Теоретические основы казахской культуры речи

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2013 в 21:04, автореферат

Краткое описание

Целью исследования является пересмотр и более четкое определение фундаментальных понятий, научного аппарата и методологии, основных теоретических установок и научных принципов казахской культуры речи, конкретизирование и уточнение объекта и предмета ее исследования в свете антропоцентрического направления, доминирующего в современной лингвистике.
В связи с этим в круг задач исследования входят такие основные вопросы как - определение теоретических основ нормализации литературного языка, оценки коммуникативного качества речи (правильности, выразительности, уместности, логичности, богатства и др.); изучение языковой нормы, языковой системы и узуса в триединстве как один из оптимальных приемов определения динамики развития норм литературного языка.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Н. Уалиев авторефераты.doc

— 375.00 Кб (Скачать документ)

- тілдің барлық деңгейіндегі  ортологиялық құрылымдық қабаттардағы  оппозиция: дұрыс-бұрыс; 

- сөз этикетіне қатысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция: әдепті (дәстүрде бар) – әдепсіз (дәстүрде жоқ);

- нормативті этикаға  қатысты құрылымдық қабаттардағы  оппозиция: орынды – орынсыз; (мысалы, біреуді көзінше мақтамау (орынды), біреуді көзінше мақтау  орынсыз);

- сөз байлығына қатысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция: сөз байлығы – сөз жұтаңдығы;

- сөз тазалығына қатысты  құрылымды қабаттардағы оппозиция:  сөз тазалығы – сөз шұбарлығы; 

- экспрессивтілікке байланысты  құрылымдық қабаттардағы оппозиция:  бедерлі – бедерсіз;

- логикалық құрылымға  қатысты қабаттардағы оппозиция:  қисынды – қисынсыз;

- танымдық құрылымға  қатысты қабаттардағы оппозиция:  тілі ауыр – тілі жеңіл; 

- сөздің функционалдық  құрылымына қатысты қабаттардағы  оппозиция: лайықты – лайықсыз  т.б.

Зерттеудің  жаңалықтары. Сөз мәдениеті осы кезге дейін негізінен тілдік құрылымдық жүйеде зерттелсе, ендігі жерде антропоцентристік бағытты бағдарға алуы жұмыстың негізгі жаңалықтарының бірі болып табылады.

Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан қарастырылса, ендігі тұста тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек нормативті аспектіде қарастырмай, функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде зерттеу; тілдік тұлғаны сөз мәдениеті пәнінің түпқазық ұғымы ретінде алу; сөз мәдениеті бұғанға дейін сөйлеуші (автор, коммуникатор, адресант сөз субъектісі) позициясы тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы (адресат, коммуникант, реципиент) тұрғысынан қарау, соның негізінде сөздің сапасына баға беру зерттеудің коммуникативтік аспектідегі жаңалықтары болып саналады.

Тілдік норманы кодификациялауда практикаға сүйену басым болса, ендігі кезекте оның сүйенетін теориялық  негіздерін көрсету, тілдік және тілдік емес нормалардың түрлерін айқындай отырып, сөздің сапасын анықтауда тілдік нормаға сүйену жеткіліксіз, тілдік емес нормаларды да ескеру, тілдік, тілдік емес нормалардан ауытқулардың себептерін уәжді ауытқудың әсерімен ықпалын ашу зерттеудің нормативті аспектіге қатысты жаңалығы.

Сөзді вербалды және когнитивтік  әрекеттердің нәтижесі ретінде қарау, тілдік тұлғаны сөз мәдениетінің іргелі түпқазық ұғымы ретінде алу, тілдік тұлғаның санасындағы тілдік және тілдік емес білімдер жүйесін когнитивтік құрылым ретінде қарай отырып, коммуникацияның сәтті/сәтсіздігін білімдер жүйесімен байланыстыру зерттеудің когнитивтік аспектісімен байланысты жаңалығы деуге болады.

Мәтінді адресант тарапынан  тілдік ақпараттар кодқа салынған лингвистикалық таңбалар жүйесі, лингвомәдени ақпараттар кодқа салынған таңбалар жүйесі, эстетикалық  мәнділіктер мен этикалық мәнділіктер кодқа салынған таңбалар жүйесі ретінде алып, мұндай күрделі семиотикалық жүйедегі кодты адресаттың қалай ашатынына талдау жасау зерттеудің лингвомәдени аспектідегі жаңалықтары болып табылады.

Сонымен бірге тілдік қарым-қатынастың этикалық нормасын ерекше конвенционалды жүйе ретінде қарастыра отырып, қарым-қатынастың эксплицитті және имплицитті түрде қандай тілдік құралдармен, амал-тәсілдермен жүзеге аса алатынын көрсету зерттеудің этикалық аспектісіне қатысты жаңалығы деуге болады.

Зерттеудің теориялық  құндылығы мен практикалық мәнділігі. Қазақ тіл білімінде сөз мәдениетінің теориялық пән ретінде қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қосады. Сөз мәдениетін тілдік, коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени, этикалық тұрғыдан қарастыру оның негізгі белгілерінің түгелденіп біртұтас пән ретінде қалыптасуына негіз болады. Сөздің коммуникативтік сапасын объективті түрде айқындаудың, мәтінді интерпретациялаудың, тілдік нормаларды кодификациялаудың теориясын жасау жолындағы әрі қарайғы ғылыми зерттеулерге мұрындық болады.

Аталмыш зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары, материалдары жоғары мектептерде сөз мәдениеті, стилистика, когнитивтік лингвистика, коммуникация теориясы бойынша оқылатын лекциялық  курстарда пайдаланылады.

Зерттеудің материалдары мен теориялық пайымдауларын  жоғары мектеп үшін жазылатын сөз  мәдениеті жөнінде оқулықтар  мен оқу құралдарын, бағдарламаларын  жасауға пайдалануға болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысында айтылған тұжырымдар мен ұсыныстардың нормативті сөздіктерде кодификациялау ісінде қолданылуы мүмкін.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: сөз мәдениетін зерттеу қазіргі жаһандану кезеңінде академиялық формада қала бермеуге тиіс. Қазіргі заманда, сөз мәдениеті тілдің өміршеңдігін (vіtalus), тілдік кеңістікті, тілдік ортаны қалыптастырып, тілдік тұлғаның ұлттық болмысын сақтап, өзге тілдің басқыншылығына қарсы күресетін тіл ғылымының саласы болуға тиіс; сондықтан сөз мәдениеті өз объектісін кеңейтіп, лингвоэкологиялық бағытты да қамту қажет;

Сөз мәдениеті тілдік-құрылымдық жүйені тілдік емес құрылымдармен тығыз байланысты қарастыруы керек, өйткені тілдік емес мәнділіктер тілдік құралдар мен стильдік, риторикалық амал-тәсілдерді таңдап-талғауға, мәтін түзіліміне мықтап әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып саналады.

Тілдік коммуникацияның  сапасын қарастыруда сөз мәдениеті  ғылыми пән ретінде диалогтік  принципті басшылыққа алуға тиіс. Өйткені, осы кезге дейін сөз  мәдениетін тексеруде монологтік принцип  үстем болып келді. Тілдік коммуникация адресанттың/ автордың/ коммуникатордың/ сөйлеушінің позициясы тұрғысынан тексерілді, ал адресаттың/ оқырманның/ коммуникаттың/ реципиенттің, тыңдаушының позициясы ескерілмеді. Мұндай жағдайда тілдік коммуникацияға баға беру тек авторлық позиция тұрғысынан болса, тілдік қарым-қатынастың сәтті-сәтсіз болуының себептері толық ашылмай қалады.

Айтылымды/ мәтінді/ жанрды коммуникацияның толық өзі емес, оның бір ғана бөлігі деп қарастыру  қажет, өйткені мәтінде айтылатын  ой, сезім тіл арқылы объективтенуге дейін де белгілі бір құрылым түрінде болады, сөйтіп барып, тілдік құрылымға (айтылымға, мәтінге) айналады, бірақ тілдік коммуникация аяқталмайды. Өйткені айтылымды, мәтінді қабылдаушы (реципиент) мәтінде, айтылымда кодқа салынған тілдік, тілдік емес ақпараттарды ашу арқылы сөйлеушінің коммуникативтік діттемін, мақсатын, аңғарады. Осымен байланысты сөз сапасын осы айтылған үш “аймақтан” автор-мәтін-реципиент қатынасынан іздестіру қажет; осы кезге дейін зерттеушінің басты назары тек мәтінде болды.

Зерттеу жұмысының  талқылануы мен жариялануы. Диссертацияның негізгі мазмұны мен нәтижелері 1998 жылы өткен “Қазақ тілінің грамматикалық құрылымының даму мәселелері және басқа тілдермен қарым-қатынасы” атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда, 1998 жылы өткен “Жұбанов тағылымы” атты республикалық конференцияда, 1999 жылы өткен “Ұлттық рухтың ұлы тіні” конференцияда, 2004 жылы өткен “Академик Ә.Т.Қайдаров және тіл білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда, 2004 жылы өткен “Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда, 2005 жылы өткен “Академик Ш.Ш.Сарыбаев және тіл білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда баяндалды. Сонымен бірге зерттеудің ғылыми нәтижелері мен қорытындылары “Сөз мәдениеті”, “Фразеология және тілдік норма”, “Қазақ орфографиясындағы қиындықтар” (бірлескен автор) сияқты монографияларда, отыздан астам ғылыми мақалаларда, “Тіл мәдениеті” (бірлескен автор), “Қазақ тілі. Сөз мәдениеті” (бірлескен автор) оқу құралдарында, үш оқу-әдістемелік әдебиетте (бірлескен автор), сөздіктер мен екі анықтағыштарда пайдаланылды. 

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, сонымен бірге пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

 

 

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

 

Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ғылыми пән ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел, фразеологиялық сөз орамдарын т.б.) халықтың метатілдік рефлексиясы деуге болады. Әсіресе сөз мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдердің мазмұнындағы терең пайымдаулар тілдің қоғамдық-әлеуметтік тіршілігімен байланысты екенін айқын аңғартады.

Сөз мәдениеті: советтік және постсоветтік кезең. Сөз мәдениеті жөнінде ғылыми ұғым, пайымдаулардың дүниеге келуі, сөз мәдениетінің жеке пән ретіндегі объектісі, көтеретін мәселелері, терминологиясы, зерттеу әдістері, бір жағынан, тілдің этос, пафос, логос тәрізді қоғамдық тіршілігімен, екінші жағынан, қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық ойдың өрістеуімен байланысты қарастырылады.

Сөз мәдениетінің коммуникативтік аспектісі. Сөздің коммуникативтік сапасына “дұрыс” – “бұрыс”, “орынды” – “орынсыз”, “сөзі бай” – “сөзі жұтаң”, “бедерлі” – “бедерсіз” деп баға беруде (Р.Сыздықова, Х.Нұрмақанов, М.Серғалиев, Н.Уәлиев т.б.) мәтіннен (сөз құрылымынан) сәтті немесе сәтсіз фактіні бөліп алып, талдау негізгі әдістің бірі болды. Бірақ бұлайша талдау, бір жағынан, дұрыс болғанмен, екінші жағынан, мәтіннің тұтастай алғандағы коммуникативтік сапасының бағасы емес, оның үзігі жөнінде ғана баға. Алайда мәтінде кездесетін формалды құрылымдық сәтсіздік кездейсоқ, жекелеген ғана факті болуы ықтимал.

Сондықтан сөздің коммуникативтік  сапасы сөз актісінің аяқталған  нәтижесіне қатысы болуға тиіс. Мұндай талап тілдік фактіні тек сөздің құрылымының құрамында қарау жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сөз айтылғанға (жазылғанға) дейін де, яғни вербалданғанға дейін адресант-автордың “айтсам”, “жазсам” деген діттемі, “нені айтсам” (жазсам), “қалай айтсам” (жазсам), “кімге айтсам” (жазсам) деген мақсаты, қызығушылығы болады. Алдымен, сөйлеушінің/жазушының санасында болашақ сөздің ішкі нобайы жасалады.

Сонымен, коммуникация теориясында  коммуникация тек вербалды кезеңнен ғана емес, коммуникацияға дейінгі  кезеңнен, коммуникациядан кейінгі кезеңнен тұратынын, бұлардың ішінде вербалды кезең формалды тілдік құрылымға, ал коммуникацияға дейінгі және кейінгі кезеңдер тілдік емес құрылымдар екеніне көңіл бөлу қажет. Осымен байланысты белгілі бір мәтіннің сөз сапасын талдап, сипаттау, тексеруді ойдағыдай жүзеге асырып, сенімді нәтижелерге қол жеткізу үшін тілдік құрылымдарды объективті ақиқат, психология, когниция, әлеуметтік, эстетикалық, этикалық т.б. тілдік емес мәнділіктермен байланысты қарау негізге алынды [7, 24]. Мұның өзі сөз актісінің нәтижесі болып табылатын, мәтінмен ғана шектелмей, коммуникацияға қатысушылар факторына көңіл бөлудің, коммуникативтік ситуацияны мәтінмен байланысты қараудың қажеттілігін көрсетеді.

Әдетте адресант өзінің сөзін көздеген коммуникативтік мақсатына, діттеміне, сөз стратегиясына, тыңдаушымен өзара ықпалдастық тактикасына, қарым-қатынас ситуациясына, уақиғаның барысына қарай құрады. Сөйлеушінің алдына қойған мақсатына жетуі, оның коммуникативтік діттемін тыңдаушының зерделеуі (интерпретациялауы) тілдесудің ойдағыдай өтуінің негізгі белгісі болып саналады. Коммуникацияға қатысушылардың өзара ықпалдастығы, коммуникативтік құзіретті қалыптастыра білу сөз актісіндегі ерекше маңызды жайт болып табылады. Адресаттың айтылған сөз бен сөйлеушінің нені айтқысы келіп отырғанын салыстырып, сөз ауанын түсінуі адресаттың тілдік, әрі коммуникативтік құзіреттілігіне жатады. Осымен байланысты зерттеуде коммуникациядағы сөз субъектілері (адресант/адресат) түпқазық категория ретінде алынады.

Адресаттың айтылған сөзді ұғынуы тек тілдік құзіретпен шектелмейді. Сөйлеушінің интонациясын, пресупозициялық, аялық білімін, уақиғаны, т.б. салыстыра отырып, коммуникатордың коммуникативтік діттемін зерделеуі (интерпретациялауы) коммуникативтік құзіреттілікке жатады. Адресант өз сөзінің тигізер ықпалын болжай отырып, өзінің түпкі мақсатына жету үшін тыңдарман/оқырманның қабылдауына тиімді баяндау стратегиясын ойластырады және адресаттың білім дүниелерімен санасады.

Сөз субъектісінің мәртебесі қарым-қатынас мақсатына, адресаттың кім екендігіне қарай, қарым-қатынас жағдайына қарай өзгеріп отырады [8, 98-100]. Автордың қайсыбір құбылысты (затты, уақиғаны т.б.) өзіндік көзбен көруі, оған баға беруі, оған қатысуы, қысқасы, өзін көрсетуі адресатқа ықпал етудің бір тетігі. Ал автордың “өзіндік беті” болмаса, мәтін “иесіз” қалып, ажары солғындай түседі. Сөздің бұлайша “иесізденуі” адресаттың қызығушылығын бәсеңдетеді. Керісінше, адресанттың өз пікірін көрсетуі, оның жеке тұлға ретіндегі сапасының шынайылығын таныта түседі. Ал мұның өзі сөз актісі теориясындағы кооперация принципі бойынша адресатты өзімен ынтымақтаса түсуіне әсер етеді.

Автор өзінің айтпақ ой-сезімінің  адресатқа мүмкіндігінше толық  жеткізу мақсатын көздейді. Реципиент  мәтінді толық түсінуі үшін, автордың реципиент білімінің деңгейімен санасуына тура келеді. Реципиентте коммуникативтік акті шеңберіне сай білім мөлшері, көлемі жеткілікті болуға тиіс. Оған реципиенттің тезаурус көлемі, вербалді ойлау аппараты, белгілі бір ақиқат туралы қажетті білімнің мазмұны кіреді.

Адресаттың іс-әрекеті белсінділік таныту, ден қою, назар аудару, қабылдау фреймдерін қалыптастыру болып табылады. Адресат “түсіну стратегиясын” басшылыққа алады. Түсіну стратегиясы, бірінен кейін бірі ретімен айтылған таңбалар тізбектерінің қандай мағынада екенін түсінуден басталып, сөйлеушінің нені айтпақ болғанын ұғынумен, ой елегінен өткізумен аяқталады. Сөзді мұқият ұйып тыңдаушының “образын” жасау – сөздің ойдағыдай өрбуіне ықпал ететін негізгі шарттардың бірі.

Мәтінді тек автор  туғызбайды, мәтін автормен адресаттың тілдік ойлауының өзара әрекеті. Мәтін – коммуникацияның нәтижесі, әрі коммуникациялық бірлік. Н.Д. Арутюнова адресат факторын есепке алу, сөз актісінің тиімді болуының шарты деп көрсетеді. Мәтін мен оқырман арасындағы диалог, яғни мәтін тасасында тұрған автормен диалог, олардың ақиқат өмір туралы, айнала қоршаған әлеуметтік ақиқат туралы, олардың санасындағы әлеуметтік психологиялық стереотиптердің түйісуі шарт. Ал бұл түйісу стереотиптер жүйесі ортақ болғанда ғана жүзеге асады.

 Адресат факторын ескеру сөздің (речь) тілдік құрылымына енетін таңбаларды дұрыс, тиімді, діттеген мақсатқа орай таңдауға ықпал етеді. Когнитивтік санасында белгілі бір ой-пікір, сезім тілдік тұрғыдан объективтенгенге дейін адресант адресаттың әлеуметтік статусы, жас, жыныс ерекшелігі, таныс, бейтаныстығы т.б. жөнінде азды-көпті “байыптап” алады. Адресант-автордың бұл “байыптауы” коммуникацияның құрылымына кіреді. Адресат факторы, әсіресе сөйлеген (жазған) сөздің орындылығы деген коммуникативтік сапаны айқындап тұрады. Сөйлеген (жазған) сөздің тілдік құрылымы қаншалықты дұрыс, шеберлігі жағынан мінсіз болғанмен, адресат факторының ескерілмей қалуы сөздің коммуникативтік сапасын төмендетіп, тілдік қарым-қатынасқа кедергі келтіруі мүмкін.

Информация о работе Теоретические основы казахской культуры речи