Бейнелеу өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 21:30, курсовая работа

Краткое описание

Сурет тарихы бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Сурет – бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден – бір куәгер. Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын, адамзаттың әдет – ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы – мұңы мен таңдай қақтырар, тамсандырар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан – жануар дүниесінің алуан түрлілігін танып білеміз.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І. Теориялық бөлім.......................................................................
1.1 Бейнелеу өнерінде мүсін өнерінің шығу тарихы.
1.2 Мүсін өнерінің тарихи ерекшеліктері.
1.3 Мүсін өнерінің түрлері, маңызы және қоғамда алатын орны.
1.4 Әр дәуірдегі атақты мүсіншілер және олардың шығармашылықтары.
ІІ. Әдістемелік бөлім
2.1 Мүсін өнерін үйретудің негізгі мақсаты мен мазмұны....................................
2.2 Мүсінмен жұмыс істеуге арналған аспаптар мен тетіктер.............................
2.3 Бейнелеу өнері жанрында сабақ өткізудің әдістемесі......................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 288.49 Кб (Скачать документ)

Шағын пішіндегі мүсіндерге мынадай кіші пішіндегі сымбат, медальон, ойыншықтар жатады.

Шағын пішіндегі мүсіндер өзінің белгілі бір пластикалық  тіліне ие, өзінің заңдылықтарына бағындырылған. Шағын мүсіндер ерекше қозғалмалы, ол өз орнын жиі ауыстыра алады, біздің көз деңгейімізден жоғары немесе төмен тұра алады.

Саздан, тастан, сүйектен, мүйізден жасау палеолит және неолит дәуірінде  пайда болған. Жасалу әдісі өте  қарапайым болғанымен, ежелгі мүсіндер алғашқы қоғам адамдарының еңбагін, наным – сенімін көрсетеді, әрі  олардың байқампаздық қабілетін  аңғартады. Кейінгі неолит және знолит дәуірінде керамикалық мүсіншелер, қола және одан бергі дәуірде тас  мүсіндер ( кемпіртас, балбал, вишаптар ), қола, күміс, алтыннан жасалған мүсіндік туындылар пайда болды. Азия, Африка, Европа, Мұхит елдерінің көптеген тайпалары жұмыр мүсін, рельефтің  көптеген түрлерін жасай білді. Құл  иеленушілер қоғамында мүсін  жасау әдістері қалыптасты. Ежелгі шығыста жасалған құдай, патша, ұлық мүсіндерінен, хикаяға құрылған рельефтерден, сыралғылар мен мүсіншелерден реализм  белгілері байқалады. Ежалгі Грекия мүсін өнері образды жинақтап, шынайылық пен идеалды сәтті  ұштастыру арқылы « әсем де ержүрек  » адмдардың бейнесін (мүсіншілер Мирон, Поликлет, Фидий, б.з.б. IV – ғасыр ) өмірге әкелді. Аталған тұлғалардың  біріне тоқталып кетсек, біздің эрамызға дейінгі 432 жылы әйгілі мүсінші Поликлет бірінші рет өзінің « пропорциялық заңдылық »еңбегін жазды, және бірінші  рет бейнелеу өнерінде адамның ішкі пластикалық қимыл – қозғалысын, психологиясын көрсететін Дорифор  мүсінін сомдаған.

Бұл өнер әлемдегі бетбұрыс жасаған методикалық әдіс еді. Осыдан кейін, ондаған ғасырлар бойы адам пішіні жансыз бейнелеуден шыншылдығы мол  табиғи көрініске ие болды.

Ежелгі Римде портрет  пен монументті – сәндік мүсін  кең етек алды.Көне замандағы мүсін  өнерінің принциптері жергілікті дәстүрмен  ұштастырыла отырып Жерорта мен  Қара теңіз жағалауларына, Алдыңғы  және Орта Азия территориясына кең  тарады.Феодализм дәуірінде Үндістанда, Қытайда, Үнді – қытайда, Индонезияда, Жапонияда өте үлкен рельефтер, мүсіндер, хайуанаттар пішіні тағы басқа өркен жайды. Европада мүсін  өнері діни мақсатта жасалғандықтан шартты – канондық сипатта және негізінен сәулет өнеріне тәуелді болды. Русьте, Грузияда, Америкада сәндік рельефтер қалыптасты. Қайта өркендеу дәуірінде адамның сұлулығы мен күш – жігерін паш ететін реалистік мүсін өнері ( ескерткіш, статуя, бюст, рельефт, ұсақ пластика тағы басқа ) гүлденді. Осы кезде Донотелло, Л. Гибертти, А. Вероккьо, Микеланджело (Италия ), М. Коломб, Ж. Гужон, Ж, Тимон ( Франция ), А. Крафт, П. Фишер, Т. Рименшнейдер ( Германия ), Вит Ствеш ( Польша ) сынды мүсіншілер қызмет етті. XIX ғасырдың басына дейінгі аралықта идеалистік бағыт ұстанған сарайлық өнер мен реализм арасында күрес ( Барокко, Классицизм, Рококо ) күшейді. Осы кезеңніңі әйгілі мүсіншілері: Л. Бернини ( Италия ), П. Пюже, А. Гудон, Э. Фальконе ( Франция ), Г. Шадов ( Германия ), К. Б. Расстрелли, Ф. И. Шубин, М. И. Козловский, И. П. Мартас ( Россия ). XIX ғасырда өріс алған акдемизм мен натуралистік ағымға қарсы алдыңғы қатарлы мүсіншілер Ф. Род, Ж. Б. Карло, Ж. Далу, О. Роден ( Франция ), К. Манье ( Бельгия ), В. Вела ( Италия ), И. Масльбек ( Чехия ), О. Сент – Годенс ( АҚШ ), И. Антокольский ( Россия ) тағы басқа мүсіншінің тақырыбы мен сюжетін байытуға, оны өмірмен ұштастырып, демократияландыруға болмыстық қарама – қасылықтары мен қайшылықтарын, жеке адам парасатының күрделілігін ашып көрсетуге ұмтылды. Осы кезде монументті және монументті – сәндік мүсін дағдарысқа ұшырап, негізінен қондырғылы мүсін дамыды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырларда капиталистік елдердің мүсін өнері эстетикалық және формалистік ағымдарға ( импрессионизм, символизм, абстракті өнер ) ұрынды. Бұл ағымдар кезінде көптеген мүсіндік шығармалар жасап, жаңалықтар енгізген. сол кезеңнің Роден, А. Майоль, Э. А. Бурдоль, Ш. Деспио ( Франция ), Г. Кольбе ( Германия ), Я. Штурса ( Чехословакия ), И. Мештрович ( Югославия ), Джордж Эпстайн ( АҚШ ), П. П. Трубецкой, А. С. Голубкина ( Россия ) сияқты белгілі мүсіншілеріне де әсерін тигізді.

Көп ұлтты совет мүсін  өнері социалистік реализм жолымен  дами отырып, Лениндік « монументті насихат » жоспарын іске асыру  арқасында қондырғылы мүсін өнерімен қатар, монументті және монументті –  сәндік мүсін өнерінде де ( Н. А. Андреев, И. Д. Шадр, В. И. Мухина, С. Т. Коненков, Я. И. Николадзе, С. Д. Меркупов, Е. В. Бучетич, М. Г. Махизер, Н. В. Томский, З. И. Азгур, Т. Э. Залкалн тағы басқалар ) үлкен  табыстарға жетті. Бейбітшілік пен  жарқын болашақ үшін күрес идеясын  және еңбеккерлердің парасатын совет  мүсіншілерімен қатар ГДР ( Ф. Кремер ), Чехословакия ( К. Покорковский ), Венгрия ( И. Фунев ) мүсіншілері де өз туындыларына арқау етті. Капиталистік елдерде  В. Аалтонен ( Финляндия ), Ф. Мессина ( Италия ), Ж. Саландр, Э. Орикост ( Франция ) сынды  бірқатар реалист мүсіншілер қызмет етті. XX – ғасырларда мүсіннің монументті түрі қайта дамыту үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мүсін жасауда жаңа материалдар ( тотықпайтын болат, пластмасса, шыны тағы басқа ) қолданылуда.

Қазақ жерінен табылатын  керамикалық мүсіншелер палеолит және энолит дәуіріне жатады. Қола дәуірінде  дами бастаған мүсін өнері б.з.б. VII – ғасыр мен б.з V – ғасыр  аралығындағы байырғы сақ, ғұн, үйсін  өнері кезінде едәуір жетістіктерге  жетті. Осы кезеңде ағаш ұқсату, сүйек  ұқсату, бедерлеу өнері, жұмырлау кең  етек алды. Діни сана – сезімге, фантастикалық  түсініктерге, белгілі бір мазмұнға құрылған ағаштан, сүйектен, алтыннан пішінделген барельефтер өмірге келді. Құрбандық қазандарына, тұтыну заттарына арналып қоладан хайуанаттар ( тау ешкі, түе, жылқы тағы басқа ) мүсіндері құйылды. Алтын тәжілердегі, белдік тоғаларындағы реалистік  және фантастикалық құрылымдағы  мүсіндік бейнелер ( саяхатшылық, әдет – ғұрып көріністері, жан –  жануарлардың қозғалыс үстіндегі кескіндері, ішінара табиғат көрінісі тағы басқа ) осы жапрдың қазақ топырағындағы  дамулы кезеңін көрсетеді. VI – VIII ғасырлардағы байырғы түрік өнері тұсында  өнердің басқа түрлерімен қатар  тас безеу өнері ( негізінен хайуандардың, ішінара адамдардың бейнелері ) дамыды. Тас мүсіндер тарихта болған адамдарды  еске түсіру үшін жаслған жеке кісінің  бейнесі ( балбал ) ретінде қашалады. Мүсін өнерінің бұл түрі түркі  қағанды ( VI – VIII ғ.) мен кең қанат  жайды. Мүсін жастардың ішінде киелі  саналған аңдардың, ата – баба және әруақтардың мүсіндерімен бірге  реалистік тұрғыда жасалған қыз  – келіншектердің мүсіндік портреттері  де кезігеді. ( Едіге тауындағы тас  мүсіндер, Ерейментау тас мүсіндері, Жекешат тас мүсіндері, Қызыларай  тас мүсіндері, Ұлытау төңірегіндегі  тас мүсіндер тағы басқа ). Ұлы Октябрь  революциясынан кейін Қазақстанда  төл профессионал мүсіншілер өсіп жетілді. Х. Е. Наурызбаев Абай, Шоқан, Аманкелді, Жамбыл мүсіндерін жасады. Кейінгі  жылдары тас мүсіншілер Т. Досмағамбетов, Б. Төлеков, Е. Молданиязов, В. Рахманов, С. Меренов осы салада еңбек етуде.

 

 

Әдістемелік бөлім

Қондырғылы мүсіндеу бір  топ адамдарды немесе бір адамның  тұлғасын бейнелейтін жанрлық мүсіндеу едәуір орын алады. Тұрмыста шағын пішінді  мүсіндеу кең тараған. Бұл әр түрлі  материалдардан, фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалынған шағын  көлемді мүсіндер, олардың көпшілігі  түрлі түсті болып келеді. Шағын  пішінді мүсіндерге адамдар мен  аңдарды бейнелейтін ойыншықтардың  кейбір түрлерін де жатқызуға болады. Рельеф мүсінді жазықтықта бейнелеу ( мысалы, қабырға, күмбез, мүсіндеу ескерткіштер ).

Мүсіндеуге әдетте саз  балшық пен ермексаз пайдаланады. Саз  балшық бейтарап және қалайы түсі бар  жұмыс істеуге бағалы материал. Саз  балшық қара қоңыр, ақ немесе жасыл, не көкшіл күлгін бола береді. Саз балшық пен жұмыс істеу өте ыңғайлы. Оның үлкен бір бөлігі неше түрлі  мүсіндер жасауға негіз болады. Саз  балшықты Пластмассадан жасалған ыдыста сақтаған жақсы, ал металлдан жасалған ыдыста сақтайтын болса, ол тотығып  түсін өзгертеді.

Саз балшықтың жұмыс істеуге  үнемі дайын тұруы үшін оны  ылғалды, салқын жерде, ылғал шүберектің астында ұстаған дұрыс, әлі кептірілмеген  немесе жартылай кептірілген бұйымдарды балалар сұйық балшықпен үстемелеп  сылай алады, ал содан соң жақсылап кептіріп муфель пешіне күйдіре алады. Саз балшықты сумен араластыра отырып қаймақтың сұйықтығындай болуын ангоб (керамикалық ) бояуы дейміз. Адамдар  ежелгі замандардан бері керамикалық  бұйымдарды ангоб бояуларымен әшекейлеп  келеді. Пластилинмен мүсіндеудің алдына ерекше дайындықты талап ететін материал. Ол бір түсті немесе түрлі түсті  болуы мүмкін.

Мүсіндеудің көмекші материалдарына ұстын жатады. Ұстын ретінде жуандығы мен ұзындығы әр түрлі таяқшаларды  пайдалануға болады. Ұстынның көмегімен  жасалған фигуралар мықты және серпімді болып келеді.

Темір тірегіне орындалған саз балшықтан жасалған бұйымдарға сызат түскіш келеді, сондықтан олар болар – болмас кебе бастағанда, жайлап алып тастау керек, ендігі жерде  кептірілу жұмыстары жүзеге асу  керек.

Мүсіндеу процессі кезінде  ағаштан немесе темірден жасалған қабырғаны  пайдалана білу қажет. Оның ең қарапайым  пішіні бір жағы өткірленген үшкір, екінші жағы дөңгеленген немесе доғал  түрінде болуы шарт.

Мүсіндеу кезінде көлемі шағын тақтайшалардың болғаны жақсы. Оның пішіні дөңгелек немесе квадрат  болып келуі мүмкін. Көлемі мүсіннің көлемімен анықталады. Егер фигураның  мөлшері 15 х 10 см болса, тақтайша мөлшері 35 х 22 см болуы керек. Тақтайдың орнына үстел үстіне қойылатын жылжымалы станоктарды пайдалануға болады. Ол арқылы мүсіндеу барысында оқушылар өз жұмысын ретіне қарай айналдырып алуына мүмкіндік туады.

Оқушылар мүсіндерді заттардың  мүсіндерін бейнелеуден емес, керісінше  ең алдымен саз балшықтың шағын  бөлігін қалай тиімді үзіп алудан бастау керек.

Оқушылар бұрын алған  білімі негізінде саз балшықтан  күрделі пішіндер жасауды үйрене бастайды. Олар цилиндр пішінді, шар  пішінді заттарды, мүсіндеуді өткен  сыныптарда жетік меңгерген.

Оқушылар саз балшықтың  бөлщектерін бірінің пішінін  бірі бұзбайтындай етіп қосуға үйренуі  керек. Мүсіндеу процессі кезінде біртіндеп  саусақтың да әрекеттерін үстемелеу  керек.

Өйткені мүсіндеу жұмыстары  саусақтың қимылдарын көп талап  етеді.

Мүсіндеудің алдында оқушыларға қарап шығу үшін әр түрлі ойыншықтар мен мүсіншелер беру қажет. Мұндай үлгілер  оқушылардың алдында мүсіндеу жұмысы аяқталғанша тұрады.

Сурет сабақтарындағы сияқты мүсіндеу үстінде де балалардың эмоциясы көңіл күйін тудыру үшін көркем сөз  пайдаланылады. Балалардың пішінін, заттың прапорциясы туралы, мүсіндердің  әдіс - тәсілдері ұғымын кеңейте  отырып, олардың жұмыстары жөнінде  мұғалім шағын әңгіме өткізіп  отырғаны жөн.

Сарамандық жұмыс. Оқушылар үлгілерді көріп болғаннан кейін  мүсіндеуді бастамас бұрын сабаққа  байланысты әр түрлі әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқылады. Өлеңдер сол  бейнеленетін заттың пішінін, өлшемін, әрекетін тізіп өтетіндей болуы  қажет.

Мүсіндеу алдында заттың пропорцияларына, пішінінің бөліктеріне, дене мүшелеріне оқушылардың назарын  аудару қажет.

Оқушылар жануарларды  бір қалыпта немесе қозғалыста бейнелеуді бір мезгілде меңгерген абзал. Ол үшін оқушылардың жануарлардың жүру, жүгіру, секіру кзінде аяқтарының бүгілуінің, денесінің қозғалыс қалпын көз алдына жақсы елестете алуы қажет.

Осы кезде әр түрлі немесе бір жануардың әр қалыпта бейнеленген  иллюстрацияларын көрсетуге болады.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс  істеу қабілетін дамыту үшін тапсырманы және соған керекті нұсқауларды  беріп, өзі біраз уақыт сырттай  бақылап тұрғаны абзал. Осылайша оқушылар бейнелеуді өздігінен бастаған соң, мұғалім олардың жұмысын  көріп қажетті нұсқаулар береді.

Сабақтың соңында мүсінделген  фигураларды оқушылар барлығы бірлесіп талдап, негізіне өздері баға бергені  жөн.

Қалған саз балшықты қолмен иін қандырып, қоспалардан тазартып, өте созылмалы етіп полиэтилен қапшықта немесе арнайы ыдыста дайын күйде  сақтайды. Су мен саз балшықты қосып  шыны банкада таяқшамен араластыра отырып бояу дайындайды.

Дайын бояуды шыны ыдысқа құйып  ауызын мықтап жауып қояды.

Осы үрдістердің бәрін  оқушы сарамандық жұмыс арқылы мұғалімнің көмегімен орындауы қажет.

Балалардың мүсін өнеріне  деген қызығушылығы мен шабытын  ояту үшін, мұғалім барлық жұмыстарымен сынып ішінде көрме ұйымдастырып ең жақсы деген жұмыстарын алып сынып  аралық көрмелерге қойып орындармен марапаттап басқа оқушыларға үлгі етуі қажет.

 

 

 

Сабақ жоспары

Пән: Бейнелеу өнері ( 5 сынып )

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларын  мүсіндейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй жануарларын және аңдарды мүсіндеу әдіс – тәсілдерін үйрету. Жануарлардың дене құрылысымен таныстыру, қимыл  қозғалыстарын бейнелеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жай сабақ.

Пән аралық байланыс: Валеология, дүниетану, биолгия.

Сабаққа қажетті құрал  жабдықтар: Ермексаз, қалақшалар, мүсін  тұрғызатын орын, қалып, саз балшық сақтайтын ыдыс.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі  жануарлардың суреттері. Үй жануарларының  ойыншық түрінде көрсетілген  мүсіндері. Мүсінге керекті құрал  жабдықтар.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

         Балалармен сәлемдесу, түгелдеү, оқушылардың сабаққа дайындығын  тексеру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ – жауап арқылы өткен сабақты пысықтау, көрме ұйымдастырып бағалау.
  2. Өткен материалды қайталау: Аз уақыт естеріне түсіріп қайталап өту.
  3. Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны: Оқытушы мүсін сабағы болатынын айтып, түсіндіргеннен кейін мүсінді шеберханасымен, мүсінші қолданатын құрал жабдықтармен таныстырады.Мүсіншінің шығармалық жұмыстарын атап көрсетеді. Қазақстан мүсіншілерінің біраз жұмыстарын атуға болады. Солардың ішіндегі жануарларды мүсіндегендрін айтып, көрсетеді. Мысалы, Х. Е. Наурызбаев, Р. Ахметов, Е. Т. Мергенов жұмыстарындағы жануарларды көрсетуге болады. Әсіресе мұндай жұмыстар мүсінші Р. Ахметов жұмыстарында көп кездеседі. Сонымен бірге басқа ұлттардың мүсіншілерінің еңбектеріне тоқталуға болады. Осыдан кейін балаларға үй жануарларын атап таныстырады. Үй жануарларыңың көбі – төрт түлік мал. Оқушыларды төрт түлік малдың қасиетімен таныстырып, айтып кету керек. Олардың төлдерінің атын атап таныстырған жөн. Мысалы, мына өлеңді балаларға оқып беруге болады

Шұнаң – шұнаң, шұнаң қағып,

Жүгіреді ақ лағым.

Үй маңында асыр салып,

Информация о работе Бейнелеу өнері