Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 21:30, курсовая работа
Сурет тарихы бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Сурет – бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден – бір куәгер. Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын, адамзаттың әдет – ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы – мұңы мен таңдай қақтырар, тамсандырар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан – жануар дүниесінің алуан түрлілігін танып білеміз.
Кіріспе..................................................................................................................3
І. Теориялық бөлім.......................................................................
1.1 Бейнелеу өнерінде мүсін өнерінің шығу тарихы.
1.2 Мүсін өнерінің тарихи ерекшеліктері.
1.3 Мүсін өнерінің түрлері, маңызы және қоғамда алатын орны.
1.4 Әр дәуірдегі атақты мүсіншілер және олардың шығармашылықтары.
ІІ. Әдістемелік бөлім
2.1 Мүсін өнерін үйретудің негізгі мақсаты мен мазмұны....................................
2.2 Мүсінмен жұмыс істеуге арналған аспаптар мен тетіктер.............................
2.3 Бейнелеу өнері жанрында сабақ өткізудің әдістемесі......................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
І. Теориялық бөлім.........................
1.1 Бейнелеу өнерінде мүсін өнерінің шығу тарихы.
1.2 Мүсін өнерінің тарихи ерекшеліктері.
1.3 Мүсін өнерінің түрлері, маңызы және қоғамда алатын орны.
1.4 Әр дәуірдегі атақты
мүсіншілер және олардың
ІІ. Әдістемелік бөлім
2.1 Мүсін өнерін үйретудің негізгі
мақсаты мен мазмұны.......................
2.2 Мүсінмен жұмыс істеуге арналған
аспаптар мен тетіктер......................
2.3 Бейнелеу өнері жанрында
сабақ өткізудің әдістемесі....................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
КІРІСПЕ
Сурет тарихы бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Сурет – бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден – бір куәгер. Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын, адамзаттың әдет – ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы – мұңы мен таңдай қақтырар, тамсандырар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан – жануар дүниесінің алуан түрлілігін танып білеміз.
Сонау ерте дүние заманында
адам айнала қоршаған ортасын, қызықтырған
табиғат құбылыстарын топыраққа, балшыққа,
тасқа түсіріп бейнеледі, сол
арқылы табиғаттың сұлулығын ұқты,
жан – жануарлардың әрекетін, мінезін
зерттеді. Атам заманда жартастарға,
үңгірлерге қашап салынған суреттер
өздерінің шыншылдығымен, әсерлігімен
көрерменді тамсандырады, тіпті кейде
композициялық құрылымының
Сондай суреттің бірі – Камбаралье үңгіріндегі мамонттың бейнесі.
Мұндай ертедегі тіршіліктің табиғатынан сыр шертетін суреттер әлемнің түкпір – түкпірінен табылып отыр.
Соның бірі археолог Марселино
Саутуоланың Альтамир үңгірінен
тапқан ертедегі өнер туындысы. Осы
үңгірде бейнеленген түрлі
Соңғы кезде осындай суреттер Сахарада, Мексикада, Амазонка өзенінің айналасында, Кавказ тауларында, Сібірде, Қазақстанда – Маңғыстау аймағында, Қапшағай маңайында, Шығыс Қазақстан таулы аймақтарында, тағы басқа жерлерде кездесіп жүр.
Өзіміздің туған республикамыздан табылып отырған ежелгі дүние өнері ғылымға көп жаңалық әкелді. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақты мекендеген біздің ата-бабаларымыздың қолынан шыққан өнер шығармалары өзінің бейнелілігімен айтар ойының тереңдігі мен ғалымдар мен археолог суретшілердің назарын аударып отыр.
Осындай шығарманың бірі қола
дәуірінің шебері өмірге келтірген
Қарашаш өзенінің бойындағы Бұғытас
жартасынан ( Шығыс Қазақстан облысы
) табылған сурет. Бұл сурет өзінің
көлемінің үлкендігімен, өте шебер,
әдемі салынуымен көзге түседі. Бұғының
жалпы келбетін, оның дене мүшелерінің
салыстырмалы ( пропорциялық ) өлшемдерін
дәл бере білген. Әсіресе, баяғы замандағы
осындай суреттердің бір
Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз керек, тіпті солардан үйренуіміз ккерек. Өйткені, бұл - өнердің бастау – бұлағы, содан сусындап, содан нәр алып қарыштадық емес – пе!
Мүсін, скульптура ( латын сөзінен шыққан Sculptura, sculpo – шекимін, қашаймын деген мағына береді ) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мұндай көркем шығармалар үш өлшемнен ( биіктік, ендік және аумақтық ) тұрады. Қатты заттардан қашалады, немесе жұмсақ заттардан жасалады. Мүсін негізінен адамды ( кейде хайуанаттарды ) бейнелейді. Осымен байланысты мүсін тақырып пен жанрларға бөлінеді: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символикалық және алегориялық фигуралар, анималистік жанр. Мүсінде адамдардың қоғамдық идеалына байланысты туатын жағымды образдарға аса көп көңіл бөлінеді. Мүсін өнерінде көркем образ реалистік тұрғыдан адамның бет әлпетін, тұлғасын, қимыл - әрекетін, отырыс – тұрысын, бейнелеу, киімін модельдеу, көлемдік форма құрылымын, силуэт пен фактураны тиімді пайдалану арқылы жасалады. Мүсіндік туындыларды жақсы қабылдауда шығарманың формасына, модельдеуіне, фактурасына байланысты оның үстіне түсетін сәуле мен көлеңке көп қызмет атқарады. Реалист мүсінші өзінің шығармасын күнделікті өмірден көргендері мен көңілге түйгендерін жинақтай келе гармония, ритм, пропорция, тепе – теңдік заңдылықтарын сақтайды, әрі көркемдік идеялық мақсат – мұратқа орайластырып пішіндейді.
Мүсіннің көп тараған
түрлері жұмыр мүсін
Атқаратын қызметіне қарай мүсін монументті, монументті – мүсін қондырғылы болып бөлінеді. Монументті мүсін қоғамдық орындарға – алаңдар мен саябақтарға, ғимарат ішіне қойылады. Мұндай шығармалар қоғамдық маңызы зор идеялары насихаттау қызметін атқарып, көрермендердіің көпшілігіне арналады. олар тозбайтын, тотықпайтын құнды материалдардан сомдалады әрі көлем – тұрқы қомақты болып келеді. монументті мүсінге мемуориалдық сипаттағы көркем шығармалар ( ескерткіш, монумент, құлпытас ) жатады. Монументті – сәндік мүсіндер архитектуралық ғимараттарды безендіретін мүсін түрлерін ( атланттар, кариатидалар, маскарондар, мүсінді фонтандар, фриздер, метоптар, панно, саябақ мүсіндері, фонтандар және тағы басқа ) қамтиды. бұлардың бәрі архитектуралық образды байытып, мазмұнын аша түседі, көркемдік әсерін күшейтеді.
Қондырғылы мүсін негізі мұражайларға, көрмелерге, тұрғын немесе қоғамдық үйлерге қою үшін жасалады. Көлемі адамның өз бойындай немесе одан кішілеу болуы мүмкін. Өзін қоршаған ортаға тәуелсіз және қасында тұрып көруге болатындықтан қондырғылы мүсінге қойылатын талап та кеңірек: сюжет құрып, образдарды талдап, кейіпкерлердің жан – дүниесін терең де жан – жақты ашып көрсету міндеті жүктеледі. Тұрмыстық, сатиралық, анималистік тақырыптарды қамтуда кішкене мүсіндердің ( мүсінше тағы басқа шағын шығармалар ) атқаратын қызметі үлкен. Платежкалар, шақалар, медаль соғу, гемма, көркем оймыш, тұрмыстық заттарды әшекейлеу мен ісмерлік мүсін өнеріне жатады. Жаңа дәуірден бастап мүсіндер негізінен бір түсті, жасалған материал түсіндей ( боялған гипс, қызартылған қола ) немесе біркелкі бояулы болып келеді. Ежелгі дәуірдегі, орта ғасырдағы, Қайта өрккендеу дәуіріндегі және барокко үлгісіндегі мүсіндер түрлі түсті бояулармен боялады. XIX – XX ғасырларда полихромдық ( түрлі түске боялған ) мүсінді қайта жандандыру мақсатына көптеген тәжірибелер жүргізілді. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болып келеді.
Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады.
1. Мүсін жасауда саз, балауыз, ермексаз қолданылады. Бірақ бұлардан жасалған мүсіндер тез тозатын болғандықтан, көбінесе гипстен көшірме жасалады. Мүсін жасар алдында темірден, ағаштан, сүйектен болашақ образдың қаңқасы пішінделіп, соған аталған материалдардың бірін жапсыру арқылы мүсінші ойындағысын орындап шығады.
2. Металлдар ( қола, мыс, қалайы, болат тағы басқа ), гипс, бетон, пластмасса сұйық ( ерітілген, араластырылған ) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады. Металлдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді. Ежелгі Грецияда хрисоглефантинналық мүсін бедерлі алтын қаңылтыр мен ағаш қаңқаға жапсырылған піл сүйегінен жасалады.
3. Тас ( мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит тағы басқа ), ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың іші – сыртындағы образ жасауға қажетсіздерінің бәрін қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас мүсін қашауға саймандар ( тескіш, кескіш, балға тағы басқа ) қолданылады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ тағы басқа өткір құралдар пайдаланылады.
4. Керамикадан да мүсін жасалады. Ол үшін саздан істелген мүсінше үлгілері арнайы пештерде күйдіріліп, оған ақ немесе түрлі түсті жылтырақ ( майолика, фаянс, фарфор), кейде жылтырамайтын бояулар ( терракота, фарфордың бисквит деген түрі ) жалатылады. мүсіншінің жұмыс тәсілі негізінен төмендегідей: ермексаздан не саздан кішкене нұсқа жасалып, ол одан кейін сазға үлкейтіліп көшіріледі.Үлкен мүсіндерді жасарда ең алдымен айналмалы қондырғыға металл діңгек бекітіліп, діңгекке сымнан, ағаштан мүсін қаңқасы жасалынады. Қаңқаға саз жапсыру арқылы арқылы болашақ образ сомдалады. Саздан жасалған үлгі бойынша екіге немесе бірнешеге бөлінген бедерлі гипс қалып бойынша кейіннен гипс көшірме құйылады. Саз мүсін тасқа көшірілетін жағдайда, қалыптың шығыңқы және ойыңқы жерлері түгел өлшеніп, тас соған қарай қашалады. Кейінгі кездері бұл жұмысты пунктирлік машинамен орындауда. Мүсінді металлдан құю өте ұзақ және күрделі жұмыс.
Мусіндеу өзінің қолданылуына байланысты монументалды, сәндік және станокты болып бөлінеді.
Монументалды мүсіндеу өнерінің шығармаларының ( ескерткіштер, сымбат, рельеф ) көпшілігі қоғам мақсаты тарихи оқиғалары және тарихи қайраткерлер бейнелерін көрсетеді. Станокты сәулет өнерімен немесе табиғатпен байланысты болмайды, оның өзінше жеке орны бар. Станокты мүсіндеу шығармалары көлемі жағынан үлкен емес, мүсінделетін бұйымның пішінін дәл беруді көздейді.
Станокты мүсіндердің
негізгі жанры – портрет. Бұл
жанр жұмыр мүсінде кеңінен
Сәндік мүсіндеуде үйлерді, қала көшелерін, бақтарды безендіру мақсаты көзделеді.
Ал рельеф, сымбат, фонтан – сәулет өнерімен байланыста болып өзіндік көркем мәнімен ерекшеленеді.
Рельефтік шығармаларда көру нүктесі мүлдем аз, себебі, шығыңқы бейнелер жазықтың бетіне жартылай бедер арқылы шығып тұрады.
Рельеф – барельеф және горельеф болып екіге бөлінеді. Жазықтық бетінде аз мөлшерде шығып тұратын жазық бейне барельеф деп аталады.
Жазықтық бетінен өз көлемінің жартысынан көп бөлігі шығып тұрса, бұл мүсіндік бейнелер – горельеф деп аталады.
Рельеф үй құрылыстарының, қабырғаларының және ескерткіштер орнатылатын қондырғылары ( постамент ) безендіруде кеңінен пайдаланылады.
28 гвардияшы – панфиловшылар
атындағы демалыс саябағындағы
тұрған даңқ монументте