Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 06:39, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ....
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………...
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

айка курсовой.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

                            Жоспар

 

Кіріспе... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...  ... ...  ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ....

 
   

1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі…………...

 

1.1 Инвестиция  тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................

 

1.2 Экономиканы  құрылымдық түрлендіру кезеңінде  шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................

 

   

2 Қазақстан  Республикасының инвестициялық  саясаты

 

2.1 Қазақстан Республикасының  ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................

 

2.2  Мемлекеттің инвестициялық  әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................

 

                                


 

 

Кіріспе

 

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. 1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс  алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Тәуелсіздіктің бірінші  кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды  тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.

Дегемен, шетел инвестицияларын  экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне  сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге  жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр. 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел  капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат  өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.

 Сондықтан мемлекет  шетел инвестицияларын тартудың  бағыттарының басымдылығын белгілеу  керек. Шетел инвестициялары Қазақстан  экономикасының бәсеке қабілеттілігін  жоғарылататын факторға айналуы  қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы     Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.

 Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың қазіргі беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды. Осыған байланысты жұмыстың келесі мақсаты мен міндеттері анықталды.

 

 Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың басты факторы болатындығын айқындау.

Диплом жұмысының міндеттері:

-шетел инвестицияларын  тартудың қажеттілігін анықтау;

-«инвестиция» терминінің  мәні мен қызметін талдау;

-шет елдерінің инвестициялық  саясатын зерттеу;

-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;

-шетел инвестицияларын  тарту мақсатына арналған мемлекеттік  шараларды сұрыптау.

Зерттеу негізі ретінде  елдің экономикасына шетел инвестицияларын  тарту кезінде пайда болатын  экономикалық қатынастар алынған.

Зерттеу зерзаты болып Қазақстанның ұлттық экономикасын түрлендіру жағдайындағы өнеркәсіптердің инвестициялық әрекеті табылады. 

Диплом жұмысының  құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған  әдебиеттер тізімінен тұрады.           

 

1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі

 

1.1 Инвестицияны  тартудың теориялық негіздері

 

Шетелдік капиталды  тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың ұлттық экономиканың дамуына  әсер ететін басты фактор екеніне  көз жеткізу үшін, оларды қолданудың нәтижелілігін анықтау үшін “инвестиция” ұғымының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын нақтылау қажет.

Инвестицияның материалды құндылықтар мен тауарлар өндірісі процесін анықтайтыны  жөнінде  айтқанда “инвестиция” категориясының экономикалық және құқықтық болатындығын естен шығармау қажет. Мемлекет ретінде тек қана бір тұлға – мемлекеттің бой көрсетуі жағдайында “инвестиция” ұғымы жеткілікті дәрежеде тар болатын. Ол  негізінен капиталдық салымдар  мақсатында қолданылатын ақша құралдарын ғана қамтыған. 1991 жылға дейін инвестиция ұғымының тапсырыс берушілердің (инвесторлар) негізінен құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған әрекетін сипаттайтын “капиталдық салымдар” терминімен ауыстырылғандығы кездейсоқтық емес. Бүгінде  реттеулі нарықтық қатынасқа өту кезеңінде жеке мүліктік қатынастағы сапалық өзгерістерге байланысты  инвесторлар ретінде көрінетін топтық тұлғаларға бағытталушылықта “инвестиция” ұғымы жоғарыда көрсетілген стереотиптерден арылды.

Экономикалық  әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көптеген анықтамалар берілген, бірақ әртүрлі авторлар ұсынған ол анықтамалардың барлығы құбылысты күрделі және көп аспектілікке әкеліп соқтырады. Инвестицияның кең тараған анықтамасы – бұл инвесторлардың өз кәсіпкерлік әрекетінің объектісіне салған мүліктік және интеллектуалды құндылықтарының барлық түрлері. Экономикалық мәнінде  инвестиция “өндірістік күшті қалыптастыруда өндіріс процесінде жеке еңбектің тұтынуға қарағанда жоғары құнды қалыптастыруы арқасында болатын жеке еңбек пен қоғамдық еңбекті салу процесі” ретінде анықталады.

Экономикалық әдебиеттердің анализі көрсеткендей, “капитал салымдары” термині – ол негізгі қорлар өндірісіне кеткен қаржылық шығындар. Мысалы, Г.И.Хачатуров капитал салымдары астарында негізгі қорлар өндірісіне кеткен  шығындарды, олардың көбеюі мен жүзеге асырылуын түсінуді ұсынады. М.И.Кулагин экономикалық мәнде инвестицияны өндіріске, көлік, ауыл шаруашылығы және табысқа ие болу мақсатындағы ұлттық экономиканың өзге де салаларына құралдардың ұзақ мерзімді салымын түсінуді ұсынады(58).

Бұдан да кең  анықтамаларды шетелдік экономистер береді. Соның ішінде, Кейнс инвестиция болып “белгілі бір кезеңдегі өндірістік әрекет нәтижесінде капитал мүлігі құндылығының аралық өсімі” немесе “сол кезең ішінде иелікке алынуда қолданылмаған  табыстың бөлігі” табылады деп санайды.

Қаржыландыру  көзіне тәуелді заңды және жеке тұлғалармен  жүзеге асырылатын мемлекеттік және жеке меншік несиелер мен заемдар, өтеусіз  қаржыландыру түрінде  іске асатын мемлекеттік  түрлерге жіктеуге болады. Осыған сәйкес, шетелдік инвестициялар  шетелдік заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылатын  шетелдік мемлекеттер мен жеке және халықаралық ұйымдар беретін заемдар мен несиелер есебі бойынша қаржыландырылатын мемлекеттік  түрлерге жіктелінеді.

Сонымен, шетел инвестицияларын  тарқан кезеңде келесі маңызды мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық  өзгерістеріне нарықтық механизм  әсер ете алмайды; сондықтан  бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан  реттеу қажет;

екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ, өндірістің  әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық  реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты сипатта болады.

 

1.2 Экономиканы  құрылымдық түрлендіру кезеңінде  шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі

 

Қазақстан өркениетке, экономикалық дербестікке аяқ басқан 10 жылдан астам уақыт ішінде өзінің табиғи ресурстар қорымен көптеген мемлекеттердің экономикалық сұранысын арттырып отыр.

Инвестиция -  кәсіпорынға, өндіріс  орнына немесе жеке адамға көп жылға  қайтарымсыз берілетін капитал.  Ал, капитал құюшы  тұлға немесе компания ішкі есебін мүлт жібермеуге тырысатыны белгілі. Қазақстанда  инвестициялық климат қалыптасты мa? Инвесторларға қойылатын талаптар қандай ? Инвестициялық саясатта неге ұлттық мүдде кем?  Осы сауалдар төңірегінде  және Қазақстанның экономикалық потенциалы хақында әңгіме өрбітіп көрсек.

Экономикалық реформаларды ойдағыдай  жүргізуде шетелдік инвестицияны тікелей  өндіріске жұмылдыру мен оны  ұтымды пайдалану кез келген мемлекет үшін маңызды. Әлемдік тәжірибе бұл мәселеде екі тарапқа да ортақ :халықаралық бірлескен реформалар тікелей шетелдік инвестицияның тиімділігіне мән берсе, инвестицияның көлемі өндірісіне күш сала тын мемлекеттің экономикалық жағдайына тәуелді болып келеді. Сондықтан да Қазақстан бұл процестен бейтарап қала алмайды. Экономикалық қайта құру мен стратегиялық даму жоспарын шетелдік инвестициялар арқылы іске асырғанын жөн санайды. Инвестициялық климат қалыптастыру үшін инвесторлар «барымтасына қарай қарымтасы» деген саясатты берік ұстануға тырысады. Өйткені, ешқандай инвестор өзі пайда табатын саланың болашағы жоқ болса, екі  жеп биге шықпақ түгілі, есі барда елін табуға әрекет  қылатыны даусыз.

Стратегиялық жоспарлау агенттігі  мен республикалық қоғамдық пікірді  анықтау орталығының зерттеуіне сүйенсек, шетелдік инвестицияны құлдыратуға заңның солқылдақтығы мен  оның қайта - қайта өзгеруі әкеп соғады екен. Шетелдік инвесторлардың  айтуынша, басқа елдерге қарағанда , олар үшін Қазақстан нарығы оңтайлы көрінеді. Өйткені, Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен ауыл шаруашылығына жарайтын жерлерге бай, сондай-ақ, ірі өндірістік потенциал мен білікті жұмыс күшіне ие. Алайда, бұлардың  шашауын шығармай пайдалану үшін инвестиция ауадай қажет. Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін жағымды факторлар қатарына мыналар жатады:

Біріншіден, табиғи ресурстардың болуы. Бұл әсіресе, жер қойнауында пайдаға  молынан кенелтетін мұнай мен  газ, түрлі- түсті және сирек кездесетін металдардың ұшырасуымен құнды. Шетелдік сарапшылар бұл байлықты әзірше 9 трлн. АҚШ долларына бағалап отыр. Мамандардың болжауынша, Қазақстанның мұнай қоры Ирак пен Иранның» «қара алтын» қорынан да   асып  түседі екен. Алдағы жүзжылдықта Қазақстан жылына 100 млн. тонна мұнай экспорттайтын алып мұнай державасына айналуына мүмкіндігі мол.

Екіншіден, Орталық Азия көліктік құрылымындағы ұтымды геостратегиялық  құрлықта орналасуы және 2 миллиардтан  астам халқы бар  елдердің нарығына  шыға алуы. Бұл-мұнай экспортынан  мұрты майланғалы тұрған Қазақстан  үшін табыстың алғышарты болып табылады. 

Үшіншіден, қоғамның дамуы мен экономикалық гүлденуі жөнінен Қазақстан достастық  елдері арасында көшбасшылық  тізгінге ие.

Еліміздің инвестициялық ахуал  анықтайтын жайттар :

    • инвестиция жұмылдыру процесі;
    • инвестиция үшін жағымды жағдай;
    • инвестицияландырудағы тәуекелшілдік .

Қазақстанның  инвестициялық тәуекелшілдікке  бас тігетін кәсіпкерлік климаты  ел ішіндегі саяси- экономикалық, әлеуметтік жағдайларға тығыз байланысты. Инвесторларға  жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, шетелдік инвестиция ағымын азайтатын ең басты фактор-  шенеуніктердің коррупциялық  қысымы (51.3  пайыз) мен билік жүйесіндегі саяси сананың жабайлылығы, яғни бюрократизм (44.9 пайыз) екен.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар