Теоретические основы казахской культуры речи

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2013 в 21:04, автореферат

Краткое описание

Целью исследования является пересмотр и более четкое определение фундаментальных понятий, научного аппарата и методологии, основных теоретических установок и научных принципов казахской культуры речи, конкретизирование и уточнение объекта и предмета ее исследования в свете антропоцентрического направления, доминирующего в современной лингвистике.
В связи с этим в круг задач исследования входят такие основные вопросы как - определение теоретических основ нормализации литературного языка, оценки коммуникативного качества речи (правильности, выразительности, уместности, логичности, богатства и др.); изучение языковой нормы, языковой системы и узуса в триединстве как один из оптимальных приемов определения динамики развития норм литературного языка.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Н. Уалиев авторефераты.doc

— 375.00 Кб (Скачать документ)

ӘОЖ 811.512.122: 808.5      Қолжазба құқығында

 

 

 

УӘЛИ НҰРГЕЛДІ

Қазақ сөз мәдениетінің теориялық

негіздері

 

 

  10.02.02 – қазақ тілі 

 

 

 

 

 

Филология ғылымдарының докторы  ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындаған

диссертацияның

 

А В Т О  Р Е Ф Е Р А Т Ы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.

 

 

 

Ресми оппоненттер: 

 

 

филология ғылымдарының докторы,

профессор Б.Қалиев

 

филология ғылымдарының докторы,

профессор С.Бизақов

 

филология ғылымдарының докторы,

профессор Б.Момынова

 

Жетекші ұйым:  

Абай атындағы Қазақ  ұлттық

педагогикалық университеті

 


 

 

 

 

Диссертация 2007 жылы «  »              сағат        де   ҚР БжҒМ Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 – түркі тілдері  және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Диссертациямен ҚР Білім  және ғылым министрлігінің Орталық  ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).

 

Автореферат 2007 жылы «  »                         таратылды

 

 

 

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор   Ж.А.Манкеева

 

 

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ  СИПАТТАМАСЫ

 

Зерттеудің  өзектілігі. Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.

Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты.

Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрінің қатар дамып, қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуі үшін оны түрлі ауытқулардан арылтып отыру, қоғамның, тілдік ұжым мүшелерінің сөз мәдениетін көтеру “сөз мәдениеті” деген ғылыми-теориялық пәннің алдында тұрған гуманистік, әлеуметтік жауапкершілік болып табылады.

Сөз мәдениеті пәнінің  қазіргі жай-күйі алдымен қазақ  тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды [1; 2; 3].

Сөз мәдениеті қазақ  әдеби тілінің тарихымен тағызы байланысты. М.Балақаев, Р.Сыздықова, М.Томанов, Е.Жанпейісов т.б. ғалымдардың еңбектерінде әдеби тілдің дәстүрлі нормаларының, ұлттық әдеби тілдің стильдік салалары мен тармақтарының, жанрларының зерттелуі; Б.Әбілқасымовтың еңбектерінде қазіргі әдеби тіл нормаларының ескі қазақ жазба тілімен салыстырыла қарастырылуы; Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбановтың әдеби тіл тарихын ауызша сөз өнерімен, әсіресе ақын, жыраулар поэзиясының сөз үлгілерімен байланысты қарайтын зерттеулері сөз мәдениетінің нормативті-функционалдық аспектісін эмперикалық, теориялық материалдармен байыта түсті.

Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде тексеретін негізгі  объектісі, біріншіден, тілдік норма. Осыған сәйкес қазақ сөз мәдениеті де нормативті аспектіде аспектіде көбірек қарастырылды. Атап айтқанда, әдеби тіл нормасы (М.Балақаев) [3] норма және оның жүйемен, дағдымен байланысы (Р.Сыздық, Н.Уәлиев) [4; 5]; орфографиялық норма (Р.Сыздық, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, А.Алдашева), орфоэпиялық норманың типтері мен түрлері (Р.Сыздық), варианттылық пен норма (И.Ұйықбаев, С.Бизақов) т.б. жөніндегі зерттеулер тілдік норманың ортологиялық базасын кеңейте түсті.

Ә.Жүнісбековтің үндесім  заңын дауыстылар мен дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан үйлескен бірлігі ретінде қарайтын жаңаша зерттеуі; Е.Қажыбековтің тарихи фономорфология, А.Айғабыловтың морфонология, М.Жүсіповтің сингормофонология, С.Мырзабековтің орфоэпия мен орфографиялық нормаларды өзара барынша жақындату туралы ой-пікірлері, Ж.Әбуовтің перцептивті фонетика, З.Базарбаеваның қазақ тілінің интонациялық құрылымы туралы зерттеулері тілдік норманың теориялық, фактологиялық базасын толықтыра түсті.

Сөз мәдениеті – көпвекторлы  ғылыми пән. Ә.Т.Қайдаров, М.М.Копыленко, А.Е.Карлинский, Е.Жанпейісов, Э.Д.Сүлейменова, К.Ш.Хұсайынов, Б.Хасанов, З.Қ.Ахметжанова, С.С.Құнанбаева т.б. ғалымдардың қазақ тілтанымы мен жалпы тілтанымға қатысты зерттеулерінің нәтижелері сөз мәдениеті пәнінің типологиялық теориялық базасын байыта түсіп отыр. Сондай-ақ, Ж.Манкеева, С.Сатенова, Г.Смағұлованың лексика-фразеологиялық, этнолингвистикалық бағыттағы зерттеулері тілдік тұлғаны дәстүрлі мәдениеттің өкілі, тұтынушысы, дамытушысы ретінде тануға, тілдік тұлғаның сөз қолданысындағы этномәдени компоненттердің сипатын айқындауға жәрдемін тигізетіні сөзсіз.

Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, Ш.Құрманбайұлының терминдік лексиканың нормалық қасиеті туралы ой-тұжырымдары, Б.Момынованың газет лексикасын, ондағы қоғамдық-саяси атауларды ерекше номинативтік әрі функционалды бірлік ретінде қарайтын ізденістері тілдік норманың қолданыстағы қырларын айқындауға негіз болады.

Қазақ ономастикасы бойынша  проф. Т.Жанұзақовтың, А.Әбдірахманов т.б. зерттеушілердің ой-пікірлері ономастикалық  атаулардың таңбалануының орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын анықтауға жәрдемі тисе, Е.Керімбаев, Г.Б.Мәдиева, Қ.Рысбергенова, А.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев т.б. ономастардың антропоцентристік аспектідегі ізденістері тілдік ұжымның когнитивтік санасындағы ұлттық ономастикалық кеңістікке қатысты білімдер жүйесін айқындауға мүмкіндік береді.

Р.Әміров, З.Ерназарованың  сөйлеу тілін коммуникативтік-функционалдық жүйе тұрғысынан тани отырып, тілдік-амал тәсілдердің прагматикасын коммуникативтік жағдаятпен (ситуациямен) орайластыра қарайтын сәттері, сонымен қатар тілдік коммуникация құрылымының жүзеге асуын, коммуникацияға қатысушылар (коммуникативтік тұлға) коммуникацияның вербалды//бейвербалды түрінің ерекшеліктерін теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан қарастырған Ф.Оразбаеваның зерттеулері, сөз мәдениетінің коммуникативтік-нормативтік аспектісіне қатысты жайттарды айқындауда маңызды болмақ.

М.Малбақовтың лексика-фразеологиялық бірліктерді түсіндірме сөздікте берілуі  тәртібі, сөз мағыналарының түсіндірілуі сөзді лексикографиялаудағы норма  мәселесіне байланысты тұжырымдары; әдеби  тіл нормаларын оның даму кезеңдерімен байланысты қарайтын Ш.Мәжітаеваның; қазақ жазуының теориялық негіздері, жазба тілдің құрылымдық ерекшеліктері, жазба тіл нормасы жөнінде К.Күдеринованың ізденістері сөз мәдениетінің нормативті аспектісін жаңаша пайымдаулармен толықтыра түседі.

Тілдік норманың тарихи сипатын, “ескі” мен “жаңа” норманы айқындауда Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықұлы, А.Салқынбай, Ш.Жалмаханов, М.Сабыров т.б. ғалымдардың тарихи-салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелер мен ондағы әдіс-тәсілдер, сондай-ақ жарыспалы норманың басым түрлерін тілдік тұлғаның сөз қолданысындағы жиіліктері арқылы айқындаудың К.Бектаев, А.Жұбанов жасаған статистикалық әдістері сөз мәдениетінің әдістемелік базасының шеңберін кеңейте түсетіні сөзсіз.

Орыс тілтанымы мектептерінің  басында тұрған көрнекті тұлғалар Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, С.Ожегов т.б. еңбектеріндегі, сондай-ақ Прага лингвистикалық мектебі өкілдерінің, әсіресе В.Матезиустің [6] тіл мәдениетінің жалпы ұстанымдарының, жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдар мен концептуалдық пайымдауларының қазақ сөз мәдениетінің теориялық пән ретінде қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалы ерекше болғаны мәлім.

Жоғарыда атап көрсетілген  зерттеу нәтижелері мен тілді  зерттеудің жаңа бағыттары қазақ тілінің әлеуметтік ахуалын жақсартып, мәртебесін көтерудің сөз мәдениетіне тікелей қатысы бар екенін көрсетіп отыр. Өйткені мәдениеті жоғары тіл ғана ұлттық тіл, мемлекеттік тіл ретінде қызметін мінсіз атқара алады. Осыған орай сөз мәдениетін зерттеу өзекті сипат алып, оның мынадай келелі-келелі мәселелерін айқындап, оларды ғылыми негізде шешуді күн тәртібіне қойып отыр.

Ұлттық әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы негізгі үрдістерді айқындау, жаңа нормалардың сипаттамасын жасау  мен сөздің коммуникативтік сапасы жөнінде лингвистикалық білімдерді жинақтап, жүйеге салу осымен байланысты қазіргі лингвистикадағы антропоцентристік бағытқа сәйкес қазақ сөз мәдениетінің іргелі ұғымдары мен аппараттарын, негізгі теориялық қағидалары мен басты ғылыми принциптерін, қайта қарап, айқындау, зерттеу объектісі мен пәнін дәлдеу, нақтылау қазақ сөз мәдениетіндегі өзекті мәселелер болып табылады.

Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қазақ сөз мәдениетін теориялық пән ретінде тілдік қана емес, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік және лингвомәдениеттік, этикалық, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырудың концептуалдық негіздерін айқындау, сондай-ақ сөздің коммуникативтік сапаларын объективті түрде анықтаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру;

Жоғарыда айтылған мақсаттар мынадай м і н д е т т е р д і орындау арқылы жүзеге асыруға болады:

- сөз мәдениеті пәнінің  зерттеу объектісін, қарастыратын  мәселелерін дәлдеу, анықтау, нақтылау; “сөз мәдениеті” деген ұғымға  анықтама беру; оның негізгі аспектілерін  көрсету; сөз мәдениетінің дербес пән ретінде, қазақ тіл білімінің теориялық саласы ретінде қалыптасуының алғышарттарын көрсету;

- әдеби тіл және  оның нормалары жөнінде теориялық  мәселелерге тоқталу; нормалардың  түр-түрін көрсетіп, сипаттама жасау;  тілдік норманы кодификациялаудың негіздерін айқындау;

- тілдік норманы тілдік  жүйе және дағды (узус) құбылыстарымен  байланысты қарау; олардың ұқсастықтары  мен айырмашылықтарын айқындау;

- сөздің функционалдық  типтеріне және оларға тән  нормаларға тоқталып, әрқайсының  айырым белгілерін анықтау; функционалдық стильдердің жанрлары мен оларға тән нормалардың тұрақты тілдік-стильдік амал-тәсілдерін көрсету;

- сөздің коммуникативтік  сапасын анықтауда тілдік емес  құрылымдарға арнайы тоқтала  отырып, тілдік және тілдік емес  мәнділіктерді өзара байланыста қарау, оларды коммуникативтік біртұтас құрылым ретінде тексеру; сөздің коммуникативтік сапалары жөнінде ұғымдарға тоқталып, жақсы, бедерлі, дәл, қисынды т.б. деп бағаланатын сөздің ортақ белгілерін айқындау;

- сөздің ауызша формаларына тән ерекшеліктеріне, тілдік және оны жазба сөзден өзгешелендіріп тұратын тілдік емес мәнділіктеріне тоқталу; шаршысөз түрлеріне тоқталып, сөз бедерлеу құралдарына, әсер ету тәсілдеріне талдау жасау; пікірталастың тілдік, тілдік емес құралдарына талдау жасау;

- коммуникацияның аса  маңызды құрылымдық компонентерінің  бірі ретінде этикеттік таңбалардың  қызметі мен өзіне тән нормаларын, қарым-қатынас мәдениетіне тигізетін  әсерін көрсету.

- тілдік жүйедегі норма  және узустың арақатысын айқындауда  ерекше мәні бар, жүйе негізінде қалыптасқан норманы узус негізінде қалыптасқан нормадан саралап ажырату; жүйе негізінде қалыптасқан норманың кодификациялау кезіндегі артықшылығын көрсету;

- тілдің даму үрдісіне  сәйкес өзгерістерді айқындау  және варианттарды кодификациялау;

- қолданыла келе дәстүрлі  нормаға айналған, сөз жұмсауда  ешбір қиындық келтірмейтін нормаларды  қайта кодификациялауға жол бермеудің  мәнін түсіндіру. 

Зерттеудің  нысанасы мен пәні. Ауызша және жазбаша формадағы көркем, публистикалық, ғылыми, ресми дискурстар және тұрмыстық қарым-қатынас дискурсындағы сөз қолданыс – зерттеудің нысанасы, ал зерттеудің пәні – олардың “жасалу”, “жұмсалу”, “қабылдаумен” және аталмыш дискурстардың лингвистикалық, когнитивтік, прагматикалық ерекшеліктері.

Зертеудің материалдары. Зерттеу жұмысында мерзімді басылымдар мен баспа өнімдері, аудио; аудиовизуалды БАҚ-ның тілдік материалдары және нормативті сөздіктердің материалдары пайдаланылады.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау, саралау және жалпылау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар салғастырма әдіс, дистрибуциялық талдау, формалды тілдік талдау әдісі, салыстырма-тарихи әдіс, тілдік аналогия жасау, тілдік модельдеу әдісі сияқты лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылады.

Сондай-ақ сөз мәдениеті пәнінің бағалауыштық сипаты болатыны, осы бағалауыштық сипат оппозициялық жүйе құрайтынымен байланысты қарама-қарсы қою тәсілі қолданылды:

Информация о работе Теоретические основы казахской культуры речи