Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 06:39, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ....
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………...
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

айка курсовой.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)
    • шикі мұнайға, табиғи газға ұзақ мерзімдік құқығы және компанияның өнімдегі үлесін сақтап тұру мүмкіншілігі және шикізатты дер кезінде еркін жеткізу мүмкіншілігі;
    • инвестициялық жобаның барлық мерзімінде тұрақтылық және жағдайлардың анықтылығы;
    • барлық операцияларды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазақстан егемендігін  алып, жеке шаңырақ көтергелі бері елге инвесторларды  тарту мәселесіне ерекше ден  қойып  келеді. 2004 жылы алтыншы желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан мәжілісте 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды- инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы  шетелдік инвесторлардың алатын ролі талқыланған.

Отырысты ашқан елбасы тәуелсіздік алғаннан  бергі аралықта Қазақстан әлемдік нарыққа мұнай, газ, қара металл мен уран өнімдерін шығару арқылы ұлттық экономиканың  дамуында дем берілгендігі туралы айтып, енді еліміздің өндіруші мемлекеттен өңдеуші елге  айналуы тиіс екендігі жөнінде мәлімдеді. Ол үшін елде жоғары технологиялық өндіріс жасақтау керектігі белгілі, бұл орайда шетелдік инвесторлардың алатын орны айрықша. Мемлекеттет инвестицияға қолайлы  ахуал жасау арқылы инвесторларды тартуға болады. Қазақстанда шетелдіктердің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында «Инвестициялар туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, инвесторларға бірқатар заңдар бойынша жеңілдіктер берілді. Елімізде өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа өндіріс орындарын ашқан шетел компаниялары корпоративтік салық және жер салығынан жеңілдік алуға қол жеткізді. Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалғандығын және инвестициялық саясаттың оң бағыт алып отырғандығын кеңес отырысына шақырылған Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер де мақұлдаған. Ол өз сөзінде Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді жолын таңдап, тек өңдеуші мемлекет ретінде қалып қоюдан бас тартқаны дұрыс болған  екен дегенді айтқан. ЕҚДБ президенті бұл банктің Қазақстан экономикасына былтыр 175 миллион еуро және биыл 320 миллион еуро құйса, келесі жылы 450 миллион еуро салатындығын мәлім етті.

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды- инновациялық стратегиясын жүзеге асыру үшін алдағы екі жылда бірқатар маңызды шараларды іске асыру керектігіне назар аударды. Мемлекет белсенді инвестициялық саясатқа көшіп, инвестицияларды басқаруды өз қолына алады. Индустриалды – инновациялық  дамуды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің білімін жетілдіру үшін білім мен ғылымды да дамыта түсу керек. Сондай-ақ , аталған  стратегияны жеке секторға енгізу мәселесіне де айрықша маңыз беріліп отыр. Шетел инвестициялары туралы заңға сәйкес шетел инвесторларына ұлттық режим беріледі. Осыған байланысты олар  ұлттық заңда көрсетілген кез келген құқықтық формада кәсіпкерлік  қызметтермен айналысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (34-бабы) бойынша коммерциялық әрекеттермен айналысушы  заңды тұлғалар мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер және өндірістік кооперативтер түрінде құрыла алады. 

Шетел инвесторларының кәсіпкерлік  әрекеттері үшін шаруашылық серіктестік  тәріздес ұйымдастырылған – құқықтық құрылымы едәуір қолайлы. Азаматтық  Кодекске және Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңдық күші бар Жарлығына сай, шаруашылық серіктестік болып, жарғылық қоры құрылтайшылардың үлесіне бөлінетін коммерциялық ұйым   мойындалды. 

      Сонымен,  Қазақстан Республикасының ұлттық  экономикасына тартылған инвестициялардың салалық құрылымы күрделі көрініс алып отыр. Дегенмен, барлық тартылған инвестициялар ішінің жалпы құрылымынан басымды күш мұнай-газ секторына көбірек бөлінеді. Мұнай-газ секторына салынатын инвестициялардың даму үрдісі алдағы 10-15 жыл бойы сақталады. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің болжамы бойынша мұнай-газ саласына 2006-2010 жылдарға бөлінетін инвестиция мөлшері – 25 млрд. долл., 2011-2015 жылдарға – 27 млрд. долл. астам. 

Жалпы 2003-2015 жылдарда Қазақстанның мұнай-газ саласына  салынатын инвестиция  66 млрд. долл. құрайды. Инвестицияның негізгі мөлшері мұнай өнеркәсібін дамытуға бағытталған: 2003-2005 жж. – 11,2 млрд. долл., 2006-2010 жж.- 23,8 млрд. долл., 2011-2015 жж.- 26,2 млрд. долл. Барлығы 2003-2015 жылдарға Қазақстан мұнай саласына 61,2 млрд. долл.  инвестиция тартылады деп болжанады.

Жаһандану кезеңінде, мемлекеттің  инвестициялық саясаты әлемдік  деңгейде ұлттық экономиканың бәсекелестігін көтеруге бағытталуы қажет. Бұндай жағдай туғызу үшін елде қалыпты инвестициялық ахуал қалыптастыру қажет. Бюджеттік қаржыны Қазақстанның әлемдік экономикадағы бәсекелестік басымдылығын нығайтатын салаларға жұмсау керек. Ең бастысы бұл – «адам капиталы», ғылымды дамыту және инфрақұрылымды қалыптастыру.

 

2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға  көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен  қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, қатынастардың  жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері  түпкілікті өзгереді. Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай, қатаң орталықтандырылған қайнар көзге – КСРО–ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі меншік көздеріне бағдарланады.

Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, сондай - ақ әлеуметтік- экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді  және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді. Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімінің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды. Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен  2-3 және одан да көп есе артық болды.

Сол кезеңдегі инвестицияларды  басқару ерекшелігі, олардың соңғыға  емес, аралық өнімге бағдарлануы болды. Инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталынады.

Капитал салымдары көлемінің  басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар құрады, яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынады, бұл әрине қоғамдық өндірістің бірінші  мен екінші бөлімшелері арасындағы сәйкессіздікке әкелді. Бұл қоғамның әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді. Бұл процесс қатысушылардың басы бірікпеді, ал инвестициялық экономикалық механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады.

Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

Қазақстандағы мемлекеттік  инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары  құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ” Заң  (1991ж.);

“Инвестициялық жекешелендіру  қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) "Қазақстан Республикасының шетел  инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.    

     Осы Заңдардың  және нормативтік-құқықтық актілердің  қабылдануын инвестицияларды тарту  салдарында шығарылған заңнамалық  негіздің қалануының бірінші  кезеңі деп атауға болады.

     Екінші кезең деп (1997-2002 жылдар) шетел инвестициялары туралы заңнаманың жаңаруы және дамуы болып табылады.

Үшінші кезең (2003- қазіргі  уақыт) «Шетел инвестициялары туралы»  ҚР Заңының инвестициялар саласындағы  соңғы нормативтік актіні қабылдау күнінен басталды (1).

Сарапшылардың баға беруі  бойынша «Шетел инвестициялары туралы»  ҚР Заңы ТМД-дағы бірден-бір күшті  Заң болып табылады, оған себеп  заң құрылымында шетел инвесторларына басымды кепілдік беру болып табылады: заң өзгеруіне кепілдік (6-бап); экспропирациядан кепілдік (7-бап); мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың заңсыз іс-әрекетінен кепілдік (8-бап); шетел инвесторларына өтемақы төлеу және шығындырының орнын толтыру (9-бап); кірісті қолдануға кепілдік (10-бап); өз валюталық қаражатын қолдануға кепілдік (11-бап); шетел инвесторлары қызметінің ашықтығы (12-бап); мемлекеттік тексеріс кезіндегі кепілдік (13-бап).

Сонымен қатар, Қазақстан  халықаралық төрелік органдардың  инвесторлары мен болуы мүмкін келіспеушіліктерді шешудің мүмкіндігімен қамтамасыз еткен: ИКСИД (инвестициялық келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі орталық); ЮНСИТРАЛ (БҰҰ төрағалық органында); Стокгольм қаласындағы сауда палатасының төрағалық институты.

Қолайлы инвестициялық  жағдай жасау (ұлттық  не шетелдік  инвесторларды тартатын немесе шегіндіретін мүмкіндігі бар факторлар жиынтығы)  Қазақстан экономикалық саясаты арсеналына енді, онда құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда шетелдік инвесторлар үшін ерекше жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған. Мамандандырылған  өкілетті орган, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетел инвесторларының Кеңесі құрылған (30.06.98ж.), «Қазақстанда жұмыс істейтін  шетелдік инвесторлар этикасының Кодексі туралы декларация» (08.12.00ж.) қабылданды. Сонымен қатар, 1997 жылы инвестиция тартудың секторларының тізімі бекітілді. Бұған өндеуші өнеркәсіп, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы, еліміздің жаңа астанасының нысандары жатады.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасына шетел капиталын  тарту және оның  қызмет етуі бірқатар нормативті-құқықтық құжаттар негізінде реттеледі. Олар үш топты құрайды.

Бірінші топқа Қазақстан  мүше болған халықаралық келісімдер мен мәмілелер. Олар: көпжақты келісімдер (мысалы, 1988 жылғы Сеулдегі конференция  келісімі, оған сәйкес шетелдік инвестицияны жеке және мемлекеттік сақтандыру жүйесі көпжақты халықаралық сақтандырумен толықтырылады); екіжақты кепілдеме, инвестицияны қорғау мен қолдау туралы екіжақты келісімдер («типтік» жоба бойынша) Қазақстан мен АҚШ, Польша, Болгария, Греция, Куба, Румыния, Дания, Словакия, Чехия, Вьетнам, Португалия арасында жасалған; мүлік пен табысқа салынатын екі еселенген салықтың алынып тасталуына мүмкіндік беретін нормативтік актілер. Олар бейрезиденттердің табыстарының белгілі бір түрлеріне арнайы салық ставкаларын енгізеді. Қазақстан мұндай келісімді бірқатар елдермен, оның ішінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франциямен жасасты. Бұл келісімдер ұлттық заңнамаға әсер етеді.

Екінші топқа республикалық  сипаттағы негізгі, басты нормативтік  актілер жатады. Олар  елдің саяси-экономикалық дәрежесін, шаруашылықтың принциптері мен формаларын, экономикалық қатынастардың қалыптасуы мен дамуын анықтайды. Бұл тәріздес құжаттардың тікелей әсері болмағанымен, Қазақстандағы шетел капиталының қызметі ең алдымен осыларға бағынуы керек. Олар: Қазақстан Республикасының Азаматтық, Салық кодекстері, жекешелендіру туралы, акционерлік қоғамдар, кедендік тарифтер, ішкі сату қызметін мемлекетік реттеу туралы Заңдар және т.б.

Үшінші топқа Қазақстандағы  шетелдік капталдың ағыны  мен  қызметін реттейтін құжаттар кіреді. Олар: заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сонымен қатар, ведомстволық номативті-құқықтық актілер, нұсқаулықтар мен бұйрықтар т.б.

Қазақстандағы кәсіпорындардың  инвестициялық қызметі «Инвестициялар туралы», «ҚР Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Банкроттық туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Ішкі қарыздарды басқару және ішкі қарыздану туралы», «ҚР-дағы инвестициялық қорлар туралы» Заңдары және т.б. нормативтік актілерімен реттеледі.

Жоғарыда көрсетілген  Заңдар мен нормативті-құқықтық актілерге  сәйкес Қазақстанда шетелдік капиталды  тартудың негізгі мақсаттары:

  • өзінің ішкі ресурстардың шектеулілігіне байланысты динамикалық дамуына қажетті инвестициялық ресурстармен экономиканы  қамтамасыз ету;    
  • алдыңғы қатарлы технологияны тарту, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың дамушы формаларын енгізу;
  • халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның үлесін көбейту, әлемдік шаруашылық жүйесіне оның экономикасының қосылуын жеделдету;
  • шетелдік инвесторлар мен экономикалық жақтастардың Қазақстан экономикасына деген сенімділіктерін қамтамасыз ету.

Шетелдік капиталды  тартудың негізгі мақсаттарын іске асыру барысында мынадай маңызды  әлеуметтік-экономикалық міндеттер  шешіледі:

  • нарықтық қатынастардың дамуы мен экономикадағы құрылымдық өзгерулерге әсер ету;
  • өндірісте бәсекеге қабілетті ортаны дамыту;
  • экспорттық күштің қарқындылығын өсіру және дамыту, оның тек шикізаттық бағытынан құтылу, экспорттық экспансияны күшейту және ішкі нарықтағы оның позициясын нығайту;
  • өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылату және жаңа техника мен технология, жаңа басқару әдістері мен өткізу негізінде бәсекеге қабілетті өнімнің үлесін көбейту;
  • өндірістік және өндірістік емес тұтынуға дайындықтың жоғары деңгейіндегі өнімді шығарушы толық және аяқталған циклдерді қалыптастыру;
  • депрессивті, қашықтағы, еңбегі өнімсіз, экологиялық апатты аймақтардың дамуына әсер ету;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар