Шымырбай датқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:05, биография

Краткое описание

Біз соғыстан кейін дүниеге келген балалар ес білгелі Шымырбай сайы, Шымырбай датқа, батыр, би, ел қамқоры, Шымырбай көтерген көк тас, Шымырбай жолбарыс ұстаған сай, Шымырбай қорасы, Шымырбай қаздырған арық, Шымырбайдың ерлігі туралы әке-аталарымыздың,ақындардың арнау-жырларын естіп өстік.Ол кезде теледидар, интернет дегендер жоқ. Біраз ойнап болған соң, жайылымнан мал келер тұста қырда отырған қариялардың әңгімесіне құлақ түреміз. Ас-жиын той-томалақтарда да үлкендердің әңгімесі небір батырлар, билер, қазақ хандары туралы болып келеді.Үйге салихалы,көргені мол, айтар сөзінің тағылымы бар қонақтар келгенде біз қатарлы балаларды босағаға отырғызып қойып тыңдататын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шымырбай датқа.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

11.

Өйткені  Тапының  әкесі  Беделбек  Шымырбаймен  силас  кісі  болған, әрі бір  сайдың ішінде ауылдас  отырған. «Шымырбай атам  талай  арқардың  асығын  берген. Ауыл балалары  арасында арқардың  асығынан  сақаңның  болғаны үлкен мақтаныш» - деп айтып отырушы еді жарықтық.

                                                                                           Бұлғақ заман

Шымырбай  Асанұлы 17 – 18 жасында бүкіл аймаққа танымал батыр атанады.

                             Он жетімде  құрсанып,

                              Қылыш  ілдім білекке.

                              Жауға қарай аттандым,

                              Жеткіз деп құдай тілекке.

  -деп  Ақтамберді  жырау  толғағандай  Шымырбай да  17 жасынан  бастап елі үшін  атқа мініп  тарихи  оқиғаларға  араласа бастайды. Жасы  жиырма беске толғанда бүкіл оңтүстік өңірді қамтыған.

1821 жылғы Тентек  төре  (Рүстем)  бастаған Қоқан  хандығына  қарсы күресте  қазақ мыңдығын басқарды. Ел  азаттығын  жеңіп  аламыз ба деген  үміт  еді.  Үміт  ақталмады. Қоқан бектері  сұлтандар мен елге силы  шонжарлар  арасында  жансыздарын  жіберіп, си-сияпатын  жасап, көтерісшілер  арасында  іріткі  салды. Қайсібірі шұрайлы жерлерді  иеленіп, енді бірі шен-шекпен алып  көпшілік  халықты тастап кетті.Тіпті  көтерілісті  басқарушы  Тентек  төренің  өзі бұрынғы райынан қайтып, «алатын жерімізді алдық, қоқан бектері оң көзбен  қарайтыны туралы  уәдесін беріп отыр, ендігі  жерде халықты шулатып неғыламыз»  деген сыңай танытты. Тентек төреге  ілесемін деп Шымырбайдың  алғаш  опық  жеген  кезі еді.Көтеріліс  сәтсіз  аяқталғанымен  Шымырбайдың  атағы  шарықтап,  ел  арасында  абыройы асқақтады. Қоқан бектері де  жас батырды ішке  тартқансып, датқалар мен батыр-бағландарға қосып той-жиын,  қонақасыға  Шымырбайды  шақыртатын  болды. Алғашында бектерден  зәрәзап болған ол барғысы келмегенмен   «әй, осы сарттардың не ойлағаны бар екен , мұсылмандық жолмен халыққа ілтипаты жақсарар ма деген үмітпен қатысып жүрді» Сол баяғы жұғымсыз  алдарқату, қазақ қамын  ойлағансып  бірлікке  шақырып, қоқанның  айтқанына  көну. Қоқан  жолы жұмаққа  бағыттайтын,

12.

дінислам  жолы деген  сусыма сөздер. Сөзі мен ісі  қабыспайтын жалған  әрекет. Шымырбайдың түсінгені ел  ағаларының  көңілін аулап қара халықты  қанай беру. Айтатыны  солтүстіктен  кәпірлер  келе жатыр.Орта жүз бен кіші жүз қазақтарын бағындырды. Ендігі жерде  іргелес жатқан  Ұлы жүз бен Сыр бойы қазақтары қоқандық мұсылман  балаларынан іргесін  бөлектемей бірлікте  болу керек. Орыстардың  қоқанға  тісі  батпайды. Қалған  казақты қорғайтын, кәпірлерден  аман алып қалатын біз деген сияқты кеудемсоқ жел  сөз. Осылай  деп келіп қазақ  батыр билеріне қыр көрсетіп  қоюды да  ұмытпайды.  Қоқанға барған  қазақтардың жүрегі  шайлықсын дей ме Иран, Ауғаннан сатып алған  зеңбіректері мен алыстан тиетін мылтықтарын, қару жарақ соғатын ұстаханаларын, тіпті тұрақты әскерлерінің  соғыс өнерін арнайы  көрсетеді.

Байқаңдар, біздің  қолымызда күш бар дегендей. Қазақты  үнемі үрей мен  қорқынышта  ұстауға, сөйтіп  өзінің алдында  құрдай жорғалатып қоюға бағытталған саясат. Бұл сарттардың қулығына  құрық бойламайды.

 Ия, күш тең емес.Қоқанның  қаруы  басым.«Не істеу керек, Қоқаннан  қалай құтыламыз ?» - деген тұңғиық сұрақтар Шымырбайға  маза  бермеді.  «Ақтабан  шұбырындыға» тап  болып, Жоңғардың қырғынына ұшырағанымыз кеше ғана, «Елім-айлап» жылаған халықтың көзі  құрғамай жатып, енді міне  Қоқан ұлыңды  құл, қызыңды күң етіп отырғаны. Бұл қазақтың  басынан қара бұлт  кетпей-ақ  қойды-ау. Ел бастайтын төрелерімізідің сиқы анау, алдына сүйек  тастасаң құйрығын  бұлғаңдатып шыға  келеді. Арыстандай ақырған  кешегі Абылай хан мен қиыннан  жол табатын Төле би  атамның  жоқтығын пайдаланғанын көрмейсің бе, мына антұрған сарттардың. Ойы он саққа жүгіріп, тәуелсіздік тетігін іздеумен уақыт өтіп жатты. Ел  арасында  бітпейтін дау-дамай, ағайындарға жайылым жерлерін белгілеп беру  сияқты  таусылмайтын  тірліктер. 1844 жылы  жазда бесін кезінде Қасқасудың  бойында  отырған  Шымырбай  аулына  Ташкенттің  бегі Әлімқұл жанында төрт-бес атқосшысы бар аттан түсіп жатты.Сәлем-сауқаттан  кейін Әлімқұл молда :Батыр  сүйіншіңізді  дайындай  беріңіз, сізге  қуанышты  хабар  әкелдім !

13.

«Сүйіншіңіз  дайын, ылайым  жақсылық  болғай» - деді Шымырбай сабырмен.

Осы  биыл  сүмбіле  туысымен  Ұлы  мәртебелі  Хұдияр  хан  баласын  сүндетке отырғызып, ұлан – асыр той жасамақшы.

Ниеті қабыл  болсын.Сол  тойға  сізді де  шақырып отыр. Әрине  сіз  үшін  мәртебелі         жаңалық  бұдан  да  зор.  Біздің  рахымы  мол, бүкіл  мұсылман  қауымының  қамқоршысы   Хұдияр хан  сізге  «Датқа»  лауазымын   бермекші. Енді  бүкіл жаныс руына билігіңіз жүреді.Хұдияр  ханға да, жақсы жаңалық әкелген сізге де  көп рахмет, бек ! Алла  разы  болсын !

Шымырбайдың датқа  атануы

Ертеңіне  хабаршылар  аттанып  кеткен  соң  «Бұл қоқанның  қу  түлкісінің  не  ойлағаны  бар? Қолтығына тартып, менің қолыммен  от  көсемекші ме, әйтеуір бір қулығы  ішінде жатыр Хұдиярдың. Осыдан бірер жыл бұрын Дулат балалары   шымыр Байзақ  Мәмбетұлы, сиқым Батырбек  Рысбекұлы, ошақты  Сапақ Байшуақұлы датқа атанып  еді. Мына  іргеде  отырған Батырбек  датқа сиқым руына салынған қоқанның  салығын азайтып   төлеуге кол жеткізді. Әрі қыз салығын да бермейді екен. Ауыл  ақсақалдары Датқа лауазымын пайдаланып  ел-жұртқа пайдаң  тиер, қоқанның  қоқандағанына араша түсерсің. Тәуекел, бұнысын да  байқап   көрейік деген тұжырымға тоқтады»

«Датқа» - Қоқан және Бұқар хандық  жүйесінде қалыптасқан лауазым. Датқа – парсы сөзі. Дад – ХаҺ,  «тілек», «әділдік» мағынасын  білдіреді.Қоқан  хандығында  датқа  дәрежесін  иеленгендер  ру,тайпаға басшылық   жасайды. Әкімшілік  қызметпен  қатар, рудың  әскербасы да  болады. Жалпы  саяси-әкімшілік, әскери жұмыстарды  қоса  атқарған. Орыс  зерттеушілері датқа  дәрежесіндегі адамдарды генерал, әкімшілік тұрғыда да  аймақ басшысы  лауазымына  тең  санаған. Датқалар  хан қазынасынан  белгілі  мөлшерде  ақшалай жалақы және  700 батпан астық  алып  отырған. Батпан  мөлшері Бұхарда 7 пұт, 32 фунтқа, Талас өңірінде 12 пұтқа  тең. А.Махаеваның  еңбегінде   Шымырбай  датқаның да  аты-жөні  датқалар  тізімінде  көрсетілген. 1804-1876 жылдар  аралығында Қоқан хандығында 

14.

датқа  атағын алғандар  саны  жүзге  таяу. Датқалар  ислам  дінін  насихаттап,мектеп-медреселер аштырған. Егіншілікпен  шұғылдануға жағдай жасап, арық-тоған қаздырған» 

Шымырбай  батыр, «датқа» лауазымын иеленді. Қоқан  ханы салтанатты  түрде балдағы  қымбат  тастармен безендірілген  қылышты беліне  тағып, қолына  күмістен құйылып араб  ғарпібен шағатай  тілінде жазылған  мөр  ұстатты. Әрине,көпті көрген әккі хан Шымырбайдың  адал қызметіне күмән келтірмейтінін  айтып  өтті.

                                                                                        Қарсылық

Шымырбай бір жылдан соң жаныс  руының  беделді  азаматтарын  шақырып, көптен  бері  мазалап жүрген ойын  ортаға  салды.

«Құрметті  бауырлар ! Қоқандықтар  датқа  лауазымын  беріп  мені  алдарқатып  отыр. Қу  бастан  қуырдақ ет  алып, жұмыртқадан жүн  қырқатын сарттардың не   ойлағанын кім  білсін. Мына  Шымкент пен Ташкент  бектерінің тыңшылары  итше  тіміскіленіп жүр. Аузыңнан  шыққан  сөз бен шалт  қимылыңды      қожаларына  жеткізіп  тұрады. Мал-жан  өсіп қонысымыз  да тарлық  қып  тұр. Былтыр  Әулиеата, Қаратау  өңіріне  барғанда  шұрайлы  жер  көріп  келдім. Қаратаудың Билікөлге қараған шығыс жақ тұсындағы сай-салалар бос жатыр. Шымырдың   Құттық  атасынан  тарайтын  ағайындардың  жері  екен. Олар  екі-үш  жыл болыпты Шу  бойын жайлап  отыр. Дулаттан  тарайтын  ағайынбыз  ғой  келісе  жатармыз. Оның  үстіне  шымыр  Байзақ  батыр   «Аумалы – төкпелі  заман  боп  тұр, әлдеқандай  күн  болар  Әулиеата   өңіріне  жақындасаң  қайтеді. Төменгі  Таласта  Ошақты Сапақ датқа, Қаратаудың  теріскейінде  ысты  Шоқай  датқа  бар. Күншығыста  шапырашты, албан, суан, жалпы  Бәйдібек  балалары  жинақыланып отырсақ. Солтүстіктен, Батыстан  зеңбірегін  сүйретіп, жерімізді шетінен алып, бекіністерін  орнатып, құрсауын  тарылтып  орыстар келеді.Сүйік  сұлтан  Абылайханұлы  бастаған  Жалайыр  туыстарымыз  тұтас  орыс  бодандығына  өтті. Ресей басқыншыларына  қарсы Кенесары хан бастаған  орта  жүз бен кіші  жүз ағайындар жеті-сегіз жыл бойы  соғысып жатыр. Соңғы деректерге  қарағанда қазақ ханының беталысы Ұлы жүз жері  екен.  Ұлы  жүз  қазақтары  мен қырғыздардың  басын қосып қоқанға соққы бермек.  Осындай алмағайып  заманда іргеміз бірге болса деймін»-деп сәлем жолдапты.

15.

«Бұған  не  дейсіздер  ағайын ? !»-деп Шымырбай  сөзін аяқтады.Ақылға  қонымды бұл ұсынысты Данайдан  тараған  үлкен-кіші  мақұл  көрді.Іргедегі  қоқан  ханынан  алшақтау, әрі Бәйдібек балалары  тығыз  отырған  Қаратауға  көшуді  дұрыс  деп  шешті.1846 жылы  сүмбіле туа Ленгір  баурайындағы Қасқасудан  шыққан  көш  үшінші  күні  Көсегенің көк жонына қоналқыға тоқтады. Ертесіне Жолбарысты Сай (кейіннен Шымырбай сайы атанады) асуымен төмендегі пайғамбар бастауында ат шалдырып  ылдиға  түсті. Шымырбай  датқа оншақты  үй мен осы сайда қалатын болды.Оң жақтағы Көкбастау, Құртты  бастау,Жыланды, Тік асу, Берікқара сол қанатындағы   Амансай, Айырсай, Елікті,Тұтты сайларға  басқа  ағайындарын қоныстандырды. Өзімен  бірге қалған  туыстарын Шымырбай  сайының  ішіне сұғындыра отырғызады. Шымырбай  шатқалы тереңдеген   сайын екі қапталынан  бастауы   бар  көптеген  қосымша  сайлар  басталады.Кәрі қора, Кәтіреңкі  қора, Алмағашты  қора  деп кете  береді. Қайсібір  сайлар  қоныстанған адамның атымен  аталды. Данай – Әтік – Әлқан – Байқоныс – Бердібай – Шыныбек батыр  болған. Данай – Құттымбет,Мұрты – Құдайменді – Шолаққылыш – Тлеубай құсбегі, әулие кісі  болған. Тілеубай, Шыныбек қорасы деп  бүгінге дейін халықтың  есінде  қалған. Бұл  кісілер  батырлығымен, ақылдылығымен  елге силы  болғандар.  Шатқалдың іші тола  жеміс-жидек. Алма,алмұрт,өрік,долана,тұт, кәтіреңкі, бүлдірген, сарымсақ, жуа тұнып тұр. Отын  мол, тоғайдың іші малға ық. Тау беткейінде  жемге бергісіз сасыр самсып  тұр. Сайдың  күнгей  бетінен жертөле қазып, қыстың  қамына  кірісуді  тапсырған Шымырбай  Билікөлдің жағалауын аралап  қайтты.  Сазды жерінде қараөлең, қыраттауында бидайық  бітіп  өскен шұрайлы көл жағасында атты  кісінің бойы  көрінбейтін нар қамыстар.Қыста малға жайлы.Қамысын  тамның  төбесін  жабуға  әрі төсеніш  жасауға  болады  екен. Жігіттерді  ұйымдастырып  нарқамыстарды баулап, түйеге  артып, тауға жеткізіп  алды. Сол жылы  қыс жайлы болып Данай ұрпақтары соғымын сойып, бозасын ішіп,  әрі жуық  маңдағы Бәйдібек  балалары   ерулік беріп, мәре-сәре.

16.

Хан Кене жорығы

Бұл  тыныштық  ұзаққа  созылмады. 1847 жылдың ерте  көктемінде Кенесары ханның  бас  батыры Шұбыртпалы  Ағыбай ханның Қоқанға қарсы күш жинап жатқандығы,соған жаныс жігіттерін  шақыра  келгендігін жеткізді. Екінші  бір жаңалық, Ағыбай  батыр туған қарындасын  Шымырбай  датқаға  қосты. Былтыр  боз  қырау  түсе Ағыбай  жігіттері шатасып Шымырбай  ауылының жылқысын  айдап кетпекші  болғанда  араға түскен. Қарусыз Шымырбайдың  иығын  найзамен  шаншып  жаралап  кеткен  болатын. Сол  айыбының  өтеуі  әрі  мына  алмағайып заманда ағайынның арасындағы  өкпе – ренішті  жуып  шайғаны еді.

           Атаңды Нысанбай  жыраудың

«Ақжолтай –  Ағыбай » атты  жырында :

Атақты  ер  Ағыбай  Шұбыртпалы,

Белгілі  сарбаздарын  шұбыртқаны.

Ағыбай, Қошқарбай  мен ер Бұқарбай,

Бұларды  соңына  ерткен  Кене ханы.

Мал үшін  олар  ерлік  қылған  емес,

          Салғаны  жанды  ортаға  елдің  қамы, -  деген  жыр жолдарынан ел тағдыры  үшін  атқа  мінген  ерен  ерлердің  ұлт  болашағы  жолындағы  ұлы  мұраты үшін  Ағыбайдай ерлердің орны бөлек. Екі батыр төс қағысып достасты. Нағыз ерлер ғана  осылай  істемек.

  Асып туған ер бар ма Шымырбайдан,

  Бесті өгізді шығарған шыңыраудан.

  Мыңға қарсы шабатын баһадүр деп,

  Атамаған ел-жұрты оны жайдан

                                     ( Дәулетәлі Тәжіұлы )

Профессор Жанұзақ  Қасымбаевтың «Последний  поход  хана Кенесары и его гибель» деген моногрфиясында  Досқожа  ақынның Кенесары Ресей

17.

отаршылдарының  қысымынан  Сарыарқадан  Ұлы жүз  жеріне  бағыт  алғанда  айтқан  қоштасуы :

Қоныстан  аумақ  болсаңыз,

Жіберіңіз  тез  хабар.

Жоғары  Дулат  өр ауыл,

Саза, Саурық ерлер мен

Байзақ батыр  Бегенге,

Шымырбайдай беренге.

Бекіредей басын  тасқа сабаған

Арнаға түскен аюдай

Қайғымен  іші  жараған

Байзақ неге тоқтасын

          Сіз  көшемін  дегенде ? !-деген  өлеңінен  Шымырбай  датқаның Сарыарқадағы ағайындарға да  белгілі батыр болғанын  білеміз.Билікөл  өңірінен шыққан  атақты  Балта  ақын Шымырбай, Саза батырмен бірге болып,Кенесары қаза  болатын  соғысты  жырлап, Кенесарының  Ұлы  жүздің батыр, билеріне  арналған жолдауын  төмендегі  жыр  жолдарымен  келтірген :

Ұлы  жүз  Үйсін  ағайын,

Баласы  едің  ағаның.

Жөнге  салар  Қоқанды,

Табайық  бір амалын.

Іргеңде  тұрған  Қоқан  бар,

Қамшы  ұйіріп  қоқаңдар.

Қыз-келіншек  қор  болып,

18.

Құлдықта  кеткен балаң бар.

Жаныңда  бітеу  жара  бар,

Бас  қосатын  келді  кез.

Ту  астына  жиналар,

Сәлем  айт  батыр  Байзаққа.

Саза, Қатпа, Айтаққа,

Сұраншы батыр, Саурыққа.

Сыпатай, датқа  Сапаққа,

Бөлтірік  шешен, Медеуге.

Белқожа  мен Бегенге,

Шымырбай  датқа  еренге.

Албан, Суан  ұрпағы

Асығар  бізге  келуге.

Күтемін  мен  сіздерді,

Шу  бойы  не  Іледен.

Жүзеге  ассын  ісіміз,

Бір  алладан  тілеген.

Бұл  жыр  жолдарынан Ұлы  жүздің  ішінде  Шымырбай  датқаның беделді  екендігі  көрініп  тұр.Басында  Қоқанға қарсы  соғыс  ашып,тәуелсіздігімізді  қайтарамыз  деген  ұғым  басқа бағыт алып  кетті. Қырғыздың Орман, Жантай  деген манаптары қазақ қолымен бірігуден бас тартып, жағдайды  ушықтырып  жіберді. Кенесары  ханның  жіберген елшілерін  Жантай  манап тұтқындап, ханның  атына небір оғаш  сөздер  айтты. Бұнысымен тұрмай, Кенесарының қырдағы жылқыларын  барымталап  алды. Соның ішінде Наурызбай батырдың атақты  Қызылауыз  сәйгүлігі де  кетті.

 19                  

                                                                                               Шайқас

Бұл  әрекетке  ызыланған қазақ батырлары іргелес отырған қырғыз  ауылдарын шапты.   Құланның  қасуына, мылтықтың басуы деп қырғыз  манаптары түстіктегі  ағайындарына  ат  шаптырып  қол  жинай бастады. Қоқан  ханы  қырғыздардың  шабын  түртіп, қазақтарға  айдап салды. Осылайша  іс  насырға шауып, Кенесары хан қырғызға  соғыс ашуға мәжбүр  болды. Ұлы жүзден  ру  басшылары және  жоғарыда  аталған  батыр, датқа, билермен  қоса Шымырбай  датқа да Кенесары  ханның шешімін мақұлдады. Қарсы келмей  тауға өрлеп шегінген  қырғыз  манаптары Шудың  сол  жағында Тоқмақ  маңындағы Кекіліксеңгір деген жерде қазақ сарбаздарын қоршауға  алады. Сусыз, тамақсыз  қалған  Кенесары  бастаған қазақ  әскері  жеңіліс  табады. Бұл  қайғылы  оқиға  туралы  көп  айтылып, көп  жазылды. Сондықтан  соғыс  барысы мен қырғынға  ұшырығын  сұлтандар, оққа  ұшқан  қазақ  батырлары  туралы  көп  тоқталмаймын. Қоршауды  бұзып жарып өткен санаулы батырлардың ішінде Шұбыртпалы  Ағыбай, жаныс  Шымырбай  датқа, шымыр Саза  батыр, Балта ақын  бар еді. Бұл соғыста Дулат ішінде  Жаныс пен Шымыр жігіттері арасында шығын көп болды.

Жараланғаны, тұтқынға  түскендері де  бар.

Балта  ақынның :  Дулаттан  шыққан  Шымырбай,

                               Соғады  дауыл  құйындай.

                                Мыңға  жалғыз  шабатын,

                                          Айылы  еш  жиылмай !

    – деген жыры  осы  Кекіліксеңгір қырғынына байланысты  айтылған. Қазақтың  басын қосып ел  қылады  деген соңғы ханы  Кенесары да  жау қолынан қаза тапты. Қазақта  ондай  қазаны  шейіт  дейді. Байзақ  ағасы жараланып жау қолына  түскенімен кейіннен  ел-жұрт  болып босатып алды.Байзақтың  аман  қалғаны ол да медеу. «Енді  не  істемек керек, Қазаққа кім бас болады,Қоқанның  бодандығынан құтылатын  қандай  жол бар ?!» деген шытырман  оймен  арпалысып Қаратау баурайына да  жетті.

Информация о работе Шымырбай датқа