Бейнелеу өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 21:30, курсовая работа

Краткое описание

Сурет тарихы бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Сурет – бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден – бір куәгер. Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын, адамзаттың әдет – ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы – мұңы мен таңдай қақтырар, тамсандырар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан – жануар дүниесінің алуан түрлілігін танып білеміз.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І. Теориялық бөлім.......................................................................
1.1 Бейнелеу өнерінде мүсін өнерінің шығу тарихы.
1.2 Мүсін өнерінің тарихи ерекшеліктері.
1.3 Мүсін өнерінің түрлері, маңызы және қоғамда алатын орны.
1.4 Әр дәуірдегі атақты мүсіншілер және олардың шығармашылықтары.
ІІ. Әдістемелік бөлім
2.1 Мүсін өнерін үйретудің негізгі мақсаты мен мазмұны....................................
2.2 Мүсінмен жұмыс істеуге арналған аспаптар мен тетіктер.............................
2.3 Бейнелеу өнері жанрында сабақ өткізудің әдістемесі......................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 288.49 Кб (Скачать документ)

Д а м ы т у. Суретші  ойларын көптеген нобайлар арқылы алғашқы  ойын соңғы ойынан өзгеше кескіндеуі, әрбір қолданылған қуатты бір-бірінен  асып құбылып отырса, дасыту болады.

Т ү й і н д е  у. Көркем шығарманы кескіндеп суретін немссе түрлі реңді үйлесімділігі ерекше ықыласпен орындалса, бұрын соңды шығармалардан кездеспеген ерекше көрікпен зерделенсе, мұндай шығармашылық түйіндеу деп аталады. Түйіндеу деп орындалған көркем шығармадағы әсерлі сызықтармен сомдалып құралған түрлі реңдердің әсері өте күшті болады. Себебі, мұндай шығармалар көрермен көңілін еріксіз тартып, ілтипатқа еріксіз бөленеді. Көркем шығармаға көрермен еріксіз назар аударғанда біраздан соң ілтипаты ыдырай, сирей түседі. Мысалға, көрермен көркем шығармадағы топ адамдарды көргенде назар топқа түскенде жеке-жеке қабылданбайды. Сондықтан, шығарма бейнеленген көптеген кейіпкерлердің әрқайсысының түр-түстерін, киген киімін, мінген аттарының түсін т.б. бірден байқай алады. Ал адамның қабілеті шығармадағы бейнеленген кейіпкердің жүзіне, шығаруына, кескін-кейпіне, дидарына т.б. ерекшеліктеріне назар аударып анық байқайды.

Айтылғандардан шығатын  қорытынды – суретші белгілі  бір шығармасында көздеген нысанасын, ой мақсатын қандай көркемдік эстетикалық  мақсатпен бейнелесе де, характерлер  тудыратын әрекеттердің кез келгені  көркем шығарманың құрылысына әсер етуге  ғана емес, жалпы реңдердің мүсін  өнеріндегі көркемдік болмыс бітімімен  туындайтын терең ойды да бейнелеуге қабілетті екенін ерекше ескерген жөн.

Ә д і п т е у. Көркем шығарма жағы бір оқиғаны немесе образдың тұрпатын, әрін, кескінін, нысанын, реңін, нобайын т.б. суреттеу әдіптеу  деп аталады.

Көркем шығарманың бүкіл  нұсқасын, реңдік ажар көркін, рәсімін  түгелдей тұтас әдіптеуге де болады. Бірақ әдіптеме түрлі кескіндемелерден немесе реңдік арқылы суреттелетін, яки  өнер жүзінде назар түсірерлік көрнекі  нәрселер ғана.

Әдіптеудің негізгі жолдары:

  1. Бір нәрсені әдептеуден бұрын сол нәрсені әбден анықтау керек, яғни көрнекті болуын көрермен назарын бірден аударарлықтай қандай белгі, ерекшеліктері барын білу керек. Нәрсені анықтағанда ірілі-ұсақты белгілердің барын түгендеп жатып қажеті жоқ, ең басты көрнекті ерекшеліктерін, нысанының ажарландырып көрсететін реңін ғана ескеру қажет.
  2. Ерекше белгілерін бет-бетіне белгілей бермей, өңіне, орнына, үйлесіміне, мүсін нұсқасына қарай дұрыс тұрпаттап, сыңайына қарай көрерменнің қиял салауатына дәл түсерліктей етіп суреттеу қажет.
  3. Қажетті жерінде нәрсенің немесе келбеттің, не оқиғаның тигізер әсерін ерекше өңдеп, айрықша икөрсетуге тырысқан жөн.

Мүсін үйлесім реңдердің  үйлесімділігі. Рухани қазынамыздың ішінен мүсін өнеріне ерекше ден қойып, оның ішінде түрлі реңдердің ерекше сипаттарын арнайы әңгіме етпекпін. Мысалға, «Музыканы ұлттық таным түсінікпен тыңдау, музыканың семантикасын ұлттық сезім тілмен жору арқылы шынайы парқын болжауға болады» дейді жазушы А.Сейдімбеков.

Сөз жоқ, дәл осындай талғамды мүсін өнерінің реңдік тегін, шығу тарихын, дүниеге келу себептерін білуді, синкритті  қасиеттерін саралап тануды қажет  етеді.

Мүсін түрлі реңдерден  құралған нәрсе болғандықтан, оның ажарлы, көрнекті де көріксіз құрылуы  мүмкін. Түрлі реңдердің көзге  сүйкімді болып көрінетіні сияқты, көркем шығармадағы түрлі реңде де  көрерменге көрікті не көріксіз болып қабылданады.

Мүсін үйлесімділігі деп  нені айтады? Үйлесімділік деп рең  жайында айтсақ, реңдердің ішіндегі өнердің көзге көрікті, шырайлы, сұлу да ажарлы болып көрінуін және өзара бір-бірінен үйлесім тауып  жұптасуын айтамыз. Мүсін үйлесімділігі  дегеніміз суретшінің өз шығармасында түрлі реңдердің образ танымын  терең саралап бейнеленуі, яғни суретшінің мақсатына, шеберлігіне ғана емес, өмірді қаншалықты терең зерттеп білуіне  тікелей байланысты.

Асылы мүсін үйлесімділігі  көркем туындының толайым тұтастығынан туындаған зипалы реңдер мен көркем тұлғаның өзіндік үйлесімділігі  бір-бірінен алшақ, керағар келетін  ұғымдар емес, қайта бірін-бірі толықтыратын, кемелендіретін, һәм сәулелендіретін, сөйтіп барып суретші нысанасына бейнеленетін нақтылы жүйелер. Мұнда  мүсін үйлесімділігі аспан мен  жердің арасындағы қалқыған астарлы  қиял ғана емес, зерделенуге тиісті халық өнерінің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүсінмен жұмыс  істеуге арналған аспаптар мен тетіктер

 

 

Пішіндеу. Жоғарыда айтып  өткендей, «скульптура» сөзі қашап  жасауды немесе шекуді білдіргенімен, қазіргі заманғы мүсіншінің жұмысы іс жүзінде әрдайым пішіндеуден, дене күші жағынан біршама жеңіл, ең бастысы – жасау барысында  кез келген түзетулер мен қайта  жөндеулер жасауға мүмкіндік  беретін процестен басталады. Егер таста жұмыс істеген кезде  өте сақтық жасау қажет болса (шауып алынған кесекті қайта  орнына қоя алмайсың), ал сазбалшықты  пайдалану кезінде мұндай мәселе болмайды. Сазбалшық – мүсіншінің қиялында пайда болған ойдың нобайын  тез жасауға мүмкіндік беретін  бірінші материал. Саусақтармен жұмыс  істегенде, созылымды пластикалық  материалды сезіне, түйсіне отырып, мүсінші өзі жасап жатқан формаларды қолдарымен бейне бір көріп тұрғандай  қабылдайды.

Ұлы француз жазушысы А. Франс  бірде мүсінші О.Роденге өз коллекциясынан бір ежелгі салбазшық статуэтканы  көрсете отырып, былай десе керек: «Салбалшық тынымсыз қимылдаған саусақтардан... әлі жып-жылы сияқты... Суретші ... сазбалшықты  жақсы көреді – ол саусақтардың астында жанып тұр».

Сонымен, сазбалшық –  табиғаттың өзі жасаған ең жақсы  пластикалық скульптуралық материал.

Мүсінші үшін сазбалшықтың аса құнды сапасы – оның иілімділігі, яғни жұмыста серпімді созылғыштығы және оған берілген форманы сызат-жарықшақ түсірмей сақтай алу қабілеті. Бұл  материалдың икемділігі ең алдымен  оның механикалық құрамымен, атап айтқанда онда құмның болуымен анықталады. Өте  аз мөлшерде құм араласқан сазбалшықтар майлы, ал көп құм араласқан сазбалшықтар жұтаң сазбалшықтар деп аталады. Жұтаң сазбалшық пішіндеу үшін мүлдем жарамсыз, олар дөрекі әрң иілімді  емес. Бірақ кейбір майлы сазбалшықтардың кемшіліктері болуы – өз құрамында лай мен органикалық қоспалардың болуы мүмкін, соңғылары тіпті зең пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Мүсін жасайтын сазбалшықтың сапасын жақсарту үшін оны жел  өтінде және суықта ұстайды, бұл үшін жүйектеп үйеді де ашық аспан астында  бірнеше ай қойып қояды. Желдің, жаңбыр мен аяздың әсерімен сазбалшық неғұрлым нәзік құрылымға ие болады да иілімді  бола түседі. Мүсін жасайтын сазбалшықтың екінші бағалы сапасы оның мүмкіндігінше  ұзақ кебетіндігі, ал кепкенде мүмкіндігінше  аз шөгетіндігі болып табылады.

Бұл сапаларды жақсарта түсу үшін сазбалшыққа қандай да бір кеппейтін  өсімдік майын, мысалға үпілмәлік  майын (касторка), сондай-ақ сазбалшықтың бүкіл салмағының 1,5 – 2%-ындай крахмал  немесе декстрин желімін қосады. Кейбір мүсіншілер сазбалшықты сумен емес, қайнатылған сабан суымен сулайтын көне әдісті қолданады.

Сазбалшық мейлінше алуан  түрлі түстерде болады, мұның өзі  оның құрамында бояғыш минералдардың, мысалы, темір тотығының, көміртек қосылыстарының және басқалардың бояуымен байланысты. Бояу түсі ақ, сары, бурыл, қара және жасыл  болуы мүмкін. Мүсін жасаук жұмыстары  үшін бәріненде сұр-жасыл немесе сарғыш өңді сазбалшықтар жақсы.

Сұр-жасыл және сұрғылт-ақшыл  «күміс» сазбалшық мейлінше иілімді  болады. Ең жақсы сазбалшықтар Ленинград  түбіндегі Пулково шоңыларында  және Москва облысының Гжели және Кудинов аудандарынан алынады. Олар, әрине, басқа жерлерде де бар.

Пішіндеу үшін сазбалшықты  арнайы дайындайды. Бұлаң дайындаудың  алуан әдістері бар, тегінде ең қарапайымын  және жақсысын белгілі кеңес мүсіншісі  А. Голубкина ұсынған болатын.

Құрғақ сазбалшықты мықты  ағаш жәшікке немесе кеспекке төгеді де сазбалшық судың бетіне кішкентай  аралдар сияқты шығып тұратындай етіп су құяды. Сазбалшық біртіндеп  суланып, мүсіншінің қолына икемді юола түседі. Оны жәшікте беті тегіс  күйде тұрмай, ойлы-қырлы, яғни мүсіншінің қол іздері қалатындай етіп ұстау  керек. Сонда жәшіктегі сазбалшық, түрлі тығыздықта – ең жұмсақтан  ең қаттыға дейінгі тығыздықта болады, сөйтіп түрлі формаларды жасау үстіндегі  жұмысты қажетсінуіне қарай лайықты  сазбалшықты мүсіншінің қолы өзі  іздеп табады. Мұндай сазбалшық мүсіншінің палитрасы сияқты болады. Таңдап алу  үшін, дайындалған сазбалшықтың мөлшері  сол жұмысқа қажет болуы мүмкін мөлшерден әрдайым көбірек болуға тиіс.

Кейде мүсіншіге кеппейтін  сазбалшық қажет болады. Мұндай кезде  оны жай сумен емес, 2-3%-тік хлорлы кальций қосқан сумен езеді. Хлорлы кальций суды ауадан өз бойына үздіксіз сіңіріп тұрады да сазбалшық кеппейді. Бұл әдістің нашар жері сол, хлорлы кальций қолдың терісіне зиянды әсер етеді. Басқа әдіс те қолданылады: сазбалшыққа мұнай өнімдері, мысалы, тавот қосылады. Мұндай қоспа эглин деп аталады. Бірақ эглин тым майлы, таза сазбалшықтай иілімді емес, сондықтан мүсіншілер көп қолдана бермейді.

Үлкен скульптураларды сазбалшықтан пішіндейді. Детальдарды өте нәзік  жасауды талап ететін шағын формалы  скульптураларды жасау кезінде  әдетте сазбалшықтың орнына пластилинді  қолданады. Бұл суламай-ақ көп мәрте  жұмысқа пайдалануға болатын, кеппейтін  жасанды масса.

Ренессанс суретшімі және өнертанушысы Д.Вазаридің айтуына  қарағанда, оны орта ғасырладың өзінде-ақ қолданған. Оның құрамы сан алуан  болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, оған табиғи немесе минералды балауыз  кіреді.

Пластилин дүкендерде сатылады, бірақ оны жасап алуға болады. Балауыз-сазбалшық пластилиннің құрамы мынадай: жақсы жібітілген скульптуралық  сазбалшықты ауада қақтайды да, еттартқыштан өткізеді. Содан соң қайта қақтап, күні бұрын ыстың сулы ыдыс үстіне салынып балқытылған озокеритпен  немесе тавотпен араластырады. Алынған  қоспаны тағы да екі-үш рет еттартқыштан өткізеді. Аздаған мөлшерде қандай да бір құрғақ пигментті қосады. Содан соң бәрін мұқият араластырады. Егер соның өзінде пластилин қолға  жабысатын болса, оны балқытады  да картоп ұнын қосады. Егер, керісінше, ол тым қатқыл болып шықса, оған техникалық вазелин қосады. Компонеттердің арақатынасы  мүсіншінің қандай сапалы пластилин  алғысы келетініне байланысты.

Мүсінші жұмыс істегенде  аз мөлшерде қарапайым аспаптарды пайдаланады, оларды бала өзі-ақ жасап алуына болады. (1-сурет)

 

1-сурет. Пішіндеуге арналған  аспаптар.

Бұл стекалар – алуан  түрлі формалы қалақшалар, тұзақшалар. Ұзында жүгі бар жіңішке жіп –  тіктеуіштің болғаны жақсы. Стекалар мықты ағаштан (самщиттен, алма ағашынан, шетеннен) сүйектен немесе металдан жасалады. Пластилинмен жұмыс істегенде маймен шыланған шүберек әрдайым қол астында болғаны жөн, онымен пайдаланған стекаларды сүртіп отырады.

 

 

 

 

 


Информация о работе Бейнелеу өнері