Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 07:34, дипломная работа
Қазіргі танда Қазақстан мемлекеттігі қалыптасуының ең сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біздің еліміздің халықаралық қатынастар жүйесінде алатын орны ерекше. Оның әлем өмірінде жаңа сипатта, жаңа қырдан көрінуіне бар болғаны 17 жыл ғана болып отыр. Біз мұны неге сүйеніп айтып отырмыз? Қазақстанның сыртқы саясаты бейбітшілік пен ынтымақтастық бағытында дамуда.
Бүгінде біздің дипломатиямыздың түбегейлі жетістіктері ешқандай дау туғызбайды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің барлық елдеріне танылу үстінде.
КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары
КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________
1992 жылы 2 шілдеде Республикамыздың
Президенті жарлығымен «
1997 жылы қарашаның 12 – сінде «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Онда дипломатиялық қызмет органдарына мынадай міндеттер жүктелді:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар жасау;
-дипломатиялық құралдар
мен әдістер арқылы Қазақстан
Республикасының егемендігін,
-басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада оның саяси сауда, экономикалық және өзге де мүдделерін қамтамасыз ету, тағы басқалар айтылды.
Қазақстанның стратегиялық
шабуыл қару – жарағын шектеу мен
қысқарту туралы шартқа, орта және таяу
қашықтағы ракеталарды жою
Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасында көрші мемлекеттермен арадағы өзара қарым – қатынасына айқын басымдылық берілуде.
Ресей Федерациясымен 25 мамыр 1992 жылы «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы» шартқа, 28 наурыз 1994 жылы «Интеграция және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы» шартқа, 20 қазан 1995 жылы «Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы» бірлескен декларацияға қол қойылып, оларда мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара сыйлау, күш қолданбау, мәселелерді бейбіт түрде шешу, теңдік және бір – бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, адам құқын жүзеге асыру принциптерін басшылыққа алатындықтарын жариялады.
1994 жылдың қыркүйек
айында Алматыда «Евразия
Қазақстан Республикасы мен Ресей ұлттық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, жеке бастың құқығы мен бостандығын қатаң түрде сақтау, екі ел арасындағы ғылыми, мәдени байланыстарды дамыту атап көрсетілуде. Алдағы уақытта да ұлттық экстремизмнің, сепаратизмнің кез – келген көріністеріне табанды түрде қарсы шығу қажеттілігі аталынуда.
Еліміздің сыртқы саяси ведомствосы алдындағы басты міндеттің бірі – Каспий теңізінің құрлықтық мәртебесі (статусы) туралы конвенцияны жасау болып табылады. Мұны Каспий жағалауына қатысты мемлекеттер, яғни Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Иран белгілеуге тиісті болды. Құқықтық мәртебеге: кеме қатынасы, биологиялық және минералдық ресурстарды пайдалану, экология, теңіз деңгейінің көтерілуін қоса алғанда, жағалау бойындағы мемлекеттер юристикциясының шектеуін де белгілеу мәселелерін зерттеу кірді. Каспийді тек бейбіт мақсаттарда ғана пайдалану: осы теңізді бейбітшілік, тату көршілік, достық пен ынтымақтастық аймағы ретінде сақтау; Каспийге байланысты мәселелердің барлығын бейбіт құралдармен шешу; қоршаған ортаны қорғау және Каспий теңізінің ластануын болдырмау, ресурстарын сақтау, ұдайы өндіріп және оларды тиімді пайдалану; Каспий жағалауы мемлекеттерінің қоршаған ортаға және бір – біріне теңізді пайдалану және оның ресурстарын игеру жөніндегі қызметінің нәтижесінде келтірген зияны үшін жауапкершілігі; Каспий жағалауы мемлекеттерінің сауда кеме қатынастарының еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету енеді.
Бағдарлама бойынша геофизикалық және геологиялық барлық жұмыстарын, көмірсутегі шикізатының кен орнын игеруді қоса алғанда, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы нақты ұсыныстарымен алмасуда.
Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасымен қарым – қатынасқа ерекше маңыз берілуде. Екі ел арасында 1992 жылы 3 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мазмұндамаға, 1992 жылы 26 ақпанда бірлескен мазмұндамаға, 1993 жылы 18 қазанда бірлескен декларацияға, 1995 жылы 11 қыркүйекте бірлескен декларацияға қол қойылды. Соңғы екеуіне Елбасы Назарбаев пен Қытай Халық Республикасы төрағасы Ц.Цзамин қол қойды /4,30-б./.
Екі жақ өздерінің арасындағы тату көршіліктің ұзақ мерзімді және тұрақты қатынастарын, достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау және дамыту екі елдің және халықтардың түпкілікті мүдделеріне жауап беруде, Азиядағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен дамуды сақтау мен нығайтуға қолайлы жағдай жасайды; екі жақты қатынастардың саяси, экономикалық ізгілік және басқа салаларда одан әрі дамуы үшін кең болашақтың мәні зор әлеумет бар деп саналуда.
Екі ел өзара түсіністік пен сенімді нығайтуды, әр түрлі деңгейлерде жан – жақты диалогты қолдауды одан әрі жалғастыратын, жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларының негізінде зиянсыздық, тілектестік, өзара мүдделерді ескеру рухында туындаған проблемаларды шешуді одан әрі жалғастыратынын атап көрсетуде.
Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылы 26 сәуірде қол қойылған келісім ерекше аталып көрсетілді. Екі ел кеңесе отырып, өзара төзімділік пен өзара түсіністік рухында, екі жақ үшін қолайлы болатын әділетті де ұстамды шешімді табу үшін тез арада шекараны белгілеу аталынды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында Қытайдың Ляньюьган теңіз портын Оңтүстік – Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне және кері бағытта жөнелтілетін Қазақстан жүктерін өңдеу және тасымалдауға пайдалану туралы келісімге қол қойылды.
1995 жылы 15 ақпандағы сыртқы саясат мәселелеріне арналған алғашқы мәжілісте еліміздің сыртқы саясатының тактикалық және стратегиялық міндеттері белгіленді. Өткен он алты жылда сыртқы саяси қызметте едәуір алға жылжу болды: инфрақұрылым және шарттық – құқықтық база жасалынуда. Дипломатияны экономикаландыру яғни шетелдік инвестицияны еліміздің экономикасына тарту міндеті бірінші қатарға қойылуда.
Нұрсұлтан Әбішұлы
өз сөзінде сыртқы
1996 жылы 11 қыркүйектегі екінші рет өткен Сыртқы істер Министрлігі кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Назарбаев дипломатиялық қызмет алдындағы міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, сыртқы саясат ведомствосы тек қана сыртқы саясаттың елімізге тиімді жүргізілуіне ғана жауап беріп қоймайды, сонымен қатар, ол – барлық халықаралық акциялардың үйлестіруші рөлін атқаруға тиіс, дүние жүзіндегі саяси және экономикалық жағдайларды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметі зерттелуінде.
1999 жылы қаңтардың 21 күні Елбасы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының бесінші сессиясында жасаған баяндамасында былай деді: «Өткен сайлаудың екі бірдей ұлттық қатері болды. Біріншісі – ұлттар арасында жік жүруі, екіншісі – ұлттың өз ішінен бөлшектенуі. ХХ ғасыр көптеген жас тәуелсіз мемлекеттер егемендік алғаннан кейін кенет өзара соғыс басталғанын... біз тарихтан жақсы білеміз. Тарихтан тағылым алмаған жұрт мұның өтемін өз қолымен төлейді. Біз тәуелсіз де қуатты мемлекетті сақтап қалу тек ұлттық тыныштықты сақтау арқылы ғана мүмкін екенін мойындауға тиіспіз... Егер Қазақстанда ұлтаралық қақтығыс шығып, қан төгілетін болса, оны Біріккен Ұлттар Ұйымы да, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым да, басқалар да ұзақ уақытқа дейін тоқтата алмайды» /5,31-б./.
1998 жылы қыркүйектің 14 – і күні Сыртқы істер министрлігі алқасының үшінші рет өткен кеңейтілген мәжілісіне Елбасы Назарбаев қатысты. Осы аталған мәжілісте Сыртқы Саясат ведомствосының басшысы Қасымжомарт Тоқаев баяндама жасады. Өткен жылдарда Қазақстан мен әлемнің бір – бір елінің арасында қарсыласу болмағандығы аталып көрсетілді. Елбасы Қазақстан Республикасының Дипломатиясының бұдан былайғы міндеті – экономиканың ойысуына, еліміздің шетел инвестицияларына кең өріс алуға қарай бағдарлауға тиіс екендігі, бұл ретте біздің экономикалық жоспарларды әлемге танытып, көрсете білудің маңызы зор екендігіне көңіл бөлуде.
Елбасы Қазақстаннның сыртқы саясатты қалыптастыру кезеңінен ойдағыдай өтіп, жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі ретінде бекіп, кемеліне келіп отырғанын атап өтті.
Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен, ең алдымен Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Одақтастық қарым – қатынастың бекем іргетасы қалануда. Сонымен бірге, Украинамен, Белоруспен, Кавказ мемлекеттерімен арадағы өзара қарым – қатынастар ерекше қарқын үстінде.
Еуропадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы да Қазақстанды жақсы тани бастауда. Алматыда осы ұйымның аймақтық кеңесін ашу жөнінде шешім қабылдануда. НАТО мен Қазақстан қатынастарында да дұрыс шешім табылуда.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, сыртқы саясатты жүргізудің Қазақстан мен оның азаматтары үшін пайдасы ұшан – теңіз екенін тағы да атап өтуге тура келеді. Шындығына келгенде, мұның өзі мемлекеттің тәуелсіздігін мәмлегерлік құралдармен қозғап, нығайтуда. Ал бұл халықаралық қатынастың саласындағы отандық мамандардың кәсіби жасағына сеніп тапсырылды. Сайып келгенде, бұл ашық аспан, халықтар мен үкіметтердің бір – бірін терең түсінуі, мемлекет пен Қазақстан бизнесінің экономикалық мүдделерін сақтап қалуы.
Сонымен, Қазақстан дипломатиясы өзінің қалыптасу кезеңін ойдағыдай аяқтап, қазіргі кезде кемеліне келуіне байланысты еліміздің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін айқындауына қызмет етуде.
І.2. « Қазақстан -2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы.
Тәуелсіз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының жария етілгеніне биыл 11 жыл толуда.
Адамзат тарихына шаққанда
қас – қағым сәт болып
«Халқыңыз молшылықта болса – Сіз неден таршылық көресіз?» деп Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций айтқандай, неғұрлым кең мағынасында алғанда, үкіметтің кез келген әрекетінің әлеуметтік, яғни қоғамдық маңызы бар екендігінде.
Бүгінгі күні Қазақстанның стратегиялық дамуын айқындап берген басты құжаттың негізгі бағыттары біртіндеп және өз ретімен жүзеге асырылуда. Осы аталған «Қазақстан 2030» стратегиясында «Қазақстанның миссиясы» ашылып көрсетілді. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі, жоғарғы деңгейдегі шет елдік инвестициялары бар дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және игілігі, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, транспорт және байланыс;Олар елдің толық көлемді, кешенді және жүйелі дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Олардың ерекшелігі сонда, яғни әрбір басымдылық нақты және ерекше міндеттерді шеше отырып басқару, іске асыруды қамтамасыз етуде негізге алынған көзқарастардың кемелдігі мен жүйелілігі осында болып табылуда».
«Стратегия 2030» - бұл күрделі және көп деңгейлі жұмыстың, дүниежүзілік экономиканың теориясы мен іс – тәжірибесіне терең талдау жасаудың, тақырыптық, салалық және индикативтік жоспарлардың, математикалық және экономикалық себептердің, көптеген елдер бойынша қаншама сапарлардың және танымал зерттеулер мен пікірталастардың нәтижесі деп бағалануда. Стратегияны жасауға халықаралық ұйымдар, бәрінен бұрын БҰҰ үлкен көмек көрсетуде.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің әрекеттері бағдарламасында алға қойылған мақсаттар мен басты міндеттерді сараптауға бағытталған негізгі шаралардың кешені көрсетілген.
Ұлттық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері мемлекеттің егемендік пен территориялық тұтастығын нығайту. Орта Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтау және алмасымда, көп тармақты сыртқы саяси курсты жүргізу арқылы Қазақстанның айналасындағы бейбітшілік белдеуін кеңейте түсу болып табылады /6,153-б./.
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталып тұрғанына куә болудамыз. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыруда.
Қазіргі таңда қауіпсіздіктің болымдығы анық: Егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз болар еді.
Қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету үшін күшті мемлекет болуға және көрші мемлекеттермен берік және достық қарым – қатынаста болуда. Сондықтан да ең жақын және тарихи достас көрші Ресеймен арадағы қатынас дамуда. ҚХР – мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастар жалғасуда.