Шымырбай датқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:05, биография

Краткое описание

Біз соғыстан кейін дүниеге келген балалар ес білгелі Шымырбай сайы, Шымырбай датқа, батыр, би, ел қамқоры, Шымырбай көтерген көк тас, Шымырбай жолбарыс ұстаған сай, Шымырбай қорасы, Шымырбай қаздырған арық, Шымырбайдың ерлігі туралы әке-аталарымыздың,ақындардың арнау-жырларын естіп өстік.Ол кезде теледидар, интернет дегендер жоқ. Біраз ойнап болған соң, жайылымнан мал келер тұста қырда отырған қариялардың әңгімесіне құлақ түреміз. Ас-жиын той-томалақтарда да үлкендердің әңгімесі небір батырлар, билер, қазақ хандары туралы болып келеді.Үйге салихалы,көргені мол, айтар сөзінің тағылымы бар қонақтар келгенде біз қатарлы балаларды босағаға отырғызып қойып тыңдататын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шымырбай датқа.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

Тарих  ғылымдарының  доқторы, профессор  атанды. Колхоздастыру (ұжымдастыру)  кезінде  тау  құттықтары  Шымырбай  баба  жерленген  топ  шәңгелдің  үстіңгі  жағына  орналасты.

Біз  кейінгі  ұрпақ  үлкендердің бұл әрекетін Шымырбайға  деген құрмет  деп ұқтық.Шымырбайдың басына  барып зиярат  етушілер  көбейді. Бала  көтермеген  әйелдер, ауру-сырқаулы  адамдар  барып, басына  түнейтін  болды.

35.

Олардың  бала  көтеріп, ауруынан  жазылып кеткендерін  үлкендер  айтып  отыратын. Шымырбай  әулиенің  атақты  сарықасқа атының  басы отан  соғысына дейін сақталып  келіпті. Малға  келетін кесепат-аурулардан сақтану үшін  оған  да  зиярат  еткен.

Жоғарыда  айтқандай  Қаратаудың  іші  аң-құсқа  толы  болған.   Арқар,марал, тауешкі, елік, кекілік,  тау  бөктерінде  дуадақ. Қай  жерде  жемтігі мол  болса, міндетті  түрде қасқыр, жолбарыс, барыс, елеусін, мәлін қоса  жүреді.  Біз Жапарған аға, Жамбыл  аудандық  Шұғыла  гезетінің тілшісі Дүйсенбек Орманов және  мен Шымырбай  сайын,  оған  іргелес Берікқара, Тікасу, Құлдын  сайы, Елікті, Амансайды аралағанда  күнес беттегі жартастарға  шекілік  салынған  бедерлер  негізінен  хайуанаттар  мен жануарлар : айдаҺар, маралдар, бұғылар, таутеке, арқарлар, жолбарыс, барыс, аракідік ит  ерткен, т үйе жетектеген  бейнелердің салынғандығын көріп , суретке түсіріп алдық.

Демек  аты  аталған аңдар мен жырқыштар сол өңірді  мекендегендігі  бұлтартпас  дәлелдер. Бұл суреттердің салыну  уақыты да  біздің  жыл санауымыздан  көп бұрын болғандығын көрсетеді. Ғалымдар  Қаратау өңіріндегі  тастағы  суреттерді  қола  дәуірі  тіпті  неолит   кезеңінде  салынған  деген  тұжырымда. Бұл көне  заманнан  бізге  жеткен ілгері  мәдениеттің  құнды  үлгісі  деп  тануымыз  қажет.  Міне  осы  тастаға  аңдарды тірідей көріп, ұстаған деректерге  жүгінсек.

Шымырбай  бабамыздың  жолбарыс  ұстағанын  жоғарыда  айттық.Шымырбайдың  немересі  болып  келетін  Кедейбайұлы  Әсілбек  атамыз да  аңшы, құсбегі  болған  кісі. Шаруаға  бейім, ұқыпты  екен.  Пысыққа  пысық  адам  әркез  жақын  келеді  ғой.  Жастайынан  жетім  қалып, еңбек сауған  Жапархан  ағамыз  Әсілбек  атаға  ілесіп, аңға  шығып, талай  қызықты  әңгімелерін  естіген.

Бір  күні  соғыстың  алдында  деймін – ау, аңға  шығып еш  әрекетсіз  дәу  бір  құлжаны  құдай бере  салды ! – дейді  Әсілбек.

Қалай  бере  салды, ақсақ  па  екен  ? ! - 

Жоқ, сап – сау екен. Бауыздап  тұрып  бере салды.

36.

Апыр-ау  көке, сондай да  бола  ма ?

Болады  екен!

Мына  сөзіңізге  күмәнданайын  дедім.

     -   Күмәнданатын  ештеңесі  жоқ. Өткенде  Тлеубай  бастауына  суға  түсіп  қырға  көтеріліп  бара  жатқан  үлкен  құлжа  бастаған  бір  топ  арқарды  көргем.  Ертесіне  сәске  тұсқа   таман  суатқа  түсетін  уақытысынан ертерек  барып, қалың   кәтіреңкінің  ішіне жайғастым. Қолымда аяқты мылтығым  бар, күтіп отырмын. Біраздан  соң оң  жақ бүйірдегі биік  жарқабақтан    тастың  сылдыры  естілді. Абырой  болғанда  жел де  сол  жақтан  еді.  Мылтығымды   оңтайлап  енді  қарай  бергенімді  бес-алты арқар  состиып  тұрып  қалды да  көзді ашып  жұмғанша  бір  тарғыл жыртқыщ аң  дәу құлжаны алқымнан  алып, лақтырып  жіберді де  басқа арқарларды  қуалап  жоқ  болды.  Бұл не болды  деп, жартастың  түбіне  барсам  құлжаның  бауыздау  тұсынан  қан  атқып,  жануар  тыпырлап  жатыр  екен.  Бұны  құдай  бере  салды  демегенде  енді не дейін !

        Атақты  Қатпа  батырдың   ұрпағы  Нартай  атамыз Тікасудан  шығып  өрлеп  арқар  кездестіре  алмаған  соң, Жыландының  үстімен  Шымырбай  с айына  қарай  түседі.  Шатқалдың   бір  бүйірінен  келесі  бетке  жылжып  бара  жатқан  бір   топ  киікті  көреді.

 

Көзкөрім  жердегі  киіктердің  соңына  түседі. Киіктер  жартасты  қырдан  асып  көрінбей  қалады.  Осы тұста боларсың  деп келесі  көрінген  жартасты  слемге  көтеріледі.  Мысықша  басып, мылтығын  оқтайлап  жартастың  үстіне  шығып  етпеттеп  жатып, алдына  дүрбі  салады. Киіктер зым-зия көрінбейді.  Енді  бір мезет жартастың астына  үңілген Нартайдың денесі  дір ете қалады.  Өңім бе,  әлде  түсім бе деп қайта төмен үңіледі.   Ия, дәл өзі. Арқан бойы   төменде күннің қызыуына  балқып  керіліп  тастап  дәу жолбарыс  ұйықтап  жатыр.

Нартай  атамыз  жайлап  мылтығын  алады да  сыбдыр  шығармай  кейін  шегінеді.  Бір  қыр асқаннан  кейін  ғана  «уф»,-  деп демін алады.

Ата – ау дәл  түбіңіздегі  ұйықтап  жатқан  жолбарысты  неге  атып  алмадыңыз, құдай  беріп  тұрған  несібе  ғой ?! – деген  Жапарханға.

     -   Шырағым-ау, ескі  аяқты  мылтық  оталмай  қалса қайтер  едім,   құрғырың  оянып  кетіп  қайта  мен оның  несібесіне  айналып  кетпейтініме  кім  кепіл. Жолбарыс  ұстайтын  Шымырбай  деп пең. Одан  да  аман  жүргенім  олжа  емес пе ! – деген екен.

37. 

                                                                                              Түйін

Биыл  көктем  ерте  шығып. Қараой  сазына  көшіп  алған  Шымырбай  ауылында  жұма  сайын  қыз  ұзату, келін  түсіру  сияқты  той-думан, шат-шадыман. Тау  жақ  бөктер  қызғалдақ – сарғалдағы  парсының  кілеміндей  құлпырып, Билікөл тұсы  көкорай   шылғын  жайқалып  т ұр. Көкорай шалғынға  ат  сүрініп,  құлын оралатын  жайлауға  жетісімен бие байланып, қымыз  сапырылды, бағлан  қозының да  жетілген  кезі.

Бала – шағалар  асыр  сап  ойнап, ел-жұрт  күнделікті  тіршілігн  жасауда. Шымырбайды  соңғы  кезде  бір  ой  мазалай берді.  Өмір  бар жерде өлім  бар.  «Уақытым  жетіп, бақилық дүниеге аттансам  балаларым  мен ағайындарым  мені  қайда  жерлеуі  мүмкін ?»-деген  сұрақ  тұрды. Шымырбай  көптен  бері  өзін  мазалап  жүрген  ойын  ағайындары  мен  балаларына  жеткізуді  жөн  көрді.  Бір тайды сойдырып Данайдан  тараған үлкен – кіші  атқамінер  ағайындарын  түгел  шақыртты. Кешқұрым  далаға  киіз,  көрпеше   төсетіп, тамақ жеп болған  соң :

     -   Қадірменді  бауырларым, балаларым ! Өмірдің  басталуы бар да , аяқталуы  бар. Тал  бесіктен  басталатын  дүние  шіркін,жер бесікпен  тамамдалады. Бірер  айдан  соң  шөп  буыны  қата  ұзақ  сапарға  аттанатын  шығармын.  Мені  ешқайда  сүйрелемей, анау  көрініп  тұрған  тау  бөктеріндегі  тастақ  пен  көлдің  сазы   тоқайласатын  жердегі  қыратқа  жерлеңдер. Осы  сүрлеу  жол  кейін  келе  даңғыл  жолға  айналадаы. Өткен – кеткен  дұға  оқуға  да  ыңғайлы.  Қасында  шағын  бұлағы да  бар.

Мына  Құттық  ағайындармен  қыз беріп, қыз  аласып  жекжаттығымыз  артып, бұрынғыдан да  жақын  болып  кеттік. Талай  жылдар  осы  өңірдің  отын  оттап, суын  бірге  іштік. Бұлар  да  маған  жақын. Елу  жылдай  аттан түспей ел, жер деп  қазақтың  намысы үшін  күрестім. Сондықтан  қазақтың  қай  жері  болса да, ол менің  алтын  бесігім. Оның  үстіне  түбіміз  бір  Дулаттың  баласымыз.  Келешек   ұрпақтың  қамын  ойлаңдар. Мен кеткеннен  кейін де  тату-тәтті  тұрыңдар»-деп  сөзін  аяқтады.  

               Шымырбай  датқаның  батырлығынан бөлек алдыңғыны болжайтын   әулие қасиетін  білетін ағайындары  үнсіз бас

изесті. Әсте  ұлы  адамдар  өмірден  өткенде  дүния  бір  сәт  шайқалғандай  болады. Орны  опырайып  білініп, серкесінен  айырылған  жұрт  өзін  жетім  сезінетін  кездер  болады.  Ағасының  сөзіне  толқып  отырып :

   38.

  -  Уайымдамаңыз, көке ! Сіздің  айтқаныңыз  орындалады. Сіздің  Шымырбай деген атыңыздың  өзі  бізге  айбар  еді. Жетітөбе, Қаракемердегі  туыстарымыз  баяғы  өзіңіз  апарып  қоныстандырған жерде  өсіп-өнуде.Өзіңіз  жасатқан  тоғаннан  су  алып  егін  егуді  меңгеріп  алдық. Абырой  атағыңызға  дақ  келтірмей,  еліне  қорған, халқына  қамқор  екеніңізді  кейінгі  ұрпақ  біле  жүретін  болады – деді Данайдан  тарайтын Қосыбақұлы  Алтыбай  би.

Шымырбай датқа  жеп  отырған  малдың  етіне  қарап –ақ  түсі  қандай, таза  мал ма  біліп  қояды  екен. Ұрлықы  малдың  етін  жемеген.  Баласы  Бақтыбай  сынамақ  болып   ұрлықы  қойдың  етін   асып  шақырады.  Етті  аузына  сала  беріп, «е, балам, құрттың  ғой»-  деп  шығып  кетеді

 Шымырбай  осыны  айтып  ақырғы  рет,

 Орнынан  тұра  берді  қолын  тіреп.

Өкініш  ашу  менен  қатар  келіп,

Әлсіреп  бара  жатты  шаншып  жүрек.

Қарауытып  толқып  тұр  айналасы,

Кішірейіп  барада  көз  шарасы.

Осылай  өтіп еді  бұл  фәниден,

Қазақтың  елім  деген бір баласы.

Ала алмаған  оғы да,  жау  жебесі ,

Соңы  болды  өмірдің  күн  келесі.

Харамдыққа  қаны  қас  жақтырмайтын,

Бақилыққа  жол  тартты  жан  төресі.

                      (Дәулетәлі Тәжұлы)

     -   Бұл  өлең  жолдары  Балта  ақынның  ұрпағы  Мәдіхан  Рахманқұл ұлының   архивінен  алынды.

     -  1878 жылы  күз түсе  Шымырбай  батыр бұл фәниден бақилық сапарға  жол  шекті.  Қазақ  халқының   дәстүрі  бойынша  келесі 1879 жылы  сүмбіле 

39.

туа  шығысы Шу. Іле, Талғар, батысы  Қазығұрт, сыр  бойы, солтүстігі Сарысу, оңтүстүқтегі қырғыз  ағайындарға сауын айтылып үлкен ас   берілді. Шымырбайдың атақты сары  қасқа аты жал-құйрығы күзеліп осы асқа  сойылды. Сарықасқа  аттың  басын  Шымырбай  сайындағы  астаутастың  жанындағы  биік  бәйтерекке  ырымдап  іліп  қойды. Бұл  астан  Данай  жаныстар  ғана  емес  бүкіл Дулат, намысқа шапқан  иісі  Бәйдібек  балалары  аянып  қалған  жоқ. Шымырбай  сайы  мен  Берікқараның  арасындағы  таудан  аққан  өзендерді  жағалай  тігілген  үйлердің  саны  екі  жүзге  жуықтады.Сойылған малда,байланған биеде есеп  жоқ.  Ет  тау боп үйіліп, қымыз өзен  боп аққан.  Аста  үш жүздей  ат  шауып, озып  келген  жиырма бір жүйрікке   тоғыз – тоғыздан  бәйге берілген. Үш  күн көкпар  шабылды. Сайыс, күрес өнерінен  күш сынасты. Асқа  нөкерлерімен сұлтан Сыздық  Кенесарыұлы  Қарабұлақтан  арнайы  келді.  Қордайдан Кебекбай  мен Ноғайбай  шешен , Таластың  төменгі  ағысынан Сапақ  датқа, Шаяннан Досбай би,  Жетісудан Өтеген  батырдың  ұрпағы Тілеміс  шешен  тағы  басқа  ақын-жыраулар  жиылды.Шымырбайдың  ерлік  істері  мен  жорық  жолдары  туралы  талай  жыр  толғаулар  төгілді. Билікөлдің  жағасын  дүбірге  толтырған  сол  аста  қазақ  елі  Шымырбайдай   Оғлан ұлын  соңғы рет жоқтап, даңқын  аспанға шығарған  еді.

Шымырбай  датқа  туралы  бұл  баянат  боямасыз  тек  тарихи  деректерге  негізделіп  жазылды. Кезінде  кеңестік  саясатқа  қайшы келетіндіктен  бұл  тарихи  шындық  сыртқа  шығарылмай  жабулы  күйінде  қалған  еді.

Бүгінде  қазақ  баласына  тәуелсіздік  таңы  атып, айы  оңынан  туған  заманда  Шымырбайдай  елі  үшін  еңіреп, тәуелсіздігі үшін тыным таппай  күрескен  Оғлан  бабамызды  дәріптемесек  кейінгі  ұрпақ  бізге  сын. Қазір – Дулат – Жаныс – Данай  ұрпақтары     Жамбыл  облысы, Жамбыл ауданы Аса, Қаракемер ауылдық округтерінде  шоғырланған,.  Тараз, Алматы, Астана  қалаларында да қызмет  бабында тұрып жатқандар  көпшілік. Шымырбай  балаларының  жолын  қуып  ел  тізігінін  ұстап, халыққа  қызмет  етіп  жатқан  ұрпақтары  жетерлік. Дүние  жүзіне  әйгілі  боксшы, қоғам қайраткері   Серік Қонақбаев, Жамбыл  облысында басшы қызметкер, әрі халық қалаулысы  Масат   Әшімұлы, Жамбыл  ауданы  ардагерлер  алқасының төрағасы, көп жылдар  білім беру  саласында басшылық  қызмет  атқарған Келгенбай Шалқаров, аудандық  қаржы бөлімінде басшылық  қызмет  істейтін Мақсұт Бекзатұлы тағы  басқа да ұрпақтары ел игілігі үшін  қызмет  жасауда. 

40.

Марқұм Жолымбекұлы Арыстанбек үлкен суырып салма ақын болған. Көп жылдар жуалы ауданында санэпидем стансада басшылық қызметте болған. «Мен нағашым Балта ақынға тартқанмын»-деп отырады екен. Арыстанбектің бауыры Рүстембектің ұлы Мұхтар Жамбыл аудандық ауруханасында білікті дәрігер. Арыстанбектің анасы отан соғысының алдында Бүкілазаттық көрмеге барып, Калининнің қолынан  «Зингер» автомобилін алған кісі.

Ақ жол газетінің  16 сәуір 1997 жылғы  № 31 санында

«Егесіз батыр – Елеусіз  жатыр» деген  тақырыпта  Шымырбай  датқаның  шөбересі  Иса Тлекееұлы :

«Шымырбай  датқаны  тарихшылар  зерттеп, әдебиетшілер  деректі  туындыларына  арқау  етіп  жатса  қанеки ! Ал  менің  айтарым – есіл ер  ескерусіз де  елеусіз  қалмаса  екен. Мұны   көкірегі  ояу, көңілі  ашық  азаматтар шынайы  сезініп, түсінеді  ғой деп ойлаймын» - деп өксігі мол өкінішпен әрі кейінгілерге  аманат  етіп  жазып қалдырыпты.

Иса  ағамыздың  өкінетін  дей де  жөні  бар. Кеңестік  кезеңде тергеуші, сот, адвокат  болып  қызмет  атқарды. Осы  қолында  күші , бойында қайраты  бар  кезде  саясаттың  кесірінен  Шымырбай  бабасын  дәріптей  алмады.  Кейін  тәуелсіздік  алып, еркіндік  берілгенде  ағамыздың  күші  де қайтып, денсаулығы да  сыр  бере  бастағандықтан  ойын  жүзеге  асыра  алмай  кейінгілерге  аманат  етіп  қалдырыпты.

Шымырбай  датқаның  мөрі  бүгінге  дейін  шөпшегі  Ғалымжан  Исаұлының  үйінде  сақтаулы.  Күмістен  жасалған  мөрдің  ұзындығы  3,5см., ені 3 см, биіктігі 3,5 см  шамасында.  Күмістен  құйылып  жасалынған  мөрде Асанұлы Шымырбай  деп араб  әрпімен  шағатай  тілінде  жазылған.  (Бән  Хасан Шымырбай).  Мөрдегі  жазуды  тексеріп  оқыған  Жамбыл  ауданы  Бәйдібек  мешітінің имамы Ғарифулла қажы Қуанышбек ұлы Әмірбеков, Жуалы ауданы  Әбдіқадыр  мешітінің имамы Ержан  Әмреұлы, Өрнек ауылының Наиб имамы Жайлау Мұсабеков және басқа  да  арабша  хат  танитындарға  көрсеттік.    Бәрінің  пікірі  бір  жерден  шықты.  Тек  мөрдің  екі  жағындағы  ойып  жазылғын  сандарды  ажырата  алмадық.

 41.

                                                                        Пайдаланылған  әдебиеттер :

Бәйдібек Баба – Алып Бәйтерек: Ұрпақтар  шежіресі,-Алматы,Өнер,2004ж

Жамбыл Жабаев – Шығармалар жинағы, Алматы, Жазушы-1982ж

Қ.Байболұлы  «Төле би»  Алматы – 1989 ж

С.Бақбергенов  «Алтын  құс»  Алматы, Жазушы  - 1990ж

Шымыр ата төрт Қарағай  ұрпақтары  Құттық Баба шежіресі.

Алматы – 2011ж

Ә.Жүргенов.  Жел  өтінде  өскен  бір  ұлыңмын. Алматы – 2011ж

А.Махаева.  Қазақ  датқалары. 1988

Н.Гродеков. Киргизи  и каракиргизи  Сырдаринский области. Т-1,1889

Ахмет сұлтан  Кенесары ұлы   С.И.Лихтин      типо – литографиясы,1889

Советский  энциклопедицеский  словарь. Москва  1982. 597 бет.

Айбын. Энциклопедия  (Бас.ред.Б.Ө.Жақып – Алматы :

«Қазақ  энциклопедиясы», 2011

 Свободная   русская  энциклопедия

Уикепедия –  ашық  энциклопедиясы

42.

Газеттердегі  жарияланған  мақалалар :

Ақжол 16.04.1997  № 31 Егесіз батыр – елеусіз жатыр.

Знамя труда  7.05.1997  Печать Кокандского датхи  или судьба мятежного  батыра.

Шұғыла   14.02.1998 №7. Шымырбай  батыр туралы  шындық  пен аңыз.

 

                                                      Қолжазбалар мен ауызша  тарихнамалар :                

1. Әбділда  Ойықбаев

2.Мырзай  Дуанаұлы

3.Үсенқұл  Тоғызбайұлы

4.Көсембай  Демешұлы

5.Жапархан  Күлейұлы

6.Садуақас  Ділдаханұлы

7.Пернебек  Тлепбергенұлы

8.Мәдіхан  Рахманқұлұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әмірхан  Мырзаев

 

 

 

 

 

 

 

 

Асанұлы  Шымырбай   батыр  туралы

тарихи  баянат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шымырбай датқа