Шымырбай датқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:05, биография

Краткое описание

Біз соғыстан кейін дүниеге келген балалар ес білгелі Шымырбай сайы, Шымырбай датқа, батыр, би, ел қамқоры, Шымырбай көтерген көк тас, Шымырбай жолбарыс ұстаған сай, Шымырбай қорасы, Шымырбай қаздырған арық, Шымырбайдың ерлігі туралы әке-аталарымыздың,ақындардың арнау-жырларын естіп өстік.Ол кезде теледидар, интернет дегендер жоқ. Біраз ойнап болған соң, жайылымнан мал келер тұста қырда отырған қариялардың әңгімесіне құлақ түреміз. Ас-жиын той-томалақтарда да үлкендердің әңгімесі небір батырлар, билер, қазақ хандары туралы болып келеді.Үйге салихалы,көргені мол, айтар сөзінің тағылымы бар қонақтар келгенде біз қатарлы балаларды босағаға отырғызып қойып тыңдататын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шымырбай датқа.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

                      Батырдың Арқадағы ұрпақтары

Батырдың  жауға  аттанғанын жұбаныш, аман  оралғаны қуаныш  дегендей Шымырбайды  аман көргеніне  ағайындары  қуанысып-ақ жатыр. Шымырбай 

20.

үшін  түсініксіз  бір жәйт Ағыбайдың  қарындасын Шұбыртпалының  жігіттері  алып  кетіпті. Жас тоқалының аяғы  ауыр  еді.  Кейіннен  естуі  бойынша Арқаға  барып ұл  босаныпты. Мына  аласыпыран  заманда   іздеп баруға  уақыты да  болмады. Ыңғайы   келгенде  кейінірек барып әкелермін деп қойды. Ел  басына  күн  туған  уақытта  жеке  басының  тірлігін  кейінге  қалдырды. Осы жерде шегініс  жасасақ : Кеңес  Үкіметі  кезінде 1960 жылдары Жамбыл  облысының  малдары  Арқада      көктемнен  күзге  дейін  болып  қайтатын.Жамбыл  ауданы  Қаракемер  совхозының  малшылары  Атамқұл, Спан ақсақалдар Арқа  жерінде  арғынның  Шұбыртпалы  руының  арасына  тап  болады. Жергілікті  ағайындар бір-біріне  сүйсінгенде  немесе  таңырқағанда  «Шымырбайша шіренуін  қарашы» дейді екен.«Ау, ағайындар, қай Шымырбайды  айтып тұрсыңдар»- деген сұрағына«Біздің Шымырбай  деген батыр бабмыз  болған екен,Соны  айтып  тұрмыз»-дейді. Жоғарыдағы  аты  аталған кісілер «Әй осы баяғы Шымырбай  алған Ағыбайдың қарындасынан  туған біздің  бауырларымыз емес пе екен» деп  елге  айтып  келеді. Бұл  әңгімені  Қаракемер  ауылында  тұратын  далалық ауызша  тарихнамадан  хабары  мол  Пернебек  Тілепбергенұлы  ақсақал, Шымырбай  бабамыздың  шөбересі  марқұм  Иса Тлекеұлы айтқан еді.                                                                                                                

Ресейге бет  бұру

Ағылшын  үкіметінің  жасырын  қолдауына  сүйенген Қоқан, Хиуа  хандықтары  ХІХ-ғасырдың бас  кезінен  бастап Ресей империясының Орталық Азиядағы  экспанциясын  тоқтатуға  тырысты. Батысы  Арал  теңізі  маңы, шығысы  Жетісуға  дейінгі аралықта  қазақ ауылдарына  жиі-жиі жорықтар  ұйымдастырып, қанды қырғын  жасады.  Қазақ тарапынан әртүрлі  деңгейдегі   қарсылық  болғанымен, орталық билік болмауы салдарынан бұл көтерілістер  жеңіске жете  алмады. Бас көтерулер стихиялы  түрде болды. Өз  күштерімен  Қоқандықтарға   шамалары  келмейтіндіктен  Ресей империясы құрамына  өтуге мәжбүр  болды.1818 жылы  Сүйік сұлтан Абылайханұлы  бастаған  55 мың жалайыр  тайпасының  халқы, 1820-30 жылдары Жетісудың 50 мың  адамы бар Ұлы  жүз  тайпасының  қазақтары орыс  әкімшілігін  мойындауға  тура  келді.Осы  жылдары  Ресей  сыртқы  істер  министрлігі  жанынан

21.

«Азия  комитеті» құрылды.  Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Гасфорттың Сырдария  және Сібір  әскери  шептерін  ұштастыру туралы ұсынысы Петербургте  бекітілді. Сібір  жақтан  келген  отарлаушылар 1854 жылы Верный  бекінісін салды. 1855 жылы Ұлы  жүз  Приставы  (полициялық қадағалау күші  басым басқару жүйесі) Қапалдан  Верныйға  ауыстырылды.  Орынбор  генерал-губернаторы Перевский 1847 жылы Хиуаның Райым бекінісін жаулап  алды.  1853жылы Ақмешітті салды. Ол кезде Ақмешіт Перовск  деп  аталды. Қазақтар  үшін  басқа  жол  қалмады. Қоқанмен  бірге болсаң да, бөлінсең де   бәрібір, Ресей отарлауынан құтылмайтыны кәміл. Қоқандықтар Оңтүстік қазақтарын, Түркістан, Ташкент, Шымкент,Әулиеата аймақтарын  Ресейге  бермеу  үшін бар күшін  салып  бақты. Сес көрсетіп  орысқа  бағынғысы келген руларды тып-типыл  етіп  шапты. Ұл – қызын  тұтқындап  айдап  кетті. Мал – мүлкін  тонады. Қоқанның  бұл  оспадарсыз  әрекеті, Ұлы жүз қазақтарының  орысқа  қарай бейімделуін тездетті.

                                                             Қоқанның соңғы жорығына қарсылығы

Шымырбай датқа  да елін  аман  сақтау мақсатында Байзақ, Батырбек, Құдайберген, Сапақ, Шоқай датқалармен ақылдасып отырды. Шу, Талас, Қаратау өңіріне орыстар келе  қоймаған  қоқанның  үстемдігі  басым аймақ. Сондықтан екі ұшты  саясат  ұстанды. Кенесары  әскеріне   қосылсын  деген Хұдияр  ханның  қиястығынан  да  жол тауып  кетті. Қырғыздардан   жайлым  жерлерімізді    қайтарып  алу  және   қырғыз тарапынан  үздіксіз барымта әрекетіне тиым  салу  үшін   күрестік  деген дәлелді алға тартты. Әккі  Хұдияр  хан сенген  сыңай танытқанымен   бұл қазақтарды  үнемі бақылауда ұстау керек деп түйді.  Осындай мақсатпен 1850 жылы күзде Хұдияр  хан қасында бір топ нөкерімен Шымырбай  ауылына кеп түсті.  Он  шақты күн қонақ болып, тауға шығып,  киік  аулады. Қандай  әңгіме  болмасын  айналдырып  әкеліп, Қоқанның  ағылшындармен  байланысы, оның  күш қуатын   күн санап артып келе  жатқандығын тілге тиек  етіп  қояды. Дулат балаларының Қоқанмен  тілектес  болатыныныа сенімді екендігін   әрі орыстардан  қорғану туралы  айтумен болды.Хұдияр  ханның  нөкерлерінің  ішінде  он-бес,он алты  жастағы  сіргелі  елінен шыққан  Жексен  деген  жетім  жасөспірімге  Шымырбайдың ықыласы ауды. Баланың ептілігі, сөз тауып сөйлейтін алғырлығы,  зейінділігі ұнады. Қазақтарға  бүйрегі бұрып тұратын әділ  бала  екен. Баланың осы  қасиеттерін  бағалаған  Шымырбай  оның  астына  құнан  мінгізіп, қалтасына қомақты  алтын  тенге  салып беріп, оған  өкіл  әке болады. 

22.

Тағдыр  екеуін  он төрт  жылдан  кейін  кездестіріп, осы  бір  ақылды  бала өз  өмірін  Шымырбай  үшін  қиятынын  кім  білген. Тағдыр  әлсізге – демеу, жетімге – жебеу  асқанға – тосқан, сасқанға-сая, ұлысқа – ұран, ұрпаққа ұстаз болуды  Шымырбай  бабамыздың  маңдайына  жазған  екен. Қоқан ханы мен  бектері қанша жерден  алдарқатқанымен  оңтүстік  қазақтары  әзірге  ұзын  арқан, кең тұсау орыс  билігін   дұрыс көріп тұр.  Қоқандықтар  күші  басым  әскерін  жіберіп, қазақ ауылдарын қырып – жойып, талай бастады. Қазақ   даласының  Гомері  атанған  Жамбыл  ақын  Сұраншы батыр  дастанында  Қоқандықтардың қаныпезерлік  әрекетін  былай  жырлайды:

«Жүрегі  қара  Құдияр,

Орман  бұзық  тағы  бар.

Достыққа  тағы  өрт  салды,

Қара  құрым  көп  Дулат

Алатау  мен  Арыстың

Арасында  қонысы

Көп болса да  шөп болды» - дей келе

Қоқанды  құртқан  Құдияр

Патшаға  қарсы  тұратын.

Қуаты  жоқ  бойында

Қырғызды  қанға  батырған

Әркімге  бір  сатылған

Орман  хан  бар  қолында

Қазақты  барып  талайық

Деген  мақсат  ойында

Түнде  басып  сорлатты

Қыз-келіншек  қатарлап,

23.

Мінгізіп  нарға, атанға

Құсбегі  мен бегінің

Құшуына жолдатты.

Қоқаннан  келген  көп  әскер,

Жер  қайысып  симады.

Мал  мен  басты  шулатып,

Қойша  иіріп  жинады.

        

Түйеге  мінген  жас  әйел,

Бетін  жыртып  аңқылдап.

Жас  өспірім  сұлу  қыз,

Жүрегі  ұшып  қалшылдап.

Жалаң  қағып   жасауыл,

Мәз-мейрам  боп  қарқылдап.

Түйеде  тұрған  әйелді,

«түс  жылдам » деп  алқымдап

Шабылған  елде  дәрмен  жоқ,

Жылай  берді  солқылдап»-деп қазақтың  қорланғанын айта  келе Сұраншы батырдың  қазақ батырларын жауға тойтарыс  беруге  шақырғанын  былай жеткізеді :

Алатауды қозғалта,

Қырға  шығып   ақырды.

Андас  пенен  Нарбота,

Дауқара  мен  Шымырбай,

24.

Тұматайды  шақырды.

Атақты  Сұраншы  батырдың  Шымырбайды  ерекше  атап  шақыруында  мән  бар. Шымырбайдың ерлігі  мен қатар ел  бастар  көсем, сөз бастар    шешен  екендігін Сұраншы  батыр  талай  көріп  еді.1851 – 1858 жылдар  аралығында  қоқандықтарға қарсы ұлт-азаттық күресі  үздіксіз  жүріп жатты. Әсіресе 1858 жылғы наурыз  айында  болған  Әулиеата  маңындағы соғыс уақытша болса да  қазақтарға  жеңіс әкелді.Ташкент, Шымкент, Әулиеата  өңірін  билеп  тұрған  Мырза  Ахмет  жеңіліс  тапты. Халық   қозғалысының  тегеуірінен  сескенген кейбір  қазақ феодалдары  Қоқан билеушілерімен  астыртын  келіссөз  жүргізе бастады. Олар Құдияр  ханның  қабылдауына  барды. Хан  жағдайды түбірімен  өзгерте қоймайтын, ішінара жеңілдіктерге келісім берді.Мырза  Ахметті  билеуші  қызметінен  босатты. Ақсүйек   феодалдардың  солқылдақтығы, ұйымдасуының  әлсіздігі, стихиялық сипаты  жеңіліске       әкелді. Көтерілістің  басты  ошақтары  аяусыз  жаншылды. Бұл  ұлт-азаттық  көтерілісті  басқарған  Байзақ  датқамен  Шымырбай  датқалар  еді. Ендігі  жерде шығыс пен батыстан  ентелеп келе  жатқан  орыстарды  қолдағаннан басқа жол қалмады. Қоқанға қарай жол жабылды. 1864 жылы   Черняев әскері  Әулиеатаны  қоршаған  кезде  Шымырбай  Қаратау  өңірінен  құралған  мыңдықты  басқарып  қоқандықтарға  қарсы  соғысты.

                                                                                       Қастандық

  1864 жылдың жазында  Қоқан ханы  Құдияр  Дулаттан  шыққан  датқалар, батыр-билерді  Ташкент  қаласына  шақырады. Көпшілік  болып ақылдасып шешетін   мәселе  деген сыңаймен. Негізінде шектен  шығып бағынбай  бара  жатқан Дулат балаларын жазалау. Әсіресе кешегі  Әулиеатаға  орыстар  келгендегі қылықтары шектен  шығып кетті. 1851,1853,1858 жылдардағы  қарсылығы тағы  бар.  Бұларды бастап  жүрген Байзақ  пен Шымырбай  датқалар. Екеуінің  көзін   құртсақ басқалары шектен  шыға  қоймас  деген арам  пиғылмен  шақырып  еді.Ертең  Құдияр  хан  қабылдауына  барамыз  деп  отырғанда  үйге  сәлем  беріп  сонау  жылдары Қаратауға  ханның  атқосшысы  болып  келген  Жексен  кірді. Қатайып, дене  бітімі  келісті  жігіт  болыпты. Ханның  шаруашылық  жұмыстарын  атқарады  екен. Шымырбайды оңаша    шығарған  Жексен  ертең ханның  қабылдауында болатындықтарын, бірақ бәрін өлім  жазасы  күтіп тұрғандығын жеткізеді.

25.

«Аға, ертең  ханның  қабылдауында  барғандарыңызда үстеріңізге қызыл шапан жабады. Ол  деген өлім  жазасы.  Сіздерді  алдарқатып  қонақасы  береді, шарап  ішкізіп  мас  қылады. Түнде келіп арнайы  жасауылдары байлап-матап арғы  күні  орталық алаңда  зеңбіректің аузына  байлап  атып  өлтіреді.Оның  үстіне  жуық  арада бір датқа келіп   сіздерді  әбден  жамандады. «Байзақ  пен  Шымырбай  сізді  менсінбейді, сыртыңыздан  «қарамойын сарт» деп балағаттайды, сіздің  салған  салығыңызды жөнді төлемейді, қыз   салығын төлемейді»,-  деп жамандап  кетті. Сауытыңызды шешпеңіз, қаруыңыз да  өзіңізбен болсын. Сіздің  сарғасқа  атыңызбен  қоса  ханның  жүйрік  ақбоз атын кешке қараңғы түскенде  сіз отырған  үйдің алдына әкеп  қоямын, хан  жасақтары аттарының  тартпасын  кесіп  тастаймын. Мен  үйге  кірген  кез  белгі  деп  ұғыңыз. Сол кезде сіз орныңыздан  атып  тұрып, қылышыңызды  қолға  алып, сыртқа  атып  шығасыз. Алдыңызда  үш тосқауыл бар,солардан  аман  өтсеңіз  болды. Былайша кете алмайсыздар, мықты күзет қойылған. Мені  сол қылығым  үшін  хан  дарға  асады., ақыретте  бас  қосармыз аға, хош  болыңыз»  деп Жексен  қараңғыға  сүңгіп  жоқ  болды. Шымырбай  Байзақ  датқаға   қастандық жасалынбақшы  екенін   айтады. Байзақ  бұл  сөзге  сенбейді,»Қоқанның  халі  мүшкіл,артымызды  сұраушы қалың  Дулат  тұр. Оған  дәті  шыдамас»-деп. Алда-жалда сен  аман  құтылсаң, бізге  қастандық  жасай  қоймас. Ертеңіне  хан қабылдауына барар алдында Шымырбай  сауытын киіп,қайқы  қылышын  беліне  тағып, сыртынан  ұзын  кең шапан киіп  алады.  Жексен  айтқандай-ақ  датқалар  келіп қапты деп,қошемет көрсеткендей  үстеріне  қызыл шапан жабады. Қоқанның  ойы түсінікті болды.  Хұдияр  хан сәлем беріп кірген  Шымырбайға : «сенің оң  көзің батыр, сол көзің қорқақ  екен ғой дегенде, хан ием, екі көзім бірдей  батыр болса,  сіздің  алдыңызға  келер ме  едім»- деді. Шымырбай  сыртқа  шығып кеткенде ханның   уәзірі : «Жаңа  датқа  кіріп  келгенде орныңыздан тұрып  кеткеніңіз не»,- деген сөзіне «Оң иығында жолбарысы бар екен, аруақты кісі  екен», - десе  керек. Хан біраз болған  соң «Құрметті датқалар  ішіп-жеп  отырыңыздар,ертең сұхбаттасамыз» деп шығып  кетеді. Ымырт  жабыла Жексен  үйге  кіреді. Осы белгіні күтіп сақ отырған Шымырбай  атып  тұрып, беліндегі наркескенін суырып алып  ақырғанда хан жасауылдары  сасқалақтап екіге  жарылады.Жүгіріп  барып   дайын  тұрған  ақбоз атқа  мініп өзінің  сарқасын  жетекке алып, салып ұрып  үш  тосқауылдан да  аман  өтеді. Содан шапққаннан  Қазығұрттың  баурайына  келіп   бір-ақ  т оқтайды. Сауытын шешкенде  оған  қадалған  жеті  жебе  жерге түседі. Шымырбай  аман  қалғанымен   зәлім Құдияр  хан Байзақ  датқа мен

26.

жолдастарын  зеңбірекке  байлап  атқызып, мұсылманға  жат айуандық  әрекетке  барады.

Соңғы жорық

            Шымырбай 1864 жылы Шымкентті, 1865 жылы Ташкентті алатын  соғыстарға  қатысты. Байзақ  датқаның  кегі деп талай  қоқан бектерін  найзалады. Сонау 1847 жылы Кенесарыны  қолдап еді, енді  келіп Қоқан жағындағы қазақтың  соңғы ханының  ұлдары Сыздық, Тайшық сұлтандарға  қарсы  шығуға  мәжбүр  болды. Аумалы-төкпелі заманда  бәрі  бола  береді екен ғой.  Қоқанды  орыс  әскерінің  көмегімен жеңіп, енді бір тыныштықпен өмір сүреміз бе  деген ой да  жүзеге  аспады. Орыс  әскерінің соңын ала бірер жылда   шұрайлы жерлерге  орыс  мұжықтарын  қоныстандыра  бастады. Сонда  қалай  болғаны. Опа  береді  деген  орысымыз  тынышымызды  тарылта  бастады. Бұлардың  да  түпкі ойы қазақ жерін отарлау екенін  түсінген  Шымырбай Түркістан   маңында әскер жинап жатқан  Кенесарының ұлы Сыздыққа  барып қосылады. Сыздықтың қарауынды  Шанышқылы Көшек датқа, Дулаттан  Төртбай  датқалармен қосылып  енді  орыс  әскеріне  қарсы  соғысты. Сыздық  сұлтан батыр, датқаларды шақырып үлкен жиын  ашты.«Қазақ бауырлар, мен  атамды, әкемді  бауырларымен  қырғынға ұшыратқан қоқаннан өш алам ба деп едім.., бірақ сол  қоқан  әскерін басқарып  орыстарға қарсы  соғысуға  мәжбүр  болдым. Қоқанның   күні  бітуге  таяу. Хиуа,Бұхара хандықтары да  көп ұзамай  орыстардан  жеңілетін  түрі  бар. Орыс  әскері  ай  сайын  көбейіп  күш  беретін түрі жоқ. Ендігі  жердегі біздің  қарсылығымыз  айға  шапқан  арыстанның  кері  болайын  деп  тұр. Ел  еркіндігі үшін  аттан түспей  күрескен  сіздерге  мың алғыс.  Осымен  күресті  доғарайық. Ағайындарыммен бірге мен де  орыс  бодандығын  қабылдаймын. Елге  барып  сіздер де  солай  істеңіздер. Қазақ несібесіз ел  емес  еді ғой, алланың біз үшін,ұрапқтарымыз  үшін  оң  көзбен  қарайтын  күні  туар. Алла  саған  жазсын. Хош  болып  тұрыңыздар, бауырларым !» - деп сөзін аяқтады.Жазмыштың  маңдайға  жазғанын  көрерміз деп Шымырбай жолдастарымен Қаратауға келді. Бұрынғы  полковник  Черняевқа  көмектесіп, қоқанға  қарсы  соғыста  көрсеткен ерлігін  бағалаған  орыс  әкімшілігі Шымырбайға  ләм-мим деп жақ ашпады.  Ендігі  жерде бейбіт өмірге  көшіп, ел-жұртты  жаңаша  шаруашылық  жұмысына  бейімдеу, тұрмыс-тіршілігін  жетілдіру сияқты  жұмыстармен шұғылдану қажет деген ойға  келді. Біз ала алмаған теңдікті,тәуелсіздікті кейінге ұрпақтарымыз  алар. Бұл қазақтың  басына 

27.

бодандықты  жазып  қоймаған  шығар. Қара  бұлт  кетіп, шуақты  күндер  де  келер әлі.

«Сонау  баста  о  баста,

Жаралғалы  қара  жер.

Жаралғалы  көк  аспан,

Естеби  мен  Бумынның

Адамзаттан  бағы  асқан

Информация о работе Шымырбай датқа