Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 06:39, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ....
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………...
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

айка курсовой.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

- шикізат пен минералды  ресурстарға қол жеткізу;

- сыйымды, алайда қабілеті  шектеулі, әсіресе, импортқа қатысты шектеулі нарыққа өтуді;

-  салыстырмалы түрде  білікті жұмыс күшін неғұрлым  аз шығынды жұмсау арқылы жұмысқа  тартуды;

- әлемдік нарықта бәсекеге  қабілеттілігі жоғары тауардың  жаңа түрін жасау үшін техникалық  жетістіктер мен зерттеулердің нәтижесін пайдалануды.

2. Өз кезегінде ТШИ  шетелдік капиталды қабылдау  арқылы ұлттық тарап ұлттық  экономиканы жақсартуды көздейді:

- шет елдің алдыңғы  қатарлы технологиясына қол жеткізеді;

- ішкі жинақтау қорын  толықтырады;

- өндірістің қарқындылығын арттыру мақсатында басқарудың шетелдік түрін қолданылады;

- өзін-өзі ақтамайтын  импортты азайту және еркін  конверттелетін валютамен шығынды  азайтады;

- әсіресе дайын өндірістік  өнімге қатысты экспортты кеңейтеді.

Осының негізінде филиалдар  мен еншілес өнеркәсіп құру арқылы шетелге капитал салуға деген инвесторлардың талпынысы салынған капиталға келетін тікелей табыспен қатар, тікелей инвесторлардың қосымша табыс табуымен түсіндіріледі. Яғни ғаламдық бәсекеде компаниялар мен корпорациялар бәсекеге қабілетті болып қалу үшін оларды  шығындарды азайтып, тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға міндеттейді.

Халықаралық жағдайдың  өзгеруі ТШИ-дің ағымына әсер ететін фактор болып табылады. ТШИ  өзгеруін анықтаушы (ірі нарықтар, табиғи ресурстардың болуы, жартылай білікті және білікті емес жұмыс күшін пайдалану) негізгі дәстүрлі фактор әдеттегіше маңызды рөл атқарғанымен (мәселе неғұрлым өзгермелі салалар мен қызметтер туралы болса), олардың маңызы азаяды.

Сату кедергілерінің азаюы шаралары және аймақтық байланыстың кеңеюі негізінде көптеген ұлттық нарықтың маңызы кемиді.

Өндіруші өнеркәсіптің «алғашқы» салаларының үлесі  азайып, көптеген елдер үшін ТШИ  тартуда табиғи ресурстар пайдалану  сияқты дәстүрлі жүйе өз күшін жояды. Бұл жағдай арзан «шикізаттық» жұмыс күшіне де қатысты. Тіпті ең ауыр деген жұмыста да техника мен білікті мамандар пайдалану қажеттілігі туындайды. Жаһандану заманында ТШИ нарығы дамуының  3 негізгі факторы бар:

  1. саясаттың либералдануы;
  2. техниканың дамуы;
  3. корпоративтік стратегияның қалыптасуы.

Саясаттың халықаралық  тәртібіндегі өзгерістер өндірісті  орналастыру туралы шешімге ықпал  етеді. Инвестициялық сату саясатын  либерализациялау трансұлттық компанияларға  тереңдетуді және бәсекеге қабілетті  нүктелерді іздеуге мүмкіндік береді. ТНК түрлі маневрлер мен өз қызметімен айналысу орындарын таңдауда көп еркіндік алды. Жоғарыда көрсетілгендей, ТШИ-дің ұлттық тәртібіне соңғы онжылдықтың ішінде 1185 өзгеріс енгізілді, оның 1121 (95%) ТШИ-ға жақсы жағдай тудыру үшін жасалды.

2000-2005 жылдар аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім – шарт бойынша 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, бюджетке 31.4 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі жеңілдіктің мемлекетке 3.71 тг.[22;5] Салық төлемі ретінде қайтарылып отырғанын көрсетті. Алайда, шетелдік инвестицияны тарту барысында да көптеген кедергілер бар көрінеді:

    • Қазақстан нарығындағы , іскерлік белсенділіктің төмендігі ;
    • реттеуші шаралар мен заңның шалағайлығы ;
    • өтімді қаржы құралдарының азаюы, төлем күнінің әлсіздігінен дағдарыстың орын алуы ;
    • шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы .

        Сонымен қатар,  мемлекеттің қадағалау мен тиісті  шаралар қолданудағы босаңдығы мен дәрменсіздігі коррупция мен шектен шығушылыққа келісім–шартта айтылған талаптарды орындамаушылыққа, интеллектуалдық меншік құқығының қорғалмауына әкеліп соқтырды. Әлемдік тәжірибе айғақтағандай, экономиканы құрылымдық жүйеде қайта құру мемлекеттік, ғылыми – техникалық өндірістік және инвестициялық сакясатсыз жүзеге аспайды. Оның үстіне, халық мүддесі мен мемлекеттің ұлттық құндылықтарды стратегиялық тұрғыдан қызғыштай қорғай алуы ғана озық технологияның нәтижесін көруге мүмкіндік  береді. Мемлекеттік белсенді инвестициялық саясатты жандандыру үшін инвестициялық бағдарламаларға қолдау көрсететін арнайы ұйым құру керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін  қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті, Ұлттық мұнай – газ қоры, мемлекеттік  несие ұйымы сияқты қаржылық институттар  мен механизмдерге мән беруі  шарт. 

 

2 Қазақстан  Республикасының инвестициялық  саясаты

 

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғанынан бастап ел экономикасына шетелдік инвестициялар  тартуға қолайлы жағдайлар жасауда. 1993 жылғы “Шеврон” корпарациясының  келуі мен онымен Теңіз орналасымында  келісімге келу өзге трансұлттық корпорацияларға өзіндік белгі болды. Бұл кезеңнен бастап қазақ нарығының мұнай-газ саласына инвесторлардың келуі басталды, әлемнің “Эксон мобил”, “Шелл”, “Эни”, “Шеврон Тексако”, “Тоталь”, “Бритиш петролеум” “Лукойл”, “Китайская национальная нефтяная корпорация” сияқты ірі мұнай компаниялары өздерінің инвестицияларын тарта бастады.

Бұл жылдары  өнеркәсіптің дамуында шикізаттық сәйкессіздіктер  бекітіле бастады. Өнеркәсіп өндіретін  жоғары және тез өсімді капитал сиымдылығы құралдардың жетіспеушілігі жағдайында оның өмір сүру қабілеттілігін қолдау қажеттілігі шикізат салаларының пайдасына капитал салымдарының ары қарайғы құрылымдық өзгеруіне алып келді. Шешуші өлшемде инвестициялық құлдыраудың тереңдігі 1996 жылы кейінгі 1999 жылы 18,5%-ке төмендеген инвестициялық сұраныстың 40% ғана қаржыландырған мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың төмен инвестициялық белсенділігімен анықталды.

Мемлекеттік емес секторлар үлесі керісінше жылдан жылға көбейді. Дегенмен, экономикалық  дағдарысты жеңу мәселесінде, сонымен бірге ұлт экономикасының ірі құрылымдық кәсіпорындарын қаржыландырудың тұрақсыз жағдайын ескере Қазақстанның инвестициялық стратегиясы шетелдік капиталдарды тартудың үлкен бағытында дами бастады.

Экономика құрылымының өзгеруі, оның құрылымдық қайта қалыптасу қажеттілігі, көптеген өндірістердің шамадан тыс ұлғайтылған монополизациясы олардың мобильділігін, шығарылушы өнім сапасына, өндіріс нәтижелілігі мен оның рентабельділігіне кері әсер етуде болды.

Ішкі инвестициялық ресурстарды бірден қысқарту кәсіпорындарға толық инвестициялық әрекетпен айналысуға мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, өңдеуші секторлардағы инвестициялардың деңгейі жеткіліксіз күйінде қалып отырды. Және инвестордың (шетелдік сияқты отандық та) инвестициялық мақсаттары мен экономиканың шынайы қажеттілігінің арасында сәйкессіздік байқалды. Кәсіпорындарда бос қаржылық орындардың болуы жағдайында олар аралық өндіріс талаптарын шешуге бағытталып отырды. Коммерциялық банктер бірқатар себептер бойынша шынайы сектордың әлі де негізгі инвесторлары бола алмады.

Инвестициялық әрекет ісінің жоғарылауының белгілері 1998 жылдың аяғында көріне бастады. 1999 жылдың төртінші ширегінен бастап инвестиция тарту өсімінің  қарқыны ел экономикасы  өсуінің басты факторы ретінде  танылды.

Олар ірі коммерциялық өмірді инвестициялау негізінде  ұлттық  шаруашылық субъектілерінің  дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу  дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік  туғызады.

Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.

Бұл қағидалар:

  • экономикалық мақсатқа сәйкестілік- ол сол немесе басқа әлеуметтік- экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкүндіктерін шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудін тығыс қажеттілігінің туындай отырып аңықталады:
  • әлеуметтік экономикалық тиімділік- кез келген нысанда шетел инвестицияларын тартудын бірден-бір шарты.Бұл қағида: шетел компаниялардың қатысуымен болатын жобалардын жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халқын жұмыс бастылығын арттыруды пайымдайды:
  • экономикалық-экологиялық қауіпсіздік- егемендік қауіпсіздігінің қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға , қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды зансыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірішулерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкүндік бермеуі тиіс. Бұл қағиданы қолдану ұлттық ресустарын жекелеген түрлеріне (мысалы, жер) шетел капиталының еркін кіруін шектеу қажет:
  • шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы. Бірде-бір мемлекет, бірде бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын серіктестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды
  • экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдылық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың экономикалық жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орны, экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс
  • Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі – осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлылығын  қамтамасыз ету болып табылады
  • ең сонында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерікшеліктері бар экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдардың жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.

Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік  негізін құрайды. Оларды тарту елдің  экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезенде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаналандыру мақсаттарына қызмет етеді.

Сонымен қатар елде бұл  процесті басқару барысында оның дамуының стратегиясын анықтаушы және тартымды күші бар бір қатар глобалды факторларды ескеру қажет. Мұнда ең бірінші, республиканың қуатты потенциалы туралы сөз болуы тиіс. Біздің мемлекетіміз мұнай, газ, көмір мен уран рудаларының әлемдік қорын жетекші иеленушілерінің бірі болып табылады. Осы салаларды дамыту мен оларды басқарудын тиімділігін арттыру мемлекеттін ерекше назар аударуын талап етеді. Республиканың жер қойнауынан алынатын минералды шикі заттын потенциалды құндылығы- 8,7 триллион долларға бағаланады. Минералды шикізат кешеніндегі реформалауға сәйкес заңдар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауын қорғауды басқару мен реттеу қағидаларының негізінде жүргізіледі.

Келесі фактор, Қазақстанда  ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің  қуатты әлеуетінің болуы мен оларды ең алдымен, дәнді дақылдарды Орта Азия нарығына экспорттау мүмкүндіктері болып табылады.

Үшіншіден, Қазақстан  дамуының ұзақ мерзімінді стратегиясының басымдықтарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылуда. Бұл мұнай  құбырларын, магистралды трассалар, темір жолдар, теңіз және өзен терминалдары, әуежайлар құрылысы. Басқаша айтқанда- бұл дамыған байланыс торабын құру.

Төртіншіден, адам ресустарына  капитал салу. Қазақстанның тұрғын халқының білім алу деңгейінің жетіктігі  әрқашан оның интеллектуалдық әлеуетінің айрықша белгісі болатын. Бұл фактор республиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің импульсивті негізін көрсетеді. Кадр әлеуетін қалыптастыру мен жеке тұлғаны дамтуға бағытталынған инвестициялар ең тиімді инвестициялар болып табылатындығы бұрыннан есептеліп келуде.

Инвестициялық қызметті басқаруда жоғарыда келтірілген  қағидаларды тиімді және саналы қолдану, соңдай-ақ, елдін потенциалды мүмкіндіктерін барынша ескеру, шетелдік және отандық  инвестициялар үшін де қолайлы, тартымды атмосфера жасайды.

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.

Қазақстандағы шетел  капиталы 3 арна бойынша түседі:

    • экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
    • дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
    • инвестициялар: тікелей және портфельдік.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар