Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:39, автореферат

Краткое описание

Зерттеудің өзектiлiгi. Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек – ҮІI-ІХ ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштері тiлi түркi жазба тiлiнiң бiзге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт-бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кыпчакполовец язык2.doc

— 509.50 Кб (Скачать документ)

Артикуляциялық ерекшелiктерi бойынша күрделi дыбысқа жататын r фонемасының ауслаут жағдайда қолданылуы алтай дәуiрiне дейiнгi кезеңде-ақ қалыптасқан құбылысқа жатады Көне түркi жазба ескерткiштерiнде анлаут r қолданылмайды. Кули Чор жазбасында кездесетiн сөйлемдi С.Е.Малов   ab ablasar r2m2lä teg erti Кч.  9 түрiнде транскрипциялап «он охотился на дикое животное?» деп аударады [Малов 1,102], автор сұрақ белгiсiн қою арқылы өзi де күмәндi екенiн бiлдiрген. Қ.Сартқожаұлы осы сөйлемдi Ab ablasar erim eli tegirti түрiнде транскрипциялайды, аудармасын «Аң ауласа сарбаздардың елi белсенiп шығар едi» түрiнде бередi (Сартқ. 232-234). К.М.Мұсаев С.Е.Маловтың транскрипциясы бойынша r2m2lä сөзi Византия (Рим) болып аударылуы қажеттiгiн көрсете отырып «... можно интерпретировать как: «он охотился до Византии», подчеркивая этим обширность принадлежащей Кули Чуру территории»  деген ой айтады [СИГТЯ,361]. Сөйлемде қолданылған r2m2lä сөзiнен басқа лексемалардың бәрiнiң мағынасы айқындалған сөздер: Ab «охота» (ДТС, 2) «охота (на зверей, дичь)» (ЭСТЯ I, 62); teg «до» (ДТС, 546), «доходить, касаться» (ДТД, 71), erti «едi» (Айд. II, 100). Бiздiң ойымызша ғалымның пiкiрi негiздi, сөйлемнiң тұлғасы да, контекстегi мазмұны да «Аң ауласа Үрiм (Рим) елiне дейiн жетер едi» сөйлемiне сәйкес келедi. Түркi халықтары Византия елiмен де қарым-қатынас орнатқаны жайлы дерек Күлтегiн ескерткiшiнде де сақталған КТү. 4. Қазақ тiлiнде Ұлын ұрымға, қызын Қырымға оралымының сақталуы да осы қарым-қатынастың дәлелi. Түркi тiлдерiнде r тұлғалы сөздердiң протезалық дыбыстармен айтылуы басқа тiлден енген сөздерден анық ажыратылғанымен, түркiлiк төл сөздердегi анлаут ерiндiктер u, ü, қысаң i, ï, e дыбыстарын тек протеза ретiнде қабылдауға болмайды. Мысалы, ор, өр, ұр, iр(i), ер т.б. сөздердегi анлаут дауыстылар моносиллабтардың негiзгi сұлбасын құрайды. Ескерткiштер тiлiндегi моносиллабтардың соңында қолданылған r фонемасы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде толық сақталған, тек бiр-екi сөзде ғана өзгерiс байқалады. r ≈ z. Мойун-Чур ескерткiшi тiлiнде қолданылған jar(ïš) «равнина» (ДТД, 44) сөзi түркi тiлдерiндегi jaj «развертывать» (ЭСТЯ, I, 76), jaz «распускаться» (ДТС, 250) сөздерiмен төркiндес болуы мүмкiн, қаз. žaz → žazïq, žaj → zajdaq (жайдақ жер), ққалп. žaz/zaj, ноғ. jaz/jaj, тат., башқ. jäj. Орхон ескерткiштерi тiлiнен bor «вино» (ДТД, 35) сөзi тiркелген. қаз. boz(a), қырғ. boz(oo). Жалпы алтай тiлдерi бойынша кеңiнен танымал ротацизм құбылысының сөз мағынасына әсерi жасырын синкретизм құбылысының аясында қарастырылып жүргенi белгiлi. r, z дыбыстарының күрделi табиғатын, тiл дамуындағы маңызын көрсететiн ar ≈ az, kör ≈ köz, tiz ≈ tir ≈ ter тәрiздi түбiрлес жұптар ескерткiштер тiлiнде де жиi қолданылады.

Түркi тiлдерi фонетикалық  жүйесiнде жан-жақты зерттелген, тарихи даму жолы мен фонематизациялануы, сәйкестiк түзу мүмкiндiгi кеңiнен қарастырылған консонанттар қатарындағы q, k, γ, g дыбыстары ҮII-ІХ ғасыр түркiлерi тiлiнде қолданыс аясының кеңдiгiмен ерекшеленедi. Қатаң q, k дыбыстарының ұяңдану процесiнiң алғашқы нәтижелерi алтай дәуiрiне дейiнгi кезеңде-ақ байқалып, олардың бәсең спирант аллофондары анлаут жағдайда да, ауслаут жағдайда көрiнiс бере бастаған [23,78]. Ұяң γ дыбысы ескерткiштер тiлiнде анлаут позицияда қолданылмайды. Қыпшақ тiлдерiндегi анлаут γ кiрме сөздерге тән, түркiлiк төл сөздердiң ұяң γ-мен айтылуы қарақалпақ тiлiнде кездеседi: γaz «қаз», γarγa «қарға», γawγa «қауға» (ҚқТТС II, 40-46). Оғыздық белгi қарақалпақ этносының, тiлiнiң қалыптасу кезеңiнен бастау алатын құбылыс болса керек. Бәсең артикуляциялы γ фонемасы сөз ортасында және сөз аяғында өзгермелi табиғатымен ерекшеленедi, қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесi құрамындағы ауслаут γ-ның сақталу деңгейi әртүрлi. γ ≈ g ≈ w ≈ υ ≈ j. *aγ ≈ *aw ≈ *aυ ≈ aj → aγïl ≈ awïl ≈ аυïl: aγ(ïl) «загон для скота» (ДТД, 39) ≈ қаз., ққалп. aw(ïl) ≈ ноғ., тат. аυ(ïl) ≈ қырғ. ajïl «аул». Қазақ тiлiнде көне форма сақталған, aγïl «шөп не қамыстан жасалған төбесi биiк мал қорасы (аула)» (ҚТДС, 13). Енисей ескерткiштерiнен ajïl «аул» Е. 48 (ДТД, 32) тұлғасы тiркелген. Э.В.Севортян *aγ моносиллабын етiстiк-есiм мәндi омоним қатарына жатқызып, архетұлғасын а : γ түрiнде бередi (ЭСТЯ, I, 84). γ ≈ q ≈ k. *jaγ ≈ *jaq/*žaq ≈ *jak → jaγuq ≈ jaqïn/žaqïn ≈ jakïn: jaγuq «близкий» (Айд. I, 211) ≈ ноғ., башқ. jaq(ïn), қаз., ққалп. žaq(ïn) ≈ тат. jak(ïn). Қазақ тiлiнде *jaγ моносиллабынан тараған žuwïq сөзi де қолданыста. γ ≈ ø. Ескерткiштер тiлiнде моносиллабтар құрамындағы ауслаут γ-ның элизияға ұшырауы бiршама жиi кездеседi. *oγ ≈ *u → oγul ≈ ul: oγul «сын» (Айд. I, 216) ≈ қаз., ққалп., ноғ. ul.

Ескерткiштер тiлiнде моносиллабтар соңында ғана қолданылатын ұяң g дыбысының өзгерiс деңгейi γ дыбысының өзгерiстерiмен бiрдей, g фонемасының ауслаут жағдайда қолданылуы қарақалпақ тiлiнде кездеседi: gew(de) «кеуде», güz «күз», gün «күн» (ҚқТТС II, 19-32). g ≈ j. teg ≈ tij: teg «касаться» (ДТД, 71) ≈ қаз., ққалп., ноғ. tij; g ≈ υ сәйкестiгi. *jug ≈ *juυ → jugur ≈ juυïr: jugur «бегать» (ДТД, 48) ≈ ноғ. juυïr; g ≈ k. keg ≈ kek: keg «месть» (Айд. I, 215) ≈ қаз. kek; g ≈ ø. *üg ≈ *ü: ≈ *ö: → ügüz ≈ üzen ≈ özen: üguz «река» (Айд. I, 221) ≈ тат., башқ. üzän ≈ қаз., қар., ққалп. özen. Түркi тiлдерiндегi γ, g дауыссыздарының элизиясы екiншi дәрежелi созылыңқы дауыстылардың қалыптасуымен тiкелей байланысты құбылыс. Қырғ. тiлiнде оо, öö, uu, üü созылыңқылары жиi кездеседi: *aγ ≈ *oo → aγïz ≈ ooz «рот», suγ ≈ suu «вода», taγ ≈ too «гора» (КРС II, 72, 166, 250),  boγ ≈ boo «веревка» (КРС I, 144). Алт. тiлiнде оо, öö, uu, üü созылыңқыларымен қатар аа, ее, ïï, ii созылыңқы дауыстылары да кеңiнен қолданылады: аas «рот», аal «брать», jaa «идти (дождю, граду, снегу)», jaak «щека, косяк», jüü «сок», joon «толстый», jïït(ta) «нюхать», kiij «надевать», soo «остыть», söök «кость», čee «молодой хвойный лес» (Верб. 4, 66, 100, 112, 177, 428). Қазақ тiлiнде көне түркiлiк моносиллабтар соңындағы γ дыбысының көпшiлiгi өзгерiстерге түскенiмен олардың көне формалары да сақталып, ауызекi тiлде, кейде әдеби тiл iшiнде де қолданылатынын аңғару қиын емес.

Көне түркiлiк анлаут q қыпшақ тiлдерiнде негiзiнен қатаңдық табиғатын сақтаған кей тiлдерде ұяңдану, жiңiшкеру процестерi байқалады, мәселен қарақалпақ тiлiнде ұяң γ тұлғалы сөздер кездессе, татар тiлiнде жiңiшке k арқылы айтылатын сөздер бар. Бiрақ бұл құбылыс аталған тiлдердi толық қамтымайды, қатаң q-ны сақтап қалған сөздер де қатар қолданылады. q ≈ k.qal ≈ kal: qal «остаться» (ДТД, 156) ≈ тат. kal (ТРС, 285); q ≈ γ сәйкестiгi: qaz ≈ γaz: qaz «копать» (ДТД, 151) ≈ ққалп. γaz. Бұл дерек ауызекi тiлге негiзделген, қарақалпақ әдеби тiлiнде қатаң тұлға сақталған qazïw «жердi ойыу, шұқырлау, үңгиу» (ҚқТТС III, 91). Сондықтан қарақалпақ тiлiндегi q ≈ γ сәйкестiгi сөйлеу дәстүрiнде оғыздың ықпалмен қалыптасқан фонетикалық заңдылық қатарына жатады, сондай-ақ қарақалпақтардың этногенездік құрамындағы оғыздық элементтерді де ескерген жөн.q ≈ х сәйкестiгi. Қатаң q-ның х дыбысына өзгеруi ноғай, татар тiлдерiнен байқалады, *qaγ ≈ *ха → qaγan ≈ xan: qaγan «правитель» (ДТД, 120) ≈ қаз., ққалп., ноғ., тат. т.б. xan; *qat ≈ *xat → qatun ≈ xatïn: qatun «госпожа, жена» (ДТД, 51) ≈ ноғ. xatïn «женщина» (НРС, 176). Жалпы түркi тiлдерiне тән qayan сөзi құрамындағы q дыбысының бiршама ұяң х-ға айналуы түркi тiлдерiне араб-парсы тiлiнiң ықпалы күшейген кезең – Х-ХI ғасырларда қалыптасқан болуы керек. Басқа қыпшақ тiлдерiнде қатаң табиғатын сақтаған qatïn сөзiнiң татар, ноғай тiлдерiнде ұяңдануы да осы әсердiң ықпалы.

Көне түркiлiк моносиллабтар  құрамындағы анлаут k қазiргi қыпшақ тiлдерiнде өзгерiске түспеген, ауслаут жағдайда  ұяңдануы sekiz «сегiз» сан есiмiнiң құрамынан байқалады. k ≈ g. *sek ≈ *seg → sekiz ≈ segiz: sekiz «восемь» (ДТД, 65) ≈ қаз., ноғ., қар., тат. segiz/segijz, башқ. hijgez, ққалп. segijz/sekkijz. Қыпшақ тiлдерi iшiнде қарақалпақ тiлi негiзiнен көне тұлғаны сақтап қалғанымен, ұяң варианты да кездеседi: *küm ≈ *güm → küm(üš) ≈ güm(ijs): Орх., Е. küm(üš) «серебро» (ДТД, 56) ~ ққалп. güm(ijs) «қымбат, бахалы ақ түсли металл» (ҚқТТС II, 35). Көне түркiлiк γ, g дыбыстарының ауслаут жағдайда iлгерiлеу заңдылығына ұшырауы немесе үнемдеу құбылысының әсерiнен элизияға түсуi ең жаңа тiлдер қатарында саналып жүрген қыпшақ тобындағы тiлдерге тән болғанымен, жүйелi заңдылық емес.

Ескерткiштер тiлiнде анлаут d фонемасының қолданылмауы түркi тiлдерi консонанттар жүйесiндегi анлаут d-ны көне түркi дәуiрiнен кейiнгi құбылыс ретiнде қарастыруға негiз болмау керек. ХI ғасырда оғыздардың ата-бабалары анлаут d-ны қолданғаны М.Қашқари еңбегiнен белгiлi. Түркi жазбалары дүниеге келген ҮII-IХ ғасырлар мен М.Қашқари заманы арасындағы 100-150 жыл iшiнде бiр дыбыстың ұяңдану процесi толық аяқталып бiтуi мүмкiн емес. Бұл Орхон ескерткiштерiн қалдырған батыс түрiк қағанатында батыс оғыз тiлiнде сөйлейтiн түркiлердiң ата-бабалары билеушi топ құрамына  ықпалы аз болғанын аңғартады. Күлтегiн ескерткiшi мәтiнiндегi Budïnïγ igidejin tijin jïrγaru oγuz budun tapa, ilgerü qïtan, tatabï budun tapa, birgerü tabγač tapa uluγ sü eki jegirmi süņüšdim «Халықты көтерейiн деп, терiстiкте оғыз халқына қарсы, iлгерiде қытан, татабы халықтарына қарсы, бергерi табғачқа қарсы үлкен әскермен он екi (рет) соғыстым» КТү. 28 (Айд. I, 177); jazïņa oγuzγaru sü tašïqdïmïz Oγuj jaγï orduγ «жазына оғызға әскер шығардық, оғыз жауы орданы басты» КТү. 48 (Айд. I, 181) деген сөйлемдер де ескерткiштер иесi оғыздар емес екенiн көрсетуi мүмкін.

Ескерткiштер тiлiнде моносиллабтар  соңында келетiн d дыбысы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде біршама өзгерiске түскен. d ≈ j. qod ≈ qoj: Орх., Е. qod «оставлять» (ДТД, 52) ≈ қаз., ққалп., тат. т.б. qoj; Орх., Е. qïd ≈ qïj: qid «резать» (ДТД, 52) ≈ қаз., ққалп. qïj. Қазiргi тiл деректерi бойынша qïd ≈ qïj моносиллабтарының *qï моделiнен жасалған туынды тұлға екенiн аңғаруға болады: қыр(ық), қыс(қар). Көне түркi және қыпшақ тiлдерiндегi d ≈ j сәйкестiгi көптеген сөздердi қамтығанмен кей жағдайда d тұлғасының сақталуы да кездеседi. Мысалы, қазақ тiлiнде аяқ сөзiмен қатар ада болу «аяқталу, таусылу» лексемасы, көне түркiлiк bediz «орнамент» (ДТД, 36) сөзiмен төркiндес бедер лексемасы қолданылса, Талас ескерткiштерiнде кездесетiн idiš «сосуд» (ДТД, 290) сөзi қаз., ққалп., ноғ. тiлдерiнде ыдыс түрiнде сақталған. d ≈ t. öd ≈ öt: od «жельч» (ДТД, 78) ≈ құм., ноғ., қаз. öt/ тат., башқ. üt; Тектес дыбыстар қатарына жататын d ≈ t сәйкестiгi түркi тiлдерiне кеңiнен таралған құбылыс j ≈ d ≈ t ≈ z сәйкестiктер тiзбегiне кiредi. Көне түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi ауслаут z қазiргi қыпшақ тiлдерiнде толық сақталған, өзгерiске түсуi бiр лексемадан ғана көрiнiс бередi. z ≈ s. *üz ≈ *üs → üze ≈ üsti: üze «наверх, вверху» (ДТД, 78) ≈ қаз., ққалп. üsti / башқ. ös(tö). Тат. тiлiнде көне форма сақталған üz(rä) «вверху» (Құрыш. 212). Қазiргi тiлдерде z ≈ s сәйкестiгi кең таралмағанмен аталған дыбыстардың сәйкестiк түзуге теориялық мүмкiндiгi бар.

Ескерткiштер тiлiнде t дыбысы өзiнiң тұрақтылығымен ерекшеленедi, тұрақтылық сапасы қазiргi қыпшақ тiлдерiне де тән.  t ≈ d. at ≈ ad: Орх., Е., Тал. at «имя» (ДТД, 67) ≈ қар. ad t ≈ d сәйкестiгi ескерткiштер тiлiнiң iшiнде де фонемалық мән жүктемей сәйкестiк түзе бередi Тiл деректерi t ≈ d сәйкестiгiнiң сөз мағынасын да ықпал ете алатынын көрсетедi: ат(та) ≈ ад(ым), ад(ымда), бұл жерде t-ның ұяңдануын екiншi буындағы дауысты ï-ның ықпалы ретiнде түсiндiруге келмейдi, *аt моносиллабымен тұлғалас аt етiстiгiнен жасалған атым: бiр атым насыбай сөзiнде t-ның сақталуы, олар өзiнен кейiн дауыстының ықпалын қабылдамайтынын көрсетедi. Құд(ық) ≈ құт(ы) сөздерiнiң құрамынан да t ≈ d сәйкестiгiнiң iзi байқалады, елiктеуiштер жүйесiнде t, d дыбыстарының идеофондық табиғаты бiршама айқын көрiнедi.

Түркi тiлдерi фонологиялық жүйесiндегi ең көне дыбыстардың бiрi [21,26] тiл алды қатаң аффрикат č ҮII-IХ ғасыр ескерткiштерi тiлiнде жиi қолданылатын фонемалар  қатарына жатады. Қыпшақ тiлдерi iшiнде č дыбысын аз қолданатын қыпшақ-ноғай тобындағы тiлдер. Қыпшақ-половец, қыпшақ-бұлғар тобындағы тiлдерде анлаут позицияда сирек қолданылғанмен, ауслаут позицияда бiршама кеңiрек тараған. č ≈ š. čöl ≈ šöl: čöl «степь, пустыня» (ДТД, 81) ≈ қаз., ққалп. söl; čet ≈ šet: čet «граница, край» (ДТД, 81) ≈ қаз. Šet. Жалпы ескерткiштер тiлiнде č дыбысынан басталатын моносиллабтардың бәрi қыпшақ-ноғай тобындағы тiлдерде š-дыбысына өзгерсе, басқа қыпшақ тiлдерiнде č тұлғасының сақталуы да, š-ға өзгеруi де кездеседi. Ескерткiштер тiлiнiң өз iшiнде де č ≈ š фонологиялық мән жүктемей қолданыла бередi. Ауслаут жағдайда č ≈ š ≈ s сәйкестiгi. ač ≈ aš ≈ as: ač «открывать» (ДТД, 80), қар., құм., тат. ač ≈ қаз., ққалп., ноғ. аš ≈ башқ. as; üč ≈ üš ≈ ös: üč «три» (ДТД, 80), тат. öč ≈ қаз., ноғ., ққалп. üš ≈ башқ. ös. Түркi тiлдерiндегi č, š, s дыбыстары тарихи-генетикалық тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан да сәйкестiк түзу мүмкiндiгi бар тектес дыбыстар.

Тiл алды спиранты š фонемасы ескерткiштер тiлiнде  č, s дыбыстарымен фонологиялық мән жүктемей ауыса бередi, бұл көне  жәдiгерлер иесiнiң этностық  құрамында әртүрлi диалектiде сөйлейтiн түркi тайпалары шоғырланғанын көрсетедi. š ≈ s. šïk ≈ sïq: šïk/sïk «теснить» (ДТД, 82) ≈ қаз., ққалп., ноғ. sïq; šuw ≈ suw: šuw/sub «вода» (ДТД, 82) ≈ қаз., ққалп., тат. suw, ноғ., қар. suυ, башқ. тiлiмен š ≈ s ≈ h сәйкестiгi түзiледi. hïw «вода» (БРРБУС, 105). Башқұрт тiлiндегi h дыбысының күрделi табиғаты көптеген зерттеулерден белгiлi [31,81. 34,402]. Түркi тiлдерi бойынша тұрақтылығымен ерекшеленетiн s фрикативi түркi жазба ескерткiштерi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi арасында да өз табиғатын сақтаған, жүйелi өзгерiсi бұлғар-қыпшақ тобындағы башқұрт тiлiнен көрiнiс бередi. s ≈ h. sa ≈ *ha: sa «считать» (ДТД, 64) ≈ башқ. ha(n); sï ≈ *hï: sï «ломать» (ДТД, 64) ≈ башқ. hï(n); sen ≈ hijn: sen «ты» (ДТД, 65) ≈ hijn. s ≈ š i. is ≈ iš: is «работа, дом» (ДТД, 64) ≈ құм. ijš, тат. эš; bis ≈ bijš: bis/beš «пять» (ДТД, 39) ≈ тат., башқ. bijš, құм. beš; *bis ≈ *bijs: bisük «потомство» (ДТД, 39) ≈ башқ., тат. bijšek т.б. Келтiрiлген мысалдар негiзiнде көне түркiлiк анлаут s қыпшақ тiлдерiнде сақталып, тек башқұрт тiлiнде өзгерiске түссе, ауслаут s қыпшақ-ноғай тобындағы тiлдерде өзгерiссiз сақталып, қыпшақ-половец, қыпшақ-бұлғар тiлдерiнде s, š тұлғалары араласа қолданылатынына көз жеткiземiз.

Ескерткішер тілі мен  қазіргі қыпшақ тілдері моносиллабтар  жүйесіндегі дыбыс сәйкестіктері аясында көрініс беретін дауыссыз фоно-корреляттар жалпы түркі тілдері эволюциясының алғашқы кезеңдерінен бастау алатын түркі түбірінің тұрақтылығымен қатар өзгермелі де икемді сапасын көрсетін фоно-морфо-семантикалық құбылыс. Түркi тiлдерi лексикалық қорының негiзiн қалайтын бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздердiң белгiлi бiр дәрежеде тұрақтылығын сақтаумен қатар өзгеруге де бейiмдiлiгiн моносиллабтар құрамындағы фоно-корреляттар айқындайды. Жалпы тұрпат пен жалпы мазмұнның тұрақтылық сапасы гомогендi моносиллаб-корреляттардың дербес лексемаға ыдырауы нәтижесiнде өзгермелi, икемдi сапаға айналады. Тiл онтологиясының күрделiлiгi жүйелi тiлдiк құрылымның аясында кейбiр қайшылықтардың iз қалдыруымен де сипатталады.

«Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн» деп  аталатын V тарауда тіл дамуындағы тұлға мен мазмұны үйлесімділігі, көне түркілер мен қазақтардың таным ортақтығының тілдегі бейнесі моносиллабтық деңгейде сараланады. Әлемді, қоршаған ортаны, қоғамдағы адамның орнын айқындайтын дүниетанымды, идеялар мен көзқарастар жүйесін, танымдық, этикалық, эстетикалық қатынастарды зерттеуге бағытталған философия ғылымының алғашқы кезеңінде-ақ дүниені танудың негізгі тетігі ретінде таным мен ойлау және ойлаудың материалдық формасы – тіл басты назарда болды.

Тілді зерттеуде формула  тәрізді тілдік модельдерді қолданған  структуралық тіл білімінің әдіс-тәсілдері тілдің танымдық, биопсихологиялық қырларын терең аша алмағанымен, интралингвистикалық заңдылықтарды анықтауда үлкен нәтижелерге жетті, сондай-ақ барлық гуманитарлық ғылым салаларындағы тілдің рөлін, белсендiлiгiн, маңызын көрсетіп берді (Ф.де Соссюр, Э.Бенвенист, Н.С.Трубецкий т.б.). Структуралистік лингвистика анықтаған таңбалар мағынасы теориясы структурализмнің өзімен антиномиялық бағыттағы антропологиялық лингвистиканың мүдделерімен белгілі бір дәрежеде астасып жатқанын байқатады. Түркі тілдеріне қатысты көптеген  құнды еңбектер структуралық лингвистиканың амал-тәсілдері мен ұстаным-қағидаларын негізгі алғанымен түбіртануға, ішкі құрылымға, сөз семантикасына, сөзжасамдық модельдерге, сөз этимологиясына арналған зерттеулерде, тіл онтогенезі, имитатив теориясы, этногенез бен глоттогенез бірлігі, тілдің этнолингвистикалық сипаты, әлеуметтік негізі жайлы антропоцентристік бағыттағы тілдің танымдық қырларын меңзеген тұжырымдар түркi тiл бiлiмiнде когнитивтi бағдар кеңiнен тарағанға дейiн-ақ айтылып жүрді. Алғашқы қалыптасу кезеңінде логикалық категориялардың тілге қатысы жөніндегі гипотезалар мен танымдық қағидалардың сипаттамалық негізіне ғана сүйенген когнитивті лингвистика бірте-бірте өзінің ішкі құрылымын, категориялық аппаратын, теориялық концепциясын, принциптерін айқындап, дербес лингвистикалық бағыт ретінде орнықты. Қазақ тiл бiлiмiнде де тiлдiң  танымдық қырларын лингвокогнитологиялық, лингвокультурологиялық, лингвопсихологиялық аспектiде концептуалды жүйенiң iшкi, сыртқы құрылымдық модельдерiн сомдауға бағытталған бiрнеше зерттеулер жарияланды (Жаманбаева Қ., Ислам А., Тiлеубердиев А., Қосымова Г., Жапақов С., Әмiрбекова А. т.б.). Жалпы тiлдi танымдық тұрғыдан зерделеуде паремиологиялық жүйе, фразеологизмдер, көркем шығарма тiлiндегi бейнелi оралымдар, мәдени лексика мен ономастикондар, кәсiби сөздер мен терминдер негiзге алынуда. Ғаламның толыққанды тiлдiк бейнесi жетiлген,  көркем тiл арқылы сомдалатындықтан бойына этно-мәдени ақпаратты молынан жинаған лексемалардың талдауға түсуi аса маңызды. Дегенмен тiлдiң танымдық қырларын анықтауда моносиллабтық деңгей де қалыс қалмағаны жөн. Бұл жағдайда iшкi мазмұнмен қатар сыртқы тұлға да қатысады. Себебі тілдің танымдық қырларын зерттеуде қолданылатын концепт ядросы адам санасындағы ең алғашқы археидея, олардың тiлдегi көрiнiсi – архитұлғасы дыбыстар мен дыбыс тiркестерi, бiршама жетiлген кезеңдегi бейнесi – моносиллабтар.

Информация о работе Жұмыстың жалпы сипаттамасы