ӘМІР
ТЕМІР
Әмір Темір (Құтбуддин Темір
Гүркап, Темірлан) – қолбасшы, мемлекет
қайраткері. 1336 жылы Түркістанда туып,
1405 жылы Самарқан қаласында жерленген.
Барлас тайпасының биі Тарағай бектің
баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының
билеушісі болды. 1370 жылы Мауераннахрды
алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы
бір шайқаста аяғынан жарақаттанған.
Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша
Темірленг) атанған. Әмір Темірдің қолбасшылық
дарыны арқасында Хорезм мемлекеті
(1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат,
Хорасан (1381), Қандағар (1383), Оңтүстік Әзірбайжандағы
Сұлтания (1384), Тебриз, Иран және Ауғанстан
толық бағындырылды. Бірнеше дүркін
жойқын жорықтан соң Алтын Орданы
күйретті. Әмір Темір 1370-1390 жылдары
Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің
арасындағы алауыздықты шебер пайдалана
отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен
Моғолстанға оннан астам жойқын
соғыс жорығын ұйымдастырды. Әмір
Темірдің Алтын Орданы талқандауы ресейдің
төуелсіздік алуына оң жағдай туғызды.
1390 жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан
(Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінің
құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып
алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина)
мамлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның
басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін
мойындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының
нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті
құрылды. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа
шаққанда жолай Отырарда қайтыс болды.
Сүйегі Самарқандағы Гүр Әмір кесенесіне
жерленді. Әмір Темір әулетінен ұлы ғалым
Ұлықбек (1394-1449), Моғол империясын құрушы
Бабыр (1483-1530) сынды атақты адамдар шықты.
Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының
билікке таласуынан Темір империясы ыдырап
кетті.
ӘМІР ТЕМІР
(1336-1405)
Әмір Темір (Құтбуддин
Темір Гүркап, Темірлан) - қолбасшы,
мемлекет қайраткері. 1336 жылы Түркістанда
туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген.
Қазір бұл Өзбекстанның Қашғария облысының
Шахрисабыз қаласы. Барлас тайпасының
биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария
уәлаятының билеушісі болды. Барлас руы
түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір
ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді.
Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде,
қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға
көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер
бек еді, оның баласы Ижил бек, оның баласы
Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек,
оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның
баласы Әмір Темір. Темір барластарның
бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін
өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай
ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне
қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған
жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған,
соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді.
Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан
тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның
тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің
лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.
Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар
бойы соғыс жүргізеді.
Темір түрік, тәжік тілінен
өзге парсы тілін де жақсы меңгерген,
ғалымдардың тарихи шығармаларын тыңдап,
сөйлесуді ұнататын және өзінің әңгімелерімен
мұсылман тарихшыларын таң қалдыратын.
Бұл туралы академик В.В.Бартольд: Темірдің
өзі түркі тілінен өзге парсы, тәжік тілдерін
еркін меңгерген. Али Йездидің хабарлауынша
ғалымдар түркі және тәжік тілдерінде
жазған және кеңес өткізген. Ол көшпелілікпен
қатар сол кезде билік барлас бегі Қажы
Барластың қолында болған Шахрисябзға
жиі барып тұруының арқасында қала өмірін
де жақсы білді.
Әмір Темірдің «Әмір
Темір аманаты» кітабында оның
жастық шағы туралы мәліметтер
айтылады: «Жеті жасқа толғанымда,
мені медресеге тапсырды және
қолыма сөздер кестесін ұстатты.
Оқи бастадым, жетістіктерге кереметтей
сүйіндім. Тоғыз жасқа толғанымда, бес
уақыт намазды үйрендім және мектептегі
барлық оқушыларға бастық болып алдым.
Өзім қатысқан барлық жиындарда ғұламалардың
жанына отыруға ұмтылдым. Тіземен шөкелеп
отыратынмын. Үлкендерді құрметтеуді
әдетке айналдырдым. Көшеде балалармен
ұрыс-ұрыс ойынын ойнап, өзімді әмір етіп
тағайындадым, ойынды басқаратынмын және
бір топты екінші топпен ұрысуға машықтандыратынмын».
1348 жылы 12 жасында Балық
әмірі Қазағанның әскерилерінің
қатарына алынды. Ол қарапайым
әскери міндетін атқара жүріп-ақ
барластарды өз айналасына топтастыра
бастайды.
Атақты тарихшы Арабшах
Темірді тиран және жауыз ретінде
атаған оның қарсыласы ол туралы
былай айтады: «Темір мығым денелі,
ұзын бойлы, кең маңдайлы, кең
кеуделі, зор дауысты және оның
күшіне жететін жан болмағандығын
айтады. Оның ұзын сақалы болды,
оң аяғы мен оң қолы мертік
болған. Ол 80 жасқа жетпей қайтыс
болғанымен, ол өлген шағында
өзінің қаталдығы мен ақылынан
еш айырылмаған. Ол өтіріктің
жауы болған, әзілдер оны қызықтырмаған,
шындық ащы болса да, оны жаны сүйен. Өзі
тұрған жерде қарақшылық, өлтіру мен әйелдерге
деген зорлық-зомбылық туралы айтқызбаған.
Сәтсіздіктер немесе жеңістер оның еңсесінің
түсуіне еш әсер етпеген. Ол өзін сыйлата
білетін және әскеріне жолдас болған».
Өз замандастарының арасында
беделін көрсетіп, қолбасшылық өнерін
ерте байқатады. Сондықтан да Темірдің
жас кезінде өзі секілді жас барластар
оның нөкері болуға ұмтылған. Оның жас
кезінде өзінің әкесі секілді үш-төрт
нөкер ғана болған. Клавихоның жазуы бойынша:
ол өзінің төрт бес қолшоқпары арқылы
көршілерінің малдарын тартып ала бастаған.
Біртіндеп жас Темір жақсы қаруланған,
шағын атты әскер жинақтайды және оларды
саудагерлердің керуендері мен көршілерінің
жеріне олжа алуға жіберіп тұрған. Жорық
сәтті болған кезде «ол өз адамдарымен
тойлаған; ол мықты әрі қайрымды болғандықтан
олжаның бір бөлігін өз адамдарына үлестірген,
сондықтан да оның айналасына 300-ге жуық
салт атты әскері жасақталды». Осы кезден
бастап ол өзі және айналасындағылар үшін
жер-жерлерді аралап, ұрлау мен тонаумен
айналысқан. Темірдің батырлығы, мәрттігі,
адамдарды тани білуі мен өзіне көмекшілерді
таңдауы мен қолбасшылық ерекше қабылеті
барластар мен көшпелі әскери жастардың
арасында асқан беделдік әкелді.
Оқырмандар мен тарихшылар
үшін де Ақсақ Темір тұлғасы
толық ашылмаған жұмбақ, тарихи
дүниеде қарама-қайшылыққа толы
тарихи тұлға болып келеді. Оның
өмірі туралы жан-жақты баяндаулар
Тоғылық Темірдің жорығынан басталады.
Бірақ Ибн Арабшахта, орыс жылнамасы
мен Рюи Гонзалес де Клавихода
1360 жылға дейінгі Темірдің биографиясын
айқындайтын кейбір жайттар келтірілген.
Темірдің үстемдікке деген ұмтылысы
1360-1370 жылдардағы шапқыншылықтар
сол кезеңде салтанат құрған
әлі де болса құдіретті Алтын
Ордаға қарсы бағытталды. Бірақ
оны күйретпестен бұрын Темір
семсерін өзінің ең жақын көршілері
– Ақ Орда мен Моғолстанға
сілтеп, олар Темірдің Орта Азиядан
тыс жерлердегі агрессиясының
алғашқы нысандарына айналды.
Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық
және саяси тәуелсіздігінің нығаюына
кедергі жасап бақты. Темір
1370-90 жылдарда бұл мемлекеттердің
аумағына оннан астам шапқыншылық
жорықтар жасады.
Моғолстанның құрылуы
өзі пайда болғаннан былай
саяси және экономикалық жағынан
алғанда біртұтас бола алмаған. Оның
территориясы тұрақты болмады, Жетісу
аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс
жағын алып жатты. Моңғол ханы Тоғылық
Темір алғашқы жорыққа Жетісуда 1360 жылы
аттанды. Тоғылық-Темірдің түрік әмірлерінің
оған қарсылық көрсетпейді деген болжамы
жүзеге асты. Шахрисябтың әміршісі әмір
Хаджи Хорасанға қашты, ал қалған әмірлер
өз еркімен Моғолстан ханына бағынды.
Олардың ішінде барлас руынан әмір Темір
Тоғылық-Темірге өздерінің берілгендігін
білдірді, сол үшін Кеш қаласын басқару
соған берілді. Моғол ханы жауланған аймақты
басқаруға беру барысында өзін Шағатай
әулетінің мирасқоры құқында жүзеге асырды.
Моғол әскерінің одан
былайғы жорықтарына халықтың
қарсылығымен қатар моғол әскерлерінің
түскен олжаны бөлісе алмаулары
да өзінің кері ықпалын тигізіп,
олар хан ордасына қайта оралды.
Мұхаммер Хайдар Дулати мен
Шараф ад-Дин Али Йазди Тоғылық-Темірдің
Моғолстанға қайта оралу себебін
көрсетпейді. «Темір жазбаларында»
Тоғылық-Темірдің қайта оралу
себебін «Жоғарыда аталған әмірлердің
өзара келіспеушілігімен қатар,
оларды ханға қарсы шықты деп
көрсетеді». Бүліктің сыртқы себебі
әмірлерді бұрынғы қолбасшы лауазымынан
алып тастауымен, және Мәуреннахр
тұрғындарынан «шамадан тыс заттай
және ақшалай сыйлық» талап
етулері. Сонымен қатар бүлік
ұйымдастырған әмірлер Моғолстанға
барып, онда ханға қарсы әрекеттерін
жалғастырған. Бүлікті басу үшін
моғол ханы Мәуреннахрды бағындыруға
бағытталған алдағы әрекеттерін
доғара тұруға мәжбүр болды.
Келесі жылы Тоғылық Темір
өзінің Мәуреннахрға жорығын
жалғастырды. 1361 жылдың көктемінде
ол Моғолстаннан шықты, Барлас
әмір Хаджи қайтадан Хорасанға
қашты. Әмір Темір өзінің берілгендігін
айтады, осылайша оған Кеш қаласы
беріледі. Осылайша Темір 25 жасында Хаджи
Барластың орнына үлкен болмаса да бай
елді мекеннің түмені болады. Осы тұста
мұсылманшыл Темір пұтқа табынушы Тоқылық
Темірді түбегейлі қолдамайды.
1361 жылы Темір Казаганның
немересі әмір Хусейнмен қарым-қатынасын
нығайта түседі. Олардың одағы
туыстық қатынаспен жақындаса
түседі: Хусейннің әпкесі Улджай
Туркан-аганы Темір өзінің жары
етіп алады. Бұл кезеңде екі
әмір де Мәуреннахрдағы беделді
тұлғалар болады. Бірақ бұл одақты
екі жақта жеке мүдделері үшін
пайдаланып, үлкен олжаларды жаулап
алуда күш біріктіреді. Бірақ
бұл кезеңде олардың жорықтары
сәттілікпен аяқтала бермеді,
мәселен, 1362 жылы олар 62 күнді Махан
өңірінде (қазіргі Мары) түрімен
Али-бекте тұтқында өткізеді. Біршама
уақыттан кейін олар Сеистанға
барады және осы аймақта олар
өлім аузынан калады. Жоғарыда
аталғандай Темір оң аяғы мен
қолынан қатты жараланып, өмір
бойы оң аяғы ақсап калады.
Темір моңғол ханында
ұзақ қызметте болмайды. Моғолстанға
қайта оралған Тоғылық Темір
хан Мәуреннахрда өзінің билеушісі
ретінде ұлы Ілияс-Қожаны қалдырды.
Бірақ моғол әскербасылары оның
көмекші басқарушысы әмір Темірге
қарсы бүлік шығарады Осы жағдайды
пайдаланған әмір Темір сол
сәтте-ақ Тоғылық Темірдің ұлының
қасынан кетіп, әмір Хұсайынмен
бірге Моғолстан билігін түсіруді
көздейді. Темір Балық қаласының әмірі
Хусейнмен ымыраласып Тоғылық Темірге
қарсы бас көтеріп, жеңіліске ұшырап хорезмдік
Тахир батыр әскерінің қоршауында қалып,
10 адамымен қоршаудан әрең құтылады. Сөйтіп
ол Түркістан арқылы Хорасанға келгенде
адамының саны 200-ге жетеді. Бұқараға өтер
жолында оның басқаруындағы адам саны
2000-ға жетіп, Балыққа 4000 қол болып оралады.
Темірді қолдағандардың дені өзінің барластары
еді. Бірақ ол алғаш Мауреннахрдан қуылғанда
Темір атымен кетіп Балыққа қайтып оралғанда
«Ақсақ Темір атанып оралады».
Тоғылық Темірдің 1362-1363 жылы
қайтыс болуына байланысты Хан тағына
отырған Ілияс-Қожа 1365 жылдан бастап
Шағатай иеліктерін біріктіру үшін
жаңа әрекетке көше бастайды. Тоғылық-Темірдің
өлімінен кейін Мәуреннахрдан қуылған
Ілияс Қожа өз жағдайына көндікпей, Мәуреннахрға
жорыққа дайындалды. 1365 жылы Хусейн мен
Әмір Темір мұны біліп, Ілияс Қожаға қарсы
әскер жинады. Темір өз әскерімен оны Чиназ
бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында
1365 жылдың 22 мамырында қарсы алады. Шайқас
тарихта «Батпайқы шайқас» («Джанг-и лой»)
деген атаумен белгілі, себебі шайқас
күні қатты жауын жауған және де ол әскердің
жағдайын қиындатып, аттар тайғанап құлай
бастаған, алайда шайқаста жеңіліс тапты.
Әмір Темірдің соғыс барысында жеңіліс
табуының басты себебі Хұсайынның сенімсіздігі
мен соғыс кезінде батыл әрекеттерге бармағандығы
салдарынан болса керек. Моғолдардың соғыста
жеңіске жетуі әскердің Моғолстанға жолын
ашты, Муин ад-Дин Натанзидің Моғолдардың
Самарқандқа бара жатқан жолындағы тонаушылық
әрекеттерін төмендегідей баяндайды:
«Жеңістен кейін моғолдар елде тонаушылық,
зорлық әрекеттермен айналысып, өлтіріп
қарақшылық әрекеттермен айналысты».
Темір мен Хұсайын Самарқандты тастап,
Амударияға қарай кетті. Бірақ моғол ханы
қаланы ала алмады, сербедарлар басқарған
қала халқы қатты қарсылық көрсетті. Ұзақ
қоршауға алу моғол әскерін қатты әлсіретті.
Моғолстан аттарына індет кеселі тиіп,
бұдан аттарының көбі қырылып, әрбір төрт
жауынгердің арасында әзер ғана бір аттан
қалды. Моғолдар қаладан шегінуге мәжбүр
болды. Моғолдардың шегінуінің басты себебі
қала халқынының қаһармандық күресі болған
еді.
Ақсақ Темір 1366 жылдың
көктемінде 30 жасында Балықтың әмірі
Хусейнмен бірлесіп, Кан-Гиль аумағында
болады. Екі әмірдің арасында
сербедарларға қатысты түсінбестік
туындайды, онда Хусейн Темірдің
сыбайластарының біріне оған
«қарыз» деген желеумен ақша
талап етеді. Олар «батпақты
шайқас» кезінде өз мүліктерінен
айрылып, қиын жағдайда болады,
ал Темір оларға көмек көрсету
мақсатында өзі келеді. Бұл Самарқан
мен Мауреннахрды азат етіп, ондағы
Моғолстан билеушілерін қуып
шыққан және бас билік Хусейннің
қолына өтіп, Темір Кеш пен Қарши билеушісі
болып тағайындалады. Осы кезеңде Темір
мен Хусейннің бір-біріне бөгет болғандықтары
байқала бастайды. Екеуінің арасында Кебек
хан мен көшпелі шағатай бектері арасындағы
секілді ашық теке-тірестер болмағанымен,
Темір Хусейнге қарағанда қала халқы мен
діндарлар арасындағы талапты жақсы түсінді.
60-жылдардың соңында Хусейн
Балық қаласын нығайтуға кіріседі.
Ол Хиндуван – цитаделді қайта
салып, қабырғаларын қалпына келтіреді.
Темір бұл әрекеттердің барлығы
оған қарсы бағытталғанын жақсы
түсінеді. Ол Хусейнге Балықта
жаңа қамалдарды салмауды сұрайды,
бірақ Хусейн оның сөзіне құлақ
аспайды. Сонымен қатар Темірдің
жұбайы Улджай Туркан-аганың өлімінен
кейін екеуінің арасы мүлдем
үзілді. Осы кезеңде Темір Хусейнге қарсы
шығуға бел буады. Темір 1370 жылы Балыққа
қарулы қолмен шабуыл жасап, қаланы алады.
Ал бойын қорқыныш билеген Хусейн цитадельде
жасырынып қалады. Өзінің тығырыққа тірелгенін
сезген Хусейн өзі берілген жағдайда Темір
оған қандай кепілдік беретінін сұрайды.
Темір оған тек өмірін сақтайтындығын
айтады. Сондан кейін Хусейн бірнеше нөкерімен
кеш батқанда Балықтың қақпасынан шығуға
бет алады, бірақ ол қайта бұрылып, тығылып
қалады. Бірақ оны Темірдің адамдарының
бірі көріп қалып өлтіреді, Темір өз сөзінде
тұрмайды, ол өз одақтасы Хутталянның
иесі, Кейқұсрауға – Хусейнді өлтіруіне
бөгет болмайды .
Темір мен Хусейннің
арасындағы соңғы кездесу зерттеулердің
бірінде былай баяндалады: Билікке
көңілі толмаған Темір өз барластарын
соңынан ертіп 1370 жылы Самарқанда
төңкеріс жасап, Хусейнді өлтіріп,
өзін Мауреннахр елінің билеушісі
деп жариялайды. Осы кезден бастап
Мауреннахр «Темір мемлекеті»
атанады.
Темір Шыңғыс ханның
тікелей ұрпағы болмағандықтан
хан сайлануға құқы жоқ еді.
Сондықтан ол Шыңғыс ханның
ұрпағы Қазан ханның қызы, Хусейннің
жесіріне үйленгендігін пайдаланып,
өзін «Құтбуд-дин Темір гурген
Саһиб қыран Ағзам Жаннат Макан»
деп лауазымдайды. Бұл іс жүзінде
елінің бас әміршісі, бас билік
иесі деген мағына береді, солай
болды да. Бірақ ол ел-жұртын
өз қолынан тағайындалған хан
ұрпақтары атынан басқарды. Алғаш
Сурғатмышты (1370-1388), одан соң оның
ұлы Султан-Махмудты (1388-1402) хандыққа
тағайындады. Бірақ ресми деректерде
ханның қолы Темірден кейінгі қатарда
тұрды.