Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2015 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі 1991 жылдан кейін Евразияның саяси картасының түпкілікті өзгеруіндегі тұлғалардың рольін қайта бағамдау қажетінен туындаса керек. Адамзат тарихындағы екінші – дүние жүзілік соғыстың тағылымдарын үнемі сараптап отыру әрбір жаңа ұрпақтың алдындағы қажырлы міндет. Екінші дүние жүзілік соғыста Америка Құрама штаттары елеулі роль атқарды

Содержание

І – тарау. Эйзенхауэр тұлғасының қалыптасуы
1.1 Д.Эйзенхауэр әулеті. Эйзенхауэрдің балалық және жастық шағы
1.2 Д.Эйзенхауэрдің әскери мансабының басталуы
ІІ – тарау. Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда
2.1 Д.Эйзенхауэр соғыс жылдарында
2.2 Д.Эйзенхауэрдің президенттік қызметі
2.3 Тақырыпты оқытудың әдістемесі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дуайт Эйзенхауэр.doc

— 226.50 Кб (Скачать документ)

Командалық – штабтық  колледжді  бітіргеннен  кейін  Эйзенхауэр, генерал  Коннердің  рекомендациясы  бойынша, Францияға  ұзақ  мерзімге  іс  сапарға  жіберілді. Эйзенхауэрдің  міндеті – бірінші  дүние  жүзілік  соғыс  кезіндегі  негізгі  ірі  шайқастар  болған  жерлердің  көрсеткішін  даярлау  еді. Американ  әскерлері  шайқасқан  жерлердің  барлығында  Дуайт  болды. Бұдан  20  жыл  өткеннен  кейін, 1944 – 1995  жылдары  Эйзенхауэр  Франциядағы  Одақтастардың  қарулы  күштерін  басқарған  кезде, бірінші  дүние  жүзілік  соғысқа  қатысты  детальдарға  келгенде  өзінің  әріптестерінің  көпшілігін  таңқалдыратын. Жергілікті  жерді  жақсы  білу  өте  күрделі  шайқас  жағдайында  оның  дұрыс  шешім  қабылдауына  септігін  тигізді.15

АҚШ – қа  қайтып  оралғаннан  кейін  1928  жылы  Д.Эйзенхауэр  Вашингтондағы  әскери  колледжге   оқуға  түсіп, 1929 – 1933  жылдары  әскери  министірліктің  аппаратында  жұмыс  істеді. Бұл  АҚШ  тарихындағы  терең  экономикалық   дағдарыстар  жылдары  болатын, бірақ  американ  офицерлерінің  корпусы  бұл  тығырықты  бастан  кешкен  жоқ. Эйзенхауэрдің  жалақысы  да  тыңғылықты, пәтері  де  қомақты  еді. Ол  «саясаттан  тиіс» болды, атап  айтқанда, бірде  бір  рет  сайлауға  барып  дауыс  берген  емес. 1952  жылы  Эйзенхауэр  республикалық  партияның  атынан  сайлауға  түскен  кезде, оның  сайлау  науқанын  ұйымдастырушылардың, Дуайттың  партиялылығын  анықтағысы  келіп  «ақ  тер  көк  тер»  болғаны  бар.

Елдің  ішкі  өміріндегі  дүние  жүзілік  экономикалық  дағдарыстан  туындаған  қиындықтар, Тынық  мұхиттағы  күрделі  жағдайлармен  тереңдей  түсті. Алыстағы  Европада, Германияда  фашизм  билікке  ұмтылды. Халықаралық  аренадағы  күштердің  орналасуы  айқындала  түсті. Болашақта  Европада  соғыс  тұтана  қалған  жағдайда  АҚШ – тың  алдында  аса  қиын  міндеттің  тұратыны  белгілі  болып  қалды – елдің  әскери  экономикалық  ресурстарын  мобилизациялау  міндеті. Бұл  жылдары  әскери  министірлікте  АҚШ – тың  әскери  потенциалын  зерттеу  бойынша  үлкен  жұмыстар  басталды. Бұған  Эйзенхауэр  белсене  қатысты. 1932  жылы  АҚШ  армиясы  штабының  жаңа  бастығы  генерал  Дуглас  Макартур, сыртқы  саяси  жағдайдың  шиеленісуіне  сүйене  отырып, американ  қарулы  күштерін  одан  әрі  қысқартуға  қарсы  шықты.16

1929  жылы  Министірлік  кабинеттерінің  бірінде  Д.Эйзенхауэр, неғұрлым  дайындалған  штаб  қызметкерлерінің  басын  қосып, соғыс  басталған  жағдайда  өнеркәсіб  өндірісін  мобилизациялаудың  жоспарын  жасауға  кірісті. Жоспар  бойынша  армиялық  өнеркәсіп  колледжін  құру  көзделді. Бұл  әскерилер  үшін  экономикалық  процесстердің  сипаты  жөнінде  жалпылама  түсінік  беретін. 1930  жылы  сондай  құжаттардың  бірімен  егжей – тегжейлі  танысқан  Дуглас  Макартур  оны  кімнің  дайындағанына  қызығушылық  білдірді. Дайындаған  майор  Д:Эйзенхауэр  екені  белгілі  болысымен, елуді  еңсерген  генерал Д. Макартурмен  қырықтың  қырқасына  шыққан  Д.Эйзенхауэрдің  алғашқы  кездесуі  болды.17

1932  жылдың  маусымында  Вашингтонда  бірінші  дүние  жүзілік  соғыс  ардагерлерінің  әлеуметтік  жағдайларына  шағым  айтқан  демонстрациясы  болып  өтті. Демонстранттарға  қарсы  тұрақты  әскер  бөлімшелері  жұмсалып, бұл  американ  тарихындағы  ең  ұятты  оқиғалардың  бірі  болды. Бұл  операцияны  Д. Макартурдың  өзі  басқарып, екінші  дүние  жүзілік  соғысқа  дейінгі  Д:Эйзенхауэрдің  бірден  бір  қатысқан  «әскери  операциясы»  болды. 1933  жылдың  20 – ақпанында  Макартур  Эйзенхауэрді  өз  штабына  жұмысқа  алды. Д. Эйзенхауэрдің  міндетіне – конгресске  жасалатын  Макартурдың  баяндамаларын  даярлау  және  көпшілік  алдында  сөйлейтін  сөзін  дайндау  кіретін. Бұл  қызметінде  майор  Д.Эйзенхауэр  1935  жылдың  24  қыркүйегіне  дейін  болды.

Осы  жылы  армия  штабының  бастығы  қызметінен  кеткен  Макартур, Филиппинге  әскери  кеңесші  ретінде  жіберілді. Оның  міндеті  Филиппиннің  дербес  қарулы  күштерін  құруға  жәрдемдесу  болды. Өзіне  көмекші  ретінде  ол  Эйзенхауэрді  шақырды. Бұл  Дуайттың  20  жыл  күткен  арманы  еді. Мұнда  ол  1940  жылға  дейін  қызмет  етті.18

Филиппинде  майор  Д. Эйзенхауэр  жергілікті  әскери  академияны, әскери  әуе  күштерін  құруға, азаматтық  тұрғындардың   әскери  дайындығын  ұйымдастыру  және  соғыс  бола  қалған  жағдайда  аралдағы  қорғаныстың  жоспарын  жасауға  белсенді  қатынасты. Тынық  мұхитқа  төніп  келе  жатқан  жағдайды  ескерсек, ол  жүргізген  жұмыстардың маңызы  зорая  түсті.

АҚШ  әскери  кеңесшісінің  көмекшісі  Филиппинде  де  өзінің  бұрынғы  әуестіктерін: - бриджа, покер, гольф  ойнауды  ұмытқан  жоқ. Оның  үстіне  Филиппин  президенті  Мануэль  Куэзан  кәнігі  картапаз  еді. Президентке  шақырылған барлық  уик – эндтердің  құрамында  үнемі  Эйзенхауэр  фамилиясы  тұратын. Тек, картаға  құмарлық  қана  емес, Куэзан  оның  әскери  істердегі  білімдарлығына  да  тәнтімін. «Оның  барлық  көзге  түсерлік  қасиеттерінің  ішінен, - деп  еске  алады  Куэзан, - мен  мынаны  жоғары  бағалайтын  едім: мен  қай  уақытта  оның  пікірін  білгім  келсе, сол  сәтте – ақ, қашанда  жауап  алатынмын. Жауап  маған  ұнамайтындай  болуы  да  мүмкін  еді, бұл  менің  естігім  келмейтін  жауапта  болатын, бірақ  бұл  қашанда  тіке  айтылған  және  адал  жауап  болатын»19

1936  жылдың  1 – шілдесінде  Вест – Пойнтты  аяқтағаннан  21  жыл  өткеннен  кейін  Дуайт  подполковник  атағын  алды. Әскери  шенге  келгенде, Дуайттың  жолы  болыңқырамады  деуге  толық  негіз  бар. Филиппинде  оның  авиацияға  деген  бұрынғы  әуестігі  қайтадан  оянды. Ол  аса  қиын  да  күрделі  ұшқыш  мамандығын  игеріп, 48  жасында  ұшақ  басқару  құқына  диплом  алды. Эйзенхауэрдің  сенімді  болғаны  сондай, ол  өзімен  бірге  әуеге  кейде  ұлында  алып  ұшатын.

Эйзенхауэр  мен  Макартурдың  арасындағы  қарым  қатынас  біркелкі, таза  ресми  және  қызметтік  болып  қалыптасты. Макартурлар  отбасы  отельдің  әсемде, сәнді, барлық  тұрмыстық  қолайлылықтары  мен  қамтамасыз  етілген  номерде  тұрды. Эйзенхауэрлармен  бір  отельде  тұрғанымен  отбасы  болып  араласқан  емес. Аристократ  Макартур  өзінің  қарамағындағылармен  дистанция  сақтағанды  тәуір  көретін. 1939  жылдың  1 – қыркүйегінде  екінші  дүние  жүзілік  соғыс  басталды. Бұл  соғысқа  АҚШ – тың  тартылатынына  Эйзенхауэрдің  күмәні  болған  жоқ. Ол  ендігі  жердегі  өзінің  орнын  Отанынан  іздеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – тарау. Д. Эйзенхауэр  соғыс  және  соғыстан  кейінгі  жылдарда.

 

2.1 1940  жылдың ақпанында Эйзенхауэр  АҚШ – қа  оралып. Калифорнияда  орналасқан  15 – жаяу  әскер  полкына  жіберілді. АҚШ – тың  соғысқа  килігетіні  сөзсіз  еді. Тарих  қайталанып, Д.Эйзенхауэр  бірінші  дүние  жүзілік  соғысқа  резерв  даярлаумен  айналысса, бұл  жолыда  резервтер  даярлаумен  айналысуға тура  келді. Бұл, әрине, Эйзенхауэрді  қанағат  сезіміне  бөлеген  жоқ. Д. Эйзенхауэр  барлық  инстанцияларға  хат  жазып, өзін  штабтық  лауазым  емес, командалық  лауазымға  тағайындауды  өтінді. Алайда, оның  бұл  өтінішінен  нәтиже  болған  жоқ. Әуелгіде  9 – армиялық  корпустың  штабында  жұмыс  істеуге  тура  келді, тек  1941  жылдың  11 – наурызында  ғана, ол  3 – армияның  штабын  басқарды. Осы  жылы  ол  тұңғыш  генералдық  жұлдызшасын  алып, бригадалық  генерал  атанды. Бұдан  былайғы  уақыттағы Эйзенхауэрдің  шен  алуы, екінші  дүние  жүзілік  соғыстың  оқиғаларындай  тез  өрбіді. Ал  ол  бір  уақыттарда  полковник  шенін  алуды  армандаған  еді...20

1941  жылдың  сәуір  айында  Д.Эйзенхауэрдің  басшылығымен  400 мың  адамның   қатысуымен  соғыс  жағдайына  барынша  жақындатылған  әскери  дайындық  маневры  ұйымдастырылды. Бұл  жаттығуға  800 ұшақ, жүздеген  танк  және  басқа  ұрыс техникалары  қатыстырылды. Осы  оқу  жаттығулардан   кейін  АҚШ  армиясы  штабының   басшысы  генерал  Маршаллдың – Эйзенхауэр  туралы  жағымды  пікірі  беки  түсті. Эйзенхауэр  үздік  әскерилердің  ішінде  алғашқы  ондықтың  біріншісі  болып  тұрды. Қолда  бар  мәліметтердің  барлығы  Д.Эйзенхауэрді, Маршаллдың  жоғары  бағалағанын  көрсетеді. Маршаллдың  барынша  іш тартатыны, Д.Эйзенхауэрдің   пікірін  ашық  айтатындығы  еді. Мысалы, 1941  жылдың  7 – желтоқсанында  Перл  Харбар  оқиғаларынан  кейін  Филиппинді  ұстап  тұрудың  мүмкін  еместігін  бірінші  болып, ашық  айтқан  Д. Эйзенхауэр  болды.

1942  жылдың  19 ақпанында  Эйзенхауэр  АҚШ  армиясы  әскери  операцияларын  жоспарлау  басқармасы  штабының  бастығы  қызметіне  тағайындалды. Оның  негізгі  міндеті – Тынық  мұхиттағы  соғыспен  байланысты  операцияларды  дайындау  болды. Айта  кететін  жәйіт  стратегиялық  мәселелерге  келген  Эйзенхауэрдің  пікірі  ресми  бағыттан  ерекшеленетін. Ол  негізгі  соғыс  қимылдары  Тынық  мұхитта  емес, Европада  өрбуі  тиіс  деп  есептеді. Соғыстың  басталуымен  Эйзенхауэрдің  әскери  мансабы  да  тез  шарықтады. Президенттің  шешімімен  оған  генерал – майор  атағы  беріліп, оны  сенат бекітті. Соғыс  басталысымен  Вашингтонға  келген  У. Черчильге  де  Д. Эйзенхауэр  жақсы  әсер  қалдырды.21

1942  жылдың  26 – мамырында  Лондонға  американ  әскери - әуе  күштері  мен  әскери – теңіз  флоты  күштерінің  жетекшілері  келді. Осы  топтың  құрамында  Дуайт  Эйзенхауэр  да  болды, сол  кездегі  газеттер  жазғандай «танкілік  сарапшы» ретінде. Темза  жағалауларында  Батыс  одақтастары  әскери  жоспарларының  екжей  текжейі   туралы  әңгіме  болды. Әскери  мүдделерден  қарай  отырып, Эйзенхауэр  екінші  майданды  Франция  мен  Ла  Маншты  ашу  керек  деп  есептеді. 1942  жылдың  3 – июнінде  американ  әскери  делегациясы  Вашингтонға  оралғаннан  кейін, Маршалл, осы  бір  екінші  дүние  жүзілік  соғыстың  принциптік  жағынан  маңызды  операциясын  жүзеге  асырудың  директивалары  жоспарын  жасауды  Д.Эйзенхауэрге  тапсырды. 1942  жылы  8 – июньде  осыған  сәйкес  құжатты  өз  бастығына  тапсырған  кезде, Маршаллдың  Европадағы  соғыс  қимылдары  теонерының  басшылығына  кімді  жібереміз  деген  сұрағына, Эйзенхауэр  Әскери  Әуе  күштері  генералы  Макнарнейдің  кандидатурасын  ұсынады. Бірақ  Маршалл, Дуайт  рейн  мүлдем  күтілмен  өзінің   кандидатурасын  ұсынған  кезде, Эйзенхауэр  қатты  таңырқаған  еді. Өйткені  оның  арманы  дивизия  басқару  болатын, ал  енді  оған  бүтіндей  бір  одақтастар  әскерін  басқару  міндеті  жүктелді.

Эйзенхауэрді  осыншалықты  жауапты  қызметке  тағайындай  отырып, Маршаллдың  артқан  үміті  неде еді? Сөз  жоқ, Маршалл, Эйзенхауэрмен  бірге  жұмыс  істеудің  барысында, оның  барлық  іскерлік  қабылеттерін  тани  білді. Эйзенхауэрдің  жеке  қасиеттері: сабырлылық, орнықтылық  және  өзіне  тарта  білерлік  қасиеттері  де  үлкен  роль  атқарғаны  сөзсіз. Өйткені  одақтастар  арасында  дипломатиялық  проблемаларда  туындайтыны  әбден  мүмкін  тұғын. Бұл  кандидатураны  таңдау  мәселесіне  ағылшын  жағының  пікірі  де  тыңдалып, қызу  қолдауға  ие  болды. Рузвельт  пен  Маршаллдың  өзара  бірігіп  қимыл  жасаудың  маңыздылығына  айрықша  мән  бергенін  бағамдау  қиын  емес. 1942  жылдың  маусымында  жаңа  жоғарғы  әскери  лауазымға  тағайындалған  Д. Эйзенхауэр  Европаға  өзімен  бірге  таңдаулы  әскери  мамандарды: ойлы  да  салихалы  штаб  генералдар  Марк  Кларкты, Уолтер  Беделл  Смитті, майор  Текси  Лиді, Әскери  Әуе  күштерінің  жас  офицері  Гарри  Батчерді  шақырды. Бұл  адамдардың  барлық  іскерлік  қабылеттері  мен  адами  қасиеттері  Дуайтқа  мәлім  еді. Лондонға   келісімен  Д. Эйзенхауэрдің бірінші  баспасөз  конференциясы  ағылшын  және  американ  журналистері  үшін  берілді. Айктың, өзін  өзі  еркін  де  табиғи  ұстауы  журналистер  үшін  өте  жағымды  әсер  етті.22

Д. Эйзенхауэрдің  алдында  өте  күрделі  міндет  тұрды. Бұл  американдықтардан, ағылшындардан, канадалықтардан  тұрған  маңызды  ұрыстық  міндеттерді  шеше  алатын  қарулы  күштерді  құру  жоспары  тұғын. Фашистік  Германия  басып  алған  елдердің  әскери  мамандарын  тартуда  көзделді. Ұлттық  ерекшеліктер  мен  дәстүрлер, әртүрлі  елдер  генералдарының  арасындағы  бәсекелестік  те  үлкен  мәселе  тудыратынын  Эйзенхауэр  түсінетін. Ол  тіпті  тәрбие  жұмыстарымен  де  тікелей  айналысып, ағылшындардың   ұлттық  намысына  тиетін  сөздер  айтқаны  үшін  бірнеше  офицерді  кейін  қайтарып  жіберді.

Эйзенхауэрдің  кандидатурасы  іскерлік  тұрғысынан  да  сәйкес  келетін. Ол  жалпы  әскери  генерал  болды  және  нақ  осы  құрғақтағы  армия  шешуші  роль  атқаратын  еді. Осындай  күрделі  әскери  акцияны  өткізу  үлкен  дайындық  жұмыстарын  талап  етті. Штабист – Эйзенхауэрдің  көп  жылдық  тәжірибесі, оның  ұйымдастырушылық  білігі  де  кәдеге  асты. Болашақ  соғыста  авиация  мен  танкілік  әскерлердің  шешуші  роль  атқаратыны  белгілі  болса, мұнда  да  -  Эйзенхауэр  таптырмайтын  теоретик  әрі  практик  еді. Дегенмен  Эйзенхауэрдің  алдында  да күрделі  мәселелер  тұрды. Оның  ұрыс  тәжірибесі  жоқтың  қасы  тұғын, ол  тіпті, әскери  уақытта  ротаныда  басқарып  көрмемті. Оның  есімі  де  әлі  алған  лауазымына  сай  жоқ  еді. Ақырғы  соңында  Эйзенхауэрдің  жақында  ғана  генерал – майор  атағы  беріліп, оның  қарамағындағы  366  генералдың  атағы  одан  жоғары  болды. Бұл  уникальды  құбылыс  еді.

Лондондағы   уақытына  Дуайт  өте  ұқыпты  қарады. Шақыруын  қабылдаған  бірден  бір  адам  ағылшын  премьері  У. Черчилль  болды. Әрбір  аптаның  сейсенбі  күні, олар  Даунинг – стрит, 10 да лэнч (сәскелік  ас) үстінде  кездесетін. Черчилль  оны  тұрақты түрде  қонақасына  шақырып  отырды. Олардың  арасында  нағыз  шынайы, өзара  ықыласты  сұхбат  жүрді.23

1942  жылы  7 – шілде  де  Эйзенхауэрге  уақытша  генерал – лейтенант  атағы  берілді. Оның  әскери  мансабы  теңдесі  жоқ  жылдамдықпен  өсті. Он  алты  айдың  ішінде – оның  әскери  шені  төрт  рет  өсірілді. 1942  жылдың  шілдесінде  Лондонға  Маршалл, АҚШ  әскери  теңіз  күштерінің  бас  қолбасшысы  адмирал  Эрнст  Кинт  және  АҚШ  президенті  Рузвельттің  жеке  өкілі  Гарри  Гопкинс  келді. Ағылшын – американ  келіссөздерінің  барысында  күн  тәртібінде  екінші  майдан  ашу  мәселесі  қойылды. Маршалл  мен  Эйзенхауэр  Ла – Манш  арқылы  өтіп, тікелей  Германияға  соққы  беру  жоспарын  қолдады. Ағылшындар  болса, майданды  Солтүстік  Африкадан  атуды  ұсынды. Ұзаққа  созылған  талқылаулардан  кейін  1942  жылы  екінші  майдан  ашу  мәселесі  кейінге  қалдырылды. Американдықтар  ағылшын – американ  әскерлерінің  Африканың  солтүстік  жағалауларына  басып  кіруге  келісті. Бұл  белгілі  бір  дәрежеде ағылшын  ұсыныстың  өткендегін  білдіретін.

Информация о работе Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда