Батыс Қытай арасында салынатын халықаралық мұнай құбырының бастапқы кезеңі болып табылуда. Болашақта оның ұзындығы 3 мың шақырымға жетіп, жоба 3-3,5 млрд. долларға белгіленді.

Сонымен, Қазақстан мен Қытай арасындағы саясат, қауіпсіздік және экономика салаларындағы ынтымақтастық қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес дамып отыр деген қорытынды жасауға болады.

 

ІІІ.3.  Жапония , Сингапур және Филиппины

 

Жапония мемлекетінің Қазақстан тәуелсіздігін мойындауы 1991 жылы сыртқы істер министрі М.Ватанабэнің келуімен басталды. Қазіргі таңда Жапон-Қазақ қарым-қатынасы дұрыс жолда даму үстінде.

Информация о работе Қазақстан республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен экономикалық байланыстары