Бейнелеу өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 21:30, курсовая работа

Краткое описание

Сурет тарихы бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Сурет – бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден – бір куәгер. Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын, адамзаттың әдет – ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы – мұңы мен таңдай қақтырар, тамсандырар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан – жануар дүниесінің алуан түрлілігін танып білеміз.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І. Теориялық бөлім.......................................................................
1.1 Бейнелеу өнерінде мүсін өнерінің шығу тарихы.
1.2 Мүсін өнерінің тарихи ерекшеліктері.
1.3 Мүсін өнерінің түрлері, маңызы және қоғамда алатын орны.
1.4 Әр дәуірдегі атақты мүсіншілер және олардың шығармашылықтары.
ІІ. Әдістемелік бөлім
2.1 Мүсін өнерін үйретудің негізгі мақсаты мен мазмұны....................................
2.2 Мүсінмен жұмыс істеуге арналған аспаптар мен тетіктер.............................
2.3 Бейнелеу өнері жанрында сабақ өткізудің әдістемесі......................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 288.49 Кб (Скачать документ)

Кіріп өзен жарқабағын.

 

Ойнар құздың өр киігі,

Жез оймақтай тұяқтары.

Жылтырайды құндыз түйгі,

Шұнаң – шұнаң құлақтары.

 

Жамырасып енесімен,

Сүтке тойып ойнақтайды.

Асыл төлді мен өсірген,

Айтшы, кімдер ұнатпайды?

З. Қалауова

Балалар осы өлең арқылы лақтың тынымсыз екенін біліп, оның тастан – тасқа секірген ерке мінезімен  танысады. Оның да бала екенін түсінеді. Балалардың сұрақтарына оқытушы  қанағаттанатындай етіп жауап беру керек. Балаларға үй жануарлары үй жануарлары жақсы таныс болғандықтан, олар өздері де оқытушыларға қызықтарын айтып, тіпті  кейде дауыстарын келтіріп береді.

Балаларды сонымен қатар  адамның көмекшісі – итпен  де таныстыру керек. Оқушылардан  адам үшін иттің қандай көмегі бар  екендігін сұраған жөн. Бұл сонда  балалардың ой – қиялдарын дамытады. Балалар неғұрлым үй жануарларымен  жақсы танысса оларды соғұрлым жақсы  мүсіндейді. тіпті эмоцияларын да келістіруі мүмкін.

5 Түсінік берілген материалды  бекіту: 15 мин

Балаларды қызықтырып әңгімелей  отырып жасған жұмыстарын жинап көрме  ұйымдастыру. Олардың қателерін  айтып, жақсы жерлерін мақтап бағалау.

6 Үйге тапсырма: 2 мин

Аяқтамағандар үйде аяқтап, фигураны мыжып алмай қорапқа  салып алып келу.

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Айдарова З. «Бейнелеу өнері» дидактикалық материалдар. Алматы «Атамұра» 2002ж.
  2. Айдарова З. «Бейнелеу өнері» оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра» 2002ж.
  3. Болатбаев К., Ибрагимов Ұ. «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» Алматы «Мектеп» 1970ж.
  4. Конышева Н. М. «Лепка в начальных классах» Москва «Просвещение» 1985г.
  5. Косминская В. Б., Холезова Н. Б. «Основы изобразительного искусства и методика руководства изобразительной деятельностью детей» Москва «Просвещение» 1987г.
  6. Қаратаев М. Қ. бас ред. «Қазақ Совет энциклопедиясы» Алматы 1976ж. VIII том.
  7. Төлебиев «Сурет сала білесің бе?» журнал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүсін өнерін үйретудің  негізгі мақсаты мен мазмұны

 

 

Адам табиғат сұлулығынан  көркемдік және рухани ләззат алады, дүниетанымын байытады. Оқушылар табиғатты  бейнелеу барысында әр уақытта алуан құбылыстарды байқауға дағдыланады. Табиғат көрінісін салған кезде оқушылардың байқағыштығын, есте сақтау қабілетін, білім дағдысын жүйелі жетілдіруге болады. Табиғатты бейнелеуге оқушыларды баули білудің негізгі мақсаты – далада, ауада табиғаттың сұлу көріністерін, қас-қағым сәттерін бейнелеу, содан алған әсерді жеткізе білу, табиғаттың алуан бейнелерін қағаз бетіне түсіру, мысалы, таңғы сәт, кешкі ымырт, алғашқы қар, бұлтты күн т.б.

Алғашқы кезеңде оқушыларды жас ерекшелігіне байланысты табиғаттың жекелеген көріністерін негізге  ала отырып жеке құбылыстарды ғана бейнелеуге үйрету қажет табиғатты  бейнелеу көлемді іс-тәжірибені қажет  етеді.Күн сәулесінің шағылысуы, ауа райының құбылуы, табиғаттағы сан алуан құбылыстың түстердің үйлесімділігінен тұрады. Осының барлығы оқушыларды қызықтырып ой туғызады, көркемдік шабытқа жетелейді және табиғат көріністерін өз қабілетінше бейнелеуге ықпал етеді.(жалғасы бар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнелеу өнері  сабағында мүсін өнерін үйретудің  түрлері мен тиімді әдістері

 

 

Бастауыш сынып оқушыларына  ең алдымен күнделікті өздерін қоршаған табиғатпен таныстыру міндеті қойылады. Оларға қандай ұғым беріп тілін дамытсақ та, табиғат көрінісінен, әсемдік  әлемінен, жануарлар тіршілігінен мағлұмат беру педагогика ғылымының басты  мақсаты. Себебі, қоғамды табиғаттан бөлек қарауға болмайды. Қоғамда  керекті. Оның дамуына болашақ ұрпақ  тәрбиесі дамуына қажеттінің барлығы  табиғаттан алынады.

Табиғат пен қоғамның осы  байланысын оқушыларға ғылыми тұрғыдан ұғындыру ең алғаш мектеп есігін ашқаннан бастап үнемі жеңілден күрделіге  қарай тәрбиелеу қағидасына байланысты табиғаттың әрбір көрінісін көздеріне  көрсете отырып түсіндіру барысында  іске асырады.

Табиғаттың сұлулығын, әсемдігін  оқып беру арқылы емес, бақылау арқылы түсіндіру барысында көркемдік  тұрғыда ұғындыру қажет. Бұл бастауыш сыныптардағы ғылыми-әдістемелік түсініктердің  бастамасы ретінде табиғат жайындағы  мағлұматтардың ірге тасы болып саналады.

Оқушыларды табиғатпен таныстыру  барысында олардың тек өз қорлары  дамып қоймай, өзінің туған жерін  сүю, табиғатты қорғау көзқарастары қалыптасып, табиғат сұлулығын сезініп  көркемдік талғам қалыптасады. Табиғат  көріністерінен түсінік беру кезінде  оқушылардың қолын жаттықтырып  сурет салдырудың маңызы зор.

Бейнелеу өнері пәнінің  басты міндеті – оқушылардың  бір-біріне ұқсамайтын айшықты әр түстердің үйлесімділігін, түрлі формаларды жіктеп саралай білуге үйрету, көзге бірден байқалатын айқын, ашық әсем түс атаулының барлығын талғамсыз қабылдай салудан сақтап, әсемдік атаулыға неғұрлым саналы қараудың , кейбір сезім белгілері мен әр алуан көңіл-күйдің пайда болуына қарай жүргізіледі.

Бейнелеу өнері сабағын  белгілі бір ережеден бастаған жөн: бірінші, байқампаздыққа, талғам мен  танымға тәрбиелеу; екінші, бастаған суретін аяқсыз қалдырмай қалайда  аяқтауға, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу; үшінші, бұл қойылған талаптарды оқушыларға саналы түрде түсіндіріп, оқушыларды өзінің және жолдастарының салған суреттеріне  әділ баға беріп, талдай білуге үйрету қажет.

Бейнелеу өнері сабағында  түрлі реңдердің оқушы сезіміне эстетикалық әсері мектепте дұрыс  түсіндіріліп жоспарлы түрде кең  ұғымда қолданылғанда. Олай болса түрлі  реңдердің бейнелі жақтарын жасау  немесе жазылу мақамдарын терең түсіне білуге үйрету бейнелеу өнері пәнінен  дәріс берудегі ең маңызды методологиялық принциптердің бірі.

Біріншіден, түрлі реңдердің  мақамын талдау идеялық мазмұнды, образды жүйесін, тақырыбын, әдептелу, түрлену, сымбатталу, бедерлену, әліптену жалпы алғанда идеялық эстетикалық  болмысын терең түсінуге көмектеседі. Бұл жағдайлар өз кезегінде оқушының эстетикалық талғамын тәрбиелеп, түрлі  реңдерді бұрынғыдан да тереу, эмоциалды  қабылдауға, өзіндік талдаудың дағдыларын қалыптастыруға, сөйтіп талапкер ұрпақтың жалпы мәдени деңгейінің өсуімен  үлкен әсер етеді.

Екіншіден, келешек ұрпақтың арнайы бейнелеу өнері пәндерінде алған  мағлұматтары бұрынғыға қарағанда  кеңейіп, ана тілімізде түрлі  ұғымдар қалыптасып, ұлттық өнеріміздің  дамуы туралы түсініктер молаяды. Осы  жағдайдан кеіп туындайтын үшінші міндет – оқушылардың назарын бейнелеу өнерінің жалпы ұлттық өнер түрінде  шығармашылықпен пайдаланатынына, бейнелеу өнерінде ерекше бір нәзік  қамқорлықпен, асқан жауапкершілікпен қарайтынына өз халқының дәстүріне  деген сүйіспеншілігін арттырады.

Бейнелеу өнеріннен сабақ  бергенде түрлі реңдерді саралай  білу дағдысын талдау бірнеше бағытта  асуы мүмкін: айталық, талапкердің назарын  шығармадағы түрлі реңдерді бедерлендіру, сымбаттылау тәсілдерінің және реңдердің үйлесімділігі жағынан қандай көркемдік қызмект атқарылып тұрғанына ерекше назар аударуға болады. Реңдерді саралай білу немесе талдау бейнелеу өнері пәнінің негізгі өзегі болуға тиіс.

Әрине, бұл арада оқушылардың  жас ерекшелігі мен жеке басының  қабілеттері сияқты маңызды дидактикалық қағидаларын да ескеру қажет.

Түрлі реңдерді саралай білу, оны көркемдігі жағынан бағалай  білу үстірт қарағанда оңай сияқты көрінгенімен, шындығына келгенде өте  күрделі ұғым. Тілдімізде ұмытыла  бастаған немесе мүлдем жойылып, жоғалып  кеткен ұғымда мен сөздерді өмірге қайта тірілтеді, ал кейбіреуін жаңа қырынан танытады, соны ұғымдар жасайды. Олардың ішінде тілімізде көп  кездеспейтін, тек халық ауыз әдебиетінде  кездесетін зиялы реңді қолдана отырып, олардыңқыры мен сырына талдау жасай отырып үйрену мақсатында, сондай-ақ қазіргі реңдік қорымыздан берік орын алған атауларды қолданғанымыз жөн. Бұл арада ерекше ескертетін бір нәрсе – әрбір реңнің ой мен сезімге бірдей дәп тиіп жатуы, ең үлкен арман осында. Бұл байлықты қалай болса солай пайладану болашақ ұрпақ үшін үлкен қиянат.

Дей тұрсақта, мүсін өнерінде, оның ішінде түрлі пішіндерді саралау  мәселелерін тебірене ойлағанда, қазіргі  зиялы қауымның көңіліне күдік түсетін, санасына абыржу салатын, сөйтіп бір  бөлек мазасыздық тудыратын себеп  те, сылау да бар ма деп қаламыз. Иә, бар. Ол бейнелеу өнерінде ана синонимдерді пайдаланбай келгенбіз. Тіл маманы болмағандықтан өз басым, әрине мұнда  қиын мәселенің түп-тамырына терең  бойлап бара алмаймын. Әйтсе де, бейнелеу өнерінен жас ұрпаққа сабақ беру, өзіміз илейтін терінің бір пұштағы  болғандықтан қазіргі таңда қинап  жүрген бейнелеу өнеріндегі көркем шығармащылықтың  түрлері, мүсін өнері, түрлі реңдерді саралау сияқты кейбір жайларын ортаға салмақпын. Атап айтқанда:

Шығармашылық тәсілдері:

А) көріктеу

Ә) теңеу

Б) бедерлеу

2. Әліптеу. (долбар, нобай,  эскиз жасау т,б)

3. Үйлесімділіктің жалпы  шарттары: өрнекті реңдер т.б.

К ө р і к т е  у/ образ/. Біз айтатын ойымызды шығармада  бірден айырып, көзге көбірек түсірлік етіп көрсеткіміз келгенде ол нәрсені /немесе образды/ айқын көрсететіндей  бірінші қатарға немесе ерекше ашық реңдермен көрсетуге тырысамыз. Көріктеу – болмыс, тіршілік келбетінің, қоршаған орта мен жағдай уақыт және адам арасында туындайтын құбылыс құпияларының жинақтаушылық мәнге ие бейнелі көрініс.

Көріктеу шындылығын айтқанда түрлі тәсілдерді, зипалы реңдерді орнымен пайдаланып, тиімді қолдау табуды көп ретте суретшінің сезгіштігіне, аз-көпті қалыптасқан тәжірибесіне тікелей байланысты.

Таным диалектикасының объективті болмысты танып білудегі негізгі құралы-сеөімдік мақсаттармен қатар объектисті ақиқатқа жеткізетін логика, яғни ойлау заңдары. Ал «логика заңдары» дегеніміз объективті нәрсенің адам санасында бейнеленуі, яғни, белгілі бір мақсатта терең қорытынды жасай бағыт сілтеуі емес пе.

Т е ң е у. Көріктеу көркем шығармада айтайын деген ой-пікірімізді айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің немесе басты кеіпкердің бейнесін суреттеп көрсетуге күші жете бермейді. Ондай осында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп ашығырақ көрсетеміз.

Әрине, кейіпкер танымын  тікелей психологиялық суретеу  тәсілі арқылы таңбалап көрсету, бұлжымас шарт емес. Шығармадағы зипалы реңдердің  немесе ерекше сипаталған характерлердің өзара қарым-қатынастары арқылы, іс-әрекет үстінде, теңеудің даму барысында  да аңғартуға болады. Теңеулер немесе қолданған реңдер неғұрлым бірегей, қуатты болса, соғұрлым бір-біріне сән беріп, сәулелендіре түседі. Гәп олардың қолданудағы табиғи шынайылығы мен шеберлігінде және логикалық сабақтастығында. Өйткені, теңеу бейнені сомдау процесі бйненің, кеіпкерді немесе түрлі нәтижесінде тиянақталады, бірақ аяқталмайды. Оның сыры өмірлік негізінде. Өмірдің үнемі өзгеріп-өсуі, жанданып-жаңару үстінде болатыны белгілі. Ендеше сомдалған көркем бейне – шығар шыңға шыққан, енді өзгермейтін, тәжірибесіне сәйкес кейбір рең белгілерін бойына сіңірген жанды характер. Қысқасы, теңеу табиғаты мен танымын ашу тәсілдері толып жатыр.

Теңеу екі түрлі. Біріншісі  әшейін теңеу. Бір қарапайым теңеу, реңдер ашықтығы, ажарлығы, көріктігі, қанықтығы, бәсеңдігі солғындығы немесе бейнелейтін нәрсе мен кейіпкердің  шығармада орындалуына байланысты. Яғни, бұл теңеу көріктеуге өте  жақын.

Ал, екінші әдейі теңеу. Тұндай теңеу шығармадағы кейіпкердің  образын көрсету.

Сайып келгенде, суреткерлердің белгілі бір шығармада қойылған көркемдік мақсатына байланысты. Суреткердің өзі көріп, куә болған, яки қолында бір дүниеден ой өрбіт  немесе өзін көптеген мазалап жүрген мақсатты бейнелеуге қолайлы өмірлік  жағдайды, пайдалану әрқашанда белгілі  бір мақсатқа бағындырылады. Яғни әдейі  теңеу, кейіптеу деп те атайды.Мысалға, жансыз нәрсені жанды нәрсе күйінде түсіріп тұрпаттау, кейіптеу деп аталады. Мұндай шығармаларды кітапты көркемдеу өнерінде жиі кездестіруге болады.

Б е д е р л е  у. Бедер де бейнелеуге өте жақын. Бейнелеу, бедерлеуде екі ұқсас нәрсенің бір-бірінен ажыратып көрсетілуі.

Бедерлеу көркем шығарманың неғұрлым жағын, ашық, ұлағатты жинақы, йнақы келсе, әсем де сәнді көрінеді. Ұлағатында /көркем шығарманың жалпы  реңінде/ жинақылық, ойнақылық кем  болса, бедерлеу әдемі рең бермей, әшейін көзтартқысыз көрерменнің көңіл-күйін  өзіне тарта алмайтын солғын реңді  шығармаға айналады. Әсіресе бедерлеу солғын тартып, әшейін көз тартқысыз  болып көрінуі, суретшінің ұлағат жағына ғана ілтипат екендігі сезіліп білінеді.

Ә с е р л е у. Әсерлеу  деп шығармадағы бейнелейтін  нәрсенің, заттың, табиғат көрінісінің  және бейненің, нұсқаның келбетінің әсерін күшейтіп бейнелеуді, сомдалуды айтамыз. Әсерлеу суретшінің көңіл-күйінен шығып, көрермен назарына терең ой түсіреді. Әсіресе, суретшінің айтсам, жеткізсем, бейнелесем деген ойлары қабаттаса жарысқанда, шығарма шырайын ала-құла етіп жібермеуіне, ойлаған ойын шашыратып алмауына, яғни негізгі мақсатты қалыпсыз, мүлтіксіз сенуіне мүмкіндік береді. Көркемдік мұратын айқын сезінбей, белгілі бір нысана көзеделмей тұрып, көркем шығарма жазу – асығыстық, көбіне бір ойды қайталаушылыққа ұрындыратынын талапкер суретшіліреіміздің ескеруі өте қажет жағдай.

Әсерлеудің негізгі түрлері  мынадай болып келеді:

А) үйлесім табу/түрлі  реңдердің бір-бірімен үйлесімділігі;

Ә) дамыту / шығарманың көркемдік  әдістерін жетілдіру;

Б) түйіндеу / шығарманың толыққан түрін, ойды жинақтау, мақсатқа жету, шығарманы  аяқтай білу.

Ү й л е с і м    т а б у. Бейнелеу өнерінің шығармаларында түрлі рең жағынан болсын екі  нәрсе қатар, яки қарама-қарсы  келгенде, арасында айыым көзге көбірек  түседі. Мысалы, биік пен аласа, көрікті  мен көріксіз, жарық пен көлеңке  т.б. Қатар келгенде аралығындағы айырмасын  айқын байқаймыз. Мұнда көріністі  бейнелеу өнерінде қарама-қарсылық деп  те атаймыз.

Информация о работе Бейнелеу өнері