Әмір Темір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 15:32, реферат

Краткое описание

Әмір Темір (Құтбуддин Темір Гүркап, Темірлан) – қолбасшы, мемлекет қайраткері. 1336 жылы Түркістанда туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды. 1370 жылы Мауераннахрды алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған. Әмір Темірдің қолбасшылық дарыны арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат, Хорасан (1381), Қандағар (1383), Оңтүстік Әзірбайжандағы Сұлтания (1384), Тебриз, Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті

Прикрепленные файлы: 1 файл

ӘМІР.docx

— 112.75 Кб (Скачать документ)

 Кесене құрылысы жайлы  негізгі жазба деректер Йездиден  шыққан Шериф ад-диннің «Зафарнама-ий  Теміри» («Темір жеңістері») атты  кітабында баяндалған. Бұл кітапта  1397 жылы Темірдің Қызыр Қожа  ханның қызы сүйіктісі Тәукел  ханымға аттанғандығы жайлы жазылады. Самарханнан Ташкентке барар  жолда Ясы қыстағындағы Қожа  Ахмет Ясауи басына зиярат  етуге бұрылады. Мұнда ол ескі  мазардың орнына зәулім кесенені  тұрғызуға әмір етеді.

 Түркістандағы Қожа  Ахмет Яссауи кесенесі – отрағасырлық  сәулет өнері ескерткішінің тамаша  туындысы. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің  бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи  қабірінің басына тұрғызылған.  Көптеген жазба деректерге қарағанда,  болашақ құрылыстың жобасын жасауда  Әмір Темірдің тікелей өзі  қатысып, өлшемдерді өзі анықтаған  көрінеді. Кесене – үлкен порталды-күмбезді  мемориалдық құрылыс. Архетектуралық  жергілікті дәстүрді жете меңгерген  парсылық шеберлердің жобасы  құрылысқа негіз етіп алынған.  Кесенені тербездік Шараф ад-дин  Тербездің баласы Абд ал-Азиз  құрылыс жұмысын салған. Кесене  құрылысы жайлы Шериф ад-дин  былай деп жазады: «Әзірбайжан,  Парсы, Үнді және т.б. елдерден  әкелінген 200-ге жуық тас қалаушылар  жұмыс істеп, тауда 500 адам тас  өндірді. Тасты жеткізуге Үндіден  әкелінген 95 піл пайдаланылды. Құрылыс  барысына жиі қатысқан Темір  жұмыс сапасына көңілі толмаған  жағдайда кінәлілерді қатаң жазалап  отырды. Темір заманында Қожа  Ахмет Ясауи кесенесі сияқты  құрылыс жоқтың қасы еді. Кесененің  әрбір кірпіші қолдан жасалып,  сапасы өте жоғары болды. Кесене  оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа  қарай созылып жатыр. Ені 46,5 м., ұзындығы 65 м. Күйдірілген шаршы  кірпіштен өрілген. Кесене жобасының  ерекшелігі – онда Орталық  Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды  ұшыраспаған шатыр жабу әдістері  қолданылған. Ескерткіште күмбезді  аркалы элементтер мол. Сәулетші  шеберлер тек аркалы күмбезді  жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді  қолданған. Кесенеде аса үлкен  портал (ені – 50 метрге жуық, порталдық  арканың ұзындығы – 18, 2 метр), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың  биіктігі – 37,5 м. Сыртқы қабырғаның  қалыңдығы – 3 м. Қожа Ахмет  Яссауи кесенесі мешіт, медресе  қызметін де атқарған. Кесененің  үш қабырғаның үстіңгі жағымен  өткізілген эпиграфтық фризде  Құран Кәрім сүрелері мен аяттары  жазылған.

 Бүкіл құрылыстың мағыналық  кіндігі – қабірхана ортасында  Қожа Ахмет Яссауиге құлпытас  қойылған. Қабірхана есігі жұқа  темірмен қапталып, оған алтынмен  жазулар түсірілген. Кесене мешіттің 16 терезесі, қос қабат күмбезі  бар. Мешіттің батыс жақ қабырғасында  Меккедегі Қағба іспетті 3,5-2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Кесененің оңтүстік-батыс жағындағы  Аллаға құлшылық етуге арналған  жерасты ғибадатханалары Яссауидің  тірі кезінде жасалып, кейін  қайта жаңғыртылған [18].

 Темір «Қалаларда мәдениетті  адамдар неғұрлым көп болса,  оның өсіп-өркендеуі, дамуы тез  жүреді, Мауреннахр мен Түркістан  қалалары мейлінше көркейе түседі  деп есептеді». Мауреннахр мен  Самарқанда бой көтерген жаңа  құрылыс нысанында пейзаж көркем  өнері кең тарады. Бұндай тамаша  көркем суреттер Ширин-бика-ага  (1385), Бибі-ханым (1404), Туман-ака (1405) қабырғаларында бейнеленген. Олардың  барлығы көк бояумен ақ жолақтармен  және алтын түстермен көмкерілген.  Пейзаждық туындыларда ХІҮ-ХҮ  ғасырдларда көркем өнер метаформасы  әлемде жоқ «фирдаус» - жұмақ  бақтары бейнеленді [19]. Мауреннахрда  қолданбалы өнер кеңінен тарады. Ол әсіресе, Ясыда, Самарқан  пен Бұқарда жақсы таралды.  Сонымен қатар Әмір Темірдің  мұсылманшыл екендігі және он  екі жасынан бастап намазға  жығылғандығы, мұсылмандық салт-дәстүрді  ерекше ұстанғандығы және өз  мемлекетінде мұсылман дінінің  таралуына жағдай жасағандығы деректерден белгілі. Темір өзі таққа отырып, мемлекет билігін өз қолына ұстаған сәттен бастап мемлекеттің негізгі тірегінің бірі дін екендігін мойындаған. Ол Темір түзіктері («Уложение Тимура») атты шығармада дін туралы былай дейді: «Маған тәжірибе көрсетті. Дін мен заңға бағынбаған мемлекет ешқашан өзінің күші мен қуатын сақтай алмайды... Дінсіз мемлекетті шатыры жабылмаған, есіксіз, қоршаусыз, кез-келген арам пиғылды адам кіре беретін қорғансыз үймен салыстыруға болады.

 Мен сондықтан өз  ғимаратымды ислам дінінің ұлылығына  негіздедім. Оған ережелер мен  заңдарды үйлестірдім және оларды  өзім билік жүргізген кезімде  сақтап, мойынсұндым» - дейді [3, C. 69]. Бұл Әмір Темірдің мемлекетті  басқаруда дін мен дін өкілдеріне  арқа сүйегендігін көрсетеді.  Сондай-ақ осы шығармада Әмір  Темірге пірінің мемлекетті басқару  жүйесін қалыптастыруға қатысты  жазылған ойлары келтіріледі.  Онда былай делінеді: «Менің пірім  маған былай деп жазды: Темір,  Тәңір оны өзі қорғасын, сен  мыналарды есіңде ұста. Мемлекетті  басқару – Ұлы жаратушының  әлемді басқаруына ұқсас. Бұл  басқаруда әртүрлі қызметтер  бар: агенттер, қызметшілер, жасауылдар  және олардың әрқайсысының атқарар  қызметіне қарай мойындарына  артылған міндеттері бар. Олар  өздеріне артылған міндет шеңберінде  ғана қызмет атқарады әрі олар  өз шекараларынан шықпайды және  Жаратушының заңдарын қатаң сақтайды. Сонымен қатар Темір: «Мемлекет  және оған билік жүргізуге  арналған менің бірінші қағидам  – Алла тағаланың діні мен  Мұхаммед Мұстафаның шариғатына  бас иіп қана қоймай, оған мейлінше  өріс бердім. Әр жерде және  әр уақытта ислам дінін қолдап  қуаттадым». [8, 44 б.].

 Сен пайғамбар ұрпақтарын  қол астыңдағы өзге халықтан  жоғары ұста. Оларға үлкен құрмет  көрсет. Оларға берген сыйыңды  дүние шашу деп есептеме. Сенің  құдай жолына жұмсаған қаржың  босқа дүние шашу емес. Сен  өз қол астыңдағы халықты 12 топқа бөл. Ол сенің мемлекетіңнің  сәулеті де, тірегі де болады»  [3, С. 118.].

 Әмір Темір пірінің  осы айтқанымен қоғамды он  екі сатыға бөледі. Сол он екі  сатылы жүйенің алғашқы сатысында  Пайғамбар ұрпақтары мен ұлыс  бектері, заң шығарушылар тұр.  Бұл да Әмір Темірдің дінге,  дін қызметкерлеріне, әсіресе  Пайғамбар ұрпақтарына көзқарасы  қандай болғандығын көрсетеді.  Темір саясаткер ретінде ислам  дініне сүйене отырып, мұсылман  діндарларының беделін өз мемлекетін  нығайту үшін пайдаланған және  осы мақсатта ол өзге де  діни нанымдарды ұтымды пайдаланған.  Ол бос уақытын саятшылық пен  шахмат ойнауға арнап, оны жетілдіріп  отырған.

 Темір өз заманында  тек соғыс өнерімен ғана ерекшеленіп  қоймай, жасампаздық өнерімен: өз  мемлекетінде сәулет өнерінің  өркендеп, жаңа мешіттер мен медреселер, бақтар мен суландыру жүйелерінің  дамуына және жер шаруашылығын  өркендетуге жағдай жасаған. Сонымен  қатар, Тарихта мұсылман сәулет  өнерінің ең бір дамыған кезеңі  де Темірдің есімімен тығыз  байланысты. Мұсылман діні салтанат  құрып, ғылымның дамуына жағдай  жасаған тұлға екендігін байқауға  болады.

 Темір 1405 жылы Отырар  қаласында дүниеден өтеді. Ол  парсы деректері бойынша «өкпесіне  суық тигендіктен», ал қытай деректері  бойынша «іш сүзегі ауруынан  дүние салған» деседі. Бұл Шариф  ад-дин Йездидің еңбегінде жақсы  баяндалған. «Сейхунның жағасынан  кеткен Темір (1405 ж. қаңтардың  14) Отырарда Берді-бектің сарайына  тоқтайды, оның жанындағы ханзадаларға, әмірлер мен жақындарына жеке-жеке  бөлме береді...». Осы әңгімеден  кейін «Зафарнамеде» Темірдің  өліміне арналған арнайы бөлім  бар онда: «Бүкіл Азияны дерлік  бағындыруға жұмсаған жеті жылдық  жорығынан кейін Темір өзінің  ендігі ойын әлемде әділеттілік  орнату мәселесіне арнайды. Өзінің  бұрынғы қателіктерін жуып-шаю  мақсатында ол Самарқанға келіп,  бұл жерде 5 айға жуық уақытын өткізіп, идолдарға табынатын Қытай еліне қарсы жорыққа дайындалады. 1405 жылы ол Отырарға келіп, жолда қатты суық тиіп денесі қызады. Маулян Фазл-Аллах Тебрези тамаша дәрігер болғанымен, оның шипа беретін дәрілері еш көмек бермейді. Дәрігерлер тағдырмен жазылған өлімге еш араша бола алмағандары жазылады».

 Шығармада Темірдің  көз жұмған кезеңін 1405 жылдың 14 ақпан деп көрсетіледі. Бөлім  Темірдің дүниеден өткен шағында  71 жаста болғандығын және оның 36 жыл билік құрғандығын хабардар  етеді [3, 504 с.].

 Ал Клавихоның «Күнделігінде»  Темір Қытайға жорыққа аттанбастан  бұрын қатты қартайып кеткендігін  және әмірдің қабылдауында болғанда  «Темір елшілердің жақын келуін  сұраған, себебі алыстан жақсы  көрмегендігін айтады». Ал тарихшы  Хафиз-Абру мен Ибн-Арабшах Темірдің  шамадан көп шарап ішкендігін  өз еңбектерінде келтіреді. Сонымен  қатар Хафиз-Абру «Темір ауырып  жатқан кезде оның жанына әмірлері  жиналады, ол алдымен бір саусағын  кейін екіншісін көтереді. Жанындағыларға  көзімен ымдап «Мен не айтқым  келіп тұр деп сұрайды?» Әмірлер  жауап береді: «Әмірші бұл жазылатын  бір немесе екі жол бар деген  мағынаны білдіреді» дегенде,  Темір еш бөгелместен «Мен  араларыңда бір-екі күннен кейін  болмаймын дегенді білдіреді»  деп айтады. Сонымен қатар Ибн  Арабшах Темірді дәрігерлер оның  іші мен маңдайына мұз қою  арқылы емдеген деп көрсетеді  [3, 505 с.]. Бұл жерде қытай деректері  шындыққа жақын келетіндігін  мойындауымыз керек. 

 Темірдің денесі түнде  қаладан шығарылып, 6 ай жол жүріп  сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір  кесенесіне мұсылман дәстүріне  сай жерленген. Дегенмен Темір  ұрпақтарына ерекше ықылас танытып,  олардың болашағы мен тәрбиесіне  ерекше көңіл бөлгенімен, Шыңғыс  хан балаларымен салыстырғанда  Әмір Темір балалары аса қуантпаған. Балаларының бағынбауы, ханзадалардың  бүлік шығаруы да, тіпті немересі  Сұлтан Хусейіннің опасыздығы  да болған. Америкалық зерттеуші,  Чикаго университетінің профессоры  Джон Вудстың есептеуі бойынша,  Темірдің тікелей ұрпақтарының  жалпы саны оның өмірінің соңына  қарай жүзге жуықтаған [20].

 Оның төрт ұлы болған: Жаһангер, Омар Шайх, Мираншах, Шахрух. Осы төртеуінен Темір династиясы  тарайды (4 қосымша). Ұлының алғашқы  екеуі ерте қайтыс болады (Ғияс  ад-дин Жаһангер мен Омар Шейх). Ал оның үшінші ұлы Мираншахқа  Темір 1393 ж. шенін жоғарылатып,  ол «Хулагу патшалығын» бағындырғандықтан,  бұл аймақты ұлына береді. Мираншах  әкесі секілді батырлығымен, қатал  әрі қатыгездігімен ерекшеленеді. Бірақ 1399 жылы от аң аулау  кезінде аттан құлап ақыл-есінде  ақау пайда болады... осы жайттардан  кейін Мираншахтың иелігі оның  екінші ұлы Омарға беріледі. Ал  оның төртінші ұлы Шахрухтың  есімі жиі аталмайды.

 Әлемді жаулап алып, Үлкен империя құрған Әмір  Темір бин Тарағай Бахадүрдің  өмірінде Шарафуддин Али-Йезди  екі кезеңде ерекше атап өтеді.  Бірінші кезең (1360-1386 гг.) Темірдің  өзінің түрік және тәжік ақсүйектерімен  Маңғол билігі мен Мауреннахрдағы  феодалдық мемлекетіне тәуелсіз  билік құруға бағытталса, екінші  кезең (1386-1402) үш жылдық, бес жылдық, жетіжылдық соғыстар жүргізуі  ретінде сипатталады. Бірақ шығармада  Темірге деген идеологиялық көзқарас  басым болып келеді. Оның кез-келген  басқыншылық және тонаушылық  соғыстарынан объективті себепті  желеу етіп, барынша оны мадақтап  көрсетеді.

 Темірдің отыз бес  жыл ел билеген кезеңі (1370-1405) көрші  аймақтар мен елдерге басыншылық  жорықтарға, дүниежүзілік империя  құру әрекеттеріне толы. Жаулап  алу соғыстары нағыз тағылық  әдістермен жүргізілді. К. Маркс  былай деп жазды: «Темірдің  саясаты әйелдерді, балаларды,  еркектерді, жігіттерді мың-мыңдап  қинау, бауыздап, қырып-жою, сөйтіп  барлық жерді үрейлендіру болатын... Ол барлық жерде қалаларды қиратып, өртеді, ал тұрғындарын өлгенше қинады» [21]. Темір соғыстарда өзінің айналасындағы көшпелілер ақсүйектерін бағынышта ұстаудың әдістерін іздестірді, ал бұл үшін оларға жаулап алған елдердің халқын тонау және еңбекші бұқараны аяусыз қинау есебінен баюға мүмкіндік берді. Темірдің жаулап алған халықтарға деген қаталдығын, оның бейбіт халықты жаппай қыруын тіпті сарай шежірелері де (Низам ад-дин Шами, Ғийас ад-дин Али Йазди, Шараф ад-дин Йазди) және әсіресе араб елдерінің тарих зерттеушілері (Ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Асади) армян, грузин және орыс шежірелері де атап көрсеткен.

 Жеңіске жеткен Темір  Алтын Орданың астанасы Сарайды,  Хажы Тарханды тонап, қиратып,  халқын қырады. Мұның растығын  М. Сафаргалиев былайша дәлелдейді: «Данные археологических раскопок  А.В. Терещенко в Новом Сарае  полностью подтвердили следы  невероятных зверств, совершенных  Тимуром в этом городе. В развалинах  города были найдены одни обрубки  человеческих тел, ноги лежали  поперек туловища, кости были  изрублены в мелкие куски, в  разных местах валялись остатки  человеческих тел, иные без  черепов, другие без рук и  ног. Такому же разграблению  подверглись и другие города  Золотой Орды: Старый Сарай, Бальджимен, Маджар, Азак (Тана), Солхат, Дедяков  и др. На этот раз Тимур проявил  исключительную жестокость в  отношении Золотой Орды и особенно  к ее городским центрам... Разрушая  города, кровожадный завоеватель  сознательно стремился к максимальному  подрыву старой караванной торговли  через Крым и Хорезм» дейді  [22].

 Бәрін көзімен көрген  Ақсақ Темірдің жеке жылнамашысы  Шараф-ад-дин Әли Жезді: «Сахибкиран  вошол в Хаджи Тархан, собрал  с народа налог пощады. Собрав  налог пощады, город обобрали. Царевичи  и беки прошли реку Итиль  по льду, а Мухаммади пустили  под лед. Победоносные войска  достигли Сарая, взяли его,  город сожгли, а жители ограбили, схватили и привели», - деп таңбалаған.Тарихшының  жазуы бойынша, Ақсақ Темір  тек қалаларды ғана осындай  күйге түсіріп қоймайды, оның  айналасындағы өзінің ат тұяғы  жеткен жерлердің бәрін қырып,  өртеп, тып-типыл қылады.

 Ақсақ Темір шектен  асқан аса қатал адам болған. Аса қаталдық  мұсылмандыққа шет  нәрсе екенін күллі мұсылман  баласы білсе керек. 1398 жылы исламдық  Үндістанға қарсы жорық үстінде  қажет болар деп тұтқынға алынған  100 мың адамды жарлық беріп,  бір сағаттың ішінде түгел  қырып тастайды [3, 112 c.]. Ақсақ Темір  1383 жылы Ғират қаласын алғанда  адам басынан мұнара тұрғызады. 1387 жылы Иранның ежелгі қалаларының  бірі Исфаганда жеңіске жеткеннен  кейін  қаланы жазаға кеседі. Мұндағы 70 мың әскеріне бір-бірден  бас кесіп әкелу міндеттеледі.

Информация о работе Әмір Темір