Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 06:39, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ....
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………...
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

айка курсовой.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

Инвестициялық климат туғызудағы ең басты назар аударатын жайттың  бірі – елімізде шетелдік инвесторларға салынатын салық пен берілетін жеңілдіктердің заңдық тұрғыдан өзара үйлесімді болуында. Ел президентінің Жарлығымен «Бюджетке  түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі инвестициялық климаттың құқықтық базасын жетілдіруге жәрдемдесті. 1997 жылы «Нарықтағы құнды қағаздар туралы» заңның шығуы қор биржасының  белсенділігін арттырды. Қазақстанда шетелдік инвестицияны тарту механизмі жоғары либералдық режим бойынша былайша жүргізіледі:

Жер және мүлік, сондай-ақ , кіріс салығынан толықтай босату;

Сыртқа шығарылатын тауардан алынатын мемлекеттік баж салығынан жартылай немесе толықтай босату;

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру  барысындағы қаржылық немесе қауіпсіздік  шараларына кепілдік беру.

Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдер шетелдік инвесторларды тұрақты және өзара тиімді инвестициялық режимдерден, сондай-ақ, әр түрлі салымдар мен төлемдерден босату арқылы қызықтырудың қауіптілігін ескертеді. Әсіресе, Африка елдерінің инвестиция саласындағы жоғары либералдық режим қалыптастыру саясаты салық    және сауда – валюталық жеңілдік жасаудың тұрақты шетелдік инвестициялық ағымға мүмкіндік туғызбайтынын көрсетті. Қайта керісінше, қуатты инвесторлардан сақтануға шақырады.

Инвесторлар капиталын пайдаланушы, яғни реципиент мемлекет ретінде Қазақстан мен шетелдің қаржы алпауытттарының мүддесі бір жерден шығуы қиындау . Мәселен, жеке компаниялар өздерінің жұмысына мемлекеттің дем беруін қалайды. Алайда, шешуші фактор инвестицияландырудың жалпы шартының табиғатына сай болып қалады. Қазақстан өз кезегінде шетелдік инвесторларды басқару саласындағы тәжірибе алу технологиясы мен қаржылық қорының қосымша көзі ретінде қарастырады. Қазақстан шетел инвесторларының алдында өзінің ұлттық мүддесін әрдайым жоғары қойғанда  ғана беделді болмақ .

2005-2006 жылдары елімізге тікелей  инвестиция тарту бағдарламасына  сәйкес, «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға  шетелдік инвестицияны тарту  бағдарламасының «орындалу нәтижелерін  сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды.

1993-2001 жыл аралығындағы біздің  елге тартылған тікелей шетел  инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші, мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. АҚШ долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 2006 жылы жекелеген инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен.

1997 – 2001 жылдар аралығында Қазақстанның  инвестиция жөніндегі комитеті  еліміздің ең басты экономикалық  салаларында инвестициялық белсенділікті  арттыру мақсатында шетелдік компаниялармен 345 келісім – шартқа отырған. Осы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп саласында айтарлықтай үлесті металлургия өндірісі ( 45 пайыз) , азық – түлік өнімдерін шығару ( 19.8 пайыз) және химия өндірісі (11.1 пайыз) алады екен. Бір ғана химия өнеркәсібі бойынша , 2001 жылы жалпы сомасы 95.6 млн . АҚШ долларына бағаланған 13 келісім – шартқа қол қойғызылып, негізгі капитал 82.4 млн. Ақш долларына жетіп жығылды. Тұрғын үй, әлеумет және туризм салаларында инвестицияның жалпы көлемінің 12.8 пайызын құрайтын, 299 млн. АҚШ долларына бағаланған шетел инвестициясы бойынша  35 келісім – шарт дүниеге келген. Және осы инвестиция негізінде 8.8 мың жұмыс орны ашылған .

Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде  шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен .

Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты  жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын  қолма – қол иемденіп, 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады.

Президент соңғы жылдары Астананың  әлеуметтік – экономикалық жағынан  гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астананың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2005 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.

Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл  өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2005 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – шарт жасалып, 817 млн. Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. 

Бұл – 2004 жылға қарағанда   7.6 есе , 2003 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан  бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып  жатқан шетелдік  инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр.

Еліміздегі негізгі капитал  көздерінің ең қомақты инвестициялық  жобалары деп мыналарды айтуға болады :

Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары  («Испат Кармет» ААҚ);Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);

Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес  – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);

Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);

       Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ  доллары («Лосан – Мардон»  ЖШС-нің ірі жобасы).

      ТШИ ағымының 2001-2005 жылдарға географиялық анализі ТШИ-дің ірі көлемдеріне өткен онжылдықпен салыстырғанда айтарлықтай көп елдердің қол жеткізгендігін көрсетеді. 10 млрд. долл. асатын жөнелтілген инвестициялардың жиынтық көлемінің көрсеткішіне бүгінде 50-ден көп ел ие болып отыр (оның ішінде 24 дамушы ел), 15 жыл бұрын тек 17 ел ғана болатын (оның жетеуі – дамушы).

Сонымен қатар, географияның кеңдігіне қарамастан, тікелей шетелдік инвестициялардың бөлінуі тең емес. Әлемнің дамыған 26 мемлекетіне 1991-2004 ж.ж. ТШИ жинақталған әлемдік мөлшерінің 72,3% және  2004 жылға ТШИ жалпы әлемдік ағымының 71,5% келді. Дамушы елдердің үлесіне ТШИ жалпы әлемдік мөлшерінің 29,4% және   жинақталған әлемдік мөлшерінің 27,7%. Ал транзитті экономикалы елдердің үлесіне 4,5% құрайды.

Мұндай теңсіздік ең алдымен, трансұлттық корпорациялардың қызметімен байланысты. Себебі ол инвестициялық  ағынның ғаламдық кеңеюінің қозғаушы күші болып табылады. ТШИ қозғалысының маңызды себептерінің бірі трансұлттық  бірігу болса, ол негізінен дамыған елдерде орын алған.

2002-2006 ж.ж. тікелей шетел  инвестициясының нарығына бірқатар  факторлар кері әсер етті. Олар: әлемдік экономиканың даму деңгейінің  қарқынсыздануы, жетекші елдердегі  экономикалық құлдырауы, трансшекаралық  бірігу санының азаюы, бірқатар елдерде жекешелендіру бағдарламасының аяқталуы. UNCTAD мәліметтері бойынша 2004 жылы ТШИ әлемдік көлемі 23% қысқарып, 653млрд. АҚШ долларын құраған, 2003 – 65 млрд. долл. Ал бұл сәйкесінше 2003-2004 ж.ж. көрсеткіштен (1,4 трлн. долл. және 824млрд. доллар) айтарлықтай аз.

 

  

 Кесте 1-  ТШИ-ның  элемдік ағымдары (млрд.  долл.)

 

2002г.

2003г.

2004г.

2005г.

2006г.

ТШИ түсімі

209

1393

824

651

653

ТШИ жылыстауы

242

1201

711

647

620


 

2005-2006ж.ж. ТШИ  әлемдік  нарығы дамуының жалпы тенденциясында инвестиция көлемінің дамыған елдерде төмендеуі, ал дамушы елдерде көбеюі байқалады. Дамыған елдерде ТШИ көлемі     467млрд. АҚШ долларын құраған, яғни   2000 жылдың көрсеткішінің небары 41% құраған және 460млрд.долларлық 2003 жылдың көрсеткішінен асқан. Дамушы елдерге салынатын салымдар 2003 жылғы 162,1 млрд. доллардан 2004 жылғы 192 млрд. долларға дейін өсті. UNCTAD мәліметтері бойынша инвестицияның ең көп ағыны, яғни 53 млрд.долл. Қытай экономикасына салынды.

UNCTAD талдауы бойынша  тікелей шетел инвестициясы ағынының көлемі бойынша алғашқы бестік құрамы төмендегідей: Люксембург: 73 млрд.долл., Қытай - 53 млрд.долл., Франция - 47 млрд.долл., Бельгия – 31 млрд.долл., АҚШ – 30 млрд.долл.

Әлемдік экономикада  инвестиция нарығының пайда болуының өзіндік табиғи негіздері бар. Бұл ұлттық экономикалардың өз қызметін толықтыра түсуге ұмтылысының негізінде пайда болады. Инвестиция нарығының дамуы халықаралық қатынастарды жаңа сапаға, жақсартылған деңгейге көтерді, ұлттық экономикалардың араласуын күшейтті. Бұл салада ТШИ төмендегідей  рөлін бөліп көрсетуге болады:

1.Тікелей шетелдік  ирнвестициялар ұлттық экономикалардың  интернационализациялануына ықпал  етеді. Қаражаттың халықаралық  ағынына байланысты әр түрлі  елдердің экономикасы бір-бірімен  бұрынғыға қарағанда тығыз байланысқа түсті. Экономиканың маңызды бөлігін шетелге ауыстырып, онда тауар өндіру мен қызмет көрсетудің тұтас жүйесін құрған көптеген филиалдар осының айғағы.

Әлем бойынша ТНК  кәсіпорындары саны қарқынды өсуде. Бүгінгі күнде 64 000 трансұлттық компаниялардың иелігіндегі шамамен 870 000 шетелдік филиалдардың үлесіне ТШИ әлемдік ағынының 99% келеді. Бұның 270 мың филиалы дамыған елдерде, 360 мыңы дамушы және 170 мыңы өтпелі экономикалы елдерде орналасқан. ТНК шетелдік филиалдарының жинақтық активтері 2000 жылы 21 трлн. долл. құраса (20 жыл ішінде 10 есе өскен), олардың экспорттық жабдықтауы 4 млрд. долл. жетті (бұл тауар мен қызметке әлемдік экспорттың жартысына жуық), бұған жұмысқа тартылған адамның саны 53 млн. адамға (1982 жылы 17 млн.) жетті.

 

 

 

 Кесте 2 - ТҰК мен олардың шетелдік филиалдарының даму динамикасы

2001-2005ж.ж.

(  бірліктерде)

 

2001

2005

ТҰК

63 312

64 000

Шетелдік филиалдары

821 818

870 000


 

Бүгінгі күнде көптеген елдердің алдында әлемдік нарықтық шаруашылыққа ғаламдық интеграциялану мәселесі тұр. Бұл тек қана елдер арасындағы экономикалық алмасуды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттердің экономикалық жүйесінің өзгеруін де білдіреді.

2.Тікелей шетелдік  инвестициялар әлемдік экономикадағы  халықаралық өндірістің   қарқынын  өсіреді. 1980 жылдан бастап әлемдік тауар сату мен қызмет көрсетуге қарағанда шетелдік инвестициялардың әлемдік ағыны үлкен қарқынмен өсті. 2004 жылдың соңында  жалпыәлемдік жинақталған ТШИ 7,1 трлн. долл. немесе 20 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда әлемдік ЖІӨ 20% жетті. 2000 жылы шетелдік филиалдардың жалпы өнімі өсімі 16,2%, ал тауар мен қызмет экспортының өсімі 11,4% құрады.ТШИ жұмылдыру нәтижесінде бүгінгі күнде реципиент елдер 1980 жылдың 2% салыстырғанда негізгі капиталдың жалпы ішкі инвестициясының бестен бірін қамтамасыз етеді. 1990 жылдардың алғашқы жартысында ТШИ жыл сайынғы өсу қарқыны 20% болса, екінші жартысында 40%, 1998 жылы 45%, ал 1999 жылы 57% құрады.

3.Тікелей шетелдік  инвестициялар мемлекеттің экономикасын  дамытады. Инвестициялар - елдің  экономикалық өсуі мен өндірісінің жаңаруының  негізі, олар өнеркәсіптік өндірістің жаңаруына, экспорттың өсуіне, жаңа технологиялардың тартылуына және жұмыс орындарының көбеюіне әсер етеді. Инвестицияның басқа түрлеріне қарағанда тікелей инвестицияның маңызды артықшылығы ол қарыз алушы елдің экономикасына қарыз жүктемесін өсірмейді, ұзақ мерзімге салынады, экономиканың нақты бір саласына бағытталады, жергілікті өндірістің қарқынын өсіріп және кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашады.

UNCTAD бағамына сәйкес  жинақталған ТШИ   бағасы көп мөлшерде ағымдағы бағада 1982 жылы 719 млн-нан 1990 жылы 1889 млрд. дейін және 2004 жылы 6,3 трлн. дейін, яғни 12 есеге көбейді. Бұл жағдай өндірістік технология трансфертінде маңызды рөл атқарып (трансұлттық компаниялрдың құрылуына), ұлттық экономикаға тікелей әсерін тигізді.

4. ТШИ экономиканың  либерализациялануына әкеледі.

UNICED мәліметтері бойынша  1991-2000 жылдары әлемдегі елдер  өз заңнамаларына жалпы саны 1185 маңызды өзгертулер мен толықтырулар  енгізді. Соның ішіндегі 1121-і шетел  инвесторларына жағдай жасау мақсатында болған. Тек 2000-2004 жылдары 70 елде ТШИ жақсы жағдай туғызу үшін ұлттық инвестициялық жағдайды жақсартудың негізгі бағыттарына түзетулер енгізілді. Бұл 1991 жылмен салыстырғанда (ол кезде 35 ел 80 түзету жасаған) 2 есеге көп. Бұл түзетулер инвесторлар үшін қосымша кепілдіктер, жеңілдіктер мен стимулдар беріп, капиталды енгізуді либерализациялау шараларын, шаруашылық қызметіне қолайлы шарттарды жасап, экономиканың жекелеген бөлімдері мен салаларына қол жеткізуді кеңейтуге жағдай жасайды.

5. ТШИ қабылдаған мемлекет  экономикасының бәсекеге қабілеттілігі  артады. ТШИ шикізат тауарларын  өндіруге бағытталған ел экономикасының  құрылысының диверсификациялануына,  басқарудың қазіргі заманғы технологиясы  мен әдістерін енгізуге, нарықтық институттар қалыптастыру және өндірісті қарқынды ұйымдастырудың тәжірибесін енгізуге, жергілікті мамандардың біліктілік деңгейін жоғарылатып, сол арқылы жергілікті экономиканың бәсекеге қабілеттілігін тудыруға жағдай жасайды.

ТШИ ағынының өзгеруінің себебі - өндіріс көлемінің көп өсуі негізінде бәсекелі күрестің күшеюі болып табылады.  Ол қызметіне жақсы жағдай жасау мақсатында бизнесті өзінің ұлттық шекарасынан «шығарады».

ТШИ ағынының өзгеруінің негізгі себептері - өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы шетел инвесторларының қызығушылықтары мен тілектері.

1. Өз капиталын салу  арқылы шетелдік инвесторлар  төмендегідей артықшылықтарға қол  жеткізуді көздейді:

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар