Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2015 в 10:26, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі 1991 жылдан кейін Евразияның саяси картасының түпкілікті өзгеруіндегі тұлғалардың рольін қайта бағамдау қажетінен туындаса керек. Адамзат тарихындағы екінші – дүние жүзілік соғыстың тағылымдарын үнемі сараптап отыру әрбір жаңа ұрпақтың алдындағы қажырлы міндет. Екінші дүние жүзілік соғыста Америка Құрама штаттары елеулі роль атқарды
І – тарау. Эйзенхауэр тұлғасының қалыптасуы
1.1 Д.Эйзенхауэр әулеті. Эйзенхауэрдің балалық және жастық шағы
1.2 Д.Эйзенхауэрдің әскери мансабының басталуы
ІІ – тарау. Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда
2.1 Д.Эйзенхауэр соғыс жылдарында
2.2 Д.Эйзенхауэрдің президенттік қызметі
2.3 Тақырыпты оқытудың әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
І – тарау. Эйзенхауэр тұлғасының қалыптасуы
1.1 Д.Эйзенхауэр әулеті. Эйзенхауэрдің балалық және жастық шағы
1.2 Д.Эйзенхауэрдің әскери мансабының басталуы
ІІ – тарау. Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда
2.1 Д.Эйзенхауэр соғыс жылдарында
2.2 Д.Эйзенхауэрдің президенттік қызметі
2.3 Тақырыпты оқытудың әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі 1991 жылдан кейін Евразияның саяси картасының түпкілікті өзгеруіндегі тұлғалардың рольін қайта бағамдау қажетінен туындаса керек. Адамзат тарихындағы екінші – дүние жүзілік соғыстың тағылымдарын үнемі сараптап отыру әрбір жаңа ұрпақтың алдындағы қажырлы міндет. Екінші дүние жүзілік соғыста Америка Құрама штаттары елеулі роль атқарды. Осы кездегі АҚШ – тың саясатына ретроспективалық шолу жасау қызықты да тағылымды. Әсіресе, Соғыс жылдарындағы Батыс Одақтастардың қолбасшысы Дуайт Эйзенхауэрдың қызметіне баға бере отырып мұны бағамдау өзін өзі ақтайды. Батыс Одақтастардың әскери – саяси иерархиясында Д.Эйзенхауэрдың орны салмақты еді. Европадағы Батыс Одақтастардың экспедициялық күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы лауазымындағы оның қызметі АҚШ – тың 1950 жылдардағы ішкі және сыртқы саясатының өзіндік алғышарты еді. Соғыс жылдарында Д.Эйзенхауэрдің саяси қайраткер ретінде қалыптасуы жүрді. Осы жылдардағы оның қызметіне талдау жасау НАТО қарулы күштерінің Бас қолбасшысы ретінде Эйзенхауэрдің саясатын дұрыс бағалауға, 1953 – 1961 жылдары АҚШ – тың президенті қызметін атқаруы кезеңіндегі оның саяси бағытын түсінуге жәрдемдеседі.
Ұлы Отан соғысы әлі күнге дейін барлық қоғамдық ғылымдардың назарында. Кеңес Одағының ыдырауымен Ұлы Отан Соғысын объективті зерттеуге мүмкіндіктер алынды. Соған қарамастан қызу пікірталастар толастар емес. Айта кету қажет, Батыс тарихшылары да, қазіргі Ресей тарихшылары, Қазақстан тарихшылары да екінші дүние жүзілік соғыстың объективті картинасын қалпына келтіру үшін көп еңбек етті.1
Кеңестік және Қазақстандық тарихи әдебиетте Д.Эйзенхауэрдің өмірі мен қызметіне арналған арнайы зерттеу монографиясы жоқ. Біздің диплом жұмысымызда оның әскери – саяси және мемлекеттік қызметінің негізгі бағыттарын айқындау міндетін қойдық. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Д.Эйзенхауэрдің қолбасшылығымен жүргізілген одақтастардың әскери операцияларына талдау жасау - әскери тарихшылардың біліктілігінде. Біз бұл салада маман болмағандықтан Д.Эйзенхауэрдің әскери қабылетіне баға беруден бойымызды аулақ ұстадық. Айта кететін нәрсе, батыс тарихнамасында Д.Эйзенхауэрдің қолбасшы ретінде рольін асыра бағалайтындар жеткілікті. Олай дейтін себебіміз, қарамағындағы одақтастар әскеріне басшылық жасап, әскери операцияларды жүзеге асырғанда, қарсыластарына қарағанда оның әскерінің материалдық және техникалық әлуетінің әлдеқайда басым болғанын ескеру қажет. Бұлай болатын себебі, кеңес – герман майданындағы аса ірі шайқастар бұл кезде артта қалған еді. Москва, Сталинград, Курск даласындағы шайқастарда және 1944 – 45 жылдардағы әскери операциялар кезінде Герман әскерлерінің сағы сынған болатын, олар сондай – ақ, ауыр моральдық – саяси жеңіліске ұшырады.
Біз диплом жұмысымызда Д.Эйзенхауэр қызметінің әскери аспектісінен гөрі, саяси аспектісіне ден қойдық. Оның президенттік кезеңі – 1953 – 1961 – кеңес – американ қатынасындағы маңызды белес. Белгілі бір дәрежеде президенттің інісі Мильтонның: Эйзенхауэр кеңес – американ қатынастарына үлкен мән берді деген пікірмен келісуге болады.2 Осы жылдардағы үміттер мен кірбіңдер тарихтың тағылымды тәжірибелері. Батыс тарихнамасында Д.Эйзенхауэр дәуірін – бейбітшілік жылдары, бітімгер ретінде бағалайды. Алайда, мәселе бұдан да терең зерттеуді талап етеді.
Д. Эйзенхауэрдің саяси қызметі, «қырғи қабақ соғыс»жылдарынан бастау алып, оның НАТО блогы қарулы күштерінің бірінші Бас қолбасшысы болған уақытына сәйкес келеді. Бұл кезеңде АҚШ халықаралық аренада бірінші және алдыңғы шептерге шыққан еді. Осы бір әскери саяси бағытта «күш факторы» маңызды роль атқарды. «Күш позициясынан» саясат жүргізудің шебер орындаушысы рольіне барынша сәйкес келген АҚШ пен Батыс үшін жеңімпаз Д.Эйзенхауэр болды. 1970 – 80 жылдары Эйзенхауэр қызметінің осы қырларына қатысты маңызды құжаттар жарыққа шықты. Бұл құжаттар Эйзенхауэр қарамағындағы Әскери Әуе күштерінің генералы К.Спаатстың Орталық Европа мен Шығыс Германияда авиациялық соққылар беру туралы штаб бастықтары комитеттерінің 1945 жылдың 24 – қаңтарындағы директивалары еді. Директиваның мәні Кеңес Қарулы Күштеріне жәрдем көрсету желеуімен олардың Батысқа жылжуын қиындату, Кеңес ықпал аймағына жататын аудандардың экономикасын бүлдіру болды. 1945 жылдың соңында Эйзенхауэрдің штабы Кеңес Одағына 20 атом бомбасын тастау және Европада КСРО мен соғысудың «Тотэлити» жоспарын жасады. Эйзенхауэр 1949 жылы штаб бастықтары комитетінің арнайы комиссиясы дайындаған «Дропшот» жоспарына белсенді қатысты, ол бойынша социалистік елдерге қарсы және оларды оккупациялау үшін тотальды ядролық соғысты тұтандыру көзделді.3
Мұның барлығы да Д.Эйзенхауэрдің бейбітшілікті құрушы деген образына сәйкес келмейді. Эйзенхауэрдың президенттігі жылдары ауыр антисоветтік рецидивтер болып тұрды.1960 жылы Свердловск облысындағы тыңшы – ұшақ «У – 2» нің атып түсірілгені де жеткілікті. Мұндай саяси арандатулар кеңес – американ қатынасын күрт шиеленістірді. Кеңес Одағының агрессивтік саясаты да бұған түрткі болды. Дегенмен екінші дүние жүзілік соғыстың ауыр жылдарында кеңес – американ ынтымақтастығының тарихы белгілі бір дәрежеде генерал Д.Эйзенхауэрдің қызметімен байланысты, оның барысын зерттеу,- сөз жоқ үлкен қызығушылық тудыра бермек.
Д.Эйзенхауэрдің президенттігі – американ тарихының тағылымға толы кезеңі. Бұл жылдары « салқын соғыста» шырқау шыңына жетті. Д. Эйзенхауэрдің саяси өмірбаяны өткеннің материалдары негізінде екі «астам держава» арасындағы «салқын соғыстың» ешқандай болашағының болмағандығынан хабардар береді. Қазіргі НАТО мен Ресей және Қазақстан арасындағы қарым қатынастарды бағамдауға да жәрдемдеседі. Соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы Д.Эйзенхауэрдің көзқарастарына талдау жасау, оның ең бірінші кезекте АҚШ – тың глобальды мүдделерін қорғаушысы ретінде көрінетіндігін білдіреді.
Диплом жұмысын дайындау барысында кеңес одағында жарыққа шыққан негізгі деректер мен әдебиеттер пайдаланылды. Қайта құру жылдарында Орталық басылымдарда Д.Эйзенхауэрдің өмірі мен қызметіне қатысты бұрын беймәлім болып келген материалдар жарыққа шықты. Абилиндегі (штат Канзас) Дуайт Эйзенхауэр кітапханасының материалдарымен кеңес жұртшылығы алғаш рет танысты. Эйзенхауэрдің ұлы Джон Эйзенхауэр әкесі туралы екі өмірбаяндық кітап жазды. Диплом жұмысын жазудың барысында, өкінішке орай тақырыпқа қатысты Қазақстанда бірде бір еңбектің жарыққа шықпағандығының куәсі болдық. Сондықтан осының орнын толтыру барысында, біз аталған тақырыпты таңдап алған едік. Тақырыптың негізгі өзектілігіде осында болса керек.
І – тарау. Д. Эйзенхауэр тұлғасының қалыптасуы
1.1 Д.Эйзенхауэрлер әулеті. Д. Эйзенхауэрдің балалық және жастық шағы
Д.Эйзенхауэрдің ата бабаларының тегі Германиядан шыққандар еді. Олар протестанттардың менониттер сектасына жататын. Діни қуғын – сүргіннен қашып Эйзенхауэрлер әуелгіде Швейцарияға, ал 1741 жылы Солтүстік Америкаға, Пенсильванияға қоныс аударды. Болашақ президенттің анасы жағынан ата бабаларыда Европадан Америкаға қашқан протестанттар еді. Олар 1730 жылдан бастап Вирджинияда тұрды. Бұл әулеттің шежіресіне қарап отырсақ, олардың тамырларындағы неміс, ағылшын, скандинавтардың қанын айқын байқауға болады.
Д. Эйзенхауэрдің атасы Якоб Эйзенхауэр өзі тұрған елді мекен Элизабетвилде (Пенсильвания) «Өзен бауырластығы» деп аталған сектаның басшысы міндетін атқарды, өйткені оның мүшелері өзен бойын мекендейтін. Секта мүшелерінің басым көпшілігі қарапайым егіншілер тұғын. Тұрмыс пен киім киістегі, жүріс – тұрыстықтағы қарапайымдылық; аса ауыр күнә ретінде соғыстан безу, бас тарту – олардың өмірлік кредосын құрайтын. «Өзен бауырластығы» мейлінше тұйық өмір сүргенімен ХІХ – ғасырдың 60 – 70 жылдарындағы қарқынды даму, капиталистік қатынастар үстемдігі секта мүшелерінің ішінде де әлеуметтік жік тудырып, жартылай патриархальдық дәстүрлердің бұзылуына алып келді. Якоб Эйзенхауэр бұл жылдары салыстырмалы түрде – ауқатты адам болды.
1861 – 1865 жылдардағы Азамат соғысынан кейін Якоб Эйзенхауэр мен оның сектасы мүшелері алыстағы Канзас штатына жол тартты. Солтүстік пен Шығыстан келген қоныс аударушылар үшін мұнда жаңа мүмкіндіктер ашылды. Көп ұзамай қоныс аударушылар Канзас штатының Лекомптан елді мекенінде өз колледжін ашты. Осы колледждің ең алғашқы студенттерінің бірі Якоб Эйзенхауэрдің ұлы – Дэвид, яғни болашақ Дуайт Эйзенхауэрдің әкесі болды. Колледжде Дэвид инженерлік істерді үйренді. 1885 жылы Дэвид өзінің курстасы Ида Стауэрге үйленіп, мұралыққа 100 акр жер мен 2 мың доллар алған болатын. Алайда, уағызшының баласы фермер болғысы келмей, өзінің жеке ісін ашады, бірақ оның компаньоны алаяқ болып шығып, ол барлық ақша – мүлкінен айырылады. Күйзеліп масқара болған Дэвид Эйзенхауэр Техас штатына күн көріске кетіп, болмашы жалақыға темір жолшы болып орналасады. 1886 жылдың 11 – қарашасында жас жұбайлардың тұңғышы Артур дүниеге келеді. Дэвидтің бизнестегі екінші әрекеті де сәтсіздікке ұшырайды. «Әкем, - деп еске алатын Дуайт Эйзенхауэр, - екі рет сәтсіздікке ұшырады, бірақ шешем күлетін де қоятын және онан сайын еселей жұмыс істейтін»4
1889 жылдың 19 қарашасында жас отбасында келесі бір ер бала – Эдгар дүниеге келсе, 1990 жылы үшінші ұл болашақ президент – Дэвид дүниеге келді. Жас семьяның Техастағы өмірі оңай болған жоқ. 1891 жылы Эйзенхауэр отбасы Канзас штатына қайтіп оралып Абилин қалашығында тұрақтайды. Дэвид жергілікті май шайқағышта механик болып жұмысқа орналасады. Оның айлық жалақысы 50 доллар, бұрынғы теміржолшылығынан көп еді, бірақ ол «өзін қызықтырған іспен айналысуға деген идеяның»5 жетегінде бола берді.
ХІХ – ғасырдың соңында Абилин бар болғаны 5 мың тұрғыны бар шағын қалашық еді. Ол темір жолдың Батыстағы соңғы станцияларының бірі болды. Бұрынғы ковбойлар қаласы Батыстағы маңызды темір жол тарабына айналды. Қалашық сондай – ақ, қылмыстың ошағы болды. Абилин полициясы бастықтарының көпшілігі өз ажалынан өлмейтін. ХІХ ғасырдың соңында қаладағы тәртіп орнатуға тырысқан полиция бастығы – Тазы Билл туралы аңыз елдің есінде ұзақ сақталды. Ол елу қылмыскерді өз қолымен атып өлтіріп, өзі де 1870 жылы қылмыскерлер қолынан қаза тапты.
Эйзенхауэр Абилин қаласына деген сүйіспеншілігін өмір бойы сақтады. Оған бұл қалаға келу, дос жарандарымен кездесу, кафе барларға бару, ескі таныстармен бірге бір сәт отыру ұнайтын. Д.Эйзенхауэрдің керемет әскери мансабы Абилинді дүр сілкіндірді. Д. Эйзенхауэр Европадағы одақтастар қарулы күштерінің бас қолбасшысы болған кезде оған Абилиндік жерлестері тарапынан хаттар толастамайтын. Ал Д.Эйзенхауэр уақыт тауып, оған жауап беруге тырысатын. Мақтаныш сезімі кернеген абилиндіктер, тіпті, «Эйзенхауэр күнін» ұйымдастырды. Бұл күндері Эйзенхауэр портреттері көшелерге молынан ілінетін. Эйзенхауэр үшін көрсетілген мұндай қошемет, әрине, оған ғанибет болып, жан дүниесін қобалжытатыны да растын. Бұған ол сыпайылықпен «Егер абелиндіктер мені дәріптеп, атымды атамай, титулым бойынша ұлықтайтын болса, онда мен үйге келгенде өзімді жат адамдай сезінетін боламын. Әскери шеннің ең жаман жері, ол адамды оқшауландырады, ал бұл – жолдастық қатынасқа кедергі жасайды. Мен үйде бұрынғы жолдастарыммен болғым келеді»6 Сондықтан ол Абилинде болған кезде, ешуақытта генерал формасын киген емес.
Эйзенхауэрлер отбасы, мейлінше қарапайым тіршілік етті. 1882 жылы Рай, 1894 жылы Поп, 1898 жылы – Эрл, 1899 жылы кенже інісі – Мильтон дүниеге келді. Сонымен, Эйзенхауэрлар отбасында алты ұл дүниеге келіп, бірде – бір қыз бала болған емес. Үлкен отбасын асырау ата – аналарға оңайға түспегенге ұқсайды. Эйзенхауэрларда ешуақытта артық ақша болған емес. Алайда, 1898 жылы Эйзенхауэрлар отбасында маңызды жаңалық болды. Дэвид пен Ида Абилин қаласындағы екі қабатты сәнді үйдің егесі болды. Бұл үйді Батысқа қоныс аударған Дэвидтің ағасы Авраам қалдырып кетті. Келісім бойынша белгілі бір мерзімге аренда құнын төлегеннен кейін – Дэвид біржолата үйге иемденетін болды. Эйзенхауэрдің материалдық жағдайлары жақсарғанымен, әлеуметтік жағынан өзгерістер бола қойған жоқ. «Эйзенхауэрларды білгендердің барлығы силағанымен, олардың ешқандай әлеуметтік мәртебесі жоқ еді. Олар қарапайым, кедей адамдар болды»7
Канзасты шарпыған ХІХ – ғасырдың аяғы ХХ – ғасырдың басындағы әлеуметтік дауылдар Абилиндегі, оңтүстік – шығыс көшесі, 4 – үйді айналып өтті. «Өзен бауырластығы» сектасының дәстүрлеріне сәйкес Ида мен Дэвид балаларын діни догмалардың қатаң шеңберінде тәрбиеледі. Эйзенхауэрлердің үйінде дін, сенім ғана емес, сондай – ақ, болашақ президент бойына сіңірген қасиетті дәстүр болды. Ол атеизм мен коммунизмнің ымырасыз қарсыласы екенін атап өткенді тәуір көретін. Оның бірде: «Мен, мен білетін адамдардың ішіндегі ең діндарымын» дегені бар.
Ата аналары, балаларын үй шаруашылығындағы міндеттерін атқаруға, оның ішінде тамақ дайындауға да үйретті. Д. Эйзенхауэрдің өмірбаяны зерттеушілер, оның егде тартқан шағында да, асханада бірнәрсені пісіріп әуре болғанды ұнататынын атап көрсетеді. Дэвид өте білімдар, оқымысты болып қалыптасты. Ол ағылшын және неміс тілдерін кіршіксіз меңгерді, грекше еркін оқыды. Сабырлы да салиқалы Дэвидтің балаларымен айналысып, тәрбиесіне мән беретіндей немесе уағыз айтатындай жағдайы да болған емес. Еңбексүйгіштікке жеке өнегесімен үлгі көрсетті. Соған қарамастан семья басшысының өмірде қол жеткен табысы мардымсыз еді. Дегенмен қайтпас қажырлылық танытқан Дэвид Эйзенхауэр, 1904 жылдың 31 желтоқсанында инженерлік диплом алуға қолы жетті. Бұл Дэвидтің өмірдегі орнығуының куәсі ретіндегі бағалы реликт ретінде әлі күнге дейін Д.Эйзенхауэр музейінде тұр.
Эйзенхауэрдің балалары жастайынан темірдей тәртіпке, еңбек сүйгіштікке тәрбиеленді. Абилин газеті редакторы Харгер былай деп еске алады, балалар «бау бақша өнімдерін сатып, мектепке қажетті киім кешек пен басқа нәрселерді өздері табатын». Ауқатты отбасының әйелдері балалардың өнімдерін сатып алуға барынша кінәмшіл болып, алған құрлы мазасын алатын. Зерттеуші Маркус Чайлдстың айтуынша, бұл «ағайынды бауырлар үшін жеккөрінішті жұмыстар еді»8 Бұл жұмысты бәрінен де жақсы атқарған Дуайт еді, оның қоршаған ортаға бейімделгіштігін зерттеушілер жазады. Кейіннен өзімен Маккартурдың айырмашылығын айта келіп Эйзенхауэр «Ол – аристократ. Маған келер болсақ, мен қарапайым отбасынан шыққан адаммын».9
Информация о работе Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда