Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:39, автореферат
Зерттеудің өзектiлiгi. Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек – ҮІI-ІХ ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштері тiлi түркi жазба тiлiнiң бiзге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт-бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді.
*bal→balbal «ритуальный камень» (ДТС, 80) Е. 32; КТү. 16: Bašlaju qïrq az qaγanïγ balbal tiktim «Қырқ аз қағанынан бастатып балбал қойдым» КТү. 25 (Айд. I, 176) ~ қаз., ққалп., қырғ. balbal. Монғол тiлiнде bal balbalax тiркесiнiң «қаз тұру», «қаз-қаз басу» мағыналары тiркелген (МҚС, 63). Түркiлер дәстүрiндегi балбал тасты тiгiнен тұрғызып қою balbal сөзiнiң семантикалық уәжiне негiз болуы мүмкiн. Салыстырыңыз bala «бала».
*qob→qobrat «собирать» МЧ. I, 5; КТк. 10: qaγan olurïp, joq,, čuγaj budunïγ qop qobratdïm «Қаған болып, жоқ, жарлы халықты көп көтердiм (жинадым)» (Айд. I, 170). Қазiргi қыпшақ тiлдерi сөздiктерiнде qob моносиллабының «жинау» мәнi тiркелмеген. Салыстырыңыз: qora, qotan «мал түнейтiн орын»; qobïra «шашылу», qobïraγan «көп, қаптаған (адам)». *qo тұлғасының мазмұнынды оппозициялық қатынастағы «жинау» ↔ «шашу» мәндерi де де сақталған тәрiздi.
teņ «мера, количество, равенство» Е. 26 (ДТД, 72) ~ қаз., қырғ., құм. teņ; тат., башқ. tijņ. Жалпы алтай тiлдерiне ортақ teņ моносиллабының қазiргi түркi тiлдерi бойынша бiрнеше мағынасы тiркелген: «салмағы, көлемi бiрдей», «құрдас (жасы бiрдей)», «тектес (негiзi бiр)», «жұп», «келiн», «ұқсас», «салыстыру», «салмақ, көлем», «жас», «ыңғайлы уақыт», «тәртiп», «реттiлiк», «жүктiң жартысы» т.б. (ЭСТЯ III, 192-193). teņ лексемасының көрсетiлген мағыналарының бәрiне ортақ мазмұн «көлемi, салмағы, жасы, тегi т.б. қасиеттерi бiрдей». Қазақ тiлiндегi teņ «түйеге арту үшiн салмағын, көлемiн бiрдей етiп орап, байлаған жүк» зат есiмi көшпелi өмiр салтына байланысты өте ерте кезеңде қалыптасқан көне сөз: Тең теңiмен, тезек қабымен (мәтел). Сондықтан teņ сөзiнiң зат есiм мәнiнде жұмсалуын семантикалық субстантивтену құбылысы ретiнде қарастыруға келмейдi. Жалпы түркiлiк моносиллабтарға тән полисемантикалық қабiлеттi teņ лексемасының табиғатынан да байқауға болады. teņ моносиллабының түпкi мазмұнында заттық, сындық, iс-әрекеттiк семалардың бәрi болуы мүмкiн. Хакас тiлiнде töj тұлғасының қолданылуы «байлау» мағынасын беретiн tüj, taņ (жараны таңу) моносиллабтарымен қатысын тереңiрек қарастыруды қажет етедi..
šeg «падаль» (ДТД, 82), Тон. 8: Biz šeg ertimiz «Бiз өлiмшi едiк» (Айд. II, 105). «Өлексе, өлiмтiк» мәнiн беретiн көне түркiлiк šeg моносиллабының сұлбасы қазақ тiлiндегi жас нәрестелерге, өте кәрi адамдарға қатысты қолданылатын šetinew «қайтыс болу» етiстiгiнен байқалады. šeg≈*šet(ine) моносиллабтарының мазмұндық сәйкестiктерi арқылы ортақ негiзi *še тұлғасы екенiн аңғарамыз. Салыстырыңыз: set →setine.
ҮII-IХ ғасыр түркiлерi тiлiнде дербес
лексемалық сападағы немесе дисиллабтар
мен полисиллабтар құрамынан айқын
ажыратылатын СVС тұлғалы моносиллабтардың
ауқымдылығы жалпытүркiлiк моносиллабтар
жүйесiндегi архимодельдi анықтаудың критериi
бола алмайды. Өз дәуiрiнде бейнелi де көркем
тiл болған көне түркiлер тiлiнiң базистiк
лексикасы қазiргi тiлдердегi бiр буынды
түбiрлер мен түбiр-негiздерден айрықша
ерекшеленбейдi. Көк түркiлер дәуiрiне дейiн
де бiрнеше тарихи кезеңдердi басынан өткiзген
жалпы түркiлiк лингво-эволюция барысында
моносиллабтар жүйесi де кезең-кезеңiмен
даму жолынан өткенi белгiлi. Ескерткiштер
тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi СVС құрамды моносиллабтарды
морфемдiк-компоненттiк және танымдық-логикалық-
Түркi тiлдерiнде VСС модельді дербес түбiр-негiздердiң сандық көрсеткiшi тым аз екенi белгiлi. Қазiргi қазақ тiлi бойынша VСС модельдi 19 дербес лексема тiркелсе [25,63-64], А.М.Щербак реконструкциялаған жалпы түркiлiк бiр буынды сөздер тiзiмiнен 6 сөздi ғана кездестiреміз [24,193-198].
*alk «ослабевать, уменшаться» (ДТД, 59); alq→alqïn КТк. 9; Тон. 3: türk budun ölti, alqïndï, joq boltï «Түркi халқы қырылды, алқынды, жоқ болды» (Айд. II, 104) ~ қаз., ққалп. alqïn; қырғ. alkïn. Қазақ тiлiндегi alqïn етiстiгiнiң «ентiгу», «әлсiреу, шаршау» мағыналары арқылы *alq моносиллабының негiзiнде елiктеуiштiк мазмұн жатқанын аңғаруға болады. Alqïm «тамақ, мойын», alqa «мойынға тағылатын әшекей» сөздерiнің негізі де *alq моносиллабы.
elt «тянуть, вести, уводить» (Лев. 40) КТү. 23: jarаqlïγ qantan kelip jana eltdi «Жарақты қайдан келiп айдап кеттi» (Айд. I, 176) ~ ескi қыпшақ тiлiнде еlt (Құрыш. 111); ққалп., қар., құм. еlt; тат., башқ. ijlt. Э.В.Севортян elt лексемасын el «әкелу», «апару (алып бару)», «жеткiзу» түбiр етiстiгi мен бұйрық райдың қосымшасы -t арқылы жасалған екiншi дәрежелi етiстiк ретiнде таниды (ЭСТЯ I, 269). elt лексемасын el→elig «қол» сөзiнiң құрамындағы *el моносиллабының семантикалық, тұлғалық парадигмасының аясында қарастыруға мүмкiндiк бар. Бiрақ «қолмен ұстап әкелу, апару» мәнiн беретiн еl/аl түбiрiмен «iлестiрiп әкету, апару» мәнiн беретiн елт лексемасын байланыстыру логикалық қисынға қайшы, екi тұлғаға ортақ семантикалық уәж жеткiлiксiз. Ә.Құрышжанов күнелту сөзiнiң құрамындағы -еlt тұлғасын ХIII ғасырдан жеткен қыпшақ ескерткiштерi тiлiндегi еlt етiстiгiнiң қазiргi қазақ тiлiндегi көрiнiсi ретiнде көрсетедi (Құрыш. 111). Қазақ тiлiндегi el/elt → eltiw, eligiw, eliktew сөздерiнiң жалпы мазмұнында «iлесу, iлестiрiп әкету» мағыналарын аңғарамыз. Салыстырыңыз: er→ ert iлестiру». Көне түркi әлiпбиiнде рт, нч, нт, лт тiркестерiнiң бiр таңбамен ғана белгiленуi VСС тұлғалы моносиллабтардың көне түркi тiлiне етене жақын екенiн бiлдiредi. Ал жалпы түркi түбiрлерiнiң тарихи эволюциясы тұрғысынан қарағанда VСС моделi түркiлiк тектiл кезеңдерiнде қалыптаса бастаған екiншi дәрежелi моносиллабтар болуы мүмкiн.
Жалпы түркi тiлдерi бойынша СVСС модельді моносиллабтар да бiршама аз кездесетiн тiлдiк модельдер қатарына жатады. Жалпы түркi тiлдерiне ортақ көне тұлғалар қатарында 11 СVСС модельдi моносиллаб тiркелсе [24,193-198], қазақ тiлi бойынша, кiрме сөздердi қоса есептегенде, 190-195 сөзден аспайды, олардың басым бөлiгi елiктеуiш негiздер [18,64].
bars «барс» (ДТД, 34) Е. 11: jäti böri ölürdim barsïγ kökmäkid ölürmädim «Я убил семь волков. Я не убивал барсов ланей» (Аманж. 121) ~ қаз., ққалп. barïs; қар., құм., қырғ., тат. bars. Жалпы түркiлiк bars сөзiн кiрме элемент ретiнде қарастырушы пiкiрлер де бар. Э.В.Севортян bars сөзiн түркi тiлдерiнiң ең көне лексикалық қабатына жатқызады (ЭСТЯ II, 69). Түркi тiлдерiнде зоонимдер мен орнитонимдердiң бiраз бөлiгi елiктеуiштерден жасалғаны белгiлi: arïstan, qabïlan, kökek, tïrna, qarγa т.б. Қатты дыбысқа байланысты қолданылатын bars (барс-барс) елiктеуiшi мен barïs зоонимiнiң мазмұнындағы сәйкестiк те кездейсоқ құбылыс болмауы мүмкiн. Елiктеуiштер мен бейнелеуiштер арқылы жасалып, атау сөздерге айналған лексемалар жайлы К.Ш.Хусайын «Название, имеющее звукосимволическое или звукоподражательное происхождение, со временем теряет свою природную связь и приобретает конвенциональности, знаковости» [25,166] деген ойлары арқылы сөз дамуындағы тұлға мен мазмұнның табиғи байланысының iздерi сақталатынын көрсетедi. СVС тұлғалы елiктеуiштерге дауыссыз дыбыстардан тұратын грамматикалық индикаторлардың немесе модификаторлардың жалғануы сөз мағынасын нақтылай түсетiндiктен [18,175] қатты шыққан дыбыстың жалпылама мазмұнын бiлдiретiн bar (бар-бар, негiзiнен адам дауысына қатысты) елiктеуiшiне -*s модификаторы жалғануы арқылы кенеттен шыққан қатты дыбысты (негiзiнен иттiң, жыртқыш аңдардың дауысына қатысты) бiлдiретiн сөзге айналғанын аңғаруға болады.
jurt «земля, страна, родина» (ДТД, 45) КТү. 49; Тон. 19: Usun bunta atlï jurtda üguzke qalur erti «Үйсiн мұнда атты жұртта жатып қалып едi» (Айд. II, 107) ~ қаз. žurt; қырғ., ққалп. žuwrt; ноғ. jurt; башқ. jort; тат. jort/jïrt. Түркi тiлдерi бойынша jurt лексемасының «Отан, туған жер», «елдi мекен», «халық», «мал жаятын орын», «киiз үй», «көшкен ауылдың, үйдiң орны» мағыналары белгiлi. Э.В.Севортян jurt сөзiн jur «жүру» және етiстiктен есiм сөз тудыратын -t аффиксi арқылы жасалуы мүмкiн деген пiкiр айтады (ЭСТЯ IҮ, 255). Ескерткiштер тiлiнде jorï «идти, ходить, передвигаться» етiстiгi де қолданылады: КТк. 4: Bunča jirke jorïtdïm «Сонша жерге жүргiздiм» (Айд. I, 169) ~ қаз., ққалп. žort; тат., башқ. jurt; ноғ. jort. Қыпшақ тiлдерiндегi тарихи негiз jurt/žurt моносиллабының мағынасын «көшпелi халық», «көшпелi халықтың мекенi (ауылы)» ұғымдары арқылы анықтауға болады. Жорға, жортуыл, жорғала сөздерiнiң құрамынан да *zor моделi ажыратылады. Jurt лексемасы тұлғалық жағынан да, мазмұндық жағынан да бiрнеше даму сатысынан өткен алтай тiлдер тобына ортақ көне лексема, салыстырыңыз: жүр, жүгiр, жүйрiк, жылжы, жылдам, т.б.
Көне түркi тiлiндегi СVСС модельдi моносиллабтардың құрылымдық, мазмұндық табиғаты олардың тарихи негiздерден тұратынын жоққа шығармайды. Жалпы агглютинативтi түркi тiлдерi ғана емес барлық адамзат тiлiнiң қалыптасу, даму эволюциясы өте қарапайым (шағын) тұлғалар мен полисемантикалық жалпылама мазмұнға негiзделетiнi жайлы гипотезалық тұжырымдар мен пiкiрлер көптен берi айтылып жүрген мәселе. Тiлдiк деректер арқылы дәйектелген, ғылыми-теориялық тұжырымдар да бар. Осы тұрғыдан алғанда СVСС моделiн кейiнгi құбылыс ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бар. Мыңдаған жылдарды қамтитын түркi тiлдерi дамуындағы көне түркiлiк кезеңнiң сипатын көрсететiн ҮII-IХ ғғ. ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi түбiрлес моносиллабтардың тұлғалық парадигмасы мен семантикалық деривациясы негiзiнде бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздердiң даму бағытын дербес фонемалардың сұлбасы анықталғаннан кейiнгi кезеңдерден бастап былай шамалауға болады:
СVС VС
V VС СV СVС СVСС
VСС СV
Бұл жерде есте ұстайтын мәселе, бiрiншiден, белгiлi бiр сөзжасамдық қабiлетi бар фоно-модификаторларды жетiлген агглютинативтiк кезеңдегi түбiрлерден айқын ажыратылатын сөзжасамдық аффикстермен бiрдей деңгейде қойып, қызметi айқын грамматикалық көрсеткiш ретiнде қарастыруға келмейдi, екiншiден лингвоэволюцияның iшкi заңдылықтары мен сыртқы ықпалдарға орай керi процестердiң орын алуы СVС, СVСС, VСС модельдi құрылымдардың қайтадан ықшамдалуына алып келедi. Түркi түбiрлерiнiң V, VС, СV, СVС, VСС, СVСС модельдерi түркiлiк тектiл (протоязык) дәуiрiнде-ақ қолданыста болған құбылыстар. Тектiлдiк дәуiрге дейiн де тiлдiң өмiр сүргенiн, бiзге белгiлi тiлдiк құрылымның флективтi, полисинтетикалық, агглютинативтi кезеңдерiне дейiн де белгiлi бiр идея-мазмұн жүктеген тiлдiк бiрлiктердiң тұлғалық қалыптасуы дыбыс D дыбыс тiркесi D дыбыс тiркестерi D дыбыс тiркесi D дыбыс процесiнен өткенiн жоққа шығаруға болмайды.
Түркiлiк тiлтаным
ғылымы тарихында дыбыс
Тіл дамуын, әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасуын қамтамасыз ететін басты механизмдердің бірі – дыбыс өзгерістері өте баяу әрі үзіліссіз жүріп отыратын, әр тілде түрліше жүзеге асатын процесс. Тiлдегi дыбыстық өзгерiстердiң негiзгi факторларының бiрi барлық тiлдерге тән универсалды құбылыс - фонологизация процесi. «Фонемалардың дифференциялануы негiзiнде, олардың аллофондары, тiлдiң дамуына сәйкес мағына айқындау қасиетiне ие болады» [26, 367]. Фонема мен буынның, морф пен морфеманың арақатынасындағы дыбыстардың мағынаға ықпалы морфонологиялық зерттеулерге негiз болуы, тiлдiк жүйенiң ең кiшi бiрлiгi – дыбыс табиғатының күрделiлiгiн, морфемалық, лексикалық деңгейлермен сабақтастыра қарастыруды қажет ететiн әртарапты құбылыс екенiн нақтылай түстi.
Ескерткіштер тіліндегі сегіз дауысты дыбыс қазіргі түркі тілдерінің де, оның ішінде қыпшақ тілдерінің де дауыстылар жүйесінің негізін қалайтыны белгілі. Көне түркілер әліпбиінде сегіз дауыстының төрт қана полифонды таңбамен бейнеленуі алфавит түзу барысында дауыстылар жүйесінің артикуляциялық ерекшеліктері мен сапалық қасиеті, генезистік сипаты (фонема мен аллофондар негізінде) толық ескерілгенін көрсетеді. Түркі тілінің сингармониялық табиғатын үйлесімділікпен дәл беретін әліпби түзу мүмкіндігі көне түркілердің дыбыс жүйесі даму жолын саналы түрде игергенін білдіреді. Жалпы адамзат тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың, функционалдық-сапалық деңгейі бірдей, өзара ықпалдаса, байланыса отырып сөз тұлғасына, сөз мағынасына әсер етеді. Толық мәнді лексема жасауда дауыстылар мен дауыссыздарды бөліп қарап, біреуіне ғана басымдық беру тілдің онтогенездік табиғатына қайшы. Шынайы тіл табиғаты консонанттар мен вокализмдер жүйесін тең дәрежеде қарастырғанда ғана ашылары анық. Сондықтан түркі тілдеріндегі моносиллабтардың тұлғалық, мағыналық даму бағытын айқындауда дауыстылардың да, дауыссыздардың да сәйкестігінің маңызы ерекше.
Жалпы түркі тілдеріндегі вокализмдер жүйесі: «бірінші дәрежелі» созылыңқылар, дифтонгтар мен полифтонгтарға және біршама қысқа дауыстыларға негізделген жүйе – оғыздық тип; «екінші дәрежелі» созылыңқылар мен біршама қысқа дауыстыларға негізделген жүйе – алтайлық тип; біршама созылыңқылар мен өте қысқа айтылатын дауыстыларға негізделген жүйе – қыпшақтық тип; «екінші дәрежелі» созылыңқыларды, фарингалданған және қысқа дауыстыларға негізделген жүйе – тува-тофалар (қарағас) типi [СИГТЯ,16] деп төрт түрге сараланып қарастырылады. Бұл жіктеудегі қыпшақ жүйесінің белгілері полисиллабтар құрамындағы бірінші буындағы дауыстылардың сапалық қасиетіне негізделген болу керек. Қыпшақ тобына кіретін қазақ тілінде дербес қолданылатын моносиллабтар құрамында дауысты дыбыстар өте қысқа (сверхкраткий) болып айтылмайды, тек эмоционалдық-стильдік ыңғайда, императивтік мәнде жұмсалғанда ғана біршама қысқа айтылуы мүмкін. Батманов И.А. ескерткiштер тiлiнде дауысты дыбыстардың кейде таңбаланып, кейде таңбаланбауы көне түркi тiлiндегi созылыңқылар мен қысқа дауыстылардың қолданысын көрсетуi мүмкiн деген пiкiр айтады. (ДТД, 7) Ғалымның гипотезалық пiкiрiне сүйенсек, Орхон ескерткiштерi тiлiнде VС, СV, СVС модельдi моносиллабтар құрамындағы дауыстылардың таңбаланбау жағдайының жиi кездесуi бiршама қысқа немесе жартылай созылыңқы дауыстыларды қолданатын тiлдiң белгiлерi (Т – Тон.33, ЫТ – КТк. 3 «посылать») болуы да мүмкiн. Бiрақ дауыстылардың таңбалану, таңбаланбау құбылысының лексиканы қамту мүмкiндiгi белгiлi бiр жүйеге бағынбайды. Егер ғалымның пiкiрi ғылыми тұрғыдан толық дәйектелiп жатса, ескерткiштер тiлiнiң жартылай қысқа және қысқа дауыстылар тән қыпшақтық бояуы қоюлана түседi.