Әмір Темір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 15:32, реферат

Краткое описание

Әмір Темір (Құтбуддин Темір Гүркап, Темірлан) – қолбасшы, мемлекет қайраткері. 1336 жылы Түркістанда туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды. 1370 жылы Мауераннахрды алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған. Әмір Темірдің қолбасшылық дарыны арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат, Хорасан (1381), Қандағар (1383), Оңтүстік Әзірбайжандағы Сұлтания (1384), Тебриз, Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті

Прикрепленные файлы: 1 файл

ӘМІР.docx

— 112.75 Кб (Скачать документ)

1370 жылы Темір осылайша  Мәуреннахрдағы билікті басып  алады, Темірдің жеке дара билік  құрған 35 жылы (1370-1405 жж.) көрші аймақтар  мен елді-мекендерге басқыншылық  жорықтарға толы болады. Ол дүниежүзілік  империя құруға осы кезеңнен  бастап кірісті. Темір бұл соғыстарды  Мәуреннахрдың билік етуші үстем  тобының арасында өз билігін  нығайту үшін көшпелі ақсүйектерге  жаулап алынған елдердің халқын талап-тонау есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізді.

 Ақ Орданың әскери-саяси  күшінің әлсіреуін зерттеушілер  Ақсақ Темірдің жорықтарымен  байланыстырады. Бұл тарихи шындық  және де осы кезеңде билікке  ұмтылған Тоқтамыс пен Едігенің  өзара тартыстары да Ақ Орданың  құлдырауына елеулі ықпал еткені  сөзсіз. Тоқтамыстың 1382 жылғы Мәскеуге  жорығынан соң Куликово шайқасы  ұмытылды. Орыс княздіктерінің Алтын  Ордаға бұрынғыдай салық төлеп  тұруына тура келді, ал орыс  тарихында аты аңызға айналған, атақты Дмитрий Донской болса  1384 жылы өзінің ізбасары, баласы  князь ІІ Василийді  Тоқтамысқа  кепілдікке берді. Мұнымен ғана  шектелмей, Алтын Орда ханы 8 мың  сом алтын ақша алып, оны да  кепілдік ретінде ұстап отырды. Осылай болып ұзақ кете беруі  әбден мүмкін еді, Ақсақ Темірдің  Алтын Ордаға қарсы жүргізілген  жорықтары бұған бөгесін жасады. Бұл жөнінде Ю.В. Мизун: «Казалось, что русские обречены на вечное рабство. Но им помог Бог руками (мечами) Тамерлана. Тамерлан разгромил Орду, и Россия получила передышку, поскольку Орда была занята своими внутренними проблемами. В такой ситуации московский князь в 1405 г. отказался платить дань Орде», – деп жазады. Тар кезеңде халқын тастап, әйелін алып қашқан Дмитрий князь орыс халқының мақтанышы болып қала берді. Әлі де ұлттық мақтанышы. Сол князьді тізе бүктіріп, баласын кепілдікке алып кіріптар қылған, Алтын Орданың айбарын қайта асырған Тоқтамыс өз елінде, өз жерінде қазір жаман аталады.

 ХІҮ ғасырдың 90-шы жылдарының  соңына қарай Темір орасан  зор мемлекет құрды. Оған Мәуреннахр, Хорезм, Каспий өңірі ғана емес, сонымен бірге Ауғаныстанның,  Иранның территориялары, Үндістанның,  Ирактың, Закавказьенің және басқа елдердің бір бөлігі енді. Қазақстан жерлері, Сырдария өңірі және Батыс Жетісуды қоспағанда, формальды түрде Темір мемлекетіне енген жоқ; Ақ Орда мен Моғолстан шын мәнінде өз дербестігін сақтап қалды, дегенмен Темір мұнда жергілікті Шыңғыс әулетінен өз қолшоқпарларын хан етіп тағайындар құқын өзіне алды.

 Темірдің Қазақстан  мен Қырғызстан аумағына жорықтары  жергілікті халыққа қисапсыз  қасірет әкелді. Жалпы алғанда  Темірдің іс-әрекеті Қазақстан  мен Қырғызстан халықтарының  тарихында жайсыз роль атқарды.  Тонаушылық жорықтар Шығыс Дешті  Қыпшақтың, әсіресе Оңтүстік Шығыс  Қазақстанның демографиялық және  экономикалық жағдайына теріс  әсер етті: Халықтың бір бөлігі  тұтқынға алынып, айдап әкетілді, бір бөлігі қаза тауып, халық  саны едәуір азайып кетті; бұған  дейін де моңғолдар үстемдігінің  орнауының нәтижесінде зардап шеккен Жетісудың отырықшы егіншілік мәдениетінің қалдықтары құлдырап кетті; мал шаруашылығы аса ауыр шығынға ұшырады.

 Темір өз заманының  аса зұлым жаулаушысы, елдер мен  қалаларды қиратушы әлемге қорқыныш  ұялататын қолбасшы ретінде танылса,  бір қырынан ол аса талғампаз  сәулетші де болды. Осы кезеңде Әмір Темірдің басшылығымен зәулім бақты сарайлар мен қалалар, елді мекендер, көпірлер тұрғызылған. Ол жердің бос жатуына жол бермеген. Темірдің жасампаздық өнерінің туындылары қалалар, медреселер, мешіттерге тіпті сол кезеңде еропалықтардың өзі таңдана қараған. Ол өзіне дейінгі басшылар секілді парсы немесе араб құрылыстарын кайталамай, өзіндік ерекше мұсылман сәулет өнері тарихында бұрын жасалмаған дүниелерді тұрғызған .

 Темір жаратылыстану-математика, астрономия ғалымдары мен тарихшы,  ақын, лингвист, теология саласындағы  ғалымдармен өз мемлекетіндегі  Мауреннахр мен Хорезмнен басқа  Алтын Орда Ақ Орда, Хорасан,  Үндістан, Ирак, Иран, Түркия және  Батыс Магрибті қосқандағы иелігіндегі  өзекті мәселелерді талқылаумен өткізген. Али Йезди тағы қызықты мәліметті келтіреді: жуырда ғана негізі қаланған Баилқан қаласында 806 ж. Темір атақты теолог ғалымдарды жинап: «Ғылым мен дін білгірлері патшаларға өз әрекетінде түрлі кеңес беру арқылы көмек көрсетіп тұрған, сендер бұл қызметті атқармайсыңдар. Менің мақсатым - әділетті шешім шығаруға жәрдем көрсетіп, менің бағыныштыларым бейбітшілікте өмір сүруіне жағдай жасап, мемлекеттің дамуына жағдайды жақсарту».

 Темір сарайында Абдужаппар  Хорезми, Шамсутдин Мунши, Абдулла  Лисон, Бадриддин Ахмед, Нигманиддин  Хорезми, Ходжа Афзал, Алаутдин  Каши, Джалал Хаки және басқа  да ғалымдар қызмет жасайды.  Темір математика - риезнет, геометрия  - хандас, архитектура - миморлик, астрономия - ханат, әдебиет, поэзия, тарих,  музыка – мусики ғылым салаларының  дамуына ерекше көңіл бөледі. Ол үлкен қызығушылықпен сахиб  хунар (ғалымдармен) әңгіме дүкен  құратын. Тарихи деректер оның  қол астындағы аймақтардағы түркі,  парсы, араб мәдениетімен өнерінің  өкілдері, ғалым ойшылдары Әмір  Темір тарапынан үлкен қолдау  тапқандығын растайды.

 Темір Самарқанда Сарай  мен мешіт, медресе Бибі-ханым;  мавзолей Шахи-Зиндті тұрғызады,  ал қаланың айналасына бақтар  мен сарайлар Шинар-Бағы, Шамал-Бағы, Дилкуш-Бағы, Бехишт-Бағын тұрғызады.  Бибі ханымның салынуы жөнінде  Клавихоның «Күнделігінде» атап  өтіледі: «Дүйсенбі күні Темір  Самарқанға аттанып, қалаға кіретін  жердегі бір үйге тоқтады. Сол  үйді өзінің қайын енесінің  құрметіне (Бейбі-ханым) салдырады»  .

 Кухак пен Заравшан  өзендері арқылы жолдар мен  көпірлер салынады, ал кейін Әмудария  мен Сырдария арқылы көпір  жүргізеді, Сырдария мен Ахангаран  арқылы канал жүргізіледі. Суландыру жүйесі мен керуен сарайлардың құрылысы Бұхара, Лахрисабзда, Ферғанада, Түркістанда жасалады. Өте үлкен көлемде қалалар, ауылдар, монша, медресе мен мавзолейлер салынады. Құрылыс жұмыстарына жергілікті сәулетшілерден - созиби хунарлармен қатар Темір жаулап алған мемлекеттердің сәулетшілері мен құрылысшылары әкелінеді. Темірлан басып алынған елдерден 150 мыңға жуық қолөнерші шеберді өз астанасы Самарқанға алып келді, оның бұйрығы бойынша қалада және қаланың сыртында көптеген әсем сарайлар салынды. Сарайларда Темірланның жеңісті жорықтары бейнеленді. Ол Самарқанда салынып жатқан құрылыстың өзіне дейінгі салынған ғимараттардан әлдеқайда кең көлемде болғанын талап етті.

 Клавихоның «Күнделігінде»  Самарқан қаласының құрылыс жұмыстары  жөнінде қызықты жайттар кездеседі:  «Бізді жұма күні патшаның  бұйрығы бойынша салынып жатқан  үлкен сарайды аралатуға алып  келді, бұнда шеберлер 20 жыл бойы  күні-түні еңбек етіп келеді. Сарайда  өте кең дәліз бен үлкен  қақпа бар, оның екі жағында  әртүрлі бедерлермен сәнделген  екі арка бар. Бұл аркалардың  астында шағын бөлмелер орналасқан... сарайдың ортасында ені үш  жүз қадам болатын суат бар,  оның артында алтынмен лазурьмен  ерекше безендірілген ең үлкен  есік орналасқан. Есіктің ортасында  күн бейнесінің ортасында арыстан  бейнеленген, оның жан-жағы да  солай көмкерілген. Бұл Самарқан  билеушісінің гербі болған. Сарай  Темірдің бұйрығы бойынша салынған  дегенмен, менің ойымша сарайды  бұрынғы әмірші сала бастаған, себебі бұл герб күнде бейнеленген  арыстан Самарқанның бұрынғы  әміршісінің таңбасы, ал Темірдің  таңбасы – үш дөңгелек» .

Темір салдырған қалалардың ерекшелігі олар қалың дуалмен қоршалмады. Мысалы Самарқандағы Көк сарайда  Темір жиі болмаған, бұл қазына орны ретінде жұмыс жасаған. Ақсақ  Темір өзінің қала сыртындағы тамаша бақтарымен қоршалған сарайында  болуды ұнатқан, ал ол жоқ кезде бұл  аймақ қаланың бай және кедей  тұрғындарының серуендейтін орны болған.

 В.В. Бартольд, атап  өткендей мұсылмандардың ең басты қаласы Самарқанд, Темірдің ойынша, әлемдегі бірінші қалаға айналуы тиіс болатын. Темір өз кезегінде шаруашылыққа, жер жырту мен мал шаруашылығына, сауданың дамуына ерекше көңіл бөлді. Али-Йезди «Зарфарнамеде» Темір «Мауреннахрды үш жылға салықтан босатты», сол арқылы кәсіпшілер мен жер шаруашылығымен айналысушылардың экономикалық жағдайын жеңілдеткендігін айтады. Самарқанда бейнеленген Темірдің және оның ұрпақтарының жеңістерін салуда тақырыптық кескіндеме арқылы жасалған. Темір мен оның ұрпақтары кезеңіндегі (ХІҮ-ХҮ ғғ.) қабырға суреттері көлемі мен қатардағы миниатюрасы бойынша «Үлкен француз хроникасынан» (ХҮІ ғ.) асып түскен. Осы кезеңде Орта Азияда жергілікті және шет аймақтардан келген сәулетші безендірушілердің мектептері де ашылады.

 Қазақстан аумағындағы  Темірдің ең үздік салдырған  туындысы Қожа Ахмет Яссауи  кесенесі. Ол Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына жағдай жасаған. Ахмет Яссауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды. Ахмет Яссауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.

 Бұл құрылысты салу  себебі, 1390-95 жылдардағы қан төгіс  ұрыстарда Темір Алтын Орданың  өктемдігін жойып астанасы - Сарай  Беркені өртеп жібереді. Міне, осы  жеңістің құрметіне Ахмет Иасауидің  ескі мазарының орнына жаңа  зор мемориалды ескерткіш орнатуды  ұйғарды. Осы тұрғыда мұсылманшыл  Темір тек діни мақсат мүддені  ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге  үстемдігінің мызғымас берік  екендігін көрсетуге және дала  жақ сыртының сенімді болуы  үшін де қажет еді. Сонымен  қатар қазіргі күні бұл кесене  тек қазақ халқы ғана емес  барша түрік-мұсылман әлемінің  мақтанышына айналып отыр. Кесене  қазақтың Ақ Орда мемлекетінің  оңтүстік бөлігі, Сыр бойы қалаларын  Темір жаулап алған жеңісінің  белгісі ретінде тұрғызылды.

Түркістандағы Қожа Ахмет  Яссауи кесенесі – отрағасырлық сәулет өнері ескерткішінің тамаша туындысы. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын  жасауда Әмір Темірдің тікелей өзі  қатысып, өлшемдерді өзі анықтаған  көрінеді. Кесене – үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архетектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген  парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа  негіз етіп алынған. Кесенені тербездік  Шараф ад-дин Тербездің баласы Абд ал-Азиз құрылыс жұмысын салған. Кесене құрылысы жайлы Шериф ад-дин  былай деп жазады: «Әзірбайжан, Парсы, Үнді және т.б. елдерден әкелінген 200-ге жуық тас қалаушылар жұмыс істеп, тауда 500 адам тас өндірді. Тасты  жеткізуге Үндіден әкелінген 95 піл  пайдаланылды. Құрылыс барысына жиі  қатысқан Темір жұмыс сапасына көңілі толмаған жағдайда кінәлілерді қатаң  жазалап отырды. Темір заманында  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты құрылыс жоқтың қасы еді. Кесененің  әрбір кірпіші қолдан жасалып, сапасы өте жоғары болды. Кесене оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені 46,5 м., ұзындығы 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу әдістері қолданылған. Ескерткіште күмбезді аркалы элементтер мол. Сәулетші шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Кесенеде аса үлкен портал (ені – 50 метрге жуық, порталдық арканың ұзындығы – 18, 2 метр), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі – 37,5 м. Сыртқы қабырғаның қалыңдығы – 3 м. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мешіт, медресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғаның үстіңгі жағымен өткізілген эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған.

Темір «Қалаларда мәдениетті адамдар неғұрлым көп болса, оның өсіп-өркендеуі, дамуы тез жүреді, Мауреннахр мен Түркістан қалалары мейлінше көркейе түседі деп есептеді». Мауреннахр мен Самарқанда бой көтерген жаңа құрылыс нысанында пейзаж көркем өнері кең тарады. Бұндай тамаша көркем суреттер Ширин-бика-ага (1385), Бибі-ханым (1404), Туман-ака (1405) қабырғаларында бейнеленген. Олардың барлығы көк бояумен  ақ жолақтармен және алтын түстермен  көмкерілген. Пейзаждық туындыларда ХІҮ-ХҮ ғасырларда көркем өнер метаформасы әлемде жоқ «фирдаус» - жұмақ бақтары бейнеленді. Мауреннахрда қолданбалы өнер кеңінен тарады. Ол әсіресе, Ясыда, Самарқан пен Бұқарда жақсы таралды. Сонымен қатар Әмір Темірдің мұсылманшыл екендігі және он екі жасынан бастап намазға жығылғандығы, мұсылмандық салт-дәстүрді ерекше ұстанғандығы және өз мемлекетінде мұсылман дінінің таралуына жағдай жасағандығы деректерден белгілі. Темір өзі таққа отырып, мемлекет билігін өз қолына ұстаған сәттен бастап мемлекеттің негізгі тірегінің бірі дін екендігін мойындаған. Ол Темір түзіктері («Уложение Тимура») атты шығармада дін туралы былай дейді: «Маған тәжірибе көрсетті. Дін мен заңға бағынбаған мемлекет ешқашан өзінің күші мен қуатын сақтай алмайды. Дінсіз мемлекетті шатыры жабылмаған, есіксіз, қоршаусыз, кез-келген арам пиғылды адам кіре беретін қорғансыз үймен салыстыруға болады. Мен сондықтан өз ғимаратымды ислам дінінің ұлылығына негіздедім. Оған ережелер мен заңдарды үйлестірдім және оларды өзім билік жүргізген кезімде сақтап, мойынсұндым» - дейді. Бұл Әмір Темірдің мемлекетті басқаруда дін мен дін өкілдеріне арқа сүйегендігін көрсетеді. Сондай-ақ осы шығармада Әмір Темірге пірінің мемлекетті басқару жүйесін қалыптастыруға қатысты жазылған ойлары келтіріледі. Онда былай делінеді: «Менің пірім маған былай деп жазды: Темір, Тәңір оны өзі қорғасын, сен мыналарды есіңде ұста. Мемлекетті басқару – Ұлы жаратушының әлемді басқаруына ұқсас. Бұл басқаруда әртүрлі қызметтер бар: агенттер, қызметшілер, жасауылдар және олардың әрқайсысының атқарар қызметіне қарай мойындарына артылған міндеттері бар. Олар өздеріне артылған міндет шеңберінде ғана қызмет атқарады әрі олар өз шекараларынан шықпайды және Жаратушының заңдарын қатаң сақтайды. Сонымен қатар Темір: «Мемлекет және оған билік жүргізуге арналған менің бірінші қағидам – Алла тағаланың діні мен Мұхаммед Мұстафаның шариғатына бас иіп қана қоймай, оған мейлінше өріс бердім. Әр жерде және әр уақытта ислам дінін қолдап қуаттадым. Сен пайғамбар ұрпақтарын қол астыңдағы өзге халықтан жоғары ұста. Оларға үлкен құрмет көрсет. Оларға берген сыйыңды дүние шашу деп есептеме. Сенің құдай жолына жұмсаған қаржың босқа дүние шашу емес. Сен өз қол астыңдағы халықты 12 топқа бөл. Ол сенің мемлекетіңнің сәулеті де, тірегі де болады».

 Әмір Темір пірінің  осы айтқанымен қоғамды он  екі сатыға бөледі. Сол он екі сатылы жүйенің алғашқы сатысында Пайғамбар ұрпақтары мен ұлыс бектері, заң шығарушылар тұр. Бұл да Әмір Темірдің дінге, дін қызметкерлеріне, әсіресе Пайғамбар ұрпақтарына көзқарасы қандай болғандығын көрсетеді. Темір саясаткер ретінде ислам дініне сүйене отырып, мұсылман діндарларының беделін өз мемлекетін нығайту үшін пайдаланған және осы мақсатта ол өзге де діни нанымдарды ұтымды пайдаланған. Ол бос уақытын саятшылық пен шахмат ойнауға арнап, оны жетілдіріп отырған.

 Темір өз заманында  тек соғыс өнерімен ғана ерекшеленіп  қоймай, жасампаздық өнерімен: өз  мемлекетінде сәулет өнерінің  өркендеп, жаңа мешіттер мен медреселер, бақтар мен суландыру жүйелерінің  дамуына және жер шаруашылығын  өркендетуге жағдай жасаған. Сонымен  қатар, Тарихта мұсылман сәулет  өнерінің ең бір дамыған кезеңі  де Темірдің есімімен тығыз  байланысты. Мұсылман діні салтанат  құрып, ғылымның дамуына жағдай  жасаған тұлға екендігін байқауға  болады.

 Темір 1405 жылы Отырар  қаласында дүниеден өтеді. Ол  парсы деректері бойынша «өкпесіне  суық тигендіктен», ал қытай деректері  бойынша «іш сүзегі ауруынан  дүние салған» деседі. Бұл Шариф  ад-дин Йездидің еңбегінде жақсы  баяндалған. «Сейхунның жағасынан  кеткен Темір (1405 ж. қаңтардың  14) Отырарда Берді-бектің сарайына  тоқтайды, оның жанындағы ханзадаларға, әмірлер мен жақындарына жеке-жеке  бөлме береді...». Осы әңгімеден  кейін «Зафарнамеде» Темірдің  өліміне арналған арнайы бөлім  бар онда: «Бүкіл Азияны дерлік  бағындыруға жұмсаған жеті жылдық  жорығынан кейін Темір өзінің  ендігі ойын әлемде әділеттілік  орнату мәселесіне арнайды. Өзінің  бұрынғы қателіктерін жуып-шаю  мақсатында ол Самарқанға келіп,  бұл жерде 5 айға жуық уақытын  өткізіп, идолдарға табынатын  Қытай еліне қарсы жорыққа  дайындалады. 1405 жылы ол Отырарға  келіп, жолда қатты суық тиіп  денесі қызады. Маулян Фазл-Аллах Тебрези тамаша дәрігер болғанымен, оның шипа беретін дәрілері еш көмек бермейді. Дәрігерлер тағдырмен жазылған өлімге еш араша бола алмағандары жазылады».

 Шығармада Темірдің  көз жұмған кезеңін 1405 жылдың 14 ақпан деп көрсетіледі. Бөлім  Темірдің дүниеден өткен шағында  71 жаста болғандығын және оның 36 жыл билік құрғандығын хабардар  етеді.

 Темірдің денесі түнде қаладан шығарылып, 6 ай жол жүріп сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне мұсылман дәстүріне сай жерленген. Дегенмен Темір ұрпақтарына ерекше ықылас танытып, олардың болашағы мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгенімен, Шыңғыс хан балаларымен салыстырғанда Әмір Темір балалары аса қуантпаған. Балаларының бағынбауы, ханзадалардың бүлік шығаруы да, тіпті немересі Сұлтан Хусейіннің опасыздығы да болған. Америкалық зерттеуші, Чикаго университетінің профессоры Джон Вудстың есептеуі бойынша, Темірдің тікелей ұрпақтарының жалпы саны оның өмірінің соңына қарай жүзге жуықтаған.

Информация о работе Әмір Темір