Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 15:32, реферат
Әмір Темір (Құтбуддин Темір Гүркап, Темірлан) – қолбасшы, мемлекет қайраткері. 1336 жылы Түркістанда туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды. 1370 жылы Мауераннахрды алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған. Әмір Темірдің қолбасшылық дарыны арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат, Хорасан (1381), Қандағар (1383), Оңтүстік Әзірбайжандағы Сұлтания (1384), Тебриз, Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде
былай деп көрсетілген: «…
қазіргі Моғолстан деп
Халқының этникалық
құрамы. Моғол хандығының тағына
негізінен Шығыс тұқымдары мен
монғол ақсүйектері отырған.
Жоғарыда көрсетілгендей,
Жетісу аймағы Моғолстанның
Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.
Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші "Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны срншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336-1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Ұлы Түркістан өсірген ұлы тұлға, әскери қолбасшы және мемлекет қайраткері Әмір Темір Ғұн, Көктүрік және Ұйғыр мемлекеттерінің ізін ала тарихы сахнасына шыққан Монғол империясынан соң шамамен 150 жылдан кейін Түркістанда биік тұрған. Темір түрік мемлекеттерінің аңсаған арманы, түрік әлем билігіне қол жеткізу жолында 35 жыл үздіксіз күрескен.
Қазіргі тарихшы Шерефеддин
Али-и Иездиннің «Зафарнама»
Ибн Арабшахтан бастап Темір
дәуірінде көрген қиындықтардың
салдарынан, өз еңбектерінде Әмір Темір
әулетінен мемлекет басшылары шықпағандығы
туралы айтқандар да бар. Әмір Темір
туралы жазылған Зафарнамалар болса, бұл
пікірлерге қарсы мәліметтер беруде.
Солай болса да, Әмір Темірдің әйелдері
мен қарындастарының тұрмыс құрулары,
бұл отбасының әлеуметтік орынын
анықтаудағы тәсіл ретінде
Әмір Темір, Құтбуддин
Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам
Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш,
Түркістан — 18. 2. 1405, Самарқан қ.) —
қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас
тайпасының биі Тарағай бектің баласы.
Ә. Т. алғашында Қашқадария уәлаятының
билеушісі болды (1361). Осы кезден
бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен,
оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен
Самарқан әмірі Хұсейнмен билік
үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды
өзінің қолына алды. Жас кезінде
Түркістан маңындағы бір
ҰЛЫ ҚОЛБАСШЫ ӘМІР ТЕМІР
Отарбаева Айна Болатқызы -
Ш.Ш Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология
Мақалада әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі – есімі атақпен бірге аңызбен ілесіп жүретінін Ақсақ Темірдің қоғамдық саяси қызметі мен жасампаздық өнері көрсетіледі. Автор зерттеу еңбектері мен мерзімді басылымдар мағұлаттарына сүйене отырып, Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуына Темір империясының ықпалы мен салдарын жан-жақты қарастырады.
Makalede dünya’ya hakim olan şanlı liderlerin biri ismi ün ile beraber efsane olarakta geçen Aksak Demir’in toplumdaki siyasi hizmeti ile yapıcı sanatı açıklanmakta. Yazar araştırma çalışmalarıyla devamlı basım yayınları belgelerine dayanarak, Kazakistan bölgesindeki devletlerin gelişmesine Demir emperyasının itibarı ile etkisi her taraflı açıklanmakta.
В статье рассматриваются
некоторые аспекты военно-
In the article they discuss some aspects of the military and political activities and contributions to the cultural improvement of the dependent territories, world-famous historical figure whose name became legendary - Aksak Temir, better known in Europe as Tamerlane. The author, basing on the literature and periodicals’ material, comprehensively explores the cultural and civilizational impact of the empire of Timur (which also included Kazakh lands either).
Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер есебінде Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Батый ханмен бірге аталатыны белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысының» ғұмыры, жорық жолдары мен оның салдары әрқашан өзекті болып келді. Темірдің балалық кезі мен жастық шағы туралы мәліметтер дерек көздерінде өте аз жазылған.
Әмір Темір 1336 жылы 8 сәуірде Маураннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқанның оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген десе, кейбір зерттеулерде Темір 1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Ал Грановский өз еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы 9 сәуірде Шыңғыс ханның ұлының, Шағатайдың иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолына қан уыстап, шашы ақ болып туылған деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғыс хан тұқымынан шыққан, ал әкесі шағатай тұқымындағы әміршілердің бірі болған, бірақ оған үлкен мұра қалдырмаған [1].
Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған. Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660 жылдық мерекесі болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы деректердегі түрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336 жылы 9 сәуірде Шахрисябздың оңтүстік-батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген деген қорытынды жасауға болады. Темір кезеңіндегі тарихшылар оны Шыңғыс хан тұқымына жақын тұлға ретінде көрсеткісі келді, яғни оны Шыңғысхан әулетімен туыстық байланысты қалыптастыруға тырысты. Клавихоның «Күнделігінде» де Темірдің әкесі шағатай тұқымынан шыққан орташа топтағы танымал кісі болғанын айтады [2]. Ал Бартольд Темірдің әкесі Барлас руынан шыққан, мұсылман дінін ұстанған Тарағай «ноян» немесе әмір болса, анасы Текене-катын болған деп көрсеткенімен, оның 1360 жылға дейінгі өмірін ашып көрсетпейді [3].
Әмір Темірге байланысты дерек көздерінде Темірдің маңғолдық Барлас тайпасынан деп көрсетеді. Моңғолдың «Құпия шежіресінің» желісіне жүгінсек, Темірдің шыққан тегі төмендегіше суреттеледі: «Барластар Боданчардың некесіз әйелінен туған Хачи Хүлэгтен тарайды. Хачи Хүлэгтің ұлы Барулудай деген болыпты. Өзі мығым денелі, тойымсыз мешкей болғандықтан Барулас атанады. Хачуланның бір ұлы алдына қойған асын түгесіп жеп қоятындықтан оны үлкен Барулас, енді бірі алдындағы асын тауысып жей алмайтындықтан кіші Барулас деп атаған. Кейін олардың арасынан білімді Барулас, Тодойлық Барулас дегендер шығып, барлығы Барулас атанады» делінген [4]. Рашид ад-Диннің шежірелер жинағында Баруластарды Тумбинай шешеннің үшінші ұрпағы Хачуланның ұлы деп көрсетеді [5]. Зерттеушілер барластарды маңғол тайпаларының Нирундық тобына жатқызады [6]. Шыңғыс хан 1206 жылы Ұлы моғол мемлекетін құрғанда барластарды еліне ерен еңбек сіңірген осы тайпадан шыққан түлегі Хубылайға ел етіп берген. Шыңғыс ханның 1219-1224 жылдары Орталық Азияға жасаған шабуылы кезінде барластың еркек кіндіктері моңғол әскерінің қатарына тай-тұяғымен аттанып, Шағатай ұлысы билігінде Мауреннахрға келіп орын тепті [4, 618 б.].
Орыс жылнамаларында Темірдің жас кезі туралы жан-жақты жазылмаған. Тек онда: «Темир, сын старейшины некоего от заяикских Татар, иже бе железными вратами; ремеством же бе кузнец железный... Иже прежде бысть он раб у некоего господина; злонравиа же его ради отверже его от себе господин его; он же. Не имея чем питатися и одеваится и пребывая крадый и разбивая, и сам питаяся. Еще б ему тогда младу сущу, и некогда украде у некоего человека овца, иже и постижен быть и много бьен, и переломиша ему ногу и бедру наполы, и повергоша его, мняще мертва, псом на снеды. Он же по времени мнозе едва исцеле, и ногу свою перебитую жезлом перекова, и того ради прозван бысть Темир-Аксак; Темир бо зовется Татарским языком железо, Аксак же – хромец, и тако толкуется Железеный хромец, яко от вещи и от дел имя принять. И тако по исцелении от ран не токмо не лишился злого своего обычая, но паче горшее неистовствуя, бысть лют разбойник; и совокупишася к нему юноши жестоцы и немилостивы, всегда и взят овца их, проливающе. И шед, порази некыя пастыря и взят овца их, идеже и устрелен бысть в ногу и храмяще; и от сего приобрете имение. И егда бысть их числом яко сто и нарекоша его старейшину разбойником; егда же стяжа тысячу мужей, и тогда уже князем зваху его» [3, C. 21].
Темірдің жастық шағы
туралы келтірілген мәліметтер
Клавихоның мәліметтерімен