Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2015 в 10:26, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі 1991 жылдан кейін Евразияның саяси картасының түпкілікті өзгеруіндегі тұлғалардың рольін қайта бағамдау қажетінен туындаса керек. Адамзат тарихындағы екінші – дүние жүзілік соғыстың тағылымдарын үнемі сараптап отыру әрбір жаңа ұрпақтың алдындағы қажырлы міндет. Екінші дүние жүзілік соғыста Америка Құрама штаттары елеулі роль атқарды
І – тарау. Эйзенхауэр тұлғасының қалыптасуы
1.1 Д.Эйзенхауэр әулеті. Эйзенхауэрдің балалық және жастық шағы
1.2 Д.Эйзенхауэрдің әскери мансабының басталуы
ІІ – тарау. Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда
2.1 Д.Эйзенхауэр соғыс жылдарында
2.2 Д.Эйзенхауэрдің президенттік қызметі
2.3 Тақырыпты оқытудың әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
1942 жылдың қазан айында Д. Эйзенхауэр бастаған орасан зор армия (900 кеме) Ағылшын жағалауларынан шығып, өте қауіпті сапарға шықты. Гибралтар арқылы Солтүстік Африкаға түсірілген 100 мыңға жуық армия «Факел» операциясын жүзеге асыруға кірісті. Солтүстік Африканың француз жағалауларына түсірілген одақтастар әскерлері генерал да Голль тарапынан наразылық тудырды. Генерал де Голльдің Черчилль мен Рузвельтпен қарым қатынастары шиеленісті жағдайда еді. Голльдің шамына тигені – бұл операция туралы оның хабарсыз болуы еді.
1943 жылдың қаңтар айының соңында Солтүстік Африкадағы одақтастардың әскері 400 мыңға жетіп, оған 200 мың жергілікті француз әскері қосылды. Басымдыққа қол жеткізгенімен одақтастар әскерлері баяу қимылдады. Тунисті азат ету баяу жүрді. Бұл аймақтағы науқанды әуелгіде ақпан айында аяқтау көзделсе, кейіннен сәуірге ығыстырылды. Алғашқы әскери операцияларды жүзеге асыру Д. Эйзенхауэрге оңай тиген жоқ. Солтүстік Африкада Эйзенхауэр алғаш рет соғыс дегеннің не екенін сезді. Кессерин ауданында күтпеген жерден неміс броннды танк бөлімшелері алдыңғы шепті бұзып өтіп, Эйзенхауэрдің өзі қолға түсіп қала жаздады. Бұл Эйзенхауэр үшін ең ауыр күндердің бірі еді. Осы күндері оның есіне Гарри Гопкинстің сөздері еске түсті «егер ол Тунисті алса, ол әлемнің ұлы генералдарының бірі болады. Егер ол сәтсіздікке ұшыраса...»24 Д. Эйзенхауэр ұлы генерал болған жоқ, бірақ Тунисті ала алмағанда, бұл оның әскери мансабының соңы болған болар еді.
Солтүстік Африкада, Эйзенхауэр алғашқы үлкен табысына жетті. 1943 жылдың 13 мамырында, Тунистегі итальян – неміс әскерлері тізе бүкті. Жаяу әскерлері саны үш есе, артиллерия – үш есе, танкілер бойынша төрт есе басымдыққа ие болған одақтастар тамаша жеңіске жетті. Бұдан кейін соғысты қай бағытта жалғастыру керек деген мәселе тұрды. Маршалл мен Эйзенхауэр бұрынғысынша екінші майданды Ла – Манштан ашу жағында болды, бірақ екі ел басшыларының саяси шешімі бұған қайшы келетін. Бүгінгі таңда батыс тарихшыларының арасында екінші майданды ашу мәселесі бойынша Д. Эйзенхауэрдің көзқарастарына қатысты екі түрлі пікір бар. Бір тарихшылар: Маршалл мен Эйзенхауэр екінші майданды Ла – Манштан тез ашуды жақтады десе, екінші тарихшылар – саяси шешімдер жағында болды деп есептейді.
Дегенмен Тунистен кейін Одақтастар, соғысты әрі қарай Сицилия арқылы жалғастыру керек деп шешті. 1943 жылдың алғашқы 11 күні бойы бомбаланғаннан кейін шағын арал Пентеллериа орналасқан күшті гарнизон берілуге мәжбүр болды. Бұл әскери объектіні, тек қана бомбалау арқылы алынған алғашқы оқиға болды. Сицилияға барар жолдағы Пентеллерии аралынан кейін, Эйзенхауэр үлкен баспасөз маслихатын өткізіп, журналистердің алдына Сицилияны алу жоспарын жайып салды. Бұл соғыс тарихында бұрын соңды болмаған таңқаларлық жағдай еді. Өйткені Эйзенхауэр журналистерді, құпия ақпаратты сіздерге сенгендіктен айтып отырмын деп сендірді. Шынында да бірде бір журналист операцияның соңына дейін тіс жарған емес. Әрине, Эйзенхауэр бұл шараны жауды шатастыру үшін жасаған болуы да мүмкін.25
Сицилияны алу операциясына 150 мың десант түсіріліп, шынында да жоспарланған журналистерге уәде етілген күні басталды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, операция өте сәтті өтті. Италия үшін шайқас алты аптаға созылып, италиян – неміс әскерлерінің шығыны – 135 мың адам тұтқынға түсіп, 32 мың адам өлді және жараланды. 1943 жылдың 25 шілдесінде Муссолини режимі күйреп, одақтастардың қолдауы мен Бадольо үкіметі билікке келді. Одақтастар Италия арқылы Балкан елдеріне асықты, Черчилль қайткен күнде де Будапешт, Прага, Вена, Варшава қалаларын, орыстарға дейін алғысы келді.
Солтүстік Африка сияқты, Италияда да өзінің әскери және саяси қызметінде Эйзенхауэр ағылшын – американ ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға айрықша мән берді. Әртүрлі қолбасшылардың арасындағы алауыздық дер кезінде шешіліп отырды. Ол өзінің штабы орналасқан ғимарат маңдайшасына ешуақытта «Эйзенхауэрдің штабы» деп жаздырған емес, қашанда «одақтастар штабы» деп жазылды. Сөйтіп Италиядағы өз миссиясының одақтастық сипатын атап көрсетуден танбайтын.
1943 жылы Квебекте Рузвельт пен Черчилльдің жаңа кездесуі болды. Квебек конференциясында талқыланған негізгі мәселе Европадан екінші майдан ашудың мерзімі төңірегінде болды. Бұл уақытта ерлікті Сталинград шайқасы мен Курск даласындағы шайқас артта қалған еді. Европадан екінші майдан ашудың саяси қажеттігі көзге көрініп тұрды. Квебек конференциясында 1944 жылдың мамырдың аяғынан маусымның ортасына дейін Францияның солтүстігінен ағылшын – американ әскерлерін түсіруге шешім қабылданды. Одақтас әскерлерді генерал Джордж Маршаллдың басқаратыны шешіліп қойылғандай еді. Эйзенхауэр Вашингтонда Маршаллдың орнын алуға тиіс тұғын.
Бас қолбасшының кім болатындығы үш ұлы держава өкілдерінің Тегерандағы кездесуіне дейін шешілген жоқ еді. 1943 жылы қараша айында Тегеранға барар жолда Рузвельт Туниске аялдап, Эйзенхауэрмен кездесті. Әңгіме барысында, президент Маршаллдың тарихта қалуға мүмкіндігі болуы керек дегенді айтқан еді. Алайда Тегерандағы кездесу барысында Сталин Рузвельттен біріккен одақтастар қарулы күштерінің бас қолбасшысының кім болатындығын білуге қызығушылық білдірді. Рузвельттің бұл мәселе үш төрт күнде шешіледі деген жауабы Сталинді қанағаттандырған жоқ. Эйзенхауэр өмірбаянын зерттеушілер, оның одақтастар әскерінің Бас қолбасшылығына тағайындалуында Сталиннің қолдауы шешуші роль атқарды деп есептейді. Бұл шындыққа жанасады, өйткені Тегеран конференциясынан қайтар жолда Рузвельт Эйзенхауэрдің бас қолбасшысы болып тағайындалғанын хабарлады.26
Қысқа мерзімдік демалыстан кейін 1944 жылы 16 – қаңтарда Эйзенхауэр Англияға келіп «Оверлорд» операциясының мерзімі бекітілді. Солтүстік Нармандияға басып кіру үшін Британия аралына АҚШ пен Канададан орасан зор армия, әскери техника шоғырландырыла басталды. Неміс командованиесін жаңылыстыру үшін көп мөлшерде қысқы киім кешектер, обмундирование алынды. Ондағы мақсат екінші майданның Норвегиядан ашылуын имитациялау еді. Ағылшын командованиесі, басшысы Черчилль болып – екінші майданды Италия мен Балканнан ашуды талап етумен болды. Екінші майдан ашылуы қарсаңында Эйзенхауэрдің қарамағында 2 876 439 солдат пен офицер – 39 дивизия (20 американ, 17 британ, 3 канадалық, 1 француз және 1 поляк дивизиясы) болды.
Эйзенхауэр бұдан былайғы жерде соғыстың барысын әскери операциялар ғана емес, одақтастардың арасындағы өзара түсіністік, бірауыздықтың шешуші роль атқаратынын түсінді. Фашистік блок елдерінің бір есебі осы алауыздықты пайдалануда жатыр еді. Сондықтан Эйзенхауэр бұл үмітті мансұқ ету үшін үлкен дипломатиялық ыждағатты жұмыс істеді. Бұл проблемамен Тунисте жолыққан Д. Эйзенхауэр туып келе жатқан француз – американ қарама қайшылықтарын жуып шаюда көп еңбек сіңірді. Оған себеп болған, соғыстың соңына қарай АҚШ – тың қоғамдық пікірінде Европада «американ тәртібін» орнату туралы көзқарастар қылаң бере бастады. Бұл «соғысып жатқан Франция» және оның лидері генерал Шарль де Голль тарапынан байсалды қарсылыққа тап болды.27
Д. Эйзенхауэрдің алдында өте күрделі міндет тұрды, өйткені Ағылшын премьері Черчилльдің және АҚШ президенті Рузвельттің – генерал Шарль де Голльге деген қарым қатынастары өте күрделі болды. Д. Эйзенхауэр мұны ескеруі тиіс еді. Бұл таза субъективтік факторлар тұғын. Генерал де Голльдің шамына тигені одақтастар әскери операцияларының барлық екжей текжейінен оның тыс қалуы болды. Д. Эйзенхауэр Шарль де Голльдың қарым қатынасты реттеу қажеттігі жайлы Рузвельтке табандылықпен айтумен болды. Бас қолбасшының баспасөзбен қарым қатынасының жақсы қалыптасуы үлкен септігін тигізді.
1944 жылдың 6 маусымында Одақтастар әскері Солтүстік Нармандияға басып кірді. Францияны басып кірген одақтастардың алдынан күрделі саяси мәселелер қайта шықты. Генерал де Голльге Францияның ұлттық мүдделері жеткілікті ескеріліп жатпағандай көрінді. 1940 жылы 18 июньде ағылшын радиосы арқылы сөз сөйлеп: «Франция ұрыста жеңілді, бірақ соғыста жеңілген жоқ» деп Францияның ұлттық мүддесіне назар аударды. Генерал де Голль Францияда бұл уақытта ұлттық батыр болғанымен, одақтастар үшін бар болғаны бригадалық генерал болды. АҚШ пен Англияның саяси қайраткерлері Генерал де Голльдің комитетін уақытша үкімет деп мойындауға бола ма, болмай ма? деген тақырыпта пікірталасты. Бірақ Генерал де Голль комитетінің нақты саяси күш екені айқын еді. Сондықтан Эйзенхауэр «Оверлорд» операциясының қарсаңында генерал де Голльдің француз халқына арнап радиодан сөйлеуін, ұйымдастырды. Листовкалар дайындалды.28
1944 жылдың 25 маусымында Францияның астанасы Париж азат етілді. Парижде генерал де Голльмен Эйзенхауэрдің кездесуі қай кездегінен болса да жылы жүзді өткізілді. Сентябрь айының өн бойында одақтастардың әскері 450 км – ге ілгерілсе, одан кейінгі айларда туралап қалды. Арденна қаласы түбінде одақтастар әскерлерін ауыр сындар күтіп тұрды. 1944 жылдың декабрь айында немістер тұтқиылдан қарсы шабуылға шығып 14 желтоқсанында одақтастарға күйрете соққы берді. Немістің 24 дивизиясы одақтастардың барлық әскерін тықсыра бастады, бұл нағыз апат еді. 12 қаңтардағы Кеңес әскерлерінің қарсы шабуылы ғана апаттан аман алып қалды. Нәтижесінде 1945 жылдың наурызында одақтастарға қарсы 30 неміс дивизиясы тұрды.29
1945 жылдың наурызында Эйзенхауэр Кеңестік жоғарғы командованиесімен тікелей қарым қатынас орнатты. Американ әскери миссиясы арқылы ол 28 – наурызда Москваға Сталинге жолдау жіберді. Онда біріккен әскери қимылдарды үйлестірудің екжей – текжейі әңгіме болды, бірақ бұл хабар алмасулар Черчилльге ұнамайтын. Атап айтқанда, Берлинді Кеңес әскерлерінің алуына Эйзенхауэрдің келісім беруі, Черчилльге мүлде ұнамайтын. Эйзенхауэр Одақтастар әскерінің кездесуін Оңтүстік Германияда ұйымдастырған жөн деп санайтын. Черчилльдің белсенділігі соғыстың соңына қарай үдей түсті. Черчилль Берлинді Кеңестер де, американдықтарда емес, ағылшындар алуы тиіс деп санады.
1945 жылы 5 – маусымда Берлинде Германияның жеңілгендігі туралы Декларацияға қол қою барысында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания мен Франция үкіметтері өкілдерімен бірге, қолбасшылар Жуковтың, Эйзенхауэрдің, Мантгомери мен Делашра де Тассиньидің кездесулері болды. Өзінің ресми сөздерінде, Д. Эйзенхауэр герман фашизмін талқандаудың ортақ ісіне қосқан кеңес халқының, оның қарулы күштерінің үлесін жоғары бағалады. Эйзенхауэр, соғыс жылдарында кеңес елі өкілдерімен жеке байланыс орнатқан американ жоғарғы лауазымдарының ішіндегі санаушыларының бірі болды. 1945 жылы оның Ленинградқа келуі, оның есінде мәңгі қалды. 1945 жылдың 25 сәуірінде Эльба жағалауларында кеңес – американ әскерлері жолықты. Айта кететін жәйіт, осы күнге Сан Францискода Біріккен Ұлттар ұйымының Құрылтай конференциясы сәйкес келді. Жеңімпаз – ұлттардың форумы Гитлерлік Германияға қарсы ең соңғы жеңісті соғыс дүрсілдері беріліп жатқанда жұмысын бастауының символдық маңызы болды. Д. Эйзенхауэр «Европаға қарай крест жорығы» атты кітабында кеңес әскерлерінің ерлік күресін жоғары бағалайды.30
Соғыс аяқталғаннан кейін Эйзенхауэр Германиядағы оккупациялық әскерлердің қолбасшысы болып тағайындалды. Жуков кеңес оккупациялық әскерлерінің басшысы болды. Эйзенхауэрдің ойынша, АҚШ пен КСРО – ның арасында өзара түсіністік орнату үшін «орыстардың күдікшілдігі мен сенбестігін сейілту» қажет болды.
Соғыстың аяқталуы Эйзенхауэрдің өміріндегі маңызды шеп. Фашистік германия тізе бүкті. 1945 жылдың июнінде, ол АҚШ қа қайтіп оралғанда, оған үлкен құрмет көрсетілді. Туған Абелин қаласына үлкен толқыныспен келді. Арнайы поезд Канзас прерийімен алып жүрді. Әрбір аялдамада кездесулер, кездесулер және тағы да кездесулер...Соғыстан кейінгі Европа елдерін аралау... Париж, Лондон, Вашингтон алда Москва күтіп тұрды. «Потсдам конференциясы кезінде, - деп еске алады Жуков, - И. Сталин менімен Эйзенхауэрді Москваға шақыру туралы айтқан еді. Мен оны, физкультурниктер күні 12 тамызға туралап шақыруды ұсындым»31 Эйзенхауэр ресми шақыруда Жуковтың қонағы ретінде шақырылды.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Д. Эйзенхауэрді армиясы отставкаға шығып, тыныш өмір сүру, өмірден ләззат алу еді. Алайда, екі саяси партияның екеуініңде оған деген өз есебі бар еді.
2.2 Д. Эйзенхауэрдің президенттік қызметі
1945 жылдың қарашасынан 1947 жылдың ақпанына дейін Д. Эйзенхауэр армия штабтары бастықтары комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Бұл жылдары әртүрлі саяси топтар есімі машһүр генералды өздерінің мақсаттарына пайдалануға тырысты. Әзәзіл пендешілік те оңай емес еді. Эйзенхауэр бұл мәселе бойынша саяси көзқарастары әртүрлі адамдармен, атап айтқанда, Макартурмен және Маршаллмен пікір алмасты. Бұл уақыттағы оның басты кеңесшісі інісі Мильтон болды. 1947 жылдың маусымында Эйзенхауэр елдегі аса ірі – Колумбия университетінің президенті болды. Бұл университет профессор оқытушылары тарапынан азғантай қарсылыққа тап болғанына қарамастан, көп ұзамай Д. Эйзенхауэр университет қамқоршылары кеңесі және қайырымдылық қорларымен нәтижелі жұмыс жасай отырып университеттің қаржылық мүмкіндігін екі үш есе арттырды. Өз есімі – сөзсіз пайдасын тигізді.
Колумбия университетінің президенті қызметін атқара жүріп Эйзенхауэр Американ ассамблеясын ұйымдастырушы болды. Бұл жобаның мақсаты бизнесмендердің, кәсіподақ қайраткерлерінің, ғалымдардың, саяси партия өкілдерін ұлттық мәні бар проблемаларды зерттеуге біріктіру болды. Эйзенхауэр инициативасы бойынша Колумбия университетінде адами ресурстарды сақтау мен қорғау мәселелері зерттелді. Бейбіт өмірдегі азаматтық қызметке бейімделу Эйзенхауэрға оңай болған жоқ.32
Информация о работе Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда