Шымырбай датқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:05, биография

Краткое описание

Біз соғыстан кейін дүниеге келген балалар ес білгелі Шымырбай сайы, Шымырбай датқа, батыр, би, ел қамқоры, Шымырбай көтерген көк тас, Шымырбай жолбарыс ұстаған сай, Шымырбай қорасы, Шымырбай қаздырған арық, Шымырбайдың ерлігі туралы әке-аталарымыздың,ақындардың арнау-жырларын естіп өстік.Ол кезде теледидар, интернет дегендер жоқ. Біраз ойнап болған соң, жайылымнан мал келер тұста қырда отырған қариялардың әңгімесіне құлақ түреміз. Ас-жиын той-томалақтарда да үлкендердің әңгімесі небір батырлар, билер, қазақ хандары туралы болып келеді.Үйге салихалы,көргені мол, айтар сөзінің тағылымы бар қонақтар келгенде біз қатарлы балаларды босағаға отырғызып қойып тыңдататын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шымырбай датқа.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

Төрт  бұрышы  дүниенің

Соларменен  санасқан» - демеп пе  еді бабаларымыз.

«Аруақты  елдің  ұрпағы  едік  қой, қазақтың да  қасиеті  артып, басқалармен терезесі  тең болатын уақыт туар» - деп алдағы  күнге  үмітпен қарады.

Бейбіт өмір

Түркістан соғысынан оралғаннан кейін Шымырбай қамшының орнына құран алып, дін жолына түбегейлі бет бұрды. Халық арасындағы дау-дамайға әділ билік айтып, батасын берер аузы дуалы ел кемеңгеріне айналады. Келешек ұрпақ қамын ойлаған Шымырбай бабамыз Бұхара қаласында жоғары діни білім алған Қонақбай Баймағанбетұлының(1827-1897жж) мектебінде ауыл балаларын оқытады. Сай  қапталындағы  бастаулардың  басына  егін  ектіруді  қолға  алды. Шымырбай  сайының  ішімен  ағып  жатқан  өзен  суына тоған жасап, қырға су  шығарып, тал-дарақ, жеміс-жидек, дәнді дақыл екті. Данай балалары  отырған басқа сайларда да  осындай қауырт  жұмыс басталып  кетті. Күзге қарай тілді ойатын бал татыған қауын, қазандай  асқабақ, жүгері  жеп бала-шаға   мәре – сәре. Бір тақия тары  егіп, екі- үш қап өнім  жинап жатқаны қаншама.Жаз  бойы  алғаш  алма, алмұрт, шие, долана, кәтірәңкі  ретімен  пісіп балалар жеміс-жидекке  тоқ. Өзеннің  екі  қапталы  тола  бүлдірген. Қоқан  келіп  шабады  деген  үрей  жоқ. Жан-жақтағы  ағайын  шақырысып, той-думан да  өтіп  жатты. Таудың  іші тола  арқар, елік, марал.  Ерінбесең тауға шығып атып  ала бер.  Күзге қарай  жануарлар қатты семіреді, сүбе  қабырға  қос  елі 

28.

майға  толады. Қысқы соғымға дейін талғажау  жасайсын, әрі ұсақ  малға   үнем  болады.Мына  Шымыр Құттықтар неге  бұл жерді  таңдағанын  енді  түсіне   бастады. Айтпақшы  ана  жылы  Шу  бойына  қоныс  аударған Құттықтар  орыстар  Әулиеатаны  бағындырған  сол өздерінің ата қонысынаа келе  бастады. Қасқасудан  көшіп келгенде  Берікқара, Құлдың  сайы, топ ағаш сайы, Тік асу, Жыланды, Құртты бастау, Көк бастау, Шымырбай, Кепелі, Байғазы, Есіркеп, Аман сайға өз  ағайындарын отырғызып  еді.Құттықтар  оң  қапталдағы   Белбұлақ, Көқіш сай, Жұрын сай, Жығалы, Саясу, сол қапталдағы Айырсай, Елікті, Тұтты сай, Бүкір, Арбатасқа  келіп  отыра  бастады. Данай  балалары қоныстанған  сайлардың бұрынғы егелері Билікөлдің  жағасына  жайғасты. Шымырдың   Қазымбетінен  төр қарағай атанған Дүлділ, Сарыбас, Қаратеке, Бәйімбет  тарайды. Бәйімбет  бидің баласы  Құттық. Құттықтың тоғыз баласы бар. Өсіп-өнген ел.

Ауыл сотқарлары

Тау  бөктерінде  Құлсары мен Баян  батырдың  ұрпақтары  тұрады. Ал  Елібай  мен Қожакелді  Аса  өзенінің  Құмтиын  мен  көлге құяр  оң жақ  сағасында  қоныстанған.

«Ер Саза  өзгелерден  дара  туған,

Қол  жинап  төрт  Қарағай баласынан.

Қоқанда  кеткен  кекті  қайтармаққа,

          Аттанды  Билікөлдің  жағасынан» - деп Балта ақын  жырлайтын Саза  батыр осы кісі. Шымырбайдан  сәл кішілігі   бар.

Түбі  бір  Дулаттың  баласы  әрі  құда-жекжаттығы да  бар Құттықтармен  сүттей  ұйып, силасып  отырғанда ауыл  тентектерінің  кесірінен  арада реніш туа бастады. Шымырбай  датқаның  беделін пайдаланған балалары, сотқарлау ауыл  жігіттерін  ұйымдастырып Тікасу, Шымырбай сайларындағы  асудан  асқан жүргіншілерден  салық ала бастады. Төлемегендердің  атын   тартып алып, жаяу  жіберді. Ылауға  алған мініс аттарын иесіне  қайырмай сіңіріп  кетуді  әдетке  айналдырды.Шымырбай  сайының  сол жағындағы  қырмен  Жуалыға  баратын  жалғыз  аяқ  асу бар. Сол асумен  жарым жолға барғанда Амансай доғаша  иіліп келіп

29.

Шымырбай  сайына  түйіседі. Сол  жерді  Жетпісбай  бие өлген  жер  деп  атайды. Жетпісбай  деген  кісінің биесі тайып кетіп құзға құлап өлген екен. Асумен  жүргенде қандай  мықты ат болғанмен әр 50-60 метрде тоқтап  атты демалдырып  отырасың. Асуға  жеткенде  оң жағын  терең  құз, сол жағың биік  жарғабақ, алдың  терең  сай. Астыңдағы  атың  әр  қадамын  санап мүлгіп  жүреді. Сол жақтағы жарқабақтың  арасы арамен  кескендей. Ені алты-жеті, ұзындығы 13-14 метр, жарғабақтың батыс  жағы  таспен қаланған, күншығысында  есігі  бар. Бір үйір  жылқы молынан сиып  кетеді. Осы күнге дейін Шымырбай  балалары  жылқы қамаған қора  деп аталады. Міне  осы асуда аңдушы  алмай қоймайды. Осы жерде алым-салық бекеті  жасаған ауыл  жігіттері беттерін  таңып  алып, қарап  отырып ермекке  мал  тапқан. Ауыл сотқарларының бұл әрекетін  Шымырбай  білмейді. Қанша құпия сақтаймыз дегенмен  кейін жария болады. Жалғыз-жарым жүрген  малдарды да  айдап әкетіп  сойып ала берген.Шымырбайдың  сексеннің  белесіне  жақындап  қартайып, жүріс-тұрыс  азайған  шағын ауыл  жігіттері  осылай  пайдаланған  екен. Жігіттердің  теріс  қылықтары әшкереленіп, Құттықтар  тарапынан наразылық  туады. Шымырбайдың өзі өте таза  кісі  болған. Бес   уақыт  намазын  оқып, ел  жұртының  амандығын  тілеп  отырған. Билікөлдің  күншығысында  отырған Саза  батырға хабар жіберіп, 1867 жылдың  мамыр айында жаныстар  мен құттықтардың  ел  ағалары Шымырбай  сайына  жиналады. Саза  батыр өр  мінезді, өзі айтқаны  болмаса, өлгеніне  пейіл, тоқтамайтын  кісі  болған.  Ол  кісі  ұзын  бойлы, тарамыс  денелі, шүңірек  көз, шойын  қара  өңді, тілі  сақаулау  екен. Саза  қызды-қыздымен Шымырбай  датқаға балаларының ісі  үшін ауыр  сөздер  айтып жібереді. Тау бөктері  біздің  ата  қонысымыз. Бұл  жерден  түгел  көшесіңдер  деп талап қояды.

«Әй, көміршінің  қара  көсеуіндей  болған  қу   сақау не деп тұрсың» - деп Шымырбай  қылышын суырып  алады. Саза  да  қайқы қара  қылышын ала ұмтылады.  Екі батырды қылыштасуға  жібермей  естияр  ел  ағалары  арашаға  түседі.Талай  ел   арасында  билік  жүргізіп, қара  қылды  қақ  жарып, әділетті  шешім  шығарған Шымырбай  датқа  емес пе, біраз ойланып  ақылға  келді. Мына  Саза  батырмен  мәмлеге келу  мүмкін  емес. Бұл өзі бір қисайса қайта түзеле  қоймайды. Не  өзінің  басын береді  немесе  біреудің  басын  алатын  мінезді.Оның  үстіне  қанша  кесек  сөйлегенімен  сөзінің  жаны  бар. Қаратау бөктеріндегі  сайлар  Құттықтардыкі екені рас.  Ауыл  балаларының елдің  зәбірін  алып, сотқарлық жасағаны  дәлелденіп  тұрғаны тағы  айқын. Бүйте

30.

берсек  ағайынды  екі  елдің  арасы  ашылып  кететін  түрі  бар. Өмір  бойы  не  үшін  аттың  жалы, түйенің  қомында  жүрдік.  Осы қазақтың  бірлігін  қалыптастырам, ел қылып еркіндік  әперем  деп күреспедім  бе. Әділетті  шешім шығармасам Шымырбай  датқа, батыр, би  деген атыма нұсқан  болмай  ма. Кейінгі ұрпақтарыма сын болмайтын, жүзін  жарқын, кеудесін  тік  ұстайтын, өсиетті үлгі  қалдыру менің міндетім  ғой.

Шымырбайдың шешімі

    -«Оу, ағайын ! Бәйдібектен тараған түбіміз бір Дулаттың  балалары  екеніміз  шын.  Екі туыс  ағайынның арасына жік түсіру  болмас. Өмір  бойы  ел  бірлігі үшін  күрестік, оны бәріңіз білесіздер.Бүгінгі ойым  да  сол. Мына  Қаратау  бөктері  сіздердің  ата-бабаларыңыздың мекені  екенінде  дау  жоқ. Біраз жыл  Данай   балалары  суын  ішіп, ауасын  жұтты. Бұйырған  ризығын көрдік.  Сіздерге  рахмет. Қысылып-қымтырылмай іргелес отырдық. Менің жерімде неғып отырсың деп алакөзденбедіңіздер. Бұл мінез де  тектіліктің белгісі. Мына  ауыл  жігіттерінің  маған білдірмей  жасаған теріс қылықтарына ұялып отырмын.  Ол  үшін  ғафу  етерсіздер. Мен былай шешім шығарғалы отырмын.  Өздерің Шымырбай  сайы  атап  кеткен  осы  сайда Данай әулетінен  бір – бір  үйден  барлығы он  шақты  үй  қаламыз, қалғандары Билікөлдің  арғы  бетіндегі Жеті төбе, Қаракемерге көшеді. Ар жағындағы тоқпан  жаныстармен  іргелес  отырсын. Бұған  не  дейсіздер» - деп  сөзін  аяқтады.

     - Алла  разы  болсын !  Тәңір  жарылқасын  Шымырбай  датқа ! – деп екі жақ ақсақалдары ризашылығын білдіріп  жатыр.

   -  «Менің бір  ұсынысым  бар» - деді еңсегей  бойлы, елулердің  ішіне  еніп  қалған  бурыл  сақалды Беделбек  Қосайұлы. Бұл  Құттық – Баян – Бекболат – Тоғана  Қосайдың  баласы  еді.  Кейін  Шымырбай  датқамен  көрші  отырып, ет  жақын  туыс  болып, ұрпақтары – ұрпақтарымен  достық  қатынасы  үзілмеген. Беделбектің ұрпақтары өсіп-өніп бір шөбересінің  Шымырбай  датқа  туралы жүз отыз  жылдан  кейін  кітап  жазатынын ол уақытта кім білген.

    -  Не  айтайын деп едің  Беделбек ?

    - Бағана  Шымырбай  датқа ойлануға  кеткенде, үйге барып қысыр емген тайды сойдырып  қойдым. Елдің игі жақсылары бас қосып әңгімелесейік. Екі батыр бір-бірінің қолын алып, төс қағыстырып  достасып  кетсін» - деп едім.

   31.

   - О, ақылыңнан айналайын Беделбек, өркенің өссін ! Игі жақсылар  бір дастарханнан  дәм татып, ризашылықпен   тарқасты.Осылайша  ағайынды екі атаның   арасындағы  дау Шымырбай  датқаның  майдан  қыл суырғандай  көрегендік  билігі  арқасында шешімін тауып еді.Шымырбайдың осы шешімін Данай ұрпағы  Пернебек Тлепбергенұлы да  растады. Шымырбай  бабамыз  жорықта  қатал, қаҺарлы  болғанымен  жайшылықта  ақжарқын  кішіпейіл  кісі  екен. Жоғарыда  айтып кеткен  Беделбек  атамыз  Шымырбаймен сыйлас  болыпты. Жасы  екі мүшелдей  кіші. Беделбек  атам  айтты деп әкем Мырзай  Дуанаұлы (1906 жылғы) Шымырбайдың ерлік істерін жыр ғып айтатын. Мырзайдың   әкесінің  ағасы  Тапы  да он  жас шамасында Шымырбайды  көрген.

Шымырбай туралы естеліктер мен деректер

Шымырбай  туралы  ертеректе шыққан  газет  мақалаларында  сұхбат  берген  Үсенқұл Тоғызбайұлы, Көсембай  ақсақал,Әбділда  Ойықбайұлы, Тапы  атам   аузынан естіп едім  дейтіндерінің  жаны  бар. Ол  кісілердің  барлығы сол Шымырбай сайында туып  өскендер.  Шымырбай көтерген  тасты тамашалап бала  кездерінде  соның  үстіне  шығып ойнағандар. Тапы  деп  отырғандары  менің  әкемнің әкесінің ағасы.  Шымырбайдың ағасы  Байқарадан Кедейбай.  Кедейбайдың баласы  Әсілбек атамыз да Шымырбай  сайында  тұрып, 1960 жылдары Қаракемерге көшіп барып, сонда қайтыс  болды.  Шымырбайдың  шөбересі  Иса  Тлекеұлы  ағамыз 1935-1936 жылдары Байбөлек  атамнан  естіп  едім, Шымырбай  туралы  әңгіме  айтып  еді, Шымырбайдың  бейітін көрсетіп  еді  деп  бүгінде  көзі  тірі Жапархан, Садуақас  ағаларымыз Әсілбек Кедейбайұлынан  естігендерін  айтып берді. Тіпті Жапархан  ағамыз екеуміз Шымырбай  жолбарыс  ұстаған сайды, Пайғамбар бастауын, Шымырбай  балаларының тастан  жасаған  қорасын  тағы  көптеген  жерлерді  атпен  араладық. Жартастарға айдаҺар, арқар, марал, елік, қошқар, барыс, жолбарыс  бейнесі салынған    петроглиф   ескерткіштерін    суретке түсіріп алдық.Тапы  атамның  әңгімесі :  Мен 8 – 10 жастар шамасында едім. Арқасында екі арқары  бар Шымырбай  атам  келе  жатыр  екен.

Ата, арқардың  асығын  бересіз  бе ?

Беремін , жүр  үйге  -  деді  атам.

32.

Үйге  келген  соң  кемпіріне  сусын  әкел  дейді.  Мұз қатып жатқан  кез екен, даладағы  қазаннан  беті  қатқан  көженің  мұзымен  араластырып  Шымырбайға  ағаш  табақпен  толтырып  әкеп  береді. Табақтағы  көжені  ішкенде  асқазанынан салдыр – гүлдір  еткен дыбысты естиді.

Сен де  ішесің бе ? – деп  апасы  Тапыдан  сұрайды.

     -   Ой, бұл  ақырзаманның  торғайы мұзды қайтіп  ішеді, жылытып бер ? – деген  екен.  Тапының  әкесі  Беделбек  шаруасы  болып Шымырбайдың   үйіне барады.  Кел, Баян  батырдың  ұрпағы, төрге шық деп текеметтің  үстіне  жайылған  жолбарыс  бөстекті  нұсқайды.  Үлкен тарғыл  жолақ бөстек  жолбарыстың терісі  болса да, адам  тітіркеніп  қалады  екен.

     -   Не  таңқалып  отырсың  ба, былтыр  аңдып жүріп қақпанға  түсірген  жолбарыстың терісі  ғой. Қорадағы  малға шауып   тыныштық бермеген соң  жазалауға  тура  келді.

     -   Қақпандағы  аң  ызалы  болады  деушы  еді ? – деп қалай  ұстағанын  білгісі  келді.

     -   Ия, қақпанға  алдыңғы  аяғынан  түскен екен. Қоқанға  барғанда  арнайы соқтырып ем, қажетке  жарады. Көзі  қызарып, құйрығын  екі жағына сабалап, айбат шегіп жатыр екен.  Қолымда емен  сапты найзам  бар, жақындап  келе  бергенім  сол екен, аузын арандай ашып  ұмтылды. Найзаны сермеп  қалғанымда  аузынан   кіріп, қарақұстан  бір ақ  шықты.

Шымырбайдың  ірілігі соншалықты  атып алған арқар киіктер кәдімгі адамның беліндегі  қояндай болып көрінеді.  Ұстаған олжасын алланың   берген  нәсібесі  деп ,  ауылға  түгел таратып береді. Қолы  ашық, кең кісі. Қаратаудағы жолбарыстар кейін келе  азая  бастады. Ілуде біреу болмаса көрдім  дегендер  сиреп барады.

Шымырбай  датқа   туралы  деректер  ізі  суымай, бүлінбей, қоспасыз  екі-үш  ұрпақ  жалғасымен  бүгінге  жетіп  отыр. Жазба деректер  өз  алдына далалық ауызша тарихнама,оның  ерліктеріне нәр беріп  тұр. Намазын  қаза  қылмайтын, рухани  біліктілігі  жоғары, өз  заманынан  озып  туған  Оғлан ұл әулие  кісі  болған.  Күн райын  да  жетік  меңгерген.  Бір жылы  қар  мол  жауып, көшкін  болатынын  сезген  Шымырбай  Беделбекке  сайдың  ішіне

34.

терең  бармауын  ескертеді. Беделбек  атамыз  бес-алты  жүз  қойын, он шақты  сиыр  малын  айдап  шөбі  мол, шеңгелді  қора  деген  жерге  қыстатуды жөн көреді.  Өзі төменгі ауылға  барып кайтып  келсе мал да, қора да  тып-типыл, қар көшкіні басып қалған.  Бірдеме қардың   астынан қозғалғандай  болады.   Аршып қараса  шөккен  түйе  екен, қасында қабырғасы сынып әйелі жатыр. Түйенің жылуы аман  сақтап  қалыпты. Айтқанына көнбегені үшін Шымырбайға  қарауға бет жоқ, ұят-ай. Шымырбай  ол  үшін  сөкпейді. Шақырып алады да  алдына  сап жиырма  щақты қой айдатып жібереді. «Шымырбайдың алдында осылай  екі рет жерге кірердей  болып ұялып едім» - деп айтып отырады екен, жарықтық. Тағы  бірде кішкентай  Тапыға  айтады.  Шешеңе  айта  бар, қылшық  жүнді қызыл қойларды  қалдырсын да  басқасын  сатып жіберсін.  Қыс қатты болады.  Айтқаны дәл келеді. Қалай әулие демейсің.  Бір күні  Беделбектің баласы  кішкентай  Тапы  Шымырбайға  барып  «ата  сайдың  кіре  беріс  ауыз  жағын  маған  беріңізші»-деп  сұрайды.

Оны  не  қыласың ? – дейді  ғой  атамыз.

Мен  осы  жерге  су  шығарып, егін,  тал егемін.

О  айналайын, алла  алдыңнан  жарылқасын, ұрпағың  өсіп, рулы  ел  болсын. Бүгіннен  бастап  сенің  жерің – деп  батасын  берген  екен,

     -   Шымырбай  сайдың  екі  жағын  ала  қоныстанған   Беделбек  және оның  ағайыны Төлеуіш ұрпақтары бүгінде 70-80 шаңырақ болып отыр. Шымырбай  әулиенің  батасы  біздің  әулетке дарыды деп отырушы еді үлкендер. 1878 жылы 82 жасында қайтыс  болған Шымырбайдың  денесі  қазіргі  Абдықадыр  ауылының  оңтүстік шығысына  қойылды. Абдықадыр Жүргенұлы бала кезінде Тапы  атасының  арқасына  мініп, Шымырбай  бабасы  туралы  талай  қызықты  әңгіме  естіп  өсті. Шымырбай  датқаның  баяғы  бала  Тапыға  берген  батасы дарып немересі Әбдіқадыр облыс, аудан басшысы қызметтерін атқарды. «Жел өтінде өскен бір ұлыңмын»,- деген кітабы сол Шымырбай сайындағы балалық шағынан бастау алады.

Информация о работе Шымырбай датқа